Шахан ата

Шахан ата қазіргі Жамбыл облысы Жаңатас, Қаратау, Байқадам аталған төңіректе мекен еткен, ұлы жүздің ішіндегі Ысты тармағының Тілік атасынан шыққан кісі болған. Бұдан 200-300 жылдай бұрын Жоңғар-қалмақтардың шапқыншылығы өршіп тұрған бір кездері Сыр бойына қарай ығуға мәжбүр болған ру-тайпалар қатарында келген болса керек. Жаугершілік кезінде қорғаныс ұрыс салған қазақ қолдарының батырларының бірі болғанға ұқсайды. Ұрыс майданында шейіт болып, топырақ осы Түркістанда, ескі Шауғар қаласы, қазіргі Шойтөбе аталатын жерден тиген. Бүгінде жамбасы жерге тиген жер деп, ескі Шауғар қаласының үйіндісі Шойтөбенің оңтүстік күнбатыс тұсында 3-4 шақырым жердегі 33-разъезд аталатын темір жол бойындағы жер танылып отыр.

Шахан ата өзі батыр әрі көріпкел болған. Қазірдің өзінде басына зиярат ете келіп, түнеген базбір кісілерге бес қаруы сай, сауыт киген қалпында көрініс береді екен. Ел аузындағы әңгімеге сенер болсақ, ниет етіп келген, бойында құбылысы бар кісілердің үшінші көзі ашылатын көрінеді. Ескі замандарда қорым болған жер деп көне көз қариялар мал бастырмауға тырысатын сол тұсқа кейінгі ұрпақтары жуырда сағана көтерген.

Жазылған тарихы болмағандықтан, әрі ұрпақтарына аталарының жатқан жері бұған дейін мәлім болмауынан ескерусіз келген. Шахан атаның кіндігінен тарайтын, жетінші-сегізінші ұрпағы болып келетін бір қыз баланың бойынан ерек қасиеттер байқалып, туыс-бауырлары оны қаратып, жолын ашып беруге әрекеттеніп жүргенде, сол қыз балаға атасы және жатқан жері аян болған екен. Алғашқы белгі берген аянда Гауһар ана мен Арыстан бабтың араларында жатырмын деген. Іздестіре келгенде Темір жолдың жағасындағы қалың бір топ шеңгелдің арасынан табылған.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: