Беккер и К» ЖШС тарихы

Кіріспе

 

Тәжірибенің өзектілігі: Қазіргі уақытта, ақпараттық технологиялар нарығы дағдарыстан кейін ерекше жоғарғы даму серпінін алды. Ұйымдар, өндірістер және де бизнес-процестерді механикаландыру қажеттілігі туындады. Осыған байланысты сұраныс тек қана есептеу орталықтарының құралдарына ғана емес, сонымен қатар құрал – жабдықтарды механикаландыру үшін қажет. "Беккер и К" ЖШС-ға сапа менеджментінің жүйесін (ISO 9001), экологиялық менеджмент жүйесін (ISO 14001) және тағам өнімі қауіпсіздігінің менеджменті жүйесін (ISO 22000) қамтыған біріктірілген жүйе ендірілген. Компания заман талабына сай технологиялармен жұмыс жасайды. Өндірілген өнімдер неміс рецептурасы бойынша дайындалады. Қала бойынша "Беккер и К" ЖШС өнімдерін тұтынушыларға тарататын 23 нүкте бар. Оның ішінде 8 нүкте тек "Беккер и К" ЖШС өнімдерін саудаға шығарады. Компания өнімдері ішінде: Сыра «Беккер и К», «Беккер и К» наубайханасы, шұжықтары, мұздатылған жартылай фабрикаттар және т.б. Қазіргі танда Қазақстан Республикасында жылқы етінің өндірісіне айтарлықтай көңіл бөлінеді. Жылқы еті құнды ақуыздар құрамы бойынша сиыр етінен кем болмайтыны анықталған. Оның құрамында барлық алмастырылмайтын аминышқылдар бар және олар өте қолайлы қатынаста орналасқан. Ірі қара мал етімен салыстырғанда жылқы етінде триптофан, гистидин, тирозин, фенилаланин және метионин мөлшері көбірек. Жылқы малының инфекциялық және инвазионды ауруларды қабылдамайтын қасиетін, сонымен қатар, жылқы етінде темір мөлшерінің көптігін (100 г етке 8 мг) пайдалана отырып, Франция және Италия медиктері жылқы етін шикі күйінде туберкулез және анемиямен ауыратын адамдарға жеуге ұсынады. Диеталык өнім ретінде жылқы етін астения ауруына қарсы, жалпы әлсіздікке қарсы, өсу процесі баяу болған кезде және жақсы тамақтанбағандықтан азайған ақуыздар қорын толтыру үшін кеңінен қолданады. Жылқы етінің құрамында көп қанықпаған май қышқылдарының мөлшері көп болғандықтан қан тамырлардың қабырғаларында холестерин жиналмайды, мұның нәтижесінде тамырлардың қабырғалары әктелмейді және де қанда холестерин мөлшері көбеймейді. Сөйтіп, жылқы еті адам ағзасына жақсы әсер етеді. Қазіргі уақыттағы маңызды мәселелердің бірі – ақуызбен тамақтану, әсіресе малдық шығу те- гіндегі ақуыздық қатынасында. Жер шарының өсіп келе жатқан халқын тамақ өнімдерінің жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету үшін, оларды өндіруді жыл сайын 2,25%-ға арттырып отыру қажет. Малдық шығу тегі бар ақуыздың негізгі көзі ет, сүт, жұмыртқа және балық болып табылады. Ет пен ет өнімдерінің құрамында адамға қажетті ақуыздың жартысы, сонымен қатар майлар, көміртектер, гормондар және басқа да биологиялық белсенді заттар болады. Ет – темір, мырыш және селен секілді шағын элементтердің ұтымды жеткізушісі. Әр түрлі авторлардың зерттеулерінің мәліметтері темірдің 30%-ына жуығының адам организміне етпен және ет өнімдерімен келіп түсетінін көрсетеді. Зерттеу әдістері. Еттің химиялық құрамын анықтау ет және ет ---өнімдерінің сапасын, тағамдық құндылығын, құрамындағы ылғал, ақуыз, май және минералды заттар жайлы білуге мүмкіндік береді. Зерттеу әдістерін барлық МЕМСТ бойынша орындалды. Зерттеу объектісі ретінде жылқы еті алынды. Ұлттық тағам өнімдерін шығаруға арналған шикізатты анықтау кезінде шұжық өнімдерін өнді- руге қажетті еттің мөлшерін анықтау керек болды. Ұлттық тағам өнімдерді дайындау үшін жылқы ұшасынан жал, жая, қазы, сүр ет және қарта бөлініп алынады

Тәжірибенің мақсаты мен міндеті:

· "Беккер и К" ЖШС аумағымен танысу; "Беккер и К" ЖШС технологиясымен танысу;

· механика бөлімімен және құрал – жабдықтармен танысу;

· тәжірибе кезінде жеке тапсырмаларды орындау;

· цехты басқару, ұстаның басты міндеттерін немесе цех технологының міндеттерімен танысу;

· студенттің кәсіпорынға техникалық көмек көрсету жұмыстарына қатысуы;

Есептің қысқаша сипаттамасы:

· тәжірибенің есебі кіріспеден, бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады. Жалпы бет көлемі -24

 

 

1 сурет - «Беккер и К» ЖШС логотипі

 

Беккер и К» ЖШС тарихы

30 мамыр мен 25 маусым аралығында біз «технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы «ет және балық өнімдері технологиясы» классификациясы бойынша «Беккер и К» ЖШС-де өндірістік практикадан өттік. «Беккер и К» бірлескен қазақ-герман кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында 1991 жылдың бас кезінде құрылды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі компанияға №6тіркеу куәлігін берді.

 

2 сурет - «Беккер и К» ЖШС бас кеңсесі

Ұйымдастырылу тарихы 1991 жылы "Беккер и К" ЖШС-не Алматы қаласында Розыбакиев көшесі мен Сәтпаев көшесінің қиылысында әкімшілік және өндірістік ғимараттар кешенінің құрылысын салуға аумағы 0,78 га жер бөлінді. Құрылыс 1992 жылы басталып, 1994 жылы кешеннің бірінші кезегі пайдалануға берілді. Бірінші кезек алаңы 3800 м2 болып, онда кеңсе, сыра зауыты, «Пруссия» мейрамханасы және шұжық цехы орналасты. 1994 жылдың аяқ кезінде сыра зауыты іске қосылды. 1995 жылғы қаңтардан бастап «Пруссия» мейрамханасы, ал 1996 жылғы сәуірден бастап – шұжық цехы жұмыс істей бастады.

2000 жылы аумағы 3800 м2 екінші кезек кезең-кезеңімен іске қосыла бастады. Қазіргі кезде ғимарат ішінде ет өңдейтін жаңа цех, наубайхана, тоңазытылған жартылай фабрикаттар цехы, аспаздық, супермаркет, «Бистро» кафесі және қызметкерлерге арналған асхана орналасқан.

Қазақстандық өндірушілерден сатып алынатын немесе Германиядан жеткізілетін жоғары сапалы шикізат; осы заманғы технологияларды қолдану; өндірісте санитарлық-гигиеналық талаптардың, шикізат пен дайын өнім сақтаудың қажетті шарттары сақталуының қамтамасыз етілуі; білікті қызметкерлердің болуы – осылардың бәрі өнімнің қауіпсіз және жоғары сапалы болуының, тұтынушылардың қанағаттануының, компанияға адалдығының және компанияның «Экологиялық таза тағам өнімдерін тұтыну дәстүрін сақтау» міндетінің жүзеге асырылуының кепілі.

Халықаралық стандарттардың енгізілуі. "Беккер и К" ЖШС-ға сапа менеджментінің жүйесін (ISO 9001), экологиялық менеджмент жүйесін (ISO 14001) және тағам өнімі қауіпсіздігінің менеджменті жүйесін (ISO 22000) қамтыған біріктірілген жүйе ендірілген

БҰҰ-ның жаһандық шартына қатысу. 2007 жылдың наурыз айында "Беккер и К" ЖШС БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мырзаға хат жолдап, онда компанияның Жаһандық шартқа қосылу және адам құқығын сақтаудың, еңбек қатынастарының, қоршаған ортаны қорғаудың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің он қағидатын сақтау және олардың компанияның қызмет саласында таралуына жәрдемдесу ниеті білдірілді. 2007 жылдың сәуірінде компания "Беккер и К" БК ЖШС-нің Жаһандық шартқа қосылғаны және United Nations Global (БҰҰ Жаһандық шартының Бюросы) сайтында тіркелгені туралы ақпарат алды.

Әлеуметтік бағдарламаларға қатысу. "Беккер и К" ЖШС қызметінің маңызды бағыты – компанияның әлеуметтік бағдарламаларға (халықтың тұрмысы төмен топтарына, мүгедектерге қайырымдылық көмек, демеушілік көмек көрсету) қатысуы (алғыстар айтылған хаттардың көшірмелері қосымшада тіркелген).

Компания бірнеше жылдан бері № 2 балалар үйінің, № 1 облыстық балалар үйінің, Талғар қаласындағы Купкиндердің отбасылық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Сол мекемелерге мерекелік дастархан ұйымдастыру үшін азық-түлік өнімі, балалар киімдері, пешке жағатын отын беріледі, медициналық қызмет көрсетіледі. 2007 жылы Купкиндердің отбасылық балалар үйінде өрт шығып, тұрғын үйдің төбесі және екінші қабаты жанып кетті. «Беккер» компаниясы үйді қалпына келтіруге қаражат бөлді. Жыл сайын:

· №1 облыстық балалар үйі

· №2 балалар үйі

· Т.И.Купкинаның отбасы түрдегі балалар үйі, Талғар қаласы

· «Қазақ соқырлар қоғамы» Талғар қаласы

· Сталинград шайқасындағы жеңіс күнінің әр жылдағы құрметіне Сталинград шайқасына қатысушыларға;

· Ленинград қаласы азат етілген күн құрметіне қоршауда болғандардың Алматы қалалық ұйымына;

Жеңіс мерекесі, көктемгі мерекелер құрметіне, Жаңа Жылда "Беккер и К" компаниясы Бостандық ауданында тұратын Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне азық-түлік пакеттерін дайындайды. Бостандық ауданының Ардагерлер кеңесіне де саяси қуғын-сүргін құрбандарына көмек көрсету үшін қаржы бөлінеді. Кәсіпорын Ауғанстандағы соғыс мүгедектерінің ерікті қоғамының қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, ас беруіне көмек көрсетеді. Параскевин приходының құрылысына қаржы, сондай-ақ шіркеу мерекелерін өткізуге азық-түлік өнімдері 2006 жылдан бері бөлініп келеді. "Беккер и К" компаниясы қазақстандық спорттың дамуына көп көңіл бөлуде. Ол бірнеше жыл бойы Алматы қаласындағы Әуесқойлық бокс федерациясының әріптесі және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серікбай Түлейбаевты еске алуға арналған Халықаралық турнирдің бас демеушісі болды. Компанияның күш-жігері арқасында турнир қазақстандық спорт әлеміндегі жарқын оқиғаға айналды.

Ұзақ жылдар бойы компания альпинизмнен Қазақстан құрамасына демеушілік қолдау көрсетіп келеді. Ал 2006 жылдан бастап, жыл сайын өтетін Алматы халықаралық форумның сапа жөніндегі демеушісі және ұйымдастырушыларының бірі болып табылады.

 

2. Компания өнімдері жайында

2.1 Пісірілген шүжықтар

Пісірілген шұжықтарды қазіргі заманғы технологияны қолдана отырып ең үздік отандық және неміс рецептурасы бойынша өндіреді. Сұрыпталған жаңа салқындатылған еттен жоғарғы, бірінші және екінші сұрыпты шұжықтар дайындайды. Өнім мал шектері, ақуызды және полиамидті қабықшаларда шығарылады. «Беккер және К» ұсынған пісірілген шұжық өнімдерінің бай түрлері 30-ға жетеді, солардың ішінде: «Ветчинная к пиву из свинины», «Любительская», «Молочная», «Московская», «Аппетитная», «Бутербродная». «Докторская» шұжықтары ерекше сұранысқа ие.

3 сурет – «Пісірілген шұжықтар»

Шала ысталған және пісіріліп ысталған шұжықтар. «Беккер и К» компаниясы сиыр, шошқа және жылқы етінен дайындалған шала ысталған және пісіріліп ысталған шұжықтың 10-нан аса түрін шығарады. Өндіру барысында отандық және шетелдік үздік тәжірибелер ескеріледі. Бұрыннан сүйікті болған «Сервелат», «Московская», «Таллиннская», «Конская», «Пикантная», «Колбаски охотничьи» сияқты шұжықтар тек жоғары сапалы шикізат, үздік рецептер арқасында ғана емес, сондай-ақ бук ағашының үгінділері мен дәстүрлі немісше ыстаудың есебінен де зор сұранысқа ие болады. Арнайы германдық дәмдеуіштер мен тамаша ыстау шұжықтарға тәбет ашарлық түс пен айрықша хош иіс береді.

 

4 сурет – «Шала ысталған және пісіріліп ысталған шұжықтар»

Жіңішке шұжық, сарделька және кішкене шұжықтар Жылқы және сиыр етінен дайындалған жіңішке шұжықтар, «Гановерские», «Берлинские», «Конские» сарделькалары, «Лионские» кішкене шұжықтары – сұрыпталған еттен дәмдеуіштер мен татымдылықтар қосып дайындалады. Үздік отандық және неміс рецептурасы, қазіргі заманғы технологиялар, табиғи шикізат, жоғары сапалы татымдылықтар – пайдалы астың кепілі!

 

5 сурет – «Жіңішке шұжық, сарделька және кішкене шұжықтар»

 

Жеңсік ас Шошқа және құс етінен дайындалған жеңсік астар қашанда еуропа асханасының ерекшелігі болған. Карбонад, мойын, сан ет, орамалар, шикі ысталған өнімдерді жоғары сапалы ет шикізатынан табиғи дәмдеуіштер мен татымдылықтар қосып, дәстүрлі неміс технологиясымен дайындайды.

Осының арқасында өнім нәзік дәмді және хош иісті болады. Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін бүтін кесек түрінде, сондай-ақ порциялық және вакуумды орамда шығарылады.

2.2 Жылқы етінен дайындалған жеңсік ас.

 

Қазы, жал, жая, сүр-ет,қарта – сұрыпталған жылқы етінен бірегей технологиямен, ұлттық кулинария дәстүрін қолданып дайындалған Беккер ұсынған тамаша дәмді, сөлді және хош иісті жеңсік астар.

 

6 сурет – «Жылқы етінен дайындалған жеңсік астар»

Тұшпара біздің бала күннен бергі сүйікті асымыз. Үйдің тұшпарасы ең дәмді, сондықтан Беккер компаниясы үй бикелерінің бұрыннан келе жатқан арманын жүзеге асырып, қолмен желімденген керемет дәмді де тәбет ашарлық «Домашние» тұшпарасын дайындады. Шошқаның төс етінен және сиыр етінен, хош иісті татымдылықтар мен дәмдеуіштер қосып дайындалған тұшпара кез келген дастарқанда және кез келген мерекеде орынды болады. «Беккер және К» компаниясы шығыстық ас талғампаздарын да естен шығарған жоқ, оларға арнап сұрыпталған жылқы, сиыр және қой етінен дайындалған «Восточные» тұшпарасын дайындады.

7 сурет – «Мұздатылған жартылай фабрикаттар»

 

Варениктер -енді үй бикелері туған-туысқандарының таңғы асын ойлап қиналмайтын болады. Бес минут ішінде сіздің дастарқаныңызға картоп, картоп пен саңырауқұлақ, шие варениктері, ірімшік варениктері, қырыққабат пен тайынша етін қосып қолдан жасалған варениктер дайын болады. Қуырылған пияз немесе үйдің қаймағы қосылған үй варениктерінің таңдаулы дәмінен ләззат алыңыз

 

8 сурет – «Ірімшікті варениктер» 9 сурет – «Мәнті жусаймен»

 

Мәнті -Қазақ халқының дарқан қонақжайлылығы баршаға белгілі. Ұлттық дәстүрді ескере отырып, «Беккер и К» компаниясы қой етінен, сондай-ақ пайдалы асқабақ қосып қой етінен мәнті дайындады. Асқабақтың арқасында мәнті сөлді де ерекше дәмді болып шығады! Бірде-бір мереке ең басты – етті тағамсыз болмайды. Қонақтарыңызды тамақтандырып қана қоймай, сонымен қатар таңдандырып та қойыңыз! Беккер ұсынған мәнті – шығыс асханасының тамаша дәстүрі!

2.3 Мұздатылған жартылай фабрикаттар

 

Беккер ұсынған жартылай фабрикаттар: «Восточные», «Домашние» котлеттері, «Куриные от Беккера» котлеті, Беккер ұсынған самса, тефтели, фрикаделькаларды сиыр, жылқы, қой еттерінен дайындайды. Нәзік, сұрыпталған еттен дайындалған олар сондай үлпілдек және сөлді болады. Кез келген өнім күнделікті дастарқанға да мерекелік дастарқанға да жарайды. Оларды ересектер де, балалар да бірден ұнатып қалады. Бар-жоғы бірнеше минут ішінде, нағыз үйдікіндей болып шығады!

12 сурет – «Славяндық котлеті» 12а сурет – «формаланған котлеттер»


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: