Дайындалатын препараттар

Таралуы

Республикамыздың Алматы, Тараз, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан тауларының шалғындарында, қарағайлы ағаштардың арасында, шабындықтарда жиі өседі. Сондай-ақ көгалды жерлер, өзендердің жағалары, бұталардың арасы, ормандарда,батпақтыжерлерде кездеседі. Бұл өсімдікті мәдени түрде де өсіреді.

Дәрілік шүйгін шөптің КСРО-да 30 дай түрі өседі. Бұған жататындар: дала валерианасы, Тарбағатай валерианасы, Қазығұртвалерианасы, Орыс валерианасы, Түркстан валерианасы. Дәрілік шүйгін шөп Австралиядан басқа жердің бәрінде өседі.

Химиялық құрамы

Тамырында эфир майлары, алма, құмырысқа, сірке қышқылдары, валерианқышқылы, стеарил, пальметин қышқылы, шайырлы илік заттар, крахмал, қант, алколоидтар, хитинин, сапониндер, гликозид – валерид деген заттар, илік заттар кездеседі. Эфир майлары жүйке жүйесін тыныштандырады, ұйқыны қалпына келтіреді, бронх демікпесінде, бас сақинасында, жүрек қатты соққанда, іш қатты түйнеп ауырғанда қолданылады.

Дәрілік шикізат

Кез – келген адам дәрілік шүйгін шөпті жинарда оның нақты атауын, негізгі ботаникалық белгілерін білуі керек. Өсімдікті жинау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Бір ескеретін жағдай өсімдік ерте көктемде, немесе жазда жиналмайды. Оны тек күзде өсімдік гүлдеп біткеннен кейін, үстіңгі бөлігі қураған кезде тамырын жинайды. Тазалап, суық сумен жуады. Оны ыстық сумен жууға болмайды. Өйткені ыстық сумен жуса өсімдік дәрілік қасиетін жояды. Салқын сумен жуып алғаннан кейін оны 40°С жылылықта желдетіле отырып кептіріледі. Кептірген кезде оның дұрыс желдетіліп кепкенін қадағалау қажет. Дұрыс қадағаламаса өсімдік көгеріп, бүлініп кетуі мүмкін. Кепкен тамырды қағаз қорапқа салып, немесе аз мөлшерде сақтайтын болса тамырды 5-8 см кесіліп, ауызы жабылатын шыны ыдысқа салынады. Тамырдың өзіне тән аздап жағымсыз иісі болады, жаңадан қазылып алынған тамыр ашық түсті болады да, кептіру барысында қара – қоңыр түске айналады. Дұрыс сақталған шикізат 2 жыл көлемінде жарамды болып саналады.

3 - сурет. Кепкен дәрілік шүйгін шөп өсімдігінің тамыры

 

Қолданылуы

Тамырының қайнатпалары мен тұнбалары жүректің жұмысын жақсарту, жүйке жүйесінің ауруларын емдеу үшін қолданылады. Малдың жүрек соғуын жақсартады. Қан тамырларының өзегі кеңейеді, қан айналымы жақсарады.

Жүректің систолалық жиырылуын жақсартып, диастолалық босансуын ұзартады. Осы қасиеттеріне сәйкес малдың жүрегі мен жүйке жүйесінің ауруларын емдеу үшін қолданылады.

Дәріні жасау ережесі

Ұнтақталған тамырдың 1 шай қасығын 1 стақан салқын суға салып, 6-8 сағат тұндырып қояды да, сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.

Белгілі ғалым Б.Е.Ботчальдің тәсілі бойынша дәрілік шүйгіншөпті шай ретінде де пайдаланады: 10 грамм ұнтақталған тамырды қайнап тұрған бір стақан суға салады да, стақанның бетін таң атқанша жауып қояды. Таңертең сүзіп алып, дәріні күні бойы шетінен ұрттап ішіп бітіреді.

 

4 – сурет. Тұнба жасауға дайындалған дәрілік шүйгіншөп тамыры

 

Тұнба 1:10 қатынасында жасалады. Ол үшін ұсақталған 100 г тамыр қайнаған 1200 мл суға 15 – 20 минут тұндырады. Жылқы мен ірі қараға 250 – 600 мл, қойға 50-150 мл, бұзауға 60-150 мл, қозыға 30-40 мл мөлшерінде күніне 2-3 рет ішкізіледі.

Спирттік тұнба жасау үшін 100 г тамыр 70°С 350-400 мл этил спиртіне 5 күн ашытылады. Ірі малдарға 25-30 мл, ұсақ малдарға 5-10 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі.

Жылқының іші түйіліп шаншу пайда болғанда 0,5 литр шүйгін шөп тұнбасына 10 мл ихтиол және 10 мл этилдік эфир ерітінділерін араластырып, ішкізеді. Ол ірі жылқыларға 250-300 мл, құлын мен тайға 100-120 мл мөлшерінде күніне екі рет беріледі.

Дайындалатын препараттар

Дәрілік шүйгін шөп негізінен жүрек – қантамырлар жүйесінің қызметтері бұзылған жағдайда қолданылады.

Жүрек пен қантамырлар жүйесіәр түрлі жағдайларға байланысты туындайды. Бұл ауру негізінен жануарлардың арасында жылқыларда белең алады.

1. Бұлшықеттерге ауыр күш түсіретін жұмыстар - жылқының жүрек бұлшықеттеріне зақым келтіріп, жиырылу әрекетін төмендетеді. Жүрек бұлшықетін қанмен жабдықтайтын қантамырларды қанқатпа бітеліп, оттегі мен қоректік заттарды тасуға кедергі жасайды.

2. Өте қауіпті жұқпалы ауруды қоздырушылардың бөлетін у қанмен жүрекке жетіп, жүрек бұлшықеттерін зақымдайды.

3. Қалқанша без гормонының не аз, не көп бөлінуі ырғақты жиырылуды бұзады.

4. Жүрек қақпақшалары бактериялармен зақымданғанда жабылмай, жүрек жиырылғанда қанның кері ағуына әсер етеді. Жүрек - қантамырлары аурулары жүйке жүйесіне де байланысты.

Осы себептеріне байланысты жүрек қантамырлар жүйесі бұзылғанда дәрілік шүйгін шөптен дайындалатын препараттарды қолданамыз. Сонымен қатар бұл өсімдіктің препараттарын барлық үй жануарларына және адамдарға да пайдаланады. Дәрілік өсімдіктен алынған препараттар өте жақсы әсер етіп, аурудан арылуға көмек береді. Қазіргі таңда бұл препараттарды әрі қарай жетілдіру жұмыстары орындалып жатыр

 

 

 

 

5 – сурет. Дәрілік шүйгіншөптен жасалынған ветеринария мен медицинада қолданылатын препараттар

 

2.3 Бес салалы сасық шөптің таралуы, химиялық құрамы, қолданылуы

Бес салалы сасық шөп – Пустырник пятилопастный.

 

Түсіндірме сөздікте «сасық шөп» деп аталатын шөпті ел ішінде «гүлбуын» деп те атайды. Оны орыс­тар «пустырник» деп атайды. Оны сасық дегеннен гөрі гүлбуын деген мағынасы құлаққа жағымды әрі айтса айтқандай әр жапырағының түбінен гүл қауашақтары ашылады. Ол - жүрек дәрісі ретінде атына заты сай көрікті өсімдіктердің бірі.

Сасық шөптің шамамен 15-20 түрі бар.Олар жүрек шөбі, япондық, монголдық, сібірлік, татарлық, бес салалы сасық шөп және т.б.

Бірақ медициналық тәжірибеде негізінен екі түрі пайдаланылады. Олар жанама әсерлерін туындатпай, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу және емдеу үшін тиімді құрал ретінде пайдалады.

Бес салалы сасық шөп денені тік ұстауға тән төрт қырлы, бағаналары бар көпжылдық шөп болып табылады. Дәрілік өсімдік ретінде көгалдандыру арқылы өсірілетін өсімдік.

 

6 – сурет. Бес салалы сасық шөп.

1 - Жетілмеген жаңғақтар бар тостаған

2 - Гүлі

Халық арасында бұл шөпті «жүрек шөбі» деп те атайды. Биіктігі 60 – 120 см, көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы төрт қырлы, сыртын түк басқан. Жапырақтары бес салалы, жұмыртқа тәріздес, ұштары сүйір. Жапырақтарының қуысында қос ерінді қызыл түсті гүлдері шоғырланып тұрады. Қарама – қарсы орналасуына байланысты әрбір жұп орамдар гүлшоқтарын құрайды. Бес салалы жапырақтарының жиектері өзара тең немесе тең емес орналасады. Жемісі үш қырлы, кішкене жаңғақша пішіндес. Маусым – тамыз айларында гүлдейді, жемісі тамыз айында піседі.

 

Таралуы

Қазақстанның көп аудандарында тастақты құмды беткейлерінде,тау етектерінде, орман арасындағы ашық алаңда, мал жайылымдарында, арық жағаларында жиі кездеседі. Табиғи жағдайында, бұл өсімдік Беларусь, Батыс Сібір, Ресей және Украинаның аумағында табылған.

 

Дәрілік шикізат ретінде гүлі гүлдеп тұрған кезінде оның шөбін орақпен орып алады. Бес салалы сасық өсімдіктің дәрілік құндылығы өсімдіктің шөбінде орналасады. Оны жинаған кезде сақтық шараларын қадағалап, өсімдіктерді жақсы білетін адамдар нұсқаушы көмегімен жинауы тиіс.Өсімдік шикізатын құрғақ, жақсы желдетілген, зиянкестермен зақымдалмаған, күннің көзі түспейтін, көлеңкелі жерде аса қуратпай кептіріп алады. Дәрілік шикізатты қағаз қапшықтарға салып құрғақ орындарда сақтайды. Шикізат сапасы белгіленген мерзім ішінде қадағаланып отырады. Дұрыс сақталған шикізат өзінің сапасын ұзақ уақыт бойы сақтай алады. Олардың жарамдылық мерзімі – 3 жыл. Шикізаттың өзіне тән иісі, ащы дәмі болады.

 

7 – сурет. Кептірілген бес салалы сасық шөп өсімдігі.

Химиялық құрамы

Леонурин, кверцетин, стахидрин, рутин, сапониндер, эфир майлары, илік заттар, А және С витаминдері, глюкоза, холестерин, сүт қышқылдары бар. Жапырақтарында аскорбин қышқылы 23,6—65,7 мг% құрайды. Бес салалы сасық шөптің экономикалық маңыздылығы көп мөлшерде эфир майларын түзу қабілетіне негізделген.

Қолданылуы

Бес салалы сасық шөп өсімдігі өте ерте заманнан бері халық медицинасында кеңінен қолданылады. Мал дәрігерлік тәжірибеде жүрек неврозын емдеуге, тер, зәр, шығаратын дәрі ретінде пайдаланады. Оның малдың жүйке жүйесін тыныштандыратын қасиеті дәрілік шүйгін шөптен екі есе артық. Сол себептен де ол жүрек неврозында артериялық қан қысымын төмендетуге, қан тамырларының өзегін кеңейтуге пайдаланылады.

Малға ұнтақталған дәрілік шикізатты жеммен араластырып береді. Беру мөлшері: ірі қара мен жылқыға 5-10 г, қой мен бұзауға1-2 г.

Оны тұнба түрінде де қолдануға болады. Сиырға 50-80 мл, бұзау мен қойға 20-30 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізеді.

Спирттік тұнба жасау үшін майдаланған 50 гр дәрілік шөп 40° 200 мл спиртте 7-8 күн ашытылады. Ірі малға 3-5 мл-ден күніне 3 рет ішкізіледі.

Алдымен шашыратқы-ның тамырынан 10 г 300 мл суға 7 минут, үстіне гүлбуын шөбінен 10 г салып тағы бір қайнатып, бір сағат тұндырып ішеді. Күніне үш рет, күн сайын жаңадан қайнатады. Екі ай бойы үзіліссіз ішуге болады. Басқа ағзаларға зияны жоқ.

8 – сурет. Бес салалы сасық шөптен жасалған тұнбалар

Бес салалы сасық шөптен дайындалған препараттар

9 – сурет. Бес салалы сасық шөптен дайындалған препараттар

Бұл препараттарды малдың жүрек неврозын емдеуге қолданады. Препараттар жануарлардың түріне, тұқымына, салмағына байланысты байланысты әртүрлі деңгейде пайдаланылады. Бұл препараттардың халық медицинасында маңызы айтарлықтай зор. Медицина мен ветеринарияда кеңінен пайдаланылады.

 

 

Қорытынды

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.

Қазақстанда дәрілік өсімдіктермен емдеу ісіне медицина тарапынан күні бүгінге дейін өз бағасы берілген жоқ. Осының салдарынан жұртшылық оны тұтыну ісіне қорқа қарайтыны шындық. Себебі, кезінде жүргізілген саясаттың салдарынан дәрілік өсімдікпен емдеу деген ескіліктің қалдығы секілді болып жұрттың жадында жатталып қалған. Дегенмен, осы істі әрі қарай дамытып жүрген елдер бар.

Сонымен қорытындылай келе Дәрілік шүйгіншөп пен Бес салалы сасық шөп жүрек - қантамырлар жүйесінің қызметі бұзылғанда қолданылатын дәрілік өсімдіктер. Мал дәрігерлік тәжірибеде жүрек неврозын, жүйке жүйесінің ауруларын емдеу үшін, жүрек жұмысын жақсарту үшін және тер, зәр шығаратын дәрі ретінде пайдаланылады. Бұл өсімдіктердің медицина мен ветеринария саласында айтарлықтай маңызы бар.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Н.А.Заманбеков, А.А. Байниязов «Фитофармокология», Алматы 2009

2. Б.Д.Айтжанов, Ә.М.Өтенов, М.А.Молдағұлов «Фармокология», Алматы – 2006

3. К.Н. Қожанов «Ветеринарлық фармокология», Алматы – 2009

4. Ә.Ә.Әметов, П.М.Мырзақұлов «Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы» Алматы – 1998ж

5. «Ботаника»сисметика растений. Москва «Просвещение»1975г
(Н.А. Комарницкий, Л.В. Кудряшов, А.М. Уранов)

6. https://ru.wikipedia.org/wiki

7. http://medicinal_plants.academic.ru/1377/

8. Ә.Іскендіров «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері» Алматы. Қазақстан, 1982 ж.

 

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: