Алдын – ала сынаулар

БІЛІМ

           
   
     
 
 


И. Пястолова

 

ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН

ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

Оқу құралы

Техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі ұсынған

«Фолиант» баспасы

Астана - 2008

ББК 32. 26 я 73

П 99

Пястолова И.А.

П 99

Электр қондырғыларын пайдалану және жөндеу:

Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2008. – 288 с.

ISBN 9965 -35 -544 -4

Оқу құралында пайдалану, сенімділік теорияларының негізгі түсініктері, электр энергиясының сапа көрсеткіштері мен межелері және олардың электр қондырғысының жұмысына әсерлері қарастырылған. Жұмыста техникалық алдын-ала анықтау сұрақтары және электр жабдықтарын ұтымды таңдау мен қолдану негіздері көрініс тапқан.

Оқу құралы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен оқушыларына арналған.

 

 

ББК 32. 26 я 73

 
 
С


ПястоловаИ.А., 2008

С

ISBN 9965 -35 -544 -4 «Фолиант» баспасы, 2008

4.

Алғы сөз

Қазіргі заманғы өндірістік мекеме электрлік, жылу техникалық, газ, желдеткіштік, са-нитарлық және арнаулы жабдықтардың күрделі кешенін құрайды.

Өндірісті үздіксіз дамыту және жетілдіру, соның негізінде жаңа технологияларды жа-ңарту электр жабдықтарының сенімді және үздіксіз жұмысына, сонымен қатар мақсатқа жету үшін шығындарға жоғары талаптар қоюда.

Электр қондырғыларының талап етілетін сенімділігін және үздіксіздігін қалыпта ұс-тап отыру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ұйымдастырусыз мүм-кін емес. Техникалық бұйымның өмірлік кезеңінде пайдаланудың үлкен маңыздылы-ғына байланысты, энергетика саласында мамандар даярлаудың басты бағыттарының бірі болып олардың пайдаланушылық әрекеттері саналады. Болашақ маман энергоқорларды қолдануды ұйымдастырудағы пайдаланудың маңыздылығын айқын түсінуі керек:

- пайдалану теориясының негізгі жағдайларын, сенімділік теориясының негіздерін, жиынтықтаудың тәсілдерін және электр қондырғыларына алдын-ала анықтаулар жасау-ды;

- қазіргі заманғы энергия үнемдеу технологияларын;

- электр жабдықтарын пайдалану саласындағы ғылым мен техника жетістіктерін білу.

Бұл оқулық электр қондырғыларын пайдалану саласына мамандандырылған орта оқу орындарында жоғары білікті мамандар дайындауға арналған.

Мамандар дайындау үшін оқу орындарының оқу процесін әдістемелік қамтамасыз-дандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажет.

Оқулық профессорлар Пястолова А.А., Ерошенко Г.П., Ермолаева С.А. пайдалану мектебінің дәстүрінде жазылған, анықтамалық мәліметтер соңғы жылдары жарық көрген анықтамалықтар негізінде құрастырылған, ол туралы оқулықта тиісті сілтемелер келті-рілген.

Берілген оқулық ҚР, ТМД елдерінің жетекші жоғары оқу орындарында жинақталған әдістемелік материалдар мен авторлардың педагогикалық тәжірибелері негізінде жазыл-ған.

Оқулықта негізгі энергетикалық электр қондырғыларын пайдалану мәселелері қарас-тырылған.

Жеке бөлімдер болып қарастырылатындары:

- пайдаланудың теориялық негіздері;

- электр қондырғыларын техникалық пайдалану.

Оқулықтың мақсаты: болашақ мамандарды негізгі электр қондырғыларын ұтымды қолдануға және олардың жоғары сенімділігін қалыпта ұстауға үйрету.

 

5.

І БӨЛІМ

Электр қондырғыларын пайдаланудың теориялық негіздері

Тарау.

Пайдалану теориясының негізгі түсініктері мен анықтамалары.

1.1. Оқып білу нысаны.

Қазіргі заманғы кезеңде кез келген өндірістің техникалық базасы өңдеудің, техника-лық құралдарды дайындаудың, сонымен қатар оларды пайдаланудың талаптарының мүмкіндіктерін кешенді есепке алу негізінде құрылады және жұмыс істейді. Тек қана осындай кешенді жақындау кезінде ғана техниканы пайдаланудың тиімділігі қамтамасыз етіледі.

Электр қондырғыларын пайдалану – бұл дайындалған сәттен бастап олардың қолда-нылуының барлық фазасының жиынтығы: орнатылатын орынға дейігі тасымалы, құрас-тыру және қосуға дайындау, мақсаты бойынша жұмысы, техникалық қызмет көрсету, тұ-рып қалу кезеңіндегі сақтау, күрделі жөндеу және жетілдіру. Пайдаланудың аяқталуы бұйымның шектік жай-күйімен анықталады, яғни қауіпсіздік талаптарының жойылмай-тын бұзылымдары немесе параметрлердің белгіленген шегінен жойылмайтын ауытқула-ры немесе пайдаланудың тиімділігінің жойылмайтын төмендеуі пайда болғанда.

Электр қондырғыларын нақты жұмыс істеу үшін қолданады. Халықшаруашылығы тұрғысынан қарағанда, пайдаланудың маңызы электр жабдықтарының тұтынушылық қа- сиеттерін жүзеге асыруда болып табылады. Мұндай жағдайда пайдаланудың екі түрі ерекшеленеді: өндірістік және техникалық.

Өндірістік пайдалану – бұл нәтижесінде электр энергиясын энергияның басқа түріне түрлендіретін, мақсаты бойынша электр қондырғыларын пайдаланатын процесс. Бұл процесске тек қана электротехникалық тұлғалар ғана емес, сонымен қатар техникалық нысандарға қызмет көрсететін тұлғалар да қатысады (станокта – жұмысшы, сорғы стан-циясында - кезекші). Пайдаланылған процесстің нәтижесі ретінде технологиялық нысан-ға түрлендірілген және берілген энергия болып саналады.

Техникалық пайдалану – бұл пайдалану және сақтау кезінде жоғалтқан қасиеттерін қалпына келтіруді тұжырымдайтын электр қондырғыларының талап етілетін жай-күйін қамтамасыз ету және қалыпта ұстау процессі. Техникалық пайдалануды мекеменің неме-се өндірістік бірлестіктің энергетикалық қызметінің мамандары жүзеге асырады.

Электр жабдықтарының ұзақ және сенімді жұмыс істеуіне пайдалану шарттары елеу-лі әсер етеді.

Пайдаланудың мақсаты. Электр жабдықтары әрқашан кейбір жұмыстарды орындау-ға немесе өнім шығаруға арналған қайсібір қондырғының бөлігі болып табылады.

Өндірістік жүйенің мақсаты -өнім өндіруді ұлғайту, оның сапасын арттыру және өзіндік құнын төмендету есебінен қоғамның артып келе жатқан сұранысын қанағаттан-дыру. Бұл үшін барлық элементтердің жұмысының жиынтығы, соның ішінде электр қон-дырғыларының, өндірістік жүйеге бағынуы тиіс. Сондықтан, пайдаланудың мақсаты талап етілетін сенімділікті қолдау және электр жабдықтарын ұтымды пайдалану есебі-нен электрлендірілген технологиялық нысандардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуде болып табылады.

Оқып білу нысанын электр қондырғыларының мысалы ретінде қарастырамыз. Элек-тр қондырғыларын пайдаланудың талап етілетін сапасына жетуге негізгі әсер ететіндер:

электр энергиясының сапасын анықтайтын электрмен жабдықтау көзі; оның пайдалану-ға жарамдылығын сипаттайтын, қолданыстағы электр жабдықтарының пайдаланушылық қасиеттері; қолдану ережелерін және қоршаған ортаның жағдайын анықтайтын техноло-гиялық нысан; электр жабдықтарының сенімділігін қамтамасыз ететін қызмет көрсету, жөндеу және басқа да жұмыстардың сапасына тәуелді пайдалану қызметі. Аталған эле-менттердің жүйесі электр жабдықтарын пайдаланудың теориясын оқып үйренудің жал-пылама нысанын құрайды.

6.

Пайдалану шарттары – бұл электр қондырғысын пайдаланудың тиімділігіне тәуел-ді болатын барлық сыртқы факторлардың жиынтығы. Оларға келесі шарттар жатады:

қоршаған ортаны пайдалану, электрмен жабдықтау және қызмет көрсету шарттары.

Қолдану шарттары технологиялық нысанның ерекшеліктеріне тәуелді болады. Оларды электр қондырғылары тоқтап қалғанда пайда болатын технологиялық шығын-дардың өлшемімен сипатталатын жұмыс тәртібімен, жүктеменің сипаты және дең-гейімен, тәулік, ай және жыл бойы жұмыс істеуімен, сонымен қатар нысанның жауап-кершілігімен анықтайды.

Қоршаған орта шарттары жұмыс істеп тұрған және тоқтап қалған кезеңдерде электр жабдықтарына тигізетін кері әсерлерді сипаттайды. Бұл топқа электр қондырғыларының қасиеттерін нашарлатуға септігін тигізетін климаттық шарттар, орналастырылу орны, газдану, ылғалдану, діріл деңгейі және басқа да әсерлер кіреді.

Электрмен жабдықтау шарттары электр энергиясы көзінің электр қондырғылары-ның сенімділігі мен жұмыс процесіне әсерін бағалайды. Олар қалыптасқан және қосу режиміндегі кернеудің сапасымен, энергияны жеткізу және тарату жүйесіндегі энергия шығындарымен, сонымен қатар электр энергиясына жұмсалатын меншікті шығындар-мен сипатталады.

Қызмет көрсету шарттары техникалық қызмет көрсетудің, ағымдық және күрделі жөндеулердің сапасы бойынша, бұзылымдарды жоюдың лезділігі және барлық пайдала-ну жұмыстарының ресурстық шығындары жөнінде мәлімет береді.

Пайдаланудың тиімділігі. Жалпы жағдайда тиімділіктің мағынасы алдыға қойған тапсырманың табысты орындалуы немесе белгілі бір мақсатқа жету деп түсіну керек. Тиімділікті өлшеу үшін оқып үйренетін жүйенің кейбір сипаттамаларын тиімділіктің белгісі ретінде қабылдау қажет. Бұл жағдайда олардың дұрыс таңдап алынуы халықша-руашылығы үшін ерекше маңызды екендігі ескерілуі тиіс, себебі дұрыс таңдап алынба-ған белгі орындаушы ұжымның жұмыс нәтижесінің бағасын бұрмалайды және олардың ісін теріс жаққа бағыттайды.

Таңдап алынған белгі мүмкіндіктің ең аз шешімнің нұсқасы үшін аса тиімді деп есептеледі. Өндірістік процесстің энергияға деген сұранысы жұмсалатын меншікті аз шығындармен қанағаттандырылатын болса, онда электр қондырғыларын пайдалану меншікті шығындар бойынша тиімді деп аталады.

 

1.2. Курсты оқып - үйренудің пәні мен әдістері.

«Электр қондырғыларын пайдалану» курсын оқып-үйренудің пәні ретінде электр жабдықтарын таңдап алудың (жиынтықталуы) заңдылықтары, ережелері мен тәсілдері, қолданылуы, техникалық қымет көрсету мен жөндеу, сонымен қатар пайдалану мүмкін-діктерін шешу әдістері болып саналады. Теориялық сұрақтар «нысан», «бұйым», «жаб-дық» түсініктері жиі қолданылатын жалпыландырылған үлгі мысалдары негізінде оқы-лады. Олар энергетикалық жабдықтардың кез келген нақты түрлерін алмастыра алады.

Курсты оқып-үйрену барысында түрліше танымдық әдістер қолданылады: тәжірибе, салыстыру, сараптама, ұқсастық, синтез, жүйелі көзқарас және т.б. Ғылыми танымдық әдіс ретінде, тәжірибе – ең ежелгі, әрі кең тараған әдістердің бірі. Көрнекіліктің және кө-ңілге қонымдылықтың арқасында оның танымдылық мәні өте жоғары. Тәжірибе жасау әдісі жемісті дамып келеді. Соңғы жылдары тәжірибені белсенді жоспарлау әдісі кең қолдау табуда. Электр жабдықтарын пайдалануды оқып-үйрену кезінде көптеген тәуел-діліктер тек тәжірибелердің нәтижесінде ғана анықталады (сенімділік көрсеткішінің пай-далану шарттарымен байланысы, электр энергиясының сапасының электр жабдықтары-ның ПӘК-іне әсері және т.б.).

 

1.3. Электр қондырғыларын орынды пайдаланудың міндеттері мен шарттары.

 

Электр жабдықтарын пайдаланудың басты мақсаты, пайдалану теориясының негізгі жағдайында көрсетілгендей, оның сенімділік деңгейі мен қолданылуын осы жабдықпен жарақтандырылған технологиялық нысандағы жұмыстардың тиімділігі қамтамасыз еті-летіндей күйде ұстап тұру

7.

Басты мақсаттың мазмұнын сараптай келе, үш негізгі аралық мақсаттарды бөліп қа-растыруға болады: электр жабдықтарының талап етілетін сенімділігін қамтамасыз ету,

электр жабдықтарын орынды қолдануды қамтамасыз ету, пайдалану шығындарын тө-

мендету.

Осы мақсаттардың әрқайсысы пайдалану алдына, өз ара байланыстары 1.1. кестеде көрсетілгендей, бірқатар техникалық, технологиялық, әлеуметтік және экономикалық тапсырмалар жүктейді.

Кесте.

Пайдалану мақсаттары мен тапсырмаларын жіктеу.

 

Талап етілетін сенімділікті қолдау
Техникалық тапсырмалар Ұйымдастыру тапсырмалары
Ескірген электр жабдықтарын жетілдіру және ауыстыру. Ток көзі мен технологиялық нысандағы апаттық жағдайларды ескерту. Жөндеу-қызмет көрсету базасын жетілдіру. Жеке тұлғаларды ынталандыруды жетілдіру және біліктіліктерін жоғарылату. Тоқтап қалуды, тұрып қалуды есепке алуды жетілдіру.   Техникалық пайдалануды ұйымдастыруды жетілдіру.
Электр жабдықтарын орынды қолдану
Техника-технологиялық тапсырмалар Ұйымдастыру тапсырмалары
Тәуліктік және жылдық жұмыспен қамтылуды арттыру.   Орнықты жүктелуді қолдау. Мәжбүрлеп жұмыс істетуді қолдану. Орынды қолданудың мөлшерлеріне талдама жасау.   Қолданудың нәтижелерін ынталандыру жүйесі мен есепке алуды жетілдіру.
Пайдалануға жұмсалатын шығындардың тиімді деңгейін қалыпта ұстау.
Әлеуметтік тапсырмалар Ұйымдастыру тапсырмалары
Еңбек ұжымдарын құру. Еңбектің ғылыми ұйымдастыры-луын енгізу. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды жақсарту. Еңбектің өнімділігін арттыру. Қормен жарақталу-ды арттыру. Еңбек нәтижесін бағалау жүйесін жетілдіру.

 

Техникалық тапсырмаларды шешу жетілдіру және ескірген бұйымдарды дер кезінде ауыстыру, қызмет көрсетуді жақсарту, қолдану тәртібін оңтайландыру және автомат-тандыруды енгізу есебінен жабдықтардың сапасын арттырумен байланысты болады. Технологиялық тапсырмалар технологиялық процесстердің жабдықтардың мүмкіндік-терімен мұқият келісілуіне, процесстің энергия сиымдылығын төмендетуге және шыға-рылатын өнімнің сапасын арттыруға бағытталған.

Үлкен, бірақ көп жағдайларда жете бағаланбайтын мәні бар әлеуметтік тапсырмалар энергетика қызметі мамандарының (ЭНҚ - ЭНС) моральдық, еңбек және тұрмыстық жағдайларын жақсартудан тұрады. Ұйымдастыру тапсырмалары энергетика қызметінің түрін, құрылысын, басқару принциптерін жетілдіруге; техникалық қызмет көрсетуді, ағымдық және күрделі жөндеулерді орындаудың тәсілдерін жақсартуға; бөлімшелер мен қызмет көрсету мамандарының нақты өзара әрекеттестікке қол жеткізуіне бағытталған.

 

1.4. Электр қондырғыларының пайдаланушылық қасиеттері.

 

Электр қондырғыларының пайдаланушылық қасиеттері – бұл олардың сол немесе басқа бұйымның пайдалану талаптарына қандай мөлшерде сәйкес келетіндігін сипаттай-тын ақиқатты ерекшеліктері немесе сапасының белгілері. Жабдық неғұрлым тиімді қол-дануға және техникалық қызмет көрсетуге (жөндеуге) толық бейімделген болса,онда оның пайдаланушылық қасиеттері соғұрлым жақсы болады. Мұндай мүмкіндіктерді электр қондырғысын жобалау және дайындау кезінде енгізеді, ал оны пайдалану процесі кезінде жүзеге асырады.

Пайдаланушылық қасиеттерінің жиынтығын, электр жабдықтарының барлық түрле-ріне тән – жалпы, және электр жабдықтарының жекелеген топтары үшін ғана мәні бар –

8.

арнаулы деп екіге бөлуге болады. Жалпы қасиеттерге сенімділік және техника-экономи-

калық қасиеттер, ал арнаулы қасиеттерге: технологиялық, энергетикалық, аргономика-

лық және т.б. қасиеттер жатады. 1.1. суретте жабдықтардың пайдаланушылық қасиетте-

рінің болжамды жүйесі келтірілген.

 

 

1.1. сурет. Электр жабдықтарының пайдаланушылық қасиеттерінің топтамасы.

 

Пайдаланушылық қасиеттердің сандық бағасын бірлік немесе жиынтықты көрсеткіш-тердің (параметрлер, сипаттамалар) көмегімен жүзеге асырады. Бірлік көрсеткіш тек қа-на бір қасиетіне немесе оның бір ғана аспектіне ғана, ал жиынтықты көрсеткіші – бірне-ше қасиеттеріне тиесілі. Әрбір көрсеткіш уақыт факторын түрліше ескеруі мүмкін. Осындай белгілерімен оларды қалыпты, жұмыстық және қорытындылаушы көрсеткіш-тер деп бөледі.

Қалыпты көрсеткіштер – бұл электр жабдықтарын дайындаушы көрсеткен, оның қасиеттерін белгілейтін негізгі параметрлердің мәндері және сынау мен пайдалану кезін-де осы мәндерден ауытқуды есептеудің бастауы. Олар электр жабдықтарының техника-лық құжатында және заводтық қалқаншада көрсетіледі.

Жұмыстық көрсеткіштер - бұл әсер етуші факторлардың нақты үйлесімдері кезін-де пайдаланудың берілген мезетінде байқалатын нақты мәндер. Олар негізінен қасиеттің «нүктелік» бағасын береді.

Қорытындылаушы көрсеткіштер – бұл біраз уақыт пайдалану кезіндегі орташа не-месе орташа өлшенген (маусым, жыл немесе қызмет ету мерзімі) мәндер.Олар электр жабдықтарын қолданудың тиімділігі және қызмет көрсетудің (жөндеу) нәтижелігі жө-нінде толық мәләмет береді. Пайдалану қорытқы көрсеткіштер қалыпты көрсеткіштер-ден төмен болмайтындай етіліп ретке келтірілуі тиіс.

Қазіргі заманғы өндіріс жабдықтардың сенімділігіне ерекше талаптар қояды.

Қазіргі уақытта жабдықтың тоқтамай жұмыс істеуі емес ал оның жұмыстық қабілетін қалпына келтірудің ұзақтығы, яғни тұрып қалуы аса үлкен қауіп тудырады. Егер нысан- ның тұрып қалуы кейбір рұқсат етілген уақыттан асып кетсе, онда технологиялық про-

9.

цесстің бұзылуы өнімнің жеткілікті шығарылмауы мен оның бүлінуіне, сонымен қатар қажетсіз зардаптарға әкеліп соқтырады. Жабдықтың ұзақ мерзімділігін арттыру қосым-ша элементтердің (қосалқы), саны мен тізімдемесінің дұрыс таңдап алынуына; мекеме-

нің энергетикалық жүйесінің лездік-кезекшілігінің жақсы ұйымдастырылуына тәуелді.

Техника – экономикалық көрсеткіштер электр жабдықтарының типтік өлшем қа-тарларын, сатып алу құнын, құрастырылуын, қызмет көрсету мен жөндеуін сипаттайды. Электр жабдықтарының нақты түрінің типтік өлшем қатары оның қуаты, кернеуі, орын-далуы және басқа да параметрлері бойынша тізімдемесін анықтайды. Типтік өлшем қа-тарының шкаласы неғұрлым көп болса, пайдалану шартына байланысты электр жабдық-тарын соғұрлым дәлірек таңдап алуға болады. Тұтынушы тарапынан электр жабдықта-рының сапасына деген өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін, электротехни-калық өнеркәсіп шығарылатын бұйымдардың тізімдемесін үздіксіз арттырып келеді. Мысалы, электр қозғалтқыштардың алғашқы сериясы 9, екіншісі – 17, ал төртіншісі – 25-тен жоғары нұсқалар мен арнайы орындалымдардан тұрады.

Бірақ артық көп тізімдемелік мекемелерге қосымша бөлшектерді, материалдарды, құ-рал-саймандар мен аспаптарды сатып алу мен сақтаудың күрделілігіне байланысты ұтымды пайдалануда қиындықтар туғызады. Пайдаланушы тұлғалардың біліктілігіне де-ген талап жоғарылайды. Сондықтан типтік өлшем қатарының үйлесімді құрылысы бар электр жабдықтарын шығаруға ұмтылыс жасалуда.

Баға көрсеткіші жабдықтың жалпылама және салыстырмалы құнын береді. Олар жаб-дықтарға қызмет көрсетудің қолайлы мерзімділігін негіздеу мен оларды жүктеу, соны-мен қатар резервтік қорды есептеу мен бірқатар басқа да пайдаланушылық тапсырмалар-ды шешу кезінде қажет.

Пайдаланушылық қасиеттердің салдарлы көрсеткіштерінің үйлесімді мәндерін жаб-дықты дайындау мен қолдануға жұмсалған қорытқы шығындармен анықтайды. Сенімді-ліктің немесе ПӘК-тің артуы жасауға немесе техникалық пайдалануға жұмсалатын шы-ғындардың өсуімен байланысты, бірақ бұл жағдайда жабдықтың тұрып қалуына байла-нысты технологиялық нұқсанды, энергия шығынын және күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындарды төмендетуге болады. Баға көрсеткіштері аталған бәсекелесе алатын көрсет-кіштерді салыстыруға және ең жақсы шешімдер табуға мүмкіндік береді.

Технологиялық қасиеттер электр жабдықтарының техникалық немесе басқа да ар-наулы талаптарға сәйкестігін сипаттайды. Адамдарға қатысты жалпы мақсаттағы жаб-дықтар (қозғалтқыштар, трансформаторлар және т.б.) қауіпсіз және залалсыз болулары керек.

Жабдықтардың техникалық қасиеттеріне байланысты дұрыс таңдап алынуы және пай-далану процесі барысында осы қасиеттерінің сақталуы тек қана технологиялық процес-стің жоғары сапасын ғана емес, сонымен қатар энергоресурстардың үнемділігін де қам-тамасыз етеді.

Энергетикалық қасиеттер жабдықтардың ПӘК-не, қуат коэффициентіне және басқа да энергетикалық көрсеткіштерге, сонымен қатар олардың өтпелі (жүргізу, тежеу) және басқа да жұмыс тәртіптеріне бейімділігіне қатысты жоғары тиімділікті энергияны тұты-ну (өндіру, тарату) мүмкіндіктерін көрсетеді. Жақсы энергетикалық қасиеттер кез келген жабдықтың түрінде болуы керек. Мысалы, электр жабдығын қоректендіру көзіне энер-гиясы бірнеше есе трансформацияланған созылған электр желісі арқылы қосады. Элек-трмен жабдықтау жүйесінің ПӘК-і аса жоғары емес(70 %), сондықтан бірнеше есе трансформацияланған желінің электр қабылдағыштарының энергетикалық қасиеттері төмен және олар электр энергиясының орасан зор шығындарын тудырады.

Энергетикалық қасиеттерді бағалау кезінде тек қана қалыпты ғана емес, сонымен қа-тар салдарлы көрсеткіштері де ескерілуі қажет. 1.2. суретте көрсетілген қозғалтқыштың ПӘК-інің жұмыстық сипаттамасын қарастырайық. Бірінші қозғалтқыштың қалыпты ПӘК-і екіншісіне қарағанда едәуір жоғары. Бірақ бұл бірінші қозғалтқышты дұрыс таң-дауға негіз бола алмайды, себебі оның ПӘК-нің жоғарылатылған мәні тек қана жүктеме-нің аз ғана аралығында байқалады, ал осы аралықтың сыртында энергетикалық сипатта-малар бірден нашарлайды. Мұндай қозғалтқыштарды қолдану кезінде олардың әрқайсы-сын қатаң түрдегі қолайлы жүктемемен қамтамасыз ету қиын. Сондықтан қозғалтқыш-

10.

тар тобының орташа ПӘК-і қалыпты мәннен төмен болады. Екінші қозғалтқыштың ПӘК-нің жоғары мәндері жүктеменің кең диапазонында байқалады. Мұндай қозғалт-қыштарды қолдану кезінде олардың салдарлы қорытқы ПӘК-і қалыпты мәнге жақын бо-

лады.

Осы себептен, электр жабдығының жоғары энергетикалық көрсеткіштерінің жүктемесінің өзгерісі, қоректендіруші кернеуі және басқа да пайдалану факторлары жеткілікті кең аралықта болулары керек. Бұл жағдайда барлық факторлар өзгерістің кез-дейсоқ сипатында болатынын ескеру қажет.

 

1.2. сурет. Қозғалтқыштардың ПӘК-нің сипаттамалары.

 

Эргономикалық қасиеттер жабдықтардың қызмет көрсетуші тұлғалардың психофи-зиологиялық мүмкіндіктерімен сәйкестігін анықтайды. Олар МЕМСТ-21033-75 және МЕМСТ-16456-70 бойынша тағайындалған гигиеналық, антропометрлік, физиология-лық және психологиялық көрсеткіштермен бағаланады. Гигиеналық көрсеткіштер тобы-на жарықталыну, тозаңдану, шу, діріл, магнит өрісінің кернеулігі және басқалар кіреді. Негізінен жаңа электр жабдықтары қанағаттандырарлық көрсеткіштерге ие, бірақ пайдалану процесі кезінде олар нашарлайды. Көбінесе механикалық және магнитті ді-рілді-шулы әсерлер тұрақсыз болады. Дер кезіндегі және сапалы техникалық қызмет көрсету ғана гигиеналық көрсеткіштерді талапты деңгейде ұстап тұра алады. Антропо-метрлік көрсеткіштерге құрылымдардың және жабдықтардың орналасуының қызмет көрсетуші тұлғалардың бойларымен сәйкестігін сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Электр қондырғысын дұрыс орналастырған жағдайда оған қызмет көрсету жеңіл бола-ды. Тарату қалқандары мен пунктері бұл талаптарды толық қанағаттандырмайды, себебі олар тар өтпелерде, үлкен биіктікте және т.б. жерлерде орналасады. Жабдықтардың бас-қа да эргономикалық қасиеттері адамның көру, есту, күштік және рефлекторлық мүмкін-діктерімен, сонымен қатар еңбектік кәсіби дағдыларымен сәйкес келулері тиіс

 

1.5. Техникалық пайдаланудың негіздері.

Сенімді жұмысты қамтамасыз ету үшін тәжірибеде электр жабдықтарының техника-лық пайдалану жүйесін өңдеп және қолдануда. Бұл жүйе осы жүйеге кіретін (МЕМСТ-18322-78) бұйымның сапасын қолдап және қалпына келтіріп отыратын, өзара байланыс-қан құралдардың, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және орындаушылардың құжат-тарының жиынтығын білдіреді.

Бұйымдардың техникалық пайдалануы бойынша қолданыстағы жағдайы негізінде халық шаруашылығының оларды қолданатын салаларында электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйелері құрылады. Мұндай кезде жүйенің ке-лесі негізгі сипаттамаларын дұрыс таңдаудың үлкен маңызы бар: техникалық пайдалану принципі, жөндеу циклінің құрылысы, жұмыстың кезеңділігі, қызмет көрсету мен жөн-деу операцияларының типтік құрамы, еңбек ауқымдылығы мен жұмыстың бағасы.

Техникалық пайдалану принципі – жабдықтың қасиеттерін бақылаудың сәтін және қалпына келтіруді таңдау ережесі. Белгілі үш принцип бар: тоқтап қалудан кейінгі, ал-

 

11.

дын-алу және қараудан кейінгі.

Тоқтап қалудан кейінгі принцип – бұл электр жабдықтары істен шыққаннан кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін кездегі қажеттіліктен туындайтын қызмет

көрсету; жоспарлы алдын-алу іс-шаралары жүргізілмейді.

Алдын-алупринципінің негізі - электр жабдықтарының техникалық құрамына қара-мастан, жоспарлы мерзімде алдын – алу іс-шаралары өткізіле береді: жекелеген элемент-тер немесе құрылғылар істен шыққанда олар толықтай қалпына келтіріледі (алмастыры-лады).

Алдын-алу іс-шаралары күнтізбелік немесе регламенттік болуы мүмкін. Бірінші жағ-дайда оларды электр жабдықтарын қолдану тәртібіне қарамастан, қатаң түрде белгілен-ген күнтізбелік мерзімдерде орындайды. Екінші жағдайда – электр жабдықтарының жүктелуі, тәуліктік, маусымдық және жылдық жұмыспен қамтылуы ескерілген жұмыс көлемі регламенттелінгеннен кейін орындайды.

Қараудан кейінгі принцип – бұл жоспарлы тәртіппен диагностикалық тексеруді өткіз-геннен кейін электр жабдықтарының жай-күйіне байланысты қызмет көрсету, ал қажетті алдын-алу жұмыстары (қалпына келтіру) электр жабдықтарының нақты жай-күйі еске-рілгенде ғана тағайындалады.

Техникалық пайдаланудың түрін дұрыс таңдау үшін электр жабдықтарының сенімді-лік сипаттамалары, оларды қолданудың ерекшеліктері мен жөндеу – қызмет көрсету ба-засының жай-күйі ескерілуі керек. Қараудан кейінгі принцип келесі шарттардың бірінде ақталғандығы тағайындалған: тоқтап қалу қарқындылығы электр жабдықтарының қыз-мет ету мерзіміне байланысты артпайды; апаттық жөндеу мен технологиялық нұқсанға жұмсалған шығындар алдын-алу жұмыстарына кеткен шығындардан аспайды (тоқтап қалу қарқындылығы өзгерісінің кез келген сипатында); алдын-алу жұмыстарының есепті оңтайлы кезеңділігі электр жабдықтарының қызмет ету мерзімінен көп.

Алдын-алу принципі оның келесі артықшылықтарына байланысты қолдану ауқымы кең:

- белгілі бір анықталған, қолдану уақыты дұрыс тағайындалған алдын-алудың кезеңділі-гі есебінен техникалық пайдалану бойынша жұмыстың қорытқы ауқымы, электр жаб-дықтарының техникалық жай-күйін талапты деңгейде жеткілікті түрде ұстап тұру үшін біршама ең кіші мәнге дейін төмендейді;

- электр жабдықтарының әр бірлігінің жоспарлы жүйелі алдын-алуы есебінен электр жабдықтарының өзгермейтін қоймасының техникалық пайдалануы бойынша ең төменгі жұмыс деңгейі іс жүзінде тұрақты болып қалады;

- электр жабдықтарының қызмет ету мерзімі барысында орындалатын барлық бірқатар алдын-алу жұмыстары тізбектей қайталанып отыратын біртипті жұмыстардың циклынан тұрады.

Қараудан кейінгі принцип алдын-алудың сапасын сақтайды және қосымша мүмкін-діктері бар. Оны жүзеге асыру кезінде электр жабдықтарының жай-күйі үлкен дәлдікпен ескеріледі, сондықтан үдемелі тозуды болдырмайды, яғни жөндеулер санын азайтуға мүмкіндік береді, жауапты кезеңдерде тоқтаусыз жұмыс істеуді кепілдендіреді және т.б. Бірақ қараудан кейінгі техникалық пайдалануды қолдану диагностика жасау және электр жабдықтарының жай-күйін болжау құралдарының тапшылығынан қиындықтар туғыза-ды.

Жөндеу циклінің құрылысы – бұл жабдықтарды техникалық пайдалану кезінде орын-далатын жұмыстардың тізбегі мен жиынтығы. 18322-78 МЕМСТ-қа сәйкес негізгі пайда-лану жұмыстарына жататындар: техникалық қызмет көрсету, ағымдық және күрделі жөндеулер.

Техникалық қызмет көрсету (ТҚК) – бұл мақсаты, сақталуы және тасымалдауы бойынша қолдану кезінде жабдықтардың бүтіндігі мен жұмысқа қабілеттілігін ұстап тұратын операциялар кешені. ТҚК тоқтап қалуды тудыруы мүмкін болатын себептер мен ұсақ бұзылымдарды дер кезінде жою есебінен бүтіндікті (жұмысқа қабілеттілікті) қамтамасыз етеді. ТҚК-ді технологиялық өндірістік процессті бұзбай, жабдықтың орна-тылған орнында жүргізеді.

12.

Ағымдық жөндеу (АЖ) – бұл бұйымның жұмыстық қабілетін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын және оның бөліктерін ауыстыру немесе қалпына келтіруден тұратын жөндеу. АЖ-дің мақсаты кез келген жабдықтардың элементтерінің бірқалыпсыз беріктігі туралы белгілі жағдайдан туындайды.Ұзақ уақытты емес элемент-

терді дер кезінде ауыстыру есебінен АЖ барлық бұйымдардың жұмыстық қабілетін ұс-тап тұруды қамтамасыз етеді. АЖ-ді электр жабдықтарының орнатылған орнында немесе жөндеу шеберханаларында орындайды.

Күрделі жөндеу (КЖ) – бұл базалық жөндеуді қоса есептегендегі, бұйымның бүтінді-гін және оның кез келген бөлшектерінің ресурстарын толық немесе соған жуықтап қайта қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу. Мұндай жұмыстарды арнайы маманданды-рылған электр жөндеуші мекемелер орындайды.

Аталған жұмыстардан басқа, энергетикалық қызметтің кез келген мекемесі лездік-ке-зекшілік қызмет көрсетуді, сақтау кезінде электр жабдықтарын тоқтатып қою және қайта қосуды, бақылаулық өлшеулер мен алдын-ала сынауларды орындайды.

Лездік-кезекшілік қызмет көрсету электр жабдықтарының тоқтап қалуын тез (лезде) жоюды, сонымен қатар өндірістік қажеттіліктен туындаған кез келген ажыратуды, қайта қосуды және электрлік сұлбалардың өзгерістерін орындауды қамтамасыз етеді. Егер жабдықтың тоқтап қалуы 20 күннен артыққа созылса, онда ұзақ тоқтардың алдында ол сақтауға қойылуы керек. Осындай сақтаудан кейін электр жабдығын қайта қосып, оны жұмысқа қайтадан жүктейді.

Жұмысты жүргізудің мерзімділігі. Тоқтап қалудан кейінгі техникалық пайдалану ке-зінде қалпына келтіру жұмыстары қажеттілікке қарай орындалады. Қайта қарап шығу-дан кейінгі техникалық пайдалану кезіндегі мерзімділік электр жабдықтарының жай-күйіне, сонымен қатар қызмет көрсетуші тұлғалардың жұмысбастылығына тәуелді бола-ды. Алдын-алу жұмыстары кезінде мерзімділікті пайдалану тиімділігінің қабылданған белгілерінің негізінде анықтайды, мысалы, атқарылған жұмыс көлемінің бірлігіне жұм-салған шығындар.

Кезекті жоспарлы ағымдық жөндеу немесе пайдаланудан бастап алғашқы жоспарлы жөндеуге дейінгі электр жабдықтарының жұмысының күнтізбелік кезеңі жөндеу ара-лық кезең деп аталады.

Күрделі жөндеулердің аралығындағы немесе пайдаланудан бастап алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі күнтізбелік ұзақтылықты жөндеу циклі деп атайды. Жөндеу циклінің құрылысы электр жабдығының түріне және оны пайдаланудың шартына тәуелді. Мыса-лы, орындалымы бойынша бірдей қозғалтқыштарды түрлі жағдайларда қолданатын бол-са, онда оларға техникалық қызмет көрсетуді (жөндеуді) әртүрлі мерзімділікпен жүргізе-ді: құрғақ бөлмелердегі жөндеу циклі 12 жылды, ал ыстық, химиялық және гальваника-лық цехтарда ол - 4 жылды құрайды.

Жұмыстардың типтік мазмұны. Әрбір алдын-алу жұмыстарын дер кезінде ғана емес, сонымен қатар жабдықтың қасиеттерін қалпына келтіруге кепілдік беретіндей кө-лемде орындау қажет. Жұмыс көлемін қызмет көрсетілетін жабдықпен тікелей танысқан кезде нақтылауға болады. Нақты жағдайда қандай операциялар орындалатынын энерге-тикалық қызметтің жетекшісі немесе қызмет көрсететін тұлға шешеді.

Жабдыққа жоспарлы техникалық қызмет көрсетуге келесі операциялар кіреді: шаң-нан, кірден және бөгде заттардан тазарту; бекітпелерді тексеру және реттеу; электрлік жалғауларды, соның ішінде алдымен нольдендіру тізбегін (жерсіндірулер)тексеру және қалпына келтіру (қажет болғанда); оқшаулағыштардың кедергісін тексеру; жауапты то-раптар мен детальдардың қызу дәрежесін тексеру; байқалған ұсақ бұзылымдарды жою.

Ағымдық жөндеу келесі операцияларды қарастырады: сыртқы беттерін тазарту; желі-ден ажырату және бөлшектеу; ішкі беттерін, детальдары мен тораптарын тазарту; де-тальдар мен тораптардың жай-күйін анықтау және жөндеу немесе ауыстыру (базалықтан басқасын); жинау; сынау; жұмыс орнына орнату және сынау. Келтірілген барлық типтік операциялар негізінде электр жабдықтарының әрбір түрі үшін өндірістік өнеркәсіптер-дің энергетикалық шаруашылықтарының жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесінде техникалық қызмет көрсету мен ағымдық жөндеудің нақты жоспары жасалған.

13.

Типтік жұмыстардың еңбек ауқымдылығы. Қызмет көрсету мен жөндеудің жұмыс ауқымдылығының межелері, біріншіден, жұмыстың типтік мазмұнына, екіншіден, қуат-қа, орындалымы мен басқа да жөндеу ерекшеліктеріне, мысалы, электр жабдықтарын жөндеудің күрделілігіне байланысты.

Бірінші факторды қызмет көрсетуші тұлғалардың тікелей жұмыс орнындағы еңбек өнімділігін зерттеу негізінде талдау-тәжірибелік межелеу барысында ескереді. Ол үшін жұмыс уақытын суретке түсіруді (жұмыстың күні бойғы уақыт шығынын үздіксіз өл-шейді) немесе хронометраждау (жекелеген операциялар мен тәсілдерді орындауға жұм-салатын жұмыс уақытының шығындарын өлшейді) жүргізеді. Осы мәліметтердің негі-зінде кейбір базалық электр жабдықтарының жұмыс түрлеріне немесе жекелеген опера-цияларға жұмсалатын еңбек шығынының негізделген межелерін дайындайды.

Жөндеудің күрделілігін түрлі тәсілдер арқылы ескереді. Көп жағдайда оны кез келген жабдықты жөндеудің жұмыс ауқымдылығын, өлшем бірлігі ретінде алынған, осындай базалық жабдық үшін орындалатын жұмыстың жұмыс ауқымдылығының салыстырмалы шамаларына қатысты бағалайды. Мұндай кезде жөндеудің күрделілігінің саралап жіктеп және кешенді межелеуін бөліп қарауға болады. Саралап жіктеп межелеу кезінде жөндеу-дің шартты бірлігі (ж.ш.б.) көмегімен әрбір жекелеген түрдегі және типтік өлшемдегі электр жабдықтарының бір жолғы және жекелеген жұмыстарына жұмсалатын еңбек шы-ғындары бағаланады.

Жөндеудің шартты бірлігі ретінде қуаты 5 кВт, кернеуі 380 / 220 В және ста-тордың магнит өрісінің айналу жиілігі 1500 мин-1 жабық орындалымдағы қысқа тұйықталған үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың жұмысының бір түріне жұмса-латын жұмыс шығындары алынған.

Жөндеудің шартты бірлігінің межелі жұмыс ауқымдылығы техникалық қызмет көрсе-ту үшін – 0,5; ағымдық жөндеу үшін – 4,8; күрделі жөндеу үшін – 12,5 адам*сағатты құ-райды. Кез келген электр жабдығы үшін жөндеудің шартты бірлігіне аудару коэффи-циенті (санаты) тағайындалған.

Кешенді межелеуді электр жабдықтарының шартты бірлігі (э.ш.б.) жағдайында орын-дайды. Бұл кезде ауылшаруашылығы жағдайында қолданылатын электр жабдықтары-ның кейбір жиынтықтары үшін пайдалану жұмыстарының барлық түріне жұмсалатын бір жолғы емес, тек жылдық жұмыс шығындары ғана ескеріледі. Электр жабдықтары-ның шартты бірлігі ретінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің әр түрлі түрлері-нің орташа жылдық жұмыс ауқымдылығының базалық электр қондырғыларына техни-калық қызмет көрсету мен жөндеудің жылдық жұмыс ауқымдылығына қатынасы алы-нады.

Базалық (эталонды) қондырғы ретінде ашық қондырғыларда қолданылатын, қуаты 10 кВт-қа дейінгі қозғалтқышы бар электр жетегінің электр жабдықтарының жиынтығы қа-былданған. Электр жабдықтарының шартты бірлігінің межелі жұмыс ауқымдылығы 18,6 адам*сағат/жылды құрайды, және келесі жуық құрылымнан тұрады: лездік қызмет көрсету – 2-3, техникалық қызмет көрсету – 5-6, ағымдық жөндеу – 7-9, күрделі жөндеу – 1-3 адам*сағат/жыл. Басқа электр жабдықтарының жиынтығын электр жабдықтары-ның шартты бірлігіне қайта есептеу коэффициентінің көмегімен аударады.

 

1.6. Өндірістік өнеркәсіптердің энергошаруашылықтарының жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жүйесі.

 

Электр жабдықтарын пайдалануды ұйымдастыруды реттеуші негізгі мөлшерленген құжат ретінде өндірістік өнеркәсіптердің энергошаруашылықтарының техникалық қыз-мет көрсету жүйесі болып табылады (ЭЖ ТҚКЖ - ТОР ЭО жүйесі). Берілген жүйе мөл-шерлердің сабақтастығы мен жөндеулерді ескертудің салалық жүйесінің мөлшерлерін сақтап қалды (ЖЕЖ - ППР).

Шаруашылықтың барлық негізгі салаларында ЖЕЖ –нің салалық жүйелері бар (су шаруашылығы министрлігі, металлургия өнеркәсібі, авиация, орман шаруашылығы, ауылшаруашылығы және т.б.).

ЭЖ ТҚКЖ жүйесінде мөлшер мен мөлшерлемелер көптеген өзгерістерге ұшырады, көбінесе салалардың мөлшерлері мен мөлшерлемелерінің тізімдемесі сақталып қалмады.

14.

Бұл мөлшерлемелік құжатта техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру және жоспарлау бойынша, мерзімділік, жұмыстың типтік құрамы, жұмыс ауқымдылығы мен материалдар шығыны туралы ұсынымдар бар, электр жабдықтарының негізгі түр-лері үшін ТҚК және ТЖ –лердің құрылымы мен циклдарының ұзақтығы көрсетілген.

Алдын-алу жұмыстарын орындау ТҚК мен ТЖ-дің кестесін (жылдық, айлық, апта-лық) құруды қарастырады.

Электр жабдықтарын пайдалану мен жөндеу бойынша жұмыс ауқымын анықтау негі-зінде жөндеуге, лездік-жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуші пайда-ланушы тұлғаларға қатысты қажеттілікті анықтау әдістері қарастырылады.

Нысандарға, жабдықтарға, желілерге лездік қызмет көрсету, құрастыру жұмыстарын орындау, стандарт емес жабдықтарды дайындау техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын орындауға тікелей қатысты емес. Лездік тұлғалар үшін сандық құрам ны-санның ерекшеліктерін көрсететін электр жабдықтарының түрлерінің сәйкес келетін техникалық пайдалану ережелерімен, техника қауіпсіздігі талаптары және жергілікті нұсқамалармен регламенттеледі. Жөндеу - ескерту жұмыстарының (ЖЕЖ) қолданыста-ғы жүйесін тұрақты және өзгермейді деп есептеуге болмайды. Оларды әрдайым жетілді-ріп отыру керек, себебі жабдықтардың, диагностикалық аспаптардың, жүйелердің жетіл-дірілген түрлері жасалып шығарылуда, технологиялар жетілдірілуде, электр жабдықта-рын пайдаладың білімдері мен тәжірибелері жинақталуда.

 

1.7. Электр энергиясының көрсеткіштері мен сапасының межелері.

Электрлендірудің оңды әсері тұтынушыларды сапалы энергиямен қамтамасыз еткен жағдайда білінуі мүмкін. Ол төмендеген кезде электр энергиясын қолданатын тек электр жабдықтары мен энергетикалық қондырғылардың ғана емес, сонымен қатар электрлен-дірілген өндіріске де айтарлықтай нұқсан келтіріледі.

Біздің елімізде электр энергиясына деген талаптар «Электр энергиясы. Жалпы мақсаттағы электр желілеріндегі электр энергиясының сапасына қойылатын талаптар.» 13109 – 99 МЕМСТ-бойынша регламенттелген. Стандарт төмендегілерден басқа, жалпы мақсаттағы жиілгі 50 Гц-тік үш және бір фазалы айнымалы токтың электр желілеріндегі электр энергиясының сапасына қойылатын талаптарды тағайындайды: арнайы мақсаттағы электр желілері (түйіспелі, тартпалы байланыстар); жылжымалы қондырғы-лардың желісін электрмен жабдықтаудың дербес жүйелері (поездар, ұшақтар); уақытша мақсаттағы желілер; жылжымалы қоректендіру көздеріне жалғанған желілер.

МЕМСТ бойынша электр энергиясының сапа көрсеткіштері (ЭСК) екі топқа бөлінген:

- негізгі ЭСК;

-қосымша ЭСК.

Негізгі ЭСК оның сапасын сипаттайтын, электр энергиясының қасиеттерін анықтай-ды. Кернеуге байланысты көрсеткіштер желінің ұзақтығы мен трансформациялаудың санына байланысты екендігін ескеру қажет. Кернеудің сыныбы неғұрлым жоғары болса, электр энергиясының сапасының межелеріне деген талаптар да қатал болады. Желінің жиілігі сапаның жалпы жүйелік параметрі болып саналады және барлық сыныпты кер-неулер үшін бірдей.

МЕМСТ бойынша ЭСК-ның 11 түрі тағайындалған:

- жиіліктің ауытқуы, δƒ;

- кернеудің орныққан ауытқуы, δUорн.;

- кернеу өзгерісінің қарқыны, δU1;

- фликер мөлшері (жыпылықтау немесе тербеліс), Р1;

- кернеу қисықтығының синусойдалығының бұрмалануының коэффициенті, Ku;

- кернеудің п- інші гармоникалық құраушысының коэффициенті, Ku(п);

- кернеудің кері реттіліктегі симметриясыздығының коэффициенті, К2u;

- кернеудің нольдік реттіліктегі симметриясыздығының коэффициенті, K0u;

- кернеудің құлауының тереңдігі мен ұзақтылығы, δUқ,Δtқ;

- импульстық кернеу, Uимп.;

- уақытша асқын кернеудің коэффициенті, K асқын u.

Электр энергиясының сапасының кейбір көрсеткіштерінің мәнін анықтау кезінде элек-

15.

тр энергиясының келесі көмекші параметрлерін қолданады:

- кернеу өзгерісінің қайталану жиілігін, Ғδ/1;

- кернеу өзгерістерінің арасындағы аралығын, ΔtU+1;

- кернеудің құлау тереңдігін, δUқ ;

- кернеудің құлауының пайда болу жиілігін, Ғқ;

- оның амплитудасының 0,5 деңгейі бойынша импульстің ұзақтығын, Δtимп 0,5;

- уақытша асқын кернеуліктің ұзақтығын, ΔtасқынU .

ЭСК-ның межесінің екі түрі тағайындалған: қалыпты рұқсат етілген (қалыпты) және шектеулі рұқсат етілген (шекті).

Электр энергиясының сапа көрсеткішінің ең көп қолданылатын негізгілерін қарасты-райық.

1.7.1. Жиіліктің ауытқуы.

 

Электрлік жүйедегі жиіліктің (Гц) ауытқуы электрмен жабдықтау жүйесіндегі айны-малы токтың жиіліктерінің нақты ƒ және қалыпты ƒқал. мәндерінің арасындағы айырма-шылықты сипаттайды және мына формуламен өрнектеледі:

 

δƒ = ƒ - ƒқал (1.1)

Жиіліктердің ауытқуы бойынша рұқсат етілген межелер мынаны құрайды:

 

δƒқал = ± 0,2 Гц; δƒшек.= ± 0,4 Гц.

Жиіліктің ауытқуы электр станциялардың генераторларының актив қуаты мен электр желісіндегі беріліске жұмсалатын шығындарды ескергендегі жүктеменің тұтынатын қуа-ты арасындағы баланстың үйлесімсіздігімен келісілген.

 

1.7.2. Кернеудің ауытқуы.

 

Кернеудің ауытқуы кернеудің U ағымдық мәнінің Uқал. қалыпты мәнінен белгіленген ауытқуының көрсеткішімен сипатталады:

 

δUбелг. = U - Uқал. / Uқал.* 100 % (1.2)

Кернеудің ауытқуы жүктеменің қуатының өзгерісінен туындайтын кернеу шығыны-ның өзгерісімен келісілген. Кернеудің ауытқуы электр энергиясын қабылдағыштың шықпаларында межеленеді.

Кернеудің белгіленген ауытқуының қалыпты рұқсат етілген және шектеулі рұқсат етілген мәндері кернеудің қалыпты мәнінің тиісінше ± 5 және ± 10 % -на тең.

1.7.3. Кернеу өзгерісінің қарқыны.

 

Кернеу өзгерісінің қарқыны –бірінен соң бірі ерген кез келген түрдегі әсер етуші кер-неу мәндерінің арасындағы айырмашылық, яғни әсер етуші кернеудің мәнін оралып өте-тін бірінің соңынан бірі ерген максимал Umах және минимал Umіп кернеулердің аралы-ғындағы айырмашылық.

 

δU1 = Umах - Umах; (1.3)

 

δU1 = Umах - Umах / Uқал.* 100 %. (1.4)

Кернеуі 0,38 Кв- тық электр желісіне жалғанған


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: