Фронтиспис дегеніміз не?

Кітап элементтері ата.

Кітап блогының сыртқы элементтеріне: кітап түбі, форзацы, капталы, түптеу материалы, кейбір арнайы кітаптарда ленточка болады. Ал блоктың ішкі элементіне кітап беттері, жапсырмалар (вклейка, вкладка, приклейка және накидкалар) жатады.

Авантитул дегеніміз не?

Колонтитул дегеніміз не?

Шмуцтитул дегеніміз не?

Фронтиспис дегеніміз не?

Штрихтік түпнұсқа дегеніміз не?

Штрихты түпнұсқаларға кескіндері сызықтармен (штрих), берілетін түрлі –түсті суреттер бірдей түсті болып келетін (мысалы чертеждер, қаламұшпен салынған суреттер т.т.) түпнұсқалар жатады.

Растрлық түпнұсқа дегеніміз не?

Реңді (тоновые) – кескіндерінің элементтері бірдей ақтан қоңырға қарай біртіндеп ауысып (фотография, акварель, бояу қарындашпен салған сурет т.т.) отыратын түпнұсқалар.

Түпнұсқа– макет дегенімз не?

Түпнұсқа макеті- бұл әрбір беті болашақ басылымның әр бетіне сәйкес келетін баспалық табақ.

Авторлық түпнұсқс дегеніміз не?

авторлық түпнұсқа – автордың дайындап баспаға өткізген нұсқасы

Негізгі басылым түрлерін атаңыз?

Ойыңқы басылым Шығыңқы басылым Жазық басылым

Ойыңқы басылымға анықтама беріңіз оның ерекшеліктерін атаңыз?

Ойыңқы басылым -оймаланған мыс пластинасынан алғашқы рет болат таңбалар жасалған заманда XV ғасыр басында негізделген көне басылым әдісі болып табылады.

Ойыңқы басылымның ерекшіліктері, яғни қалыптың басылатын (1) (бояуды қабылдап баспа-таңба беретін) элементтері төменгі әртүрлі деңгейде орналасқан, ал баспа-таңба бермейтін (2) элементтері бір жазықтықтың бойында жатады немесе қалыпты цилиндрдің бетінде орналасқан.

Шығыңқы басылымға анықтама бер және ерекшеліктерін ата?

Шығыңқы басылымның ерекшіліктері, яғни қалыптың басылатын (1) (бояуды қабылдап баспа-таңба беретін) элементтері жоғары, бір жазықтықтың бойында орналасқан, ал баспа-таңба бермейтін (2) (бояуды қабылдамайтын) элементтері өздерінің аумақтарына сәйкес (әртүрлі көлемде ойынқы) төмен орналасқан.

Жазық офсетті басылымның ерекшеліктері және қолдануы.

Жазық басылымның ерекшеліктері, яғни қалыптарда басылатын (1) және ашық (2) элементтері іс жүзінде бір жазықтықтың бетінде орналасып, өңдеудің нәтижесінде олар әртүрлі: бірінші - олеофильді (майлы бояуды қабылдау), екіншісі - гидрофильді (су немесе ертіндіні қабылдау) сияқты физика-химиялық қасиеттеріне ие болды.

Қазіргі заман талабыны қарай басылымдардың таралымының азаюына байланысты және офсеттік басу жабдықтарының микропроцессорлық бақылау және реттеу жүйелерімен жабдықталуы және сапасы жоғары, көп бояулы, әр түрлі басу өнімдеріне сұраныс көбеюіне байланысты офсеттік басу әдісі әрі қарай даму үстінде.

Полиграфиялық - баспа өлшем бірліктер

Атауы Шамасы (пунктпен) Дидо жүйесі (мм) Ағылшын-американ жүйесі (мм)
Нонпарель   2,25 2,11
Петит   3,00 2,82
Корпус   3,76 3,52
Цицеро   4,50 4,2
Квадрат   18,043 16,944

Табақ және рулондық қағаздың негізгі пішімдерін атаңдар.

Басылымның пішімін былайша жазады — 84х108/8, 60х90/16 т.т., мұнда бірінші сан қағаз парағының енін, екіншісі – ұзындығын білдіреді. Сөйтіп, 84х108/8 немесе 26.5х41см. жазуымен бір нәрсені, атап айтқанда, көлемі 84х108 қағаз парағы блокты кескеннен кейін көлемі 26,5х41см-лік қағаз парағын сегіз беттен тұратындығын білдіреді.

Қағаз пішімі — парақтың стандарттық мөлшері әруақытта см арқылы парақтық қағаз үшін — парақтық енін оның ұзындығына көбейту түрінде (мыс. 60х90см.), ал рулондық қағаз үшін — 1 ғана сан – рулонның ені (мыс, 84см) көрсетіледі. Баспа үшін қағаздардың пішімдері стандартпен реттестіріледі: ол кітапты-журналдық басылымдар үшін парақтық қағаздарды: 60х84, 60х90, 70х90, 70х100, 70х108, 75х90, 84х108см және қағаз рулондарының ені: 60, 70, 84, 90, 108, 120 см етіп шығарылады.

Авторлық, есептік және шартты баспа табақтардың анықтамаларын беріңдер

Авторлық баспа табақ — басылған өнімге, яғни теру кезінде 40 000 белгі (әріптер, тыныс белгілер, сандар және сөз аралық бос орындар т.с.с), 700 өлең жолдары немесе 3000см2 көркемсурет, бейне, графика және диаграммаға тең. Сонымен қатар, авторлық баспа табақ автордың, рецензеттердің, осы қолжазбаның ғылыми және әдеби редакторларының еңбегін өлшеу бірлігі болып табылады

Есептік баспа табақ (физический печатный лист)— кез-келген пішімдегі баспа табақ қағаз, тек ғана бір жақ бетінен басылған, егер екі бетінен бірдей басылған болса, ол екі баспа табақ қағаз болып есептелінеді.

Шартты баспа табақ (условный печатный лист) — полиграфиялық кәсіпорындарының шығаратын өнімдерін есептеуге арналған бірлік. Бұның негізіне пішімі 60x90см өлшемді баспа табақ қағазы алынады. Осы пішімдегі қағаздың аударым коэффициенті - бірге тең.

Жол терім жолақтардың өлшемдерін СИ жүйесінен баспаханалық жүйеге айуыстыру амалын айтыңыз. Баспалар мен баспаханаларда орындалатын жұмыстардың мөлшерін есептеу үшін мынандай өлшем жүйесі (СИ) пайдаланады. Ол метрлік және баспаханалық (типометрия) болып екіге бөлінеді. Метрлік жүйе сызықтық (терім цехтарында) өлшемдердің бірлігіне сантиметр (см) мен миллиметр (мм) қызмет етсе, баспаханалық жүйеде арнайы 1737 жылы Фурье ұсынған, кейінірек Париж баспагері Фирмен Дидо (Didot) одан әрі жетілген жүйе бірліктері - француздың дюйм деген сөзінен туындаған пунктер (п) мен квадраттарды (кв) қолданды. Оның негізінде баспаханалық пункт (0,376мм) немесе француз дюймі 1/72 (27,06мм) бөлігін кұрайды, ал 1 квадрат - 48 пунктке (18,04мм) тең.

Басылым өнімін өндіруде дәстүрлі басуға дейінгі процесстерді ата.

Басылым өнімін өндіруде дәстүрлі басуға дейінгі процесстер үш кезеңді қамтиды және үш бөлімге бөлінеді:

1. Мәтінді теру, яғни мәтіннің форматтап дярлау.

2. Көп бояулы басылым үшін түс бөлу суретқалыбын даярлау графикалық түпнұсқалармен бейнелерді ұдайы өндіру.

3. Басу форманы даярлау және монтаждау, яғни полосаға және басылым параққа мәтінді, бейнені, графикалық бөлшектерді бір тұтасқып жинақтау, содан кейін басу машинаға, ақпарат тасушы форма дайындау.

Басылымның форматын таңдағанда қандай жайттар ескеріледі?

Басылымның форматын таңдағанда, ең алғашқы рет оқырманның квалификациясына және басылым типіне қарайды. Типі дегенде форматты таңдағанда келесі жайттар ескеріледі:

— жолдың ыңғайлы оқылуы;

— басылым полосасының және шеттерінің өлшемдері;

— басылымның полиграфиялық және баспаханалық типі мен түрі;

—мәтінінің мінездемесі,теңдеулердің, бейнелердің және кестенің өлшемдері мен мінездемесі;

— басылымды пайдалану және оны сақтау ерекшеліктері;

— басылымның таралымы және көлемі.

Кітап пен журналды рәсімдеуде қандай түрлер қарастырылған?

Кітапты рәсімдеудің үш түрі және журналды рәсімдеудің екі түрі қарастырылған.

Бірінші түрі — терілім жолағының жиектері аз –тиімдірек түрі. Оған жататындар: көп уақытқа пайдаланбайтын көлемі аз, массалы кітапшалар, анықтамалық басылымдар, бюллетендер, кейбір журналдар.

Екінші түрі — жиегі қалыпты жолақты басылымдар, оған жататындар ғылыми-бұқаралық, ғылыми-өндірістік шығармалар, оқулықтар, әдеби-көркем басылымдар.

Үшінші түрі — терілім жолағының жиектері аз басылымдар, оған жататындар: монографиялар, ерекше бейнеленген басылым, өнер туралы әдебиет, балалар әдебиеті және тағыда басқа көп уақытқа қолданысқа ие шығармалар

Бүгінгі күнде баспаханаларда терілім жұмысы қанадай түрлерде дайындалады?

Баспаханада жұмыс істеу үшін басты құжат болып есептелінетін, түпнұсқамен тапсырылатын спецификация. Онда рәсімдеудің барлық көрсеткіштері жазылады. Бүгінгі күнде, көптеген баспаханалар терілімді өздері жасайды немесе түпнұсқалар терілген күйде баспахана спецификациясымен дискеталарға, zip-дискеталарға, лазерлі дискеталарға жазылып тапсырылып жатады. Электронды түрде терілген мәтін ешбір грамматикалық және стилистік қатесіз терілуі керек.

Лазерлі принтердің басуға дейінгі үрдісте қолдануы және оның мүмкіндіктерін атаңыз.

Пішімделіп қойылған жолдарды қабылдау мүмкіндігі 600 немес 1200 нүкте дюймдегі түпнұсқа макетін шығару үшін лазерлі принтерін пайдалынады.

Заманүй бағдарламаларда келесі жайттарды енгізуге мүкіндік береді:

— реңдердің градациясын реттейді;

— басып шығарудың өсімталдылығын жорарлатады;

— көшірме санын жазуға;

— кесі таңбаларын шағаруға;

— жеке түстерді бөлек шығаруға;

— беттерді кері және оң ретімен шығаруға;

— масштабын өзгертуге;

— кері бейнесін шығаруға;

— жолдардың орналасу ретін қамту;

— жеке фрагменттердің шығуын тоқтата тұру және т.б.

Computer-to-Film,Computer-to-Plate, Computer-to-Press жұмыс потоктарының жұмыстарын айтып беріңіз.

Бейнелерді шығару үшін келесі үш жұмыс потогін қолданады.

Computer-to-Film фототерілім көмегімен фотоформаны шығарады (Quasar —A3 форматында +, Herkules Basic, Herkules Elite — А2 форматында, Signasetter Pro —А1 форматында).

Computer-to-Plate Trendsetter (Heidel­berg Prepress қосылып шығарғандар жүйесі және канадалық фирма Сгео) сәуле әсерін тигізу көмегімен офсетті басу пластинасына шығару.

К Computer-to-Press офсетті басу пластинасына басу машинасының өзінде шығару (Quickmaster DI46-4, Speedmaster DI74).

Сканер дегеніміз не және оның түрлерін атаңыз?

Сканерлеу – дегеніміз берілген бір траекториядағы мәтін немесе суреттің әрбір элементін санға айналдырып жазу (көшіру). Басылымды басуға дайындау барысында, штрихты және растрлы мәтін – бейне суреттерін санға айналдырып компьютерге енгізу. Сканердің мүмкіншіліктері мен сапалы жұмысы болашақ басылымдағы суреттердің сапасына көп әсер етеді.

Сканерлер – қол сканері, планшетті сканер, барабанды сканер, проекциялық сканерлер (слайд – сканерлер) болып бөлінеді. Проекциялық сканерлердің слайд сканерлер деп аталу себебі, олар тек слайдтармен жұмыс істеуге арналған. Қол сканерлерін сапасы төмен болғандықтан КБЖ – де қолданбайды.

Қарапайым модельді сканерлер дегеніміз не? Қарапайым модельді сканерлерді – ақ – қара және түрлі – түсті, арзан басылымдарды дайындауда қолданады. Мөлдір және мөлдір емес түпнұсқаларда жұмыс істейді. Орташа класты сканерлерде сапалы диапозитивтерді, түрлі – түсті негативтерді және кез– келген мөлдір емес негіздегі түпнұсқалардан жұмыс істей береді.

Планшетті сканерлер дегеніміз не, оның мүмкіндіктерін айтыңыз? Планшетті сканерлер мүмкіншіліктеріне қарай үш топқа бөлінеді. Олар: қарапайым, орташа және жоғары класты сапалы сканерлер.

Қарапайым модельді сканерлерді – ақ – қара және түрлі – түсті, арзан басылымдарды дайындауда қолданады. Мөлдір және мөлдір емес түпнұсқаларда жұмыс істейді. Орташа класты сканерлерде сапалы диапозитивтерді, түрлі – түсті негативтерді және кез– келген мөлдір емес негіздегі түпнұсқалардан жұмыс істей береді.

Жоғары планшетті сканерлерге - техникалық мүмкіншіліктері барабанды сканерлерге сәйкес келетін құрылғылар жатады. Бұл сканерлер қысқа мерзімде, көлемі үлкен сапалы өнімдерді дайындауға арналған. Осы сканерлердің мүмкіншіліктерін арттыруға арналған автоматты түрде сканерлейтін қосымша аппараттар бар. Осы приставканың көмегі бірден бірнеше слайд немесе түпнұсқаларды сканерлеп, жұмыс өнімділігін арттыруға болады.

Планшетті сканерлердің ең басты артықшылығына, қатты түпнұсқалармен жұмыс істей беру мүмкіншілігі жатады.

Барабанды сканерге анықтама беріңіз және оның мүмкіндіктерін атаңыз.

Барабандық сканерлер — жарықсезгіштігі тұрғысынан планшетті құрылғыларды едәуір басып озады, фотосуреттердің көшірмелерін алуда қажет ететін полиграфияда ғана қолданылады. Барабанды сканерлерде түпнұсқалар барабан деп аталатын мөлдір цилиндрдің сырт және ішкі жақтарына (модельге байланысты) орналастырылады. Барабан неғұрлым үлкен болған сайын, оның сыртқы бетінің аумағы соғұрлым кең, оларға түпнұсқалар орналастырылады да, сканерлеу аумағы да арта түседі. Түпнұсқа орналастырып болғаннан соң, барабан қозғалады. Ол бір айналғанда пиксельдердің бір сызығы есептелінеді. Слайд аркылы өтетін немесе мөлдір емес түпнұсқадан шағылысқан жіңішке жарық сәулесі (қуатты лазерден пайда болатын) айналар жүйесінің көмегімен ФЭУ-ке (фотоэлектрондық көбейткішке) түсіп, онда санға айналдырылады. Бейнелерді өңдеу белгілі бағдарламаның нұсқаулары мен аспаптарының көмегімен іске асырылады. Бейнелерді басуға даярларда мониторды, принтерді және сканерді өлшем жүйесінің реттеуінің маңызы зор. «Калибрлеу» терминінің мағынасы кез-келген кұрылғының жеке элементтерін синхронизациялау мен өзара үйлестіруге келіп тіреледі.

Аддитивтік және субтрактивті синтезтер дегеніміз не, оның басуға дейінгі үрдістегі қажеттілігін ата.

Түстерді алудың (синтездеудің) екі әдісі бар: субтрактивтік және аддитивтік.

• Субтрактивтік синтез боялған мөлдір қабаттарды салғанда іске асады. Ол боялған қабаттар жұтатын монохроматиялық сәулелерден түсіп тұрған жарық сәулесінен «оқуға» негізделген негізгі түбірі: сары, қызыл қошқыл және көк.

• Аддитивтік синтез - сәулелердің әр түрлі түстерін араластырудан алынады. Бұл синтездің негізгі сәулелері: қызыл, жасыл және көк.

Корректрлардың түрлерін атап, олардың әр қайсысына анықтама беріңіз.

Корректуралық процесс - терілген терімнен алынған баспа-таңбаларды түпнұсқамен салыстырып, әртүрлі жағдайда жіберілген дәлсіздіктер мен кемшіліктерді түзетіп, толықтырып, оқуға ыңғайландырып және үйлестіріп ретке келтіру.

Полиграфия кәсіпорындары мен баспаларды атқарылатын жұмыстарға байланысты, корректура екі топқа бөлінеді: баспаханалық және баспалық корректура.

Баспаханалық корректура – кәсіпорындарында теріліп алынған алғашқы баспа-таңба. Оны баспахананың корректоры оқып, орфографиялық, пунктуациялық, ғылыми басылымдардағы терминдерді үйлестіре отырып, нақты айтқанда, ол - тілдік, сөздік, емілелік, тыныс белгілік қағидаларды қолдану жиынтығы.

Баспалық корректура - баспаханада теріліп баспаға тексеруге жіберілетін баспа-таңба (көшірме). Бұл көшірме авторға, жетекші редакторға және корректорға жіберіледі. Автор келген корректураның көшірмесін оқып, қателерін түзетіп, оқығанын растап, әр бетіне қолын қоюға тиісті. Егер мәтінге өзгерістер, толықтырулар жасағысы келсе, баспаның басшыларымен келісуі қажет.

Корретуралық процестерде пайдаланатын негізгі терминдерге тоқталып, анықтама беруді дұрыс көрдік.

Корректура - басылып жатқан кітап, газеттің қателерін, түпнұсқамен салыстырып жіберілген қателерді түзету процесі.

Корректуралық баспа-таңба (оттиск) - терілген терімнің көшірмесі. Мұндай көшірме корректордың оқуына беріледі, жіберілген қателерге түзетулер енгізіледі.

Автоматтандырылған жұмыс орны дегеніміз не және оның маңызын түсінідіріңіз.

Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) — аппараттық бағдарламалық, ақпараттық, әдістемелік және ұйымдастырушылық құралдар кешені. Оған, міндетті түрде, енгізілуші ақпаратты бейнелейтін бейнетерминалдық кұрылғысы және принтер түріндегі шығарушы құрылғысы бар жеке компьютері енеді. Бұған аталған бейнелерді өңдеуге арналған құралдардан басқа, сканер де енуі тиіс.

Атқаратын қызметіне байланысты, АЖО құрылғылары енгізу құрылғыларына (клавиатура, сканер, дисководтар, желі), ақпаратты сақтау кұрылғыларына (қатты, икемді және оптикалық дискілер, өңдеу құрылғыларына (микропроцессор), шығару құрылғыларына (монитор, принтер, дисководтар) бөлінеді.

АЖО жұмыс істеуі үшін бағдарламалық қамтамасыз ету (Soft Ware) кешені қажет. Атқаратын қызметіне қарай, АЖО жүйесі бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдыкталуы тиіс. Теру бейнелерді өңдеу және беттеу үшін, тиісті мәтіндік редакторлар, графикалық бағдарламалар және беттеу жүйелері керек.

Атқаратын қызметтеріне байланысты АЖО техникалық құралдарына қойылатын негізгі талаптар - олардың қуаты, сиымдылық көлемі (память), жүйелердің тез жұмыс істеуі, монитор, принтер мен сканердің сипаттамалары.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: