Тестік тапсырмалар

Тесттік тапсырмалар (30),

Ситуациялық есептер (5).

Тәжірибелік сабақтың жоспары және ұйымдастыру құрылымы

Сабақ кезеңі Сабақты өткізу құралдары хронометраж
  Ұйымдастыру бөлімі және сабақтың тақырыбы мен өткізу жоспарымен таныстыру, студенттердің сабаққа қатысуын бақылау. Тесттік тапсырмалар көмегімен сабақтың тақырыбы бойынша теориялық білімін бағалау. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары, оқу журналы, тестілік тапсырмалар 8.00-8.50
  Үзіліс   8.50-9.00
  Ауызша сұрау көмегімен сабақтың тақырыбы бойынша теориялық білімін бағалау. Аз топта жұмыс Оқу журналы, тақырып бойынша әдебиеттер, компьютер 9.00-9.50
  Үзіліс   9.50-10.00
  Жас нәрестелер, мектеп жасына дейінгі балалар даму тарихын талдау. Кіші топта жұмыс жасау. Презентация Баланың даму тарихы (ф.112/у), тақырып бойынша әдебиеттер, компьютер 10.00-10.50
  Үзіліс   10.50-11.00
  Тақырып бойынша теоретиялық білімді ситуациялық есептер шешу арқылы бағалау Ситуациялық есептер 11.00-11.50
  Қортынды   3,5 акад. сағат

Тестік тапсырмалар

Тақырыбы: «Жүрек қан тамыр жүйесі және асқазан – ішек жолдары аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау»

Сіздің назарыңызға 1, 2, 3 және одан да көп дұрыс жауабы болуы мүмкін тапсырма ұсынылады. Барлық дұрыс жауаптардың номері бар клавиштерді басыңыз.

1. РЕВМАТИЗММЕН АУЫРҒАН БАЛАДА ИНТЕРКУРЕНТТІ АУРУ ДАМЫҒАН КЕЗДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

1) біріншілік алдын алу

2) ағымды алдын алу

3) мезгілдік алдын алу

4) жыл бойына алдын алу

5) екіншілік алдын алу

2. РЕВМАТИКАЛЫҚ АҚАУЫ БАР БАЛАҒА ЖҮРГІЗІЛЕДІ

1) Біріншілік алдын алу

2) Ағымды алдын алу

3) Мезгілдік алдын алу

4) Жыл бойына бициллин-5пен алдын алу

5) ЖРВИ-ның алдын алу

3. РЕВМАТИЗММЕН ЖҮРЕК АҚАУЫНСЫЗ АУЫРҒАН БАЛАЛАРДЫ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУДАН ШЫҒАРУ МЕРЗІМІ

1) атакадан кейін 1 жылдан соң

2) атакадан кейін 2 жылдан соң

3) атакадан кейін 3 жылдан соң

4) атакадан кейін 5жылдан соң

5) есептен шығарылмайды

4. РЕВМАТИКАЛЫҚ ЖҮРЕК АҚАУЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ ҰЗАҚТЫҒЫ

1) атакадан кейін 1 жылдан соң

2) атакадан кейін 3 жылдан соң

3) атакадан кейін 4 жылдан соң

4) атакадан кейін 5 жылдан соң

5) есептен шығарылмайды, жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін

5. ЮРА-НЫҢ БУЫНДЫ ТҮРІМЕН АУЫРАТЫН БАЛАНЫ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУДАН ШЫҒАРУ КРИТЕРИИЛЕРІ

1) белсенді өмір салты

2) буын қызметінің берік қалпына келуі

3) өршудің болмауы

4) физикалық жүктемег бейімделуі

5) белсенді қабыну көрністерінің болмауы

6. ДТЖА-Ы БАР БАЛАЛАРДЫ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ ҰЗАҚТЫҒЫ

1) аурудан кейін кейін 1 жыл бойына

2) аурудан кейін 3 жыл

3) аурудан кейін 4 жылдан соң

4) аурудан кейін 5 жылдан соң

5) жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін есептен шығарылмайды

7. ЮРА-НЫҢ БУЫНДЫ-ВИЦЕРАЛЬДІ ТҮРІНДЕ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ ҰЗАҚТЫҒЫ

1) 2 жыл

2) 3жыл

3) 4 жыл

4) 5 жыл

5) есептен шығарылмайды, жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін

8. ДТЖА-МЕН АУЫРАТЫН БАЛАЛАРДЫ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ ЖИІЛІГІ

1) тоқсан сайын

2) ай сайын

3) аурудың ауырлық дәрежесіне, үрдістің белсенділігіне қарай жеке

4) жарты жылда 1 рет

5) жылына 1 рет

9. ДТЖА-МЕН АУЫРАТЫН БАЛАЛАРҒА ЕГУ ЖАСАУДАҒЫ ДӘРІГЕРЛІК ТАКТИКА

1) абсолютті қарсы көрсеткіш

2) салыстырмалы қарсы көрсеткіш

3) егулерге ұзақ мерзімді қарсы көрсеткіш

4) аурудың ауырлық дәрежесіне қарай жеке

5) эпид.көрсеткіш бойынша шешіледі

10. АСҚАЗАН ЖӘНЕ 12 ЕЛІ ІШЕК ОЙЫҚ ЖАРАСЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ ҰЗАҚТЫҒЫ

1) өршуден кейін 2 жылдан кем емес

2) өршуден кейін 3 жылдан кем емес

3) өршуден кейін 4жылдан кем емес

4) өршуден кейін 5 жылдан кем емес

5) жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін

11. СОЗЫЛМАЛЫ ГАСТРОДУАДЕНИТІ БАР БАЛАЛАРДЫ «Д» БАҚЫЛАУ ҰЗАҚТЫҒЫ

1) өршуден кейін 1жыл

2) өршуден кейін 2 жыл

3) өршуден кейін 3жыл

4) өршуден кейін 4 жыл

5) жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін

12. АСҚАЗАННЫҢ ЖӘНЕ 12 ЕЛІ ІШЕКТІҢ ОЙЫҚ ЖАРАСЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ӨРШУДЕН КЕЙІН «Д» БАҚЫЛАУ ЖИІЛІГІ

1) жылына 4-6 рет

2) жылына 12 рет

3) жылына 2 рет

4) жылына 1 рет

5) 2 жылда 1 рет

13. РЕВМАТИЗММЕН АУЫРҒАН БАЛАЛАРДЫ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУДЫҢ 1-ЖЫЛЫНДА БАҚЫЛАУ ЖИІЛІГІ

1) ай сайын

2) тоқсан сайын

3) жылына 2 рет

4) жылына 1 рет

5) 2 жылда 1 рет

14.РЕВМАТИЗММЕН АУЫРҒАН БАЛАЛАРДЫ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУДЫҢ 2-ЖЫЛЫНДА БАҚЫЛАУ ЖИІЛІГІ

1) ай сайын

2) тоқсан сайын

3) жылына 2 рет

4) жылына 1 рет

5) 2 жылда 1 рет

15.РЕВМАТИЗММЕН АУЫРҒАН БАЛАЛАРДЫ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУДЫҢ 3-ЖЫЛЫНДА БАҚЫЛАУ ЖИІЛІГІ

1) ай сайын

2) тоқсан сайын

3) жылына 2 рет

4) жылына 1 рет

5) 2 жылда 1 рет

16.МИОКАРДИТ ДАМУЫН КӨРСЕТЕТІН ШАҒЫМДАР

1) жүректің қағуы (тахикардия)

2) жүректің шалыс соғуы

3) мұрыннан қан кету

4) жүрек тұсының ауыруы

5) іштің ауыруы

6) ентігу
7) жөтелу

17. МИОКАРДИТ ДАМУЫН КӨРСЕТЕТІН КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕР:

1) бас айналу

2) бас ауруы

3) жүрек шекарасының кеңейуі

4) жүрек үндерінің бәсеңдеуі

5) жүрек қызметі ырғағының бұзылуы

6) АҚҚ көтерілуі

7) ЭКГ өткізгіштіктің бұзылуы

18. РЕВМАТИЗМНІҢ НЕГІЗГІ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КРИТЕРИЛЕРІНЕ ЖАТАДЫ:

1) кардит

2) полиартрит

3) кіші хорея

4) қатты қалтырау

5) ентігу

6) сақина тәрізді эритема

7) ревматизмдік тері асты түйіндері

19. РЕВМАТИЗМНІҢ ҚОСЫМША ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КРИТЕРИЛЕРІНЕ ЖАТАДЫ:

1) қалтырау

2) лейкоцитоз, СОЭ жеделдеуі

3) ревматизмге қарсы емнің тиімділігі

4) сиал қышқылы деңгейінің көтерілуі

5) с-реактивті ақуыз

6) ЭКГ-да Р–Q аралығының ұзаруы

7) қызыл қан көрсеткіштерінің төмендеуі

20. МИТРАЛЬДЫ ҚАҚПАҚШАНЫҢ БҰЗЫЛЫСЫН КӨРСЕТЕДІ:

1) үрлемелі сипаттағы систоликалық шу

2) жоғары жиіліктегі систоликалық шу

3) 1 тонмен байланысты систоликалық шу

4) протодиастоликалық шу

5) мезодиастоликалық шу

6) пресистоликалық шу

7) систолодиастоликалық шу

21. ЮВЕНИЛДІ СОЗЫЛМАЛЫ АРТРИТ ДИАГНОСТИКАСЫНЫҢ КРИТЕРИЛЕРІ:

1) ЭКГ көрсеткіштері қалыпты

2) үш айдан аса созылған артрит
3) біріншіден кейін үш айдан соң пайда болған екінші буын артриті

4) бұлшықет атрофиясы

5) таңертеңгілік қозғала алмай қалушылық

6) көздің ревматизмдік бұзылысы

7) кіші буындардың симметриялы бұзылысы

22. КОЛЛАГЕНОЗБЕН АУЫРҒАН НАУҚАСТАРДЫ ЕМДЕУДЕ КЕЛЕСІ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНАДЫ:

1) кең қолданылатын антибиотиктер

2) гормоналды дәрі-дәрмектер

3) гормоналды емес, қабынауға қарсы дәрі-дәрмектер

4) базалық емді ұзақ уақыт қолдану

5) вакцинопрофилактика

6) цитостатикалық дәрі-дәрмектер

7) арнайы ревматологиялық орталықта емдеу

23. АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ БҰЗЫЛЫСТАРЫНА БЕЙІМ БАЛА АҒЗАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

1) асқазан көлемінің кіші болуы

2) перистальтика бәсеңдеуі

3) фермент белсенділігі төмен

4) жасанды тамақтандыру

5) ішек шырышты қабатының сіңіргіштігі жоғары

6) қолайсыз экологиялық жағдай

7) балансталмаған тамақтану

24. АСҚАЗАН-ІШЕК ЖОЛЫ СОЗЫЛМАЛЫ АУРУЛАРЫНЫҢ ӨСУІНЕ СЕБЕП БОЛАДЫ:

1) психоэмоциялық жүктеменің артуы

2) климаттық жағдайлар

3) қозғалыстың аздығы

4) ішек-құрт инвазиясы

5) асқорыту жүйесі дамуындағы ақаулар

6) отбасылық бейімділік

7) ішек инфекциялары

25. АНОРЕКСИЯ (АППЕТИТТІҢ ТӨМЕНДЕУІ) КЕЛЕСІ АУРУЛАР КЕЗІНДЕ БАЙҚАЛАДЫ:

1) созылмалы гастрит

2) ойық жара ауруы
3) созылмалы кардит

4) созылмалы гепатит

5) созылмалы бронхит

6) созылмалы ішек аурулары

7) созылмалы панкреатит

26. ШӨЛДЕУ ЖӘНЕ АУЫЗ КЕБУІН СЕЗІНУ БІЛДІРЕДІ:

1) гипотония дамуын

2) сусыздануды

3) қант диабеті дамуын

4) оПН, ХПН дамуын

5) жүрек жетіспеушілігі дамуын

6) созылмалы панкреатит дамуын

7) АҚҚ көтерілуін

27. РЕГУРГИТАЦИЯ (ҚҰСУ) БЕЛГІСІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ:

1) артық тамақтанудың

2) өңештің туа біткен даму ақауын

3) созылмалы энтериттің

4) созылмалы колиттің

5) бейспецификалық ойық жаралы колиттің

6) эзофагиттің

7) гастроэзофагальды рефлюкстің

28.ҚЫЖЫЛДАУ МЫНА АУРУ КЕЗІНДЕ АСА АЙҚЫН КӨРІНЕДІ:

1) эзофагит

2) өңештің пептикалық жарасы

3) гастродуоденит

4) асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы

5) құрсақіші қысымның көтерілуі

6) интрагастральды қысымның көтерілуі

7) бас сүйек іші қысымының көтерілуі

29. ЖҮРЕК АЙНУЫ АСҚАЗАН-ІШЕК ЖОЛДАРЫ ПАТОЛОГИЯСЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІСІ РЕТІНДЕ КӨРІНЕДІ:

1) әлсіздікпен

2) бай айналумен

3) тахиаритмиямен

4) суық тер шығуымен

5) жартылай есінен талу күйімен

6) терінің бозаруымен

7) дене қызуының көтерілуімен

30. КӨП МӨЛШЕРДЕГІ НӘЖІС КЕЛЕСІ ПАТОЛОГИЯНЫҢ БЕЛГІСІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ:

1) асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы

2) созылмалы гастрит

3) созылмалы панкреатит

4) созылмалы колит

5) созылмалы гепатит

6) целиакия

7) созылмалы энтерит


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: