Ересектер тобы 2018 жыл наурыз айы

Өтпелі тақырып «Салттар мен фольклор»

Мақсаты: «Мәңгілік ел» идеясына сәйкес ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Қазақстанда тұратын басқа да ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері туралы мағлұмат беру.

Міндеттері: 1. – балалар қызығушылықтарын арттырунегізінде дене шынықтырудағы негізгі қимыл түрлерін және күрделі элементтерді

орындау дағдыларының қалыптасуына ықпал ету;

2. - қазақ халқының және басқа да ұлт-өкілдерінің салт-дәстүрлерін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелей отырып, балалардың

әлем туралы түсініктерін кеңейту;

3. - табиғат әлеміне танымдық қызығушылықтарын арттыру негізінде балалардың табиғаттағы өзгерістерді бақылау рөлі мен

түсініктерін дамыту; Өз әрекеттерінің кейбір қарапайым нәтижелерін көре білуге жаттықтыру;

4. - барлық білім беру салаларында 5-6 жастағы балалардың дербестігі мен бастамашылдықтарына қолдау көрсету.

Тақырыпша «Денсаулық»-3 Дене шынықтыру-2,5 Қауіпсіз міне-құлық негіздері-0,5 «Коммуникация»-5 Сөйлеуді дамыту-1 Сауат ашу-1 Көркем әдебиет-0,5 Драма-0,5 Ағылшын тілі-1 Орыс тілі-1 «Таным»-2,5 Жаратылыстану-1 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру-1 Құрастыру-0,5 «Шығармашылық»-5 Сурет салу-1 Мүсіндеу-1 Аппликация-1 Музыка-2 «Әлеумет»-1,5 Қоршаған ортамен таныстыру-0,25 Экология негіздері-0,25 Өзін-өзі тану-1
«Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлері» (1-апта) Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1) Еңкейтілген бөрене үстімен дене тұлғасын түзу ұстап, тепе-теңдік сақтап жүру; 2) Шығыршықты домалатып және оның ішінен өту, қолды ауыстыра отырып, гимнастикалық орындық үстімен допты домалатуды үйрету. 3) Қолды шеңбердің жоғарғы шетіне тигізбей, оң және сол жақ бүйірмен, шығыршықтан өтуді бекіту. Қимылды ойын:«Арқан тарту» Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1) Еңкейтілген бөрене үстімен дене тұлғасын түзу ұстап, тепе-теңдік сақтап жүру; 2) Шығыршықты домалатып және оның ішінен өту, қолды ауыстыра отырып, гимнастикалық орындық үстімен допты домалатуды үйрету. 3) Қолды шеңбердің жоғарғы шетіне тигізбей, оң және сол жақ бүйірмен, шығыршықтан өтуді бекіту. Қимылды ойын: «Ханталапай» Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1)Тізбекте бір-бірден жүру. Өздігінен бір және екі шеңберге тұру. 2) Тізені бүге, жартылай отырып жүру. Тапсырмаларды орындай, «жыланша» ирелеңдеп заттардың арасымен жүгіру. Музыка ырғағына сәйкес өздігінен ұлттық билердің қарапайым қимылдарын орындауға жаттықтыру. 3) Шектеулі зат (тақтай, еңкейтілген бөрене) үстімен адымдап, аяқтың ұшымен жүру кезінде денені дұрыс ұстап, тепе-теңдік сақтап жүруді бекіту. Арқаннан ұстап тұрып, адымдап жүруді үйрету. Қимылды ойын: «Тақия тастамақ»     Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Наурыз көктем» (Өмірден алынған әңгіме) Мақсаты:Наурыз мерекесі туралы түсінік бере отырып, өмірінде болған оқиғаны еске түсіру арқылы әңгімелеуге үйрету. Дидактикалық ойын: «Ұлттық киімдерді ата»   Сауат ашу Тақырыбы: «Өткен дыбыстар мен әріптерді қайталау. «У» дыбысының ерекшелігі» Мақсаты:Айтылу ерекшеліктеріне байланысты дыбыстарды жіктей білу дағдыларын арттыру. Айтылу ерекшелігіне сәйкес «У» дыбысының кейде дауысты, кейде дауыссыз болатыны туралы жалпы түсінік беру. Дидактикалық ойын: «У» дыбысынан келетін сөз тап, сөйлем құра»   Көркем әдебиет Тақырыбы:Ермек Өтетілеуовтың «Наурыз көже» өлеңін жаттау. Мақсаты:Наурыз мерекесі туралы айта отырып, өлеңді дауыс ырғағын келтіре оқуға үйрету. Салт дәстүр, әдет-ғұрыптар туралы ұғындыру, оны бағалап кұрметтей білуге тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Наурыз көже құрамын білесің бе?» Ағылшын тілі Тақырыбы:«Traditions of the people of Kazakhstan» (Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлері) Мақсаты:Балаларға халқымыздың салт-дәстүрлері туралы мағлұмат беру. Салттар мен дәстүрлерге байланысты жаңа лексикамен таныстыру. Сұрақтарға жауап беруді үйрету: questions “Where are you from?” Where do you live?Көрнекі-бейнелі ойлауды, көріп есте сақтауды жетілдіру, ой-өрісін өрістетуге мүмкіндік беру. Өз еліне, салт-дәстүрлеріне сүйіспеншілігін арттыруҚимылды ойын:“Asyk”     Орыс тілі Тема: «На празднике Наурыз» Цель:расширять словарь по теме «Наурыз». Формировать правильные представления о Наурыз мейрамы, воспитывать уважение к народным праздникам и традициям. Дидактическая игра: «Кто больше назовет?» Жаратылыстану Тақырыбы: «Тұқымнан не өсіп шығады?» Мақсаты: өсімдіктердің көбею тәсілдері және оның өсуіне кері әсер ететін белгілі бір жағдайлар туралы түсініктерін кеңейту. Өсімдіктердің өсу және дамуының негізгі кезеңдері туралы білім, біліктерін дамыту. Қарапайым экологиялық және зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру. Топта өзінің құрбы-құрдастарымен бірігіп жұмыс істей білу дағдыларын дамыту Дидактикалық ойын: «Ұлттық ыдыс-аяқ түрлерін ата» ҚМҰҚ Тақырыбы:«1-ден 10-ға дейінгі сандар. Көлемді салыстыру жаттығуы» Мақсаты:1-ден 10-ға дейінгі сандар туралы білімдерін пысықтау. Сан мен цифрды сәйкестендіру, есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Дидактикалық ойын: «Қазақша жыл атауларын ата» Құрастыру Тақырыбы: «Киіз үй» Мақсаты:Балаларды пластик материалымен таныстыра отырып, қалдық материалдардан киіз үй жасауға, оны оюлармен безендіруге үйрету. Ұлттық өнерге деген мақтаныш сезімге тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Киіз үйдің бөліктерін тап»   Сурет салу Тақырыбы: «Қуыршақ Сәуленің киімі» Мақсаты:Ұлттық киімнің көптүрлілігі туралы түсінік беру. Киімді өрнектеу, әшекейлеу икемділігін дамыту. Дидактикалық ойын: «Ұл мен қыз баланың ұлттық киімдерін ажырат»   Аппликация Тақырыбы: «Әжемнің қамзолы» Мақсаты:Сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру. Қиюдың түрлі тәсілдерін жапсыруда қолдана білуді үйрету, саусақ қимылдарын дамыту. Дидактикалық ойын:«Ою құрастырамыз» Мүсіндеу Тақырыбы: «Балалар Наурыз мерекесінде» Мақсаты:Балаларға қарапайым пропорция сақтай отырып қимыл үстіндегі адам мен жануардың бейнесін жасауды үйрету. Ұлттық мерекенің ерекшеліктерін түсіндіру. Стеканы қолданып тұтас кесек пен бұйымдар жасауға жаттықтыру. Дидактикалық ойын: «Ұлттық бұйымдарды табайық»   Музыка (2 сағат) Тақырыбы: «Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлері» Мақсаты: Қазақтың ұлттық салт-дәстүр, рәсімдерімен таныстыру, қызығушылықтарын дамыту. Аспаптардың дыбыстарын танып білу, әуеннің ырғағына қосылып ойнау дағдыларын дамыту. Әуенді ырғақты қимыл: «Наурыз биі» Музыка тыңдау: «Жарапазан» Халық әні Ән айту:«Жүгіріп шықтым белеске» Халық әні Дидактикалық ойын: «Қандай аспап?» (Ұлттық аспаптар түрлері бойынша) Өзін-өзі тану Тақырыбы: «Ұлттық дәстүрім- мақтанышым» Мақсаты:Ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу. Қызығушылықтарын, түсініктерін мақтаныш сезімдерін дамыту. Дидактикалық ойын: «Салт-дәстүрлерді ата»    
«Ертегілер Елінде. Театр әлемі» (2-апта) Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1)Тізбекте бір-бірден жүру. Өздігінен бір және екі шеңберге тұру. 2) Тізені бүге, жартылай отырып жүру. Тапсырмаларды орындай, «жыланша» ирелеңдеп заттардың арасымен жүгіру. Музыка ырғағына сәйкес өздігінен ұлттық билердің қарапайым қимылдарын орындауға жаттықтыру. 3) Шектеулі зат (тақтай, еңкейтілген бөрене) үстімен адымдап, аяқтың ұшымен жүру кезінде денені дұрыс ұстап, тепе-теңдік сақтап жүруді бекіту. Арқаннан ұстап тұрып, адымдап жүруді үйрету. Қимылды ойын: «Қамбадағы тышқандар» Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1) Жұптасып тұру және қайта сапқа тұру. Жай жүгіруден жүруге ауысу. 2) Еңкейтілген тақтай үстімен қырыннан жүру кезінде денені дұрыс ұстап, тепе-теңдік сақтау. 320 метрге дейін қиылысқан жермен жүгіруді бекіту және жаттықтыру. 3) Гимнастикалық шығыршықпен жұмыс: ілініп тұру, теңселу, ыршып түсу; допты қос қолмен жоғары лақтыру, алақанды шапалақтап, допты қағып алу. Қимыл-қозғалыс ойыны:«Ара мен аюлар» Қауіпсіз мінез-құлық негіздері Тақырыбы: «Үй жануарлары және оларға күтім жасау» Мақсаты:Балалардың үй жануарлары және оларды күту туралы түсініктерін дамыту. Алған білімдерін жүйелеу Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап»   Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:Менің сүйікті ертегім: «Түлкі мен ешкі» Мақсаты:Ертегіні оқып бере отырып, әңгімелеуге, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Балалардың білетін ертегілерін еске түсіру арқылы тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Дидактикалық ойын:«Бұл қай ертегінің кейіпкері?»   Сауат ашу Тақырыбы: «М» дыбысы мен әрпі. Мақсаты:«М» дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. Сөздегі дыбыстарды екпін түсіріп айту арқылы тауып, түрлерін ажырата білу дағдыларын арттыру. Өткен дыбыстар мен әріптерді қайталау. Дидактикалық ойын: «М» әрпінен басталатын ертегі бізде қонақта» Көркем әдебиет Тақырыбы: «Екі қаз, бір бақа» ертегісі Мақсаты:Ертегінің мәнін ықыласымен тыңдауға баулу. Оқылған ертегіні дұрыс түсінуге, ойларын тиянақтауға ықпал жасай отырып, сөздік қорларын байыту және байланыстыра сөйлеу білуге үйрету. Жақсылық жасауға тәрбиелеу. Дидактикалық ойын:«Сүйікті ертегі кейіпкерлерінің дауысын сал» Ағылшын тілі Тақырыбы: «In Wonderland» World of the theater! (Ертегілер елінде. Театр әлемі) Мақсаты:Балаларды ертегілер әлеміне саяхатқа апарып, театр түрлерін ажыратуға үйрету. Ертегіні әңгімелеу кезінде тілдерін дамыта отырып, ағылшын тілінде мәнерлеп айтуға үйрету. Байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру. Балаларды театр түрлерімен таныстыру (musical, puppet, dramatic, finger, shadow, table)Желілі- рөлді ойын:“Turnip’ Орыс тілі Тема:«В гостях у сказки» Цель:Выяснить, какие сказки и каких сказочных героев знают дети. Познакомить с новыми сказками. Развивать у детей словесно-логическое мышление, артикуляционный аппарат, слуховое восприятие, чувство ритма. Дидактическая игра: «Назови ласково» Жаратылыстану Тақырыбы: «Аквариумдағы алтын балықтар» Мақсаты: Балаларды аквариумдағы балықтардың тіршілігімен таныстыру. Балықтарға қамқорлық жасауға үйрету. Құрбы-құрдастары және ересектермен еркін қарым-қатынас жасау арқылы олардың танымдық-зерттеушілік іс-әрекеттерін дамыту. Балаларды еңбекқорлыққа, достық қарым-қатынас жасауға баулу. Дидактикалық ойын:«Балықтар қалай өмір сүреді?» ҚМҰҚ Тақырыбы: «Қарапайым мысалдар мен есептерді шығару. Заттарды салмағына қарай салыстыру. Заттың салмағының оның көлеміне тәуелділігі» Мақсаты:Заттардың салмағы туралы түсініктерін кеңейту. Қарапайым мысалдар мен есептерді шешуге жаттықтыру. Математикалық жұмбақтар шешу     Сурет салу Тақырыбы: «Менің сүйікті ертегім» Мақсаты:Ертегі кейіпкерінің бейнесін салуды және жануарлар мен адамның мінез-құлқына тән ерекшеліктерін бейнелей білуді үйрету. Өз жұмысын бағалай білуге тәрбиелеу. Дидактикалық ойын:«Ертегі кейіпкерлерін топтастыр» Аппликация Тақырыбы: «Алдаркөсенің ішігі» Мақсаты:Балаларға үлгімен жұмыс істеуді, оны айналдыра сызып, кескін бойымен қиып алуды, композицияның бөліктерін дұрыс орналастыруды үйрету. Тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Дидактикалық ойын:«Ақ сандық, көк сандық»   Мүсіндеу Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» Мақсаты:Ертегілер тақырыбына бұйымдар жасауды және ондағы жануарларды бейнелеуді үйрету. Ертегі кейіпкерлерін мүсіндеуге қызығушылықтарын арттыру. Дидактикалық ойын:«Мына зат қай ертегіде кездеседі?» Музыка (2-сағат) Тақырыбы: «Ертегілер Елінде. Театр әлемі» Мақсаты: Балаларды ертегі арқылы жақсы әдетке баулу. Музыка сипатына сәйкес кейіпкерлерді сахналау шеберлігіне үйрету. Әуенді ырғақты қимыл: «Тентегім» Р. Рымбаева репертуарынан Музыка тыңдау: «Ертегі сыр шертеді» М. Ералиева репертуарынан Ән айту:«Ертегі» Ж. Назаров Сюжетті ойын: «Шалқан» ертегісін сахналау Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Мен және менің айналамдағы адамдар» Мақсаты:Балалардың қоғамда және отбасында қарым-қатынас жасауларына қажетті әлеуметтік дағдыларын дамыту. Әр адамның дара қасиеттері туралы, адамдардың кәсіптік іс-әрекеті және қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстау мәдениеті туралы түсініктерін дамыту Дидактикалық ойын: «Жағымды кейіпкерлері бар ертегілерді ата» Өзін-өзі тану Тақырыбы: «Жүрегімде жақсылық» Мақсаты: «Жақсылық» құндылықтарын түсіндіре отырып, адамгершілікке баулу Дидактикалық ойын:«Жақсы деген немене? Жаман деген немене?»
«Өнер көзі халықта» (3-апта) Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1) Жұптасып тұру және қайта сапқа тұру. Жай жүгіруден жүруге ауысу. 2) Еңкейтілген тақтай үстімен қырыннан жүру кезінде денені дұрыс ұстап, тепе-теңдік сақтау. 320 метрге дейін қиылысқан жермен жүгіруді бекіту және жаттықтыру. 3) Гимнастикалық шығыршықпен жұмыс: ілініп тұру, теңселу, ыршып түсу; допты қос қолмен жоғары лақтыру, алақанды шапалақтап, допты қағып алу. Қимылды ойын:«Алтын сақа»   Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1)Тізені бүге, жартылай отырып жүру. 2) Музыка ырғағына сәйкес өздігінен ұлттық билердің қарапайым қимылдарын орындауға жаттықтыру. 3) Шектеулі зат (тақтай, еңкейтілген бөрене) үстімен адымдап, аяқтың ұшымен жүру кезінде денені дұрыс ұстап, тепе-теңдік сақтау. Қимылды ойын:«Қыз қуу» Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1)Тізені бүге, жартылай отырып жүру. 2) Музыка ырғағына сәйкес өздігінен ұлттық билердің қарапайым қимылдарын орындауға жаттықтыру. 3) Шектеулі зат (тақтай, еңкейтілген бөрене) үстімен адымдап,аяқтың ұшымен жүру кезінде денені дұрыс ұстап, тепе-теңдік сақтау. Қимылды ойын:«Аударыспақ»   Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Ақсақ құлан» Мақсаты: «Ақсақ құлан» аңызының мазмұнын түсіндіре отырып, балалардың тілдік қорларын байыту. Аңшылық туралы ұғымдарын кеңейту, аңдарға қамқорлық жасауға баулу. Дидактикалық ойын: «Саятшылық»   Сауат ашу Тақырыбы: «Б» дыбысы мен әрпі» Мақсаты:«Б» дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. Буындардан сөз құрап оқытуға жаттықтыру. Оқуға және білуге деген қызығушылықтарын арттыру. Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту. Дидактикалық ойын: «Ойлан, тап» Драма Тақырыбы: «Төлдер айтысы» (сахналау) Мақсаты:Төрт түлік мал төлдерінің адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Сахналау барысында дауыс ырғағын келтіре отырып, рөлдерге ену дағдыларын дамыту. Кеңістікте бағдарлану, түрлі қарқынды қозғалу кезінде өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру дағдыларын жетілдіру. Дидактикалық ойын:«Ұлттық өнер түрлерін ата» (ши тоқу, киіз басу т.б.) Ағылшын тілі Тақырыбы: «National art» (Өнер көзі халықта) Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыра отырып, ұлттық аспаптарды мақтаныш тұтуға тәрбиелеу(dombyra, kobyz, instrument). Ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, оны құрметтеуге баулу. Дидактикалық ойын: “Show me” Орыс тілі «В гости к народным мастерам» Цели: Знакомство с культурными и природными особенностями Казахстана. Обычаями казахского народа. Учить определять задачу урока. Воспитывать интерес и уважительное отношение к изучению культурного наследия народов. Дидактическая игра:«Волшебный сундучок» Жаратылыстану Тақырыбы: «Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер» Мақсаты: Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктер және олардың тіршіліктері туралы білімдерін нығайту. Жануар немесе өсімдікті суреттеу дағдыларын, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Туған өлкені сүюге тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Жануарлар мен өсімдіктер құпиясын тап»   ҚМҰҚ Тақырыбы: «Жиынтық. Жиынтық пен оның бөліктері арасындағы байланыс» Мақсаты:Жеке заттың және топтың жиынның бөлшегі бола алатыны туралы түсініктерін дамыту. Жиынның бейнелеушісі ретіндегі сан туралы түсініктерін пысықтау. Қызықты логикалық сұрақтар (ойын)   Құрастыру Тақырыбы: «Тоқылған кілем» Мақсаты: Түрлі-түсті қағаздардан дөңгелекшелер жасауды, симметриялы пішіндер қиюды және бүктеу сызықтарын жасауды үйрету. Қазақы ою өрнектерді қиып, кілемше бетіне дұрыс ортаналстыра білу дағдыларын дамыту. Қол, саусақ моторикаларын дамыту, әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу Дидактикалық ойын:«Шеберлер еліне саяхат» Сурет салу Тақырыбы: ««Қамажай» биін билейміз» Мақсаты: Мерекелік сюжет жасауды үйрету. Сурет салу барысында балалардың қиялдауын, байқағыштығын және әлемді бейнелі қабылдау сезімдерін дамыту. Сұлулыққа баулу Дидактикалық ойын: «Торсықты әшекейлейміз» Аппликация Тақырыбы: «Сәндік текемет» Мақсаты:Халық өнерінің сарыны бойынша өрнек салудың симметрия, қайталау, ырғақ, кезектестіру, ою пішіндерін үйрету. Оларды орналастыру арқылы заттың пішінін көрсету ұстанымын қалыптастыру. Сәндік құрастыру иекемділіктерін арттыру. Дидактикалық ойын: «Оюлар әлемінде» Мүсіндеу Тақырыбы: «Әжемнің сандығы» Мақсаты: мүсіндеудің тегіс нәрсеге бедерлі сурет түсіре білу әдісімен таныстыру және үйрету. Ұсақ қол қимылдарын дамыту. Есілген ермексазбен әшекей бұйымдарын жасату Дидактикалық ойын: «Қазына қай сандықта?»   Музыка (2-сағат) Тақырыбы: «Өнер көзі халыкта» Мақсаты: Ұлттық музыкаларды пайдалану арқылы халықтық мұраны насихаттау. Домбыра үнінің әсерлі реңкін қабылдау. Әуенді ырғақты қимыл: «Домбырамен би» Музыка тыңдау: «Балбырауын» Қ. Сағырбаев Ән айту:«Илигай» Халық әні Қимылды ойын: «Бәйге» ұлттық ойыны Өзін-өзі тану Тақырыбы: «Өнер ғажайыбы» Мақсаты: «Өнер» құндылығы туралы түсіндіру. Өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, өнерлі болуға тәрбиелеу.«Өнерлі балақай» -интеллектуал- дық ойын
«Нұр төккен, гүл көктем» (4-апта) Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1)Тепе-теңдік сақтап, қолды желке тұсында ұстап жүру. Бір қатар саптан төрт қатарға тұру. 2) Аралыққа жүгіруге жаттықтыру. Музыка ырғағына сәйкес өзіндік би қимылдарын ойлап табу және оны орындауға ынталандыру. 3) Еңкейтілген тақтай үстімен денені түзу ұстап жүру. Қырыннан қойылған сатының тақтайшалары арасынан еңбектеп өту. Қатарынан қойылған таяқшалардан секіру. Қимылды ойын: «Сарғалдақтар жинайық»   Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1)Тепе-теңдік сақтап, қолды желке тұсында ұстап жүру. Бір қатар саптан төрт қатарға тұру. 2) Аралыққа жүгіруге жаттықтыру. Музыка ырғағына сәйкес өзіндік би қимылдарын ойлап табу және оны орындауға ынталандыру. 3) Еңкейтілген тақтай үстімен денені түзу ұстап жүру. Қырыннан қойылған сатының тақтайшалары арасынан еңбектеп өту. Қатарынан қойылған таяқшалардан секіру. Эстафеталық ойын:«Әкем, анам және мен»   Қауіпсіз мінез-құлық негіздері Тақырыбы:«Біздің жасыл достарымыз. Бөлме және дала өсімдіктерін күту ережелері» Мақсаты: Бөлме өсімдіктері мен дала өсімдіктерін күту туралы түсініктерін кеңейту. Өсімдіктерді күтуге арналған құрал-жабдықтарды қолдану икемділіктерін жетілдіру. Есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сыпайылыққа, өз денсаулықтарын күтіп, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ете білуге үйрету. Қоршаған ортаға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Гүлдер отырғызайық» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Ұлыстың ұлық мейрамы-Әз- Наурыз!» Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсініктерін дамыту. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Дидактикалық ойын:«Наурыз көже құрамын тап»   Сауат ашу Тақырыбы: «М», «Б» дыбысы мен әріптерін пысықтау. Мақсаты:Өткен дыбыстар мен әріптерді қайталау. Айтылу ерекшеліктеріне қарай дыбыстарды дыбыс түрлеріне ажырата білу дағдыларын жетілдіру. Дидактикалық ойындар арқылы жылдам ойлауға жетелеу. Дидактикалық ойын: «Әріптер шеруі» Драма Тақырыбы: «Арыстан мен тышқан» (көлеңке театры) Мақсаты:Кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мәнерлілік құралдарын қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Ертегінің мазмұнын түсініп, көлеңке театрымен көрсетуге үйрету. Кейіпкерлерге мінездеме бере білуге үйрету, шығармашылыққа тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Досыма гүл сыйлаймын» Ағылшын тілі Тақырыбы:Hello, spring! (Нұр төккен, гүл көктем) Мақсаты:Балаларды ән салуға, билеуге және спортқа баули отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Көктемдегі табиғат, құстардың ұшып келуін, ондағы түрлі өзгерістер туралы ағылшын тілінде түсінік беру(spring, rainbow, flower, leaves). Көктемдегі кемпірқосақ пайда болатының айта отырып, оның түстерін анықтау(colours, red, yellow, blue, green). Ағылшын тілінде өлең, тақпақ айту арқылы тілдік қорларын дамыту. Дидактикалық ойын: “Yes, No”   Орыс тілі Тема:«Пришла весна красна» Цель:Закрепить навыки составления рассказа о временах года. Учить называть слова. Развивать эстетические чувства. Воспитывать любовь к природе. Дидактическая игра: «Бывает-не бывает» Жаратылыстану Тақырыбы: «Ағаштарды не үшін отырғызады?» Мақсаты:жасыл желектің адам мен жануарлар өміріндегі маңызы туралы айта отырып, балалардың экологиялық түсініктерін нығайту. Көктем мезгілінде ағаш отырғызудың себебін түсіндіру. Тәжірибелік жұмысқа деген қызығушылықтарын күшейтіп, бақылау нәтижесін салыстыру дағдыларын дамыту. Табиғатпен саналы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Зерттеушілік белсенділікке баулу. Дидактикалық ойын: «Ағаштар әңгімесі»   ҚМҰҚ Тақырыбы: «1-ден 10-ға дейінгі сандарды салыстыру. Теңдік және теңсіздік. <, > таңбалары» Мақсаты:Теңдік пен теңсіздік туралы түсініктерін пысықтау. 1-ден 10-ға дейінгі сандарды салыстыру дағдыларын дамыту. Сандарды салыстыруға, екі санның қайсысы артық немесе кем екенін, қаншаға артық немесе кем екенін анықтауға жаттықтыру. Дидактикалық ойын: «Себеттегі гүлдерді санап, салыстыр»     Сурет салу Тақырыбы: «Ағаштар бүршік жарғанда» Мақсаты:Ағаш бұтақтарының, жапырақтары немесе гүлдері бар бұталардың (қызыл тал, мимоза, шырша, терек) суретін олардың өсіп тұрған түріне қарап салуды үйрету. Дидактикалық ойын: «Өсімдіктердің бөліктерін орналастыр» Аппликация Тақырыбы: «Гүл салынған құмыра» Мақсаты:Екі бүктелген қағаздан әртүрлі бейнелерді-жапырақтарды, гүл жапырақшаларын қиып алу тәсілдерін үйрету. Әр түрлі тәсілдерді қолданып, бірнеше бөлікте тұратын зат құрастыру дағдыларын дамыту. Өсімдіктер пішіндерінен өрнектер жасау икемділіктерін қалыптастыра отырып, өсімдіктердің қасиеттері туралы балалар білімін бекіту Дидактикалық ойын: «Бұл қандай өсімдік?» Мүсіндеу Тақырыбы: «Көктем гүлдерінен жасалған себет» Мақсаты:Сыртын мұқият тегістей отырып, ыдыс жасауды, оны шығыңқы және тереңдетілген бедермен әшекейлеуді үйрету. Ыдыстың түбіне таспа түріндегі пластина бекіте отырып, ыдыстың қабырғасын келтіру, ішінен де, сыртынан да басып жаншу арқылы ыдыс жасауды үйрету.Дидактикалық ойын:«Гүлдерді айтып шық»     Музыка (2-сағат) Тақырыбы: «Нұр төккен, гүл көктем» Мақсаты: Көктем бейнесін музыка арқылы жеткізу. Дыбыстардың динамикалық реңкін ажырату. Ән салуда секіртпелі және бір буындағы бірнеше дыбыстарды таза айту. Әуенді ырғақты қимыл: «Тамшылар» Ғ. Дауылбаева Музыка тыңдау: «Көктем» К. Қуатбаев Ән айту:«Көктем келді» Б.Бейсенова Дидактикалық ойын: «Қатты немесе ақырын» Экология негіздері Тақырыбы: «Өсімдіктердің өсіп-өну кезеңі. Көбею тәсілдері» Мақсаты:өсімдіктердің тұқым арқылы көбею тәсілдерін түсіндіре отырып, көктем айларында отырғызылатын өсімдіктердің тұқымынан өсу және даму кезеңдерімен таныстыру.Зерттеу жұмысы: «Өсімдіктердің тұқымынан өсу және даму кезеңдері»   Өзін-өзі тану Тақырыбы: «Табиғат-Ана» Мақсаты: «Табиғат» құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру. Дидактикалық ойын: «Көктемгі жаңбыр»

Өтпелі тақырып «Біз еңбекқор баламыз»

2018 жыл сәуір

Мақсаты: 5-6 жастағы б алаларды қарапайым еңбек дағдыларына баули отырып, олардың еңбек сүйгіштік қасиеттерін дамыту

Міндеттері: 1. Негізгі қимыл қозғалыс жаттығуларын орындау барысында балаларды төзімділікке, ептілікке және еңбектене отырып

берілген тапсырмаларды дұрыс, соңына дейін орындауға қалыптастыру;

2. Еңбек адамдарына деген құрмет сезімдеріне тәрбиелей отырып, балалардың ауызша сөйлеуін дамыту;

3. Балалардың табиғат әлеміне танымдық қызығушылықтарын арттыру негізінде қоршаған ортаға қамқорлық жасау

дағдыларын жетілдіру;

4. Ұйымдастырылған о қу қызметтері барысында балаларды көркем мәнерлілік құралдарымен жұмыс жасата отырып, еңбек

с үйгіштікке, үлкендердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу

Тақырыпша «Денсаулық»-3 Дене шынықтыру-2,5 Қауіпсіз мінез-құлық негіздері-0,5 «Коммуникация»-5 Сөйлеуді дамыту-1 Сауат ашу-1 Көркем әдебиет-1 Драма-1 Ағылшын тілі-1 Орыс тілі-1 «Таным»-2,5 Жаратылыстану-1 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру-1 Құрастыру-0,5 «Шығармашылық»-5 Сурет салу-1 Мүсіндеу-1 Аппликация-1 Музыка-2 «Әлеумет»-1,5 Қоршаған ортамен таныстыру-0,25 Экология негіздері-0,25 Өзін-өзі тану-1
«Аялайық гүлдерді» (1-апта) Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1) Бағытты өзгерте заттардың арасымен жүру. Бір қатарға тұру, қатарда тұрып орында оңға, солға бұрылу. Ирелеңдеп (қайталап) жүгіру (3 рет 10 м-ге). 2) Ұстау және жалтара жүгіру. Музыкаға сәйкес адымдап шапалақпен үйлестіре жүруге жаттықтыру. 3) Екі жағынан қозғалтпай ұстап тұрған және теңселіп тұрған секіртпеден секіруді бекіту. «Қарлығаш» жаттығуын орындауды; арқаннан бастан жоғары ұстап, ілініп тұруды үйрету; кедергілерден еңбектеп өтіп және қолды еденге тигізбей доғаның астынан еңбектеп өтуді үйрету. Қимылды ойын:«Себетке гүл жинау» Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1) Бағытты өзгерте заттардың арасымен жүру. Бір қатарға тұру, қатарда тұрып орында оңға, солға бұрылу. Ирелеңдеп (қайталап) жүгіру (3 рет 10 м-ге). 2) Ұстау және жалтара жүгіру. Музыкаға сәйкес адымдап шапалақпен үйлестіре жүруге жаттықтыру. 3) Екі жағынан қозғалтпай ұстап тұрған және теңселіп тұрған секіртпеден секіруді бекіту. «Қарлығаш» жаттығуын орындауды; арқаннан бастан жоғары ұстап, ілініп тұруды үйрету; кедергілерден еңбектеп өтіп және қолды еденге тигізбей доғаның астынан еңбектеп өтуді үйрету. Қимылды ойын:«Жұбыңды тап» Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1) Балаларды бір тізбекпен жүруге, жүгіруге, табанның сыр- тымен жүруге, шашырап жүруге жаттықтыру. 2) Жіп басқышпен өрмелету арқылы табан бұлшық еттерін дамыту. 3) Гимнастикалық отырғыштың жіңішке сызығымен жүруді, допты тура бағытта домалатуды қайталау. Қимылды ойын: «Гүлдер мен көбелек» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Тілдің дыбысталу мәдениеті «Л» дыбысы» Мақсаты: «Л» дыбысын буындарда, сөздерде, сөйлемдерде дұрыс айта білуге үйрету. Сөздегі «Л» дыбысының орнын анықтау. Сөздік қорларын молайтып, тіл байлықтарын арттыру, ой-өрісін дамыту. Әдемі, жүйелі сөйлеуге тәрбиелеу. Дидактикалық ойын:«Көбелектерді гүлдерге орналастыр» Сауат ашу Тақырыбы: «Ш» дыбысы мен әрпі. Мақсаты:Балаларды «Ш» дыбысымен және әрпімен таныстыру; дидактикалық ойындар арқылы жылдам әрекет етуді үйрету. Ертегі тыңдату арқылы дұрыс қорытынды жасай білу, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Дидактикалық ойын:«Ұқсайды-ұқсамайды»   Көркем әдебиет Тақырыбы: Ақұштап Бақтыгерееваның «Гүл ектік» өлеңін жаттау Мақсаты:Ақұштап Бақтыгерееваның «Гүл ектік» өлеңін жаттата отырып, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Сұрақ қою арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Дидактикалық ойын:«Қайда өседі?»   Орыс тілі Тема: «Весенние цветы» Цель:Совершенствовать навыки говорения детей на русском языке по теме «Цветы». Продолжать учить отгадывать загадки, упражнять в подборе прилагателных, закрепить умение правильно употреблять обобщающие слова. Развивать словесно-логическое мышление, память, внимание. Дидактическая игра: «Кто больше соберет лилий»   Ағылшын тілі Tақырыбы: «Flowers» (Аялайық гүлдерді) Мақсаты:Дала гүлдері мен бөлме гүлдерін ағылшын тілінде таныстыру. (flowers, rose, tulip, carnation)Есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын молайта отырып, әдемі гүлдерге қызығушылықтарын арттыру. Бөлме гүлдеріне күтім жасауды уйрету. Дидактикалық ойын: «Join the pictures!» А Жаратылыстану Тақырыбы: «Терезе алдында не өсіп тұр?» Мақсаты:Балаларды жаңа бөлме өсімдіктерімен таныстыру. Тәжірибелік-тәжірибеалдық жұмыстарға деген қызығушылықтарын ояту. Бақылау нәтижелерін салыстыра отырып, талдау және қорытынды жасау алу қабілеттерін дамыту. Зерттеушілік мінез-құлық пен «жаңаны танысам» деген құлшыныстарын дамыту.Дидактикалық ойын: «Өз құмыраңды таңда» ҚМҰҚ Тақырыбы: «1-ден 10-ға дейінгі сандарды салыстыру. Теңдіктен теңсіздікті, теңсіздіктен теңдікті шығарып алуға арналған жаттығулар»Мақсаты: Теңсіздіктерді теңестіру, теңсіздіктерді теңдікке, теңдікті теңсіздіктерге айналдыру дағдыларын дамыту. 10-ға дейін санауға, санды санаумен сәйкестендіруге жаттықтыру. Цифр туралы білімдерін тереңдету, теңсіздіктен теңдік шығарып алу дағдыларын қалыптастыру; логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Викториналық ойын:«Не? Қайда? Қашан?» Құрастыру Тақырыбы: «Гүлдер шеберханасы»Мақсаты: Балаларды қағаз жолақтарынан дөңгелекшелер жасауға және симметриялы пішіндер қиюға, бүктеу сызықтарын жасауға үйрету. Қол саусақтары моторикасын дамыта отырып, әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.Достарына, үлкендерге сыйлық жасауға тәрбиелеу Дидактикалық ойын:«Менің сыйлығым» Сурет салу Тақырыбы: «Гүл десте» Мақсаты:Жапырақтары, гүлдері бар бұталардың немесе өсіп тұрған кейбір дала және бақ гүлдерінің суреттерін қарап салуды үйрету. Балалардың Қазақстан табиғаты туралы танымдарын ұлғайту.Дидактикалық ойын: Ұқсастықтарын тап»   Аппликация Тақырыбы: «Гүл саябағы» Мақсаты: Бейнені ең ірі бөліктерінен бастап, ұсақ бөліктермен толықтырып, қағаз парағына жапсыруды үйрету. Түстерді өзі таңдау, сезіну қабілеттерін жетілдіру. Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Кім гүлдерді көп жинайды?»   Мүсіндеу Тақырыбы: «Құмыра» Мақсаты: Сыртын мұқият тегістей отырып, ыдыс жасауды, оны шығыңқы және тереңдетілген бедермен әшекейлеуді үйрету. Ыдыстың түбіне таспа түріндегі пластина бекітіп, басып жаншу және таспа әдісімен ыдыс жасауды үйрету. Заттың өзіне қарап, елестету және ойлау арқылы әсемдік бұйым жасау дағдыларын қалыптастыру. Сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу.Дидактикалық ойын: «Түрлі-түсті гүл шоқтарын құрастыр» Музыка (2 сағат) Тақырыбы: «Аялайық гүлдерді» Мақсаты: Гүлдердің әсемдігін музыка әсерімен түсіндіру. Классикалық музыкамен, композиторымен таныстыру. Үш түрлі көңіл-күйді музыкалық ойында бере білу. Әуенді ырғақты қимыл: «Вальс цветов» П. Чайковский Музыка тыңдау: «Бәйшешек» П. Чайковский Ән айту:«Выглянуло солнышко» В. Шаинский Музыкалық дидактикалық ойын: «Үш гүл» Өзін-өзі тану Тақырыбы: «Табиғат және адам» Мақсаты: Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін бекіту.Дидактикалық ойын: «Гүлді баптай білесің бе?»    
«Ас атасы-нан» (2-апта) Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1) Балаларды бір тізбекпен жүруге, жүгіруге, табанның сыр- тымен жүруге, шашырап жүруге жаттықтыру. 2) Жіп басқышпен өрмелету арқылы табан бұлшық еттерін дамыту. 3) Гимнастикалық отырғыштың жіңішке сызығымен жүруді, допты тура бағытта домалатуды қайталау. Қимылды ойын:«Егіс алқабындағы дәнді тереміз» Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1) Балаларды әртүрлі бағытта бір тізбекпен жүруге, қолды әртүрлі қалыпта ұстап, доғадан еңкейіп жүруге жаттық- тыру. 2) Арқанға өрмелеуді, тізерлеп отырып домалауды үйрету. 3) Жіп баспалдаққа өрмелеуді қайталау. Қимылды ойын: «Наубайхана»   Қауіпсіз мінез-құлық негіздері «Нанды қастерлейік» Мақсаты: Нан қиқымын шашпандар, Жерде жатса баспаңдар! Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңда –деген өлең жолдарының мағынасын түсіндіре отырып, ас атасы «нанды» қадірлеуге үйрету Дидактикалық ойын:«Бай дастархан»   Сөйлеуді дамыту «Наубайхана» Мақсаты:Сурет бойынша әңгіме құрай отырып, балалардың сөздік қорларын молайту. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Тіл байлығын дамытып, жетілдіру. Дидактикалық ойын: «Ұн тағамдарын ата»     Сауат ашу Тақырыбы:«Қ» дыбысы мен әрпі. Мақсаты:«Қ» әрпімен таныстыру. Дыбыс саны мен түріне сәйкес келетін сөздерді іздету арқылы сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Туған жерге, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Бауырсақ ертегісінің кейіпкерлерін ата» Көркем әдебиет Тақырыбы: «Алтын астық» өлеңін жаттау Мақсаты:«Алтын астық» өлеңінің мазмұнын ашу, өлеңді дауыс ырғағын келтіре отырып, әр шумағын қайталау арқылы жаттату. Астықты орып, жинау науқаны туралы балалардың түсініктерін кеңейту Дидактикалық ойын: «Дүкенші»   Ағылшын тілі Тақырыбы: «Bread is our wealt» (Ас атасы-нан) Мақсаты:Нанның адам үшін маңыздылығын, нанның бидайдан жасалатынын, оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетіні туралы түсініктерін ұлғайту (bread, flour, wheat,). Монолог құру арқылы тілдерін дамытып, сөздік қорын байыту. Еңбекке деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу (combine-harvester, plant, farmer) Дидактикалық ойын: «What is missing?» Орыс тілі Тема: «Хлеб всему голова» Цель: Знакомить детей с ценностью хлеба, с разнообразностью хлебобулочных изделий. Воспитывать бережное и уважительное отношение к хлебу. Подвести к пониманию того, что хлеб основной продукт питания. Ввестив активную речь слова по теме. Развивать память, речь. Дидактическая игра:«Узнай и назови по описанию»   Жаратылыстану Тақырыбы: «Нан қайдан келеді?» Мақсаты:Нанды шашпай, жерге тастамай ұқыпты қатынас жасауға тәрбиелеу. Бидай өсіру мен нан өндіруге қатысатын адамдардың еңбегіне құрмет көрсетуге тәрбиелеуДидактикалық ойын: «Піскен нан»   ҚМҰҚ Тақырыбы: «1-ден 10-ға дейінгі сандарды салыстыру. Теңдіктен теңсіздікті, теңсіздіктен теңдікті шығарып алуға арналған жаттығулар» Мақсаты: Теңсіздіктерді теңестіру, теңсіздіктерді теңдікке, теңдікті теңсіздіктерге айналдыру дағдыларын пысықтау. 10-ға дейін санау, санды санаумен сәйкестендіру дағдыларын анықтау. Цифр, теңсіздіктен теңдік шығарып алу білімдерін бекіту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Дидактикалық ойын:«Нанның құрамын айтып берейік»     Сурет салу Тақырыбы: «Мерекелік дастархан» Мақсаты:сәндік өнерінің сарыны бойынша өрнектермен дастарханның суретін салуды үйрету. Икемділігінің дамуына көмектесу. Ою түрлерін (ала, кереге, көз ою, ірі және ұсақ түрлерді ұштастыру арқылы бүкіл парақты 2-3 элементпен толтыру), кезектестіре отырып, дастархан үшін өрнек жасау икемділіктерін дамыту. Талғампаздыққа тәрбиелеу.Дидактикалық ойын: «Нан дастарқанға қалай келеді?»   Аппликация Тақырыбы: «Дәмді бауырсақтар» Мақсаты:Түстерді пайдаланып, геометриялық пішіндерден сәндік композициялар жасату. Бейнелерді қиып ала отырып, жапсыру икемділіктерін арттыру. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Дидактикалық ойын:«Пішінін ажырат»   Мүсіндеу «Түлкі бауырсақты неге жеп қойды?» Мақсаты:Жануарларды бейнелей білуге үйрету. Бөліктерді бекітудің жаңа әдістерін меңгерту. Үйренуге деген қызығушылықта-рын арттыру, жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Қызыл телпектің бәліші»   Музыка (2 сағат) Тақырыбы: «Ас атасы нан» Мақсаты: Нанның қадір-қасиетін ұғындыру. Егіншілер еңбегін дәріптеу. Ұлттық би қозғалыстарын қолдану. Ойынды ұжымдасып ойнауды қадағалау. Әуенді ырғақты қимыл: «Торсықпен би» Музыка тыңдау:«Әнім сенсің тың дала» Е.Хасанғалиев Ән айту:«Дастархан» әні Дидактикалық ойын: «Үшінші артық» Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді?» Мақсаты:Ұннан жасалатын тағамдар туралы әңгімелей отырып, диқаншылар мен наубайшылар еңбегі жайлы түсініктерін кеңейту. Нанды қадірлеуге, ысырап қылмауға тәрбиелеу, үлкендердің еңбегін бағалауға үйретуДидактикалық ойын: «Егін алқабында»   Өзін-өзі тану Тақырыбы: «Мен еңбекқор баламын» Мақсаты: «Еңбек», «еңбексүйгіш-тік» туралы түсініктерін дамыту. Еңбек ету дағдыларын дамыта отырып еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Дидактикалық ойын: «Егінші»
«Жәндіктер мен қосмекенді-лер әлемі» (3-апта) Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1) Балаларды әртүрлі бағытта бір тізбекпен жүруге, қолды әртүрлі қалыпта ұстап, доғадан еңкейіп жүруге жаттық- тыру. 2) Арқанға өрмелеуді, тізерлеп отырып домалауды үйрету. 3) Жіп баспалдаққа өрмелеуді қайталау. Қимылды ойын:«Бұл қандай жәндік?» Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1) Көлбеу қойылған тақтайшамен жүрген кезде нық тепе-теңдікті сақтай білуге үйрету. 2) Жіп баспалдағымен өрмелеуді қайталау. 3) Қимылды ойын: «Бақаша секір»   Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1) Көлбеу қойылған тақтайшамен жүрген кезде нық тепе-теңдікті сақтай білуге үйрету. 2) Жіп баспалдағымен өрмелеуді қайталау. Қимылды ойын:«Аю мен аралар»   Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:Ыбырай Алтынсариннің «Өрмекші, құмырысқа, қарлығаш» ертегісі. Мақсаты:Ертегіні оқып, мазмұнын түсіндіре отырып, сурет бойынша әңгімелеуге, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздің ұйқасын табу, суреттеу арқылы сөздік қорларын, қиялдарын дамыту. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Дидактикалық ойын: «Өрмекші торы»   Сауат ашу Тақырыбы: «Дауысты, дауыссыз дыбыстар» Мақсаты:Дыбыс түрлері туралы білетіндерін пысықтау, қайталау. Ойланып, қорытынды жасай білуге үйрету. Достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу. Дидактикалық ойын:«Жәндіктер қалай дыбыстайды?»   Драма Тақырыбы: «Қарлығаш пен дәуіт» (сахналау) Мақсаты:Сахналау барысында балалардың еркін қимылдап, өз рөлін дұрыс сомдауына дағдыландыру. Театрлық іс-әрекетте ертегілерді пайдалана отырып балалардың анық, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Кейіпкерлердің ерекшеліктерін беру үшін мәнерлілік құралдарын қолдану. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Қарлығашқа ұя жасаймыз"     Ағылшын тілі Тақырыбы: «The world of Insects and amphibians» (Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі) Мақсаты:Балалардың сөздік қорын дамыту (insects, ladybug, spider, fish,bugs, butterfly, ant).Табиғаттағы жәндіктер мен қосмекенділердің атауын айтуды үйрету. Оларды ажырата білуге үйрете отырып, балалардың ойлау қабілеттерін ағылшын тілінде тақпақ, өлең арқылы жетілдіру. Жаңа сөздерді есте сақтауын дамыту.Табиғатты қорғауға баулу. Дидактикалық ойын: «Count Bugs on the Rug» Орыс тілі «Насекомые» Цель: Ввести в активный словарь слова по теме «Насекомые». Развивать внимание, память, мышление. Воспитывать заботливое отношение к природе. Дидактическая игра:«Найди, покажи, назови» Жаратылыстану «Шегіртке неден жасырынып тұр?» Мақсаты:қоректік тәуелділік туралы түсініктерін жетілдіре отырып, қоректік тізбек жасау қабілеттерін дамыту. Балалардың бойында табиғат туралы қарапайым түсініктер мен табиғатпен қарым-қатынас жасау мәдениетін қалыптастыру. Дидактикалық ойын: «Шегіртке немен қоректенеді?»   Құрастыру Тақырыбы: «Жәндіктер» (кепкен жапырақтармен) Мақсаты: Табиғи материалдармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыра отырып, кепкен жапырақтарды пайдаланып әртүрлі жәндіктерді бейнелеуге үйрету. Ептілікке, икемділікке баулу. Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Дидактикалық ойын:«Бал арасы»     ҚМҰҚ Тақырыбы: «Зат және оның бөліктері. Бүтін мен бөлікті салыстыру. Бүтін мен бөлікті салыстыруға арналған жаттығулар, бүтіннің бөліктерін атау» Мақсаты:Затты бөлікке бөлу, зат бөліктерін салыстыру дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру. Бүтін зат пен оның бөліктерінің арасындағы байланысты орнату, затты тең бөліктерге бөлу, оларды атау дағдыларын пысықтау.Дидактикалық ойын:«Тап, ата, көрсет»     Сурет салу Тақырыбы:«Ұлу» Мақсаты:Ұлу туралы білімдерін жетілдіру, ұлудың суретін салудағы ептілікпен дағдыларын дамыту. Ұлу әрекетімен таныстыра отырып, шыдамдылыққа тәрбиелеу. Дидактикалық ойын:«Жәндіктер мен қосмекенділердің айырмашылығын тап»   Аппликация Тақырыбы: «Көбелектер» Мақсаты:Көбелектің басты белгілері, өмір сүру ортасы, сыртқы құрылыс ерекшеліктері туралы түсінік беру. Ұжым болып жұмыс жасауға үйрету, әсемдікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.Дидактикалық ойын: «Түрлі түсті көбелектер» Мүсіндеу Тақырыбы: «Жәндіктер» Мақсаты: Қанқыз және оның өзіне тән белгілерімен таныстыра отырып, әдемі мүсіндеуге үйрету. Ұсақ қол қимылдарын, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, жәндіктерге деген қамқорлық сезімдерін ояту. Балаларды ұқыпты лыққа, еңбекке тәрбиелеу.Дидактикалық ойын: «Жәндіктер мекені»   Музыка (2 сағат) Тақырыбы: «Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі» Мақсаты: Жәндіктер тіршілігі, табиғаттағы орны туралы әңгімелеу. Музыкалық шығарма-шылық қабілеттерін ұштау. Би қимылдарына, ойын әрекеттеріне қатысу белсенділіктерін арттыру. Әуенді ырғақты қимыл: «Если весело живется...» Музыка тыңдау: «Бақа, бақа, бақ-бақ» Қ. Қайым Ән айту:«Ара» Қ. Қайым Ойын ойнау: Балалар қалауы бойынша Өзін-өзі тану Тақырыбы: «Табиғат-денсаулық мекені» Мақсаты: «Табиғат» «Денсаулық» құндылықтары туралы түсіндіру.Дидактикалық ойын: «Жәндіктер іздерін ажырат»  
«Еңбек бәрін жеңбек» (4-апта) Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1) Балаларды жүруге және екі-екіден жүгіруге, шашырап жүруге жаттықтыру. 2) Допты қабырғаға соғуға және әртүрлі тәсілмен соғуға үйрету. 3) Отырғыштан секіруді қайталау, көлбеу қойылған тақтаймен жүру. Қимылды ойын:«Кім күшті?» Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1) Балаларды жүруге және екі-екіден жүгіруге, шашырап жүруге жаттықтыру. 2) Допты қабырғаға соғуға және әртүрлі тәсілмен соғуға үйрету. 3) Отырғыштан секіруді қайталау, көлбеу қойылған тақтаймен жүру. Эстафеталық ойын: «Толағай»   Қауіпсіз мінез құлық негіздері Тақырыбы: «Көшет отырғызу» Мақсаты: Ауладағы ағаштарға қамқорлық көрсете отырып, оларды күтіп баптауға үйрету. Табиғатқа деген қызығушылықтарын ояту. Дидактикалық ойын: «Өсімдік өсіреміз» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Қол не үшін керек?» Мақсаты: Әңгімені мәнерлеп оқып бере отырып, әлемдегі жақсы істердің бәрі адамдар қолымен жасалатынын ұғындыру. Сұрақ-жауап арқылы балалардың ойын толық айта білуіне баса назар аудару. Балаларды еңбек етуге тәрбиелеу. Мақал-мәтел сайысы Сауат ашу Тақырыбы: «Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Қайталау» Мақсаты: Дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін қайталай отырып, пысықтау. Қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Дидактикалық ойын: «Адасқан әріптер» Драма Тақырыбы: «Әке мен бала» (сахналау) Мақсаты:Әңгіме кейіпкерлерінің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіру дағдысын қалыптастыру. Кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мәнерлілік құралдарын қолдану. Сөздік қорларын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын және тілін дамыта отырып, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу Дидактикалық ойын: «Әкеме көмектесемін»   Ағылшын тілі Тақырыбы: «The work win all» (Еңбек бәрін жеңбек) Мақсаты:Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру. Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәнерін қалыптастыру. Ағылшын тілін меңгеруге қызығушылығын арттыру (plan, teacher, to learn, to teach, to work). Сөздік қорын молайту.Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: "Echo" Орыс тілі Тема: «Труд» Цель: Формировать представления о труде людей. Учить детей правильно называть на русском языке профессии: шахтер, продавец, строитель, врач, повар. Развивать произвольное внимание, воображение, память, мышление, тонкую моторику рук. Дидактическая игра:«Кому что нужно?»     Жаратылыстану Тақырыбы: «Өсімдіктерді қалай күту қажет?» Мақсаты: өсімдіктерді күту, оларды өсіру тәсілдері туралы түсініктерін кеңейте отырып, балалардың танымдық-ізденімпаздық қызметке деген қызығушылықтарын дамыту. Өзімен құрбы-қ

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow