Бекітеді

3. Үйлестіру кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің Азаптаудың және

басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау

түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен өзара іс-қимыл жасайды.

184-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына

қойылатын талаптар

1. Мынадай:

1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар;

2) қылмыс жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған;

3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық

қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері;

5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұратын адамдар ұлттық алдын алу тетігінің

қатысушылары бола алмайды.

2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан

босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және

арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған;

адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу

тетігінің қатысушылары бола алмайды.

184-4-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары

1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы:

1) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдардың саны, осындай ұйымдардың саны

және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алуға;

2) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жасауға,

сондай-ақ оларды ұстау жағдайларына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алуға;

3) алдын ала болуды құрылған топтардың құрамында белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;

4) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен және (немесе) олардың заңды

өкілдерімен куәларсыз, жеке өзі немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық

алдын алу тетiгi қатысушысының пiкiрi бойынша тиiстi ақпарат бере алатын кез келген басқа

адаммен әңгімелесулер өткiзуге;

5) алдын ала болуға жататын ұйымдарды кедергісіз таңдауға және оларда болуға;

6) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын

iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы хабарламалар мен шағымдарды қабылдауға

құқылы.

2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы заңды қызметін жүзеге асырған кезде тәуелсіз

Болып табылады.

184-5-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: