Арнайы кабинеттер,аудиториялар мен зертханалар тізімі

Студент игеруге тиіс

Пәнді оқудың нәтижесінде төмендегідей жайттарды жүзеге асыра аласыздар:

- Практикалық жұмыстарды жоспарлау және жүргізу дағдысын меңгеруі керек;

- Түрлі әлеуметтік жүйелерде эксперименталды зерттеулер жүргізу дағдысын меңгеруі керек;

- Психологиядағы ғылыми-ұғымды аппараттарды игеру шеберлігін меңгеруі керек;

- Зерттеу іс-әрекет дағдыларын меңгеруі керек.

Пререквизиттер -психологияда зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру, білім беру психологиясындағы өзекті мәселелер.

Постреквизиттер – болашақ мамандарды психологиялық дайындаудың теориялық және тәжірибелік негіздері, педагогикалық психология, даму психологиясының теориялық және тәжірибелік мәселелері.

 

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ

Р/с Авторы, атауы, шыққан жылы Саны
кітапх. (саны) кафедрада (саны) электронды форматтағы әдебиеттер Қамтамасыз етілуі %
  В. И. Загвязинский,Р. Атаханов. Методология и методы психолого-педагогического исследования Экземпляры всего:34 - Ч/З№1(2), Хр(19), ХР(2), АБ 2 Корп(10), чз№1(1) -    
  Богданов И. В Методология экспериментального психологического исследования Экземпляры: всего:2 - СБО(2)     +  
  Измерение в психологии и планирование психологического эксперимента. Экземпляры всего:5 - ЧЗ№1(2), чз№1(1), ХР(2)   +  
  Богданов И. В. Специфика экспериментальных исследований в различных областях психологии и особенности представления результатов психологического эксперимента. Экземпляры всего:2 - Хр(1), ЧЗ общ(3)   - +  
  Т. В.Корнилова Экспериментальная психология Экземпляры всего:67 - ЧЗ№1(1), ХР(47), корп. 2(12), Хр(4), Ч/З №1(1), ЧЗ 2 Корп(2)   -  
  Дружинин, В. Н.: В. Н. Экспериментальная психология Экземпляры всего:1 - ЧЗ№1(1)     +  
  Готтсданкер, Р. Основы психологического эксперимента Экземплярывсего:2 - ЧЗ№1(2) - +  
  Корнилова, Т. Экспериментальная психология. Теория и методы Экземпляры всего:4 - Хр(3), ЧЗ№1(1)   - -  
  Никандров, В. В. Экспериментальная психология Экземпляр: всего:43 - хр(1), ХР(40), ЧЗ№1(2) - - -
  Корнилова, Т. В. Экспериментальная психология: Практикум [ЭР]: учеб.пособие Экземпляр: всего:5 - ЧЗ№1(2), Хр(1), ХР(2)   - -  

 

 

ПӘН БОЙЫНША ӨЗІНДІК ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ

МӨЖ және ОМӨЖ тақырыптары Берілген мерзімі СӨЖ қабылдау мерзімі
№1 Қазіргі замандағы эксперименталды психология түсінігі.    
№2 Ғылыми-зерттеу кезеңдері: теориялық, әдіснамалық, эксперименттік, аналитикалық.    
№3 Психологиялық зерттеудің әдістері, және олардың қысқаша сипаттамасы.    
№4 Психологиялық зерттеу және психолог тұлғасы.    
№5 Психологиялық зерттеулердегі эксперименттік әдістің ерекшелігі. Эксперименттік зерттеу модельі.    
№6 Экспериментатор және психологиялық ғылыми-зерттеу жұмысының ерекшелігі.    
№7 Психологиялық өлшеу теориясы.    
№8 Психологиялық экспериментті жоспарлау    
№9 Корреляциялық зерттеулердегі бақылаудың ерекшелігі    
№10 Психологиялық зерттеуді ойлау    

ДӘРІС КЕШЕНІ

І МОДУЛЬ.

ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭМПИРИКАЛЫҚ БІЛІМ

№1 тақырып. Психологиядағы теориялық білім

Дәрістің жоспары:

1. О.Конттың адам білімін дамыту тұжырымдамасы.

2. Эксперименталды психологиядағы В.Вундттың идеясы.

3. Г.Фехнермен Г.Эббингауздың психофизикалық эксперименттері.

4. А.Ф.Лазурскийдің «табиғи эксперимент» тұжырымдамасы.

5. Ғылыми парадигмалар және әдістемелер туралы түсінік.

6. Ғылыми зерттеулердің негізгі принциптері.

7. Психологияны зерттеудің негізгі методологиялық принциптері.

Кілт сөздері:

1. Эксперимент – жалпылауға болатын нәтижелерді алу мақсатымен болмысты өзгертуді алдын ала жоспарлау шартында өткізілген зерттеу, эксперименталды гипотезаны тексеру құралы.

2. Эксперименталды схема – эксперименталды гипотезаны адекватты тексеру үшін сыналушыларға тәуелсіз өзгергіштіктің әртүрлі шарттарын беру жоспары.

3. Эксперименталды гипотеза – экспериментке тексерілетін кейбір болжамдарды нақтыландыру.

Әдебиеттер:

1. В. И. Загвязинский,Р. Атаханов. Методология и методы психолого-педагогического исследования - М.: ИЦ "Академия", 2003.

2. Теоретическое и эмпирическое знание в психологии. 2008 - [ЭР]: рабочий учебник - http://lib/library

3. Богданов И. В. Методология экспериментального психологического исследования. 2008 - [ЭР]: рабочий учебник -

Дүниені танып білуде бірнеше жолдарды атауға болады. Ең кең және танымалы – «тұрмыстық». Онда дүниені танып білу ата-аналар тәжірибесінен немесе тікелей өз басымыздан өткен тәжірибелер арқылы танылады. Дүниені танып білудің ғылыми жолы принципиалды түрде ерекшеленеді.

О.Конт дүниені танып білудің бірізді 3 түрлі фазасын анықтайды:

1. Діни – индивидуалды сенім және дәстүрге негізделген.

2. Пәлсапалық – белгілі бір қағидаға негізделген автордың сезіну. Ол рационалды және ой қорытындалған.

3. Позитивті – жүйелі бақылау немесе эксперимент барысында нақты деректерге сүйенген, ғылыми білім.

Танып білудің алғашқы екі фазасында дүниенің суреттемесі бір-біріне қарсылықсыз, бірлікте. Сондықтан адамға өз-өзіне сенім, тұрақтылық береді. Бұл фазаларда сенім негізгі рөл атқарады. Ғылым сенімге негізделмейді. Кез-келген ғылыми түсінік тексеріліп, дәлелденуі тиіс. Ғылыми түсініктерді тексерудің негізгі әдісі – эксперимент.

Эксперименталды әдістің пәлсапалық әдістен айырмашылығы жүйелі білімге негізделген. Ол рефлексивті ойлаудың талабына сай. Пәлсапада пайымдау ойлау заңдылығына бағынады.

Танып білу үрдісінің екі жолын ажыратуға болады. Идеографиялық – жеке, бірлі-жарымды құбылыстар мен оқиғаларды бақылау. Номотетикалық – зарттеудің негізгі мақсаты жалпы даму заңдылығын анықтау, объектілердің өмір сүруі мен бір-бірімен қарым-қатынас әсері.

Идеографиялық бағыт тарихи құбылыстардың жеке даралығын түсінуге негізделген; эксперимент өзге зерттеу әдісі ретінде пайдаланылмайды. Номотетикалық бағыт шындық жағдаятында қарым-қатынас туралы жалпы түсінікті қарастырады.

Классикалық ғылым негізінде верификация принципі жатады. Бұл принцип бойынша кез келген ғылыми дерек, теориялық қағида тексеруді қажет етеді. Ғылыми теория көптеген экспериментті қажет етеді.

Фаллибиллизм – ғылыми теорияның бір бағыты. Барлық теориялар қателіктерден тұрады деп қателесуге болмайды дегенді білдіреді.

Деректердің жиналуы, басқа теориялардың пайда болуды «ғылыми революцияны» - ғылыми парадигманың алмасуын тудырады.

Парадигма (грек сөзі – мысал, үлгі – дегенді білдіреді) белгілі бір тарихи кезеңде үлгі бойынша зерттеуді ұйымдастырудың ғылыми жетістікке негізделген жүйе. Бұл түсінікті американ ғалымы Т.Кун еңгізген.

Адам әрекетінің белгілі бір аймағы «ғылым» деген атаққа ие болу үшін үш негізгі талапқа жауап беруі тиіс:

- өзінің зерттеу объектісі болу тиіс;

- өзінің зерттеу объектісі мен методологиясының болуы;

- өзінің ғылыми қарым-қатынас тілінің болуы;

ХІХ ғасырдың екінші жартысында жоғарыда аталған жағдаяттар туды. Бір жағынан сол кездегі өмір сүріп отырған ғылымдар – физика, биология, медицина «жанды» зерттеу мақсатын түсіндіре алады. Жан немесе психиканы түсіндіретін принципиалды, жаңа ғылыми түсініктің пайда болу қажеттілігі туды. Қоғамның өзгеруі, өнеркәсіәптің дамуы да енді практикалық мақсатты туғызды. Осы құбылыстардың бәрі жаңа, ғылыми психологияның пайда болып дамуына әсер етті.

«Психология» термині 1500 жылы Марбург қаласының профессоры Гокленнус есімімен байланысты. Келесі бір дерек бойынша «психология» терминін неміс философы Ломоносовтың ұстазы Христиан Вольф 1732 жылы енгізген. Ол Афродитаның баласы Эросқа ғашық болған гректің Психея атты мифологиялық әңгімесін пайдаланады.

Психологияның даму жолы ұзақ болды.

1. Ғылымға дейінгі психология. Бұл кезеңде адам өзін және басқа адамдарды әрекет пен қарым-қатынас үрдісінде тікелей танып білдіреді. П.Жаненің айтуынша, «Бұл халықтың психологтарға дейін өздері жасайтын психологиясы»,- дейді.

2. Пәлсапалық психология. Психология пәлсапалық жүйеде қарастырылады.

3. Ғылыми психология 1860 жылы неміс ғалымы Г.Т.Фехнер өзінің «Психофизика элементтері» деген еңбегін жариялайды. Х.Вольф пен Гальтон идеяларын Фехнер бірінші болып эксперименталды әдіс реттеуде қолданып, психикалық құбылыстардың зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеуден өткізеді.

4. 1879 жылы Лейпцигте В.Вундт алғашқы психологиялық лаборотория құрады. Фехнерге қарағанда Вундттың ғылымға тигізген әсері ол жүйелі лаборотория құрып, ғылыми мектептердің пайда болуына әсерін тигізді. Сондықтан, В.Вундт ғылыми психологияның атасы болып есептеледі.

2) А.В.Лазурский психологияның дамуына үлкен үлес қосқан орыс психологы.

Эксперименталды психология – психологиялық пәндер құррылатын басқа эксперименталды психология негізін меңгеру психологиялық кез-келген саласын түсінуге қажет. В.В.Никандровтың айтуынша «эксперимент» категориясын әртүрлі авторлар, әр түрлі түсіндіреді. Дәстүрлі түрде экспериментті тар мағынада емес кең мағынада түсінуу керек, себебі жаңа ғылыми білімді анықтауға құрылған экспериментті эксперименталды психология қарастырады.

Ғылыми психология бос жерден пайда болған жоқ. «Ғылымға дейінгі кезеңін» алып қарастырсақ та, онда зерттеулер жүргізілгенін көруімізге болар, мысалы: ІІІ ғасырда б.э. Немеций көз 3-4 элементті бір мезгілде бірден қабылдай алатынын анықтаған. К.А.Рамуль алғашқы эксперименттер ХVІ ғасырда жасалған деген деректер бар дейді. Ал ХVІІІ ғасырда бұндай деректер көптеген кездеседі. Оның айтуынша:

1. Алғашқы психологиялық тәжірибелер ғылыми мақсатқа сәйкес емес кездейсоқтық мінездемеге ие болған.

2. ХVІІІ ғасыр зерттеушілері ғана психологиялық эксперименттерді ғылыми мақсатқа байланысты жүйелі пайдалана бастады.

Бұл зерттеулер көбінесе қарапайым көру түйсіктеріне байланысты.

Алғашқы психологтар физиолог (Вундт, Бине, Павлов) болуы, кейде дәрігерлер (Бехтерев) немесе физиктер (Бугер, Вебер, Фехнер, Гельмгольд) облды. Олар психологиялық проблемаларды жаратылыстанушы ретінде қарастырды. Алғашқы 1860 жылы «Психофизика элементтері» атты Г.Т.Фехнердің туындысы эксперименталды психология алғашқы еңбегі болып табылады. Осылайша, психофизиканы жан мен тән қарым-қатынасының нақты теориясы яғни дене әлемі мен психика әлемі қарым-қатынасы деп қарастырды.

Алғашқы ірі психологиялық трактат Вундт (1873-1874) трактаты «физиологиялық психология» деп аталды, алғашқы француз лабораториясы (1889) Бонк, кейін Биненің физиологиялық психология лабороториясы деп аталды.

Осылайша, алғашқы қадамын жеке дара ғылым ретінде жасауды психология әлі де болса өзінің қайнар көзі – физиология мен физикадан бөліне алмады. В.Вундт (1832-1920) «эмпирикалық» экспериментке дейінгі психологияны эксперименталды психологияға айналдырды. 1879 жылы пайда болған психологиялық лабороторияда дүйние жүзінің көптеген психологтары білім алды. Фехнер Вундтан бұрын зерттеу жұмысын жүргізгенімен Вундт лабораториясында ғана алғашқы психологиялық мектеп пайда болды. Вундт объективті бақылауды интроспекция әдісімен үйлестіруді белсенді пайдаланды. Объективті бақылау ғана интроспективті әдісті психологиялық эксперимент деп атайды. Өзінің психофизикалық эксперименттерінде Фехнер мына талаптарды орындады:

а) арнайы әзірлеген психофизикалық әдістерді пайдалану; б) қайта-қайта қайталау негізінде эксперименттің дәлдігіне, беріктігіне жету оның нәтижесін математикалық әдіспен өңдеу.

Өзінің «Ес» туралы (1885) еңбегінде Эббингауз эксперименталды психологиялық мақсатын белгілі бір құбылыстар мен факторлардың функционалды байланысын өзін-өзі бақылау арқылы емес, белгілі бір мақсаттарды шешу жетістігіне байланысты түсіндіру деп қарастырады.

Ресейде психологиялық дамуы физиология саласынан басталады. И.М.Сеченов «Психологияны кім және қалай дамытады?» деген мақала жазады. «Кім?» деген сұраққа ол: физиологтар, «қалай» деген сұраққа – релекстерді зерттеу арқылы деп жауап береді. И.П.Павлов Сеченевтің шәкірті болмаса да оның еңбектерінің әсері терең болды. И.П.Павлов (1903) шартты рефлекстерді ашады. Алғашында оны психикалық деп атаған болатын. В.М.Бехтерев 1907 жылы Санкт-Петербургте Психоневрологиялық институт құрады. 1910 жылы Бехтеров «Объективті психология», ал 1917 жылы «Адам рефлексологиясының жалпы негіздері» атты еңбектері жарық көрді. Бехтеров рефлексология терминін еңгізді. Рефлексология – ішкі және сыртқы тітіркенгіштерге жауап қайтару реакциясын зерттейтін ғылыми пән.

Осылайша, Павлов пен Бехтерев Уотсыннан бұрын объективті психология негізін қалаған. Оны психология деп атамаса да тәртіп туралы ғылым деп атаған.

3) Кез-келген ғылымның өзінің методология ретінде анықтайтын принциптері болады. Эксперименталды психологияның да өзінің методологиялық принциптері бар.

Детерменизм принциптері.

Психологиялық құбылыстар организмнің сыртқы орта байланысымен алдын ала анықталған. Сыртқы ортаның жүйелі байланыссыз психика адекватты емес болып жұмыс істей бастайды. Психикалық құбылыстар сыртқы ортадан тыс бола алмайды. Механистік детерменизмнен айырмашылығы онда, себеп салдардың алдында болады. Психика ортамен байланысты яғни сыртқы себептер әрекеті ішкі шарттармен жанамаланады.

Физиологиялық және психикалық бірлік принципі.

Жүйке жүйесі психикалық процесстердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Психикалық құбылыстарды физиологиялық процестермен бірдей деп түсіндіруге болмайды. Психикалық құбылыстардың психологиялық модель құрылысын физиологияға сілтеме жасамай-ақ зерттеуге болады.

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі.

Қысқаша оны былай көрсетуге болады: сана іс-әрекетте. Ал іс-әрекет санада. Психологиялық дерек – тәртіп, оны белгілі-бір қарым-қатынас сызбасы арқылы түсіндіруге болады.

R = F (P, S)

Мұндағы R – тәртіп; Р – жеке бас; S – жағдаят. R мен S бір-бірінен тәуелсіз айнымалы емес, олар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста: жеке бас жағдаятқа әсер етеді; жағдаятта жеке басқа әсер етеді. Бұл қарым-қатынастар сана және санадан тыс деңгейде де болады.

Іс-әрекет жеке бастың ортамен байланыс жүйесін құрайды. Жеке бас бұл жағдайдан тыс өмір сүре алмайды. Бұл жүйе саналы және мақсатты түрде жеке басты қалыптастырады.

Даму принципі. (тарихи принцип, генетикалық принцип).

Даму материяның қасиеті болып табылады. Ми – жүйке жүйесінің ұзақ тарихи даму нәтижесі. Психика – тарихи және әлеуметтік-экономикалық шарттар негізінде қалыптасты. Даму принципі құбылыстарды үздіксіз қозғалыста қарастырады.

Объективтілік принципі.

Объективтілік принципінің мазмұны объектіні тануда субъектіге тәуелсіздіген мойындау.

Құрылыстық принцип.

Б.Б.Коссовтың айтуынша “кез-келген психикалық құбылыстар біртұтас жүйелі процесс ретінде қарастырылуы тиіс. Субъекті мен ортаның байланысы іс-әрекетте көрінеді”. Кез-келген құбылыс біртұтас, жүйе ретінде түсіндірілсе онда оның өзінің бірнеше құрылысқа біріккен әлеуметтері болып, байланыста болады. Кез-келген біртұтас құрылысты жүйелі құрылыстық анализ арқылы қарастырады.

4) К.Хольцкамп эксперименталды деректер мен теориялық түсініктердің жаңа теорияның пайда болуына тигізетін әсерінің ара қатынасын талдайды. К.Хольцкамптың айтуынша, “қазір және осында” атты формада деректерді талдау қажет.

Бағыттаушы теориясыз ғалымдар бағытқа ие баға алмайды. Олар әр түрлі деректерді жинаумен ғана шектеледі. Ч.Дарвин: “Теориясыз бақылаудың болуы мүмкін емес”, деген.

Біздің теория пайдалы болады егер ол:

  1. Көптеген бақылауды нәтижелі ұйымдастырса.
  2. Анық болжамдарды теориялық тексеру немесе практикалық тапсырма кезінде қолданылса.
  3. К.Хольцкамп эксперименттердің төрт “формалды басымдылықтарын” ажыратады:
  4. “Эксперименталды болжауды” теориялық негізде қалыптастыру, экспериментті жоспарлау.
  5. Экспериментті ұйымдастыру және өткізу.
  6. Эксперименттің экологиялығын бағалау (эксперимент жағдаятының зерттелінетін шындыққа сәйкестік деңгейі).
  7. Эксперименталды нәтиженің теориядан ауытқуын бағалау.

Б.Г.Ананьев эксперименттің рөлін психологиялық зерттеуде ерекше екенін атап көрсетеді.

В.Н.Дружинин психикалық регуляция деңгейлік пен эмпирикалық суреттеме әдістерінің байланысын қарастырып, мынандай деңгейлерге бөледі:

- физиологиялық деңгей

- психофизикалық

- сенсорлы-прецептивті процесс

- психиканың интегративті деңгейі (ойлау, мотивация)

- жеке бас

- индивидуалдылық

 

№2 тақырып. Ғылыми зерттеулер, принциптері мен құрылымы.

Дәрістің жоспары:

1. Ғылыми зерттеу принциптері: Идеалды және нақты эксперимент ұғымы.

2. Ғылыми зерттеу кезеңдері: теориялық, әдістемелік, эксперименттік, аналитикалық.

3. Ғылыми зерттеу типтері. Теориялық және эмпирикалық, фундаменталды және қолданбалы, аналитикалық және кешенді зерттеулер.

Кілт сөздері:

1. Зерттеу көздері- ғылыми және арнайы әдебиет, мұрағаттық құжаттар мен қызмет өнімдері

2. Зерттеу әдістері- зерттеу қызметінің мерзімдері, негізгі кезеңдері.

3. Зерттеудің кезеңдері мен процедуралары- бұл теориялық болжамдар мен практикалық ұсыныстардың тиімділігіне қатысты шынайы ақпарат алуға мүмкіндік беретін психология мен педагогикадағы зерттеу.

Әдебиеттер:

1. В. И. Загвязинский,Р. Атаханов. Методология и методы психолого-педагогического исследования - М.: ИЦ "Академия", 2003.

2. Теоретическое и эмпирическое знание в психологии. 2008 - [ЭР]: рабочий учебник - http://lib/library

3. Богданов И. В. Методология экспериментального психологического исследования. 2008 - [ЭР]: рабочий учебник - http://lib/library

Қазіргі кезде психология ғылымы өте көп фактілі материалдар жинады, дамыған эксперименттік әдістемелік аппараттарын қалыптастырды. Бірақ та осы эксперименттік фактілердің көп болуы психологиялық зерттеуде дезорганизациялық қызмет атқарып, ғылымның ары қарайғы дамуын тежеуі мүмкін. Осы мақсатта зерттеудің теориялық, әдіснамалық негіздері қарастырылады. Қазіргі кезде теориялық, әдіснамалық зерттеулердің даму қажеттілігі айқын көрінеді. Олардың міндеті, алынған фактілік материалды белгілі-бір жүйеге негіздей отырып реттеу, мақсатқа бағыттала отырып жаңа материалды алу. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, яғни әдіснамалық негізді қалыптастыру үшін, зерттеудің категориялары, ұстанымдары анықталуы керек. Әдіснама – бұл шындықты ғылыми жолмен танудың және қайта өңдеудің әдістері, формалары, ұстанымдары туралы ілім. Теория - бұл қандай да болмасын жүйені түсініктер, заңдар, ұстанымдар арқылы жалпы түрде сипаттау. Ұстаным – бұл қандай да бір теорияның, тұжырымдаманың алғышарты, негізгі түсінігі. Ұстаным практикада, әдісте көрінеді. Ұстанымдар зерттеу әрекетінің неғұрлым тұрақты, өзгермейтін қағидалары. Ал, әдістер ғылыми бағытқа байланысты, теорияға байланысты өзгеріп отырады. Әдіс -біріншіден оқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі; екіншіден табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын, қоғамды, жалпы танымды зерттеудегі ережелер жүйесі; үшіншіден, танымда және практикада белгілі нәтижелерге жетудің тәсілі. Әдіс-метод. Әдістеме -методика –бұл қандай да болмасын әдісті қолдануға мүмкіншілік беретін нақты тәсілдердің жиынтығы. Зерттеу процедурасы – бұл зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу тәсілі немесе зерттеу барысында талқыланатын барлық танымдық және ұйымдастырушы әрекеттердің реті. Жалпы ғылыми психологиялық зерттеулерде әдіснамалық ұстанымдардың 4 деңгейін бөліп көрсетуге болады:

  1. философиялық методологиялық принциптер деңгейі;
  2. жалпы ғылымдық деңгейдегі ұстанымдар;
  3. жалпы психологиялық деңгейдегі ұстанымдар;
  4. нақты эксперименталды психологиялық деңгейдегі ұстанымдар.

Психологиялық зерттеу жүргізудің кезеңдері.

1. Зерттеу бағдарламасын талдау:

2. Эмпирикалық объектілерді анықтау:

Психологиялық зерттеу бағдарламасының тараулары: 1. әдіснамалық тарау – ғылыми мәселені, зерттеу мақсатын, міндеттерін анықтау; негізгі түсініктерді интерпретациялау, теориялық талдау жасау; болжамдарды шығару. 2. әдістемелік-процедуралық тарау - зерттеудің жоспары жасалады; қолданылатын әдістемелер анықталады.

Таңдау тобы -эмпирикалық зерттеу жүргізілетін генералды жиынтықтың бір бөлігі. Таңдау тобында алынған мәліметтер тұтастай генералды жиынтыққа ауыстырылады. Ол үшін таңдау тобы репрезентатаивті болуы қажет, яғни генералды жиынтықтың сипаттары таңдау тобында көріну керек. Таңдау тобының негізінен екі түрі болады: кездейсоқ және мақсатталған.

Зерттеу объектісі - зерттеу мәселесіне сәйкес зерттелінетін құбылыс немесе процесс.

Пәні - объектінің нақты зерттелінетін аспектісі.

Психологиялық эксперименттің түрлері:

  1. Табиғи эксперимент. Бірінші рет Лазурский енгізген.
  2. Лабораториялық. Бірінші рет Вундт енгізген. Бұл эксперимент 2-ге бөлінеді: камералық (техникалық құралдар қолданылмайды), лабораториялық (техникалық құралдар қолданылады).
  3. Констатациялық эксперимент – қандай да бір ерекшеліктердің, құбылыстардың бар екендігін дәлелдейді.
  4. Көлденең кесетін эксперимент (поперечный) – осы сәттегі психикалық ерекшеліктерді зерттеуге арналған эксперимент.
  5. Лонгитюдттік эксперимент – узақ уақыт бойы жүргізіледі, психикалық құбылыстардың динамикасын анықтауға арналған.
  6. Қалыптастырушы эксперимент – экспериментатор арнайы әсер арқылы өзіне қажетті психикалық ерекшеліктерді (өзгерістерді) қалыптастырады. Эксперименталды және бақылаушы топты қажет етеді және ұзақ мерзімде жүргізілуі тиіс.

Мінсіз (идеалды) эксперимент. Бұл эксперименталды әсер мен эффектісі арасында байланыс реалды жағдайда ешқашан 100% бола алмайтын эксперимент. Мінсіз эксперименттің схемасын білу реалды экспериментті жетілдіру үшін қажет. Мінсіз эксперименттің 3 түрі: 1.Идеалды экспериментте тек ғана тәуелсіз айнымалы өзгереді, басқалары өзгеріссіз қалады. Тәуелді айнымалыға тек тәуелсіз айнымалы әсер етеді. 2. Шексіз эксперимент. Эксперимнт негізінде шексіз мәліметтер алынады. 3. Толық сәйкестік эксперименті. Мұнда бір ғана зерттелушіге бір мезетте тәуелсіз айнымалның бірнеше түрі ұсынылады, және соның эффектісін анықтау, өлшеу жүргізіледі. Мінсіз эксперименттің бұл 3 түрі де ойша эксперимент ретінде пайдаланады және реалды экспериментті дұрыс жоспарлау үшін негізгі басқарушы принцип болып табылады.

І. Эксперимент жүргізуге қойылатын талаптар

  1. Эксперименттің алғышарты эксперименттің қадамын жоспарлау;
  2. 2-ші қадам эксперимент барысын регистрациялау, тіркеу, хаттамаға енгізу. Тәуелсіз айнымалы (яғни экспериментатор өзгерте алатын айнымалы) мен тәуелді айнымалы (яғни эксперимент нәтижесінің әсерінен туындайтын айнымалы) анықталады. Эксперименттің негізгі қорытындысы тәуелді және тәуелсіз айнымалылардың арасындағы байланысты айқындау.

Кез-келген эксперимент болжам негізінде жүргізіледі және міндетті түрде айнымалылардың кері байланысын көрсететін контргипотеза туындайды, қалыптасады. Эксперименттің мақсаты екі болжамды да нақтылап тексеріп, қайсысының дұрыс екендігін анықтау болып табылады.

ІІ. Хаттаманың құрылымы

а) эксперименттің болжамы;

б) тәуелсіз айнымалыны анықтау, бағалау тәсілін іздестіру;

в) бағалау, өлшеу тәсілдерін анықтау;

г) эксперимент барысындағы басқа жағдайларды, артефактілерді есепке алу;

д) эксперимент жүргізуді кезеңдерге бөлу;

ж) зерттелушінің нәтижесіне алғашқы сипат беру;

з) нәтижелерді талдау және зерттелініп отырған болжам туралы шешім шығару.

ІІІ. Эксперименттің сипатталуы

Пункттер:

  • эксперименттің мақсаты туралы қысқаша түсінік;
  • зерттелушілер контингентіне сипаттама беру;
  • эксперименттік құрал-жабдықтар;
  • эксперименттің процедурасы;
  • эксперименттің барысы, нәтижелері;
  • нәтижелерді талдау;
  • белгілі-бір шешімдер қалыптастыру.

Теориялық зерттеулердің мақсаты - зерттеу объектісімен қоршаған ортаның арасындағы байланысты көрсету және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін талдау мен түсіндіру, жалпы заңдылықтарды тауып, оларды қалыптау.

Теориялық зерттеулердің бағыттары – зерттеу әдістерінің нәтижелерін қорытындылау, оларды өңдеу арқылы жалпы заңдарды табу, зерттеу нәтижелерін ұқсас объектілер үшін қолдану, тәжірибелік зерттеулердің сенімділігін арттыру.

Француз философы Р. Декарт мүшелеу әдісін ұсынды. Осы әдіс бойынша маңызды не маңызсыз параметрлер, негізгі элементтермен олардың байланысы бөлектенеді. Бұған қарсы біріктіру әдісі қолданылды, ол объектіні кешенді түрде зерттеуге байланысты. Жүйелердің жалпы теориясы кейбір биологиялық объектілерді зерттеу кезінде пайда болды Л. Берталанфи. Бұл бағыт философиялық тұғырнама ретінде дамыды.

Теориялық зерттеулерді жүргізу бірнеше сатылардан тұрады. Оперативтік шұғыл сатыда техникалық қайшылықтарды жою, қоршаған ортаның өзгерісі, есепті шешу үшін басқа ғылым саласын қолдану, т.б. қарастырылады.

Синтетикалық сатыда объектінің бір бөлігінің өзгерісінің оның басқа бөліктеріне әсері, өзгерген объектіні жаңаша қолдану жолдары қарастырылады. Бұл алғашқы сатылардың нәтижесінде мақсатты анықтау сатысына көшуге болады.

Талдау сатысында шынайы соңғы мақсатты анықтау, оған кедергі болатын жайттарды білу, т.б. жүргізіледі.

Тәжірибеде кезігетін есептерді математикалық тәсілдермен шешу үшін мақсатты математикалық жолмен өрнектеу, яғни оның математикалық үлгісін жасау қажет. Есепті математикалық өрнектеу сандар, геометриялық өрнектер, функциялар, теңдеулер жүйесі түрінде болады. Математикалық үлгілеудің бірінші сатысында есептің бағытын анықтау, зерттеудің мақсаты мен объектісін және критерийлерін белгілеу жасалады.

 

№3 тақырып. Психологиялық зерттеу әдістері

Дәрістің жоспары:

1. Психологиялық зерттеу әдістері, және олардың қысқаша сипаттамасы.

2. Тестілеу ережесі. Деректер мен нәтижелерін түсіндіру, өңдеу. Тест тапсырмаларын дайындау.

3. Эксперимент - зерттеу әдісі.

4. Психофизиологиялық әдістер. Азформалды әдістер. Проекциялық әдістер. Сауалнама. Бақылау. Бақылау түрлері.

Кілт сөздері:

Сұхбат әдісі – қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тәсілі.

Индуктив әдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуі.

Дедуктив әдіс – жалпы пікірден жеке қорытынды жасау.

Әдебиеттер:

1. В. И. Загвязинский,Р. Атаханов. Методология и методы психолого-педагогического исследования - М.: ИЦ "Академия", 2003.

2. Теоретическое и эмпирическое знание в психологии. 2008 - [ЭР]: рабочий учебник - http://lib/library

3. Богданов И. В. Методология экспериментального психологического исследования. 2008 - [ЭР]: рабочий учебник - http://lib/library

Эксперимент – объективті әдіс. Зерттелінетін құбылысқа арнайы жасанды жағдаяттар әзірленеді де, сол құбылыс анықталады, көрінеді, бағаланады. Эксперименттің негізгі жетістігі зерттелінетін феноменнің себеп-салдарлық байланысы басқа феномендермен салыстырылады, ғылыми түрде құбылыстардың пайда болуы мен дамуы түсіндіріледі. Эксперимент лабораториялық және табиғи болып бөлінеді.

Лабораториялық эксперимент зерттелінетін құбылыстардың тереңірек бағалау үшін жасанды жағдаяттар әзірлейді.

Табиғи эксперимент қалыпты өмір жағдайында жасалынады. Экспериментатор эксперимент барысында араласпайды, оның өтілу барысын сол қалпында белгілейді. Табиғи экспериментті алғаш қолдануға енгізген орыс ғалымы А.Ф.Лазурский болды. Табиғи эксперимент нәтижесі кейде қатаң бақылау болмағандықтан, толық болмауы мүмкін.

Үлгілеу – психологиялық ғылымның келесі бір әдісі. Бұл әдісті жеке әдіс деп қарастыруға болады. Бұл әдісті басқа әдістерді пайдалануда қиындық келтірген кезде пайдаланған тиімді. Үлгілеу психикалық құбылыстарды зерттеу барысында ол туралы белгілі бір хабарламаны пайдалану кезінде сыналушының өзінің нақты қатысуынсыз да жүргізілуі мүмкін. Үлгілеу: техникалық, логикалық, математикалық, кибернетикалық т.б. болып бөлінеді.

Зерттеу кезінде объектілерді іріктеуде жіктемелердің маңызы өте кең. Критерии негізгі сапалар жиынтығын анықтап, оны белгілі бір класқа байланыстығын анықтайды. Пирьов осындай бірнеше дербес әдістерді атады.

Жанама Әңгімелесу Бақылау.

  1. Бақылау
  1. Объективті бақылау- тікелей бақылаудан тұрады. Ол топ адамдарының белсенділігін өмір сүру үрдісінде жекелей бақылайды.
  2. Объективті бақылаудың ерекше формасы ретінде Пирьов объективті –клиникалық бақылауды айтады.
  3. Сауалнамадан тұратын жанама бақылау.Жанама бақылаудың кең тараған түрі – адам іс- әрекеті өнімін талдау.
  1. Субъективті бақылау.(Өзін- өзі бақылау)
  1. Тікелей өзін - өзін бақылау – адамның өзінің сөздік есебі.
  2. Жанама өзін - өзін бақылау – күнделік, хат адамның еске түсіруі, деректерді зерттеу.

Эксперимент.

1.Лабораториялық эксперимент.

  1. Классикалық- реакцияларды тіркеу әдістемесі, психофизикалық әдістер т.б.
  2. Психометрия (индивидулды, топтың стандартты өлшеудің тестік әдістері, шкалалау т.б.)

2.Табиғи эксперимент

Ойын, оқу іс- әрекет жағдайында өтеді. Н.Н Лазурскийден кейін психологияға кеңінен енді.

  1. Психологиялық- педагогикалық эксперимент..

Н.Н.Лазурскийдің табиғи экспериментінен кейін 30 жыл пайда болды. Оқушының оқу сапасын арттыруға арналған түрлері.

1. Констатациялаушы

2. Қалыптастырушы

Үлгілеу. Инженерлі және когнитивті психологияда кеңінен пайдаланылатын кибернетикалық түрі.

Психологиялық мінездеме. Зерттеудің синтетикалық түрі. Ол зерттеу мен эксперимент нәтижесіне сүйенеді.(ойлау ерекшелігі) ес, темперамент, сөйлеу, эмоциялар, статус т.б.

Көмекші әдістер.

  1. Физиологиялық, фармакологиялық, биохимиялық т.б.
  2. Математикалық

3.Графикалық

Арнайы әдістер.

  1. Генетикалық әдіс. (онтегенездік және филогенетикалық аспектілерді қарастырады)
  2. Салыстырмалы зерттеу әдістер (Мыс: бала психикасы дамуы мен маймылдың баласын зерттеу)
  3. Патопсихологиялық әдіс.(қалыпты жағдайдан ауытқуды зерттеу)

Пирьов әдістерді эмпирикалық (бақылау эксперимент) және теориялық (үлгілеу,психологикалық мінездеме әдістері т.б.) әдістер деп бөледі.

Б.Г.Ананьев психологияның зерттеу әдістерін зерттеу әдістеріне байланысты қарастырады.

1. Ұйымдастырушы: салыстырмалы, лонгитюдті, комплексті.

2.Эмпирикалық

1) бақылау, өзін-өзі бақылау

2)эксперименталды әдіс- шалғынды эксперимент, лабораториялық эксперимент,табиғи, табиғи емес, қалыптастырушы, психологиялық- педагогикалық эксперимент.

3)психодиагностикалық әдістер (стандартты, проективті, сауалнама, сұхбаттасу, әңгімелесу)

4)праксиметриялық (хронометраж, циклография, профессиография, өтілуі бағалау)

5)үлгілу

6) библиографиялық

Эмпирикалық таңдауды өңдеудің әдіс- тәсілдері

  1. математикалық статистикалық әдістер
  2. материалдың сапалық мінездемесі.

4. Интерпретациялық әдістер.

1. Генетикалық – зерттеу материалдары даму фазасы, стадиясы, шарықтау шегі, жеке бастың қалыптасу ерекшелігін түгелдей қамтиды.

2. Құрылыстық - әлеуметтік топ, типтер арасындағы байланыс т.б. қарастырады.

Б.Г. Ананьев жіктемесі барлық зерттеу кезеңдерін қамтитын әдіс- тәсілдер жинағы.

М.С.Роговин мен Г.В.Залевский зерттеудің 6 негізгі әдістерін ажыратады.

1. Герменевтикалық әдіс- субъект мен объекті бір- біріне қарсы емес, ойлау операциясы мен зерттеу әдістері бірлігін қарастырады.

2. Биографиялық – психика туралы білімді біртұтастықта танып білу.

3. Бақылау – объект пен субъект дифференциациясы.

4. Өзін- өзі бақылау- субъектіні объектіге айналдыру.

5. Клиникалық – сыртқы бақылаудан ішкі бақылауға көшу.

6.Эксперимент - танып білу үрдісінде объектінің белсенділігін есепке алу.

В.Н. Дружинин 3 әдістемені қарастырады.

1. Эмпирикалық – зерттелінетін субъект пен объект қарым- қатынасының сыртқы реалды әрекеттері.

2. Теориялық – субъект объектіге ойша әсер етеді.

3. Интерпретация және суреттеме.

Эмпирикалық әдістеме жіктемесі: В.Н.Дружинин бойынша

Белсенді Пассивті

Тікелей Эксперимент Өлшеу

Әңгімелесу әдісі.

2.Пікіртерім әдісі.

3.Сұхбат алу әдісі.

4.Сауалнама әдісі.

Сөйлеу қарым-қатынасы арқылы психологиялық ақпарат алу әдістері вербалды-коммуникативті әдістерге жатады. Вербалды-коммуникативті әдістер қарым-қатынас арқылы жасалады. Осындай әдістің бірі -әңгімелесу. Өздік әдіс ретінде кеңес беру, сот, саяси психологияда қолданылады. Практик-психолог психотерапияны қолданған кезде кең пайдаланылады.

Әңгімелесу байланыс жасаудан басталады. Ол ішкі және сыртқы бақылау әдістерімен тығыз байланысты. Бақылау нәтижесінде экспресс-диагностика жасалып, арнайы таңдалған әңгімеге байланысты стратегия қолданылып, қажет жағдайда түзету еңгізіледі. Байланыс жасау кезеңінің негізгі мақсаты респондентте диалогты жалғастыруға деген қызығушылықты ояту.

Психологиялық әңгімелесудің тұрмыстық әңгімелесуден айырмашылығы пікірлесушілердің тәуелсіздігі. Психолог әңгімені бағыттап, сұрақ қояды. Респондент бұл сұрақтарға жауап береді. Осындай теңсіздіктер әңгіменің желісін бұзуы мүмкін, сондықтан әңгімелесуді тергеуге айналдырмау керек. Психолог әңгіме барысында психологиялық хал-ахуалды орнату керек. Респонденттің үздіксіз көңіл-күйін анықтау, оны реттеп отыру керек.

Белсенді тыңдау кезінде екі жағдайға назар аудару керек. Біріншісі, респонденттің ойының мағынасын түсіну. Бұл мақсат дұрыс ұйымдасқан әңгіме арқылы жүзеге асады. Екіншісі, психологтың эмпатиялық аяушылық білдіре алуы. Осы екі жағдай «тыңдау» және «есту» деген түсініктерге әкеледі. В.В.Никандровтың айтуынша «тыңдау» - интеллектуалды мақсатты шешу, ал «есту» - эмоционалды байланысты орнату. Кез-келген әңгіме сөз тіркестерінен тұрады. Алайда кейбір тіркестер респонденттің қорғаныш реакциясын тудырып қарым-қатынастың жатылуын тудыруы мүмкін. В.В.Никандров мынандай тіркестерді атайды:

1. Жауап беруде бұйрық рай («анық айтыңыз!», «қайталаңыз»)

2. Қорқыту, қауіп төндіру («Сіз әлі өкінесіз»)

3. Уәде беру, саудаласу (тыңдаыңыз, мен сізді тыңдаймын)

4. Үйрету, ақыл айту («Бұл дұрыс емес»)

5. Кеңес беру, сипаттау («Мен сізге мынаны ұсынамын»)

6. Келіспеу, кінә арту (сіз ақымақтық жасадыңыз)

7. Келісу, мақтау (сіз дұрыс айтасыз)

8. Шек қою, қысым жасау (а, сіздер барлықтарыңыз бірдейсіздер)

9. Ұрсу, жеку (сұмырай, бәрін бүлдірдің)

10. Интерпретация (а, сіздер айтқандарыңызға өздеріңіз де сенбейсіздер)

11. Тынышталу, жұбату (бәрі де, қателеседі)

12. Тергеу (сіз енді не істейсіз?)

13. Проблемадан қашықтау, қалжыңдау (есіңнен шығарып таста)

Әңгіменің барысын сөзбен де, үнсіз де басқаруға болады. Үнсіз басқару – рефлексивті емес тыңдау деп аталады. Рефлексивті емес тыңдау зейінді үнсіздік іскерлігі. Адам әңгіме барысында өзі көп сөйлеп, аз тыңдағанды ұнатуы. Сондықтан, рефлексивті емес тыңдау әңгіменің нәтижелілігін арттырады. Рефлексивті емес тыңдау келесі жағдайяттарда тиімді:

1. Әңгімелесуші адам өз ойын толық жеткізгісі келеді.

2. Әңгімелесуші адам басқа адамдардың ойын есепке алмай, «ішіндегісін» сыртқа шығарғысы келеді.

3. Әңгімелесуші өз ойын еркін жеткізе алмайды, сондықтан оның әңгімесіне араласпау, оның өзін-өзі тыңдауын жеңілдетеді.

4. Серіктестігінің өзінен жоғары болуы әңгімелесуші адамның эмоционалды тарығуын тудырады.

Алайда рефлексивті емес тыңдаудың тиімсіз жақтары да бар. Біріншіден, байланыс қарым-қатынасы жоғалуы мүмкін. Себебі, психологтың үнсіздігін респондент мақұлдау деп қабылдауы мүмкін. Екіншіден, сөздік әдістерді мүлдем қолданбау байланыс қарым-қатынасының жоғалып, басшылық респонденттің белсенділігіне өтуі мүмкін.

Рефлексивті тыңдау хабарламаның дұрыс қабылдауын бақылауға жағдай жасайды. Бақылауды бағалау себептері:

1. Сөздің көп мағыналылығы. Сөздің қолдану мағынасын анық білу.

2. Ашық өзін-өзі білдірудің қиындығы. Ол белгілі бір ұлттың дәстүрі, шарттарына байланысты.

3. Респонденттің жеке бас қасиетіне байланысты. Мысалы, өз ойын толық жеткізе алмау, өз өзіне сенімінің болмауы т.б.

Әңгімені қолдану үшін рефлексивті тыңдау техникасының төрт негізгі әдістері бар:

1. Анықтау. Әңгімелесуші адамға белгілі бір сұрақтармен нақтылау.

2. Қайтадан сөз тіркесін өңдеу. Әңгімелесушінің өз сөзімен сөйлеуін қадағалау.

3. Сезімдерді бейнелеу.

4. Резюме жасау. Алынған хабарламаның нәтижесін қорытындылау.

Әңгімелесудің түрлері:

1. Терапиялық әңгіме.

2. «Экспериментке еңгізу» - бірлесуге шақыру.

3. Эксперименталды болжаудың мақсатын анықтау үшін эксперименталды әңгіме.

4. Автобиографиялық әңгіме.

5. Субъективті анамнезді жинақтау (сыналушының жеке бас ерекшелігі туралы дерек).

6. Объективті анамнезді жинақтау (респонденттің таныстары туралы дерек).

7. Телефон арқылы әңгімелесу.

8. Сұхбат алу.

Осы жіктемелерді әңгімелесу әдісі арқылы жүзеге асыруға болады.

2) Пікіртерім – берілген сұрақтарға жауап беруді тіркеу арқылы мақсатты ұйымдасқан алғашқы хабарлама алуға арналған арнайы әдіс.

Пікіртерім белгілі бірр жоспар бойынша жүрілуі керек. Ол эксперименталды зерттеуге негізгі әдіс болып енуі мүмкін. Пікіртерім стандартты немесе стандартты емес сауалнамалар арқылы жүреді. Стандартты емес сауалнамаларда респонденттердің индивидуалды реакциясына орай экспериментатор өзгеріс ендіре алады. Стандартты сауалнамалар жалпы зерттелетін проблемалар туралы жалпы түсінік береді. Сауалнаманың ерекшелігі оны жанама және көпшілікке бірден өткізе алуында.

В.В.Никандров сауалнама әдістерін үшке бөледі:

- «бетпе-бет сауалнамасы» - сұхбаттасу

- «жанама сауалнама» - сауалнама жүргізу.

- жеке бастың тестік сауалнамасы.

Сауалнамалардың беріктігін қамтамасыз ету үшін мынандай шарттарды орындау қажет:

1. Әрбір сұрақ логикалық және даралық сипатта болуы тиіс.

2. Арнайы терминдерді, түсініксіз немесе аз қолданылатын сөздерді қолданбаған жөн.

3. Сұрақтар қысқа болуы тиіс.

4. Қажет болған жағдайда сұрақты сілтеме жасап, қайталауға болады.

5. Сұрақ абстрактілі емес нақты болуы тиіс.

6. Сұрақтың шешімі болмауы тиіс.

7. Сұрақ респонденттерді жауап беруге мәжбүр еткізбеуі тиіс.

8. Жауаптардың шаблонды болуынан аулақ болу керек.

9. Респонденттің жағымсыз сезімдерін тудыратын сұрақтардан аулақ болу керек.

10. Сіз осы пікірмен келіспейсіз бе? Деген сұрақтарды қоюға болмайды.

Шешетін мақсаттарына байланысты сұрақтар мынандай түрлерге бөлінеді:

Ашық – жабық. Ашық (құрастырылмаған) сұрақтар ешқандай жауаптың алдын алмайды. Респондент еркін жауап береді. Жабық (құрастырылған) сұрақтар бірнеше жауап нұсқаларын таңдаудан жасалады. Дихотимиялық сұрақтарда «иә-жоқ» деген екі жауап қарастырылған. Егер бірнеше жауаптарды қажет ететін болса, онда сұрақ «бірнеше жауапты таңдау құқығы бар» болып саналады.

Ашық сұрақтардың ерекшелігі:

- табиғи жағдай орнайды

- ойланған жауаптар алуға мүмкіндік болады

- жауаптағы басымдылық көрсететін мотив, сезім, қызығушылықты бейнелеудің жоғары мүмкіндігі.

Ең негізгі кемшілігі - өңдеудің қиындығы. Жабық сұрақтардың жауабын өңдеу жеңіл, алайда ол ойланбаған, автоматты немесе кездейсоқ жауаптардан тұруы мүмкін.

Тікелей-жанама. Тікелей жауап респонденттің де, кореспонденттің де түсінікті жауабынан тұрады. Жанама сұрақта респонденттің ойы жасырын болады.

Жеке-жалпы. Жеке сұрақ тікелей респондентке арналады. Жалпы сұрақ баршаға арналған.

Субъективті-проективті. Субъективті сұрақта респонденттен белгілі бір жағдаятқа байланысты қарым-қатынасты анықтауға арналған. Проективті сұрақта үшінші адам туралы айтылады.

Негізгі-бақылаушы. Негізгі сұрақ зерттеушіге қажет хабарламаны алу үшін қажет. Бақылаушы – алынған хабарламаның беріктігін анықтау үшін қажет.

Қиын-жеңіл. Қиын сұрақтар респонденттердің жауабын қиындатады. Жеңіл сұрақтар тым қарапайым.

Тенденциозды – тендензиозды емес. Тенденциозды сұрақта респондент зерттеушінің көз қарасын жақтайды.

Әдепті-әдетінше. Әдепті сұрақ адамның сыртқа шығарғысы келмейтін ішкі және сыртқы өмірін сипаттайды.

3) Сұхбаттасу – арнайы жоспар бойынша құрылған әңгіме.

Сұхбаттасудың әңгімелесуден айырмашылғы қатаң ұйымдасқан мақсатты әңгімелесушілердің ассиметриялық функциясынан тұрады. Сұхбаттың сәттілігіне екі шарт қажет: қарым-қатынастың жағымды хал-ахуалы, сауатты құрылған сауалнама.Қарым-қатынастың алғашқы фазасына – байланыс орнату. Байланыс фазасы респондентте сұхбат беруге деген қызығушылықты тудыру керек.

Екінші фазада – сұхбаттаушы сұрақтар қоюы тиіс. Сұрақ қою барысында зерттеу затына деген өз қарым-қатынасын байқатпайды. Жауап реакциясы табиғи болады.Қорытынды фазасында әңгіме қорытындысы шығады. Сұхбаттау ұзақтығы қойылатын сұрақтың саны мен респонденттің жеке, дара ерекшелігіне байланысты.

Сұхбат жіктемелері:

- стандартталған немесе формализацияланған. Бұнда сұрақтардың жүйелілігі алдын ала анықталған.

- Стандартты емес, еркін. Сүхбаттаушы жалпы бағдарламаны басшылыққа алады да сұрақтар жағдаятқа байланысты қойылады.

- Жартылай стандартталған.

Стандартталған сұхбатқа арналған ереже:

1. Сыналушының кейбір мінез көрсеткішін анықтайтын сұрақтар тізімде болуы тиіс.

2. Негізгі сұрақтар жеке бастың ерекшелігін, сыналушының әлеуметтік жағдайы туралы хабарлама беру керек.

3. Сыналушының өткені мен қазіргі жағдайына байланысты деректерді анықтайтын сұрақтар қойылуы тиіс.

4. Сыналушының қарым-қатынасын өзгертетін сұрақтар жанама түрде қойылады.

Зерттеу деңгейіне байланысты сұхбатты алдын-ала, негізгі және бақылаушы деп бөледі. Алдын ала сұхбаттасу пилотажды зерттеу кезінде пайдалынылады. Негізгіні – негізгі нәтижені жинау кезінде, ал бақылаушы талас туған кезде пайдаланылады. Санына байланысты сұхбат индивидуалды, топтық, көпшілік болып бөлінеді. Көпшілік сұхбатты көбінесе социологтар пайдаланылады. Олар мыңдаған респонденттерді қамтиды. Психотерапияда клиникалық сұхбатты пайдаланылады. Сонымен бірге, интенсивті және шоғырланған сұхбаттасуды пайдалануға болады. В.В.Никандров бойынша, біріншісі, жеке бастың бағыттылығының тереңдігін, ал екіншісі – жеке, дара аспектілерді зерттейді.

4) Сауалнама – арнайы респонденттер тобына арналған сұрақтар тізімі.Сауалнама кезінде респондентпен тікелей қарым-қатынас жасау шектеледі. Қарым-қатынас сауалнама арқылы жүзеге асады.

Сауалнама үш негізгі бөлімнен тұрады:

1. Кіріспе. Бұл бөлімде сауалнаманы ұйымдастырушы туралы деректер көрсетіледі. Сұрақтардың мақсаттары суреттеледі. Сауалнаманың атаусыз екендігіне кепілдеме беріледі.

2. Негізгі. Сұрақтар мен жауаптар орнынан тұрады.

3. Қорытынды. Респондентке алғыс айтудан тұрады.

Сауалнаманы құру кезіндегі қажетті ережелер:

1. Тематикалық бөлімдер кіріспе түсіндірмемен беріледі.

2. Әрбір сұрақ нақты нұсқаумен қамтамасыз етіледі.

3. Мәтіндегі әрбір сұрақтың келесі бетке толығымен берілуі тиіс.

4. Әрбір сұрақтар сандармен беріледі, жауап нұсқалары әріптермен беріледі.

5. Кестелі формаларда сұрақ саны аз болуы тиіс.

6. Электронды есептеу машинасына сауалнаманы өңдеу үшін арнайы орын қалдыру керек.

7. Сауалнаманың сыртқы өлшеміне 4 беті және беттер саны енгізіледі.

8. Сауалнаманың ішкі өлшемі сұрақтар санымен сипатталады. Сауалнамаға кететін уақыт 20-30 минут.

Сауалнаманы мынандай жағдайларда өткізу керек:

- белгілі бір сұрақтар талас тудырған кезде адамдардың ойын анықтау үшін.

- қысқа мерзімде көптеген адамдарды қамту үшін.

Сауалнама критерийлері:

1. Респондент санына байланысты: индивидуалды, топтық, бұқаралық.

2. Респонденттер мен байланысына байланысты: сырттай, іштей.

Сырттай бірнеше әдістермен өтіледі:

- сауалнаманы пошта торабы арқылы тарату.

- Сауалнаманы баспа беттерінде тарату

- өмір сүрген жеріне, жұмысына т.б. сауалнамаларды жинау және тарату.

№4 тақырып. Психологиядағы ғылыми зерттеулердің стандарттары

Дәрістің жоспары:

1. Психологтың тұлғасы және психологиялық зерттеу.

2. Психолог – зерттеуші және психолог-практик.

3. Ғылыми ой мен эксперименттік әдіс құрылымындағы қызмет стандарттары.

4. Психологиялық шындық және эмпирикалық заңдылықтар

Кілт сөздері:

1. Эксперимент – жалпылауға болатын нәтижелерді алу мақсатымен болмысты өзгертуді алдын ала жоспарлау шартында өткізілген зерттеу, эксперименталды гипотезаны тексеру құралы.

2. Эксперименталды схема – эксперименталды гипотезаны адекватты тексеру үшін сыналушыларға тәуелсіз өзгергіштіктің әртүрлі шарттарын беру жоспары.

3. Эксперименталды гипотеза – экспериментке тексерілетін кейбір болжамдарды нақтыландыру.

Әдебиеттер:

1. В. И. Загвязинский,Р. Атаханов. Методология и методы психолого-педагогического исследования - М.: ИЦ "Академия", 2003.

2. Теор


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: