Онкология кафедрасы.
ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН АЛГОРИТМ
1 этап: Сүт безінің пальпациясы.
| № | Дағдыны бағалау критериі | Балл бойынша бағалау | ||
| орында-ған жоқ | ескерту-мен орындады | барлығын дұрыс орындады | ||
| 1. | Қолды жуады. Аурудың алдында тұрады. Аурудың жағдайы – тұр, қолдарын бел бойында орналастыруды сұрау. | 0,5 | ||
| 2. | Сүт безін алдынғы және бүйірі жағынан визуальді қарау. | 0,5 | ||
| 3. | Сүт безінің симметриялығын,формасын, көлемін, ісінуін бағалау. Сүт безінің ұшының жағдайын сипаттайды. | 0,5 | ||
| 4. | Оң қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен оң жақ содан кейін сол жақ сүт безінің ұшын басады. Сүт безінен бөлінген бөліністерді сипаттайды. | 0,5 | ||
| 5. | Оң қолдың саусақтарының жастығымен сүт безінің ортаңғы бөлігінен бастап периферияға қарай сүт безін сипап сезеді. | 0,5 | ||
| 6. | Сүт безінің консистенциясын, ауырсынуын және түйін барын сипаттайды. | 0,5 | ||
| 7. | Оң қолды науқастың оң иығына қойып сол қолдың саусақтарының жастығымен қолтықасты аймақтық лимфа түйіндерін сипап сезеді. Осы сияқты қарама қарсы қолтықасты аймақтық лимфа түйіндерін сипап сезеді. | 0,5 | ||
| 8. | Бұғана асты және үсті аймақтық лимфа түйіндерін сипап сезеді. | 0,5 | ||
| 9. | Сүт безін горизонтальді жағдайда сипап сезеді. Саусақтарының жастығымен оң жақ, сол жақ сүт безін сипап сезеді. | 0,5 | ||
| 10. | Сүт безінің консистенциясын, ауырсынуын, түйіннің барын сипаттайды. | 0,5 | ||
| Барлық балл |
Станция рейтингі
Өте жақсы» 9,0 – 10,0 баллов (90 - 100%)
«Жақсы» 7,5 – 8,5 балла (75- 85%)
«Қанағаттанарлық» 5,0 – 7,0 балла (50- 70%)
«Қанағаттанарлықсыз» 4,5 баллдан төмен (0 - 45%)
Емтихан алушының қолы________________ Күні___________
Онкология кафедрасының отырысында Кафедра меңгеушісі
бекітілді №1 хаттама 03.09. 2013 жылы м.ғ.д., профессор А.Қ. Макишев
Онкология кафедрасының отырысында Кафедра меңгеушісі
бекітілді №1 хаттама 22.09. 2014 жылы м.ғ.д., профессор А.Қ. Макишев
«Астана Медициналық Университеті» АҚ
Онкология кафедрасы.
ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН АЛГОРИТМ
2 этап: Жатыр мойыншасын цитологиялық зерттеу
| № | Дағдыны бағалау критериі | Балл бойынша бағалау | ||
| орында-ған жоқ | ескертумен орындады | барлығын дұрыс орындады | ||
| 1. | Қолды жуады. Стерильді қолғапты киеді. Жұмыс орнын дайындап қояды: қынаптық айнаны, көтергішті, Эйр шпателін, заттық шыныны, цитологиялық зерттеуге жолдама. | 0,5 | ||
| 2. | Сол қолдың бас бармағымен және сұқ саусағымен кіші және үлкен жыныстық жапсарды ашады. | 0,5 | ||
| 3. | Қынаптық айнаны оң қолмен алып қынапқа баяу кіргізеді. Одан кейін қынаптық айнаны сол қолмен ұстаймыз. Оң қолмен көтергішті алып қынапқа баяу байқап кіргіземіз. Айналарды жатыр мойыншасы көрінетін етіп орналастырамыз. | 0,5 | ||
| 4. | Жатыр мойыншасының формасын және кілегей қабатының, сыртқы аңқаның жағдайын сипаттайды. | 0,5 | ||
| 5. | Көтергішті көмекшіге ұстауды сұраймыз. | 0,5 | ||
| 6. | Эйр шпателімен цервикальді каналдан, жатыр мойыншасының қынаптық бөлігінен айналмалы қимыл жасап жұғынды аламыз (360 0). | 0,5 | ||
| 7. | Көмекшіге айнаны ұстауды сұраймыз. | 0,5 | ||
| 8. | Алынған материалды заттық шыныға жұқалатып тегіс қабатпен жағамыз (шпательдің екі жағында жағамыз). Кір инструментті - Эйр шпателін шылапшынға утилизацияға тастаймыз. | 0,5 | ||
| 9. | Қынаптан көтергішті, одан кейін қынаптық айнаны байқап шығарып аламыз. Кір инструменттерді тазартуға шылапшынға тастаймыз. Қолғапты шылапшынға утилизацияға тастаймыз. | 0,5 | ||
| 10. | Бағыттаманы толтырамыз, онда көрсететініміз: 1) цитологиялық лаборатория; 2) Ә.Ө.А. аурудың; 3) жасы; 4) жіберетін материал (цервикальді каналдан жұғынды); 5) диагноз; 6) зерттеу күні. | 0,5 | ||
| Барлық балл |






