Ежелгі Египет мектебі 7 страница

Осы шаралардың нәтижесінде жеті жылдық міндетті жаппай оқуды жүзеге асыруға мүмкіндік жасалды. 1949 жылы барлық бесінші класты бітірген оқушылардың алтыншы класқа алынуын жүзеге асыру мақсатымен алыс жерде тұратын балаларды мектепке жеткізіп салып, алып қайту ұйымдастырылды, мектеп жанынан интернаттар ашылды.

Партияның XIX съезі 1951 —1955 жылдарда СССР халық шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспары туралы өз директивасында республика мен облыс орталықтарында, ірі қалаларда, ірі өндіріс орталықтарында жеті жылдық оқудан жаппай міндетті толық орта білім алуға көшуді жүктеді. Әсіресе селолық жерлерде жеті жылдық және орта мектептер көбейтілді. 1955—1956 оқу жылында еліміздегі барлық орта мектептердің жартысынан көбі селолқ, жерлерде болды. Осы шаралардың нәтижесінде орта мектеп бітірушілердің саны жоғары оқу орындарына оқуға алынатындардың санынан әлдеқайда көбейді. Орта мектеп бітірушілердің белгілі бөлімі тікелей өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық еңбегіне араласуға тиісті болды. Ал оларды бұл міндетке даярлау тиісті жолға қойылмады. Орта мектеп бітірушілердің арнаулы даярлығын күшейту үшін, техникумдарда екі-үш жылдық арнаулы бөлімдер ашылды, бір және екі жылдық техникалық училищелер ұйымдастырылды.

Отан соғысынан кейінгі жылдары совет адамдарына идеологиялық тәрбие беру мәселесіне зор көңіл бөлінді. 1946— 1948 жылдары Коммунистік партияның Орталық Комитеті идеология мәселелері бойынша бірнеше қаулы алды, ол қаулыларда идеологиялық жүмыстың міндеттері белгіленді. Мектепте тарих, конституция және әдебиет пәндерінің идеологиялық дәрежесін көтеруге үлкен мән берді. Әдебиет пәнін оқы-туда совет әдебиетіне көбірек уақыт бөлінді. Мүғалімдер сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында социалистік құрылыстық жетістіктерін, совет ғылымы мен мәдениетінің табыстарын көрсету арқылы оқушыларда өз отанын мақтаныш ету, советтік патриотизм, отанына шын берілгендік сезімін тәрбиелеуге міндеттелді.

Мектепте биология пәнін оқыту мәселесіне зор көңіл бөлінді. Оқу программасына Мичурин және Павлов ілімдері кең кіргізілді. 40—50-жылдарда мектептерде оқу-тәжірибе учаскесі, тірі табиғат бұрышы, биология кабинеттері ұйымдастырылды. Алдыңғы қатарлы совет мектептері Отан соғысына дейінгі, әсіресе соғыс жылдарында, партияның XVIII съезінің шешімдеріне сай оқушыларды практикалық әрекетке даярлауда белгілі пайдалы жұмыстар жүргізді. Бұл жұмыстар негізінен сабақтан тыс уақытта немесе мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысында үлкен орын алды. Әсіресе мектеп жанындағы учаскеде және техникалық үйірмелерде бұл жұмыстар нәтижелі түрде жүргізілді. Алдыңғы қатарлы мұғалімдер сабақта лабораториялық жұмыстар жүргізді, өндіріс орындарына балаларды экскурсияға апарды. Физика, химия, биология пәндерінің мұғалімдері тәжірибе жасауға, есеп шығаруға көп көңіл бөлді.

Әйткенмен соғыстан бұрынғы жылдары басталған мектептің өмірден алшақтығы соғыстан кейінгі жылдары күшейе түсті. Мектепте политехникалық ок,ыту мен еңбек тәрбиесінің жүйелі түрде жүргізілмеуі, мектептің өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінен алшақ болуына себеп болды. Осының нәтижесінде мектеп бітірушілердің өмірге, практикалық әрекетке қажетті даярлығы болмады.

1951—1955 жылдардағы бесінші бесжылдық жоспарда орта мектепте политехникалық оқытуды жүзеге асыру міндеті жүктелді. 1954—1955 оқу жылынан бастап жаңа оқу жоспары мен оқу программалары енгізілді. Бұл оқу жоспарлары бойынша I—IV кластарда еңбек сабағы, V—-VII кластарда оқу-тәжірибе учаскелерінде жұмыс істеу, VIII—X кластарда машинатану, электротехника және ауыл шаруашылығынан практикумдар жүргізілді, мектепте оқытылатын пәндердің (физика, математика, жаратылыс, химия, география) өмірмен байланысты жүргізілуі ескерілді.

1955 жылдан бастап мектептерде жоғары класс оқушыларының өндірістік бригадалары құрылды. Бұл бригадалар оқушыларды ауыл шаруашылық еңбегіне араластыруда үлкен роль атқарды. Коммунистік партияның XX съезінің шешімдеріне сай мектептерде политехникалық білім беруді жақсарту шаралары белгіленді. Мектеп оқушыларды өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі салаларымен таныстыруға, оқытуды қоғамдық еңбекпен байланыстыруға міндеттеді. Мектеп оқушылары өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы саласында өндірістік практикадан өтетін болды.

Соғыстан кейінгі жылдары совет мұғалімдері оқыту мен тәрбиелеудің белсенді түрлері мен әдістерін қолданды. Бұл жұмысқа алдыңғы қатарлы жеке мұғалімдер ғана ат салысып қойған жоқ, бүкіл мектеп коллективі, аудан, облыс болып кірісті. Оқу-тәрбие жұмысында балалардың ерекшелгін ерекше ескере отырып, класта екінші жыл қалып қоюды болдырмау үшін үлкен күрес өріс алды, оқытуда әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолдануға көп көңіл бөлінді. Сабақта әр түрлі жаттығулар жүргізуге уақыт көп бөлінді.

География, тарих сабақтарында өз өлкесін тану, өз өлкесінің тарихын, адамдардың ерліктерін білу, тарихи оқиғалардың болған жеріне экскурсия және туристік саяхат жасау жұмыстары кең жүргізілді. 50—60-жылдары оқу және тәрбие процесінде техникалык, құралдарды пайдалану өріс алды.

Осы кезеңде мұғалімдер даярлау және олардық білімін көтеру жөнінде бірнеше шаралар жүзеге асырылды. Педагогикалық училищелерде он жылдық мектеп бітіргендерді екі жыл оқытатын бөлім ашылды. Бұрынғы мұғалімдер институттары 1952 жылдан бастап педагогтық институтқа айналдырылды. Мұғалімдердің материалдық жағдайын жақсарту мақсатымен 1948 жылы 10 февральда КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советі олардың еңбек ақысын, пенсиясын көбейту және тағы басқа жеңілдіктер беру жөнінде қаулы алды.

Мұғалімдердің білімін көтеру мақсатымен, педагогтық институттардың және педагогтық училищелердің жанынан сырттан оқитын бөлімдер ашылды. 1957—1958 оқу жылынан бастап педагогтық институттарда жоғары білімді бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды. 1953—1954 оқу жылынан бастап педагогтық институттарда студенттерді политехникалық білім беруге даярлау мәселесіне көп көңіл бөліне бастады. Мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары үнемі курстар, семинарлар,. ғылми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар өткізетін болды.

1958—1970 жылдардағы совет мектебі мен педагогиканың дамуы.

КПСС XX съезі жалпы білім беретін мектептің тәрбиелік ролін көтере түсу мақсатымен, орта мектеп бітіруші жастарға еркін мамандық таңдауға мүмкіндік туғызу үшін мектепте политехникалық білім беруді кең түрде жүзеге асыруды талап етті. 1956 жылы бұл нұсқау КПСС XX съезінде айқындала түсті. Халык, шаруашылығына мамандығы бар адамдардың қажеттілігіне байланысты және орта мектеп бітірушілердің тез өсуі, елуінші жылдардың ортасында мектеп оқушыларын жоғары және арнаулы орта оқу орындарына оқуға түсуге ғана даярлап қоймай, оларды өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында өнімді еңбекке араласуға даярлау мәселесін күн тәртібіне ерекше қойды, осыған сәйкес еңбек тәрбиесі мен политехникалық білім берудің тиімді жолдары іздестірілді. Мектепте политехникалык, білім берудің елімізде мынадай жүйесі қалыптасты: жалпы білім беретін пәндерді оқытуда политехникалық білім беру принципін жүзеге асыру, 1—IV кластарда қол еңбегі сабақтары, V—VII кластарда оқу шеберханаларында және оқу-тәжірибе учаскелерінде практикалық - сабақтар жүргізу, VIII—X кластарда машинатану, электротехника және ауыл шаруашылығы негіздерінен арнаулы білім беру және тәжірибе өткізу жүзеге асырылды. Бұл жұмыстар физика, химия, биология және т.б. пәндерді оқытумен ұштастыра жүргізілді. Мектептерде өндіріс орындарына экскурсия, өндірістік практика, техникалық және ауыл шаруашылық білім беретін үйірмелер ұйымдастырылды. 1958 жылы декабрьде СССР Жоғарғы Советі қабылдаған «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және СССР-де халық ағарту жүйесін одан әрі дамыту туралы заң» жаппай сегіз жылдық оқуды жүзеге асыруды талап етті. 1962—1963 оқу жылы барлық жеті жылдық мектеп сегіз жылдық мектепке айналуы тиісті болды.

СССР шаруашылығы мен мәдениетін дамытудың жеті жылдық жоспарын (1959 -1965) орындау жылдарында елімізде мектептің түрі мүлдем өзгерді, мектептің жалпы санында сегіз жылдық және орта мектептердің алатын үлесі әлдеқайда артты.

Ұлы Отан соғысына дейінгі жылдарда елімізде қалыптасқан мектеп жүйесі соғыстан кейінгі жылдарда да негізінен сақталды. Бірақ мектептің өмірден алшақтығы, бір жақты кітаппен оқыту әдістері басым орын алғаны тиісті документтерде ескертілді.

Партияның XX съезінің қарарларына сай, семья мен қоғамдық тәрбиенің бірлігін жақсарта түсу мақсатымен, 1956 жылдан бастап мектептің жаңа түрі — мектеп-интернаттар ашыла бастады.

Мектептің бұл түріне жалғыз ана тәрбиесіндегі балалар, мүгедектің балалары, ата-анасыз балалар, семьяда тәрбиелеу мүмкіндігі жоқ балалар алынды. Ата-анасыз балалар, көп балалы семьядағы және аз жалақы алатын семьядағы балалар түгелдей мемлекет қаржысына тәрбиеленді.

Семьяға көмек көрсету мақсатымен мектептерде балалар күні бойы болатын ұзартылған бөлімдер ашылды. Мектептің бұл түрі көпшілік тарапынан зор қамқорлыққа ие болып, тез тарады. Мұндай мектеп пен бөлімдерді ашуға өндіріс орындары, колхоздар мен совхоздар және ата-аналар белсене араласты. Бұл мектеп пен бөлімдерде балалар сабақтан бос уақыттарын көңілді, ұйымдасқан түрде өткізді, олармен әр түрлі тәрбие жұмыстары жүргізілді, үйге берген тапсырманы тәрбиешілердің басқаруымен орындады. Жаппай міндетті оқуды жүзеге асыруда, мектепті тастап кетумен және класта екі жыл қалып қоюмен күресуде жоғарыда аталған мектеп пен бөлімдер зор роль атқарды.

1958 жылы мектеп туралы Заң бойынша жеті жылдық мектептер сегіз жылдық мектептерге айналдырылды. Сегіз жылдық мектепте балалар жалпы біліммен қатар, политехникалық дайындық алды, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық еңбегінің негізімен, техникамен танысты, сегіз жылдық мектеп бітірушілер не орта мектептің IX класына, не арнаулы орта оқу орындарына түсетін болды. Тікелей еңбекке араласқандары кешкі мектептерде оқыды. 10 жылдық мектепте жастар жоғары оқу орындарында оқуға даярланды, әрі белгілі салада еңбек етуге дайындық алды. Соғыстан кейінгі жылдары кешкі мектептер кең түрде дамыды. Жұмысшы мен шаруалардың мәдени-техникалық дәрежесін көтеруде бұл мектептер үлкен қызмет атқарды.

Сегіз жылдық мектептің негізінде арнаулы кәсіптік-техникалық училищелер ашылды. Бұл оқу орындары қалалы жерлерде өнеркәсіп, құрылыс, ал селолық жерлерде ауыл шаруашылығы үшін механизаторлар және жұмысшылар даярлады. Совет мектебінің даму бағыты партияның XXII съезінде қабылданған КПСС Программасында анықталды; негізгі міндеттердің бірі таяудағы он жылда (1960—1970) жаппай міндетті орта білім беруді жүзеге асыру болып белгіленді.

Бұл міндет 1966—1970 жылдарда СССР халық шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспары туралы КПСС XXIII съезінің директивасында және КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің «Жалпы білім беретін орта мектептің жұмысын онан әрі жақсарту шаралары туралы» (1966 жылы ноябрь) қаулысында аталып көрсетілді.

Жаппай міндетті орта білім беруді жүзеге асыруда арнаулы орта оқу орындары да зор роль атқаруға тиісті болды. Олар арнаулы білім берумен қатар, орта білім беруді жүзеге асырды. Орта білім беруді жүзеге асыруға кешкі мектептер мен кәсіптік техникалық училищелер де көп ат салысты.

Жаппай орта білім беруді жүзеге асыруға байланысты мектепте балалармен жүргізілетін тәрбие жүмысының мазмұны кеңи түсті. Коммунистік саналылықты тәрбиелеуге КПСС Программасы: ғылыми көзқарас қалыптастыруды, еңбекке коммунистік көзқарас туғызуды, социалистік патриотизм мен пролетарлық интернационализмді тәрбиелеуді, коммунистік моральды қалыптастыруды, адамды жан-жақты дамытуды және адамның қабілетін барынша дамытуды жатқызды.

Балаларда ғылыми көзқарас қалыптастыруда орта мектептің төменгі кластарынан басталып, ол барлық пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылатын болды. Коммунистік көзқарас қалыптастыруда барлық пәндермен қатар тарих, әдебиет және қоғамтану пәндері ерекше роль атқарды.

Орта мектепте берілетін білімді белгілеуде бастауыш білім беруді төрт жылдан үш жылдық мерзімге қысқарту үлкен жаңалық болды. Жеке пәндерді оқытуды төртінші кластан бастау, ол пәндерді оқытуға арналған сағаттық әлдеқайда көбеюіне мүмкіндік берді.

Мектеп туралы заңды (1958 жылы) іс жүзіне асыруда қазақ республикасында қыруар жұмыстар жүргізілді. Мектептерді жеті жылдықтан сегіз жылдық оқуға көшіру 1962— 1963 оқу жылында толық аяқталды. Сонымен қатар орта мектептер саны да өсті. Жеті жылдықтық аяғында 1965 - 1966 оқу жылының 1 сентябрінде республикада жалпы білім беретін 9500 мектеп болды.

Заңның жүзеге асырылуы мектептің өмірмен, коммунистік құрылыстың практикасымен байланысын нығайтты. Оқушыларды мектеп тек қана жоғары оқу орындарына түсу үшін емес, сонымен бірге қоғамдық пайдалы еңбекке тікелей белсенді қатысу үшін даярлауды көздеді.

КПСС Орталық Комитеті мен Министрлер Советінің мектеп туралы 1966 жылғы қаулысы қабылданғаннан бергі уақытта Қазақстанда білімнің мазмұнын жетілдіруде және жалпыға бірдей міндетті орта білімге кешуді жүзеге асыруда зор жұмыстар жүргізілді. Қазақстанда мектептерді ірілендіру, аз комплектілі шағын мектептер санын азайту үнемі жүргізілуде. Ірі мектептердің тиіптік жобамен көптеп салу, олардың жанынан интернаттар үшін жатақханалар ұйымдастыру, сондай-ақ балаларды жақын елді мекендердегі мектептерге жол қатынасымен жеткізіп тұру — осының бәрі негізгі міндеттерді шешуге көмектесуде.

Елді мекендері бір-бірінен қашық орналасқан, көптеген ата-аналар мал жайылым учаскелерінде еңбек ететін Қазақстан жағдайында, міндетті оқу туралы заңды жүзеге асыруда мектеп жанындағы интернаттар маңызды роль атқарады. Қазіргі кезде мектеп жанындағы бюджеттік интернаттар саны 1940 жылмен салыстырғанда 6 есе артты.

Казақстан мектептерінің құрылуында және дамуында республикалық педагогикалық баспасөздердің де атқаратын ролі аз емес.

Қазақтың Мемлекеттік «Мектеп» баспасының оқу-тәрбие жұмысындағы елеулі еңбегі ерекше атап айтуды қажет етеді. Бұл баспа жыл сайын сан мыңдаған тиражбен мектептерге арнап оқулықтар мен оқу құралдарын, оқытушыларға арнап методикалық және көмекші қүралдар дайындап шығарады.

Республикамызда «Мектеп» баспасы, «Қазақстан мектебі» журналы, «Қазақстан мұғалімі» және «Учитель Казахстана» газеттері озат тәжірибесінің шын мәніндегі трибунасы, мұғалімдердің қалың жұртшылығы арасында Коммунистік партияның халық ағарту ісі саласындағы идеяларының насихатшылары болып отыр.

Қазақстанда совет мектебі дамуымен қатар, педагогикалық ғылым да өркендеуде. Қазіргі кезде Ы. Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми зерттеу институты, сондай-ақ Қазақтың С. М. Киров атындағы Мемлекеттік университеті және 18 педагогика институттарындағы кафедралар педагогика және психология проблемаларын зерттеумен айналысуда.

Дамыған социализм дәуіріндегі педагогика және мектеп

1961 жылы партияның XXII съезінде қабылданған КПСС Программасы барлық совет халқының жалпы мәдени дәрежесін одан әрі көтере түсуге мүмкіндік беретін. жаппай орта білім беру міндетін күн тәртібіне қойды. Программада жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесін партия ерекше көңіл бөледі деп көрсетілді. Дамыған социализм дәуірінде мектеп жұмысын одан әрі жақсарта түсу мақсатымен КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің 1966 жылы 10 ноябрьде «Жалпы білім беретін орта мектеп жұмысын одан әрі жақсарта түсу шаралары туралы» қаулысы қабылданды. Бұл документте мектептің материалдық-техникалық базасын нығайта түсу, мектеп жүйесін реттеу шаралары, жалпы орта білім беруде оқу орындарының әр типтерінің ролі анықталды. Қаулыда мектеп жұмысын жақсарта түсудің мынадай нақты шаралары белгіленді:

1. Бастауыш мектептің үш жылдық болуы белгіленіп, 4-кластан бастап пәндердің жүйелі түрде оқытылуына кешу қажет деп есептелінді.

2. Физика-математика, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарынан тереңірек білім беру үшін және оқушылардың жан-жақты қызығуы мен қабілеттерін дамыту мақсатымен 7-кластан бастап оқушылардың таңдауымен факультативтік сабақтар жүргізу ескертілді.

3. Қазіргі қол жеткен тәжірибелерге сүйене отырып жоғары кластарда жеке пәндерді теориялық және практикалық жағынан тереңірек оқытатын кластар мен мектептер ашу белгіленді.

1966 жылы РСФСР Педагогика ғылымдары академиясы Одақтық ғылыми орталық (СССР Педагогика ғылымдары академиясы) болып қайта құрылды. Бұл шара Совет адамдарының мәдени дәрежесін және білімін көтере түсудегі, коммунизм құрушыларын тәрбиелеудегі еліміздегі барлық педагогтардың алда тұрған зор міндеттерін жүзеге асырудағы, жалпы совет қоғамы дамуындағы педагогика ғылымдарының ролін айқындай түсті.

КПСС-тің XXIV съезі 1971 жылы жаппай орта білім алуды жүзеге асырудың жаңа кезеңіне өту шараларын белгіледі. 1971—1975 жылдардағы СССР Халық шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспарының Директивасында еңбекшілердің білім дәрежесін үнемі көтере түсу, жастарға жаппай орта білім беруге көшуді аяқтауы белгіленді. Бұл шара социализмнің экономикалық дамуымен ғылыми-техникалық жаңалықтың талабынан туып отыр.

1972 жылы КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советі «Жастарға жалпы орта білім беруге көшуді аяқтау және жалпы білім беретін мектепті одан әрі дамыту туралы» қаулысын қабылдады. Бұл қаулы Коммунистік партия мен Совет үкіметінің СССР-де жаппай міндетті орта білім беруді жүзеге асыру жөніндегі лениндік жоспарды орындауды аяқтау жөніндегі шараларын белгіледі. Бұл жоспарды орындаудың негізгі кезеңдері мыналар еді: 1930 ж. - жаппай міндетті бастауыш оқуды енгізу; 1949 ж.— жаппай міндетті жеті жылдық оқуды енгізу; 1958 ж.— жаппай міндетті сегіз жылдық оқуды енгізу; 1972 ж. - жаппай міндетті орта білімді енгізу.

СССР халық ағарту жүйесі мекемелерін құрудың және олардың жұмысының негізгі принциптері 1973 жылы бекітіліп, 1974 жылдық январынан бастап күшіне енген «ССР Одағының және одақтық респуликалардың халық ағарту ісі туралы Негізгі заңдылықтарында» айқындалған. СССР халық ағарту ісінің негізгі принциптері мыналар:

1. Нәсіліне, ұлтына, жынысына, дінге қатысына, табысы мен әлеуметтік жағдайына қарамастан СССР халықтарының бәрі білім алуға тең праволы;

2. Барлық жас өспірімдер мен балалар білім алуға міндетті;

3. Барлық оқу-тәрбие мекемелері мемлекеттік және қоғамдық болып есептеледі;

4. Қай тілде де: ана тілінде немесе СССР-дегі басқа халықтар тілдерінде оқуға ерікті;

5. Оқытудың барлық түрі тегін, оқушылардың белгілі бөлімі толық мемлекет есебінде тәрбиеленеді, оқушылар мен студенттерге стипендия және басқа матераилдық көмек беріледі;

6. Халық ағарту жүйесі барлық адамдарға бірдей, оқу орындарының төменгі сатысынан жоғары сатысына еркін өтуге болады;

7. Оқыту мен коммунистік тәрбие тығыз байланыста;

8. Балалар мен жастардың тәрбиелеуде мектеп, семья және қоғамдық көпшілік бірігіп іс жүргізеді, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу өмірмен, коммунистік құрылыс тәжірибесімен тығыз байланыста;

9. Оқыту ғылыми негізде жүргізіледі, оның мазмұны ғылым жетістіктерінің негізінде үнемі жетілдіріліп отырылады, оқыту мен тәрбиелеудің гуманистік және моральдық сипаты қамтамасыз етіледі, білім діннің әсерінен тыс негізде беріледі.

Кейінгі жылдарда тәрбие уақыты ұзартылған топтар мен мектептер едәуір кебейе түсті. Бұл мәселеде КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің 1960 жылғы 15 февральдағы балаларды тәрбиелеуде семъяға көмек көрсетуді жақсарта түсу туралы арнайы қаулысының маңызы өте зор болды. Жұмыс істеп жүрген жастардың оқуына да үкімет пен партия ерекше көңіл бөледі. СССР Министрлер Советі 1959 жылғы 5 ноябрьдегі қаулысында жұмысшы және село жастарының кешкі (сменалық) және сырттан оқытатын орта мектептерде жүмыстаы қол үзбей оқып жүргендеріне жұмыс күнін немесе жұмыс аптасын азайту белгіленді.

Коммунистік партия мен Совет үкіметі жоғары оқу орындарының дамуына да қамқорлық көрсетуде. Өндіріс орындары мен мекемелерге өндіріс озаттарына жоғары стипендия төлеп, оларды белгілі жеңілдікпен жоғары оқу орындарына түсуге жолдама беріп оқытуға ерік берілді. Жұмысшы және село жастарын жоғары оқу орындарында көбірек оқыту мақсатымен 1969 жылы арнайы күндізгі, кешкі және сырттан оқытатын даярлау бөлімдерін құру жөнінде қаулы қабылданды. Жоғары оқу орындарының бұл даярлау бөлімдеріне орта білімі бар жұмысшылар, колхозшылар, Совет Армиясы қатарынан босатылған жастар алынады. Ол белімді бітіру емтихандарын ойдағыдай тапсырғандар, жоғары оқу орнына қабылдау емтихандарын тапсырмай алынады.

1958 жылдан бастап халық шаруашылығының барлық саласына маман жұмысшылар даярлау, жастарға кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі де тез қарқынмен дамуда. Әсіресе орта білім беретін кәсіптік-техникалық училищелердің мәні ерекше зор, мұны бітірушілер арнаулы мамандықпен қатар толық орта білім алады.

Совет өкіметі орнағаннан бері біздің халқымыз мәдениет, ғылым және халыққа білім беру саласында зор табыстарға ие болды. Әр совет азаматының білім алуға правосы 1977 жылы қабылданған жаңа СССР Конституциясында (Негізгі заңда) атап көрсетілген. СССР Конституциясыньщ 45 статьясында: «СССР азаматтары білім алуға ерікті. Бұл право оқудың барлық түрінің тегін болуымен, жастарға жаппай міндетті орта білім беруді жүзеге асырумен, оқытуды өмірге, өндіріске байланыстыру негізінде кәсіптік-техникалық, арнаулы орта, жоғары білім беруді, кешкі және сырттан оқытуды дамытумен, оқушылар мен студенттерге оқуға жеңілдік және мемлекеттік стипендия берумен, мектеп оқулықтарын тегін берумен, ана тілінде оқуға мүмкіндік берумен, өзінше оқуға жағдай жасаумен қамтамасыз етіледі».


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: