География

1. Үстіңгі мантия мен жер қыртысының қалыңдығы 60км.ден 100 км-ге жететін үлкен блоктары: A) платформалар B) литосфералық плиталар C) тау жоталары D) жазықтар E) сейсмикалық белдеулер
2. Аустралияның эндемик жануары: A) Түйе B) Гепард C) Қасқыр D) Кенгуру E) Жираф
3. Қазақстандағы облыстар саны: A) 13 B) 19 C) 15 D) 14 E) 18
4. Шығыс Қазақстанда өндірлетін техникалық дақылдар A) зығыр B) күнбағыс C) қант қызылшасы D) темекі E) мақта
5. Тірі организмдер қабығы: A) гидросфера B) литосфера C) тропосфера D) биосфера E) атмосфера
6. Қалдық қалдырмайтын өнеркәсіп саласы. A) Ағаш өңдеу. B) Жеңіл. C) Металлургия. D) Тамақ. E) Химия.
7. Кен өндіру, металл қорытумен айналысатын ауыр өнеркәсіп саласы: A) Ауыл шаруашылығы. B) Тамақ өнеркәсібі. C) Металлургия. D) Көлік. E) Машина жасау.
8. Жер бетінің жоғарғы құнарлы қабаты: A) Топырақ. B) Литосфера. C) Биосфера. D) Жер бедері. E) Магма.
9. Европалық нәсілге жататын халықтар... тұрады. A) Антарктидадан басқа барлық материктерде B) Тек Еуропада C) Тек Солтүстік Америкада D) Аустралияда E) Оңтүстік Америкада
10. БҰҰ-ның штаб-пәтері: A) Римде. B) Вашингтонда. C) Лондонда. D) Нью-Йоркте. E) Парижде.
11. Бірінші болып дүние жүзін айналып жүзіп шыққан адам A) Дж. Кук. B) М. Поло. C) А. Веспуччи. D) Х. Колумб. E) Ф. Магеллан.
12. Үгілу дегеніміз: A) тау жыныстарының күйреуі. B) жыныстардың жиналуы барысында отыруы. C) жел жұмысы. D) циклонның әсері. E) қатты жыныстарды жел арқылы ауыстыруы.
13. Қазақстанда ғылыми-техникалық прогресінде жетекші роль атқаратын сала. A) Машина жасау. B) Отын өнеркәсібі. C) Металлургия. D) Жеңіл өнеркәсіп. E) Ағаш өңдеу.
14. Малдардың қырылуы. A) Жұт. B) Шығын. C) Дағдарыс. D) Аштық. E) Құрғақ жел.
15. Суэцк каналы… A) Эфиопиянікі. B) Египеттікі. C) Израильдікі. D) Сириянікі. E) Иорданиянікі.
16. Апартеид ол: A) Дінінің бір түрі. B) Ұлттардың достастығы. C) Нәсілдік кемсітушіліктің шектен шыққан формасы. D) Халықтың ұдайы өсуінің I-і түрі. E) Нәсілдер теңдігі.
17. Республиканың газ қоры шоғырланған жерді атаңыз: A) Шымкентте. B) Алтайда. C) Сарыарқада. D) Қостанайда. E) Маңғыстауда.
18. Қазақстан территориясындағы Ертіс өзенінің ұзындығы. A) 1800 км. B) 1650 км. C) 1700 км. D) 1600 км. E) 1750 км.
19. Батыс Еyропаның ең «ұзын» елі: A) Швеция. B) Франция. C) Италия. D) Финляндия. E) Норвегия.
20. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің басым көпшілігі: A) Жыртуға жарамды жерлер. B) Тыңайған жерлер. C) Бау. D) Шабындық. E) Мал жайылымы.
21. 1966 жылы қатты жер сілкінісіне ұшыраған Өзбекстандағы қала: A) Шыршық. B) Ташкент. C) Бұқара. D) Бекабад. E) Самарқанд.
22. Халқының көбі ауылдық жерде тұратын елдер A) Шығыс Еуропа B) Шығыс және Оңтүстік Азия C) Латын Америкасы D) Аустралия E) Батыс Еуропа
23. Дүние жүзінде робот жасау және пайдаланудан I орында: A) Жапония. B) Италия. C) АҚШ D) Канада. E) Финляндия.
24. Қазақстанда темір жол және автомобиль жолдарымен жүк тасымалдау жалпы жүк тасымалының... құрайды. A) 60 % B) 80 % C) 50 % D) 99 % E) 75 %
25. Сауыр тауындағы қоңыр көмірдің кен орны. A) Майқайың. B) Кендірлік. C) Қоңырат. D) Саяқ. E) Майкүбі.
26. Тау жүйелері түзілмеген, бұзылу әрекеті күшті жүрген эра: A) Кайназой. B) Протерозой. C) Мезозой. D) Палеозой. E) Архей.
27. Географиялық қабық компоненттерінің біртұтас болып келу себебі... байланысты. A) жердің орбиталық қозғалысына. B) өсімдіктерден оттегінің бөлінуіне. C) зат және энергия айналымына. D) температура режимі мен жауын-шашын мөлшеріне. E) күнмен түннің ауысуына.
28. Альпі тауларындағы шыршалы ормандардың биіктік белдеуі... басталады. A) 2300 м B) 500 м C) 1500 м D) 2000 м E) 700 м
29. Өскеменде әйелдер еңбегін пайдалану мақсатында салынған комбинат- A) Текемет. B) Мақта - мата. C) Шұлық-трикотаж. D) Тігін-трикотаж. E) Жібек маталар.
30. Үстірттік муфлон бұл - A) Алажолақты күзен. B) Тау ешкісі. C) Ұзын тікенді кірпі. D) Жабайы қой. E) Жайран.

44-вариант


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: