Ежелгі Египет мектебі 17 страница

Педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктерін жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады. Сонымен, біртұтас педагогикалық процестің нәтижелілігі “педагогтар-оқушылар” жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты. “Оқушы” жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдал болып табылады. “Оқушылар” жүйесінде қарым-қатынас “педагогтар-оқушылар” жүйесінде бар қарым-қатынас салдары ретінде жасалады.

Ұстаздың ұжымшылдығы оның оқушылармен және оқушылардың бір-бірімен дұрыс өзара қарым-қатынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясында бұл өзара қарым-қатынас өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықтың сипатына тәуелді. Қызмет барысындағы сипатын түсіну мұғалімнің құзырына кіреді. Соған байланысты мұғалім өзінің жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек.

Мұғалімге, сынып жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулері қажет: Оларға жататындар.

1. Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайы мен деңгейін диагностикалай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалану.

2. Мектепте және мектептен тыс уақыттарда алғашқы ұжымды басқа ұжым түрлерімен өзара байланыс жасауының рөлін түсіну.

3. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес жалпы мақсатқа (сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың ықпалдасу жүйесі) жетуге бағытталған оқудағы және оқудан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру.

4. Алғашқы (сыныптық) ұжымды қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық жетекшілігімен ұжымда өзін-өзі басқаруды үйрету.

5. Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі және оның негіздері мен даму заңдылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы.

6. Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құралдарын білу және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдану.

7. Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықтарының, қозғаушы күштерінің және тәрбиелеу механизмдерінің объектісі ретінде педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білім.

Мұғалімдердің балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында әлеуметтік (қоғамдық) белсенділік ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Қайта құру кезеңінде бұл қасиет ерекше маңызға ие болады, өйткені ол қоғамдық іс-әрекеттердің маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардың оған жауапкершілік, белсенділік, ізденімпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын, ұмтылуын қамтиды.

Оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуға оң көзқарас танытпайтындар да аз емес. Оның негізгі себебі ұйымдастырылатын жұмыстардың бірыңғайлығы, ондағы формальдылық, жұмыстың пайдасыздығының айқындығы, педагогтың өзінің қызығушылық танытпауы болып табылады. Соған байланысты оқушы белсенділігі мектепте ұйымдастырылатын жұмыстардың тиімділігіне, сұранысқа ие болуына, мұғалім позициясына, жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу біліктеріне тікелей байланысты.

Тапсырмалар мұғалім тарапынан емес белсенді топ мүшелері, сынып ұжымы тарапынан берілуі тиіс.

Негізгі тапсырмалар сабақта және сабақтан тыс орындалатын жұмыстарға байланысты берілуі қажет; мүмкіндігінше ол жұмыстарды оқушылардың өздері таңдағандары орынды. Орындалған тапсырма мен оның орындалу сапасы жөнінде ұжым алдында есеп берілуі қажет.

Класс жетекшісі үнемі оқушы ұжымымен атқарылған жұмыстарды тіркеп отыруы тиіс: ұжым, белсенді топ мүшелерінің тізімі, әрбір ұжым мүшесінің сабақта және сабақтан тыс (қоғамдық) орындағын жұмыстарының тізімі (мұнда орындалған жұмыс жөнінде қашан есеп берілуі керектігі көрсетіледі), жылдық, жартыжылдық, тоқсандық, жоспар жасалады, әрбір оқушыға мінездеме жазады. Оқушылардың жетістіктерін үнемі айта отырып, оқушы тұлғасын қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып олармен жеке жұмыс жүргізудің маңызы ерекше.

СОӨЖ-ның тақырыбы: Оқушылар ұжымының даму кезеңдері

Жоспар:

1. Ұжымның даму кезеңдерін талдау.

2. Оқушылар ұжымындағы мұғалімнің ролі.

3. Ұжымды ұйымдастыру жолдары.

4. Оқушылар ұжымының негізгі белгілері.

5. Ұжымғам берілетін тапсырмалар сипаты.

6. Ұжымдағы сынып жетекшісінің орны.

7.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1) Оқушылар ұжымының дамуының негізгі заңдарын ата.

2) Оқушылар ұжымының негізгі даму кезеңдеріне сипаттама.

3) Ұжым дегеніміз не, оның негізгі белгілері қандай?

4) Балалар ұжымы – мектептегі педагогикалық процестің неге маңызды компоненті болып табылады?

5) Ұжымды қалыптастырудағы мұғалімнің ролі.

6) Балалар ұжымы дамуының негіздеріне сипаттама.

7) Оқушы ұжымының қалыптасуының әртүрлі кезеңіндегі оқушылардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының өзара байланысын (нақты мысалдармен) көрсетіңіздер.

8) Сіз “ұжымда тұлғаны тәрбиелеу” және “баламен жеке жұмыс жүргізу” притнциптерінің бірлігін қалай түсінесіз?

9) Оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейін зерделеуде педагогикалық зерттеулер әдіскерінің кешенін белгілеңіздер.

10)Балалар ұжымын мен оқушының өзін-өзі басқаруын үйлестіру мүмкіншіліктерін көрсетіңіздер.

Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар

1) “Тамаша ұжым екенін қалай байқауға болады?”,.

2) Біртұтас педагогикалық процестегі балалар ұжымын зерделеу алгоритмін құру.

3) Әр түрлі оқулықтардан “ұжым” ұғымының анықтамасын жазу және оларға талдау жасау.

4) Балалар ұжымы мен мұғалімнің ықпалдасуы проблемасы туралы әдебиеттер тізімін жасау.

5) Педагогикалық процесте балалар ұжымы мен мұғалім ықпалдастығын ашатын педагогикалық жағдайларды таңдау.

6) Балалар ұжымы мен олардың тұлғалық қасиеттері жөніндегі проблемалар бойынша ақпарат дайындау.

7) «Мен ұжымда өзімді қалай ұстаймынң атты тақырыпта шағын шығарма жазу.

Реферат тақырыптары

1. Тұлғаның ұжымда дамуы.

2. Оқушылар ұжымында тұлғалық қатынастың рөлі.

3. Оқушылар ұжымындағы іс-әрекет қарым-қатынасының ынтымақтастығы.

4. Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқару органы ретіндегі белсенді оқу топтары.

5. Оқушылар ұжымы оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру құралы.

6. Оқушылар ұжымының тәрбиелеу мүмкіндіктері.

7. Оқушылар ұжымының тиімді іс-әрекеттерінің ұжымы шарттары.

8. Балалар ұжымының эмоциялық өмірі.

9. Оқушылар ұжымының бір қызметі ретінде жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділіктерін қалыптастыру.

10. Оқушылар ұжымындағы педагогикалық жетекшілік және өзін-өзі басқару.

Әдебиеттер

1. Педагогика. Дәріс курсы., 2003.

2. Сухомолинский В.А. Мудрая власть коллектива. М.,1981.

3. Немов Р.С. КирпичникА.Г. Путь к коллективу: Книга для учителей по психологии ученического коллектива. М.,1988.

4. Новикова Л.И. Педагогика детского коллектива: вопросы теори. М.,1978.

5. Зверева В.И. Диагностика и экспертиза педагогической деятельности аттестуемых учителей. М.,1998.

6. Коломинский Я.Л. Психология детского коллектива: Система личных взаимоотношений. Минск, 1984.

7. Макаренко А.С. Воспитание в советской школе. М.,1966.

8. Петровский А.В. Личность. Деятельность. Коллектив. М.,1982.

9. Фридман Л.М., Пушкина Т.А., Каплунович И.Я. Изучение личности учащегося и ученических коллективов. М.,1988.

20-лекция. Сынып жетекшісі – сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы

Жоспар:

1. Сынып жетекшісінің міндеттері. Тәрбие жүйесі.

2. Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру.

3. Мектептегі сынып жетекшісінің атқаратын жұмыс бағыттары.

4. Сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.

Негізгі ұғымдар: тәрбие, тәрбие жүйесі, қызмет, сынып жетекшісі, қатынастар, іс-әрекет.

Мектептерде тәрбие жүйелері ұжымдық шығармашылық жұмыстар, қоғамдық-пайдалы және өндірістік еңбек, жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі формаларын енгізу (әртүрлі орталықтар, театрлар, т.б.), ұлттық салт-дәстүрлер; оқыту процесін ұйымдастыру негізінде қалыптастырады. Тәрбие жүйесі мақсаттар жиынтығынан, тәрбие жұмысының ұйытқысы ретінде ұжым, ұжымдық қатынастар мен қоршаған ортаға деген жүйенің бірлігінен тұрады. Басқаша айтқанда оқушылардың тәрбие жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады:

- Тәрбие жүйесінің құрылымы.

- Тәртіп бойынша жүйені қалыптастыру жолдары және оның дәстүр сақтауы.

- Ұжым іс-әрекетінің мазмұны және бағыттары.

Тәрбие мақсаттары мәселесін шешпей, тәрбие басқа саладағы сияқты, мақсат пен міндеттер арқылы анықталады. Өйткені оны шешпей жүйе болмайды. Осы мәселе бойынша қазіргі күнге дейін еш нәрсе анық болмаса да, бұл әдістеме біршама нәтижелі, өйткені ол ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттегі тарихи қалыптасқан рухани құндылықтарға сүйенеді.

Оқытушылар ұжымында ортақ мақсат болған жағдайда ғана, әрқайсысы оған жету үшін іс-әрекетке белсенді кіріскен кезде ғана үлкен нәтижеге жету мүмкіндігі бар. Оқушылардың жеке тұлғасының қалыптасуы ұлттық мәдениет тәсілдерімен жүзеге асады, және ол ұлттық мәдениет құралдары арқылы жеке басты қалыптастыру төмендегі қалыптастыру жүйесін анықтайды:

1. Өзінің ана тілін жете білу.

2. Мәдениеттану сипатындағы оқу пәндері арқылы меңгеру

3. Ұлттық мәдениетті базистік оқу бағдарламасындағы басқа да пәндерде меңгеру.

4. Мектепті ұлттық мәдениет элементтерімен толықтыру.

5. Халықтық мәдениетті меңгеруге арналған оқушылардың зерттеу іс-әрекеті.

6. Ұлттық мәдениетке арналған арнайы курстар, факультативтер.

7. Ұлттық мәдениетті меңгеруді мақсат еткен үйірмелер мен клубтардың жұмысын ұйымдастыру.

Мұғалімдер ұлттың мәдени негізінің қалыптасуына ықпал етеді. Ол мектеп бітірушінің білім мазмұнын, жеке тұлғаның өзін өзі ары қарай дамыту факторы. Қойылған мақсат тәрбиелік міндеттер арқылы жүзеге асады. Оны анықтаудың әртүрлі әдістемелері бар. Оған жататындар:

а) Дамыту мен ұйымдастыру әдісі.

ә) Дамыту және тәрбиелеу іс-әрекеттерді ұйымдастыру әдістері.

б) Жеке тұлға қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен қабілеттерінің көрінуі.

Сынып жетекшілерінің іс-әрекетін төменгі топтарға бөлеміз.

1. Әлеуметтік міндеттер

2. Адамгершілік міндеттер.

3. Диагностикалық міндеттер. (Сыныпппен жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін оқушының жеке тұлғасы мен ұжымның даму диагностикасы).

4. Даралық сипаттағы міндеттер.

5. Денсаулық пен салауатты өмір салтын тәрбиелеу.

6. Баланың өнегелілік мінез-құндылықтарын қалыптастыру.

7. Баланың бойына біткен қабілетілігі мен мақсат-мүдделерін жаңаша дамыту.

Қатынастар жүйесіне әртүрлі компонентерді кіргізуге болады. Әрбір қатынас белгілі бір білімдерді игеру дегенді білдіреді, алайда бұндағы ең бастысы бұл білімдерді өнегелілік түрде түсіну, сезіну болып табылады. Жеке тұлғаның қасиеттерін құндылық қатынастардың қалыптасу нәтижесі деп түсіндіреді. Басқа адамға деген құндылық қатынастың нәтижесі – гуманизм, өз өзіне – қадір-қасиет, еңбекке – еңбексүйгіштік, еңбекқорлық болып табылады.

Тұлғаның ең басты қасиеттерін бөлу өте маңызды, өйткені, қоршаған ортаға, адамға, материалдық және рухани дүниеге деген қатынастың қалыптасуы барысында адамгершіліктіңбарлық жақтарын қамту мүмкін емес.

Оқушылардың тәрбиелік нәтижелерін анықтау қажет. Оларға мыналарды алуға болады:

1. Еліне деген қатынас – отансүйгіштік, патриотизм.

2. Еңбекке деген қатынас – еңбексүйгіштік, еңбекқорлық.

3. Өз өзіне деген қатынас – қадір-қасиет.

4. Басқа адамға деген қатынас – гуманизм.

5. Табиғатқа қатынас – табиғатқа қамқорлық.

6. Ұжымға деген қатынас – ұжымшылдық.

7. Көркемдікке қатынас – көркемдікті эмоционалды-эстетикалық түрде қабылдау қабілеті.

Тұлғаның осы жоғарыдағы қасиеттерін қалыптастыру – қоршаған орта туралы білімдерді өнегелілік түрде түсініп-сезіну. Сондықтан, оқушылардың қоршаған орта туралы білімдер жинағын адамгершілікпен сезінуі тәрбие жұмысыныңбасты мақсаты.

Жеке тұлғаның сыныптағы ұжымдық қасиеттері эстетикалық құндылықтарға, табиғатқа көзқарасы басым болады.

Сынып жетекшісінің жұмысында сыныптан тыс тәрбие көрініс табады. Қазіргі уақытта оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру, оның қабілеттілігін дамыту бірінші орында. Бұл ретте, сынып жетекшісі – пән мұғалімдері мен ата-ананың әрбір оқушыға ықпалын үйлестіретін тәрбиені ұйымдастырушысы. Сынып жетекшісі қызметінің негізгі тармақтарына мыналарды жатқызуға болады:

1. мектептің ертеңгілік тамағының тәртібі мен асхананың тазалық ережесін қамтамасыз ету.

2. Оқушының көзінің көруі, құлағының естуі, оныңбойын ескеріп, әрбіреуінің қабілеті мен белсенділігіне қарай оқу бөлмесіне санитарлық-гигиеналық талаптарға сай қамтамасыз ету.

3. Сыртқы киім мен аяқ киім қоятын орынның болуы.

4. Оқушыны қажетті оқулықтармен және әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

5. оқушының барлық сынып бөлмелерінің неге арналғанын оларды пайдалану ережелерінен (директор кабинетінен бастап, ойын бөлмесі мен медициналық бөлмеге дейін) түсінік беру.

6. оқушының қоршаған заттармен жоғары мәдени деңгейде, тазалықты, әдемілік пен тәртіпті сақтай отырып пайдалана білуін үйрету.

7. Топтың пәндік іс-әрекетін ұйымдастыру.

Сынып жетекшісі мына бір тұжырым ережелерді ұғынып, түсінген жағдайда ғана тәрбие міндеттерініңшешімі нәтижелі болмақ:

1. Тәрбиенің жеке тұлғаға бағыттауы.

2. Тәрбие жүйелік сипатта болу.

3. Тәрбие іс-әрекетінің мақсаттарының бірлігі, оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдердің өзара әрекеттестігі тәрбие жүйесінің кепілі.

Сынып жетекшісінің іс-әрекетінде басқару теориясының да маңызы бар. Педагогтің негізгі жұмысы – оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру, ал ұйымдастыру басқару теориясының құрамды бөлігі болып табылады. Оның заңдылықтарын білу педагогтар мен оқушылар арасындағы қатынасты, сыныптағы тәрбие жүйесін басқаруға мүмкіндік береді. Тәрбие жүйесінің қызметіндегі маңыздысы оқушылардың іс-әрекетінің түрлерін тиімді таңдау (тәрбиелік шаралар) және оларды өткізу. Адамды қалыптастыратын негізгі іс-әрекеттер: танымдық іс-әрекет, материалдық еңбек, қоғамдық-пайдалы жҒмыс, бағалау-бағыттау әрекеті, ойын іс-әрекеті, қарым-қатынас, спорттық-сауықтыру, көркемдік-шығармашылық іс-әрекет.

Сынып жетекшісінің басқару теориясында тәрбиелік шараларды дайындаудың нәтижелі әдісін анықтауға мүмкіндік береді, оларға жататындар:

1. Шаралардың мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

2. Сынып жетекшісінің тәрбие шараларын дайындауда оқушыларға ақыл-кеңес беруі.

3. Ынталы топпен бірігіп шараларға дайындықты тексеру.

4. Тәрбиелік шаралардың нақты бір формасын таңдау (сынып сағаттары, КВН, демалыс кеші, т.б.)

5. Ынталы топпен бірігіп тәрбие жұмыстарын жоспарлау.

6. Шараларды өткізуге ынталы топ пен оқушыларды таңдау.

7. Жұмысты ұйымдастыру міндеттерін ынталы топ мүшелеріне бөліп беру.

8. Мерекеге дайындық.

9. Тәрбиелік шараларды өткізу.

1. Оқушыларды тәрбиелеудің негізгі жүйесі.

2. Сынып жетекшісі жұмысынң педагогикалық негізі.

3. Сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдары.

4. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы сынып ұжымының орны.

5. Сыныптағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары.

СОӨЖ-ның тақырыбы: Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара байланысы

Жоспар:

1. Оқушыларды тәрбиелеудің негізгі жүйесі.

2. Сынып жетекшісі жұмысынң педагогикалық негізі.

3. Сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдары.

4. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы сынып ұжымының орны.

5. Сыныптағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Сыныпта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктерін атаңыз.

2. Сынып жетекшісінің тәрбие жүйесінің негізгі компонентері қандай?

3. Сынып жетекшісінің басты қызметтерін атаңыз.

4. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісінің негізгі міндеттері қандай?

5. “Адамның еңбекке қатынасы” дегенді қалай түсінесіз?

6. Сыныптағы оқушы жеке тұлғасын қалыптастырудың ерекшеліктері қандай?

7. Тәрбие мақсаты дегенді қалай түсінесіз?

Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар

1. Сыныпта театрлық үйірме, эстетикалық тәрбие орталығын ұйымдастыру негізінде тәрбие жұмысының вариантын жасаңыз.

2. а) Эстетикалық тәрбеге,

ә) еңбек тәрбиесіне,

б) азаматтық тәрбиеге,

в) интернационалдық тәрбиеге, т.б. арналған тәрбиелік шаралардың жобасын жасаңыз.

3. Тәрбиелік жүйенің 5 сыныпқа, 9 сыныпқа және 11 сыныпқа арналған үлгісін жасап, әңгімелеп беріңіз.

Реферат тақырыптары

1. Сынып жетекшісінің басқа адамға, өзіне, табиғатқа іс-әрекет жүйесі.

2. Тәрбие жүйесі, алатын орны.

3. Сынып жетекшісінің атқарытын жұмыс бағыттары.

4. Сыныпта оқушылардың жеке тұлғасын қалыптасиыру.

5. Ұлттық мәдениетті қалыптастыру жолдары.

Әдебиеттер

1. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. Алматы, 1999.

2. Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. Алматы 1988.

3. Ақназарова Б. Класс жетекшісі, Алматы 1973.

4. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі, Алматы 1980.

5. Педагогика. Дәріс курсы, Алматы 2003.

6. Кайралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы. Алматы 1983.

7. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. Астана 1998.

21-лекция. Отбасы тәрбиесінің негіздері

Жоспар:

1. Отбасы – тәрбиесіне әсер ететін факторлар.

2. Отбасы тәрбиесінің негізгі құқықтары.

3. Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық-педагогикалық негіздері.

4. Отбасы тәрбиесіне сипаттама, бағыттары, мектеппен бірлігі.

Негізгі ұғымдар: қоғамдық және жанұялық тәрбие, ата-ананың педагогикалық белсенділігі, диагностика әдістері, әрекеттестік формалары, мектеп пен жанұяның тәрбиелік мүмкіндіктерінің интеграциясы.

Қоғамда отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым, ол балаға моралдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.

Қазіргі нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасында айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті – қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану.

Ата-ананың маңызды міндеті балаларымен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардыңөміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне “өзінше” қиындық әкелді.

Қоғам дамыған сайын отбасындағы бала саны азайып келеді. Аз балалы отбасында, негізінен бір баласы бар отбасында, ішкі отбасылық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол – балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, оның эгоистік жақтарыныңбасым болуы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: