double arrow

Мемлекет туралы ілімдер

2

Мемлекеттің жалпы үғымы мен белгілеріне келер болсақ. “Мемлекет басқару функциясын орындайтынжәне соның көмегімен қоғамның тіршідік тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар туғызуға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады”.

Мемлекеттік басқару теориясын әдістемелік негізін әдістеме түсінігін қарастырудан бастаған жөн. Себебі ол тек ғылыми танымның жиынтығын ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік философиялық саясаттану және басқа да жалпығылымдық қағидалардың және оларды негіздейтін теориялар жиынтығы. Әдістеме-бұл таным процесінің негізгі бастамасы және әлеуметтік процестерді ғылыми тану барысында нақты әдіс тәсілдермен бірге іс жүзінде қолданылатын жалпытеориялық талаптардың жүйесі.

Басқару тұрпаты ұғымын пайдаланғанда ең жоғарғы мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы түсініледі. Әсіресе оның ең жоғарғы және орталық органдарының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы, құзыреттері, құрылуының тәртіптік реті, өкілеттерінің мерзімі былағы халықпен қатынысу түрлері, бұл халықтардың оларды қалыптастырудағы қандай дәрежеде қатысытыны түсіндіріледі. “Басқару тұрпаты мемлекет тұрпатының кең мағынада баяндалып түсіндірілуіндегі жетекші элемент болып саналады” .

“Аристотель өз заманындабасқару тұрпатын жоғарғы үкіметтік биліктің жүзеге асырылуының қалай орындалатынына қарай жіктеген болатын”.

Басқару тұрпаттарының көрсетілген айырым белгілері осы қазіргі кезге шейін сақталды. Жоғарғы билікті жалғыз адам атқара ма??? Әлде ол билік сайланғалы отырған органға тиесілі мемлекет??? Міне осы жайтке байланысты басқару тұрпаты ерекшеленіп ажыратылады. Енді осымен байланыстыра отырып басқарудың монархиялық және республикалық тұрпаттырын атап, біліп көрсетуге болады.

“Монархия – мемлекеттің егеменді жоғарғы билігі бір адамның қолында өмір бойы болады және атадан балаға мұра ретінде беріледі . Монарх ешкімнің алдында жауапты болмайды. Ол тек Қ-дың алдында ғана жауапты.”




Монархияның гүлденген шағы жаңа заман шебінде болды. Нақ осы кезеңде монархияның республикалық басқару тұрпатынан қаншалықты айырмашылықтары бар екендігі көрінді.

56. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдері

Адам-белгілі бір дәрежеде биологиялық ж/е әлеуметтік тіршілік иесі. Биологиялық тірі адам-тірі организм, және оның әлеуметтік қоғамдық мәні бар. Қоғамдық болмыстың әсерінен қалыптасатын адамдағы үш жақты мағынада:1.Жеке адам, пенде (индивид-даралық, ерекшілік)2 Тұлға, Кісі (личность).Жеке адам - жалпы адамзаттың өкілі. Көптің бірі ретінде адамға тиісті қасиетке, келбетке ие болуы керек. (ерекшелігі) - адамзаттық қасиеті дараланып көрінетін әрбір жеке адамның өзіне ғана тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет-пішіні, бұл ерекшеліктері қайталанбайтын феномен. Адам – таза қағаз емес, онда мәдениет өзінің жазуларын түсірген: ол тіршілік иесі, күш-қуаты, ақыл-ойы, сезіну-күйінуі бар және сонымен бірге нақты ұйымдасқан, сыртқы жағдайларды өзіне сәйкес өзгерте білетін жан.Тұлға-деп ержеткен, бұғанасы қатқан, ақылы толған, өз ісіне өзі жауап бере алатын, өзінің дүниеге көзқарасы бар адам. Кісі әлеуметтік іс-әрекет иесі ретінде өндірістің қоғамдық қатынастың, қоғамдық сананың субъектісі болып табылады. Тұлға - әр түрлі дәрежедегі қоғам топтарының да жауапкершілігін өзіне ала алатын кісі. Адамның ақыл-ойы мен сезімі өте күрделі биологиялық, психологиялық, әлеуметтік құбылыс. Ғылымда адамды ерекше бағалайды,қоғамдық ғылым оған арнайы көңіл аударады. Адамды - ғылымның нысаны ретінде-антропология, тарих,социология,биология және т.б. зерттейді. Қазіргі замандағы антроптық принциптің фундаменталдық қағидасы философия мен ғылымға көп ене бастады. Ол әлемді күрделі әрі өздігінен ұйымдасқан жүйе және адамды ондағы негізгі элемент ретінде қарауды талап етеді. «Бір қалыпты адам», ерекше объект деген көзқарасты қалыптастыра отырып, адам әлемді бақылаушы және өзіндік реттеушісі ретінде, әлемнің физикалық параметрі әр алуан түрінің құрылымымен, әр түрлі дәрежесімен байланыс орнатты. Ғылымда адам қызметінде субъекті мен объекті арасындағы ажыратуды жеңу, табиғат пен адамның жақындасуын көрсетеді.



Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдерінің диалектикалық байланыстылығын,бір біріне тәуелділігін айтқанда еске алатын бір жай бар.Хайуанаттар дүниесінен жаңа ғана бөлініп шыға бастаған алғашқы адамдардың табиғи биологиялық-физиологиялық қажеттерін қанағаттандыру тәсілдері жағынан аңдардан айырмасы көп болмаған.Кейінде он және жүз мыңдаған жылдар ішінде адам қоғамы прогресс бойынша іске баса отырып,өркениетті дәуірге жетеді.Сонымен бірге адамның өзі хайуандық қалдықтарынан бірте-бірте арылып,”әлеуметтік”(социализация)процесіне процесіне кіреді.

 

57. Сана және бейсаналық сфера.

Сана –ойлаудың ең жоғарғы формасы, қоғамдық сананы билеу құралы.Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процестер енді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.1.Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.2.Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп-салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолын айқындау т.б.3.Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды. Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жаңды ұшып жүретін шыбынға балаған. Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Халықта: “Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра” деген нақыл сөз, шамасы, осы жағдайды аңғаратын болса керек.Дүниеде еңғажап, кереметқұбылыс адамның рухан дүниесі, сана, ой. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми оның мекені. Сана адам миы қызметінің желісі. Бірақ ми түрлі жан жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі.Сана бір жағынан жинақталған білім, екінші жаынан таным процесі.Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен шығармашылық прцесс, өйткенісана обьективті дүниенің механикалық бейнесі емес.

Әрбір адамның психологиясында санасыздық әрекеттер бар. Оның ауқымы кең . Адам әр ісін,әр қадамын ойлап, сана елегінен өткізіп жатпайды. Көп нәрсені адам дағдылы әдіспен, ойламай ақ, дәлме дәл жүзеге асырады. Санасыздық дәл осы сәтте сана мен басқарылмайтын , бірақ түптеп келгенде адам миынан онша алыс кетпейтін, әсіресе мидың естілік қабілеті мен қасиетімен бақыланатын психологиялық процесс саналық пен санасыздық қасиеттерінің арасы жақын. Сондықтан кейде кейбір ғылыми жаңалықтарда көрегендік түстерде санадан тыс кездерде байқалады.

 

58.Өмірдің мәні мен мақсаты

Адам өмірінің мән-мағынасы – ғасырлар бойы талданып келе жаткан мәселе. Өмір өзгерген сайын болашакта да бұл мәселе талай рет көтерілетіні сөзсіз. Яғни бұл адамзаттың өзіне қойған мәңгілік сұрақтарының біріне жатады. Орыстың ұлы ойшылы Л.Н.Толстой: «адамның ішінде екі «мен» бар сияқты және олар бір-бірімен сыйыспай күресіп жаткан сиякты», - дейді. Бір «мен»: «Мен ғана нағыз өмір сүріп жатырмын, қалғандардын бәрі өмір сүріп жаткан сияқты ғана, сондықтан бүкіл дүниенің мән-мағынасы маған деген жақсылықтың болуында»- дейді. Екінші «мен»: «Бүкіл Дүние саған емес, өз мақсаттарына, сондықтан саған бұл өмірде жақсы ма әлде жаман ба, ол оны білгісі де келмейді», - дейді. Бұл «өмір сүруге қорқыныш сезімін әкеледі», - деп қорқытады ұлы ойшыл. Әрине, адамның ішкі өмірі неше түрлі қайшылықтардан тұрады. Біршама жағдайда біз тек ақыл-оймен ғана емес, инстинктер, интуиция арқылы бір нәрселерді (жақсы, я жаман болсын) жасауымыз ғажап емес.

Көп жағдайда өз өміріңнің мән-мағынасын жоғалтып алмас үшін, белгілі бір алдына қойған мақсатка жете алмасаң, соған деген көз қарасыңды өзгертсең болғаны. Оны В.Франкл «құндылықтарға деген көзқарас» деген ұғыммен береді. Ондай ахуал қарапайым адамдардың арасында қиын-қыстау заман кезінде жиі кездеседі.

59.Әлеуметтік идеалдар мен нормалар.

Либерализм және социализм - өзара байланысты ұғымдар. Бұл мәселені орыс философ В.М.Межуев жан-жақты зерттеген. Либералды идеология (адам еркіндігі) алғышарттары мен оның жүзеге асырылуының әлеуметтік нәтижелері (адамдар теңсіздігі) арасында ішкі қарама-қайшылық бар. Ол бойынша еркіндік адамды теңдікке емес, теңсіздікке жетелейді, онда бәрі еркін, бірақ бір-біріне тең емес. Осыдан келіп либрализмге социалистік оппозиция қалыптасты. Осылайша, бүгінгі күнге дейін либерализм тендікке зияны тиетін еркіндікті қолдайды, ал социализм - еркіндік есебінен тендікке ұмтылады деп түсіну қалыптасқан. Бұл тығырықтан шығу жолын либералистер де, социалистер де іздестіруде. Олардың екеуі де әлеуметтік идеал ретінде жеке адамның еркіндігін қарастырады.

Нормалар мен құндылықтар әлеуметтік құбылыстың, жалпы эмперикалық өмірдің екі жағына айналды.Әлеуметтік нормалар әлеуметтік факторлар сияқты мәжбүр ету сипатында болады, яғни адамды солардың мазмұнына сәйкес әрекет етуге күштейді.Дюркгеймнің ғылыми айналымға құндылықтар және бағдарлар ұғымдарын енгізуіне байланысты оның әлеуметтануының жаңа қырлары көрінеді:егерде сырттан әсер етілетін мәжбүр етуге сүйенбей, қоғамның адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге көңіл бөлінетін болса , әлеуметтік нормаларда соғұрлым тиімдірек болады.

Жеке адамдарға қатысы әлеуметтік нормалар,құндылықтар және өзге де қоғамдық сананың көріністері объективті өмір сүреді. әрбір адам қалыптасқан белгілі бір саяси, құқықтық, моральдық және басқа да нормаларға, құндылықтарға және әлеуметтік нұсқауларға кезігеді. Адам болса оларды меңгеруі қажет және күнделікті өмірде іске асыруы тиіс.

60.Қазіргі заманғы ғаламдық ауқымды мәселелер

Қазіргі адамдар алдында әр- түрлі проблемалар бар.Оларға жатататындар: қарусыздандыру, бейбітшілік, кейбір мемелекеттердің артта қалуын жою, әлеуметтік, қоғамдық даму, халық сананының өсуі, денсаулық сақтау, мемелекеттердің ғылыми техникалық жағынанан алға басу, азық түлік және табиғат, адамдардың жаңа биологиялық, әлеуметтік жағдайларға үйрену.Адма болашағы деген проблема философиянын өзекті мәселесі болып отыр.осы проблемалардың ішіндегі негізгілері бейбітшілік пен қарусыздандыру.Өйткені дүниежүзілік термоядролық соғыс дүниені жоқ қылады.

Қазір бүкіл адамзат алдына бұрын болмаған ауқымды,бүкіл дүние жүзілік проблемалар қойылуда.Олар бейбітшілік пен қарусыздану,қоғамдық және әлеуметтік даму,кейбір мемлекет пен аймақтардың артта қалуын жою,ғылыми-техникалық жағынан алға басу,халық ағарту және мәдениет проблемалары,халық санының өсуі,денсаулық сақтау,адамның жаңа бологиялық,әлеуметтік жағдайларға үйренуі,қор мен энергетика,азық түлік пен табиғат.Ең басты мәселе- бейбітшілік пен қарусыздану проблемалары,себебі дүниежүзілік термоядролық соғыс-адамзаттың бәрін,тіршілігін мүлде жоқ етеді.ХХ ғасырдың аяғында ғылыми-техниканың өріс алуымен бірге,кең ауқымды проблемалардың қалыптасуына сәйкес адамның жаңа әлеуметтік,рухани ортасы п.б.Адамзат өмір сүретін табиғат аясы да азып тозып барады,ендігі жас ұрпақтың қандай табиғи жағдайда өмір сүретіні проблемаға айналуда.

 

 

Заказать ✍️ написание учебной работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой
2

Сейчас читают про: