Дені сау бала

Жаңа туған нәрестенің рефлекстерін анықтау: іздеу, сору, жұту, қорғаныш, ұстау, еңбектеу.

Антропометрия жүргізу – бойын өлшеу: а) бір жасқа дейінгі баланың бойын өлшеу Мақсаты: физикалық дамуын бағалау. Қажет: көлденең бой өлшегіш, жөргек, резинке қолғап, залалсызд. (дез) ертіндісі, қағаз, қалам.

Анасына тексерістің мақсатын түсіндіру.

Бойөлшегішті тегіс, тұрақты жерге орналастыру.

Қолды жуып,құрғатып, қолғап кию.

Бойөлшегіштің үстіни залалсызд. Ертіндісімен сүрту.

Жөргекті төсеу.

Баланың басын бойөлшегіштің қозғалмайтын жағына қаратып салып, көмекші басын ұстап тұрады.

Аяғын тізе буынын жайлап қысу арқылы түзеу, бойөлшегіштің қозғалатын планкасын табанына тіреу.

Ажнындағы шкалаға қарап бойын анықтау.

Көрсеткішті жазу.

Қорытындысын анасына айту.

б) бір жастан үлкен балалардың бойын өлшеу.

Мақсаты: физикалық дамуын бағалау.

Қажет: тік бойөлшегіш, резинке қолғап, залалсызд. (дез) ертіндісі, бір рет қолданатын қағаз салфетка, қағаз, қалам.

Бойөлшегіштің жылжымалы планкасын көтер, аяқ басатын жеріне салфетканы сал.

Аяқ киімін шешіп, баланы бойөлшегішке тұрғызу.

Баланың төрт нүктесі тиіп тұрыуы қажет (өкшесі, жамбасы, жауырын аралық ауданы, жүйде дөңесі).

Көздің сыртқы бұрашы және құлақ сырғасы (мочка) бір көлдненң сызықта болуы керек.

Бойөлшегіштің жылжымалы планкасын баланың басына жақындатып тигізу.

Бой ұзындығын планкасының төменгі жағынан анықтау (шкаланың оң жақ бөлігінен).

Баланың бойөлшегіштен түсуіне көмектесу.

Көрсеткішті жазып ал.

Қорытындысын анасына айту.

Салфетканы бойөлшегіштен алу.

Залалсызд. ертіндісімен сүрту.

Қолғапты шешіп, қолды жуып, құрғату.

3. Антропометрия жүргізу – салмақты өлшеу. Мақсаты. Тамақтауны баға беру, физикалық дамуын бағалау. Қажет: таразы, резинке қолғап, залалсызд. (дез) ертіндісі, қағаз, қалам. Негізгі ұстам:

Бала үлкен дәретке отырғаннан кейін, күнде бір мезгілде, ашқарынға (перзентхана жағдайында)

Қазір көбіне электрондық таразылар қолданылады.

Таразыны залалсызд. ертіндісімен сүртем із.

Дұрыс жерге қой, ноль деген көрсеткішкті күт, сосын

Баланың басын кеңдеу жағана қаратып сал, немесе отырғыз.

Көрсеткішті қара, жаз.

4. Антропометрия жүргізу –бас шеңберін өлшеу. Мақсаты: физикалық дамуын бағалау, гидроцефалияны анықтау. Қажет: сантиметрлік лента, 70% спирт, дәке салфетка, қағаз, қалам.

Өлшеу: шүйде дөңесі, қас – қабақ үсті дөнесі.

Көрсеткішті жазу.

Қорытындысын анасына айту.

5. Антропометрия жүргізу – кеуде шеңберін өлшеу. Мақсаты: физикалық дамуын бағалау.

Артынан: жауырынынң төменгі бұрышымен. Алдынана: омырау ұшы айналасындағы дөңгелектін төменгі жағымен.

Көрсеткішті қара, жаз, бағала. Қорытындысын анасына айту.

6. Табиғи тамақтандыруды ұйымдастыруды және бақылауын жүргізу (4:3:4)7

Орналастыру: басы сәл шалқайтылған, денесі тік.

Денесі, беті анасына қаратылған.

Анасы баланың денесін түгел, тегіс қолымен ұстап тұр.

Салу: баланың аузына омырау ұшын тигізу

Аузын кең ашқанын күту.

Аузы кең ашылғанда тез жақындатып омырауды аузына салу.

Тексеру: баланың иегі анасының омырауына тиіп тұр.

Аузы кең ашылған.

Астыңдағы ерні шығынқы.

Ореала үстінен көбірек көрінеді.

7. Омыраумен емізудің құндылығы бойынша кеңес: ана сүті үнемі жылы және әзір, зарарасыздындырылғын (стерилді), антиденелер бар, белок альбумин, әсіресе уызда көп, құрамындағы бета лактоза бифидум бактериялардың өсуіне себепші, анасын онкологиядан, жүктіліктен сақтайды, ақыл ой, физикалық дамуына жақсы әсер етеді.

8. Мұрын және ауыз қуысын (жаңа туған балада) шырыштан тазарту. Мақсаты: тыныс жолдарын тазартып, дем алуға жағдай жасау, тұншығудың алдын алу.

Қажет: электро сорғыш немесе резеңке балон (груша).

9. Кіндік жарасының күтімі. Мақсаты: омфалит, сепсистің алдын алу.

№ 498 бұйрық бойынша кіндік жарасын құрғақ күтеді. Құрғақ зарарсызд. Тампонмен сүрту, немесе егер серозды сұйықтық білінсе қайнаған сумен жуып, құрғату. Егер ірің білінсе дәргердің нұсқауымен әуелі сутегі асқын тотығымен, сосын брилл. жасыл ертіндімен өңдеу (шұғыл түрде ауруханаға жеткізу – сепсис болу мүмкін).

10. Гигиеналық ваннаны жүргізу. Мақсаты: дене гигиенасын сақтау, баланың таза болуына талаптандыру, тазалық дағдысын қалыптастыру, шынықтыру. Қажет: ванна, жөргек, құмыра, су термометрі, бала сабыны, жұмсақ қолғап (фланель, махров. салфетка), үлкен сүлгі, таза киімдер, зарарсызд. өсімдік майы немесе бала ұнтағы, резина қолғап, залаласызд.ертіндісі, лас киімдер үшін арналған қапшық (мешок).

Тамақтандыру алдында шомылдырған жөн. Бөлме температурасы 25 градус немесе одан жоғары болу керек, судың жылылығын су термометрімен өлшеу.

Ваннаны қой, ішін жу, астына жөргек сал

Ваннаны ½ - 2/3 суға толтыр, жылылығы 36-37 С болсын.

Калий перманганат ертіндісін т.б.әзірлеп қой.

Шайқау үшін құмыраға су құйып ал (ваннадан)

Баланы шешіндір, сол қолымен желкесі мен арқасын оң қолыңмен саны мен құйрығын (бедра ягодицы) ұста.

әулі аяғы мен құйрығын жәйлап ваннадағы суға сал, сосын денесінің жоғарғы жағын, омырау ұштарына дейін сал.

Оң қолына жұмсақ қолғап киіп, керек болса сабындап, жуындыруды баста: мандайынан, желкесіне қарай, мойынын, денесін, аяқ–қолдарын, теріқыртыстарын, ең соңында құйрық арасын, құйрығын.

Қолғабынды шеш. Баланы судаң үстіне көтер. Бетін төмен қаратып аудар сосын құмырадағы сумен (35-36 С) шайқа.

әзірлеп қойған сүлгімен сорғызып сүрт. Тері қыртыстарын өсімдік майымен немесе бала ұнтағымен өңде. Киіндір, краватқа сал. Ваннаны жу.

11. Нәрестенің жыныс мүшелерін жуу. Мақсаты: дене гигиенасын сақтау, баланың таза болу талабын қанағаттандыру, тазалық дағдысын қалыптастыру. Қажет: ағынды су (37-38 С), дене салфетка, сүлгі немесе жұмсақ жөргек, зарарсызд. өсімдік майы немесе бала ұнтағы, таза төсек орын, киімдер, резина қолғап, залаласызд.ертіндісі.

Керек жағдай: дәретке отырған сайын (дефекация) жуу, тек ағынды сумен жуу, несеп түзген сайын жуудың қажеті жоқ.

Этаптар: лас киімдерін шеш, сол жақ білек пен қолына сал. Қыз бала болса, алдынан артына қарай, жоғарыдан төмен қарай жуу керек. Жөргектеу үстеліне баланы сал, құрғатып сүрт, маймен немесе ұнтақпен өңде.

12. Нәрестені жылытыңыз. Мақсаты: нәрестені қалыпты температурамен қамтамасыз ету. Жағдайы нашарлауына жол бермеу. Қажет: үш резинка жылытқыш, 60-70 градус су, 3 жөргек, көрпе немесе жылы жөргек.

Этаптар: жылытқышқа ½ - 2/3 60-70 градус су құй. Ауасын шығар, жап. Жылытқышты төмен қаратып, су ақпайтындығын тексер, әрбір жылытқышты 4 қабат ора. Баладан 5-10 см қашықтықта жылытқыштарды қой (екі жанына, табанына). Көрпесің жап, оның астындағы температурасы 28-30 градус болған жөн. Жылытқыштағы суларын, суығанда кезекпен ауыстыр.

Жылу тізбегі:

мед. қызыметкерлер бәрі білу керек.

Бөлме (босанатын) температурасы 25 С төмен болмау керек.

Жаңа туған нәрестені құрғатып сүрту.

«Тері -теріге» (кенгуру әдісі), носки, малақай, көрпе.

Омыраумен амақтандыру.

Қарау, өлшеу, шомылдыру екі сағатқа кейін қалдыру.

Бос, еркін киіндіру.

Анасымен бірге болу.

Тасымалдығанда жылуды сақтау, анасымен бірге тасымалдау.

Жандандыру шараларды жылы бөлмеде жүргізілуі қажет.

13. Көзін өңдеу. Қажет: қайнаған су (жылы), мақта шариктері, қолданылған материалдарды салатын лоток.

Қолынды жу, мақта шаригімен (қайнаған суға батырылған) көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай өңде. Әр көзге бөлек мақта шаригін қолдан. Сосын осылай құрғақ мақта тампонымен өңде.

14. Мұрын қуысын өңдеу. Мақсаты: тыныс алуын женілдету.

Қаттылау мақта жгутигімен айналдырып бұрап қимылдату арқылы мұрын жолдарын тазалау. Әулі мақта жгутигін зарасызд.өсімдік майымен немесе қайнаған сумен ылғандандырып сулау (әсіресе мұрын ішінде қабыршақтар болса), әрбір мұрын қуысын бөлек жгутикпен тазалау.

15. Уылғанда (молочница) ауыз қуысын тазалау. Иегін сәл қысып, ауызын ашып қара. Натрий карбонат (сода) қосылған сумен (1шай қасық сода + 1стакан қайнаған су) ауыз қуысын өңде. Ертінің жылылығы 37-38 С, сұқ саусаққа оралған дәке тампонымен сорғызу сияқты қимылмен өңде. Ертіндінің концентрациясы бастапқы кезде төмен болғаны дұрыс.

16. Құлағын тазалау (өңдеу). Құлағын жұмасына бір рет немесе қажет болған кезде тазалаған жөн.Әрбір құлағын қатты мақта жгутигімен, бұрамдалы қимыл арқылы тазала.

19. 6 айға дейінгі баланы, дені сау және науқас кезінде, баланың дамуы мақсатында, тамақтандыру және күтімі бойынша кеңестер:

Баланы тәулігіне сұранысы бойынша (күні-түні), ең кемінде 8 рет омыраумен емізіңіз,

Басқа тағам және сұйық тамақтар берменіз:су,шай,шырындар,жасанды қоспалар, сүт,ботқаларды.

Балада аштық белгілері білінсе: бала қозғалақтап,саусағын сорып немесе ерін жыбырлатып сору қимылдарын жасай бастаған кезде емізу керек.

Баланың жылағанын күтпей емізіңіз.

Ойнату: баланың дүниеге келген сәтінен бастап есту,көру,сезіну қабілетін дамытып, үнемі қозғалыста болуын қадағалаңыз. Баланы қызықтыратын түсі ашық, көлемді заттарды беріңіз, балаға карауға бұрын көрмеген жаңа ойыншықтарды беріңіз.

Көңіл бөлу,сөйлеу: Баланың көзіне қарап,күліп,сөйлеу керек,әсіресе баланы емізіп отырғанда.Балаңыз өскен сайын,оған көбірек сөйлеп,әр түрлі дыбыстар шығарып, қимылдар жасаңыз.

Соматикалық аурулар, педиатриядағы шұғыл жағдайлармен.

1. 2 айға дейінгі нәрестеде жалпы қауіп белгілерін анықтау (ОПО - БАБЖ бағдарламасы)

Бала сора алмайды немесе сылбыр сорады.

Құрысу – тырысулар.

Тыныс алу жиілігі минутына 60 тан көп,немесе 30 дан аз.

Кеуде клеткасының төменгі бөлігінің кірігуі айқын.

Қалыпты жағдайға қарағанда аз қимылдайды,немесе тек стимуляция жасағанда ғана қимылдайды,немесе стимуляция жасағанда да қимылдамайды.

Дене қызуы 36,50 тен төмен,немесе 37,50 тен жоғары (380).

Тері жамылғысында көп іріңді бөртпелер (оншақтыдан көп).

Кіндігінен қанды-іріңді сұйықтық білінеді немесе қызарғандық кіндік айналасындағы тіндерге жайылған.

Сарғыштық алақанына және табанына жайылған.

10.Сарғыштық жетіліп туылған балада 14 күн және одан көп, шала туылған балада 21

күн және одан көп сақталса және деңгейі төмендемесе.

2. 2 айдан 5 жасқа деінгі балаларда жалпы қауіп белгілері (ОПО - БАБЖ бағдарламасы)

Омырауды еме алмайды, сұйықтық іше алмайды

Құсу болса

Құрусылар

Летаргия не есі жоқ

3. Жұмсақ тіндердің тургорын анықтау. Мақсаты: сусыздану белгілерін, тамақтану бұзылысын анықтау.

Анасына түсіндір, қолынды жу, кептір, баланы жатқыз немесе отырғыз.

Оң қолдын үлкен және сұқ саусақтаррымен сан және иықтың ішкі жағынан, тері және тері асты шел қабатын қыртыс етіп жинау (бұлшық ет қабаты бұл жерде әлсіз, сондықтан тексеріс нәтижесі дәлелдеу болады).

Саусақтарыңды жәйлап жұмсақ тіндерге сәл ғана батыр. Тіндердің тургорын батырған кезде байқалған қарсылық күшіне қарап бағала (тамақтану бұзылысында, сусыздануда тургор төмендейді).

4. Үлкен еңбектің көлемін анықтау. Мақсаты: дамуын анықтау.

Қажет: сантиметрлік лента немесе мөлдір сызғыш, 70 % спирт,

салфетка, қағаз, қалам.

Этаптар: Анасына түсіндір, қолынды жу, кептір.

Лентаны немесе мөлдір сызғышты 70 % спиртпен өңде,

баланы жатқыз немесе отырғыз. Үлкен еңбектің қабырға

аралықтарын өлше (ромб сияқты). Қорытындысын жаз.

5. Базданудың алдын алу. Мақсаты: тері ауруларының, сепсистің алдын алу. Тері қыртыстарын қарау, жуу, зарарсызд. өсімдік майымен, бала ұнтағымен өңдеу. Анасының тамақтануды қадағалау.

6. Коньюктивитте көзді күту. 1: 500 фурациллин ертіндісімен әр көзді мақта шариктерімен бөлек- бөлек өңдеу. Тетрациклин майын 1% салу (дәргердің нұсқауы бойынша) күріштін ұзындығындай.

Дәргердің нұсқауы бойынша дәріні тамызу. 1 тамшыдан, көздің ішкі бұрышында (коньюктивтік мешоққа 1 тамшы ғана сияды), сосын екінші тамшысын тамызады. Тамызарда екі қабағын да (кірпік) ашады, екі саусақпен (себебі нәрестерде физиологиялық блефароспазм).

7. Атопиялық дерматитте тамақтанудан кеңес. Мақсаты: ЭКД нің әрі дамып, экземаға айналуының алдын алу. Гипоаллергиялық диета: көкөніс пюресі, ботқаны көкөніс қайнатпасына пісіру. Омыраумен емізетін ананың дұрыс тамақтануы (шоколад, цитрус т.б. шектеу немесе қабылдамау). Сонымен қатар какао, кофе, жұмыртқа белогі, бал, майлы сорпаларды да щектеу т.б. Қосымша тамақты бергенде де осы қағиданы ұстаған жөн. ДДҰ жоспары бойынша 3 жасқа дейінгі балаға тәттіні шектеу. Жасыл, сарғыш жасыл жемістер беру.

8. Гипотрофияда тамақтанудан кеңес береніз. Әуелі себебін анықтау (гипогалактия, инфекция, мешел, анемия т.б.). Мақсаты: әрі қарай дамымауын қадағалау, иммунитетін көтеру, анасының дұрыс тамақтануын қадағалау.

Тамақтанудыңүш кезеңін жүргізу.

Тамаққа шыдамдылығын (толерантность) анықтау кезеңі

ауыспалы кезең

қарқынды кезең

Гипотрофияның І дәрежесінде ішек қарын жолының тамаққа шыдамдылығы (толерантность) қанағаттандырарлық, сондықтан бірінші кезеңді ұстау қажет емес, немесе 1-2 күн созылады. Сан-гиг ережені сақтау. Таза ауада боланы қыдырту. Массаж, ЛФК, шомылдыру т.б.

Гипотрофияның ІІ дәрежесінде шыдамдылығын тексеру 3-7 күнге, ал ІІІ дәрежесінде 10-14 күнге созылуы мүмкін. Бұл кезеңде ана сүтін немесе ыңғайландырылған сүт қоспаларын берген жөн, жиірек, аз аздан беру. Гипотрофияның ІІ ІІІ дәрежесінде ½-2/3 көлемін береді. Негізі ІІ ІІІ дәрежесі ауруханаға жіберіледі.

9. Анемиядағы тамақтанудан кеңес береніз. Әуелі себебін анықтау, оны жою, мешел т.б. алдын алу.

Анасының дұрыс тамақтануы. Қарақұмық ботқасы, жасыл бұршақ, капуста,қара смородина, ет, бауыр, алма,ірімшік, жұмыртқаның сарысын (темір, мыс, кобольт көп) енгізу.

Шектеу: сүт тағамдарын, себебі ондағы кальций. Фосфор, темірмен қосылып қосмыша пайда болуына себепші. Нан тағамдарын, ондағы фитин темірдің сіңуін қиындатады. 3 жасқа дейінгі балаға шәй, кофе бермеу, ондағы танин темердің сіңуін төмендетеді.

10. Қантті диабетіндегі тамақтанудан кеңес береніз. 9а үстел, клетчаткасы көп тамақты беру, олар глюкозаның сіңірілеуін тежийді, қантты сорбит, ксилитпен алмастыру.

11. Гломерулонефритте тамақтанудан кеңес береніз. 7а үстел, изюм, куряга, картоп, капуста, суды шектеу, етті шектеу, жеміс - жидек.

12. Термометрияны жүргізіңіз. Мақсаты: баланың дене қызуын анықтау. Қажет: медицина термометр, сағат, екі дәке салфетка, залалсызд.ертіндісі бар лоток, қызу парағы, қалам.

Этаптар: Анасына түсіндір, қолынды жу, кептір. Термометрді сілкіп, 35 градусқа дейін ртуть бағанасын түсіру. Шап, қолтық қыртыстарын тексер (қызару т.б. жоқ па).

Орындау: Термометрді қоятын жерді құрғақ етеп сүрт, себебі ылғал ртутты салқындатады. Шап немесе қолтыққа термометрді қой, арасына ештеңе қыстырылып қалмасын. Аяғын жамбас сан буынын иіп, қолын иығын кеудесіне қысып, қозғалтпай ұста. 10 мин кейін қара, анасына айт, қызу парағына белгіле, термометрді сілк, ртуть резервуарына түссін. Термометрді залалсызд.ертіндісіне сал, сосын термометрді алып, ағынды сумен жу, құрғат. Термометрді футлярына сал.

16. «Д» дәруменінің мөлшерін анықтау, енгізу. Мақсаты: мешелдің алдын алу. Қажет: «Д» дәрумені (вигантол) сулы ертінді. Д3 вигантолдық бір тамшысында 500 ХБ. Алдын алу үшін мысалы қажет 100 000 Д3 ХБ. Есептеу: 1 тамша - 500 ХБ

Х - 100 000 ХБ

Х= 100 000 / 500 ХБ= 200 тамшы (күн).

200 тамшы/ 30 күн=6-7 ай бойы күніне бір тамшыдан беру (қыс, көктем, күз).

17. Тыныс алу жиілігін санау. Мақсаты: баланың жағдайын бағалау. Қажет: сағат, қалам.

Тыныс жиілігін 1 мин. есепте. Бала тыныш немесе ұйқыда болғанда, іші мен кеуде клеткасының қозғалысын бақылау. Қажет болса қолынды ішіне не кеуде клеткасына қой.

Қалыпты жағдайда БАБЖ бағдарламасы бойынша 1 мин тыныс алу жиілігі:

2 айға дейін – 59 Жиі деп саналады егер: 2 айға дейін – 60 және одан жоғары болса

2 ай 12 ай – 49 2 ай 12 ай – 50 және одан жоғары болса

12 ай – 5 жас – 39 12 ай – 5 жас – 40 және одан жоғары болса

18. Жалпы қан сынамасын талдау.

жасы эритроцит Нв лейкоцит тромбоцит Түс көрсет ЭТЖ
Жаңа туған 5-7*1012 170-250 г/л 10-20*109 20-30*1010 0,8-1,0 2-3мм/сағ
Емшек жас 3,5-4*1012 110-120г/л 10-11*109 20-30*1010 0,9-1,0 3-5мм/сағ
1 ж асқан 4,5-5*1012 120-130г/л 4-6*109 20-30*1010 0,9-1,0 5-10мм/сағ

Лейкоцитарлық формула:

базоф эозин моноцит ю палоч сегмен лимфоц м
-   - -   - - 6-8

Сарымен – нейтрофилез, қызыл – лимфоцитоз

Эритропения, Нв төмен,ЭТЖ жоғары – анемия

Лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғары – қабыну

Лейкопения, лимфоцитоз – вирустық ауру

Эозинофилия – аллергия белгісі, гельминтоз

Тромбоцитопения – қан ұюының бұзылу белгісі.

19. Асқазанды жуу әдісі. Мақсаты: асқазаннан улы заттарды шығару. Қажет: асқазан зонды, 2 резина алжапқыш, жуатын ертунді темпер.20-22 градус, жуған суды құю үшін шылапшын, лоток, дәке салфеткасы, шпатель, зертханаға сынамаға жіберу үшін, жуылған суды жинап алатын зарарсызд.ыдыс, жолдама қағазы, залалсызд ертіндісі,резенкі қолғап.

Ескерту: жууға қолданылатын су (ертінді) жылы болмауы керек (жылдам сіңеді, сондықтан сонымен бірге ұлы затты сіңеді), салқын да болмау керек (асқазанның жиырылуына – спазм себепші болады).

Этаптар: балаға, ата насына түсіндіру. Керек заттың бәрін әзірлеу, көмекші баланы ұстайды (баланың екі аяғын өзінің аяқтарының арасына қысады, оң қолымен баланың екі қолын, сол қолымен баланың маңдайынан) немесе кішкене бала болса, жөргекке орап алып ұстау. Көмекшінің қолының үстінен, балаға фартук алжапқыш кигіз. Жуылған суды жинау үшін, баланың аяғының қасына шылапшын қой.

Үстеу: зондпен асқазанға дейінгі аралықты өлшеу (құлақтын сырғасынан– мочка, мұрын ұшына дейін және одан семсер сүйектің ұшына –мечевидный отросток дейін). Зондтың (тұйық жағын слепой конец) сумен сулау. Баланың ауызын шпательмен ашу (егер өзі ашпаса), қажет болса ауызды кеңітетін (роторасширитель) және тілді ұстайтын (языкодержатель) инструменнтерді (құралдар) қолдан. Ескерту: аузын ашу үшін шпательді, жазуға әзірлеген қалам сияқты ұстап, ауыз қуысы қабырғасымен, тіс жиегі жанымен, тісі біткен жерге дейін енгізіп, сосын шпательді жалпағынан аударып, тез тіл түбіне бас.

Зондты тілдің орта сызығы бойы берілген белгіге дейін енгіз және оң қолыңның сұқ саусағымен зондты тістің артына жібер. Ескерту: егер зондты кіргізу кезінде бала жөтеліп, демін ала алмай қысылса, тез, зондты кері шығарыңыз.

Зондтқа воронканы немесе поршенсіз Жане шприцін жалғаңыз. Воронканы асқазаннан төмен деңгейге түсіріңіз (воронканы кішкене жанына қисайтып), сосын оған жуу үшін қажет суды құйыңыз. Воронканы жайлап жоғары көтеріп, оның ішіндегі сұйықтың асқазанға түсуін қадағалаңыз (су воронканың қыл мойынына дейін түсуі керек). Жылдам, бірақ жәймен (плавно) воронканы бұрынғы қалпына қарағанда төменірек түсіріп, асқазаннан шыққан бар затты шылапшынға құйыңыз. Жууды «су таза» болғанға дейін жалғастырыңыз. Ескерту: жуу үшін судың көлемі бір литр/ жасына деп алынуы керек! Асқазанды жуғанда ішіне кіргізген және шығарған сұйықтықтың көлемінің шамамен тең болғанын қадағалаңыз. Воронканы шешіп алап, зондты жалдам қимылмен, салфеткамен ұстап шығарыңыз.

Болғасын: баланың аузын шайқаңыз. Баланы анасына беріңіз немесе кереуетке салыңыз. Зарарсызд.ыдысқа асқазаннан шыққан жуынды сұйықтықтан құйып алыңыз. Жолдама жазып, зертханаға жіберіңіз. Алжапқыш, құралдарды залалсызд.ертіндісіне салыңыз. Қолғабыңызды шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

20. Тазарту клизмасын қою. Мақсаты: нәжістің, іш желінің шығыуына қол жеткізу. Қажет: резинка қолғап, алжапқыш, клеенка, жөргек, сүлгі, резинке баллоны (№ 1-6) ұштығымен наконечник, бөлме температурадағы су 20-22 С, вазелин майы, жұмысқа қолданылған материалдарды салатын лоток, горшок.

Әуелі анасына түсіндіру, оның келісімін алу. Клеенка оның үстіне жөргекті төсе. Іс шараны болғаннан кейін, баланы құрғату үшін сүлгіні әзірлеп қой. Қолыңды жуып, құрғатып, алжапқыш пен қолғабынды ки. Резенке баллонды оң жақ қолыңа алып, оның ішіндегі ауаны шығар. Баллонға 20-22 С суды жина. Ескерту: жаңа туған нәресте үшін 25-30 мл, омырау жасындағы балаға 50-150 мл, бір үш жастағы балаларға 150-250мл.

Резенке баллонның ұштығын вазелин майымен майла (құю арқылы).Баланы сол жағына жатқызып, тізе, жамбас сан буындарын бүгіп, аяғын ішіне қарай қысыңыз. Ескерту: алты айға дейінгі баланы арқасына жатқызып, аяқтарын жоғары көтеруге болады. Мұнда құйрығы сол жақ қолдың 1-2 саусақтарымен ашып, осы қалыпта ұстап тұрыңыз. Резенке баллонды ұштығымен жоғары қарай қаратып ұстап, оң қолыңыздың үлкен саусағымен астынан басыңыз.

Қолыңызды осы қалпынан жібермей, баллонның ұшын жайлап, күш түсірмей, аналь тесігіне енгізіңіз, тік ішекке қарай жылжытыңыз. Әуелі кіндікке қарай, сосын сфинктерді өткесін, құйымшаққа (копчик) параллельно. Баллонды жайлап қысып, ішіндегі суды енгізіңіз, сосын қолыңызды жібермей баллонның ұшын тік ішектен шығарыңыз (баллонды латоққа салыңыз).

Сол жақ қолыңызбен баланың құйрығын 3-5 мин.қысып ұстап тұрыңыз. Баланы арқасына салып жатқызыңыз, жыныс мүшелерін жөргекпен жабыңыз (нәжісі пайда болғанша немесе дефекация жасағысы келгенше).

Болғасын: дефекация жасағысын баланың жыныс мүшелерін жуып, сүртіп, құрғатыңыз (сорғызу әдісімен). Алжапқышты, қолғапты шешіп, заласызд.ертіндісіне салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

22. Регидронды араластыру (дайындау). Қажет: регидрон, өлшемі бар бір литрлік ыдыс (немесе өлшемі бар стакан), бір литр қайнаған бөлме температурасындағы су, кесе, шәй қасық немесе инесіз 2-5мл шприц.

Бір апчка регидронды бір литр суға еземіз. Сосын оныдәрігердің тағайындауы бойынша, балада диарея кезінде, сұйықтықты жоғалтуына байланысты, ағзадағы сұйықтықтың деңгейін көтеру үшін енгіземіз. ИВБДВ (БАБЖ) бағдарламасы бойынша сусыздану дәрежесіне байланысты, сұйықтықтың мөлшері анықталады. Шамамен: п х 75; п баланың салмағы.

Егер 5000 болса: 5 х 75 = 375 мл болады.

23. Анафилактикалық шокте дәрігерге дейінгі шұғыл көмек:

Анафилактикалық шок – аллерген әсерінен бірнеше минуттан кейін, тез дамитын, жедел түрдегі аллергиялық реакция.

Белгілері - АҚҚ төмендейді, соның салдарынан

Есінен танады

Тахикардия

Тері жамылғысының бозаруы

PS – жіп тәріздес

Бронхоспазм

Ауыр тыныс алу анықталады

Ентігу, көгеру т.б. (кеуде кіруі)

Көмек:

Сатылары:

Аллергеннің түсуін тоқтату.

Науқасты жатқызу керек:

а) тегіс, қатты жерге шалқасынан (жандандыру шараларын талап ететін жүрек, тыныс алуы тоқталуы мүмкін).

б) аяқтарын жоғары көтеріңкіреп қою(себебі шок кезінде АҚҚ ↓, бронхоспазм пайда болады, освған байланысты гипоксия дамиды. Ал О2-ң жетіспеуіне ең сезімтал тін – ми, сондықтан міндетті түрде ми максималды қанмен қамтамасызетілуі керек).

в) басын жанына қарай бұру (аспирацияның алдын алу үшін құсық массаларымен).

3. Аллергенді енгізген жерге салқвн басу, егер қолайлы жағдай болса, аллерген енгізген жерден жоғары бұрау салу (ағзаға түскен аллергеннің қанға түсуін азайту мақсатында).

4. Денені қысып тұрған киімдерден босату (өкпенің экскурс. Жеңілдету үшін).

5. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету (гипоксияны азайту мақсатында).

6. Көк тамырға немесе б/етке (егер көк тамырға түсу мүмкіндігі болмаса) мына препараттарды әзірле:

преднизолон - 3-5мг/кг (1мл – 30мг) күшті аллергияға қарсы әсері бар

адреналин - 0,1мл/жасына (тамырларды тарылтып АҚҚ↑)

димедрол – 0,1мл/жасына (антигистаминдік препарат)

24. Мұрыннан қан кеткенде дәрігерге дейінгі шұғыл көмек

1. Баланың басын еңкейтіп отырғызу (қанды және қанды құсвқты жұтуды, аспирацияны алдын алу).

2. Денені қысып тұрған киімдерден босату (өкпе экскурсиясын жеңілдету).

3. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету (тыныс алуы жақсарады).

4. Балаға тыныштық жағдай туғызу (бала мазасыз, үрейлі).

5. Қан кеткен жақтан мұрын қанаттарын мұрын пердесіне қарсы жағынан қысу (механикалық түрде қан кетуін тоқтату).

6. Кеңсірекке салқын басу (мұрын қуысына қан келуді азайту).

7. Мұрын қуысына мақта тампонымен (3% сутегі асқын тотығына немесе адреналин ертіндісіне, викасол, гипертониялық ертіндіге, ана сүтіне ылғалдандырылған) тампонада жасау.

Мақсаты:

Жергілікті қан кетуді тоқтату

Сутегі асқын тотығы, гипертониялық ерт-ң күйдіргіш әсері бар

Адреналин тамыр тарылтады

Викасол қан тоқтатады

Ана сүтінің құрамында қан тоқтататын винамин "К" бар.

8. Б/етке викасол 0,1мл/жасына глюконат Са 1мл/жасына (қан тоқтатады, тамыр қабырғасын қатайтатын әсері бар).

9. Мұрыннан қан кетудің себебін анықтау және оны жоюға тырысу (себебі мұрыннан қан кету диагноз емес, қайсібір аурудын белгісі болып келеді).

25. Жіті стеноздық ларинготрахеитте көмек.

1. Дыбыс саңылауы аймағындағы тарылу

2. Дыбыс байламасы асты кеңістігінің ісінуі

3. Көмейдің саңылауында қақырықтын жиналуы.

Клиникасы:

- дауысының қарлығуы

- дөрекі "үрмелі" жөтел

- мазасыз, ипспиратарлық ентігу, цианоз, кеуде кірәігуі т.б

Көмек сатылары:

Баланың басын көтеріңкіреп жатқызу (байлама асты кеңістігінің ісінуі азаяды, тыныс алуы

жеңілдейді)

2. Денені қысып тұрған киімдерден босату (өкпе экскурсиясын жеңілдетеді)

3. Таза ауа келуін қамтамасыз ету (крупта О2 – жетіспеушілігі дамиды)

4. Балаға жайлы жағдай туғызу (сабебі бала қозған - возбужден)

5. Алаңдатушы терапия жургізу: балтыр бұлшық еттеріне қыша қою, немесе аяғына қыша ванналарын жасау (дененің төменгі бөлігіне қан барып, ісіну, экссудаттың түзілуі азаяды)

6. Эуфиллинді, соданы, қақырық түсіретін шөптерді т.б қосып булы инголяциялар жасау:

Жылу мен эуфиллин дауыс саңылауы аймағының ісінуін басады.

Сода – қақырықты сұйылтады

Шөптер қақырықтын түсуіне жағдай жасайды

Эуфиллин 2,4% 1мл/жасына физ.ерт.

7. Б/етке немесе көктамырға лазикс – 2мг/кг (1мл-10мг)

-зәр айдайтын қасиетіне байланысты байлама асты кеңістігінің ісінуін азайфтады

8. Ауыр жағд. Преднизолон 3-5мг/кг (1мл-30мг)

- қабынуға, аллергияға қарсы әсері бар

9. Оттегі терапиясын жүргізу.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: