double arrow

Кіріспе

Инженерлік факультет

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Дәріс – ЖЖО оқытудың жетекші формасы

Орындаған: Сұлтанова Камшат Серікқызы

Қабылдаған: п.ғ.д., профессор Қозыбай Анарбек Қозыбайұлы

Алматы 2015 жыл

Жоспары:

І.Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

1. Дәріс – Жоғарғы оқу орнында оқу үрдісін ұйымдастырудың бір формасы ретінде

2. Жоғарғы оқу орнындағы дәрісті моделдеудің психологиялық негіздері

ІІІ. Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Дәріс – (латын тілінен “lectio” - оқу) – оқытушының ғылыми білімдерді беру мақсатымен аудиторияға ауызша хабарлама жасауының арнайы формасы. Дәріс оқу үрдісінің формасы ретінде бір қатар ерекшелейтін қырларымен айрықшаланады:

- ол оқу пәнінің негізгі жағдайларына біртұтас және логикалық түсіндіру береді;

- студенттерді осы ғылымды оқудың методологиясымен қаруландырады;

- басқа формаларға қарағанда қазіргі кездегі оқулықтардың және оқу құралдарының олқылықтарын немесе жоқтығын жақсырақ толықтырады, ғылымның соңғы мәліметтерімен оперативті таныстырады;

- оқытуды тәрбиелеумен органикалық үйлестіреді;

- студенттерді өз бетінше жұмыс жасауға бағыттайды және оның негізгі бағыттарын анықтайды.

Сабақ берудің дәрістік формасының мынадай бір қатар жақсы жақтары бар: бұл оқытудың біршама үнемді тәсілі, меңгеру дәрежесі бойынша тиімді, дүниетаным мен нанымдарды қалыптастырудың біршама ақиқат құралдарының бірі, дәріс оқушының үлкен аудиторияға бір мезгілді жеке тікелей әсер етуінің құралы.

Әйгілі ғалым Н.Е. Жуковский дәріс туралы былай деп жазған: “Әсер қалдыру күші бойынша дәрістік тәсіл сабақ берудің басқа барлық түрлерінен жоғары тұрады және ештемемен алмастыруға келмейді. Сонымен қатар, ол уақыт бойынша өте үнемді”.

Бірақ дәрістің де кемшіліктері жоқ емес, осның ішінде: ол студенттен дәріс оқушыға кері байланыстың тек ең минималды бөлігін ғана қамтамасыз етеді; студенттік аудитория қаншалықты көп түрлі болса, дәріс оқушының нақты оқушыға әсері соншалықты әлсіз болады.

Дәріс – Жоғарғы оқу орнында оқу үрдісін ұйымдастырудың бір формасы ретінде

Жоғары оқу орнындағы дәріс – оқытудың дидактикалық циклінің басты негізі. Оның мақсаты – студенттердің оқу материалын қабылдауларын қалыптастыру болып табылады. Заманауи жоғары мектептер үшін дәріс өте өзекті. «Дәріс» латынның «lection» - оқу сөзінен шыққан. Дәріс ежелгі Грецияда пайда болып, көне Римде және орта ғасырларда өз жалғасын тапты. XIX ғ. орта тұсынан бастап бүкіл әлемдегі ғылыми және техникалық білімдердің дамуына байланысты дәрістерді студенттердің жеке және белсенділік қасиеттерін жандандыратын практикалық сабақтармен толықтырудың қажеттігі дами түсті. Танымал орыс хирургі және педагог Н.И.Пирогов егер дәріс оқушы жаңа ғылыми материалдарды игерген немесе ерекше сөз құдіретіне ие болса ғана дәріс оқу керектігін мәлімдеген болатын. Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев студенттердің өзіндік жұмыстарына үлкен мән берді, сондай-ақ педагогикалық қарым-қатынас үдерісіндегі дәрістің эмоционалдық әсерін де басып көрсетті. 1896 ж. Техникалық және кәсіби білім беру жөніндегі орыс қайраткерлерінің екінші съезі дәріс оқуды қолдады, олар жанды сөзді ғылыми білімді хабарлаудың күшті құралы ретінде таныды. Ал 30 жж. кейбір жоғары оқу орындарында тәжірибе ретінде дәріс оқу тоқтатылды. Тәжірибе өзін-өзі ақтамады. Студенттердің білім деңгейі күрт төмендеп кетті. Қазіргі уақытта оқу материалын дәріс түрінде мазмұндаудың жақтастары да, қарсыластары да бар. Олардың шешімдеріне тоқталып көрелік: 1. дәріс өзгелердің көзқарастарын пассив түрде қабылдауға үйретеді жеке ойлауды тежейді; 2. дәріс студенттердің өз бетімен білім алуларына кедергі жасайды; 3. егер оқу құралдары жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда дәріс қажет болады; 4. кейбір студенттер ойлап үлгереді, ал кейбіреулері механикалық түрде дәріс оқушының сөздерін жазып алып отырады. Дегенмен тәжірибе көрсеткендей, дәрістен бас тарту студенттер даярлығының ғылыми деңгейін төмендетеді, семестр бойғы жұмыстың жүйелігі мен тепе-теңдігін бұзады. Сондықтан дәріс бұрынғыдай ЖОО-да оқу үдерісін ұйымдастырудың жетекші формасы ретінде жалғасын тауып келеді. Ең бастысы, дәріс оқуда дұрыс әдісті таңдау және оқу материалын дұрыс құрастыру керек.

Оқу үдерісінде дәрісті оқу формаларының басқа түрімен алмастыруға келмейтін жайттар да туындайды:

· жаңа курс бойынша оқулықтар жоқ болып жатқан жағдайда дәріс ақпараттың негізгі дереккөзі болып табылады;

· белгілі бір тақырып бойынша жаңа оқу материалы қолда бар оқулықтарда көрініс таппаған жағдайда;

· оқулықтың жекелеген тақырыптары өз бетімен меңгеруге қиын және дәріс оқушының әдістемелік тұрғыдан қайта даярлауын қажет еткен жағдайда;

· курстың негізгі мәселелері бойынша қарама-қайшы тұжырымдар болған кезде;

· студенттердің өзіндік көзқарастарын қалыптастыруда дәрісті оқытудың басқа формаларымен ауыстыра алмайсың. Дәрістің эмоционалдық бояуы терең ғылыми мазмұны ойдың, сөздің және тыңдармандар қабылдауының үндестігін арттыра түседі. Дәрістің артықшылықтары:

· дәріс оқушының аудиториямен шығармашылық қарым-қатынасы;

· дәріс – білім негіздерін алудың ең үнемді жолы;

· егер дәріс жақсы түсінікті және мұқият тыңдалған болса ой қызметін белсендіреді.

Кейінгі жылдары студенттердің лекторды еркін таңдау үрдісі белең алып келеді, бұл дәріс оқу шеберлігін өзектендіре түседі. Көптеген оқытушылар дәріс оқушының міндеті пәнді жақсы білу және оны түсінікті баяндау деп есептейді. Ал «баяндаудың түсініктілігі» дегеніміз не? Бұл күрделі педагогикалық мәселе, яғни баяндаудың бірізділігі, көрнекілігі, тыңдармандардың сапалы белсенді меңгеруі, т.б. Дәріске қойылатын талаптар: дәріс пен оқытудың байланыста болуы, дәрістің ғылымилығы мен ақпараттылығы (қазіргі ғылыми деңгейге сәйкестігі), ұтымды, сенімді мысалдардың, дәйектердің, негіздемелердің, ғылыми дәлдемелер санының барынша көп болуы, баяндаудың эмоционалды формасы, тыңдармандардың ойын белсендіру, ой қызметін жетілдіретін сұрақтар қою, баяндалатын мәселелерді шешудің нақты құрылымы мен логикасы; әдістемелік өңдеу – басты ойлар мен ережелерді, шешімдерді іріктеу, түсінікті тілмен баяндау, жаңа енгізілген терминдер мен атауларды түсіндіру, мүмкіндігінше аудиовизуалды дидактикалық материалдарды қолдану. Дәрістің құрылымы Дәріс өзінің құрылымы бойынша бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін. Барлығы баяндалған материалдың мазмұны мен сипатына байланысты, дегенмен кез келген дәріске құрылымдық сипат тән. Ең алдымен, бұл дәріс жоспарын хабарлау. Жоспарға емтихан билеттерін құрастыруға септігін тигізетін дәрістердің негізгі мәселелерінің атаулары кіреді. Өткен дәрістердің мазмұнын еске түсіру, оны жаңа материалмен байланыстыру, пәндегі, басқа ғылым жүйесіндегі орны мен маңызын анықтау пайдалы. Тақырыпты ашу барысында индуктивті әдісті, сондай-ақ дедукция әдісін қолдануға болады. Дәріс соңында тыңдалған мәселелер бойынша қорытынды шығарып отырған дұрыс. Дәстүрлі ЖОО-ғы дәріс әдетте ақпараттық деп аталады. Жалпы, дәрістің бірнеше түрі бар соларға жеке-жеке тоқталып өтейік: Кіріспе дәріс Аталмыш дәріс студенттерге курстың мақсаты мен міндетін, оқу пәндері жүйесіндегі орны мен рөлін түсіндіреді. Әрмен қарай курстың қысқаша мазмұны (аталмыш ғылым дамуының кезеңдері, танымал ғалымдардың аттары) беріледі. Мұндай дәрістерде ғылыми мәселелер қойылады, болжамдар алдыға тартылады, ғылым дамуының болашағы мен оның тәжірибеге қосқан үлес салмағы белгіленеді. Шолу-қайталау дәрісі бөлімнің немесе курстың соңында оқылады. Дәрісте аталмыш бөлімнің немесе курстың ғылыми-ұғымдық негізін құрайтын барлық теориялық мәселелер көрініс табуы қажет. Шолу дәрісі Бұл қысқаша конспект емес, барынша жоғары деңгейде білімдерді жүйелеу болып табылады. Оқыту психологиясы көрсеткендей, жүйелі түрде баяндалған материал есте жақсы сақталады. Шолу дәрісінде сондай-ақ, емтихан билеттерінің күрделі сұрақтарын қарастыруға болады. Дәріс материалын баяндай отырып, оқытушы студенттердің конспект жазуына назар аударуы керек. Конспект мұқият тыңдауға, жазу үдерісінде жақсы есте сақтауға, семинарға, емтиханға дайындық кезінде тірек материалдардың болуын қамтамасыз етеді. Дәріс оқушының міндеті – студенттерге саналы түрде конспектілеуге мүмкіндік беру. Тыңдау, ойлану, өңдеу, қысқаша жазу. Бұл үшін оқытушы студенттерге көмектесуі керек және барлығының түсініп, үлгеріп отыруын қадағалауы қажет. Студенттерді конспектілеу әдісіне, яғни графикалық тұрғыдан дұрыс орналастыруға және жазбаны рәсімдеуге (абзацтарды бөлу, негізгі ойлар мен тірек сөздерді бөлу, т.б.) үйрету маңызды. Дәріс сапасын бағалау Дәріске қатысу және талқылау барысында оқытушы мен оның әріптестерінің арасында дәрістің сапасын бағалау қажеттілігі туындайды. Бұл сапаларға: мазмұн, әдіс, студенттердің жұмысына жетекшілік, дәрістің нәтижелігі кіреді. Аталмыш сапалардың әрқайсысына тоқталып өтейік: Дәрістің мазмұны дегеніміз дәрістің ғылымилығы, ғылымның қазіргі даму деңгейіне сәйкестігі, дүниетанушылық жағы, әдістемелік мәселелердің болуы, олардың дұрыс баяндалуы. Дәріс оқу әдістемесі бұл дәрістің нақты құрылымы және мазмұндау логикасы. Жоспардың болуы, оған сүйеніп отыру. Дәріске қатысты әдебиеттерді беру. Жаңа терминдер мен ұғымдарды түсіндіру. Дәлелдік пен дәйектілік. Студенттердің жұмысына жетекшілік студенттерден конспектілеуді талап ету және оның орындалуын бақылау. Оларды жазу әдісіне үйрету. Дәрістің нәтижелігі дегеніміз дәрістің ақпараттық құндылығы, тәрбиелік аспектісі, ең бастысы дидактикалық мақсаттарға қол жеткізу. Білім беру жүйесінің дамуы, оны ізгілендіру (гуманизация), жеке адамға бағыттау үрдісі, студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру мәселелік дәріс, екеу аралық дәріс, визуалды дәріс, пресс-конференция дәрісі сияқты жаңа дәріс формаларының пайда болуына түрткі болды. Мәселелік дәріс жөнінде оқытудың белсенді әдістерімен байланысты айтатын боламыз. Ал қазір оның мазмұндық және процессуалдық сипаттамасына тоқталамыз. Дайын ақпарат айтылып, түсіндірілетін ақпараттық дәріске қарағанда мәселелік дәрісте жаңа білім «ашуға» тиісті беймәлім ақпарат ретінде алға тартылады. Оқытушының міндеті – мәселелік жағдаят тудыра отырып, студенттерді мәселенің шешімін табуға жетелеу болып табылады. Бұл үшін жаңа теориялық материал мәселелік міндет түрінде беріледі. Мәселені оқытушымен бірлесе отырып шешу барысында студенттер жаңа қажетті білім алады. Визуалды дәріс көрнекілік қағидатының жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру нәтижесінде пайда болды. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер көрсеткендей, көрнекілік оқу материалын барынша жақсы қабылдау мен есте сақтауға ғана емес, сондай- ақ құбылыстардың табиғатын терең түсінуге ықпалын тигізеді. Екеу ара дәріс бұл дәрістің түрі екі оқытушының диалогіндегі материалды мазмұндаудың жалғасы мен дамуы болып табылады. Бұл жерде теориялық және практикалық мәселелерді екі маман талқылайды. Мұндай дәрістің төмендегідей артықшылықтары бар: · студенттердің бойындағы білімді өзектендіреді; · мәселелік жағдаяттар туындатады, дәлелдемелік жүйелер ашады; · екі дереккөз қорының болуы әртүрлі көзқарастарды салыстыруға, таңдау жасауға, қандай да біреуіне қосылуға, өз көзқарасын айтуға мәжбүрлейді; · педагогтің кәсібилігі көрінеді, оның тұлғасы тереңірек ашыла түседі. Пресс-конференция дәрісі. Бұл дәрістеоқытушы тақырыпты айтқаннан кейін студенттерден аталмыш тақырып жөнінде сұрақтарын қағазға түсіріп берулерін сұрайды. Екі-үш минуттың ішінде студенттер өздерін барынша қызықтырған сұрақтарын құрастырып, оқытушыға береді. Үш-бес минуттың ішінде сұрақтар іріктеліп, олардың мазмұны бойынша дәріс басталады. Дәріс сұрақтарға жауап ретінде емес, керісінше біртұтас мәтін ретінде баяндалады, мазмұндау кезінде сұрақтардың жауаптары да ашылып жатады. Мұндай дәрісті тақырыптың басында, ортасында, соңында тиімді пайдалануға болады. Жалпы, дәріс жоғары оқу орындарында оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасының бірі болып қала береді. Ал, дәріс сабақтарын түрлендіріп өткізу жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушылардың құзіретіндегі мәселе.

Жоғарғы оқу орнындағы дәрісті моделдеудің психологиялық негіздері

Дәріс оқытушының ғылыми білімдерді беру мақсатымен аудиторияға ауызша хабарлама жасауының арнайы формасы. Дәріс оқу үрдісінің формасы ретінде бір қатар ерекшелейтін қырларымен айрықшаланады:

- ол оқу пәнінің негізгі жағдайларына біртұтас және логикалық түсіндіру береді;

- студенттерді осы ғылымды оқудың методологиясымен қаруландырады;

- басқа формаларға қарағанда қазіргі кездегі оқулықтардың және оқу құралдарының олқылықтарын немесе жоқтығын жақсырақ толықтырады, ғылымның соңғы мәліметтерімен оперативті таныстырады;

- оқытуды тәрбиелеумен органикалық үйлестіреді;

- студенттерді өз бетінше жұмыс жасауға бағыттайды және оның негізгі бағыттарын анықтайды.

Сабақ берудің дәрістік формасының мынадай бір қатар жақсы жақтары бар: бұл оқытудың біршама үнемді тәсілі, меңгеру дәрежесі бойынша тиімді, дүниетаным мен нанымдарды қалыптастырудың біршама ақиқат құралдарының бірі, дәріс оқушының үлкен аудиторияға бір мезгілді жеке тікелей әсер етуінің құралы.

Әйгілі ғалым Н.Е. Жуковский дәріс туралы былай деп жазған: “Әсер қалдыру күші бойынша дәрістік тәсіл сабақ берудің басқа барлық түрлерінен жоғары тұрады және ештемемен алмастыруға келмейді. Сонымен қатар, ол уақыт бойынша өте үнемді”.

Бірақ дәрістің де кемшіліктері жоқ емес, осның ішінде: ол студенттен дәріс оқушыға кері байланыстың тек ең минималды бөлігін ғана қамтамасыз етеді; студенттік аудитория қаншалықты көп түрлі болса, дәріс оқушының нақты оқушыға әсері соншалықты әлсіз болады.

Бұл әртүрлілік бірнеше рет дәрістің оқу үрдісіндегі рөлі мен орны туралы пікір-таластарға ғана емес, сонымен қатар оған үнемі тыйым салуға да алып келді.

Оқу үрдісіндегі дәрістің жетекші орны мыналармен анықталады:

- біріншіден, пән бойынша курс дәрісі оның негізгі мазмұнын береді;

- екіншіден, дәрістер тек оқу үрдісінің мазмұнын ғана емес, сондай-ақ бүкіл оқу үрдісінің теориялық және кәсіби бағыттылығын да анықтайды;

- үшіншіден, оқу үрдісінің басқа формаларының бағыты, мазмұны мен тиімділігі соларға тәуелді.

Қазіргі кездегі оқу дәрістерін үш түрге бөлу қабылданған: шолу, мәселелік және пәндік. Егер шолу дәрісі біртұтас білім қалыптастыру үшін бұрынғы білімдерді қайта жаңғыртуға немесе қандай да бір әлі зерттелмеген немесе өте таныс емес материалмен таныстыруға бағытталса, онда мәселелік – материалды мәселе ретінде, мәселелер жиынтығы, қазіргі кездегі экономикалық өмірдің белгілі-бір қырына әртүрлі көзқарастар палитрасы ретінде береді, бұнда – мәселеден шығудың дайын жолы жоқ, оны оқытушы да, студенттер де бірге іздеуі керек.

Пәндік дәріс дәрістік курстың кәдімгі құрамдас бөлігі болып табылады, бірақ оған мәселеліктің элементтері де, шолудың жеке бөліктері де енуі мүмкін.

Дәріске психологиялық-педагогикалық талаптар:

1. Дәріс ғылыми қатынаста қысқартылған болмауы тиіс.

2. Дәріс міндетті түрде, тіпті ең жаңа және жақсы оқулықтың шегінен шығуы тиіс.

3. Дәріс дайын жауаптар мен рецепттерден тұрмауы керек, ол ойлануға үйретуі керек.

4. Дәріс тіл тұрғысынан алғанда сауатты және логикалық болуы тиіс.

5. Дәріс айқын және сенімді болуы қажет.

Қазіргі таңда дәріс жоғарғы мектептегі оқу үрдісінің мазмұнын анықтайтын жетекші форма болып табылады. Дәріс ең бастысы өз бетінше жұмыс жасауға негізгі бағдарларды беруі керек немесе студенттердің тақырыпты өз бетінше оқуын шыңдауы тиіс, өз бетінше жұмыс жасаудың негізінде алынған білімдерді жүйелендіруге, жинақталған ақпараттарды жүйелендіруге және оның негізінде белгілі-бір қорытындылар жасауға көмектесетін шолу беруі тиіс.

Оқу дәрісінің әдістемелік құрылғысы.

1. Дәрістің тақырыбы. Тақырыпты таңдаудың негіздемелері:

А) тақырыптың курс жүйесіндегі орны мен мәнін анықтау;

Б) тақырып бойынша библиографияны таңдап алу (оқытушы мен студенттер үшін әдебиеттер)

2. Дәрісті ұйымдастыру формалары:

А) аудитория (тыңдаушылардың дайындығының сипаты мен деңгейі);

Б) дәрістің мақсаты;

В) дәрістің міндеттері:

- міндеттердің құрамы мен біртінділігі;

- міндеттердің сипаты (ақпараттық, талдамдық, жүйелендіретін, мәселелік);

- студенттерге көрсетілген тапсырмаларды шешу үшін қажетті құралдар (категориялар; көрсету жүйелері; қызметтік, генетикалық, құрылымдық, ықтималдық, себептік байланыстар);

- оқытушы тыңдаушылардың бойында қалыптастыратын эмоциялық позициялар мен қатынастар.

Г) дәрістің ұйымдастырушылық формасы: монолог; аудиовизуалды құралдарға сүйенген монолог; эвристикалық әңгімелесудің элементтері бар монолог; диалог - пікір-талас (дәрісті екі оқытушы жүргізеді).

3.Дәрістің мазмұны:

А) мазмұнның жоспар-конспектсі;

Б) біртұтастықты, жүйелікті, біртінділікті, оңайлықты, көркемдікті қамтамасыз ететін оқу құралдар және дидактикалық тәсілдер.

4. Дәріс үрдісіндегі оқытушының біртұтастық бейнесі:

А) дәріс мазмұнының әрбір бөлімінен тапсырмаларды шешу үрдісіндегі оқытушының студенттермен бірлесіп қызмет жасау формалары (тапсырманы бірлесіп шешу, үлгіге еліктеу, бірлесіп жұмыс жасау);

Б) сөйлеудің тілдік формасы (лексика, грамматика, стилистика);

В) оқытушының аудиториямен қарым-қатынасының эмоциялық-айқын көрінетін вербалды емес құралдары (жесттер; мимика; пантомимика; интонация; дауыс ырғағы; темп; ырғақ; үзілістер).

Студенттерге жалпы әсер етудің арқасында оқу материалын жеткізудің лекциялық тәсілі, әзірге, дәріскердің өзінің ықпалы мен дәрісханамен байланысы арқасында ешқандай басқа әдістермен ауыстырылмайды. Студенттердің танымдық қызметін ұйымдастырудың бұл жетекші түрінің барлық әлуеттік мүмкіндіктерін лекцияда толық мүмкіндігімен пайдалану, оларды ғылыми ойлау жүйесіне және дәріскердің ғылыми мектебіне тарту – оқытушыға байланысты.
Лекция төмендегі дидактикалық міндеттерді орындайтын сабақтың негізгі формасы:
— оқытудың міндеттерін белгілеу және негіздеу;
— жаңа білімді игеру үшін ақпарат алу;
— санаткерлік білігі мен дағдысын қалыптастыру;
— теориялық талдауға қызығушылығын қалыптастыру,
— оқытылатын пәнді басқа пәндермен үйлестіру.
Лекцияны даярлау және оқу: әдістемелік аспект. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында лекция қанағаттандыруға тиісті жалпы талаптар қалыптасқан: сабақ берудің идеялық бағыттылығын қамтамасыз ету; ғылымилық және ақпараттық, яғни студенттерге қазіргі ғылыми деңгейде ашылатын белгілі бір ғылыми ақпаратты жеткізу; дәлелділік және қисындылық, құжаттар мен ғылыми дәлелдемелердің айқын бұлтартпас мысалдарының, фактілерінің және негіздемелерінің болуы; мазмұндау түрінің эмоциональдығы; тыңдаушылардың ойлау белсенділігін арттыру; ретімен қаралатын мәселелердің нақты құрылымы мен шешу логикасы; әдістемелік өңдеу – басты ойлар мен жағдайларды әр түрлі әдіспен қайталау; түсінікті тілмен оны мазмұндау, жаңадан енгізілген барлық терминдер мен атауларды түсіндіру; мүмкіндігінше дидактикалық есіту-көру материалдарын пайдалану.
Лекциялар бір-бірінен баяндалатын материалдың мазмұны мен сипатына байланысты ерекшеленуі мүмкін. Дегенмен, әрқашан да кейбір жалпы әдістемелік жағдайларды ұстану пайдалы болады. Ең алдымен, бұл – тыңдаушыларға лекцияның жоспарын хабарлау, кейіннен мұны міндетті түрде қатаң қадағалап отыру. Жоспарға, негізінен, лекцияның негізгі түйінді мәселелерінің атаулары енгізіледі, бұл кейіннен емтихан билеттерін жасауда пайдалануы мүмкін.
Лекциялардың негізгі міндеттеріне қарай төмендегі түрлерге бөлуге болады:
Кіріспе, мотивациялық, даярланған, кіріктірілген, бағдар беру, шолу.
Лекцияның дидактикалық элементтерін бөліп көрсетейік: 1) лекция материалдарын баяндау әдістері;
2) студенттердің бұрынғы білімдерінің жиынтығы;
3) лекция материалдарының мазмұны мен құрылымы;
4) студенттердің жаңадан алған білімдерін бақылау;
5) оқу әдебиеттері және оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ).
Жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялардың кей түріне ерекше талаптар қойылады. Мысалы, кіріспе лекциялар студенттерді курстың мақсатымен, міндетімен, мамандар оқитын оқу пәндері жүйесіндегі оның ролімен және орнымен таныстыру сипатында, курсқа қысқаша шолу түрінде болуға тиіс. Дәріскер ондай лекцияларда оқылатын ғылымның мәні мен әдістерін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар ғылыми мәселелер қояды, болжамдар ұсынады, ғылым дамуының болашағын және практикаға қолданылуын көрсетеді. Кіріспе лекцияларда теориялық материалдардың қоғамдық практикамен, студенттердің жеке тәжірибесімен және олардың болашақ жұмыстарының практикасымен байланыстырудың, ғылым тарихындағы атауларын, оның өрлеу және тежелген кезеңдерін айтудың, олардың басқа аралас ғылымдармен байланысын көрсетудің маңызы зор.
Кіріспе лекцияда курспен жұмыс істеудің жалпы әдістерін әңгімелеу, курсқа ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарының сипаттамасын беру, қажетті әдебиеттер тізімімен таныстыру, емтихан талаптары мен басқа да курсты толықтыратын оқу түрлері туралы әңгімелеу пайдалы болады. Осындай кіріспе студенттердің курстың жалпы мазмұны мен құралымын пайымдауына көмектеседі, оларды лекциямен және арнайы әдебиеттермен жұмыс істеуге бағыттайды, курспен жұмыс істеу әдістерімен таныстырады.
Тараудың немесе бүкіл курстың соңында шолу жасау-қайталау (біріктірілген) лекциялары, қосалқы материалдар мен жекелеген мәселелерді қоса алғанда, сол курстың ғылыми-ұғымдық негізін құрайтын, барлық теориялық қағидалардың негізгі мазмұнын алуға тиіс.
Шолу жасау лекциясы – сол оқылған лекция курсының негізгі жағдайларының қысқаша конспектісі емес, білімді анағұрлым жоғары деңгейде жүйелеу. Жүйе түрінде мұқият әзірленген материал есте жақсы сақталатынын және жүйеден тыс берілген фактілер жиынтығына қайталаудан гөрі негізгі тақырыпты жаңа жағдайлармен сабақтастыруға мүмкіндік жасайтынын оқыту психологиясы көрсетіп отыр. Шолу жасау лекцияларында емтихан билеттеріне енгізілген күрделі, өте қиын сұрақтарды нақтылап қарау және бөліп көрсету пайдалы.
Жоғары оқу орындарында дәріскерлердің басты міндеті – тыңдаған лекцияның негізгі мазмұнын тез қалпына келтіруге көмектесетін, алынған ақпаратты қысқаша жазбаша түрге айналдыру және материалды тыңдау, түсіну, пайымдауды жинақтайтын, белсенді процесті негізі етіп алған студенттердің лекциядағы жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.
Кейбір дәстүрлік емес лекциялардың қысқаша сипаттамаларын келтірейік.
Проблемалық лекция шынайы өмірдің қарама-қайшылықтарын оларды теориялық тұжырымдамалар негізінде бейнелеу арқылы моделдейді. Осындай лекциялардың мақсаты – студенттердің өз бетінше білім алуы.
Визуализациялық лекцияның өзінің негізгі мазмұны бейне түрінде беріледі (суреттер, графиктер, сызбалар және т.б.). ол пайымдаудың белсенділігін арттыру және әр түрлі белгілік жүйенің көмегімен ақпаратты қайта кодтаудың тәсілі болып табылады.
Кеңес беру лекциясы өзінің мазмұнын дәрісхана сұранысы бойынша анықтайды. Мұндай лекция тыңдаушылардың ынтасын және дәріскердің шеберлік қабілетін толықтай пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Әдейі шатастыру лекциясы алдын-ала жоспарланған қателіктер арқылы ақпаратқа талдау жасау, бағдарлау және оны бағалау дағдысын қалыптастырады.
Ойын сәттері қолданылатын лекциялар онда оқушылар мәселелерді өздері қалыптастырып, оны өздері шешуге тырысады.
Бұл негізінде проблемалық принциптері жатқан біріккен лекциялардың жүзеге асыруға шығармашалық тұрғыдан келуге мүмкіндік жасайтын кейбір түрлері ғана. Психологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда оқыту ісінің мәні мынады: лекция түріндегі ұйымдастыру нысанының көмегі мен оқу процесін оқытушы есту арналары – құлақ-ми арқылы және ақпарат қабылдаудың тиімдірек арналары – көру, яғни көз-ми арқылы қабылдайтындай етіп беріледі. Сондықтан лекцияны тек тыңдап қана қоймай, дәріскердің ізінше тақтадағы формулалардың, суреттердің сызбасын жүргізу керек. Лекцияның басты кемшілігі – мұнда әрбір оқушының қабылдау қабілетін ескеруге мүмкіндік болмайды, қабылдау жеке адамға ғана қатысты, сондай-ақ көп жағдайда кері байланыс та болмайды, соның негізінде оқытушы әрбір студенттің оқу материалын меңгеру деңгейіне қорытынды жасайды. Бұл кемшіліктер оқытудың практикалық түрлерінде жойылады.
Лекцияның сапасын бағалау. Көп жағдайларда лекцияның сапасын бағалау қажеттігі туындайды. Бағалау үшін арнайы бөлінген сұрақтар оқытушының өз лекциясын жетілдіру мақсатында да оған баға беруге де, жекелеген жағдайларда себептерді анықтау үшін де көмектеседі, ашық лекцияларды, оқыту әдістерін және дәріскердің шебеолігін талқылау жоспары да пайдалы. Т.А. Ильина дайындалып жатқан немесе оқылған лекцияларды бағалауға негіз болатын негізгі факторларды бөліп көрсетті.
Лекция оқу әдістемесі. Лекцияның анық жүйесі және мазмұндау логикасы, жоспардың болуы, оған қатал бағыну, жоспардан ауытқу және т.б. Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді айту – лекцияның басында, оның барысында немесе соңында; негізгі және қосымша немесе тек негізгі әдебиет беріледі; ұсынылған әдебиетті таңдаудың дұрыстығын бағалау және т.б. Барлық жаңа терминдердің және ұғымдардың ұғымдылығы мен түсініктілігі. Дәлелділігі мен қисындылығы. Негізгі ойлар мен түйіндерді бөліп көрсету. Пысықтау тәсілдерін пайдалану – қайталау, түсінігін тексеруге сұрақтар қою, игеру және т.б., лекцияның соңында әр мәселені қарап болған соң, қорытындысын шығару және т.б. Көрнекі құралдарды, оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) пайдалану. Дәріскердің тірек материалдарды пайдалануы және т.б.
Студенттердің жұмысына басшылық жасау. Лекцияны жазуға қойылатын талап және оның орындалуына бақылау жасау. Студенттерді лекцияны жазу әдістеріне үйрету, оқыту, оларға бұл салада көмек көрсету – оқу екпінін өзгерту, жазуға, бөліп көрсетуге жататын материалды жазу, екпінмен айту, графиктер сызу үшін сәл кідіріс жасау және т.б. Лекция конспектілерін қарау – лекция кезінде, соңынан, семинарлық немесе практикалық сабақтарда. Ынта-ықыласты қолдау тәсілдерін пайдалану – риторикалық сұрақтар, әзілдер, көрші облыстарға саяхаттар, ескертпелер. Дәріскерге сұрақ қоюға рұқсат сұрау – лекция барысында, лекциядан кейін, жазбаша түрде, ауызша және т.б.
Дәріскерлік қабілеттер. Пәнді білу. Идеялық сенімділік. Сезімталдық, дауыс, дыбыс ырғағы (дикция). Сөздің анықтығы, дұрыстығы. Сыртқы келбеті. Тыңдаушылар алдында өзін ұстай білу. Тыңдаушыларды көре және сезе білу, онымен байланыс орнату.
Лекцияның нәтижелері. Лекцияның ақпараттық құндылығы. Тәрбиелік әсер. Дидактикалық мақсаттарға жету.
Жоғары мектептердегі практикалық сабақтар. Жоғары мектептердегі оқыту процесі қайсыбір пәнді тереңдетіп оқытуға арналған практика-сабақтарды қамтиды. «Практикалық сабақ» термині педагогикада зертханалық жұыстардан, жаттығулардан, әр түрлі семинарлардан тұратын, жинақтайтын тектес ұғым ретінде пайдаланылады. Дәрісханада өтетін практикалық оқулардың студенттердің оқытушылармен бірлескен қызметінде практикалық міндеттерді шешу үшін алған білімдерін пайдалану дағдысын қалыптастыруда маңызы зор. әр түрлі практикалық сабақтар академиялық жүктемелердің ең сыйымды бөлігі болып табылады. Төменгі курстарда практикалық сабақтар жүйелік сипатта болады, олар әрбір немесе екі-үш лекцияның соңынан үнемі өткізіліп отырады. Күндізгі және кешкі бөлімдерде, барлық лекциялық курс және оның негізгі, күрделірек бөлімдері лекциялар мен практикалық сабақтар арқылы өтеді, олар лекцияда басталған жұмыстарды іштей жалғастырады.
Егер лекция ғылыми білімнің жалпы түріндегі негізін қаласа, практикалық сабақтар осы білімдерді тереңдетеді, кеңейтеді, бөліктерге жіктейді, кәсіби қызмет дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. – Ростов н/Д: Феникс, 2002.-544 с.

2 Абдулина О.А. Личность студента в процессе профессиональной подготовки // Высшее образоваие в России. 1993. № 3

3 Андреев Г. Обучение и воспитание в вузах неразделимы // Высшее образование в России. 1996. № 3

4 Педагогика. Дәріс курсы. А., «Нұрлы әлем» 2003.

5 Философский словарь (Под. Ред. Москва) Политиздат, 1986. И.Т.Фролова.

6 Петровский А.В. Способности и труд. М., 1966.

7 Қазақстан жастарының Конгресі. — Ақтау. – 2001. – 6 қыркүйек.

8 Ануфриев В.А. Социальный стасус и активность личности. – М. Политиздат, 1983. – 137 с.

9 Бестужев-Лада И.В. Молодость и зрелость: Размышления о некоторых социальных проблемах молодежи. – М.: Политиздат, 1984. – 207 с.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: