ІІІ. 5-9 сынып Негізгі саты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 22 шілдедегі № 353 бұйрығына сәйкес «Дінтану негіздері» пәніне 9 сыныптарға - 1 сағат берілді.

Оқушыларының функционалдық сауаттылығын; тілдік сауаттылығы және жаратылыстану ғылыми сауаттылығын дамыту мақсатында «Туған өлкем» (5-сынып), компьютерлік сауаттылықтарын арттыру үшін «Компьютерлік терілім» (5-сынып), «Алгоритмдеу және программалау» (6-сынып), физикалық заңдылықтардың мәнін аша отырып практикалық жұмыстарды орындау мақсатында «Физика және техника» (8-сынып) таңдау курстары енгізілді. Әдеби тілдік қорын молайту негізінде «Мәнерлеп оқу» (5-сынып) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленіп ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген «Өлкетану» (7-сынып), «Этносаралық қатынастарды қалыптастыру тарихы» (8-сынып), «Алаштану» (9-сынып), «Абайтану» (9-сынып) курстары бағдарламалары оқу жоспарына енгізілді.

Оқушылардың Отан тарихындағы тұлғалар туралы білімін кеңейте отырып, халқы алдындағы өз жауапкершілігін сезінетін азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында «Тарихи тұлға» курсына 5 сыныптарда -1 сағат, оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қазақстандық патриотизмдік, ұлтжандылық саналарын қалыптастыру мақсатында «Мәңгілік Ел», «Көшбасшы» 6-7 сыныптарға – 1 сағаттан берілді.

Оқушы компонентіне бөлінген жеке топтық консультациялар, белсенді қозғалыс сипатындағы сабақтарға өнер бөліміне «Хореография» үйірмесі және спорттық қимылға «Тоғызқұмалақ», «Футбол» атты үйірме сағаттары берілді

ІV. 10-11 сыныптар бағдарламасы екі бағытта оқытуға лайықталған:

а) Жаратылыстану – математика бағыты, физика-математика бағдары;

ә) Коғамдык- гуманитарлық бағыты, лингивистикалық бағдары.

1. Жаратылыстану – математика бағыттағы сыныптарда оқушыларға математиканы белгілі бір деңгейде меңгеруін талап ететін кез келген оқу орындарында таңдаған мамандықтары бойынша білімдерін жалғастыруға қажетті мүмкіндіктермен қамтамасыз ету мақсатында қолданбалы курстар енгізілді.

- Физикалық заңдылықтардың мәнін аша отырып практикалық жұмыстарды орындау мақсатында «Физика практикумы» 10-11 а сыныптарына – 1 сағаттан;

«Физика және Қазақстан энергетикасы» 10-11 а сыныптарына – 1 сағаттан;

-Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру, зерттеу дағдыларын, сондай-ақ сыни ойлау мен өздігінен іздену дағдыларын дамыту негізінде «Математикалық практикум» 10-11 а сыныптарына – 1 сағаттан;

«Математикалық есептер шығаруды практикада қолдану» 11а сыныбында-1 сағат;

«Тригонометриялық функциялар» 10 а сыныбында-1 сағат;

Математикадан «Рационалды және иррационалды алгебралық есептер» 10-11а сыныптарында -1 сағаттан;

«Экономикалық мазмұнды есептерді шығару» 11 а сыныбында. - 1 сағат;

Типтік оқу жоспарына сәйкес алғашқы әскери дайындық пәніне 10а,ә сыныбына -1 сағат берілген.

-Оқушы компонетіне оқушылар мен ата-аналардың ұсыныстары бойынша,оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттері мен өзіндік даму, іздену, үйлестіру әрекеттерін дамыту және ҰБТ-ға дайындау жаттығу жұмыстарын жүргізу мақсатында 10-11 а сыныптарына «Қазақ тілінің практикумы» берілді.

2. Коғамдык- гуманитарлык бағдарлы

10 -11 ә сыныптарының қоғамдық-гумантитарлық бағытындағы лингвистикалық бағдарына төмендегідей қолданбалы курстар берілді.

Қолданбалы курстар:

- Әдебиет теориясы бойынша теориялық ұғымдарды меңгерту мақсатында «Әдебиет және өнертану» 10 -11 ә сыныптарына – 1 сағаттан;

- Азаматтық тәрбие беру арқылы оқушыларға демократиялық жүйенің не екенін жеткізу арқылы «Азаматтану» қолданбалы курсы 11-10 ә сыныбында -1 сағаттан;

-Ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлау мақсатында «Тіл стилистикасы» 10-11 ә сыныбында – 1 сағаттан;

- Оқушының өзіндік көзқарасының қалыптасуына, сол көзқарасы мен жеке ой тұжырымдарын барлық уақытта мәдениетті жеткізе алуына, өмір жағдаяттарында өзіндік пайымдауларын шеберлікпен айта алуына үйрету мақсатында «Этнолингвистикалық атаулар» 11 ә сыныбында – 1 сағаттан;

- Оқушылардың әдеби тілдік қорын молайту мақсатында «Абайтану» 10-11 ә сыныбтарына – 1 сағаттан;

-Тарихи оқиғаларды бір-бірімен сабақтастыру, Қазақстанның тарихын жүріп өткен кезеңдерін салыстырып саралауға оқушыны бейімдеу, негізгі оқиғаларды бойына сіңіру мақсатында «Демократия негіздері» 10 ә сыныбына, «Қазіргі қоғамдағы саяси ағым» 11 ә сыныбына – 1 сағаттан енгізілді.

Оқушы компонетіне оқушылар мен ата-аналардың ұсыныстары бойынша,оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттері мен өзіндік даму, іздену, үйлестіру әрекеттерін дамыту және ҰБТ-ға дайындау жаттығу жұмыстарын жүргізу мақсатында «Элементар физиканың негіздері» 11 ә сыныбына, «Ғарыш физикасы» 10 ә сыныбында – 1 сағаттан енгізілді.

Қолданбалы курстар мен таңдау курстарына пән мұғалімдерінің арнайы бағдарламалары жасалып, әдістемелік бірлестік отырыстарында талқыланып, ғылыми-әдістемелік кеңесте қаралып, мектептің педагогикалық кеңесінде бекітілді.

5 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балалардың мектепалды даярлау сыныптарына арналған жұмыстық оқу жоспары

Білім беру салалары Бір аптаға ҰОӘ-нің саны (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті)
0 «А» 0 «Ә» 0 «Б»
  «Денсаулық»      
  Дене шынықтыру      
  Қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология      
  «Қатынас»      
  Тіл дамыту      
  Көркем әдебиет 0,5 0,5 0,5
  Сауат ашу және жазу негіздері 1,5 1,5 1,5
  Орыс тілі      
  «Таным»      
  Қарапайым математика ұйғарымдарды қалыптастыру 1,5 1,5 1,5
  Құрастыру 0,5 0,5 0,5
  Экология негіздері 0,25 0,25 0,25
  Қоршаған ортамен таныстыру 0,75 0,75 0,75
  «Шығармашылық»      
  Сурет салу      
  Мүсіндеу      
  Жапсыру      
  Музыка      
  «Әлеуметтік орта»      
  Қоршаған ортамен таныстыру 0,25 0,25 0,25
  Экология 0,25 0,25 0,25
  Көркем әдебиет 0,5 0,5 0,5
  Өзін-өзі тану      
  Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің ұзақтығы 25-30 минут 25-30 минут 25-30 минут
  Жиыны      
  Вариативтік компонент      
  Әдеп әліппесі      
  Логика      
  Ағылшын тілі      
  Ертегілер елінде      
  Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі      

Қосымша 1


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: