В.Вернадский биосфера туралы ілімі

Комменсализм

Симбиоздың бір формасы, бір түр бірлесіп тіршілік етуден пайда көреді. Ашық мұхиттарда ірі жануарларда (акула, дельфиндер, тасбақалар) тіршілік ететін лоцман деген балық болады., олар қалдықтармен қоректенеді.

Бөлмелік

Кейбір тірі ағзалар басқа жануарларға мекен бола алады. Мысалы, голотурия (типі тікентерілер) кейбірде оны теңіз қияры деп атайды, оның денесінде ұсақ жануарлар тіршілік етеді

Кооперация

Шаяндар, кораллды полиптермен селбесіп тіршілік етеді. Бұндай селбесу екі жаққа да қолайлы: су түбінде жүріп шаян актинияның өрісін кеңейтеді, оның түбіне түскен соң онымен қоректенеді. Организмдер бірлесіп тіршілік етуге бейімделеді, бірақ бір-біріне байланыссыз болады

Мутуализм

Бірлесіп тіршілік етудің формасы. Организмдер бірлесіп тіршілік етуге бейімделеді, әрқайсысы жеке өсе алмайды. Мысалы, қыналар, саңырауқұлақтар мен балдырлар бірлесіп тіршілік етеді.

Жыртқыштық

Популяциялардың біреуі екіншісіне қолайсыз әсер ете отырып, пайда алады. Әдетте жемтігін жыртқьш өлтірп, онымен қоректенеді. «Жыртқыш - жемтік» қатынасының негізінде қоректену тізбегі жатыр. Жыртқыштарды зиянды жануарлар деп бір жақты қарастыруға болмайды. Себебі, әдетте жыртқыштың аузына ауру және әлсіреген даралар түседі де, аурудың таралуының алдын алып, популяцияны сауықтырады. Мысалы, қасқырлар орманды тундра мен тундрада солтүстік бұғыларының интенсивті көбеюі мен тіршілік қабілеттілігін арттырады.

Паразитизм

Паразитизм (грек тілінен аударғанда parasitus – арамтамақ). Бір түр (паразит) екіншісінің (иесі) денесінің ішіне не бетіне бекініп, иесінің есебінен тіршілік ететін түрарлық қарым-қатынастарды паразитзм деп атайды. Адам тамаққа шикі немесе шала піскен етті пайдалану нәтижесінде сиырдың таспа құрттарын жұқтырады. Адамның ас қорыту жолына түскен құрттар ересек таспа құртына айналып, сорғыштарымен ішек қабырғасына бекінеді. Адамның ішектері құртты сумен, қорекпен және жылы ортамен қамтамасыз етеді.

Нейтралдық

Нейтралдық дегеніміз бір ареалда мекендеген түрлердің бір-біріне тимей тіршілік ету арақатынас формасы. Нейтралдық кезде даралар бір-бірімен байланыста болмайды, бірақ биоценоз құруына қатысқаннан кейін жалпы қауымдастыққа тәуелді болады. Мысалы, тоғайдағы тиіндер мен бұғылар бір-біріне байланыссыз болады, бірақ құрғақшылық екеуіне де әсер етеді

 

38. Ластанған суларды тазартудың биологиялық әдісі биохимиялық процестің көмегімен жүргізіледі. Биологиялық тазарту табиғи жағдайда бөлініп берілген жер учаскелерінде жүргізіледі. Бұлар- жер суару участоктері. Биологиялық тазарту әдісін пайдалану үшін биологиялық тоғандар пайдаланылады. иологиялық әдіс

Биологиялық әдіс - лас судың құрамындағы органикалық және коллоидты қоспаларды тазарту үшін қолданылады.

Лас суды биологиялық тазалау әдісінің екі түрі бар: табиғи және жасанды.

Табиғи биологиялық әдістің құрамында қолданылатын ғимараттар: сүзу алаңдары, суландыру алаңдары, биологиялық тоғандар, циркуляциясы бар тотықтырғыш каналдар. Жасанды биологиялық әдістердің құрамында қолданылатын ғимараттар: аэротанктер және биофильтрлер, олардың әртүрлі моделдері.

 

Сарқынды суларда азот негізінен минералды (, , ) және органикалық (аминқышқылдары, организмдер тіндерінің белогы) құрамдастардан тұрады. Химиялық талдау әдістерімен төрт түрі айқындалады: аммоний азоты, нитриттер, нитраттар, жалпы азот және Къедаль бойынша азот, ол органикалық азот пен аммоний азотын (нитриттер және талданатын сынақта нитриттердің болмауы немесе сынаққа дайындау процесінде ұшады) қамтиды.

Азот тұрмыстық сарқынды суларда – адам ағзасындағы азот метаболизмінің түпілікті өнімдерін білдіретін органикалық заттардың негізгі бөлігі болып табылады. Тұрмыстық сарқынды суларда аммиак немесе несепнәр түрінде 80-90% барлық азотты құрайтын заттар болады. Аммонификациялау – бұл азоттың органикалық қосылыстарының органикалық емес түрлеріне бактериялық айналуы, олардың негізі кәріз жүйесінде гетеротрофтық шіріткіш (аммонификациялайтын) бактериялар жасайтын өсімдік пен жануар белоктары протеолизі нәтижесінде аминсіздену процесінде жинақталатын аммиак болып табылады. Аммиактан басқа аммонификациялау нәтижесінде фосфор мен күкіртсутек пайда болады. Бұл процеске төменгі температура (100С төмен), рН қышқыл, кәріз жүйесінде сарқынды сулардың жеткілісіз уақытта болуы кедергі келтіреді (бұл желілер ұзындығының қысқалығынан шағын кәріз жүйелеріне, сондай-ақ жеткілікті еңіспен жасалмаған кәріздерге тән1). Кәріздегі сарқынды сулардың қысқа жолы сондай-ақ сарқынды суларды белок заттарымен ластайтын өнеркәсіптік объектілер қалалық тазарту құрылыстарына жақын орналасуына да негізделуі мүмкін, мысалы, ет комбинаттары, консерв зауыттары және т.б. Мұндай жағдайларда құрылыстарға шірімеген белок қосылыстарының көптеген мөлшері келіп түседі. Бұған қоса оларды өлшеу жүргізудің стандарттық әдістері ескермейді (азот аммонийін анықтау кезінде белоктан коагулянттар қосып алдын ала шығарылады). Аммонификациялаудың қанағаттанарлықсыз нәтижесі аэротенктердегі нитрификациялау процесінің тиімсізідігі болып табылады. Түсетін белок қосылыстары құрылыстардың анаэроб аймақтарында (олар әрқашанда болады) азот аммонийінің пайда болуымен ыдырайды. Осы себеппен аэротенктерде қанағаттанарлық нитрификациялау жайында мөлдерленген, сондай-ақ тазартылған суларда азот аммонийінің көбеюі байқалуы мүмкін. Осымен аэротенктерді нитрификациялау процесі қалай жақсы жүргізілсе де, қанағаттанарлық жұмыс істейтін тазарту құрылыстары тазартқан сарқынды суларда 1,0–2,0 мг/дм3 тұрақты шоғырланып амонды азоттың болуы түсіндіріледі.
6.2. Нитрификациялау – көп кезеңдік күрделі процесс. Нитрификациялаудың бастапқы кезеңі аммоний тұздарын нитриттерге қышқылдандыру, өтеді.
Нитрификаттар органикалық қосылыстарға (пестецидтерге, гербецидтерге) және токсиканттарға (цианид, фенол, анилин, көміртек қышқылы, метан) сезімтал келеді. Барлық ауыр металдар нитрификаттар үшін басушы токсиканттар болып табылады.
Нитрификациялаудың бірінші кезеңін қамтамасыз ететін нитрификациялаушы бактериялар үшін ортаны неғұрлым қолайлы әсері рН 7,2–8,6 аралығында болады, олар әсіресе рН қышқылы аясына жылжуына сезімтал келеді.
Нитрификациялау процестері тазартылатын сарқынды сулардың температурасына байланысты болады. +9 ºС температура кезінде нитрификациялау жылдамдығы бәсеңдейді (ең төменгісі 8 ºС);
+6 ºС температура кезінде процесс толық тоқтайды. Нитрификациялау үшін өзге де қолайлы жағдайларда қыс кезеңінде оның белсенділігі 10%-ға төмендейді. Температура +37 ºС жоғары болған кезде нитрификациялау жылдамдығы суда ерітілген оттегі құрамының азаюына байланысты төмендейді. 15-тен 35 ºС дейінгі температура диапозонында нитрификациялау қанағаттанарлық болады және оның қарқындылығы температура 35 ºС дейін көтерілу кезінде ұлғаяды.
Нитрификациялау – едәуір баяу процесс болып табылады, ол лай қоспасында ерітілген оттек жеткіліксіз болған кезде одан сайын бәсеңсиді және басылады. Нитрификациялаудың бастапқы кезеңін қамтамасыз ету үшін ерітілген оттектің ең төменгі қажетті құрамы 1 мг/дм3 астам болуға тиіс. Бұл ретте белсенді лай организмдерінің тыныс алуын қамтамасыз ету үшін ерітілген оттегінің жеткілікті жоғары деңгейі, сондай-ақ аэротенктерде лай қоспасының жақсылап араласуы да талап етіледі, оған не берілетін ауаның көп мөлшерімен, не аэрацияның мінсіз жүйесі арқылы (ұсақ көпіршікті және ірі көпіршікті аэраторлардың оңтайлы үйлесімділігі) қол жеткізіледі. Бір миллиграм аммоний азотының нитритіке айналуына 2,33 мг ерітілген оттек жұмсалады. Нитриттер –амонды азоттың толық қышқылданбаған өнімі болып табылады. Тазартылған сарқынды суларда нитриттердің пайда болуы органикалық заттардың негізгі бөлігі минералданғанын (қосарласып өтетін суарылатын алқаптардағы процестер ерекше болып табылады) және нитрификация басталуын куәландырады.
6.3. Нитрификациялаудың екінші кезеңі – нитраттардың пайда болуы алғашқысы ойдағыдай аяқталған кезде ғана басталады, өйткені аммиактың артықшылығы нитрификациялаудың екінші кезеңі қоздырғыштарының дамуын бәсеңдетеді. Нитрификациялаудың екінші кезеңі бірінші кезеңде пайда болған азот тәріздес қышқыл тұздарының азот қышқылы тұзына қышқылдануына негізделеді. Процесс мынадай теңеуге сәйкес өтеді
Нитрификациялау процесінің ойдағыдай өтуі үшін лай қоспасында ертілген оттегінің жеткілікті мөлшерін ұстап тұру және аэротенка мен регенераторлардың басында, аэротенктердің басқа аймақтарына қарағанда ауаны 2-3 есе артық беруді, сондай-ақ екінші тұндырғыштарда лайдың қалың қабатын болдырмау және оның оттек жұтымдылығын өсірмеу үшін олардан лай шығарудың қанағаттанарлық режимін қамтамасыз ету қажет.

39. Топырақтың ластануы — топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының қаралған мезгілде табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі. Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа түрлері сараланады Топырақтың ластануы топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді (кейде оны тежейді), түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластағыштардың (мысалы, ауыр металдардың) қорлануына себеп болады. Бұл ластағыштар адам организміне тікелей немесе жанама түрде түседі (өсімдіктекті немесе жануартекті азықтар арқылы). Топырақтың ластануы топырақтың ауру тудыратын және де басқа жағымсыз микроорганизмдерден өзін-өзі тазалауын төмендетуге әкеліп соғады. Мұның бәрі ауру қауіптілігін және микробиологиялық ластануды туғызады. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және қылау қоздырғыштары 2—3 тәулік бойына сақталса, ластағыштармен әлсіреген топырақтың өзін-өзі тазалай алмайтын кезінде дизентерия қоздырғыштары бірнеше ай, сүзек пен қылау қоздырғыштары бір жарым жылға дейін сақталады. Топырақтың ластануы кейде әр дәуір аумаққа жайылады.

Топырақтың химиялық ластануы — топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы. Топырақтың химиялық ластануының көздеріне өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын шөп жойғылар мен минерал тыңайтқыштар жатады. Өнеркәсіптік кәсіп орындардың құбырлары арқылы атмосфераға шығарылатын ластағыштар жел арқылы 50 км өңірге таралады. Бірақ ластағыштардың негізгі массасы 8—10 км жердегі топыраққа түседі. Мұнай-химиялық завод кешендерінің төңірегіндегі аумақтар қатты ластанады. Көп жағдайда бұл жерлер ауыл шаруашылығына немесе бақ өсіруге пайдалануға жарамайды. 3 км-ге дейінгі қашықтыққа Топырақтың химиялық ластануы мұнай-химия кәсіп орындарының тұған-тұндырғыштары маңында көмірсутек бұларының тұнуынан болады. Түсті металл кендерін алу және байыту процестерінен де топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың химиялық ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Соңғы кездері мұнайға байланысты ластану жиі кездеседі. Мұнаймен ластанған топыраққа лады. Мұнайдан топырақтың химиялық ластануының төменгі деңгейінде топыраққа микрофлора мен өсімдік дамуын реттейтін тыңайтқыш енгізу керек. Үлкен мөлшердегі және ұзак мерзімдік ластанудан топырақта қайтымсыз өзгерістер жүреді — топырақ асфальтқа ұқсас массаға айналады. Бұл кезде едәуір ластанған қабаттарды алып тастауға тұра келеді.

Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану топырақта оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердін болуын немесе ол агенттердің қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ, ластануы дейді. Топырақ ластануының мынадай түрлері бар: минералды техногенді қалдықтармен ластану; улы органикалық және бейорганикалык, қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану. Топырақтың ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректік тізбек арқылы топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организміне түседі. Қалыпты табиғи жағдайда топырақта болып жатқан процестердің бәрі тепе-теңдікте болып, онда өздігінен тазару процестері жүріп жатады. Адамның шаруашылық қызметінің дамуы барысында топырақ құрамының өзгеруі, тіпті бұзылуы жүріп жатыр. Қазіргі таңда планетадағы әрбір адамға бір гектарға жетер-жетпес айдалатын егістік жерден келеді. Осы аз көлемнің өзі адам тіршілігі арқасында одан да бетер азаюда. Құнарлы жерлердің үлкен бөлігі тау-кен жұмыстары, өнеркәсіп орындары мен қалалар салу әсерінен жарамсыз болып жатыр. Ормандарды кесу, табиғи өсімдіктер жамылғысын бұзу, агротехникалық талаптарды сақтамай жерді қайта-қайта жырту топырақ эрозиясының пайда болуына, яғни, топырақтың құнарлы қабатының желмен және сумен жуылып, бұзылуына алып келеді.
Эрозия қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің үлкен жауы болып отыр. Соңғы тек жүз жылдың ішінде су мен жел эрозиясы нәтижесінде планетада 2 млрд гектар ауыл шаруашылығының құнарлы жерлері жарамсыз болып қалған.

Антропогендік әсердің бір салдары — топырақ жамылғысынын қарқынды ластануы. Ластанушылар ролін металдар мен олардын қосылыстары, радиоактивті элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тыңайтқыштар мен улы химикаттар атқаруда.

Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен онын қосылыстары жатады. Сынап қоршаған ортаға улы химикаттармен, металдық сынап және оның қосылыстары бар өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен түсуде.

Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың тағы бірі — қорғасын. Бір тонна қорғасын балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг қорғасын бөлінеді. Жоғарыда айтылғандаи, қорғасын қосылыстары бензиннің құрамында да кездеседі Сондықтан автокөліктер қорғасынмен ластаудың көзі болып табылады. Әсіресе қорғасынның мөлшері автокөліктер көп жүретін үлкен көшелер бойындағы топырақ құрамында көп болады.

Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен, алюминимен және басқа да металдармен ластанған. Көптеген жерлерде олардың концентрациясы шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі.

Радиоактивті элементтер топыраққа атомдық энергияны пайдалануға қатысы бар ғылыми-зерттеу ұйымдары мен АЭС, атомдық жарылыстар немесе өнеркәсіп орындарының сұйық және қатты қалдықтарын кетіру кезінде түсуі мүмкін.

Топырақтың химиялық құрамына — тыңайтқыштар мен зиянкестерге, арам шөптерге, ауруларға қарсы әртүрлі химиялық заттар қолданылатын ауыл шаруашылығы да әсер етеді. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы процесіндегі зат айналымға түсетін заттардың мөлшері өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттардан кем түспейді. Айта кетерлігі, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қолдану жылдан-жылға артып келеді. Ал топырақтың құнарлылығы алынған өнім мен ондағы өсетін өсімдіктердің түрлік құрамына байланысты. Қазіргі кездегі топырақты ластаушыларының негізгі көздері мыналар:

пестицидтер;

минералдық тыңайтқыштар;

өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары;

атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды-түтінді заттар;

Мұнай және Мұнай өнімдері.

Топыраққа антропогендік әсер ету оның деградацияға ұшырауына (эрозия, ластану, тұздану және батпақтану, шөлейттену) алып келеді. Сондықтан топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:

табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;

қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін дұрыс ұйымдастыру;

топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу

тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;

зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;

қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір

түрлерінің қолданылуын шектеу;

ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен

күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық әдістерді қолдану және т.б.

40. Популяция, оның құрылымы мен қасиеттері, динамикасы

Популяция дегеніміз – эволюциялық ұзақ уақыт бойы ареалдың белгілі бір бөлігінде тіршілік етіп, өз алдына дербес генетикалық жүйе құра алатын,еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін бір түр дараларының шағын тобы. «Популяция» деген сөз латынша «популюс» — халық, тұрғындар деген ұғымды білдіретін сөзден шыққан.

Популяция даралары оқшаулануға байланысты көршілес популяциямен салыстырғанда барлық қасиеттері мен белгілері бойынша өзара өте ұқсас болып келеді. Топтық ерекшеліктер – популяцияның ең негізгі сипаттамасы.

Оларға мыналар жатады:

1. Саны – белгілі бір территориядағы даралар саны.

2. Популяция тығыздығы – сол популяцияның алып жатқан кеңістігінің немесе аудан көлемінің бірлігінің орташа даралар санына қатынасы.

3. Туу –көбею нәтижесіндегі бір уақыттағы жаңа даралар саны.

4. Өлім – белгілі бір уақыт мөлшеріндегі популяция ішіндегі өлген даралар саны.

5. Популяцияның өсуі - туу мен өлім арасындағы айырмашылық.

6. Өсу темпі – бір уақыттағы орташа өсу.

Әр түр, белгілі бір территорияны (ареал) ала отырып, популяция жүйесін құрады.

Түр → түрасты (нәсіл) → географиялық популяция → экологиялық популяция → жергілікті, локальды немесе элементарлы популяция. Популяцияның белгілі бір нақты құрылысы болады: жыныстық, жастық, кеңістіктік және этологиялық.

Популяцияның жыныстық құрылымы

Жыныстық құрылым – популяциядағы особтардың жыныстық ара салмағы. Жыныстық ара салмағы түрлердің генетикалық заңдары мен қоршаған орта ықпалына байланысты құрылады. Жыныстық құрылым бейімдеушілік сипатта.

 

Популяцияның жастық құрылымы

Популяциядағы жастық топтардың қосындысы (жоғарғы,орташа,кіші). Өсімдіктің тіршілік ауысуында ауысым мен жас жағдайын бөлуге болады. Түрлердің жас ерекшеліктеріне байланысты бөлінуі оның жастық спекуторы болады.

Жас жануарларда әртүрлі генерация және ұрпақтар болады.

Генерация – бір жылдағы және бір мезгілдегі туған «бауырлар» мен «сіңлілер» қосындысы.

Ұрпақтар – бір жылдағы барлық генерацияның барлық қосындысы.

Популяцияның кеңістік құрылымы

Особьтардың белгілі бір территорияда немесе акваторияда сандық және популяцияның құрамының сапалық таралуы оның кеңістіктік құрылымы деп аталады.

Популяцияның кеңістіктік құрылымы тұрғындардың «әлеуметтік ұйымымен» сипатталады.

1. Жалғыз немесе отбасылық.

2. Топтық.

Жалғыздық немесе отбасылықта сол жер бөліктерін бір дараның немесе отбасын қолданады. Жалғыз тіршілік ету сипаты су түбіндегі тұрғылықты су жануарларына тән. Отбасының иемделген территориясы қорғалады — ол экскременттерімен, зәрімен, дене бездерінен бөлінетін өткір иісті сұйықтықтарымен, дыбыстарымен немесе айғайларымен «белгіленеді» (жыртқыш сүтқоректілер, тышқантекті кеміргіштер, құстар т.б.).

Кеңістікті топтық қолдану. Олар мына төмендегі негізгі формалар:

1.Жартылай колониялар. 2.Колониялар. 3.Отарлар. Үйірлер.

Жартылай колониялар (кіші егеуқұйрықтар, гагалар және көптеген басқалар). Бұндай отбасында өз баспаналары болады (ұялар, індер). Жартылай колонияларда өздерінің шекаралары болады. Келген жаумен күресуге бірлесе шығады (сигналдық жүйе арқылы, беймаза қышқыруларен және т.б.).

Колониялар – бұл тек территориядағы азық – түліктерді ғана емес, сонымен бірге мекен етуші баспаналарын да бірге қолданады (қоғамдық жәндіктер: аралар, құмырсқалар, ұшқыш мысықтар), ұя салушы шағалалар мен бакландар.

Отарлар (үйірлер) – шегірткелер, балықтар.

Құстардың миграциясы кезінді және көшу кезінде үйір құрады, ал тұяқтылар – отар құрады. Отарлар мен үйірлер қоректену ресурстары пайдалану барысында үнемі араласып жүреді.Олардың көлемі әртүрлі болады. Тұяқты жануарлардың отарлары көктем кезінде ұрпақ өрбіту үшін қажетті ұсақты топтарға – парцелдарға бөлінеді. Тышқантектес кемірушілерде мұндай топтар үлкен отбасы, ал жарқанаттарда – кландар (20 – 30 осбьқа дейін), ал арыстандарда – прайдтар (5 – 10) деп аталады.

Популяция динамикасы

Егер кез келген популяцияға сыртқы орта факторлары шектеулік жасамаса, теориялық сандық жағынан шексіз өсуге бейім. Бұндай гипотетикалық жағдайда, популяцияның өсу жылдамдығы сол түрдің биотикалық мүмкіншілік көлеміне байланысты. Р.Чепмен бойынша (1928), бұл бір жұптың теориялық жағынан алғандағы максимум ұрпақ беру көрсеткіші. Уақыт бірлігі ретінде мысалға, бір жыл немесе бүкіл өмір сүру кезеңі алынуы мүмкін. Әр түрлі түрлерде бұл шама әртүрлі. Табиғатта популяцияның биотикалық мүмкіндігі толығымен жүзеге асырылмайды.

Популяцияның жалпы сандық өзгергіштігі мына төрт жағдайға байланысты: особтардың тууы, өлуі, бір жерге тұрақтануы мен басқа жаққа қоныс аударуы (миграция).

Белгілі мөлшердегі ұстап тұру популяция гомеотазы деген атқа ие болды. Популяциялық гомеостаз механизмі түрдің экологиялық ерекшелігіне, оның қозғалысына, жыртқыштар мен паразиттердің әсер ету көрсеткіштеріне және т.б. жағдайларға байланысты. Кейбір түрлерге бұл жағдайлар көптеген даралардың қырылуына әкеліп, қатты әсер етсе, кейбір түрлерге тек шартты рефлекстік негіздегі ұрпақтың төмендеуімен ғана шектеледі.

Популяцияның сандық жағына әсер етуші көптеген факторлардың арасынан модифицирлеуші және реттеушілерін бөліп қарау керек.

Модифицирлеуші факторлар — популяцияның сандық өзгерісін тудырып, өздері сол өзгерістің әсерін сезбейді, яғни, олардың әсері бір жақты. (Бұл ағзаға абиотикалық әсер етуші, олардың қоректерінің сандық және сапалығы, жауларының белсенділігі және т.б.).

Реттеуші факторлар - тек популяцияның саның өзгертіп қана қоймайды, оның кезекті оптимумынан қазіргі жағдайына дейінгі ауытқушылығын қалыпқа келтіреді (бұлар тірі ағзалардың өзі).

Популяция динамикасының негізгі үш типін бөлуге болады:

1. Әр жылдардағы сандардың салыстырмалы түрлегі аздаған ауытқушылығы.

2. Популяция динамикасының мерзімдік типі

3. Популяция динамикасының массалық көбею ошағындағы көп жылдық типі.

43. Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі – ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердің, ағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады. Орман өрті жер бетін шарпыған кезде жапырақ, бұта, шөп-шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады, от қызуы 400 – 9000С-қа жетеді, жалын 0,5 – 1 м-ге көтеріледі, өрт сағатына 0,25 – 5 км жылдамдықпен таралады. Көлемі кішкене шарпыма өртті топырақ, химиялық заттар (диамоний фосфат, аммоний сульфаты, т.б.), су шашып, жасыл бұталармен соққылап сөндіреді. Қаулама өрт жалыны ағаш басын шалады, оның бұтақтары, жапырақтары жанады. Өрт жел бағытына, күшіне қарай сағатына 5 – 25 км-ге дейін өршиді. Жер астындағы кеулеме өртте топырақ арасындағы өсімдік шірінділері, шымтезек жанады, от жалыны көбіне сыртқа шықпай, бықсып жанады. Мұндай өртті өшіру үшін жанған жердің айналасын тереңдігін ыза суға жеткенше, енін 1 м етіп ор қазады. Қазақстанда Ертіс және Обь өзендерінің арасындағы далалы аймақта орналасқан қарағай жолағында өрт тіпті жауынды жылдары да көп болады. Бұл жерлерде ауа-райы құрғақ болғандықтан өрт қаупі кезеңінің орташа ұзақтығы 180 күннен асады. Орман өртін сөндіру үшін көбіне табиғи кедергілер – өзен, жыра, батпақ, жол, арнайы жасалынған орман аралық ағашсыз жолақтар пайдаланылады (енін 1 – 2 м етіп жыртады). Қарсы от салып та тоқтатылады. Күшті өртке қарсы ұшақтар мен тікұшақтар арқылы жоғарыдан су, химикаттар шашады.

46. 1935 жылы А.Тенсли ұсынған «Экожүйе» ұғымына жақын. Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларынының жиынтығы. Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды төмендегі экожүйелерге бөледі:

1. Құрлық экожүйелері

2. Тұщы су экожүйелері

3. Теңіз экожүйелері

Трофикалық құрылым тұрғысынан қарастыратын болсақ, экожүйені Ю.Одум бойынша екі ярусқа бөлуге болады: автотрофты және гетеротрофты.

1. Жоғарғы автотрофты ярус – немесе жасыл белдік, бұл өсімдіктерден немесе хлорофилі бар өсімдік бөліктері, бұлар жарық энергиясын фиксациялау нәтижесінде қарапайым бейорганикалық заттардан күрделі органикалық қосылыстардың жинақталуы.

2. Төменгі гетеротрофты ярус немесе топырақ пен жауын-шашыннан, қарашірінділерден, тамырлардан тұратын қоңыр ярус, мұнда ыдырау, трансформация және күрделі қосылыстардың бөлінуі сияқты процестер жүріп

47. Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг

Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым,1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:

қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.

табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау.

қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару.

Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және бақылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады, Мысалы:

Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:

биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);

дистанционды (авиациялық және космостық);

аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау).

Бақылау обьектілері бойынша:

қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа);

биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі).

Мониторингтің негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегі кестеде көрсетілген.

Сонымен, мониторингтің технология процестерін алгоритм түрінде былай бейнелеуге болады:

Өлшеу

талдау

сипаттау

моделдеу

дұрыс жолын таңдау.

Ic-әрекеттердің мұндай алгоритмі қоршаған ортаның кез-келген мониторингіне тән.

Экологтар үшін негізгі мынадай мониторинг түрлері бар:

Биологиялық мониторинг

- биологиялық орталардағы (организмдерде, биоценоздарда) табиғи және антропогендік процестерді бақылау (ауыр металдардың, пестицидтердің жинақталуы). Мұндай мониторинг тіршіліктің қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық байланысын қамтиды.

Базалық мониторинг

- жалпыбиосфералық, яғни, тек қазіргі кездегі ғана емес, жақын аралықтағы 50-100 жыл ішінде болатын негізінен табиғи құбылыстарды бақылау.

Биосфералық мониторинг

- биосферадағы өзгерістерді: атмосфераның шаңдануы, әлемдік су балансы, Әлемдік мұхиттың ластануы, құрлық пен мұхиттағы биологиялық өнімнің өзгеруі және т.б. ғаламдық деңгейде бақылау.

Биоэкологиялық мониторинг

- табиғи ортаның жағдайын оның адам денсаулығына әсері тұрғысынан бақылау. Адамның тыныс-тіршілігін көрсететін көрсеткіштер - ауруға ұшырауы, туылуы, өмір сүру ұзақтығы және т.б. қолданылады.

Геоэкологиялық мониторинг

- табиғи экожүйелердегі өзгерістерді бақылау. Географиялық стационарлық бақылаулардың жүйелеріне сүйене отырып, экожүйелердің биологиялық өнімділігі, өздігінен тазаруға қабілеттілігі, заттардың шекті мүмкін концентрациясы көрсеткіштері қолданылады.

Дистанционды мониторинг

- бұл авиациялық және космостық мониторингтің жиынтығы. Кейде бұл ұғымға, көрсеткіштері ақпараттарды жинау орталығына беріліп отыратын, адам аяғы басуы қиын жерлердегі приборлар арқылы алыстан ақпараттарды беру әдістерін (радио, спутник) де жатқызады.

Теңіздердің ластануы мониторингі

- теңіздер мен мұхиттардағы судың сапасын білу мақсатында ақпараттар алу үшін олардың жағдайын болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Бұл теңіз су ресурстарын үнемді пайдалануға және оларды ластанудан қорғау шараларын жүргізуге қажет.

Құрлықтағы сулардың ластануы мониторингі

- су ресурстарын үнемді пайдалану және оларды ластанудан, құрғап кетуден қорғау шараларын жүргізу үшін құрлықтағы сулардың жағдайы туралы ақпараттар алу мақсатында болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Су сапасының көрсеткіштеріне - температура, минералдану, рН, түсі, еріген оттегі, дәмі, ауыр металдар, мұнай өнімдері, фенолдар,пестицидтер және ең бастысы натрий, калий, кальций, магний, хлор, сульфат, карбонат, нитрат иондары жатады.

Ластаушы көздер мониторингі

- ластаушы көздер арқылы су обьектілеріне, атмосфералық ауаға, топыраққа бөлінген заттардың мөлшерін және ластану деңгейін болжау, бағалау және бақылау жүйесі.

Аймақтық мониторинг

- антропогендік әсерге ұшыраған үлкен өнеркәсіп орындары, қалалар және олардың айналасындағы аймақтар биосферасы туралы ақпарат алу үшін бақылау.

Классификациядағы мониторингтердің деңгейіне сәйкес - халықаралық және аймақ аралық басқару деңгейлері ғаламдық деңгейлермен байланыста болуы, ал ұлттық - аймақтық деңгеймен байланыста болуы керек.

Экологиялық мониторинг жүйесінде биологиялық мониторингтің, яғни, экожүйенің биотикалық құрамы мониторингі ерекше роль атқарады. Биологиялық мониторинг - бұл қоршаған табиғи ортаның жағдайын тірі организмдер көмегімен бақылау. Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі - биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-келген өзгерістерді есепке алып отыру.[1]

48. Ортаның абиотикалық факторлары, олардың түрлері, ылғалдылық, оның тірі организмдерге әсері. Абиотикалық факторлар (гр. 'a' — теріс және bіotіkos — тірішілік, өмір) — бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.[1]

Ол ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (темпиратура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б.), х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т.б.), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.

Абиоталық факторды химиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) және физикалық (климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық факторбиоталық және антропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайды. [2]

Ылғал көбінесе климаттық, құрылықтың температуралық белдеулеріне, табиғат белдемелеріне байланысты болады. Кей бір жағдайда ылғал шектеулі фактор рөлін атқарады. Ылғалдың жетіспеуі өсімдіктерді өнімді төмендетіп жібереді. Әсіресе шөл, шөлейтті белдеулерде ылғал жетпейді. Ал орман мен батпақты жерлерде керісінше әсер байқалады. Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары төмендегідей жіктеледі.
Гидрофиттер – суды мол қажет ететін, ылғалды ортада өсетін өсімдіктер. Мысалы: қамыс, қоға, күріш, тұғиық т.б .
Ксерофиттер
– шөл, шөлейт, дала сияқты ылғал тапшы аймақтардың өсімдіктері. Олар қатты ыстыққа және сусыздыққа төзімді болады. Мысалы: сексеуіл, жүзген, жусан, қылша, теріскен, селеу, күйреуік т.б.
Мезофиттер – ылғалдылығы орташа, жеткілікті аймақтарда өседі. Жапырақтары ашық әрі ірі болып келеді. Мысалы: қайың, алмұрт, шалғындардағы өсімдіктер.
Суккулентт і – ксерофиттерден де ылғалы тапшы аймақтың өсімдіктері. Олардың жапырақтары немесе сабақтары ішінде су жинап, етжеңді болып келеді. Мысалы: кактус, алоэ т.б.
Гидрофиттер – судың ішінде өсетін өсімдіктер. Мысалы: элодея, балдырлар т.б.
Су көптеген ағзалардың тіршілік ететін ортасы болып табылады. Су ағзалары мекен ететін су қабатына және тіршілік ету түріне байланысты келесі экологиялық топтарға бөлінген:
Планктон – негізінен су ағынымен пассивті түрде орын ауыстыратын ағзалар. Планктонда фитопланктон (бір жасушалы балдырлар) мен зоопланктон (бір жасушалы қарапайымдылар) ажыратылады.
Нектон – судың орта қабатында белсенді түрде қозғалып тіршілік ететін ағзалар. Оларға балықтар, басаяқты былқылдақ денелілер, тасбақалар, киттәрізділер жатады.
Бентос – судың түбін және топырақта тіршілік ететін су ағзалары. Оларды фитобентос (бекініп өсетін балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер) және зообентос (шаянтәрізділер, былқылдақ денелілер, теңіз жұлдыздары, т.б.) деп бөледі.
Перифитон – су өсімдіктерінің сабақтарына және жапырақтарына жабысып тіршіліе ететіндер.
Ылғалдың жануарлар тіршілігінде маңызы зор. Жануарларға ылғал жетіспегенде, олар әр түрлі бейімделеді. Мысалы: түйе өркешінің майынан метаболиттік су алады, сарышұнақтар ұйқыға кетеді т.с.с. Ал өсімдіктер жапырақтары транспирациясының азайтады, сексеуіл тамырларын тереңге жібереді т.с.с.
49. Атмосфераның физикалық әсерлермен ластануы

. Дiрiлдеу және шу.
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы кезеңiнде атмосфераның шумен ластануы да бiрқатар зардаптарын тигiзуде.
Айнымалы физикалық өрiстiң әсері болатын серпiмдi денелерде пайда болатын аз механикалық тербелiстер дiрiлдеу деп аталады.
Дiрiлдеулерге, ең алдымен, дыбысты жатқызуға болады.
Серпiмдi орталардың естiлмейтiн тербелiстерi де, естiлетiндері де акустикалық тербелiстердi қамтиды. Дыбыс тербелiстерi - бұл 16Гц – пен 20кГц аралығындағы тербелiстер. 16Гц-тен төмен жиiлiктегі тербелістер – инфра дыбыс, 20кГц-тен жоғары тербелістер – ультрадыбыс деп аталады.
Шу – әр түрлi қарқын және жиiлiктегі периодтық емес дыбыстардың жиынтығымен анықталады. Адамдарды қоршаған шулар әртүрлi қарқында болатындығын білеміз, мысалы: сөйлеу тiлi – (децибел) 50-60Дб; серена – 100Дб; жеңiл автомобильдiң қозғаушысының шуы – 80Дб; қатты музыка – 70Дб; кәдiмгi пәтердегi шу – 30-40Дб. Шу – әр түрлi қарқын және жиiлiктегі периодтық емес дыбыстардың жиынтығымен анықталады. Адамдарды қоршаған шулар әртүрлi қарқында болатындығын білеміз, мысалы: сөйлеу тiлi – (децибел) 50-60Дб; серена – 100Дб; жеңiл автомобильдiң қозғаушысының шуы – 80Дб; қатты музыка – 70Дб; кәдiмгi пәтердегi шу – 30-40Дб.

Шу адамның организміне, оның физиологиялық белсендiлiгiне әсер етедi және белгілі мөлшердегі әсерлердің жинақ күші адам организмінде түрлі ауытқушылықтарды шақыра алады, алдымен адамның дыбысты қабылдау қабілетінің төмендетуiне, кереңдiкке алып келуі мүмкін.
Деңгейi шамамен 90-120 децибел болатын шулар адамның жүйке жүйесiне əсер етiп, есту органдарының қызметiн нашарлатып, тiптi кейбiр жағдайларда жүйке — психикалық аурулардың пайда болуына себеп болады. Бұнымен қатар гипертония, асқазанның жарасы, организмнiң эндокриндiк системасының бұзылуы сияқты аурулардың пайда болуына, нерв клеткаларының дегенерациялануына əкеп соғады. Үздiксiз қатты шу əсерiнен перифериялық қан тамырлары тарылып, бұлшық еттер мен миға қанның келiп жетуi қиындайды. Деңгейi 130 децибелден асатын шу акустикалық травмалар туғызады.
Батыстың бiрқатар елдерiнде əскери аэродромдар маңындағы елдi мекендер тұрғындарының үнемi ұшып тұратын реактивтi самолеттердiң шуынан жүректiң миокардi инфаркт, жыныс органдары қызметiнiң əлсiреуi сияқты аурулар жиiлеген. Ал кенеттен болған қатты шу əсерiнен жүректiң тоқтап қалуы да байқалады. Жануарларда да, əсiресе үй құстарында жұмыртқалар салу, сиырлардың сүт беру қабiлетi төмендейтiнi байқалған.

50. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық және республикалық ұйымдар

Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия),Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР),Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым(ВМО) және т.б. қатысады.

Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган — Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.

ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді:

Бірінші деңгейде коршаған ортаның бәсекелес мәселелері жөнінде және осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат береді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын қоршаған ортанын ахуалы туралы баяндамалар тапсырады, осы баяндамалардан аталған ақпараттар алынады.

Екінші деңгейде жекелеген елдерге, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты бүкіләлемдік көлемде бағдарламалық шараларды жүзеге асырудың міндеттері мен стратегиясын белгілейді. Осы денгейде қажетті шаралар мен олардың орындаушылары туралы мәселелер шешіледі, нақты бағдарламалар жасау үшін әдістемелік негіз қамтамасыз етіледі.

Одан әрі, екінші деңгейде қолдау тапқан бағдарламалар мен жобаларды Қоршаған ортаны қолдау қоры қаржыландырады. Қолдау мөлшері тиімділікке, яғни қаржылық көмектін бағдарламанын түпкі мақсатын іске асыруға қаншалықты ықпал ете алатындығына байланысты болады. Толық қаржыландыру ерекше жағдайларда ғана, яғни жобанын орындалуы аса ірі жоба бойынша әзірлік жұмыстарын жүргізумен тұтас келетін болса, іске асырылуы мүмкін.

ЮНЕП өзі қызмет істеген жылдары көптеген табиғат қорғау шараларын жүзеге асырды. Қоршаған ортаның аса ауқымды мониторинг жүйесі құрылды және оның құрамдас бөліктері ретінде — қоршаған орта бойынша ақпарат көздерінің Халықаралық анықтама жүйесі (ИНФОТЕРРА) және әуелетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркеушісі құрылды.

Сондай-ақ БҰҰ шеңберінде Орнықты дамыту жөніндегі комиссия жұмыс істеді. Ол БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) көмекші органы болып табылады. Қоршаған ортаны сақтаумен айналысатын 200-ден астам халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бар. Мысалы, 1948 жылы Францияда құрылған табиғат және табиғат ресурстарын қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП); Құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық кеңес, Хайуанаттарды қорғау жөніндегі Дүниежүзілік федерация; Альпі аудандарын қорғау жөніндегі Халықаралық федерация. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) шеңберінде 1992 жылғы ақпанда "Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара әрекеттестік туралы" келісімге қол қойылды. Бұл келісімге: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина қол қойды. Келісімді іске асыру үшін: Мемлекетаралық экологиялық кеңес, Мемлекетаралық экологияльщ қор құрылды. ТМД шеңберінде табиғат қорғау ынтымақтастығын дамытуда Парламентаралық ассамблея маңызды рөл атқарады. Оның құрамында Қоршаған ортаны қоргау жөніндегі бөлім құрылған.

Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық "Гринпис" ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөніндегі комитет, "Табиғат" экологиялық одағы, "Невада-Семей", "Каспий табиғаты" (Атырау), "Көкті сақтау", Ауқымды экологиялық қор, "Жастар экология мен мәдениет үшін" азаматтық қозғалыстары, "Тау" орталығы (Алматы) және басқа да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды. бұзғаны ушін заң алдындағы жауаптылық Қазақстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялық заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқыққа қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл.

52. Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғата кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.

53. «Адам және Биосфера» атты ЮНЕСКО бағдарламасы (“Man and Biosphere”, MAB) жергілікті және ғаламдық деңгейде адамдар мен қоршаған орта арасындағы қатынастарды

жақсарту үшін ғылыми негізді белгілеуге бағытталған ЮНЕСКО-ның үкіметаралық ғылыми бағдарламасы болып табылады

Адам және биосфера[1](The Man and the Biosphere Programme (MAB)) - 1978 жылы ЮНЕСКО-ның 16-Бас сессиясының конференциясында қабылданған халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламасы.

Бұл бағдарламағ


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: