Менеджерлер деген кімдер?

БЕСІНШІАПТА

1-сабақ.

Іскерлік әңгімелесу

Іскерлік әңгімелесу – бұл белгілі бір мәселені шешуге арналған көзқарастарды, пікірлерді, ақпараттарды алмастыру түрінде өтетін адамдар арасындағы сөздік қатынастардың бір түрі.

Іскерлік әңгімелесу көптеген адамдардың өмірінде елеулі орын алады. Себебі өндірісі пен еңбек ұжымының өміріне байланысты мәселелерді, қызметтік және лауазымдық міндеттерді орындау, әр түрлі іскерлік келіссөздер жасау, шешімдер қабылдау және т.б. күнделікті әрекеттер тек іскерлік әңгімелесу арқылы жүзеге асырылады.

Іскерлік әңгіме –ресми–іскерлік салада сөздік және сөздік емес (сілтеу, ым, мінез-құлық көріністер) құралдардың көмегімен іске асатын тікелей өзара қатынас актісі.

Іскерлік әңгіменің құрылымы:

1. Әңгіменің басталуы (байланыс орнатып, әңгімеге қолайлы жағдайларды түзету);

2. Өз ұстанымдарын баяндау және дәлелдеу;

3. Әңгімелесушінің ұстанымдарын анықтау;

4. Мәселені бірге талқылау (әңгімелесушінің күдігін сейілту, оның ескертпелерін дәлелмен теріске шығару, мәселенің шешімінің нұсқаларын қарастыру);

5. Шешім қабылдау.

Сөздік

Баяндау – докладывать, излагать

елеулі – важный, значительный

келіссөздер – переговоры

көзқарас – точка зрения, взгляд

күдікті сейілту –рассеять подозрение

нұсқа – вариант

теріске шығару – отрицать

ұстаным – позиция

ым – жест, знак

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:

1) Іскерлік әңгімелесу дегеніміз не?

2) Іскерлік әңгімелесудің іскерлік ортада алатын орны қандай?

3) Іскерлік әңгіменің құрылымы қандай болады?

3. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

4. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

2-сабақ.

Менеджерлер деген кімдер?

Менеджерлер - ұйымды басқаруды жүзеге асыратын маманды басқарушы.

Басқару қызметіне әр түрлілік тән, сфераларда жетекшінің ортақ факторлары, ортақ қасиеттері бөлініп шығады:

- Басқару қызметінің мәні қысқа мерзімділігімен, әр түрлілігімен, орындалып отырған қызметімен сипатталады.

- Менеджерлер белгілі бір ұйым бөлімдерінің жетекшісі ретінде белгілі бір міндетті орындай алады және бұл қызмет іс-әрекетті анықтайды.

Менеджерлерге қойылатын талаптар:

- Адамдарды түсіну. Психологиялық интуиция – тұлғаның техникалық ерекшеліктері мен жағдайын түсіне алу. Байланысқа бейімділікті байланыстыра қолданудағы қабілеттілік;

- Лидер ерекшелігі. Адамның қызығушылықтарын сипаттау және түсіну қабілеттілігі, өзіне жауапкершілікті алуды қалау. Айналадағыларға бейресми ықпал ету қабілеті;

- Қазіргі менеджмент негіздерін білу және оларды тәжірбиеде қолдана білу. Басқару стилін сауатты таңдау. Тиімді уәждеме. Шешімдерді дайындауды және қабылдауды ұйымдастыру;

- Құзыреттілік. Ұйым жұмысының өзіндік ерекшелігі мен бейімін анықтайтын арнайы сұрақтарды білу. Еңбектік және шаруашылық заңдылықтардың негізін білу;

- Оқиғаның дамуын алдын ала көре алу қабілеті;

- Мақсаттарды құра алу (жоспарлауға қажетті);

- Өзара байланысты ұйымдастыру және оларды тиімді бақылау қабілеттілігі (еңбекті ұтымды бөлу, бақылау амалдарын таңдау үшін).

Сөздік

Құзыреттілік – компетентность

маман – специалист

мерзімділік – периодичность

міндет – обязанность

сыпайылық – вежливость

уәждеме – мотивация

ұтымды – выигрышный, выгодный

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1.Мәтінді оқыңыз.

2.Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Менеджер деген кім?

2) Басқару қызметінде жетекшінің қандай ортақ қасиеттері болады?

3) Менеджерлерге қандай талаптар қойылады?

3.Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.

4.Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

3-сабақ.

1. Жағдаяттық тапсырма.

Сіз жұмыс істейтін бөлімге жаңақызметкер қабылданды. Жаңа қызметкерді ұжымға бөлімінің бастығы таныстырды.Жаңа қызметкермен қарым-қатынасты қалай орнатасыз?

2. Бейнефильм «Мен де бастық болар ем».

«Мен де бастық болар ем»атты бейнефильмді мына сілтемеhttps://www.youtube.com/watch?v=8rePQ85ezygбойынша көре аласыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: