мемлекеттік реттеу

Мақсат – студенттердің қоршаған ортаны қорғау мен басқаруды мемлекеттік реттеу туралы білімін жетілдеру. түсіндіру.

Жоспар:

1 Табиғатты қолдану қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттің реттеудің мен басқаруының түсінігі, функциялары, түрлері мен тәсілдері

2 Қоршаған ортаны қорғауды мемлекет арқылы реттеу мен басқару органдарының жүйесі, снаттары мен құзыреттері

3 Экологиялық бақылаудың объектілері, түсінігі, мақсаты және оның түрлері

1 сұрақ Табиғатты қолдану қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттің реттеудің мен басқаруының түсінігі, функциялары, түрлері мен тәсілдері

Табиғатты қолдану және қоршаған ортаны қорғауды басқару экологиялық заңдылықтардың іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған. Жақсы қалыптасқан қоршаған ортаға құқықтың және азаматтар құқығының қоғамдық құндылығы, ең бірінші, құқықтық нұсқауларды іске асыру процесінен көрінеді.

Табиғатты тиімді қолдану мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мәселері; экологиылқ заңдылықтарға сай әртүрлі болғадықтан, басқару мазмұны да әртүрлі. Олар басқару функцияларына байланысты қалыптасады.

Табиғатты қолдану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару – жалпы алғанда мемоекеттік басқарудың құрамдас бөлігі.

Өндірістік басқарудың мазмұны – нақты бір кәсірорынның экологиялық талаптарды орындауға байланысты мәселелері арқылы көрінеді. Басқару арнайы қызметтер арқылы (инженердің, механиктің, технологтың, энергетиктің, бақылаудың) кәсіпорындық бөлімшелердің жетекшілері арқылы, сонымен қатар, табиғатты қорғауға байланысты құрылған бөлімдер арқылы іске асады.

Салалық (ведомствалық) басқару министірліктер, мемлекеттік комитеттер арқылы іске асырылады.

Табиғатты қолдану және айналаны қорғаудың мемлекеттік басқаруы көптеген тәсілдердің негізінде іске асырылады. Басқару тәсілдерінен басқарушылардың қызметі мен тәртібіне мемлекеттің әсер ету әдістерін түсінеміз. Тәсілдер әкімшілік (тікелей бұйрық), экономикалық (ұйымдар мен еңбек ұжымдарының заң талаптарының орындалуына экономикалық мүдделі жағдай туғызу және рухани, мемлекеттік сыйлықтармен марапаттау, дәреже, атақ беру) болып бөлінеді.

2 сұрақ Қоршаған ортаны қорғауды мемлекет арқылы реттеу мен басқару органдарының жүйесі, снаттары мен құзыреттері

Табиғат ресурстарын қорғау мен қолданудың мемлекеттік басқаруын әртүрлі дәрежеде іске асыратын және әртүрлі құзіреттілігі көрсетілген мемлекеттік органдар іске асырады. Оларды үшке бөлуге болады: жалпы құзіреті бар органдар, арнайы құзіреті бар органдар және функциялық органдар.

Жалпы құзіреті бар органдарға жататындар:

1) Президент

- ҚР Президентінің мемлекеттік әскери қызметі;

- ҚР Қауіпсіздік Кеңесі;

- Стратегиялық жоспарлау жөнінен агенствасы

2) ҚР Парламенті

- Жергілікті Үкімет органдары

3) ҚР Басшылығы

- Атқарушы органдары

Табиғатты қорғау саласындағы басқаруда Президенттің мүмкіншілігі мол. Ол мемлекеттік бағдарламаларды, республиканың бүкіл территориясында міндетті күші бар жарлықтарды, қаулыларды және бұйрықтарды шығарып бекітеді.

Құқық қолданушылық әрекетте басты орындаушы үкіметтің органдарына және лаузымды тұлғаларына тиесілі. Орындаушы үкімет күрделі және тармақталған жүйе құрайды. Дәл осы жүйеде экологиялық заңдылықтарды қолдану механизмі өзінің нәтижелігінің дәрежесін көрсетеді. Республикада орындаушы үкіметтің дәрежесі нығая түсуде, сондықтан, құқық қолданушы механизміндегі Президеттің ролі өте маңызды.

Басшылықтың қызметі – осы саладағы негізгі бағыттар мен жалпы маңызды шараларды белгілеу және шешумен байланысты, мемлекеттік экологиялық бағдарламалардың ойлап табу және іске асырумен, табиғат ресурстарын қолдану лимиттерімен байланысты. Осындай құқықтың мазмұны – мемлекеттік экологиялық шаралардың негізін құрайды. Экологиялық байланыстарды реттеуде ҚР Басшылығының шығарған нормативтік актілері маңызды орын алады.

Табиғатты қолдану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы салалық функцияларын іске асырушы органдарда жерге қатысты, жер қойнауын қорғауға, су, орман ресурстарына және ауыл шаруашылығына байланысты мемлекеттік басқару органдары да жатады.

Функциялық органдарға жататындар:

- ҚР комуникациясы мен транспорт министірлігі;

- ҚР ғылым және білім беру министірлігі;

- ҚР ішкі істер министірлігі;

- ҚР прокуратурасы;

- ҚР әділет министірлігі.

Бұл органдар барлық табиғат ресурстарына байланысты бір немесе бірнеше функцияларын атқарады.

Мемлекеттік басқарудың жергілікті органдар құзіреттілігі облыстық, ауданның, қаланың, экологиялық жағдайына әсер ететін мәселелерді қарастырады. Қазақстан Республикасының жергілікті үкімет органдары жер, орман, су ресурстары, табиғаттың объектілері, территорияның санитарлық тазалығы, тұрғын жерлердің құрылысы жайында міндетті тәртіптерді бекітіп, әкімшілік жауапкершілікке тарттыра алады.

Мұндай тәртіптер экологиялық деп аталып, оны бұзған адам әкімшелік жауапкершілікке тартылады.

Маслихат қабылдаған тәртіп – тұрмыс жасап жатқан заңдылықтарға қайшы келмеуі керек.

3 сұрақ Экологиялық бақылаудың объектілері, түсінігі, мақсаты және оның түрлері

Экологиялық бақылау – табиғатты тиімді қолдану мен қорғауды зиянды жағдайлардан сақтайтын құқықтық шараны қамтамасыз ету. Оны мемлекеттік басқару функциясы мен қоршаған орта құқығының құқықтық институты іске асырады.

Экологиялық бақылау деген түсінікпен экологиялық заңдылықтар талабының орындалуы мен орындалуын бақылайтын міндетті субъектілердің қызметін көре аламыз.

Экологиялық бақылаудың негізгі субъектілеріне жататындар:

- табиғи ортаның жағдайы;

- қоршаған ортаны қорғау бойынша міндетті шараларды орындау;

- экологиялық заңдылықтарды сақтау.

Экологиялық бақылау құқықтық шаралар сияқты ескертушілік, ақпараттық және жазалаушылық функцияларын орындайды.

Ескертушілік функцияның ролі – экологиялық бақылау субъектілерінің экологиялық талаптардың құқығын орындау мен заңды бұзушылықты ескерту мүдделігінен тұрады. Ақпарттық функциялар бақылау процесінде тұлғалар мен органдардың табиғатты қорғау қызметі жайында ақпараттар жинаумен байланысты. Экологиялық құқық талабын бұзған тәртіп бұзушыларға заң шығарушы санкциялары арқылы белгіленген жазалау функциясы қолданылады.

Табиғатты қорғау тәжірибесінде экологиялық бақылауды мемлекеттік, ведомствалық, кәсіпкерлік, қоғамдық сияқты түрлері көрінеді.

Мемлекеттік экологиялық бақылаудың мақсаты табиғатты тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен азаматтардың айналаны таза ұстауға байланысты құқықтық талаптарын орындау.

Мемлекеттік экологиялық бақылау ескертушілік және ағымдық түрінде өтеді. Ескертушілік бақылаудың мақсаты – табиғатқа зиян келтіретін шаруашылық, басқарушылық және басқа да қызметтерді болдырмау. Ағымдық мемлекеттік экологиялық бақылау табиғатты қолдану процесінде, экологиялық маңызды объектілер мен кәсіпорындардың жұмыс імтеу дәрежесі арнайы міндетті органдар арқылы іске асырылуы мүмкін.

Мемлекеттік экологиялық бақылау белгілі бір қағидаларға байланысты жүргізіледі. Оның негізгісі – заңдылық, объективтілік, шаруашылық және бақылау функцияларының болуы.

Әдебиет:

Негізгі:

1 Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Общ.ч.: Учебник.- Алматы: ТОО ИК-«НАS», - 2003, 328 с.

2 Кушумбаев А.А. Эклогическое право Республики Казахстан. Учебное пособие. Астана, 2001, 236 с.

3 Экологическое право РК. Учебное пособие. Под ред. Бекишева С.Д., Караганда. 2001, 9-10 с.

4 Экологическое право. Под ред. Боголюбов С.А., М.,1998, 9 с.

Нормативтік құқықтық актілер:

1 ҚР Экологиялық кодексі, 09.01.2007., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

2 ҚР Орман кодексі, 08.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

3 ҚР Жер кодексі, 20.06.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 24.07.2009.

4 ҚР Су кодексі, 9.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

5 ҚР Азаматтық кодексі, (Жалпы бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

6 ҚР Азаматтық кодексі, (Ерекше бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

7 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңы, 04.12.2002., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

8 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» ҚР Заңы, 09.07.2004., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 04.12.2008.

Бақылау сұрақтары:

1 Табиғатты қолдану қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттің реттеудің мен басқаруының түсінігі

2 Табиғатты қолдану қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттің реттеудің мен басқаруының функциялары

3 Экологиялық бақылаудың түсінігі және оны жүзіге асыратын органдар

Тақырып: № 6 Қоршаған ортада әсерді бағалау

Мақсат – Қоршаған ортада әсерді бағалаудың ерекшелектері туралы студеттерге түсінік беру.

Жоспар:

1 Қоршаған ортада әсерді бағалаудың түсінігі

2 Қоршаған ортада әсерді бағалау құжаттамасы

3 Экологиялық сараптама

1 сұрақ Қоршаған ортада әсерді бағалаудың түсінігі

Қоршаған ортаға әсердi бағалау - шаруашылық және ізге де қызметтiң қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескерiле отырып, қолайсыз зардаптарды (табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, жұтаңдауын, бүлінуін және сарқылуын) болдырмау, қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар әзірленетін рәсім. Қоршаған ортаға әсердi бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тiкелей немесе жанама әсер етуi мүмкiн болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлерi үшiн мiндеттi болып табылады.
Қоршаған ортаға әсер ететiн шаруашылық және өге де жобаларды, қоршаєан ортаға әсерiн бағаламай әзiрлеуге және iске асыруға тыйым салынады. Әсердi бағалау нәтижелерiн жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылады. Жобаланып жатқан және жұмыс iстеп тұрған объектiлердiң перспективалық қызметi ҚР Экологиялық кодекстiң талаптарына сәйкес қоршаған ортаға әсерiн бағалауға жатады.
Жобалардың тапсырыс берушiсi (бастамашысы) мен әзiрлеушiсi қоршаған ортаға әсер етуге жүргiзiлген бағалау нәтижелерiн ескеруге және қоршаған орта мен адам денсаулығына неғұрлым аз зиян келтiретiн нұсқаның қабылдануын қамтамасыз етуге мiндеттi.

2 сұрақ Қоршаған ортада әсерді бағалау құжаттамасы

Қоршаған ортаға әсердi бағалау жөнiндегi құжаттама:
шаруашылық және өге де қызметке тапсырыс берушiнiң деректемелерiн;жоспарланып отырған қызметтi iске асыру қажеттiгi негiзделген өтiнiштi (арызды, ниетi туралы декларацияны), инвестициялар негiздемесiн, техникалық-экономикалық негiздеменi (жобаны), жұмыс жобасының бекiтiлген бөлiгiн, түсiндiрме жазбаны;
қоршаған орта компоненттерiнiң қызметтi iске асырғанға дейiнгi не қазiргi кездегi жай-күйiнiң сипаттамасын; жобаның жазбасын, оған қоса: бүкiл жобаның мақсаты мен сандық сипаттамаларының және орналастыру ауданына құрылыс және пайдалану сатысы кезеңiнде қойылатын талаптардың сипаттамасын; жоспарланып отырған қызметтiң қоршаған орта элементтерiне ықтимал әсерлерiнiң түрлерi қоршаған ортаға эмиссиялардың, тұтынылатын шикiзаттың және алынатын ресурстардың көлемi мен оның қосындыларының құрамымен бiрге көрсетiле отырып, пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың типтерi мен санын қоса алғанда, өндiрiстiк процестердiң негiзгi сипаттамаларын; қолданылатын технологияның ең озық қолжетiмдi технологияларға және техникалық үлестiк нормативтерге сәйкестiгi тұрғысынан талдауды; баламалы нұсқалар туралы ақпаратты және жобалық нұсқаны таңдаудың негiзгi себептерiне нұсқауды;

Жоспарланып отырған қызметтiң тапсырыс берушiсi (бастамашысы) қоршаған ортаға әсерге жүргiзiлген бағалау нәтижелерi бойынша жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылатын қызметтiң экологиялық зардаптары туралы мәлiмдеме әзiрлеп, табыс етедi, ол осы қызметтi iске асыруға болатыны туралы шешiм әзiрлеуге негiз болады.
Қоршаєан ортаға әсердi бағалаудың әрбiр кезеңiндегi құжаттама мазмұнының толымдылығы қоршаєан ортаға әсердi бағалауды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықпен айқындалады.

3 сұрақ Экологиялық сараптама

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жөзеге асырылады.

Экологиялық сараптама:
жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өге де қызметтi iске асырудың қоршаған орта мен халықтыѕ денсаулығына ықтимал терiс зардаптарын айқындау және шектеу;
экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерiнiң балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесiнде үшiншi тараптарға залал келтiрудi болдырмау мақсатында жүргiзiледi.

Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға құжаттаманы:
белгiленiп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтiң тапсырыс берушiсi (инвестор);
Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жататын нормативтiк құқыты актiлердiң, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзiрлеудi жүргiзетiн мемлекеттiк органның басшысы табыс етедi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудiң тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

Әдебиет:

Негізгі:

1 Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Общ.ч.: Учебник.- Алматы: ТОО ИК-«НАS», - 2003, 328 с.

2 Кушумбаев А.А. Эклогическое право Республики Казахстан. Учебное пособие. Астана, 2001, 236 с.

3 Экологическое право РК. Учебное пособие. Под ред. Бекишева С.Д., Караганда. 2001, 9-10 с.

4 Экологическое право. Под ред. Боголюбов С.А., М.,1998, 9 с.

Нормативтік құқықтық актілер:

1 ҚР Экологиялық кодексі, 09.01.2007., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

2 ҚР Орман кодексі, 08.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

3 ҚР Жер кодексі, 20.06.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 24.07.2009.

4 ҚР Су кодексі, 9.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

5 ҚР Азаматтық кодексі, (Жалпы бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

6 ҚР Азаматтық кодексі, (Ерекше бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

7 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңы, 04.12.2002., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

8 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» ҚР Заңы, 09.07.2004., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 04.12.2008.

Бақылау сұрақтары:

1 Қоршаған ортада әсерді бағалаудың және экологиялық сараптаманың құқықтық негіздері

2 Мемлекеттік экологиялық сараптаманың объектілері, қортындысы осы саладағы заңнаманың дамуы

Тақырып: № 7 Экологиялық мониториг пен кадастрлар

Мақсат – Экологиялық мониториг пен кадастрлардың қолдану ерекшелектерінің маңыздылығын студеттерге

Жоспар:

1 Экология мониторингтің түсінігі, құрылымы, мазмұны

2 Мемлекеттік экологиялық мониторинг

3 Табиғи ресурстар кадастрлары: түсінігі және жалпы сиспаттама

1 сұрақ Экология мониторингтің түсінігі, құрылымы, мазмұны

Экология саласындағы мемлекеттік басқарудың тиымділігін қамтамассыз ететін манызды факторлрдың бірі - бұл табиғат ортасының жан күйі мен сапасы туралы толық, Объективті ақпаратың болуы және оған ықпал етудің деңгейі, Егжей ө тегжейлі ақпарат алу мемлекеттің дербес қызметінің мазмұны болатын экологиялық мониторинг.

Қоршаған ортаның мониторингі - адамды қоршаған табиғи ортаның жай - күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге тірі организмдерге зиянды немесе қауып туғызатын қатерлі ахуалдар туралы ескерту.

Қоршаған ортаның мониторингі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру Қазақстан Республикасында 1972 жылдан, Ауарайынбайқайкомитеті жанындағы Табиғи ортаның ластануы деңгейін байқаулардың мемлекеттік қызметі құрылған кезде басталған болатын, экологиялық мониторингтің мазмұнынна ол кезде бірқатар бағыттар жатқан еді;

1. атмосфералық ауа жай – күйінің мрниторингі;

2. атмосфералық жауын – шашының мониторингі;

3. су ресурстартарының сапалық жай – күйінің мониторингі;

4. топырақтың жай - күйінің мониторингі;

5. метериологиялық мониторинг;

6. радиациялық мониторинг;

7. трансшекаралық мониторингі;

8. фондық мониториг.

Қоршаған орта жай – күйінің мониторингін қоршаған ортаны қорғау срласандағы уәкелетті оргған ұйымдастырады.

2 сұрақ Мемлекеттік экологиялық мониторинг

Мемлекеттiк экологиялық мониторинг (қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi) - табиғи және антропогендiк факторлардың әсерiнен қоршаєан ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйінің ізгеруiн бағалау, болжау және бақылау мақсатында олардың жай-күйiн қадағалаудың кешендi жүйесi.
Атмосфералық ауа, жер, жер істi мен жер асты сулары, жер қойнауы, жануарлар және өсiмдiктер дүниесi, сондай-ақ климат пен Жердiң озон қабаты, экологиялыќ жүйелер, қоршаєан ортаның халықтың денсаулығына ісер ететiн факторлары мемлекеттiк экологиялық мониторинг объектiлерi болып табылады. Қоршаған орта мен табиєи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн қоршєан ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган арнайы мемлекеттiк уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып ұйымдастырады.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң мазмұнын мониторингтiң мынадай кiшi жүйелерi:
1) қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингi;
2) табиғи ресурстар мониторингi;
3) мониторингтiң арнайы түрлерi құрайды.
Жұмыс iстеу процесiнде Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторин

гi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң кiшi жүйелерiне мониторингтiң басқа да түрлерi енуi мүмкiн.

Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттiк кадастрларының бiрыңғай жүйесi (бұдан әрi - Кадастрлардың бiрыңғай жүйесi) Қазақстан Республикасының табиғи және экономикалық әлеуетiнiң бiрыңғай жалпы мемлекеттiк кешендi есебiн жүргiзу мен бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттiк кадастрларының барлық түрлерiн бiрiктiретiн салааралық ақпараттық жүйе ретiнде құрылады және жүргiзiледi.

3 сұрақ Табиғи ресурстар кадастрлары: түсінігі және жалпы сиспаттама

Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының ізге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тіртiппен табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткiштерi туралы ақпараттың жүйелендiрiлген жиынтыєы болып табылады. Қоршаған ортаның құрамдас бөлiктерi: жер, су, орман, топырақ, жер қойнауы, өзара байланыста болатын жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерi болып табылады.

Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiн қоршаған ортаны қорєау саласындаєы уәкiлеттi орган табиғи ресурстардың жай-күйi мен оларды пайдалану есебi деректерiнiң негiзiнде табиғи ресурстардың тиiстi түрлерiнiң мониторингiн жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргiзедi.
Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары жүйесiнде географиялық байланысы мен ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiле отырып, әрбiр есепке алынған кадастрлық объектiге оның жай-күйi туралы цифрлы түрдегi құжаттамалық мәлiметтер қамтылады.
Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiн жүргiзудiң негiзгi принциптерi:
1)кадастрлық ақпаратты өңдеу мен ұсыну технологиясының бiртұтастығы;
2)автоматтандырылған ақпараттыќ технологияларды қолдану;
3) ақпаратты толықтыру мен жаңартудың объективтiлiгi болып табылады.

Әдебиет:

Негізгі:

1 Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Общ.ч.: Учебник.- Алматы: ТОО ИК-«НАS», - 2003, 328 с.

2 Кушумбаев А.А. Эклогическое право Республики Казахстан. Учебное пособие. Астана, 2001, 236 с.

3 Экологическое право РК. Учебное пособие. Под ред. Бекишева С.Д., Караганда. 2001, 9-10 с.

4 Экологическое право. Под ред. Боголюбов С.А., М.,1998, 9 с.

Нормативтік құқықтық актілер:

1 ҚР Экологиялық кодексі, 09.01.2007., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

2 ҚР Орман кодексі, 08.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

3 ҚР Жер кодексі, 20.06.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 24.07.2009.

4 ҚР Су кодексі, 9.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

5 ҚР Азаматтық кодексі, (Жалпы бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

6 ҚР Азаматтық кодексі, (Ерекше бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

7 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңы, 04.12.2002., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

8 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» ҚР Заңы, 09.07.2004., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 04.12.2008.

Бақылау сұрақтары:

1 Экологиялық мониторингтің түсінігі, мақсаты, құрылымы және функциялары

2 Қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік мониторингі

3 Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары: түсінігі және мазмұны

Тақырып:№ 8 Экологиялық құқық бұзушылық және ол үшін жауаптылық

Мақсат – Экологиялық құқық бұзушылық және ол үшін жауаптылық.тың ерекшелектерін студеттерге түсіндіру.

Жоспар:

1 Қоршаған ортаны қорғау жөнінен заңды жауапкершіліктің түсінігі мен мәні

2 Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктің түрлері

3 Экологиялық зиянның түсінігі мен түрлері. Оның орнын толтырудың тәсілдері мен принциптері

1 сұрақ Қоршаған ортаны қорғау жөнінен заңды жауапкершіліктің түсінігі мен мәні.

Экологиялық құқық бұзғандағы үшін заңды жауапкершілікке тарту түсінігінен мемлекеттің арнайы міндеттелген органдары мен экологиялық қылмыс жасаған тұлғаның (жеке, лауазымды немесе заңды) арасындағы байланысты түсінеміз. Экологиялық талаптардың жайсыз зардаптарының негізінде құқық бұзушы осындай заңды жауапкершілікке барады.

Заңды жауапкершілкті қолдануды іске асыру үшін экологиялық талаптарды орындауға мемлекет тарапынын жасалады. Экологиялық талаптарды орындауға көндірудің түрі заңды жауапкершілік қана емес, сонымен қатар, мемлекеттік сараптама, экологиялық бақылау және экономикалық шаралар (мысалы, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақылар жүргізу) да қолданылады.

Экологиялық құқықтық ең шағын бөлімшесі болып келетін жалпы құқықтық теорияға сәйкес құқықтық норма бір-бірімен байланысып жатқан үш бөлшектен тұрады: ғылыми болжам (гипотеза), диспозиция және санкция.

Санкция дегеніміз – мемлекеттік және басқа шаралар қолдануды белгілейтін құқықтық нормалардың элементі (бөлшегі). Осының негізінде, санкция экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапқа тартудың заңды шаралары болып табылады. Санкция болмаған жерде құқықтық норма болмайды. Санкцияның болмауы экологиялық талаптардың әрекетсіздігіне әкеп соғады.

Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік бірнеше негізгі функцияларды орындайды:

- қоршаған ортаның құқықтық нормасын сақтауға ынталандыру;

- табиғи ортадағы шығынның және адамның денсаулығына зиян келтірудің орнын толтыру, төлеу;

- жаңа құқық бұзушылықты болдырмас үшін ескерту жасау;

- экологиялық құқық бұзушылық үшін құқық бұзушыны жазалау.

Осы саладағы құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершілік жүктеледі.

2 сұрақ Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктің түрлері

Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз – табиғатты қорғау заңдылықтарын бұзатын және адам денсаулығы табиғи ортаға зиян келтіретін құқыққа қарама-қайшы іс-әрекет.

Экологиялық құқық бұзушының қоғамға келтіретін зиянның дәрежесіне байланысты теріс қылық және қылмыс болып бөлінеді. Біріншісі қылмысқа қарағанда қоғамға көп зиян келтіре қоймайды және ол тәртіптік, материалдық, әкімшілік, қылмыстық және азаматтық-құқықтық жауапкершілік пайда болады.

Тәртіптік жауапкершілікке қызмет пен өзінің тікелей міндеттерімен алмаған адам тартылады. Мысалы, құқық бұзушылық кәсіпорынның бас инженерінің лауазымдық нұсқаудың талаптарын орындамағаны үшін жауапқа тартудан тұрады.

Экологиялық тәртіптік теріс қылықтың субъективті жағына абайсыздық жатады. Құқық бұзушыға ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс жұмыстан шығару сияқты тәртіптік жаза қолданылады.

Тәртіптік жазаның қолдану тәртібі еңбек туралы заң белгіленген. Шара қолданған кезде жасаған қылықтарының дәрежесі, қызметтік мінездемесі және қызметкердің тәртібі ескеріледі.

Материалдық жауапкершілікті талдаған кезде, азаматтық заңдылықтарда қаралатын мүліктік жауапкершіліктен айыра білу керек. Экологиялық ғылымда, яғни табиғи ортаны қорғау саласында мүліктік жауапкершілк кей-кезде материалдық ретінде қарастырылады.

Материалдық жауапкершілік – құқық бұзушының кесірінен кәсіпорынға, ұйымға келтірген зияны үшін, белгілі – бір тәртіпке және белгілі – бір көлемде қызметкердің өтемақы төлеуі.

Материалдық жауапкершілік келтірген залалы үшін заңды жауапкершіліктің еркін түрі болып табылады. Сондықтан, қызметкер, материалдық жауапкершілікке тартыла отырып, тәртіптік және жауапкершіліктің басқа да түрлеріне тартылады.

Әкімшілік жауапкершілік мемлекеттің компонетті органдарының экологиялық қылмыс үшін әкімшілік шараларды қолдағанынан көрінеді. Бұл Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамалары арқылы реттеледі.

3 сұрақ Экологиялық зиянның түсінігі мен түрлері. Оның орнын толтырудың тәсілдері мен принциптері

Экологиялық құқықтық талаптарды бұзудың негізінде жасалған зиянкестік ортаның құқық доктринасында экологиялық экогендік зиян деп аталады.

Экологиялық зиян туралы сөз қозғалған кезде, заң шығарушы органдарда әр түрлі терминдер қолданылады. Мысалы, зиян, залан, шығын. «Қоршаған табиғи ортаны қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін шығынның орнын толтыру туралы жазылған». ҚР Қылмыстық кодексі адам денсаулығына және қоршаған ортаға шығын келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады.

Экологиялық шығын түсінігі деп қоршаған ортаға келтірілген қандай да болмасын зиянкестікті түсінеміз. Ол экологиялық құқықтың талаптарын бұзумен байланысып жатады.

Экологиялық шығынның құрамдас бөліктеріне залал, пайданы қолдан шығарып алу және рухани шығын жатады. Экологиялық залал қоршаған ортаның ластануынан, жойылуынан, табиғи ресурстарының азаюынан және экологиялық жүйелердің бұзулуынан көрінеді. Табиғаттың мұндай кері кету түрлерінен адам денсаулығы мен мүлкіне залал келуі мүмкін. Адам денсаулығына, заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне келтірілген залал әрқашан заңды талаптарды бұзумен байланысты емес. Олар табиғи апаттардың, жер сілкісінің, су тасқынының және т.б. негізінде де болуы мүмкін.

Сонымен қатар, экологиялық залалға басқа да құбылыстар жатады. Олар көбіне демографиялық жағынан байқалады. Мысалы, адам өмірінің қысқаруы, бала туудың азаюы.

Экологиялық шығын көбіне пайданы қолдан шығарып алумен байланысты, яғни табиғатты қолданушы адамның керекті мөлшерде кіріс ала-алмауы. Мысалы, фермер қоршаған орта ластанбаған жағдайда ауыл шаруашылық дақылдарынан көп пайда түсірер еді.

Табиғат адамның рухани қажеттіліктерін қамтамасыз еткендіктен, қаладағы жасыл алаңдарды заңсыз жою фактілер рухани залал келтірудің негізі болып табылады және олардың орны толтырылуы қажет.

Заң шығарушы органдарда экологиялық шығынның орнын толтыру тәртібі соттық және соттан тыс жағдайда қарастырылады. Осыған сай міндеттемелер соттың шешіміне байланысты орындалады. Шығынның орнын толтырудың соттан тыс тәртібі ерікті түрде өтемақы төлеу тәсілімен, экологиялық әкімшілік тәртіп тәсілімен іске асырылады.

Экологиялық шығынды өтеді әкімшілік тәртіптегі басқа түрлері ретінде уақытша жұмысқа жарамау, мүгедектікті ресімдеу қолданылуы мүмкін.

Экологиялық шығын келтірудің субъектілері ретінде азаматтар, қоғамдық ұйымдар кәсіпкер азаматтар, кәсіпорындар, мемлекеттік органдар болуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері және әрекетсіздіктің нәтижесінде азаматтарға және заңды тұлғаларға келтірілген шығынның орны толтырылуы қажет.

Әдебиет:

Негізгі:

1 Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Общ.ч.: Учебник.- Алматы: ТОО ИК-«НАS», - 2003, 328 с.

2 Кушумбаев А.А. Эклогическое право Республики Казахстан. Учебное пособие. Астана, 2001, 236 с.

3 Экологическое право РК. Учебное пособие. Под ред. Бекишева С.Д., Караганда. 2001, 9-10 с.

4 Экологическое право. Под ред. Боголюбов С.А., М.,1998, 9 с.

Нормативтік құқықтық актілер:

1 ҚР Экологиялық кодексі, 09.01.2007., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

2 ҚР Орман кодексі, 08.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

3 ҚР Жер кодексі, 20.06.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 24.07.2009.

4 ҚР Су кодексі, 9.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

5 ҚР Азаматтық кодексі, (Жалпы бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

6 ҚР Азаматтық кодексі, (Ерекше бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

7 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңы, 04.12.2002., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

8 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» ҚР Заңы, 09.07.2004., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 04.12.2008.

Бақылау сұрақтары:

1 Экологиялық қылмыстардың түсінігі және ерекшелектері

2 Экологиялық қылмыстардың түрлері және нысандары

3 Табиғатқа және қоршаған ортаға келтірілген зиянның өтеу ерешелектері

Тақырып: № 9 Жануарлар әлемін ұдайы өсеру, қорғау және пайдалану эколого – құқықтық режимі

Мақсат – Жануарлар әлемін ұдайы өсеру, қорғау және пайдалану

эколого – құқықтық режимінің мендеттерін түсіндіру.

Жоспар:

1 Жануарлар әлемі, құқықтық қорғау және қолданудың объектісі ретінде ҚР «Жануарлар әлемін қорғау туралы» заңы

2 Жануарлар әлемінен қолдану құқығы және қолданудың түрі мен мерзімі

3 Жануарлар әлемін қолдану және қорғау заңын бұзғаны үшін жауапкершілігі

1 сұрақ Жануарлар әлемі, құқықтық қорғау және қолданудың объектісі ретінде ҚР «Жануарлар әлемін қорғау туралы» заңы

Жануар әлемі Қазақстанның ұлттық байлығы, жердің биологиялық әр түрлілігі және табиғат ортаның негізгі элементі, биосфераның реттеуші және тұрақты компоненті Қазақстан халқының рухани және материалды қажеттіліктерді жүзеге асыру үшін қорғалатын және рационалды қолданылады.

Жануар әлемі үлкен мағында – жыртқыш фауна ғана емес, ол барлық тірі организмдері.

Жануар әлемінің қолдану және қорғаудың объектісі тек қана жыртқыш аңдар кіреді (құстар, балықтар, моллюскалар және т.б.). ҚР аумағында ьұрақты немесе уақытша еркін суда, құрғақта, атмосферада және топырақта өмір сүретін жануарлар.

Осы объектілерге ауылшаруашылықты және басқа да үй жануарлары, және де шаруашылық, мәдени, ғылыми, эстетикалық және басқа мақсаттарда пайдалынатын жыртқыш аңдар. Олар мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың меншігі ретінде азаматтық заңына сәйкес қолданылады және қорғалады.

Жануар әлемінің мемлекеттік кадастрінің объектісіне, тағы да сулар және ормандар кіреді.

Ежелгі заманнан бастап жануар әлемі тамақ өнімі, өндірістік және дәрі-дәрішектер ретінде қолданды.

Жануар әлемінің ерекшелігі – ол қайта құруы болып табылады. Бірақ ол үшін белгілі шарттарды орындау қажет. Осы шарттарды орындамаған жағдайда жануарлардың жойылуына әкеп соқтырады.

Жануар әлемі келесі категорияларға бөлінеді:

1. жойылуына жақын жануарлар түрлері;

2. аулау объектісіне кіретін жануарлар;

3. балық аулау объектісіне кіретін жануарлар;

4. шаруашылық мақсаттарда қолданылатын жануарлар түрлері;

5. шаруашылық мақсаттарда қолданылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени және т.б. байлықтары бар жануарлар түрлері;

6. халықтардың денсаулығын сақтау, шаруашылық және басқа да үй жануарлардың ауруларын қорғау және халық шаруашылығына келтіретін зиянды болдырмау мақсатында реттеу санына жататын жануарлар түрлерінің негізгі тағайындалуына сәйкес болады.

Жануарлар түрлерін категорияларға және бір категориядан ауыстырылуын ҚР Үкіметі және құзіреті бар жануар әлемімен басқара алатын арнайы мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Қоғамдық қатынастар ҚР «жануар әлемін қорғау, өндіру және қолдану туралы» Заңымен реттеледі (21.10.1993ж.).

ҚР заңшығарушының мақсаттары жануар әлемін қорғау, өндіру және қолдану облыстарында заңдылықты күшейту.

Қазақстан Ресупбликасында жануар әлемі тек мемлекеттік меншігінде болады.

Жануар әлемін қолдану және билік ету ҚР Үкіметі, өкілетті және атқарушы жергілікті органдар және арнайы құзіреті бар органдар жүзеге асырады.

ҚР азаматтардың және басқа да тұлғалардың құқықтары:

- жануар әлемінің сұрақтар шараларына қатысу;

- жануар әлемін қорғау, өндіру және қолдану;

- жануар әлемінің жағдайы туралы толық және шын ақпаратты алу;

- жануар әлемінің қорғау және өндіру жұмыстарын өткізуге, сонымен қатар осы сұрақтар бойынша қоғамдық сараптамаларға қатысу;

- заңмен белгіленген тәртіпте жануар әлемін қолдану.

ҚР азаматтар және басқа да тұлғалар міндетті:

- жануар әлемін қорғау;

- «жануар әлемін қорғау, өндіру және қолдану туралы» Заңымен және басқа актілермен қойылған талаптарды орындау;

- жануар әлемін қорғайтын, өндіретін және қолданылатын органдардың құқықтық талаптарын орындау, және оларға көмек беру;

- жануар әлеміне және өмір сүру ортаға келтірілген зиянды өтеу.

Жануар әлемін қорғау, өндіру және қолдану жолмен қамтамасыз етіледі:

- жануар әлемін қорғау, өндіру және қолдану нормалар мен ережелерін қою;

- жануар әлемімен пайдаға тиым салуды және шектеуді орналастыру;

- жануарлардың көшіп қонуын, көбейуі жағдайларын, өмір сүру ортаны қорғау және сақтау;

- жоюға жақын жануарларды қорғау және көбейту;

- өндіру процесстерін жүзеге асырылғанда жануарлар әлемін алдын алу;

- жануарларды зоологиялық жинақтамаларға алуын шектеу;

- ақпарат көпшілік құралдар арқылы жануар әлемін қорғау үгіті;

- азаматтарды жануар әлемін сүюге тәрбиелеу.

2 сұрақ Жануарлар әлемінен қолдану құқығы және қолданудың түрі мен мерзімі

Жануар әлемінің пайдаланушылары мемлекеттік, қоғамдық өндірістер, ұйымдар және азаматтар болуы мүмкін.

Жануар әлемін қорғау және пайдалану облыстарында мемлекеттік реттеудің функциялары:

- жануар әлемінің мемлекеттік кадастрін жүргізу, пайдалануы;

- жануар әлемінің мемлекеттік мониторингі;

- жануар әлемінің объектілерін қорғау, өндіру және пайдалану облыстарында мемлекеттік бақылау;

- жануар әлемінің қорғау және пайдалану салаларында шараларды жоспарлау;

- жануар әлемін пайдалану барысында дауларды шешу.

Жануар әлемін қорғау және дұрыс пайдалану үшін жануарлардың мемлекеттік есебі, жануар әлемінің мемлекеттік кадастрі жүргізіледі. Мемлекеттік кадастрі жануарлар әлем объектілерінің географиялық таратылуының жиынтығын құрайды. Жануар әлемінің кадастрі өзінің құрамына жануарлардың мемлекеттік есептің мәліметтерін саналы және сапалы көрсеткіштерін енгізеді. Есеп бүкіл ҚР жүргізіледі.

Кадастрда және есепте туратын жануарлар:

- аңшылық объектісі ретінде жануарлар;

- омыртқасыз сулы кәсіпшілік балықтар;

- жәндіктер - өсімдіктерге және органға зиян келтіретін, сонымен шаруашылық мәдени және орманға пайдалы;

- ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлар.

Жануар әлемін қорғау және дұрыс пайдалану үшін жануарлардың мемлекеттік есебі және жануар әлемінің мемлекеттік кадастрі жүргізіледі.

Жануарлардың мемлекеттік есебі және оларды пайдалану, сонымен жануар әлемінің мемлекеттік кадастрінің жануар әлемінің қорғау және дұрыс пайдаланудың шараларды нақты жоспарлау.

Жануар әлемінің объектісінің мемлекеттік мониторингі – жануар әлемінің объектісінің физикалық жағдайы, таратылудың жүйесі.

Жануар әлемінің мемлекеттік мониторингінің тәртібі ҚР Үкіметімен жүргізіледі.

Мемлекеттік бақылау жануар әлемі қорғау, өндіру және пайдалану белгілі ҚР мемлекеттік атқарушы органдармен, арнайы құзіреті бар органдар.

Жануар әлемінің объектілерін қорғау, өндіру және пайдалану мемлекеттік бақылаудан басқа азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың бақылауды жүргізіледі.

Жануар әлемі объектілерін пайдалану олардың құзіретімен, сандылығымен, шаруашылық, ғылыми және эстетикалық әсеріне сәйкес болады.

Жануар әлемін пайдалану үшін төлемдер алынады.

Жануар әлемін пайдалану үшін қорға баратын ставкалар және төлемдер ҚР Салық кодексіне сәйкес жүргізіледі.

Жануарлар әлемін пайдалану үшін лимит және квоталар биологиялық негіздермен өндіру және жануар әлемін пайдалануына сәйкес бекітіледі.

Жануар әлемі тұрақты және уақытша қолдануда болады.

Тұрақты пайдалану алдын-ала бекітілмеген мерзімі.

Жануар әлемін пайдаланудың уақытша қолдану белгілі шартпен нұсқауланады.

Жануар әлемін жалпы табиғи пайдалану үшін рұқсат керек екмес.

Жануар әлемін арнаулы табиғи пайдалану үшін белгелі шарт және белгісі рұқсат арқылы жүзеге асырады.

Жануар әлемін пайдалану шартында:

- экологиялық талап ету;

- жануар әлемін пайдалану төлеу мөлшері;

- жануар әлемін қорғау шарттары;

- жануар әлемінен пайдаланушыға льготалар;

- шарттарда көзделген талаптарды және шарттарды бұзғаны үшін жауапкершілік;

- шарт мерзімі;

- ҚР заңнамаға кедергі етпейтін басқа да талаптар.

3 сұрақ Жануарлар әлемін қолдану және қорғау заңын бұзғаны үшін жауапкершілігі

Лауазымды тұлғалар. ҚР азаматтары және басқа да тұлғалар ҚР заңына сәйкес тәртіптік, азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілігі бар:

- жанаур әлемін пайдалану белгілі рұқсаттың және шарттың болмауы, аңшылық және шаруашылығының бұзылуы, балық аулау және басқа да суда жүзетін жануарларды аулау құқығы;

- өмір сүру ортаны қорғаудың, кобеюу шарттарын, көшу-қону жолдарының және жануарлардың концентрация жерлерінің ережелерін бұзу;

- адамдардың денсаулығын қорғау мақсатында жануарлардың санын реттеудің тәртібін бұзу;

- басқа да құқық бұзушылықтар.

ҚР заңнамамен басқа да бұзушылықтарға жауаптылық орнатысады.

Жануар әлемін қорғау туралы дауларды заңмен бекітілген тәртіппен сот арқылы шешіледі.

ҚР азаматтарды және басқа да тұлғалар, кәсіптер, ұйымдар заңды бұзғаны үшін шығындарды өтеуге міндетті. Лауазымды және басқа қызметкерлер белгілі тәртіп бойынша материалды жауаптылыққа ие болады.

Жануар әлемімен заңсыз пайдалану ҚР заңымен бекітілгендей алуға тура келеді.

Барлық мәмілелер, заңдарды және ҚР нормативтік актілерін бұзғаны үшін жазаланады.

Әдебиет:

Негізгі:

1 Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Общ.ч.: Учебник.- Алматы: ТОО ИК-«НАS», - 2003, 328 с.

2 Кушумбаев А.А. Эклогическое право Республики Казахстан. Учебное пособие. Астана, 2001, 236 с.

3 Экологическое право РК. Учебное пособие. Под ред. Бекишева С.Д., Караганда. 2001, 9-10 с.

4 Экологическое право. Под ред. Боголюбов С.А., М.,1998, 9 с.

Нормативтік құқықтық актілер:

1 ҚР Экологиялық кодексі, 09.01.2007., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

2 ҚР Орман кодексі, 08.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

3 ҚР Жер кодексі, 20.06.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 24.07.2009.

4 ҚР Су кодексі, 9.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

5 ҚР Азаматтық кодексі, (Жалпы бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

6 ҚР Азаматтық кодексі, (Ерекше бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

7 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңы, 04.12.2002., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

8 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» ҚР Заңы, 09.07.2004., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 04.12.2008.

Бақылау сұрақтары:

1 Жануарлар әлемі эколого – құқықтық режимінің объектісі ретінде

2 Жануарлар әлемін қолдану құқығы және оның түрлері

3 Жануарлар әлемін құқықтық қорғау

Тақырып: № 10 Пайдалы қазбаларды пайдаланушылардан алынатын салық.Шығыс шикі мұнайға ренттік салық

Мақсат – Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының және объектілерінің эколого–құқықтық режимінің тәртібін түсіндіру.

Жоспар:

1 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері

2 Сауықтыру мақсатындағы жер

1 сұрақ Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері

Ерекше қорғауды қамтамасыз ету үшін осы аймақтар шегінде мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау мен молайтуға кері әсерін тигізетін кез келген қызметке тыйым салынып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет және қорғау аймақтары белгіленуі мүмкін.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтарының шекарасы мен оларды пайдалану режимін жергілікті өкілді және атқарушы органдар белгілейді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтарының жері сол жерде арнаулы белгілермен көрсетіледі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтары шегіндегі жер учаскелері осы аймақтарды қорғаудың белгіленген режимін сақтай отырып пайдаланылады және ҚР Экологиялық кодексте белгіленген шарттарға сәйкес мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қойылуы (сатып алынуы) мүмкін.

Жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызу және оны резервте қалдыру.

Жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызу және жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін резервте қалдыру Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

2 сұрақ Сауықтыру мақсатындағы жер

Сауықтыру мақсатындағы жерге табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеуді ұйымдастыру үшін қолайлы жер учаскелері жатады.

Адам ауруының алдын алу мен емдеуді ұйымдастыру үшін қолайлы санитарлық және экологиялық жағдайларды сақтау мақсатында сауықтыру мақсатындағы аумақтар жерінде Қазақст


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: