double arrow

Темірбетон конструкцияларын деформациялар бойынша есептеу.

2

Деформация бойынша есептеудегі мақсат, элементтің сыртқы күш салмақтардан пайда болған иілу шамасын анықтап, оны шектік иілумен салыстыру.

(52)

Шектік иілу шамасы ҚМжЕ – де келтірілген. Олардың мәні технологиялық, конструкциялық, физиологиялық эстетикалық, психологиялық талаптарды ескере отырып анықталған.

Элементтің иілен осьінің теңдеуі ен деформациялар арасындағы байланыс құрылыс механикасы пәнінен белгілі

(53)

Сонымен деформациялар бойынша есептеу кезінде элементтің осінің иілген кездегі қисықтығын табу қажет болады.

ҚМжЕ иілуді анықтау үшін келесі формуланы пайдалануды ұсынады.

(54)

Мұндағы: S – элементтің бекітілу жағдайы мен үлгісін ескеретін коэффицент;

10. қос теректе бос жатқан аралқтар үшін:

S = 5/48 – күшсалмақтар бірқалыпты таралған кезде;

S = 1/12 - аралықтың ортасында жинақталған күш әсер еткенде;

S = 1/2 - тіректерде екі бірдей момент әсер еткенде;

2. консольды аралықтар үшін.

S = 1/4 – күшсалмақтар бірқалыпты таралған кезде;

S = 1/3 - консальдің ұшында жинақталған күш әсер еткенде;

S = 1/2 - консальдің ұшында момент әсер еткенде;

1/r - күшсалмақтардың әсерінен элементтің осінің иілген кездегі қисықтығы;

L – элементтің аралығы;

2. Созылған аймағында жарықшақтары жоқ темірбетон элементтердің иілуі.

Мұндай элементтердің қисықтығы кернеулік деформациялық күйлердің бірінші кезеңдегі тұтас қима үшін анықталады.

(55)

Мұндағы: 0,85-элементтің деформациясына қысқа мерзімді жылжығыштық тигізетін әсерін ескеретін коэффицент;

-ұзақ мерзімді жылжығыштың әсерін ескеретін коэффицент;

=1 – қысқа мерзімді күшсалмақтар әсеркеткенде, =2 – 4,5 бетонның түріне және ауаның ылғалдылығына байланысты тұрақты және ұзақ мерзімді күшсалмақтар әсер еткенде.

Сурет.

Қос тіректі иілген аралықтың толық иілуі келесі формамен анықталады.

(56)

Мұндағы: - қысқа мерзімді күшсалмақтардың әсерінен пайда болатын иілу;

- тұрақты және ұзақ мерзімді күшсалмақтардың әсерінен пайда болатын иілу;

- тіректерден босатылған арматураның қиысуынан пайда болған кері иілу;

- алдын-ала қысушы күштердің әсерінен бетонның жылжығыштығының нәтижесінде кері иілу;

 

Элементтің қисықтығы әсер ететін күшсалмақтардың түріне байланысты формуламен анықталады.

 

(57)

 

(58)

 

(59)

 

 

(60)

 

b - жылжығыштығының нәтижесінде созылған арматураның ауверлық ортасы деңгейіндегі бетонның деформация және сығылған аймақтық ең шекті талшықтағы дефомациясы;

- бетонның шапшаң жылжығыштығы болған кездегі шығындар;

- бетонда жылжығыштық болған кездегі шығындар;

Алдын ала қысушы күштердің әсерінен бетонның жылжығыштығының нәтижесінде элементтің кері қисықтығы.

 

3. Созылған аймағындағы жарықшақтары бар темірбетон элементтердің иілуі.

Таза иілуге ұшыраған темірбетон элементтерді қарастырайық. Жарықшақтар пайда болғаннан кейін бетонның созылған аймағының ұзына бойы жекеленген бөліктерге бөлінеді. Эелементтердегі бейтарап ось толқынды бейнелі болады. Созылған аймағында жарықшақтары бір элементтің әрбір қимасы үшін қисықтың анықталуы өте күрделі. В.И. Мұратов иілуді анықтау үшін орташа қисықты пайдалануды ұсынды. Ол үшін қисықтық сызық арматура мен бетонның орташа кернеулері және арқылы, сондай-ақ сызылған аймақтың орташа биіктігі арқылы өрнектелуі керек.

 

Сурет

4.Элементтің осінің иілген кездегі қисықтығын табу.

Элементтің осінің қисықтығымен арматура және бетонның орташа деформациялардың арасындағы байланысты келесі түрде жазуға болады.

(61)

(62)

Арматура және бетонның орташа деформацияларың (28,29) формуланы ескере отырып.

(63)

(64)

(65)

 

Иілген элементтер үшін арматурадағы және бетонның кернеулері.

(66)

(67)

Кернеуленбеген темірбетон конструкциялар үшін элементтің осінің қисықтығы.

(68)

Алдын ала кернеуленген темірбетон констуркциялар үшін элементтің осінің қисықтығы

(69)

 

Мұндағы: М – қимаға әсерететін барлық күштердің созылған арматураның салыстыралы моментіне тең алмастырушы момент;

 

- ішкі күштердің иіні;

- жарықшақтар арасындағы бөлімдегі созылған бетонның жұмысын ескеретін коэффицент,

- жарықшақтар арасындағы бөлімдегі бетонның шектік сызылған талшығының деформацияларының біркелкі емес болып таралуын ескеретін коэффицент;

- алдын- ала қысу күші мен бойлық күштің тең әсерлі күші;

- сызылған бетонның серпімді емес деформацияларын ескеретін коэффицент;

Созылған аймағында жарықшақтары бар темірбетон элементтердің толық иілуі келесі формула бойынша анықталады.

(70)

Мұндағы:

- толық күшсалмақтар қысқа мерзімді күшсалмақтардың әсерінен пайда болатын иілу;

- тұрақты және ұзақ мерзімді күшсалмақтар қысқа мерзімде әсер еткен кезде пайда болатын иілу;

- тұрақты және ұзақ мерзімді күшсалмақтар қысқа мерзімде әсер еткен кезде пайда болатын иілу;

алдын-ала қысушы күштердің әсерінен бетонның жылжығыштығының нәтижесінде кері иілу;

Элементтің қисықтығы әрекет ететін күшсалмақтардың түріне байланысты формула бойынша анықталады.

Алдын-ала қысушы күштердің әсерінен пайда болатын бетонның жылжығыштығының элементтің кері қисықтығы формуламен табылады.

Бақылау сұрақтары:

1. ТБК-ларын деформациялар бойынша есептеу

2. Созылған аймағында жарықшақтары жоқ ТБЭ-тердің иілуін анықтау

3. Созылған аймағында жарықшақтары бар ТБЭ-тердің иілуін анықтау

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

 

1. Байков В.Н., Сигалов Э.Е. Железобетонные конструкции. Общий курс.-М.:Стройиздат,1991.-767 с.

12. Сахи Д.М. Темірбетон конструкциялары.-Тараз, 1998.-99 б.

13. Сахи Д.М., Сахи Қ. Темірбетон конструкцияларын есептеу және жобалау.- Тараз, 2003.-176 б.

14. Әбілдинов А. Темірбетонды конструкциялауды есептеу негіздері. Оқу құралы.-Алматы:РБК, 1995.-149 б.

15. Мандриков А.П. Темірбетон конструкцияларын есептеудің мысалдары. Оқу құралы. І-бөлім.-Алматы:РБК,1996.-229 б.

16. Оразбаев Ж.И., Сахиев К.С., Сахиев Д.М. Құрастырмалы темірбетон арқалықты жобалау.-Шымкент: КазХТИ, 1994.-43 б.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  


2

Сейчас читают про: