Экзистенциялистік философия

Ф.Бэкон философиясы.

 

Философияда механикалық,метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл – ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтілік тәсілінің негізін қалаушы – Френсис Бэкон (1561-1626 ж) еді.Негізгі еңбектері: “Ғылымдар табысы”,“Жаңа органон”, “Жаңа Атлантида” т.б. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты – табиғат күштерін игеру.Табиғаттың сырын,заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады,ал табиғатты материяны қарастыру арқылы түсінуге болады.Материяның қасиеттері өте көп,солардың ішіндегі негізгісі – қозғалыс.Қозғалыс – метерияның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілімен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал рух,жан т.б. ғылыми тұрғыдан танып білуге болмайтын болғандықтан – нақты шындыққа жатпайды.Табиғатты танып –білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі.Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп – табынушылық,жалған эксперимент екендерін түсінулері керек.Ал танымның жалғыз ғана дұрыс тәсілі – индукция.Бэконның түсінігінше зерттелетін заттардың қасиеттері ешуақытта өзгермейді және бір-бірімен байланыста болмайды.

 

14. Р. Декарттың философиясы.

Декарт Рене (1596–1650). Ол философияның, физиканың, математиканың және дамуына үлкен әсер етті. Декарт дуализм мен рационализмнің өкілі. Дедуктивтік – рационалистік әдісінің негізін қалады. Геометриялық оптиканы, аналитикалық геометрияны, координаттар жүйесін жасады, идеясын ұсынды. Космологияда (дүниенің құрылымы), космогонияда (планеталардың пайда болуы және құрылымы), физика және физиологияда Декарт материалист. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның объективті даму құқықтарының бар екенін, бірақ олардың механикаға негізделгенін айтты. Психологияда, таным теориясында ол – «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін» (Cogilo, ergo zum) –деген қағидаға сүйенеді.

1. Әлемде адамға түсініксіз көптеген заттар мен құбылыстар өмір сүреді. Олар бар ма? Олардың қасиеті қандай? Мысалы: Құдай бар ма? Дүниенің шегі бар ма?

2. Қай затқа, қай құбылысқа күмән келтірмеуге болады? (Қоршаған орта өмір сүре ме? Күн жарқырай ма?

3. Олай болатын болса тек күмәндану анық факт және еш дәлелдің қажеті жоқ.

4. Күмәндану ойдың қасиеті, демек шын өмір сүретін адам күмәнденеді, ойлай алады, яғни адам ойлайды.

5. Сондықтан ойлау болмыстың да, танымның да негізі. Ол ақыл ойдың жұмысы, олай болса болмыс ақыл ойда бар.

Декарт болмыс проблемасын зерттеу барасында болмыстың мәнін сипаттайтын ұғымды шығаруға болады, оны субстанция деп атайды. Субстанция – ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективтік шындық, қозғалыс біртұтас, үздіксіз дамып отыратын материя. Субстанция– дүниеде бардың бәрі, өз өмірінде басқаға ешқандай тәуелді, тек өз өзіне ғана тәуелді.

15. Гегель жүйесі және тәсілі.

Гегелдің философиясының үлесі және ерекшелігі: 1) объективтік идеализм теориясын жасады. Негізгі өзегі абсолюттік идея - әлемдік Рух.2) Канттың, Фихтенің, Шеллингтің еңбектерін зейін қойып зерттеп, идеалистік диалектиканың жалпы теориясын жасады және оны білімнің әр түрлі салаларына қолданды. Диалектикалық әдісінде ол қозғалыстың дамуының үздіксіз екекнін үйретті. 3) Гегель өз философиялық жүйесінде дүние жүзілік ақыл ойдың абсолюттік және әбден жетілген көрінісін жасауға тырысты. Гегельдің жүйесі мен әдісі бір біріне қайшы, кері тартпа. Осыдан шығатын қорытынды: философиялық жүйесі метафизикалық; далектикалық әдісі прогресшіл жағынан көрінеді. Гегель жүйесі. Гегель нақтылықты немесе бүтін болмысты түсінуде, идеяның мәні ретіндегі - әлемдік ақыл ойды, Логосты, Рухты, Сананы, Субъектіні- Абсолют деп атады. Бұл барша дүниенің, бүкіл болмыстың пәрменді бастамасы, жаратушысы. Абсолюттің маңызды қасиеті шығармашылығы, белсенділігі, дамуы және күшеюі болады. Ол өзінің дамуында әр түрлі сатыдан өтеді, өзінің өмір сүру формасынды әр түрлі көріністе болады. Сонымен бірге өзінің жоғарғы мақсаты өзін өзі тануға ұмтылу. Гегель философиясының негізі әлемдік Рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны. Табиғат-әлемдік рухтың таза идеядан абсолюттік идеяға айналуы. Идея ешқандай мазмұнсыз «таза болмыс» немесе «ештеңе» болмыс болып табылады. «Нақты болмыстың пайда болуы» заттар мен құбылыстар дүниесіне әкеледі, яғни идея материалдық заттарға айналады. Адам санасы дамыған сайын идея материядан қол үзіп, алшақтай береді.Гегельдің пікірінше, табиғат абсолюттік идеяның екінші өмірі, бірақ ол дамымайды, дамитын идея. Диалектиканы жасай отырып, Гегель бүкіл дүниені – табиғатты, қоғамдық өмірді және ойлауды шексіз қозғалу, өзгеру және даму процесі деп көрсетуге тырысты.

16. Онтологияның негіздері. Болмыс категориясы.

«Онтология» термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: «оntos»- болмыс, «logos»- ілім. Демек, болмыс туралы ғылым. Философия да бұл термин ХVII ғ бастап қолданылады. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келді. Соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. Онтологияда «болу» деген қасиетке ие болатын барлық нәрселер мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесінің сұрақтары қарастырылады. Онтологияның негізгі категориясы «болмыс» болып табылады. Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау болған негіздермен байланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік болудың сипаттамасы болып табылады. Болмыс мәселесі – бұл өз бастауын адамзат баласының қоршаған орта туралы діни иллюзиялардан бас тартқан кезінен алатын фил\қ рефлексиялардың бірі. Болмыстың түрлері туралы проблема фил\я үшін өте маңызды. Себебі фил\ң негізгі мәселесін ақыл ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу кереk.1.Заттар ж\е процестер болмысы, ол үз кезегінде табиғи заттар мен процестер ж\е адамдар жасаған заттар мен прроцестер ьолмысына бөлінеді.. 2.Адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысына ж\е адамның өзіндік болмысына жіктеледі. 3. Рухани (идеялық) болмыс. 4. Әлеуметтік болмыс, бұлда өз алдына қоғамдағы ж\е тарихи процестегі жекелеген адам болысынаж\е қоғам болмысына бөлінеді.

17. И. Канттың философиясы. Импиративтік принцип.

И. Кант жаңа замандық парадигма желісін, эпистемологиялық проблематика бағдарын онан әрі жалғастырды. И. Кант өзінің трансценденталдық философиясы көмегімен эмпиризмнен(Локк пен Юм), рационолизм мен скептицизмнен асып түсуге тырысты. Канттың пікірінше, кеңістік пен уақыт танымға тән қажеттілік болып табылады. Рационализм мен эмпиризмді синтездеуге тырысып Кант танымдағы субъекттінің белсенділігін мойындайды. Кеңістік, уақыт, себептілік тәжірибеге дейін берілген, яғни априорлы. Оларды меңгеру жаратылыстану ғылымдарының танымдық шарттарына философиялық рефлексия жасау арқылы ғана мүмкін болады. Адамның танымдық әрекет аумағына енген сыртқы нақтылық объект деп, ал танымдық қабілеттің тікелей бағытталған нарсесін зат деп атайды. Кант танымның мынадай типтерін айқындайды: аналитикалық, синтетикалық, синтетикалық априорлы таным. Синтетикалық априорлы таным дегенді Кант тәжірибеге бағынбайтын таным деп түсіндіреді. Синтетикалық апостериори тәжірибеге бағынышты таным. Ал аналитикалық априорлы деп ұғымдар арасындағы байланыстарды талдау нәтижесінде пайда болатын таным типін айтады. Канттың пікірінше, рационалдық догматизмні+ң берік негізі жоқ, себебі рационалдық интуиция тек жалған меңгеру ғана болып табылады. Кант моральдың дербес статусын жаратылыстанумен салыстырмалы түрде негіздейді. Оны негіздеудегі Канттың өзіне дейінгі және замандас ойшылдармен салыстырғандағы ерекшелігі «сен тиіссің» деген нақты нормадан шығуында болды. Бұл норма абсолюттік принцип болып табылады. «Сен тиіссің» длеген императив өзге де трансцендентальдық формалар кеңістік, уақыті себептілік және т.б. сияқты санамызға сіңіп кеткен. Моральдық міндеткерліктің мынадай сипаттағы категориялық императиві бар: «Жалпыға тән заңға айналғанын өзің қалай алатын ұстанымды ғана өзіңе жетекшілікке ала отырып әрекет ет» Демек, бұл принцип әркім және барлығы үшін норма болып табылады, өйткені ол жасырсын емес және дұрыс, жалпыға тән үлгілі стандарт ретінде қызмет атқарады.Категориялық императив Канттың ойынша априорлы сипат алады.

Экзистенциялистік философия.

Философияда құдайшылықты жалпы тағдырды жаратушыны мадақтау жайында көп жазылды. Адам туралы айту тасада, қалтарыста қалып келді. Енді адамды зерттейтін кез туды. Адамға оны зерттеуге бетбұрыс жасалды. Философияда ол экзистенциализм д.а. Бірақ бұл да субьективті идеализмге жатады. Өкілдеі: Н.Бердяев, Л.Шестов К.Яспер М.Хайдеггер Ж.Сартр А.Камю. Экзистенциализмнің басты категориялары жалғыздық, жаттандылық, үрей,жауапкершілік,ажал т.б. Мақсаты: адамның мәндік сипатын, оның қайғылы дәрменсіз жағдайын ескере отырып, оған рақымшылық,кешірім жасау. Адамда өмір сүру оның мәнінен бұрын,ал жануарлар мен өсімдіктерде бұған керісінше болады дейді. Экзис.тік философияның өкілі Сартр былай дейді: Ұста пышақ жасайды, бірақ оның мәні пышақтан бұрын пайда болады. Адам туғаннан кейін адамдық мәнге ие болғаша,ең алдымен оның өмір суруі қажет. Адам зорлық, зомбылыққа бас иіп көне ме, жоқ оған қарсыласа ма, шамасы келе ме, әлде жоқ па? Оны алдымен ойлап шешеді. Фенеменологтың,экзистенциалистің, персоналмистің пікірінше sein болмыс, яғни жалпы болмыстан жеке адам болмысына бет бұру, қарау, жугіну емес, керісінше,жеке адамнан оның нақты болмысынан жалпы болмысқа көшу. Өйткені К.Ясперстің пікірінше, өлім, қиналу,үрей, айыптылық, уайым, курес,рухани ауру адамның өмір шектеріне жатады. Тек осы уақыттарда ғана адам өзінің нағыз өмір сүруін ұғынады, ал кәдулігі уақытта олар кәдімгі болмыстың күнделікті, тікелей болуы арқылы жасырынып жатады. Экзистенциалистік философия қатып қалған қағидаларға негізделген философия ғана емес, ғылым табыстарына, өмірге бейімделген философия.

19. Материяның атрибутивтік концепциясы

Қазіргі кезде ғылымдардың жаңа жетістіктеріне байланысты

материяның атрибутивтік түсінігі дамуда. Оның мағынасы барлық

материалдық объектілерге (Күн жүйесі, жер қыртысы, әлеуметтік

институттар және т.с.с.) тән «жалпылық» немесе «атрибутты»

белгілеу.

Материяның атрибуттық қасиеттері (белгілері):

Қозғалыс: жалпы кез келген өзгеріс, қозғалыс абсолютті, тыныштық салыстырмалы (қозғалыс моменті).

Өзіндік ұйымдасу (самоорганизация): материяның сыртқы күштердің қатысуынсыз өзін

өзі жасауы, жетілдіруі, қайтадан өндіруі (синергетика).

Кеңістік пен уақытта орналасуы: бар объектілердің орналасу тәртібі, олардың созымдылығы, бірін- бірі ауыстыратын құбылыстардың тізбектілігі және ұзақтығы.

Бейнелеуге қабілеттілік: Нәрселердің өз құрылымында («денесінде») басқа нәрселердің әсерін, ізін қалдыру, белгілеу (сыртқы әсерге жауабы).

 

 

20. Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдері.

Диалектика ойлаудың ең икемдісі, дүниені жан жақты зерттеудің, яғни әр түрлі байланыстардың әрқайсысын ашып, қарама қарсы күштердің даму барысындағы өзгерістер мен процесстердің негізін табу. Диалектика ойладың объектілігі, софистика ойлаудың субъектілігі.Диалеатика ұғымы үнемі тарихи дамуда болып, мазмұны тередей береді. Сондықтан оның тарихи формаларын ажырата білу керек: стихиялық немесе қарапайым диалектика; идеалистік диалектика ақыл ойдың жалпы ұғымдарының бір біріне ауысып отыратынына негізделген; идеалистік тарихи ұрпақтар санасындағы қайшылықтардың болуына жүгінеді; материалистік диалектика қайшылық пен даму санада ғанғ емес, дүниенің өзінде де барын дәлелдейді. Заңдары:

1) Қарама қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы: Бұл заң дамудың түп негізі құбылыстар мен процестердің қайшылығында, оларға тән ішкі қарама қарсылықта дамудың өзіндік себебін ашып көрсетеді. Мынадай ұғымдар арқылы сипатталады: Сәйкестік; айырмашылық; қайшылық; қарама қарсылық. 2) Сан мен сапа өзгерістерінің бір біріне өту заңы: Заттар мен құбылыстардың бір бірімен бірлікке өмір сүретін белгілі бір сапалық және сандық сипаттамалары болатынын анықтайды. Сапа объектіні анықтаушы. Заттар жаратылысының айырмашылығын, ұқсастығын, ерекшелігін және тұтастығын білдіретін маңызды белгілерінің жиынтығын сапа деп аталады. Қасиет бір заттың басқа затпен өзара әсерінен пайда болатын сапаның көрінісі және затты қандай да болсын бір жағынан сипаттайды. Сан белгілі бір сапаның шамасын, даму қарқыны мен дәрежесін білдіретін белгі. Өлшем қасиеттер мәндерінің белгілі бір сандық аралығы. 3) Терістеуді терістеу заңының мәнін түсіну үшін негізгі категоряны анықтап, байланысын зерттеу керек. Бұл заңының негізгі категориясы терістеу. Терістеу мәселесі: а)Жаңа ескінің орнын басады, дамудың бір кезеңі екінші кезеңімен терістеледі, ауысады. б)Терістеу бөтен сырттан әкелінген емес, ол дамып келе жатқан процестің қандайына болсын іштей тән нәрсе. в) Дамудың алдыңғы кезеңдерінде болған прогресшіл элементтерді сақтап қалу сабақтастығы, жаңаның ескімен байланысын көрсетеді. г) ескінің жаңамен ауысуы дамудың негізгі заңы болып табылады.

21. Глобольды мәселердің философиясы. Себептері мен шешу жолдары. Ғылыми техникалық революцияны іске асырған адамзаттың ақыл ойы қазіргі кезде: «жер бетіндегі тіршілікті сақтауға бола ма, әлде болмай ма?» деген сұраққа келіп тірелді, себебі адамзаттың ғасырлар бойы дүниетануының шыңы деп санауға болатын атомдық, ядроішілік энергияны ашуы табиғат күштерін меңгеруге көмектесуі тиіс еді, бірақ жер бетінде тіршілікті жойып, соғыс тудыру қаупін туғызады, яғни соғыс пен бейбітшілік проблемасы қазір бірінші орында. Қазіргі кездегі адамзаттың жеңісі жолы біреу ақ, ол ақыл парасат. Ертедегі үнді философиясы. Будда былай тұжырымдайды: «Адамдардың ешқайсысы жеңіліс таппай, бәрі де жеңіп шыққан жеңісті ғана нағыз жеңіс деп атауға болады.» Адамзат өз басына төнген қауіпті шынында ад барған сайын түсініп келе жатқан сияқты. Сонымен қоса, ғылыми техникалық революцияның нәтижесінде туған дүниежүзілік атом қауіп қатер мен қатар, табиғат пен экологияға әсері сөзсіз. Тағы бір маңызды мәселе энегетикалық. Осы мәселелер жеке дара емес, комплексті түрде және, мемлекет аралық, тіпті планетааралық стратегиялық түрғыда шешуге байланысты. Мұндай жоспар әлі жоқ, бірақ халықаралық әлеуметтік дамудың дүниежүзілік ерекшеліктерін жан жақты да терең талдамайынша, мемлекеттердің экономикалық және саяси мақсат мүдделері мен іс әрекеттерін тиісінше анықтап, қоғам мен табиғаттың қарым қатынасының біртұтас адамгершілік нормалары мен принциптерін белгілемейінше, барлық мемлекеттердің бірлесіп әрекет ету стратегиясын тұжырымдау мүмкік емес.

22. Ғылым және философия.

Батыс Еуропаның философиялық ой тарихында оны көбінесе,яғни философияны ғылыми саласына жатқызатындықтан тіпті оны «ғылымдардың ғылымы»деген көзқарас басым болды.Марксистік философия осы жөнінде екі ұштыдық байқалады.Бірінде философия ғылымнан бөлек,өз алдына қоғамдық сананың формасы деп танылса,басқа көп еңбектерінде К.Маркс,Ф.Энгельс философиясын,оның ішінде диалектиканы даусыз ғылымға жатқызады.Ең алдымен философияны ғылымға жақындастырған жақтары қандай?Ғылым сияқты философия да өз қағидаларын фактілерінде логикалық, уәждермен,дәлелдермен негіздеуге ұмтылады.Филосоя мен ғылымның әрқайсысының табиғаты әртүрлі.Философия ғылым сияқты өмірдегі бар,болып отырған қатынастары,болмысты,оның заңдарын игеріп,бейімдеуді негізге алып отырып,бірақ түпкі мақсатын,ұсынатын бағытын парыз нәрселерге арнайды.Ғылымның мұраты – тылсымның сырын айқындау,барлықтың ақиқатын ашу,соның негізінде сол барлықтан заңды түрде туындайтын немесе міндетті түрде шығатын,шыға алатын нәрселерді анықтау.Философия адамның дүниеде болуының сан –алуан формалары мен жолдарын,сол формалар мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен мәнсіздігін айқындау.Философия көбіне өмірде бар болсын не жоқ болсын,бірақ адмның дүниеге мәнді түрде бар болуының мәнді түрде сан алуан формалары мен жолдарын негіздеуге,ақтауға ұсынуға ұмтылады.Философиялық жүйенің ұғымдары мен принциптерінің ғылымнан айрықша ерекшеліктері-олаарда жеке тұлғаның өзіндік қайталанбас тобының болатындығы.Ол философиялық жүйенің қосымша жол –жөнекей сыртқы белгісі емес,оның ішкі табиғатының ерекшелігі,сонымен қатар философия өшпей,өшпейтін қасиет.Ол –дүниені өзгеше түсіну мен ұғыну ғана емес,дүниені өзгеше көру,өзгеше сезіну.Ғылымды да,философияны да,көркемөнерді де жасаушы әрине адмның өзі.Сондықтан да бұрыңғы үйреншікті дәстүрлі қатынастардың шеңберінен шығып,жаңа бір қатынас туғызушы әрқашан да солар.Философияда ақырға қол жеткен нәтиженің өз,тұлғаның универсалдық мазмұны болып тұрады.

23. Антропосоциогенез мәселесі.

Жалпы грекше anthropos-адам, латынша gotio-қоғам және грекше genesis-шығу,туу деген мағынада берілген. Антропосоциогенез-материя қозғалысының биологиялық формадан әлеуметтік формаға өту процесі; жануардың адамға айналуының және жануарлардың адамзат қоғамымен ажырамас бірлігі. Антропогенез және социогенез қапталдаса жүріп отырған екі дербес процесс емес. Адамның қалыптасуы оның мәнінің қалыптасуы болып табылады. Алайда адамның мәні жеке индивидке тән абстракті немесе өзінің шын мәнінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Демек адамның қалыптасуы (антропогенез) дегеніміз ең алдымен қоғамдық қатынастар жиынтығы, яғни, қоғамдық (социогенез) қалыптасуы. Социогенез- антропогенездің мазмұны. Антропосоциогенезді жалпылама түрде қарастырғанда қоғамның қалыптасу кезеңі сонымен бірге адамның қалыптасу кезеңі болып табылады. Бұл идея қазіргі антропологтар мен археологтар жасаған «екі секіріс теориясырың» ғылыми концепциясында нақты жүзеге асты. Бұл теория бойынша, адам эволюциясында екі үлкен өтпелі кезең болды. Біріншісі және негізгісі-адамның өзінен бұрынғы жануарлар сатысынан қалыптаса бастаған адамдар сатысына өтуі-бұл соңғыға архентроптар және полеоантроптар жатады. Екінші секірі-алғашқы және кейінгі полеолит аралығындағы, шамамен 35-40 мың жыл бұрын болған полеантроптың қазіргі адамға айналуы.

Антропосоциогенездің басты мәселесі тіршіліктіңқоғаммен, адамның жануармен байланысын анықтау деуге болады. Ғылымда антропосоциогенездің бастамасы жөнінде де, аяқталуы жөнінде де біраз қайшылықтар бар. Дегенмен, көпшілік антропосоциогенездің басталуын 2,5-2 мың жыл бұрын австралопитектердің хабалистерге өтуімен байланыстырса, аяқталуын неантроптың пайда болуымен байланыстырады. Неатроптардың пайда болуымен бір мезгілде антропогенезде де социогенезде де біртұтас антропосоциогенез процесі аяқталды.

24.Философиядағы сана мәселесі. Өзіндік сана.

Сананың пайда болуының екі жағы бар:

1.Биологиялық шарттары: а) адамға ұқсас биологиялық түрдің пайда болуы б) бастағы ми, нерв жүйесінің күрделену в) дене құрылымы, тік тұрып жүруі

2. Әлеуметтік негізі: а) еңбек құралдарын жасап, заттарды өңдеуі, күшінің көбеюі б) сөз, тілдің пайда болуы. Сөз өз кезегінде абстракциялық ойлауды дамытад в) адамдар арасындағы қатынастардың жетіліп, сүйіспеншілік өседі. с)адам санасынан тыс өмір сүретін құбылыстардың күрделенуі.

Өзіндік сана сананың жетілген дәрежесі. Оның негізгі көрсеткіші өз ерекшклігіңді түсіну. Жетілген сана өзіндік сана, қайталанбайтыныңды түсіну. өзіндік сана адамның танымдық, өнегелік. діни, эстетикалық және саяси салаларда өзінің іс әрекетін субъект ретінде түсінуі. Басқа сөзбен айтқанда, өзінің адамгершілігін, мақсатын, идеалын және жүріс тұрысының дәлелін білуі, өзінің басқа біреулермен салыстыру арқылы кім екенін анықтауы. Жеке және қоғамдық сана, олардың диалектикалық байланысы бар. Әр адам саналы. Қоғамдық сана жеке саналардың жай қосындысы емес, сонымен бірге жоғарғы күрделі жиынтық. Сана әрадамның жеке басына, біліміне, өмір сүруінің жағдайына, мінезіне байланысты қалыптасады. Дін иелері сананы материядан тыс, дербес ж.е мангі өмір суретін ешкашан қлмейтін кубылыс деп карастырады. Ертеде сананы жанга, ал жанды ушып журетін шыбынга тенеген. Идеалистік филос.нын кайсысы болмасын сананы, идея, рух материядан тыс, дербес өмір суріп кана коймайтынын, кайта сол материяны билейтін онын козгалысын, даммуын карастыратын куш деп тусінеді. Сана адам миына байл.пайда болады. Ал ми онын мекені. Сана адам миынын кызметінін жемісі.ми ойды өзінен өзі таскындатып тудырмайды, ой мидын ішінен кайнап шыкпайды. Сананы тудыратын объективті акикат. Сана – объективті дуниенің адам миында пайда болатын субъективтік бейнесі, бірак ол жай бейне емес, шыгармашылык бейне.

 

25. Канттың категориялар туралы ілімі мен антиномиялары. Жаңалықтары мен кемшіліктері. И. Канттың негізгі еңбектері: «Жалпы бірдей жаратылыстану тарихы және аспан еориясы», «таза ақыл ойды сынау», «практикалық ақыл ойды сынау», «пайымдау қабілетін сынау», «логика», «пролегомендер» Канттың өз философиясының жай жапсарын қысқаша баяндап берген шығарма. Алғаш рет 1783 жылы басылып шықты. Канттың ғылыми еңбектері екі кезеңге бөлінеді: «Сыни кезеңге дейінгі», және «сыни кезеңдегі». Алғашқы кезеңнің мәні «Жалпы бірдей жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» деген еңбегінде талданады. Екінші кезеңде орталық мәселе етіп адамды, оның тану мүмкіндігін қойды. «Таза ақыл ойды сынау» деген еңьегінде таным мәселесін талдайды. Канттың пікірінше, таным процесі үш сатыдан өтеді: сезім түйсік сатысы; сараптаушы ақыл ой; таза ақыл ой. И. Кант дүниені біздің санамыздан тыс өмір сүретін «өзіндік зат» және біздің санамызда берілген «біздік зат» немесе табиғат деп екіге бөлді. Кант ілімінде танымдық қабілеттің негізі мәселесі: ақыл ой мен антиномиялар туралы болды. Әр ойдың кері түрі бар деген диалектикалық заң ретіндегі антиномияға мыналар жатады. Кеңістік және уақыт: дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шекті; дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шексіз. Қарапайым және күрделі: әрбір күрделі зат қарапайым бөлшектерден тұрады; дүниеде қарапайым зат мүлде жоқ. Бостандық және себептілік: дүниеде табиғи заңдар бойынша себептік қана емес, бостандық та бар; Бостандық жоқ. Дүниеде барі қатаң себептіліктегі заңдар бойынша жасалады. Құдай және мән: Құдай бар, сөзсіз тіршілік иесі, дүние мәні; Құдай жоқ, дүние мәнсіз. Ешбір абсолютті тіршілік иесі жоқ. И. Канттың осы антиномиясы Гегельдің қарама қарсылықтың бірлігі мен күресі деген диалектикалық заңының ашылуына үлкен ықпал жасады. 1783 ж. «Пролегомендер» кітабында философиялық категориялар тәжірибеден тыс, оған дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп олардың он екісін атап көрсетті. Канттың пікірінше, сараптау категориясының көмегімен түйсіктегі ретсіздікті ақыл ойдың сөресіне орналастырып, олардың қызметін нәтижелі етуге болады. Ол он екі категориярн төрт топқа, әр топта үштен орналастырды, сонымен бірге алғашқы екі категория қарама қарсы сипатты, үшіншісі синтезді білдіреді. Сан категориясы: Бірлік, көптік, тұтастық; Сапа категориясы: Нақтылық, терістеу, шектеу. Қатынас категориясы: Субстанциональдық, Себеп және салдар, әрекеттестік; Модальдық категориясы: Мүмкіндік және мүмкін еместік, өмір сүру мен сүрмеу. Қажеттілік пен кездейсоқтық.

26. Қоғам ұғымы, құрылымы және динамикасы.

Қоғам дегеніміз адамдардың алуан түрлі сапалы іс әрекеті мен қызметінің нәтижесінде жай адамдар бірлігі. Адамдар қоғамда өмір сүріп әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі. Адамзат қоғамы табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциялық даму нәтижесінде пайда болады. Адамзат қоғамы әлемдегі барлық тірі жүйенің ең жоғарғы сапалы даму дәрежесінің көрсеткіші. Адамзат тарихындағы қоғамның дамуы мен қалыптасуы туралы осыдан жүз жыл бұрын жане қазіргі кезде жоғарыдағыдай пікір жоқ. Қоғамда көптеген жасырын терең құпиялар көп, оларды қыл оймен танып білу өте қиын. Қоғамды зерттейтін ғылымдар әлі жас деуге болады. Олар: философия, социология, тарих, демография жане т.б., бұлар өздеріне зерттеу обьектісі болатын материалдарды әлі толық жинап ала алған жоқ. Қоғамды идеалистік тұрғыдан танып білу әлі күнге дейін басым, оның мәнісі мынада; Қоғамды билейтін күш идея. Әр дәуір идеяға байланысты өзгереді. Бірақ сол идеялардың қалай пайда болатыны қаралмады. Қоғамның дамуында обьективтік диалектикалық заңдылық және детерминистік байланыс бар екендігі ескерілмеді. О.Тоффлер когам дамуын толеын козгалысы ретінде карастырады. Ол адамзат когамынын букіл дамуын уш кезенге бөледі: 1. Аграрлык революция(ірінші толкын). 2.Өнеркәсіптік революция. (екінші толкын). 3.Акпараттык компьютерлік революция. (ушінші толкын). Акпараттык когам адам болмысынын мәнімен катар курылымые озгертетіндіктен мындаган жылдар бойы философиянын жумбак кубылыстары болып келген шыгармашылык купиялары мен адамзат акыл ойынын терен тылсымдарына ену мумкіншіліктері мен оны адами игеру денгейлерін, тулга жуйесін тубегейлі өзгертетін болгандыктан, философия көкжиегіндегі зерттеу аймағы болып кала береді

27. Эволюцияның синергетикалық парадигмасы.

Синергетика әлеуметтік өмірдің көптеген үрдістерін модельдеу үшін қызмет етеді – олар демографиялық, геосаясаттық, әлеуметтік-экономикалық және басқалар. Осы ғылыми теория әлеуметтік гуманитарлық және жаратылыс тану ғылымдарының интеграциясы тенденциясын жаңаша бағалауға мүмкіншілік жасайды. Өзіндік ұйымдасу түсінігі табиғаттағы материяның қарапайымнан күрделіге қарай даму принципінен шығып отыр. Өзіндік ұйымдасуды тар мағанада ашық орнықсыз жүйенің қарапайым тәртіптелмеген формадан көбірек тәртіптелген күрделі формаға ауысуы деп қарауға болады. Ө зіндік ұйымдасқан жүйелер келесідей талаптарға сай болуы керек. 1. орнықсыз, яғни термодинамикалық тепе-теңдік күйден алшақ болуы; 2. жүйе ашық, сырттан заттар мен энергия алмасуы болуы керек; 3. флуктацияның болуы; 4. әрекеттесуші элементтердің жеткілікті мөлшерде болуы.

Синергетиканың негізгі идеялары: 1. Әлем дүниесінде эволюция мен деградация, бүліну мен түзілу процестері бірдей деңгейде; Жаос тек блдіруші ғана емес түзуші де. Даму жаос арқылы жүзеге асады. 2. Тәртіптелу процесі жүйе табиғаты мен ерекшелігіне байланыссыз бірдей алгоритмге ие. Яғни табиғатта өзіндік ұйымдасудың әмбебап механизмі бар. 3. Көпшілік күрделі жүйелердің эволюциясы сызықты емес сипатта. Күрделі құрылымдардың түзілуі кездейсоқтық емес, заңды нәрсе. Кездейсоқтық эволюция механизміне кіріктірілген.Жаңа күйге ауысудың мүмкіндігі жоғары нүктесі бифуркация деп аталады.Өзіндік ұйымдасу деп табиғи секірмелі процестерді атаймыз. Олар өзінің дамуында критикалық күйде болатын ашық жүйелердің көбірек күрделі тұрақты күйге ауысуын қамтамасыз етеді.

28. Бейклассикалық философия тақырыптары және бағыттары. Бейклассикалық философия батыс мэдениетінің адамның ішкі де, сыртқы да болмысына қатысты үстемдік қағидасына негізделген онтологиялық,антропологиялық жэне гносеологиялықжобаларын сынға алды. Классикалык емес бағыттың негізгі көздеген нэрсесі - логоцентризмді, рациоцентризмді жэне фаллоцентризмді бұзу, Шығысқа бетбұрыс жасау, біржақты субъект-объект антитезасы орнына адам мен элем қатынасының тұтастығын қайта жасау.Бейклассикалық пен классикалық философияның арасындағы қақтығыстың орталық мәселесі рационалдық ақыл ойға, оның рөліне байланысты болады. Бейклассикалық философия адамзаттың рухани байлығының ерекше бөлігі. Бұл философия адамзат ақыл ойының түрлі салаларына байланысты тұжырымдар жасап, жауап береді. Ол іштей біртекті емес, онда көптеген бағыттар, тұжырымдамалар мен теориялар бар.Оның ішінде жаңа әлемдік және экологиялық мәселелер көп.Қазіргі заман философиясының ерекше сипаты және белгілері төмендегідей: 1)«Практицизм» дара тұлға мен әлеуметтің, материалдық пен руханидың нақты шынайы өмірге бағытталуы.2)«Эволюционизм» табиғатта, қоғамда және адам танымында эволюция идеясының кең тарауы. 3)«Релятивизм» адам білімінде салыстырмалылық идеясының көп орын алуы. 20 ғ. Философиясында бір біріне қарама қарсы сипаттағы екі негізгі бағытты байқауға болады. Біріншісі сциентицизм (лат.scientia ғылым), екіншісі антисциентицизм. Бұл рационализм мен иррационализм арасындағы қатынас, ғылыми техникалық прогресске байланысты қарама қарсы көзқарастар: Сциентизм таным теориясында ақыл ойға, оның негізіндегі дәлелденген білімге сүйенеді, яғни рационалдық. Рационализмнің қызметі екі сатыдан тұрады. Антисциентизм иррационалдық құбылыстарды мойындап, логикалық тәсілді жоққа шығарады. Ғылыми адамды шынайы біліммен қамтамасыз ете алмайды. Логиканың орнына интуициялық әдісті ұсынды, шындықты тікелей тәжірибенің көмегінсіз ашуға болады деп санайды.

29.Философияның негізгі мәселелері.Дүние және адам.

Философияның негізгі мәселесі - бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяғаң, субъективің (адамның) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Бұдан шығатын қорытынды: адамның сана-сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүние танымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысты қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін әсері қандай осының бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады. Материяны, табиғатты - алғашқы, сананы олардың - туындысы, бейнесі болғандықтан-соңғы деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананы-алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар- соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адамсыз, адам промблемасынсыз философия жоқ. Бұл философиялардың екеуінің де түсініктер мен көзқарастары басқаша, қарама-қарсы болғанымен-қарастыратын, зерттейтін негізі біреу ғана. Ол адамға тән қасиеттердің сыртқы дүниеге және сол сыртқы дүниенің бұл қасиеттерге қатынасы. Адамның ой сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салу міселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдағы Шығыстың әйгілі ойшыл философы, біздің әйгілі жерлесіміз әл-Фараби болды. Әл-Фарабидің айтуынша-бақыт әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілігі. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілет болады: а) ерекше жаралған дене құрылысы; ә)жол құмарлықтары; б) ой-парасаты. Канттың адам проблемасына арналған негізгі принципі- әрбір жеке адамның өз алдына мақсатты нысана ретінде қаралу қажеттігі. Бұл оныңадам мүддесі жөніндегі ілімнің басты мәселесі болды. Сонымен ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы асыл байлық адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл-әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі. Бұл арада адамның қоғамда алатын орны атқаратын рөлінің сипаттамасын айтып отырмыз. Ал адам дегеніміздің өзі не? Күнделікті өмір көзінен қарағанда бұдан оңай сұрақ жоқ тәрізді. Әркімнің әкесі де, әйелі де, баласы да,өзі де-адам, айнала жүргендердің бәрі -адам. «Адам деген не?» деп сұрақ қойып, басты ауыртудың қажеті қанша, мұнда тұрған не қиындық бар?- деген сұрақтың ойға оралуы да мүмкін. Дегенмен, бұл сұраққа тереңірек үңіліп, адам ерекшелігінің табиғатын ғылыми тұрғыдан анықтауға тырыссақ, бірден-ақ үлкен қиындыққа кездесеміз. Тарихшы-антрополог пен психологтың адамға беретін анықтамасы екі түрлі боуы мүмкін, биолог пен дәрігердің түсініктері тағы да бір-біріне ұқсамауы ықтимал. Өйткені, бұлардың әрқайсысы күрделі және біртұтас адам тұлғасының бір ғана қырын зерттейді және адамға негізінен өз замандасы тұрғысынан қарайды. Бұл міндетті орындауға қабілеті жететін бір ғана білім саласы бар, ол-философия.

30. Критикалық рационализм.

Критикалық рационализм немесе сыншыл - қазіргі Еуропа және Америка философиясындағы ағым, оның негізгі принциптерін Поппер тұжырымдаған, терминін де алғаш қолданған сол. Негізгі өкілдері - У.Бартли, И.Лакатос, Дж.Агаси, Фейеребенд, Дж.Уоткинс, Г.Альберт, Х.Шпинер жіне т.б. Сыншыл рационализм дегеніміз: айқылдалған нақты философия доктрина емес: оны белгілеу үшін екінің бірінде басқа атаулар - сыншыл эмпиризм, критицизм, фальсификационизм - қолданылады. Оның кейбір жақтаушылары Фейеребенд. Сыншыл рационализмді белсене қорғаудан, оны қатаң сынауға дейін эволюция жасалды. Оның басқа бір өкілдері Лакатос. Ол сыншыл рационализм принциптеріне қосылса да, өзін осы философиялық - методология бағыттан жырақ ұстауға ұмтылды. Сыншыл рационализм білімді, адамдардың іс әрекеттерін, әлеуметтік идеялар мен басқаларды сынау және жетілдіру негізіндн рационалды түсіндіру принциптерін ашуды көздеді. Сыншыл рационализм өзінің негізгі принциптерін дәстүрлі философиялық айқындамаларға скептицизм мен догматизмге қарама - қарсы феллибилизм принципін кез келген ғылым білімнің принципті болжамдығын мойындау, ғылым білімнің формальды ақиқаттығын ақтау мен негіздеуге қарама қарсы методологиялық рационализм идеясына сын көзбен қарау негізінде белгілі бір болжамдар қайсы бір дәрежеде басқаларымен салыстырғанда неғұрлым артығырақ екендігін анықтау мүмкіндігі және ең соңында, инструментализмге реалдық дүниені ғылым біліммен суреттеу мүмкіндігі туралы тұжырымнан қарсы қоюға тырысады. Сыншыл рационализмде қазіргі кейбір философтардың ғылымға формальды - құрылымдық көзқарастың жеткіліксіздігін ұғынуы көрініс тапты.

31.Таным теориясының негізгі мәселелері

"Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. ''Таным'' — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады:

— қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады);

— қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады).

''Таным'' — білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады. Таным теориясының философиялық пән ретіндегі зерттейтіні мыналар: тұтас түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен шекаралары, білім мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен объектісінің ара-қатынасы, ақиқат және оның өлшемдері, танымның формалары мен деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері, сонымен қоса білімнің түрлі формаларының ара-қатынастары. Қазіргі философияда таным ортақ мәселелердің бірі болып табылады

32. Философиядағы ақиқат мәселесі.

Ақиқат мәселесі, яғни күмәнсіз, шынайы, адекватты (латынша- adaeguatus- теңестірілген) білім мәселесі Ежелгі Грекияда қойылып, пайымдалған. Элеаттар мен софистер әсіресе сезімдік қабылдауға негізделген біздің біліміміз қоршаған орта туралы шынайы мәлімет беріп және оны дұрыс бейнелейтініне күмән келтірген болатын. Платон мәңгі және өзгермейтін идеялар туралы білім ғана мүмкін, ал сезімдік әлем туралы мәлімет, пікірлер жалған деп санады. Аристотеь былай деп жазды: «ажыратылғанды- ажыратылған, байланысқанды - байланысқан деп есептейтін адам шын сөйлейді, ал жалған сөйлейтін адам - заттың нақтылығы туралы кері ойлайтын адам». Ақиқаттың когерентті (латынша cohaerentia-тіркесу, байланыс) концепциясын жақтаушылар, рационалистер көзқарастарын біржақты қолдай отырып, егер берілген түйін алдыңдағы ақиқат деп есептелген пікірлерден белгілі логикалық ережелерге сәйкес туындайтын болса, дұрыс деп санайды. Ақиқаттың абсолютті және салыстырмалы екі формасы түрінде көрінеді. Абсолюттік ақиқат - ешқандай күмәнсіз, өзгермейтін және мәңгіге бекітілген білім болып табылады. Салыстырмалы және абсолютті ақиқат диалектиканың ерекшелігі, біздің танымымыз қоршаған әлемді дәл және жан - жақты қамтуға ұмтылу үшін, бірақ өз жолында кездесетін қайшылықтарды шешу үшін оған тура жолмен емес, спиралды түрде қозғалуымен және объективті нақтылығы терең бейнелеуімен сипатталады. Ақиқат теориясы бойынша қазіргі логикалық зерттеулер қоршаған әлем туралы біздің біліміміздің дәлдік, толықтық және күменділік деңгейін ықтималдылық теориясымен ықтималдылық логикасы көмегімен анықтауға, дәлелдеуге, «есептеуге» және «өлшеуге» болатынын айқындайды.

 

33. Абсолютті ж\е салыстырмалы ақиқат диалектикасы.

Ақиқат танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субьектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған обьектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен фил\да ақиқат проблемасы алға тартылады. Ақиқат дегеніміз субьект пен обьект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік тарихи процес. Ақиқат біреу, ол обьективті. Обьективті ақиқат деп қоғамдық адам түсінігіндегі,біліміндегі субьектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Егер обьективті аиқат бар болса, оны білдіріп отыратын адамның түсінігі сол ақиқатты бірден, толығымен, тұсынан абсолютті түрде емес тек шамамен салыстырмалы түрде ғана білдіреді. Зерттеліп отырған обьект жөніндегі толық емес білімді – салыстырмалы ақиқат, ал толық ж\е дәл білімді абсолютті ақиқат деп атайды. Салыстырмалы ж\е абсолютті ақиқат әлеуметтік, тарихи процесс ретіндегі обьективті ақиқаттың көріністері. Сәйкестік принципі бойынша ақиқат қоғамдық адам санасында шын дүниенің практика арқылы берілген белгілі бір жағының бейнелену процесі. Сонымен, ақиқаттың диалектикалық материалистік теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді:

1. Ақиқат - әлеуметтік прцес;

2. Обьективті ақиқатты мойындау- абсолютті ақиқатты мойындау.

3. Ақиқат барлық жағдайда нақты

4. практика ақиқаттың жалпы өлшемі.

5. Ақиқатты тану- қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.

34. Ғылыми танымның ерекшеліктері

Танымды жалпы түрде адамның әлемге әлеуметтік тарихи тұрғыдан дамыған қатынасы деп анықтауға болады. Танымның мәні қоғам деңгейіне байланысты. Сондықтан ол тарихи тұрғыдан өзгермелі болады. Танымның теориясы процестің негізгі элементтеріне объектісі және табиғи объектімен сәйкеспейді, қайта адамның субъективтік мүдделерін және мақсаттары көрініс беретін бөлігі болып табылады. Таным сезімдік және рационалдық болып екіге бөлінеді. Танымның сезімдік деңгейі мына формаларға ие – түйсік, қабылдау, елестеу. Ал танымның рационалдық деңгейіне ұғыну, пайымдау, ой қорытындылау жатады. Танымның осы деңгейлері арасында диалектикалық өзара байланыс бар. Таным процесіндегі негізгі мәселе ақиқат болып табылады. Ақиқат өзін абсолютті және салыстырмалы формада көрсетеді. Танымның ғылыми және ғылыми емес деңгейлері (қарапайым, діни, көркемдік) бар.

Ғылыми таным дегеніміз жүйелік білімдердің негізділігі, ғылымның тілі, ғылыми зерттеулердің әдістері мен құралдары сияқты ерекше белгіге ие танымның түрі болып табылады.

Ғылыми танымның маңызды ерекшелігі – оның өзіне бағытталғандығы немесе ішкі ғылыми рефлексия ретінде калыптасуы; яғни, ол тек таным процесінің өзін, оның пішімдері мен әдіс-тәсілдерін, ұғымдар жүйесін зерттейді.

35.Ғылыми танымның әлеуметтік–мәдени негіздері

Шпенглердің «мәдениет» ұғымы Тойнбидың «өркениет» ұғымына ұқсас, жақын. Бірақ Шпенглердің «өркениет» ұғымы Тойнбидікінен басқа мағыналарға ие. Мәдениеттанымдық әдіс шеңберіндегі өркениет – мәдениет дамуының жоғары деңгейі, оның өлуінің алдындағы мәдениеттің дамуының аяқталу кезеңі. мәдениет және адам тығыз байланысты, түптеп келгенде

мәдениет – адам іс-әрекетінің, ақыл ойының, қызметінің жемісі. «Мәдениет» деген термин (орыс. «культура») латынның «cultura» (өндеу, егу, тәрбиелеу, дамыту) деген сөздің аудармасы. Әуел баста ол деген топырақты өңдеу, оны егу (культивирование) дегенді білдірді. Цицерон алғаш рет осы сөзді ауыспалы мағынада, яғни адам ақылына ықпал жасау, ақылды философиялық өңдеу мағынасында қолданған («cultura animi»).Мәдениет дегеніміз адам жасайтынның, пайдаланатынның, жетілдірелітіннің бәрі және адамдардың әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңарту жөніндегі қызметі және осы қызметтің жемістері. Өркениет (орыс. «цивилизация», лат. – civilis – азаматтық,қоғамдық, мемлекеттік) ұғымы XVIII ғ. «мәдениет» ұғымымен қатар пайда болды. Терминді В.Р. Мирабо (1757) енгізген және оны А.Фергюсон, кейінірек Л.Г. Морган мен Ф. Энгельс тарихты кезеңдерге бөлуде тағылықтан (варварлық) кейінгі жоғары дәуірді белгілеуге пайдаланған. Француз философ-ағартушылары парасат пен әділеттілікке негізделген қоғамды - «өркениетті» деп түсінген. Жалпы алғанда бұл ұғым да әртүрлі тарихи кезеңдерде өзгеріске түсіп отырды. Әуелде ол белгілі әлеуметтік процесті (Мирабо), одан соң қоғамның жағдайын сипаттауға қолданылса, кейін тарихтың классикалық емес бір қатар концепцияларының

(тұжырымдамаларының) негізгі ұғымына айналды

36. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің құрылымы

Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириялық және теориялық деңгейлерін ажыратқан әлбетте дұрыс.

Эмпириялық деңгейде білімнің мазмұны тәжірибе негізінде жинақталады.

Ғылымның эмприкалық (тәжірибелік) сатысында қолданылатын жалпы әдістерге келер болсақ, оларға бақылау,эксперементті жатқызуға болады. Эксперементке келер болсақ, ол зерттелетін заттың әлі де болса ашылмаған қасиеттерін білу үшін, оны жасанды жағдай жасау арқылы зерттеу болып табылады. Оны кейбір кезде табиғатты тергеу дейді. Бүгінгі таңдағы эксперименттерде ғылыми аспаптар мен жабдықтар кеңінен пайдаланылады.

 

37. Ғылыми танымның теоретикалық деңгейінің құрылымы

Танымдағы сезімдік және ақыл-ой сатылары ғылымда зерттеудің екі деңгейін құрайды. Олар-эмприкалық және теориялық білім. Олар,әрине, бір-бірімен өте тығыз байланысты.

Енді теориялық білімнің құрылымына келер болсақ, оларға проблема (мәселе),гипотеза (болжау), теория, заңды жатқызуға болады.

Таным үрдісінде белгілі бір сатыда тежеу, түсініксіз, адамды абыржуға әкелетін ахуал пайда болады. Осы сәтте проблема дүниеге келеді. Онышешпейнше, адмнан тыныштық кетеді. Сондықтан кейбіреулер проблеманы – білмейтінімізді білу дейді.

Гипотеза(болжау)-белгілі бір зерттеліп жатқан зат, я құбылыстың себебі жөніндегі кейбір деректерге негізделген болжам болып есептеледі. Ол әлі озін дәлелдеуді талап етеді.

Теория-зерттелетін заттар, я болмаса құбылыстардын ішкі мән-мағынасын ашатын, практика арқылы дәлелденген, қайшылықсыз бір-бірімен байланысты ұғымдар жүйесі.

Теорияның қоғам өміріндегі негізгі қызметіне түсіндіру, алдын ала болжау, іс жүзінде пайдалану.

Заң- зерттелген заттар я болмаса құбылыстардың ішкі, қажетті, мәнді, қайталанатын, тұрақты байланыстарын көрсетеді. Әрбір ғылым саласы өз заңдылықтарын ашып, оларды өзара байланыстырып, теориялық дәрежеге көтеруге тырысады.

38. Ғылымның эмпирикалық және теоретикалық деңгейлерінің арақатынасы. Танымның эмпириялық және теориялық деңгейлері өзара

байланысты, олардың арасындағы шекара шартты және жылжымалы,

белгілі бір жағдайларда олар бір-біріне ауысып жатады. Басқасына

зиян келтіріп, осы деңгейлердің ешқайсысын да абсолюттендіруге

болмайды. Бұл деңгейлер өзара тығыз байланыста болғандықтан оларда

қолданылатын әдістер бір-біріне де ауысып жатады. Эмпирикалық деңгейде білімнің мазмұны тәжірибе негізінде жинақталады. Бұл деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады.Әрине ғылым мен технаканың дамуына байланысты адамның сезімдік танымының көкжиегін әлдеқайда кездесетін аспаптар, құралдар, компьютерлер іске қосылып жатқанын айта кеткен артық емес.Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.

 

39.Ғылыми танымның идеалдары мен нормалары

Ғылыми факт- Ғылымды - эмпирикалық тексеру немесе математикалық дәлелдемелерге негізделген дүние танымның ерекше рационалды әдісі деп таниды. А.А.Г


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: