Электрокардиограмманы талдау

Шымкент - 2016

Құрастырғандар: Жакипбекова Г.С. - морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен кафедрасының профессор м.а.,б.ғ.к.

Мурина Н.М. - морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен кафедрасының аға оқытушысы

 

" Физиология анатомия негіздерімен " пәнінен 1-курс 051103-«Фармация» мамандығы студенттерінің объективті құрылымдық тәжірибелік емтихан (ОҚТЕ) әдісі бойынша тәжірибелік дағдылар аттестациясын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау.

 

 

Кафедра мәжілісінде бекітілген

ж. хаттама №

 

«Бекітемін»

_____________________

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент.

Жолымбекова Л.Д.

Әдістемелік кеңес мәжілісінде бекітілді.

2016 ж. хаттама №

КІРІСПЕ

 

Физиология анатомия негіздерімен пәндер бойынша тәжірибелік дағдының 3 кезеңнен тұратын тапсырмалардың тізімі. Әр жұмыс орнында тәжірибелік тапсырмалар арнайы муляждармен, кестелер, планшеттермен жабдықталған, жүйе бойынша тапсырмалар сәйкес орындалады. Әр кезеңге 5 минут, емтихан тапсырушы барлық тапсырманы 15 минутта орындауы тиіс.

Студенттің барлық 3 кезеңнен жинаған бағасының нәтижесі баллды жүйемен бағаланады. Емтихан тапсырушы барлық кезеңнен 10 баллдан 20 баллға дейінгі аралықта жинауы тиіс.

ОҚТЕ өткізу үшін ұйымдастыру іс-шаралары:

· емтиханға жіберілген студенттердің санын анықтау;

· әрбір кезеңге тәуелсіз емтихан қабылдаушыны анықтау;

· тәжірибелік дағдыны өткізу үшін аудиторияның дайындығына жауапты оқытушы мен лаборантты анықтау;

· жұмыс орнын керекті муляж, кестелер, жүйе бойынша планшеттер, тапсырманы бақылауға арналған лабораториялық құрылғыларды ұйымдастыру;

· ОҚТЕ бойынша құжаттарды дайындау (1-3 үлгі, саулнамалар, хаттамалар, емтихан қағазы, студенттерге әр кезең бойынша тапсырмалар, емтихан қабылдаушыға әр кезең бойынша көрсеткіштік баға және балды баға, аттестациялық қағаз, ОҚТЕқорытындысының бағалық көрсеткіші).

 

Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білу тиісті:

- оқу құралдарымен жұмыс істеудің негізгі әдістерін;

- ас қорыту, тыныс алу, жүрек-қантамырлар және несеп-жыныс жүйелерінің анатомиясы және қызметін;

- ми және жұлының құрылысы және қызметін;

- сезім мүшелерінің анатомиясы және қызметін;

- жұлын және бас ми нервтерінің қалыптасуы мен қызметтерін;

- қан тасымалдау және лимфа жүйелердің анатомиясы және қызметін;

- эндокриндік бездердің құрылысы мен қызметтерін.

- пәннің мақсатын, міндетін және болашақтағы мамандықты игерудегі маңызын;

- тәжірибелік медицинада кең түрде қолданылатын сау организмнің әртүрлі қызметінің негізгі зерттеу әдістерінің маңызын;

- адам организміндегі қалыпты тіршілік әрекеті барысындағы негізгі сұрақтарды;

 

Студент көрсете алуға тиісті:

- зертханалық жұмыстарды орындай отырып, олардан алынған мәліметтерді хаттама түрінде көрсету, тест сұрақтары мен ситуациялық есептерді шешу

- дені сау адам организміндегі тіршілік әрекетінің физиологиялық және морфологиялық заңдылықтарын бағалай білу.

 

Дағдыларды меңгеруге тиісті:

Физиологиялық тәжірибелерді жүргізу (тәжірибелік дағдылар):

1. Дене температурасын өлшеу

2. Артериялық қысымды өлшеу

3. Тамыр соғуының жиілігін анықтау

4. Тыныс алу жиілігін және өкпе көлемдерін анықтау

4. еМТИХАН ТАПсырушыға ақпарат

· Студент емтихан кезінде хатшыға тіркеледі, төрағадан тапсырманы және аттестациялық қағазды алып тапсырманы орындауға кіріседі;

· тапсырманы орындауда студент білу керек:

- белгіленген көрсеткіштерді өз кезеңімен сақтау керек;

- тапсырманы орындау барысында тапсырма бойынша өзінің әрекетін қысқа әрі нұсқа түрінде талқылау;

- тапсырманы орындау кезінде уақытты бақылау;

- бұл кезеңдерді орындау барысында келесі кезеңге өту үшін 5 минут аралығында уақыт беріледі;

- 1-ші кезеңді орындау барысында қысқаша лабораториялық талдау жасап, нәтижені интерпретациялап, қорытындылаңыз.

-2-ші кезеңді орындау барысында құрылымдық элементтерді немесе қалыпты жағдайда физиологиялық үрдістерді талдап, мылқау сызбалар мен суреттерді қосымша қолдану арқылы түсіндіріңіз.

- 3-ші кезеңді орындау барысында ситуациялық есептерді шешу.

 

5. ЕМТИХАН ҚАБЫЛДАУШЫҒА ақпарат

· «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академия студенттерінің тәжірибелік дағдысын бағалауды, ұйымдастыру, қабылдау, нәтижесін бағалау критериялары мен ережелерін» және әдістемелік нұсқауымен т.б. құжаттармен танысу қажет.

· әрбір кезеңге арналған қажетті құрал-жабдықтар мен жұмыс орнын ұйымдастыру және дайындығын әдістемелік нұсқау (5 п), т.б. құжаттар арқылы сәйкестілігін тексереді.

· емтихан қабылдаушы емтихан тапсырушының әрбір қадамын мұқият қадағалап көрсеткіш бойынша бақылайды.

· ОҚТЕ әдісі бойынша тәжірибелік дағдыны қабылдау үшін әрбір қадамда студенттің тапсырмасының орындалуы балдық жүйеде бағаланады.

· емтихан парағына қадам бойынша балдарды қою және кезеңдердің орындалу барысын бағалау, аттестациялық параққа әр кезеңнің қорытынды балы қойылып, параққа қол қойып студентке беру.

 

 

6. ОҚТЕ Кезеңдерінің РЕТТІЛІК сызбасы

Емтихан тапсырушы алдын-ала дайындық кезінде тапсырмалармен және көрсітілген кезеңдердің сызбасымен танысуы қажет.

 

 

Сызба 1- «Физиология анатомия негіздерімен» бойынша ОҚТЕ кезеңдері

7. ОҚТЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАР БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР ТІЗІМІ

Кезең № Студенттерге арналған тапсырмалар Жоғарғы балл Уақыты
  Лабораториялық жұмысты талдау: 1 қадам – түсіндіру; 2 қадам - қорытынды.    
  Құрылымдық элементтерді немесе қалыпты жағдайда физиологиялық үрдістерді талдау 1 қадам – негіздеу 2 қадам – қорытынды.    
  Ситуациялық есептер: 1 қадам – эксперимент нәтижесін негіздеу 2 қадам - қорытынды.    

8. ОҚТЕ ӨТКІЗУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚОНДЫРҒЫЛАР, ҚҰРАЛДАР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

1 кезең. Секундомер, спирт, мақта, скарификатор, пипеткалар, Сали гемометрі, шыны таяқша, Панченков приборы, заттық айна, тонометр, фонендоскоп, Форстер периметрі, камертон, 2 бос стакан, 2 суық және жылысумен ыдыс, Сивцев кестесі және Вебер циркулі.

2 кезең.

Үнсіз кестелер, сызбалар.

3 кезең.

Билеттердегі есептердің шарттары, қан топтарын анықтауға арналған тостақшалар, спирометр.

9. ЕМТИХАН ТАПСЫРУШЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАДАМ БОЙЫНША ТАПСЫРУЫН БАЛЛМЕН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

1 КЕЗЕҢ

Лабораториялық жұмысты орындау.

Емтихан қабылдаушыларға арналған нұсқау: студент лабораториялық талдауды толық негіздей алуын бағалау, оның қорытындыны дұрыс жасай алуын бағалау.

 

Қадам № Қадамның бағалау шарттары   Қадамдың баллы
  Талдауды негіздеу 3,5
  Қорытынды 3,5
  Барлығы 7,0

Жоғарғы балл: 7

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

2 кезең.

Құрылымдық элементтерді немесе физиологиялық үрдістерді интерпретациялау.

Емтихан қабылдаушыларға арналған нұсқау: физиологиялық үрдістерді интерпретациялауын, дұрыс қорытынды жасау шеберлігін бағалаңыз.

Қадамның бағалау шарттары Қадамның жоғары баллы
  Физиологиялық көрсеткіштерді немесе берілген эксперименттерді интерпретациялау 3,5
  Қорытынды 3,5
  Барлығы: 7,0

Жоғарғы балл: 7

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

3 кезең

Емтихан қабылдаушыларға арналған ұсыныс: студенттердің ситуациялық есепке интерпретациясын жасату, тыныс алу көлемін, резус- фактор және қан топтарын анықтату.

 

Қадамның бағалау шарттары Жоғары балл
  Эксперменттердің нәтижесін интерпретациялау;   3,0
  Қорытынды 3,0
  Барлығы 6,0

Жоғарғы балл: 6

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

 

Тапсырмалар тізбесі.

ОҚТЕ әдісі бойынша тәжірибелікті дағдыны жүргізу үшін әрбір кезеңде студентке 15 тапсырмалы билетті таңдау ұсынылады. Әр қайсысы 2 «қадамнан» тұрады. Әр «қадам» балдық жүйеде бағаланады.

 

№1 бекет тапсырмалары

№ 1

1 қадам – Артериалық пульсты анықтау.

2 қадам – Қалыпты жағдайдағы көрсеткіші.

№ 2

1 қадам – Орталық тежелуді зерттейтін лабораториялық жұмыстың мәнін түсіндір.

2 қадам – Қорытынды.

№ 3

1 қадам – Вегетативті көзжүрек рефлексін (Ашнер) зерттейтін жұмысты түсіндіру.

2 қадам -Қорытынды.

№ 4

1 қадам -Тыныс аритмиясын (Геринг рефлексі) зерттейтін жұмысты түсіндір.

2 қадам - Қорытынды.

№ 5

1 қадам -Саусақтан қан алу техникасынын түсіндір.

2 қадам – Қорытынды.

№ 6

1 қадам -Калориметриялық әдіс бойынша қандағы гемоглобин мөлшерін анықтауды (Сали гемометр көмегімен) түсіндір.

2 қадам - Қорытынды.

№ 7

1 қадам -ЭТЖ (эритроциттердің тұну жылдамдығы) Панченков әдісі бойынша зерттейтін жұмыстың өту барысын түсіндір.

2 қадам - Ерлер мен әйелдердің ЭТЖ қалыпты көрсеткіші.

№ 8

1 қадам -Қан кету ұзақтығын анықтайтын (Дюке бойынша) жұмыстың барысын түсіндір.

2 қадам -Қорытынды.

№ 9

1 қадам -Резус-факторды анықтау.

2 қадам - Қорытынды.

№ 10

1 қадам -Адамда артериялық қысымды өлшеу (Коротков әдісімен).

2 қадам - Қалыпты жағдайда АҚ көрсеткіші.

№ 11

1 қадам -Көру өткірлігін зерттеу.

2 қадам - Қалыпты жағдайдағы көрсеткіші.

№ 12

1 қадам – Форстер периметрі арқалыкөру аймағын анықтау.

2 қадам - Қорытынды.

№ 13

1 қадам -Дауыстың сүйектік және ауалық өткізгіштігін зерттеу.

2 қадам - Қорытынды.

№ 14

1 қадам -Тері сезімталдығының кеңістік табалдырығын (эстезиометрия) зерттеу.

2 қадам – Дененің әртүрлі аймағындығы қалыпты жағдайдағы көрсеткіштері.

№ 15

1 қадам -Жоғары және төмен температураның әсеріне терморецепторлерінің бейімделуін зерттеу.

2 қадам - Қорытынды.

 

 

№2 бекет тапсырмалары

№ 1

1 қадам – Б ұлшықеттің дара жиырылуын талдау.

2 қадам – Қорытынды.

№ 2

1 қадам – Тісті тетанус.

2 қадам – Қорытынды.

№ 3

1 қадам – Тегіс тетанус.

2 қадам – Қорытынды.

№ 4

1 қадам – Түйіспенің ультра құрылысы.

2 қадам – Қорытынды.

№ 5

1 қадам – Рефлекс.Рефлекторлы доғаны талдау.

2 қадам – Қорытынды.

№ 6

1 қадам – Ішкі сөлініс бездерінің топографиясы және гормондары.

2 қадам – Қорытынды.

№ 7

1 қадам – Лейкоцитарлық формула.

2 қадам – Диагностикадағы маңызы.

№ 8

1 қадам – Электрокардиография әдісі. Электрокардиограмма тісшелерін талдау.

2 қадам – Қорытынды.

№ 9

1 қадам – Фонокардиография әдісі. Жүрек тондары.

2 қадам – Қорытынды жасаңыз.

№ 10

1 қадам – Қоректік заттардың физиологиялық нормасы.. Тамақтану режимі.

2 қадам – Қорытынды.

№ 11

1 қадам – Тілдің дәмсезу картасы.

2 қадам – Қорытынды.

№ 12

1 қадам – Павлов және Гиппократ бойынша темпераменттің сипаттамасы.

2 қадам – Қорытынды.

№ 13

1 қадам – Электроэнцефалография әдісі. Электроэнцефалограмманы талдау.

2 қадам – Қорытынды.

№ 14

1 қадам – Термометрия әдісі. Дене температурасын өлшеудің негізгі тәсілдері.

2 қадам – Қорытынды.

№ 15

1 қадам – Ауаның қалдық көлеміне (АҚК), өкпенің жалпы сиымдылығына (ӨЖС), функционалды қалдық ауасына (ФҚА) түсініктеме беру.

2 қадам – Қорытынды жасаңыз.

№3 бекет тапсырмалары

№ 1

1 қадам – Егер I, II, III топ қандарының сарысуында ГАР (гемагглютинация реакциясы) болса, зерттеуге кай топтың қаны алынған?

2 қадам – Қорытынды.

№ 2

1 қадам – Егер I, II топ қандарының сарысуында ГАР (гемагглютинация реакциясы) болса, зерттеуге қай топтардың қаны алынған?

2 қадам – Қорытынды.

№ 3

1 қадам – Егер I, III топ қандарының сары суында ГАР (гемагглютинация реакциясы) болса, зерттеуге қай топтардың қаны алынған?

2 қадам – Қорытынды.

№ 4

1 қадам – Егер I, II, III топ қандарының сарысуында ГАР (гемагглютинация реакциясы) болмаса, зерттеуге қай топтардың қаны алынған?

2 қадам – Қорытынды.

№ 5

1 қадам – Зерттелуші адам қалыпты тыныстан кейін максимальды тыныс алып, барынша тынысты шығара отырып спирометрге үрледі. Бұл ауа көлемі қалай аталады?

2 қадам – Ересек адамдарда ол нешеге тең?

 

№ 6

1 қадам – Зерттелуші қалыпты тыныс алу барысында ауаны спирометрге үрледі. Ауа көлемі қалай аталады?

2 қадам – Ересек адамдарда ол нешеге тең?

№ 7

1 қадам – Зерттелуші адам қалыпты тыныстан кейін спирометр арқылы максималды тынысты шығарды. Ауа көлемі қалай аталады?

2 қадам – Ересек адамдарда ол нешеге тең?

№ 8

1 қадам – Зерттелуші қалыпты тыныс алғаннан кейін спирометр арқылы максималды тынысты жұтты. Ауа көлемі қалай аталады?

2 қадам – Ересек адамдарда ол нешеге тең?

№ 9

1 қадам – Зерттелуші қалыпты тынысты шығарғаннан кейін спирометр арқылы максималды ауа көлемін жұтты. Ауа көлемі қалай аталады?

2 қадам – Ересек адамдарда ол нешеге тең?

№ 10

1 қадам – Ә кесінде резус-фактор оң (Rh+), ал анасында теріс (Rh-) екені анықталды.

Ана мен бала арасында резус-қарама-қайшылық болуы мүмкін бе?

2 қадам – Қорытынды.

№ 11

1 қадам – Әкесінде резус-фактор теріс(Rh-), ал анасында оң (Rh+) екені анықталды.Ана мен бала арасында резус-қарама-қайшылық болуы мүмкін бе?

2 қадам – Қорытынды.

№ 12

1 қадам – Әкесі мен анасында резус-фактор теріс(Rh-) екені анықталды. Ана мен бала арасында резус-қарама-қайшылық болуы мүмкін бе?

2 қадам – Қорытынды.

№ 13

1 қадам – Әкесі мен анасында резус-фактор оң (Rh+) екені анықталды.

Ана мен бала арасында резус-қарама-қайшылық болуы мүмкін бе?

2 қадам – Қорытынды.

№ 14

1 қадам – Егер сарысудың көлемі – 40-45 %, ал пішінді элементтері – 55-60 % болса, қанның гематокриттік көрсеткіші нені меңзейді?

2 қадам – Қорытынды.

№ 15

1 қадам – Нәрестенің алғашқы тынысы тыныс алу орталығын қоздырады.

2 қадам – Қандай фактор тыныс орталығының қозуын шақырады?

№1 бекет жауаптары

№ 1

Артериалдық пульсті анықтау. Қалыпты жағдайдағы көрсеткіші.

1 қадам – Артериалдық пульс деп артериалық қысымның өзгеруіне байланысты, артерия қабырғасының ритмді тербелісін айтады. Артериалдық пульс жүрек қызметін, қан-тамырлардың жағдайын және артериалық қысымның деңгейін көрсетеді. Пульстың негізгі 4 қасиетін ажыратады: оған жиілігі, күші, жылдамдығы және серпімділігі жатады. Зерттелушінің білек артериясына төрт саусақты қойып лүпілдік нүктесін анықтайды. Ал пульсті жазатын аппаратты сфигмограф дейді.

2 қадам – Қалыпты – 60-80 соққы. мин.

№ 2

Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу (Сеченов бойынша).

1 қадам – М.И. Сеченов «Орталықтағы тежелу» тәжірибесінде бас миынының көру төмпешіктерін ас тұзы кристалдарымен тітіркендіріп бақа аяғының бүгілу рефлексінің ұзақтығын анықтайды.

2 қадам – Тежелудің бұл түрі ОЖЖ-дегі арнайы нейрондар қозған кезде басталады. Тежеуші нейрон Реншоу жасушасы деп аталады. Ол жұлыннан табылған. Реншоу жасушасының синапстық байланысында бөлінетін медиатор ГАМҚ (гаммаамина май қышқылы) қозғыштықты төмендетіп, қозудың өтуін қиындатады.

 

Спинальді нейронның қозуы
Спинальді нейронның тежелуі  

№ 3

Көз-жүректік рефлекс (Ашнер рефлексі).

1 қадам – Зерттелуші адамның білегінен пульс жиілігін санайды. Содан кейін адамның жұмылған көздерін бармақтарымен 10-30 с бойы ауыртпай басып тұрып, жібергеннен кейін тамыр соғысын тағы да санайды. Жұмысты 3-4 рет қайталайды.

2 қадам – Рефлекстік әсерден кейін пульс сирейді (минутына 8-10 ретке).

Вегетативтік рефлекстің көрсеткіштері ВЖЖ –нің ЖТЖ-не нақты әсерін көрсетеді.

№ 4

Тыныс ырғағының бұзылу белгілері (Геринг рефлексі).

1 қадам – Зерттелуші адамның білегінен пульс жиілігін есептейді де, бірнеше рет терең дем алуын өтінеді.. Оны бастапқы алынған нәтижемен салыстырады. Тамыр соғысы 10-12 ретке баяулауы тиіс.

2 қадам – Вегетативтік жүйке жүйесінің рефлекстері бұзылған жағдайда, тамыр соғуы жиілеп кетеді.

№ 5

Саусақтан қан алу әдісі.

1 қадам -Жұмыс жасалмас бұрын студент асептиканың барлық қағидаларын ұстану қажет. Қанды әдетте сол қолдың IV саусағынан алады. Саусақтың терісін спирттің эфирлік қоспасымен сүртеді. Сонан соң саусақты артқы және алақан жағын бірнеше рет қысып, саусақтан скарификатордың көмегімен теседі. Алғашқы қанды құрғақ мақтамен сүртіп тастайды. Қанның жаңа тамшысы пайда болған кезде, тамшының негізіне капиллярды жақындатып «К» белгісіне дейін тартып алады. Жұмыс аяқталған соң жараға йод жағадыда, спиртке малынған мақта тампонымен жауып тастайды.

2 қадам – Саусақтан қан алу әдісін білу түрлі қан талдауларында маңызды.

№ 6

Қандағы гемоглобин мөлшерін калориметр әдісімен анықтау.

1 қадам – Колориметр әдісімен қандағы Нb деңгейін анықтау үшін Сали гемометрі қолданылады. Саусақтан алынған қанды HCL ерітіндісімен араластырып эритроциттерді ыдыратып, құрамындағы гемоглобиндерді сарысуға шығарады. Стандартты гематин ерітіндісімен салыстыра отырып зерттелетін қанның Hb мөлшерін анықтайды.

2 қадам – Қалыпты жағдайда қандағы Нв ерлерде: 130 – 160 г/л, әйелдерде: 120 – 140 г/л тең.

 


Сали гемометрі

 

№ 7

Панченков әдісі бойынша эритроциттердің тұнуы жылдамдығын ЭТЖ анықтау.

1 қадам – ЭТЖ – түтіктердің тік жағдайында анықталады, себебі көлденең жағдайда эритроциттің тұнуы және жабысуы ұлғаяды. Саусақтан алынған қанды натрий цитраты қосындысымен араластырады. Капиллярларды Панченков штативіне орналастырып, қан төгілмеу үшін төменгі бөлігін жұмсақ резеңке пластинкаға (тығынға) жабыстырады. 1 сағаттан соң тұнған қанның мөлдір сарысу деңгейінің биіктігін белгілейді.

2 қадам – Қалыпты жағдайда қандағы ЭТЖ ерлерде: 3 –7 мм/сағ, әйелдерде: 4-5 мм/сағ тең.

№ 8

Қан ағу ұзақтығын анықтау.

(Дюке бойынша уколдық сынама)

1 қадам – Саусақтың етін инемен терең тесу қажет. Әр 30 с сайын жараны фильтрлі қағазбен басады. Фильтрлі қағазға қан жұқпағанша басып, уақытын белгілеп алады. Қанның тоқтауы ақ тромбоциттердің түзілуіне және қанның ұюына, тромбоциттердің мөлшеріне байланысты. Қанның ұю уақытына қан тамырының жиырылуы да әсер етеді. Бұл тромбоциттерден бөлінетін тамырды жиырылтушы зат серотонинге байланысты.

2 қадам – Қан ағу ұзақтығы қалыпты жағдайда 2—4 мин.

№ 9

Резус факторды анықтау [Rh0 (D)].

1 қадам – Пробирка түбіне тамшыдан стандартты антирезус реагент (Rh-) және зертеуге алынған қан құяды да екеуін аралыстарады. Содан соң қан мен реагентті қабырғаларына жүқтыру үшін пробирканы жан-жағына еңкейтіп көлбеу ұстайды. Реакцияны 3 минут бойы жүргізеді. Одан әрі эритроциттерге тән емес реакция агрегацияға жол бермеу үшін пробиркаға 2-3 мл физиологиялық ерітінді құяды да оны 2-3 қайтара араластырады.

2 қадам – Тәжірибе нәтижелерін бағалау: Көз жасындай мөлдір сарысу эритроциттер ірі-ірі түйірлерге айналып, айқын агглютинация реакциясы болса, бұл алынған қанның оң резусқа (Rh+) жататындығын көрсетеді.

Егер агглютинация реакциясы тумаса, пробиркадағы қан түгелдей бір түске боялса, бұл тәжірибеге алынған қан теріс резусқа (Rh-) жататындығын дәлелдейді.

№ 10

Адамның артериялық қан қысымың Коротков әдісімен өлшеу.

1 қадам – Коротков әдісі бойынша АҚ-ды сфигмоманометр құралымен өлшейді. Тоқпан жілікке манжетті орналастырып фонендоскоптың мембранасын артерия тұсына тақап, резеңке груша арқылы манжетке ауа үрлейді. Груша клапанын жәй босата отырып ауаны шығарады. Алғашқы лүпіл пайда болған манжеттегі қысым көрсеткіші систолалық қысымға сәйкес келеді. Манжеттегі қысым төмендегенде тамыр лүпілі жойылады, ол жүрек еті босаған сәтте диастолалық қысымды көрсетеді.

2 қадам – Қалыпты жағдайда систолалық қысым 120 мм с.б.б., диастолалық 80 мм с.б.б.

№ 11

Көздің өткірлігін анықтау.

1 қадам – Көздің өткірлігін анықтау үшін Сивцевтің 12 түрлі жолдан тұратын кестесі пайдаланылады. I жолдағы әріптер 50 м, 10-шы жолдағы әріптер 5 метр жерден көрінеді. Зерттелуші адам 5 метр қашықтықта отырып, екінші көзін жабады. Оған үлкен әріптерден кішісіне дейінгі әріптерді көрсетеді.Егер зерттелуші адам 10-шы жолдағы әріптерді анық көріп таныса, көз өткірлігі 1-ге тең. Ал ол I-ші жолдағы әріпті ғана көрсе, көздің өткірлігі 0,1-ге тең болады.

2 қадам – Қалыпты жағдайда көру өткірлігі 1,0 тең.

№ 12

Форстер периметрімен көздің көру аймағын анықтау.

1 қадам – Зерттелуші адам периметрдің қақ алдына отырып, дәл ортасында орналасқан дөңгелек таңбаға көзін тоқтатады да, екінші көзін алақанымен жабады. Периметрдің доғасын көлденең қойып, ақ түсті бақылау маркасын зерттелуші адам көргенше доғаның ішкі бойымен шетінен ортасына қарай жылжытады. Содан соң периметрдің доғасын тік қойып, көру аймағының үстіңгі және астыңғы шеттерін анықтайды. Дәл осылай түрлі түсті маркалармен анықтау керек.

2 қадам – Көру аймағының түссіз (ахроматикалық) шекарасы: сыртқысы - 100, ішкісі және жоғарғысы – 60 және төменгісі – 65 градус. Көру аймағының түсті (хроматикалық) шекарасы түссіз шекарадан төмен.

 

Форстер периметрі.

1 — градусқа бөлінген металлдық жарты шеңбер;

2 — визирді пластинка және иекті тірейтін тірегіші бар вертикальды стержень.

 

№ 13

Дыбыстың сүйек пен ауа арқылы өту дәрежесін анықтау.

1 қадам – Құрал жабдықтар: камертон жиынтығы, мақта.

Дарылдап тұрған камертонның табанын бастың төбе бөлігіне тақап қояды. Бастапқы кезде қатты естіліп тұрған дыбыс біраздан кейін бәсеңдейді, бара-бара мүлдем жоғалып кетеді. Осы кезде камертонды сыртқы есту тесігіне жақындатса, дыбыс қайтадан естіле бастайды. Егер 1 құлақтың тесігін тампонмен жауып, үндетіп тұрған камертонды қайтадан орнына қойса, жабылған құлаққа дыбыс қаттырақ естіледі.

2 қадам – Сүйектік өткізгіш ауалыққа қарағанда күштірек.

№ 14

Тактильдік (терілік) сезімталдықтың аражігі табалдырығын анықтау (эстезиометрия).

1 қадам – Эстезиометрдің екі ұшын теріге тигізеді де, бұдан пайда болған екі түрлі сезімнің ең аз арақашықтығын анықтайды. Зерттелуші адамды столға көзін жауып отырғызады. Терінің белгілі бір аймағына эстезиометрдің екі ұшын бір нүктеге тигізеді. Егер бір ұшын жылжытсақ, белгілі бір жерге жеткенде екі ұшын тигізген сияқты әсер береді. Сол арақашықтықты өлшеп жазып аламыз.

2 қадам

Зерттелетін аймақ Сезімталдықтың кеңістік табалдырығы, мм
Қолдың сыртқы беті Білек Саусақтың ішкі беті 40,5 2,2

№ 15

Жоғарғы және төменгі температура әсеріне тері рецепторларының бейімделуі.

1 қадам – Үш ыдысқа температурасы -100С+250С және +400С болатын су құямыз. Оң қолды -100С, сол қолды +400С суға саламыз. Терморецепторлардың бейімделу уақытын анықтаймыз және осы уақыттағы суықты немесе жылыны сезуі баяулайды. Одан кейін бір мезгілде екі қолында +250С суға салады. Сонда суық суға салынған қолда жылу сезімі, ыстық суға салынған қолда керсінше салқындау сезімі пайда болады, Суыққа және жылыға қолдың температуралық рецепторларының бейімделу уақытын көрсету қажет.

2 қадам

Объект Келесі температуралардағы суға енгізілгендегі сезім
-10° С +25° С +40° С
Оң қолдың ұшы   Сол қолдың білегі суықты   жылуды   суықты     жылуды

№2 бекет жауаптары

№ 1

Бұлшықеттердің дара жиырылуын талқылау.

1 қадам – Бұлшықетті электр тогымен тітіркендіргенде мынадай бұлшықеттік жиырылу фазалары ажыратылады:

-латентті(жасырын) жиырылу кезеңі

-қысқару кезеңі

-босаңсу кезеңі

Уақыты 0,1 с
Бірыңғай салалы бұлшықеті
Жүрек бұлшықеті
Қаңқа бұлшықеті

Әртүрлі бұлшықеттердің жиырылу және қозуы:

1 – жиырылудың қисығы (латентті кезеңі, а – қысқару кезеңі, б – босаңсу кезеңі).

2 қадам – Жекебұлшықеттердің жиырылуы үш кезеңнен тұрады.

№ 2

Бұлшықеттердің жиырылу жиынтығы (тісті тетанус).

 

I. Жеке жиырылу.

II. Тісті тетанус.

III. Ең жоғарғы жиілікпен тітіркендегі тісті тетанус.

IV. Тегіс тетанус.

1 қадам – Етті жиі-жиі тітіркендірсе, үстін-үстін жиырылу бірігіп жинақталады да, ет біраз уақыт сіресіп қалады (тетанус).

2 қадам – Егер бұлшық еттің босаңсу кезеңіне сәйкес тоқ импулсін арттырса, тісті тетанус пайда болады.

 

№ 3

Бұлшықеттердің жиырылу жиынтығы (тегіс тетанус).

I. Жеке жиырылу.

II. Тісті тетанус.

III. Ең жоғарғы жиілікпен тітіркендегі тісті тетанус.

IV. Тегіс тетанус.

 

1 қадам – Етті жиі-жиі тітіркендірсе, сандаған жиырылу бірігіп жинақталады да, ет біраз уақыт сіресіп қалады (тетанус).

2 қадам – Егер бұлшық еттің жиырлып қысқару уақытына сәйкес ток импульсін арттырса тегіс тетанус пайда болады.

№ 4

Түйіспенің құрылысы.


1 қадам – Түйіспенің ультра құрылысы (схема)

1 - түйіспе алдындағы жүйке ұштары;

2 - нейро түтікшелер;

3 - митохондрилер;

4 - құрамында медиаторлары бар көпіршіктер;

5 - түйіспе алды мембрана;

6 - түйіспелік саңылау;

7 - түйіспеден кейінгі мембрана және хеморецепторлар;

8 - эффекторлық жасуша.

2 қадам – Құрылым қозудың нейроннан эффекторлық жасушаға өтуін қамтамасыз етеді.

№ 5

Рефлекс. Рефлекторлық доғаны талқылау.

 

 

1 қадам – Соматикалық рефлекстің рефлекторлық доғасының схемасы.

1- бұлшықет; 2 - сезімтал рецепторлар; 3 - афферентті талшықтар; 4 - жұлын-ми ганглииінің афферентті нейроны; 5 - жұлынның аралық нейроны; 6 - жұлынның эфферентті нейроны;

7 - эфферентті қозғалтқыш талшық; 8 - ет-жүйкелік түйіспе. Қозудың таралу бағыты стрелкамен көрсетілген.

2 қадам – Рефлекторлық доға рефлекстің негізгі құрылымы болып келеді.

№ 6

Ішкі сөлініс бездерінің топографиясы және гормондары.

1 қадам –

       
   
Гипоталамус Либерин, статин, вазопрессин, окситоцин
 
Гипофиз Тропты гормондар
 


                                       
   
Эпифиз Мелатонин, адреногломерулотропин
 
   
Қалқанша маңы безі Паратгормон
 
   
Айыршық безі Тимозин
 
   
Қалқанша бездері Тироксин, үш йодты тиронин, тириокальцитонин
     
Қарын, ішек жолдары Гастрин, секретин
 
 
   
Бүйрек үсті безі Кортикостероидтар, адреналин, норадреналин
 
   
Ұйқы безі Инсулин, глюкагон
 
 
Бүйрек Эритропоэтин, Ренин,простогландиндер
   
Аналық бездер Эстрогендер, прогестерон
   
Плацента Эстроген, прогестерон Хориондық гонадотропин
 
   
Аталық бездер Андрогендер аз мөлшерде эстрогендер
 


Плацента Эстроген, прогестерон, хориондық гонадотропин
Аталық бездер Андрогендер, эстрогендер
2 қадам – Эндокринді бездердің ағза қызметін гуморалды реттеудегі маңызы зор.

№ 7

Лейкоцитарлық формула.

1 қадам – Лейкоциттердің пайыздық көрсеткішінің формуласы лейкоциттік формула немесе лейкограмма деп аталады. Лейкоциттер екі топқа бөлінеді: гранулоциттер және агранулоциттер.

Лейкоциттер – қанның ақ түйіршіктері,олардың ағзаны бактериялар, вирустар, қарапайымдылардан және бөгде заттардан қорғауда маңызы зор.

 

Лейкоциттер саны 1 мкл   Гранулоциттер Агранулоциттер
Нейтрофилдер Эозинофилдер Базофилдер
Миело- циттер Мета- миело цит (жас)   таяқша ядролы сегмент ядролы Лимфо циттер Моно циттер
4000-9000   0-1 1-5 45-70 1-5 0-1 20-40 2-10

2 қадам – Ересектерде лейкограмма тұрақты болады. Оның өзгерісі әртүрлі аурулардың белгілерін көрсетеді және дәрігерлерге диагноз қоюға септігін тигізеді.

№ 8

Электрокардиограмманы талдау.

1 қадам – Электрокардиография дегеніміз —жүрек еті қозған сәтте пайда болатын электр құбылысын жазып алу әдісі. Электрокардиографпен жазып алынған қисық сызық – электрокардиограмма д.а. Ол латын алфавитінің соңғы әріптерімен (P, Q, R, S, T) белгіленеді. Р-тісі екі жүрекше қозған кезде туған ток жиынтығын көрсетеді. P мен Q тісшелері қозудың атриовентикулярлық түйінінен ГИС шоғырына өту жылдамдығын көрсетеді. QRS тісшелер комплексі қарыншалардағы қозу үрдістерін көрсетеді. Т тісшесі қозудың «СӨНУІН» реполяризациясын көрсетеді.

Электрокардиограммамен зерттеу кезінде қолданылатын стандартты тіркемелер
I тіркеу
III тіркеу
II тіркеу

2 қадам – ЭКГ көрсеткіштері жүректің ырғағын бағалауға және миокардтың (өткізгіш жүйесін қоса) зақымдалуының әр түрлі деңгейін, кардиотроптық дәрілердің әсерін бақылауға мүмкіндік береді.

№ 9

Фонокардиография әдісі. Жүрек тондары.

1 қадам – Фонокардиография - жүректің тондарын жазып алу әдісі. Жүректің жұмыс істеуі дыбыстық құбылыстармен көрінеді, ол жүрек тоны деп аталады. Арнайы аспап –фонокардиограф арқылы жүректің төрт тоны жазып алынады.

I (систолалық) тон систоланың басында пайда болады.

II(диастолалық) тон диастоланың басында пайда болады.

III тон (протодиастолалық тон) диастоланың қанға толу кезеңінде пайда болады.

IV (жүрек алды) тон пресистола кезеңінде пайда болады.

2 қадам – Жүрек қан-тамыр жүйесініңфункционалдық жағдайын бағалауда фонокардиографияның маңызы зор.

№ 10

Қоректік заттардың физиологиялық нормасы. Тамақтану режимі.

1 қадам – Тамақтану нормасы – олқоректік заттардың тәуліктік мөлшері, тамақ рационындағы белоктар, майлар және көмірсулар, сонымен бірге витаминдер, минералды заттардың құрамын көрсетеді.

Тамақтану режимі -бұл еңбек ету, дем алудың тәуліктік ритміне, тағамды қабылдау реттілігіне байланысты. Тәулігіне белгілі уақытта 4-5 сағаттық интервалмен 4 рет тамақтану рационы тиімді. Кешкі тамақтану кезінде жеңіл сіңірілетін тамақ қолданылады және ұйқыға дейін 3 сағат алдын тамақтану қажет.

2 қадам – Қалыпты жағдайда төрт мезгіл тамақтану қажет:

I таңертеңгілік ас – 25%

II таңертеңгілік ас – 15%

Түскі ас – 35%

Кешкі ас – 25%

№ 11

Тілдің дәм сезу картасы.

1 қадам – Тілдің әр аумағының (ұшы, түбірі, бүйірі) сезімталдығы тітіркендіргіштерге әртүрлі. Тәттіге – тілдің ұшы, қышқылға – бүйірі және түбірі, ащыға – түбірі, тұздыға – ұшы және бүйірі сезімтал келеді.

Ащы
Қышқыл
Тұзды
Тәтті

2 қадам – Тіл бетіндегі рецепторлардың біркелкі орналаспауына байланысты тілдің әртүрлі аймағы шырышты қабатының тітіркендіргіштерге жауап беруі де біркелкі емес.

№ 12

Павлов және Гиппократ бойынша темпераментің сипаттамасы.

1 қадам – Темперамент дегеніміз – бұл ресми мінездің нейродинамикалық сипаттамасы.

Холерик: ұстамсыз тип. Албырт, қызба, ашушаң, кейігіш, еліктегіш адам. Өте белсенді, қимылдары қайратты, көңіл-күйі көтеріңкі болады.

Сангвиник: ширақ тип. Мінезі жайдарлы, қағылез, іскер, қызу қанды, пысық, көпшіл, елгезек, көңілшек адам.

Флегматик: салғырт тип. Сабырлы, байсалды, енжар, сылбыр мінезді, самарқау, салмақты, шабан қимылды келеді.

Меланхолик: жұмсақ мінезді, әлсіз, өкпешіл, дегбірсіз, дәрменсіз, мұңды, жасқаншақ, жауапкершіліктен сескенгіш, дегенін орындата алмайтын, шалалық қасиеті болады.

2 қадам – Темпераменттің типтері жекеленген түрлері сирек кездеседі. Әдетте аралық варианттары байқалады.

 

№ 13

Электроэнцефалография әдісі. Электроэнцефалограмманы талдау.

1 қадам – Электроэнцефалография – бас миының электрлік потенциалын тіркеу әдісі.

Электроэнцефалограмма – бас миының электрлік потенциалын жазып алу.

Электроэнцефалограмманың параметрлерін және әртүрлі ритмдерін тіркеу жағдайының сипаттамасы.

Ритмдердің атауы Жиілік, Гц Амплитуда, мкВ Ритмді тіркеу жағдайы
Альфа ритм     Бета-ритм Гамма-ритм     Тета-ритм     Дельта-ритм     8-13     13-30 ›35     4-8     0,5-3,5     20-25   100-150     250-300 тыныштық күйдегі жағдайда   эмоциялық қозу, ақыл-ой және физикалық іс әрекетте, тіркендіргіш әсер еткенде   ұйқы, наркоз, гипоксия және әртүрлі аурулар кезінде.   үлкен ми сыңарларының қыртысы зақымданғанда, қатты ұйқы, наркоз және гипоксия.

№ 14

Термометрия әдісі.

1 қадам – Дене температурасын күніне 2 рет (таңертең 7-9 сағат аралығында және кешке 17-19 сағат аралығында) өлшейді. Ауыз қуысынан, қолтық астынан, шап аймағынан, құлақ каналынан, тік ішектен, қынаптан өлшеуге болады.

2 қадам – Қалыпты жағдайда дене температурасы -360С тең.

 

№ 15

Ауаның қалдық көлеміне (АҚК), өкпенің жалпы сиымдылығына (ӨЖС) түсініктеме беру.

1 қадам – Қалдық ауа (ҚА) — күш салып терең дем шығарғаннан кейінгі өкпеде қалып қойған ауа көлемі. ҚА – 1000-1500 мл.

Өкпенің жалпы сыйымдылығы (ӨЖС) — ауаны максималды ішке тартып өкпені толтырған ауаның жалпы мөлшері.

ӨЖС = ӨТС (өкпенің тіршілік сыйымдылығы) + ҚА.

Функционалдық қалдық ауа (ФҚА) – қалыпты тыныс шығарудан кейінгі өкпеде қалып қойған ауа.

ФҚА = РДАА (резервті дем алу ауасы).

2 қадам – Тыныс алу көлемдерін анықтаудың тыныс алу жүйесінің жұмысын бағалауда маңызы зор.

№3 бекет жауаптары

№ 1

Жауабы:

1 қадам- Қанда А және В агглютиногендері бар.

2 қадам - IV қан тобы.

№ 2

Жауабы:

1 қадам- Қанда В агглютиногені және α агглютинині бар.

2 қадам - III қан тобы.

№ 3

Жауабы:

1 қадам- Қанда А агглютиногені және β агглютинині бар.

2 қадам - II қан тобы.

№ 4

Жауабы:

1 қадам- Қанда α және β агглютининдері бар.

2 қадам - I қан тобы.

№ 5

Жауабы:

1 қадам- ӨТС (өкпенің тіршілік сыйымдылығы).

2 қадам - 3500 – 4500 мл.

№ 6

Жауабы:

1 қадам- ТМК (тыныстың минуттық көлемі).

2 қадам - Ересек адамдарда ТМК = 400—500 мл.

№ 7

Жауабы:

1 қадам- Резервті демшығару ауасы (РДША).

2 қадам - 1500 мл.

№ 8

Жауабы:

1 қадам- Резервті демалу ауасы (РДАА).

2 қадам - 1500 – 2500 мл.

№ 9

Жауабы:

1 қадам- Тыныс алу көлемі (ТАК). ТАК = ТМК + РДАА.

2 қадам - (2000 -3000 мл).

№ 10

Жауабы:

1 қадам- Ұрықта резус-фактор оң (Rh+) болғандықтан, ол анасының қанында анти денелердің пайда болуына алып келеді.

2 қадам - Резус қайшылық болуы мүмкін.

№ 11

Жауабы:

1 қадам- Ұрықта анасындағыдай резус-фактор оң (Rh+).

2 қадам - Резус қайшылық болмайды.

№ 12

Жауабы:

1 қадам- Ұрық пен анасының қанында резус-фактор теріс (Rh-).

2 қадам - Резус қайшылық болмайды.

№ 13

Жауабы:

1 қадам- Ұрық пен анасының қанында резус-фактор оң (Rh+).

2 қадам - Резус қайшылық болмайды.

№ 14

Жауабы:

1 қадам- Гематокриттік көрсеткіш деп - сарысудың пішінді элементтерге ара-қатынасын айтады.Қалыпты жағдайда гематокриттік көрсеткіш: сарысуы -55-60%, пішінді элементтері-40-45%

2 қадам - Қанның қоюлануын білдіреді.

№ 15

Жауабы:

1 қадам- Нәрестенің кіндігін кескен сәтте зат алмасу нәтижесінде қанда СО2

жиналып, О2 азаяды. Осыған орай тыныс алу орталығы қозады.

2 қадам - Көмірқышқыл газы (СО2).

 

 

10. ЕМТИХАН ПАРАҒЫ

« Физиология анатомия негіздерімен » пәндер бойынша 1 курс студенттерінің тәжірибелік дағдыларының қадамдық

және жалпы балл түріндегі бағасы

Емтихан қабылдаушының аты-жөні__________________________________

Кезең № ____________________

Күні «____»____________2016 ж.

№ п/п Шифр Кезең қадамдары Суммарлық балл Емтихан қабылдаушы-ның қолы
   
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           
             
             
             
             
      &n

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow