Ежелгі Римдегі фармация

КІРІСПЕ

Өткенді оқып-үйрену бізге бүгінгімізді жақсы түсінуімізге септігін тигізеді. Кез келген құбылыстардың даму заңдылықтарын тану оның болашақтағы дамуын жақсы түсінуге көмектеседі.

Кез келген басқа да білім саласы тәрізді, фармация нақты шынайылылықтардың қосылыстарын емес, ұзақ та күрделі даму процессінің қорытындысын ұсынады. Сондықтан да, фармацияны оның тарихи дамуынан бастап оқып-үйрену қажет. Фармацияны оқу, басқа да білім салаларындағыдай, оның тарихымен танысу міндетін қарастырып қана қоймай, сондай-ақ, ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, алғашқы тарихи мәліметтермен жұмыс жасай білуге тәрбиелеп, жалпы мәдени танымды кеңейтуге септігін тигізеді.

Әрбір фармацевтикалық пәндерді оқу оның тарихи даму жолына сараптама жасаудан басталады. Фармацевтикалық ғылым мен тәжірибенің жекелеген бағыттарының тарихымен жүйелі түрде танысу, студенттің материалды жақсы меңгеруіне және мамандардың кәсіби және шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

 

1. ФАРМАЦИЯ ТАРИХЫ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ.

ДӘРІТАНУДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Өткенді оқып–үйрену бізге бүгінімізді жақсы түсініп, болашақтағыны жорамалдауға көмектеседі. Біз өмір сүріп жатқан уақыт білімнің бүкіл саласы бойынша, соның ішінде фармацияда да жедел дамуда. Сонымен қатар, біздің уақытта дайын материалдарды оқып-үйрену ғана емес, әрбір маманның өзіндік ғылыи жұмыстарының да, соның ішінде фармацевтердің де ролі өсіп келе жатыр. Осымен байланысты қазіргі ғылымды жетілдіре меңгеру үшін бұрынғы заманғы тарихтық қазыналардың да үлесі көп. Тек сонда ғана тарихи білімді және тарихи ойлай алатын маман болашақта оған кездесетін фармациядағы ауқымды өзгерістерге дайын бола алады. Фармация тарихы- халықтың жалпы тарихи мәдениетімен, бұқаралық- экономикалық дамуы және ауысуымен байланысты фармацевтикалық қызымет пен фармацевтикалық білімнің дамуын оқып зерттейтін ғылым. Фармация тарихының мағынасы әйгілі ғалымдардың фармацевтикалық ғылымды дамытудағы жетістіктері мен ролінің әлемдік прогресстегі деңгейін көрсетеді. Және де бір маңызды мәселе, өз мамандығының тарихын білу қазіргі уақытта оның жақсы дамуының бірден- бір белгісі және оның бәрі адамның өз қолында. Денсаулыққа әсер ететін қоршаған ортаны қорғау, бұқаралық- экономикалық, әлеуметтік және мәдени шарттарын зерттеудің нәтижесінде фармация ғылымы мен пәні дамыды. Әрбір фармацевтикалық пәнді оқып - үйрену, оның дамуының тарихи сараптамасынан бастау алады. Фармацевтикалық ғылым мен тәжірибенің жеке бағытындағы тарихпен бөлшектеп және нақты танысу – зерттелген материалды толық игеруге, жас маманның және студенттің шығармашылық мүмкіндігін жандандыруға ықпал етеді.

Фармация тарихын оқи отырып, біз оны бұқаралық – экономикалық құрылымдар бойынша адамзаттың жалпы қадамына жауапты дәуірлерге бөлеміз. Бұл құрылымдар мыналар: алғашқы-қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, әлеуметтік. Әрбір осы құрылымда фармацияның өзіндік ерекше әлпеті болды. Бірақ, әр құрылымның шегінде медициналық тәжірибе мен ғылым сол заманғы экономиканың, ғылымның, техниканың өзгеруіне қарай ауысып отырды. Фармация тарихы бізге қоғамдағы өзгерістермен байланысты фармацияда болып жатқан тамырлық өзгерулер мен қадамдарды көрсетеді.

 

Ағашқы қоғамдағы дәрітану

Алғашқы қоғам тарихы өзінің ұзақтығымен барлық адамзат тарихының 99% құрайды. Алғашқы қауымдық құрылысты жер жүзінің әр қоғамы басынан өткерді, сондықтан да, адамзаттың болашақ қадамын түсіну үшін адамзат дамуының бастапқы кезеңдерін жете білу керек.

 

Алғашқы қоғамның қалыптасуы және дәрітанудың пайда болуы

/2 млн. жыл бұрын – шамамен 40 мың жыл бұрын/

Адамның жақын туыстастығының (австраопитектердің) гоминидтерге ауысуы үштік және төрттік кезеңде жүзеге асты. Ч. Дарвиннің адамдардың адам тәрізді маймылдардан жаралды деген гипотезасы «Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен дамуы немесе өмір үшін күресте жіктеліп қалған тұқымдардың сақталуы» (1859) атты еңбегінде келтірілген. Ч.Дарвиннің айтуы бойынша, адамның пайда болған жері Африка континенті, онда адамға жақын антропоидтар – шимпанзе мен горилла бар. Бұдан да басқа көзқарастар бар. Бұл сұрақтың соңғы шешімін болашақтағы ғылыми зерттеулер нәтижесі ғана бере алады.

Ежелгі адамдар қауымына ағашқы адамдар тобыры бастау болды. Ежелгі адамдар (архантроптар) тік жүретін болған, көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын жүргізген. Архантроптардың еңбекке қабілеттілігі олардың тілінің дамуына, сөйлеу, ойлау, сезінудің дамуына бастау болды. Адамның палеопсихологиясы алғашқы адамдардың сана-сезімінің үш саласын анықтайды: 1) эмпирикалық қабілет; 2) эмпирикалық қабілеттің ара- қатынасының нәтижесі; 3) абстракты ақыл-ес. Бірінші және екінші сала хронологиялық бөлінбеген және ол архантроптарда алғашқы ойлау, сөйлеу қабілеті және тідің дамуымен қатар жүрді. Естің үшінші саласы- абстрактты ойлану- архантроптарда әлі толық дамымаған, сондықтан да, оларда өлікті жерлеу, нанымдық сенімдер, салт-дәстүрлік, сиқырлы әрекеттер, ағашқы өнерге тән тасқа сурет салу сияқты әрекеттер болған жоқ.

Ежелгі адамдар (палеонтроптар) – қазіргі заманғы адамның ата- тегі – тас индустриясын ойлап тапты, балықшылықпен, құрылыспен, аңшылықпен айналысты және от тұтатты, жануарлардың терісін киім ретінде, баспаналарын жылыту үшін пайдаланды. Палеонтроптардың сөйлеу қабілеті қазіргі заманғы адамдарға ұқсай бастады. Ең бірінші өлгендерді жереуді неандертальдықтар бастады / Франция шекарасындағы Ла Ферраси, Ле Мустье үңгірі; Қырымдағы Киік - Қобада және т.б./, бұл олардың абстракты ойлауының пайда бола бастағанын көрсетеді.

Ежелгі адамдар пайдалыны пайдасыздан, емдік өсімдікті улыдан ажырата отырып, эмпирикалық жолмен өсімдіктер арасынан қайсысы қоректік, улы, емдік екенін ажырата білуге мүмкіндік ады. Олар мыналар: пасленді (дурман, белладонна, скополия), наркотикалық (қалампыр, темекі, үнділік конопля), асқорыту жүйесіне тітіркендіргіш әсер беретін өсімдіктер (жусан), сондай-ақ, салқындатқыш әсер беретін өсімдіктер (женьшень, лимон).

 

Алғашқы қоғамның гүлдену кезеңіндегі дәрітану

/шамамен 40 мың жыл бұрын- б.э.д. Х- У мың жылдық/

 

Жоғарғы палеолиттің басталуына қарай антропогенез бен қазіргі түрдегі адамдардың – Homo sapiens даму процесі аяқтала бастады. Осыдан нақты гоминидті үштік қалыптасты. Ойкумен әжептеуір кеңейді. Қоршаған ортаның шарттарына бейімделумен қатарлас қазіргі заманғы нәсілдердің (негроидты, европеоидты, моңғолоидты, австралоидты) құрылуы жүрді.

Қауымның, қару - жарақтың, садақ пен жебенің дамуы өндіргіш күштердің өркендеуіне әкелді, аңшылардың туыстық қоғамдары, құрылысшылардың, балықшылардың жиыны пайда болды.Кейін жер өңдеушілер мен мал бағушылардың тобы құрылды.

Аңшылық шаруашылыққа өту кезеңінде адамдардың көзқарастары да өзгере бастады. Алғашқы аңшы жануарларды тіршілік көзі ретінде ұға бастады. Көптеген тобырлар қандай да бір жануарды өздерінің топ басшсыы ретінде қабылдады, олар өздерінің топтарының белгілі бір жануар түрімен туыстық қатынасы бар екендігіне сенді. Осыдан барып олар жануарларға сыйынуды бастаған. Солтүстік Африкада сыйынатын жануар буйвол болса, Сібірде- аюға, Үндістанда – сиырға, Грецияда – ешкіге сыйынған. Кейбір топтардың аңшылары тастан, сүйектен және ағаштан өздерінің сыйынатын жануарларының бейнесі тәрізді тұмарлар жасап алып, оларды қатерден қорғап, денсаулықтарын сақтау үшін өздерімен бірге алып жүрген.

Алғашқы аңшылар мен балық аулаушылар ұжымынан – адамзат қоғамы қалыптасты. Алғашқы ұжымдастыру кезінде - әйелдер қоғамның тұрақты бөлігі болды. Олар балаларға қарап, шаруашылықты жүргізді. Осыдан аналар шаңырақтың шырағын жағып, қорғайтын жан деп саналды. Бірақ рулық қауымда төменгі кәсіби еңбекте әйелдер мен ерлердің атқаратын қызметі бірдей болды, ал рудың көсемі сол руда дүниеге келген қыз немесе ұл бала болды.

Ертедегі тайпалардың жандүниелік мәдениеті рационалды және иррационалды ұсыныстардан қалыптасты. Рационалды дүние танудың нәтижесі - білім мен дәрігерлік емдеуді қабылдау болып табылды. Австралияның аборигендері тас дәуірінде өмір сүрген. Олар асқазан ауруларын емдеп, қан кетуді -күлмен, өрмекші өрнегімен тоқтатып, ал тері ауруларын зәрмен жуып, топырақ басқан; сынықтарға шиналар қойып; өсімдіктерден, жануарлардан, минералдық заттардан дәрілік заттарды жасап, қолдана білген.

Сүндетке отырғызу мен кесар тілігін жасауды білген. Бірінші хирургиялық құралдар ретінде тас пен сүйіктен жасалған пышақтар мен балық қабыршағымен тікенектерін қолданған.

Ал Америкалық аборигендер эмпириялық жолмен жансыздандыру мақсатында есірткі заттарды қолданған. Кактустың шырындары мен тұнбалары бірнеше күнге дейін жансыздандыру заттары сияқты әсер еткен.

Алғашқы адамдардың құрылыстық өмірінің күрделенуі олардың санасын дамытты: санады үйрене бастады, діни сенімдері күрделене түсті. Ауруды – ауырып өлген ата-бабаларының аруағы сау адамдарға келіп енеді де, ауру пайда болады деп түсіндірді. Сондықтан емшілердің бірінші мақсаты- науқастың денесіне енген аруақты шығару болды. Науқастың денесінен аруақты қуудан басқа бас қаңқасына трепанация операциясын да жасаған. Бірінші трепанация жасаған адамның бас қаңқасы біздің планетамызда Латын Америкасының Куско (Перу) қаласында 1865 жылы табылды. Алғашқы адамның трепанация жасалған бас қаңқасының сараптамасы трепанацияның сәтті өткендігін көрсетеді, оны бас сүйегіндегі біріккен қаңқалары куәландырды.

Қарағанды облысы Қарабие ауылында еуропейдке жататын ер адамның бас сүйегі табылған (б.э.д. V-ІV ғ.). Бас сүйекке бір-біріне жақын өте өткір қашаумен ойып тескен бес ойық бар.

Қазіргі нейрохирургтерді таң қалдырған VІ ғасырда трепанация жасалған түрік жауынгерінің бас сүйегі. Бас сүйек Оңтүстік Қазақстан облысында табылды. Мамандардың болжамы бойынша жауынгер осыдан кейін бірнеше жыл өмір сүрген.

Алғашқы қоғам адамдары - бас сүйегі тесігінен ауру шығады деп сенген. ХІХ ғ. ортасына дейін Тынық мұхитының Увей аралында аурулардың алдын алу мақсатында нәрестелердің бас сүйегіне жүз пайыз трепанация жасалған.

Осылардың ішінде бұрынғы адамдар пайдаланған тәсілдер қазір де қолданылады: эфедра емдік өсімдік ретінде Қытайда 5 мың жыл бұрын пайдаланылған. Хин ағашының емдік қасиетін инктер ашқан. Көктемгі тау гүлімен қызылша мен ентікпені емдеген. Арнайы білімдер де қалыптаса бастады, кейін олар халық медицинасында қолданыла бастады. Лалагүлдің, оймақшөп жапырақтарының әлсіреткіш әсері; сүлік, оңқалар, минералды сулар біздің ата - бабаларымыздың халық медицинасынан қалған емдері. Фармакопеяға енген көптеген дәрі-дәрмектер мен емдік заттар осы халық медицинасының жемісі.

Адамзаттың дамыған қауымдық қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық дамуы жеке меншік пен алғашқы қауымдық құрлыстың туындауына әкелді.

 

Алғашқы қоғамның ыдырауы кезеңіндегі дәрітану

(б.э.д.Х-Ү мың жылдық)

 

Алғашқы қоғамның ыдырауы екі түрде жүрді: патриархатты кейіннен матриархатты. Олар қатарласа дамыды.

Патриархат кең таралды. Мұнда басты рольді ер адамдар алды.

Матриархат – қауымдық қатарда сирек таралған, басты экономикалық рольді - әйел адамдар басқарған. Біздің планетамызда ежелгі матриархат саясатымен өмір сүретін тайпалар бар (ирокездер, минангкабау және т.б.).

Алғашқы қоғамның ыдырауы экономикасы жақсы аудандарда б.э.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықта аяқталды. (Месопотамия, Египет, Инда бассейні). Қолайсыз аудандарда, Австралия, Африка елдерінде қазірге дейін жалғасып келеді.

Бұл кезеңнің маңызды жаңалығы б.э.д. ІҮ ғасырда иероглификалық жазуларды ойлап шығарулары: бірінші египеттіктер, кейіннен - қытайлықтар.

Емдеу барысында дағдылар дамып, дәрілік заттарды дайындау шеңбері кеңейіп, темірлерден медициналық құралдар жасалып, аяқ-қолға ампутациялар жасала бастады.

Тайпалық ұжымдардың күшеюі діни түсініктердің дамуына септігін тигізді- кейіннен кәсіби діни қызметкерлер пайда болды. Олардың негізгі айналысатын кәсібі – емдеу сабағы еді. Қазіргі уақытқа дейін кейбір Азия, Африка елдерінде халық емшілері – тәуіптер сақталған. Тәуіптер - бұлар жоғары кәсіби деңгейде дайындалған адамдар. Болашақ тәуіпті ерлік пен шыдамдылыққа тәрбиелеуге көп көңіл бөлген. Африкада тәуіптердің шәкірттеріне арнайы жертөледе есінен танғанша түтінмен дем алдырған, одан кейін көптеген тістегіш құмырсқалармен сынаған. Ал Үндістанда шәкірттеріне бала кезінен дәрі жасауды, қолдануды және дұғалауды үйреткен. Алғашқы қоғамда тәуіптер әр түрлі ауруларға қандай дәріні қанша мөлшерде, қандай уақытта, қалай дайындап беретінін жақсы білген. Кейбіреулері емдеу үшін «сиқырлы әсері» бар тұмарларды қолданған. Сарымсақтан жасалған бойтұмарларды скарлатина және күл ауруы сияқты дерттерге қолданған. Сонымен алғашқы қоғамның құрылуы мен дамуы – барлық кезеңдегі алғашқы адамдардың қызметтерінің нәтижесі. Емдеу және дәрілік заттарды қолдану ертеден басталатын қоғамның эволюциясымен бірге өрбіп дамыды.

Халықтың көпжылдық тәжірибелері алғашқы қоғам адамдарына табиғаттың емдік заттарын қалай жинауды, дайындауды және қолдануды үйретті. Бұл халық медицинасының негізін қалады.

Дүниежүзілік тарихи процесстердің кезеңдері сияқты алғашқы қоғамның соңы жаңа құлдық қоғамның басталуымен шектеседі. Бірақ алғашқы қоғамның құрылымының қалдықтарының ыдырауы осы күнге дейін жалғасуда.


ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ

Ежелгі Шығыс адамзат мәдениеттің бесігі болған. Мұнда басқа елдерге қарағанда алғашқы қауымдық құрылыстың құл иеленушілік құрылысқа алмасуы ерте жүрді. Ежелгі Шығыста алғашқы мемлекеттер б.э.д IV-II мыңжылдықтарда Ніл, Тигр, Ефрат, Инд, Ганг өзендерінің өңірлерінде пайда болды. Құлиеленушілік Египетте және Месопотамияда (б.э. д. IV-III мыңжылдықта), Үндістанда (б.э.д. III мыңжылдықтың ортасында), Қытайда (б.э.д. II мыңжылдықта), Закавказьеде (Урарту мемлекеті, б.э.д. I мыңжылдықта) үстемдік етті.

Ежелгі Шығыс елдеріндегі медицина мен фармацияның дамуын сазбалшықтан жасалған тақтайшалардағы және жартастарда ойып жазылған жазбалар, саркофактарда, папирустардағы жазбалар, ежелгі медициналық кітаптар, діни шығармалар, «Махабхарата», «Рамаяна» (Үндістан) этикалық шығармалары, «Хамурапи патшаның Заңдары» (Ассиро-Вавилония) дәлелдей түседі. Археологтар хирургиялық жабдықтар, саитарлық-гигиеналық құрлыстар (моншалар, хауыздар), өсімдіктер мен майлар қалдықтары бар түтікшелер тауып алды.

Ұрпақтан ұрпаққа білімдерін ауызша түрде тарату арқылы эмпирикалық медицина дами түсті. Бүл білімдер жөнінде ешқандай жазбалар қалмады, тек папирустарда ғана жекелеген ауру түрлерін емдеу әдістері мен емдік дәрілерінің жазбалары сақталып қалған. Діни ұғымдардың пайда болуы мен дамуының нәтижесінде ауруды тәңірдің берген жазасы деп қабылдады. Бақсылық және шіркеулік медицина дамыды. Бақсылар білімді адамдар болған, олар жазудың пайда болуынан бастап халық медицинасының әдістерін жаза бастаған.

Ежелгі Шығыстағы құлиеленуші қоғамда жіктеу ерекшелігі орын алды: дәрігер құлды сәтсіз емдеген жағдайда шығынын басқа құлмен өтеген, құлиеленушіні сәтсіз емдеген жағдайда емдеушінің саусақтарын кейде тіпті қолын шапқан.

Храмдарда емдеу ісін үйретуге арналған медициналық мектептер ашылған, сондай-ақ медициналық білімдер отбасында да берілген.

Кейін медицинамен айналысу жеке кәсіпке айналған, кәсіпқой-дәрігерлер пайда болған. Дәрігердің қызметі орындауға міндетті болған қатаң ережелермен реттеліп отырған. Ауру түрлері және оларды емдеуге арналған дәрілерді дайындау әдістері жазылған медициналық әдебиеттер пайда бола бастады.

2.1 Ежелгі Мысырдағы дәрітану

Құнарлы Ніл өзенінің төменгі жағалауы дамыған Мысырдың ежелгі ошағы болған. Б.э.д. VI мыңжылдықта алғашқы тұрақтар пайда болған, кейін олар үлкен қалаларға - мемлекетке айналған. Б.э.д. 3200 жылы ол жеке мемлекет болып құрылды. Тұрғындардың тұрмыс жағдайларының жоғары деңгейде болуының арқасында ежелгі әлемдегі химия, медицина және фармация саласындағы әйгілі білімдер осы жерде шоғырланды.

Жалпы ежелгімысыр мәдениеті тәрізді, Мысырда фармация туралы мәліметтер көзі - саркофактарда, пирамидаларда және басқа да құрлыстарда жазылған көптеген иероглификалық жазбалар, соның ішінде бастысы- папирустар (Мысырда жазба хаттарды жазуға қолданылатын Ніл кеңістігінде кең тараған папирус өсімдігінен дайындалған орамдар). Папирустарды орыс египтологтары оқып, зерттеген. Ежелгі мысырлықтар математика, астрономия, географияны меңгеріп қана қоймай, медицина және фармация аймағындағы ілімдерді де кеңінен меңгерген. Олар 4 негізгі элементтерге (ауа, су, жер және от) сүйене отырып, адам ағзасын құрайтын және оның саулығы мен сырқатына негіз болатын негізгі 4 шырын туралы ілімді ойлап тапты. Сонымен қатар пневма туралы ілім пайда болды, оған сүйене отырып адам тыныс алған кезде ауада көрінбейтін заттар оның өкпесі мен жүрегіне еніп, ара қарай барлық денесіне тарайды деген. Адамның денсаулығы оның қаны мен пневмасының қалыпты жағдайымен анықталған, қалыпты жағдайдың бұзылуы оның ауруына әкеп соқтырған. Осыдан барып емдеу іріңді заттарды алып тастау, жаман қанды соруға бағытталған. Құсық туғызатын, ішекті тазалайтын, тер шығаратын дәрілер тағайындалған.

Анатомия ілімін жақсы меңгергендіктен мәйітті бальзамдау, мумиялау оларға жеңіл түсті. Ежелгі Мысырда қолданылған бірқатар анатомиялық терминдер адамның көптеген мүшелері, оның ішінде жүрек-қантамыр, бауыр, ми туралы мәліметтерді кеңінен білгендіктерін аңғартады. Мысырлықтар жүректен шығатын «22 қан тамырға» аса көңіл бөлді.

Тыныс алу жолдарының ауруы, тері ауруы, ішек ауруы, қан кету, көз ауруы (кең тараған) туралы кеңінен жазылған мысырлық кітаптар табылды. Б.э.д. Vғ. Мысырға саяхат жасаған гректің тарихшысы Геродот «мысырлықтарда ерте кезден бастап әрбір дене мүшесін білетін дәрігер болған» деген. Бұл Ежелгі Мысырда дәрігерлер арасында жеке мамандар болғандығын куәландырады. Кеңінен дамыған косметологияның отаны – Мысыр деп саналады. Медицинаның бұл саласын мысырлықтардың ақсүйектері ғана пайдаланды. Емдік медицинаның бірқатар саласы бай адамдырдың ғана сұранысын қанағаттандыруға бағытталды- бұл уқалау, сумен емдеу, құрамы күрделі қымбат дәрі-дәрмектерді қолдану.

Әскери дәрігерлер – мысыр әскерлерімен жорықта қатарласа жүріп, сынықты, жарақатты және жараны емдеу туралы мәліметтерді көп жинады. Ежелгі хан қабірлерінде аяқ-қолдарға жасалған операциялар бейнесі сақталған.

Сақталған медициналық папирустардың ішінде ең әйгілілері: әйелдер ауруларына арналған Кахунадан шыққан папирус, оның бір тарауы әйелдерді қалай босандыруға бағытталған - шамамен б.э.д. 2000 ж, хирургия іліміне арналған зерттеушісі есімімен аталған Смит папирусы - б.э.д. 1500 ж., қомақты медициналық Эберес папирусы (б.э.д. ІІ ғ. ортасы), балалар ауруына емдеуге арналған Бругш папирусы (б.э.д. 1450-1350 жж.). Эберс папирусында өсімдіктерден әр түрлі шырындар мен бал алу жолдары көрсетілген 800 рецептен тұратын «Дененің барлық мүшелеріне арналған дәрілерді жасау кітабы» деген бөлімі бар.

Ежелгі Мысыр құрт аурулары ошағы болды. Сондықтан мысырлықтар гигиенаны сақтауға аса назар аударды, суды мыс ыдыстардан ғана ішіп, күндіз екі рет және түнде де екі рет жуынған.

Месопотамиядағы сияқты Мысырда да кейбір шіркеулерде жүйке жүйелерінде ауытқулары бар ауруларға арналған арнайы жатақ орындар болған. Бұл жатақ орындар кейіннен емханаларға айнала бастады.

Мысырда тұндыру, сүзу, сығу, фильтрден өткізу әдістері белгілі болған. Б.э.д. V ғасырда Мысырда үгіту, сырлау, парфюмериялық және жуғыш құралдарды дайындау технологиясы жақсы дамыған. Ежелде теория дамымағандықтан, барлық осы «химик-технологтер» өз тәжірибелеріне ғана сүйенген.

Мысырда науқастарды емдеу үшін жақпалар, судағы ерітінділер, жуу, шашырату, клизма, компрестер, қыша қағаздар, жапсырмалар, тұнбалар, қайнатпалар және дәрілер пайдаланылған.

Минералды заттардан селитра, мыс тотығы, квас, ас тұзы және мемфисс тасы қолданылды. Жануарлардың майлары, өті, миы, бауыры, қаны, балы, ешкінің сүті кеңінен пайдаланылды.

Мысырда тері ауруларына қарсы дәрі-дәрмектер кеңінен тараған, сондықтан көптеген тарихшылар бұл елді дерматология отаны деп санайды. Мысырлықтардың дәрі жасау үлгісі осы заманғы үлгіге өте ұқсас: әдетте дәрінің құрамы негізгі, көмекші және қалпына келтіруші заттардан құралады.

Фармаки немесе Фармаци (аудармасы «қорғаушы, құтқарушы, сауықтырушы» дегенді білдіреді) деп аталып кеткен дәрігерлік өнердің құдайы Тотты мысырлықтар емдеу ісінің жарылқаушысы деп есептеген. Сондықтан да болар, түбірі «фарма» болып келетін – фармация, фармацевт, фармакопея сөздері осы заманға дейін келіп жеткен.

Гигиенаға аса көңіл бөлінген. Ақсүйектер тұратын аудандарда су құбырлары орнатылып, канализациялар тартылған. Әр бір үйде хауыз болған. Шекті тазартуға, тамақты шектеуге кеңес берілген. Қоғамдық және жеке бас гигиенасын реттеп отыратын заңдар болған.

Ежелгі Мысырда дәрітану және емдеу жүргізу кәсіби дәрігерлердің еншісінде болған, бірақ осы кездің өзінде кейбір бақсылық ұйымдар терең химиялық білімдерінің арқасында фармацияның дамуына айрықша үлес қосқан. Тіпті «химия» терминінің өзі Мысырда пайда болған. Мүмкін оның сыры түбірі «Мысыр» дегенді білдіретін «хеми» сөзінде жатса керек.

Мысырлық медицина мен фармацияның мұрасы Ежелгі Шығыс, Ежелгі Греция, Рим және әлемдік медицина мен фармацияның дамуына үлкен әсерін тигізген.

 

2.2 Месопатамиядағы дәрітану

Месопотамиядағы медицина мен дәріенгізу туралы алғашқы мәліметтер б.э.д. ІІІ мыңжылдықпен шамалас келеді. Ертедегі атақты әміршілердің бірі Хаммурапи (б.э.д. 1792-1750) заманында Вавилон мемлекетінің дамуы басталып, ол гүлденудің шарықтау кезеңіне жетті. Ол басқарған 42 жыл ішінде мемлекет ұлы мәртебелі мемлекетке айналды.

Кейініректе, б.э.д І мыңжылдықта Месопотамияның солтүстік-шығыс бөлігінде Ассирия ерекшеленді. Ол өзінің ең жоғарғы шегіне, әйгілі мемлекеттік қайраткер Ашшурбанипалдың (б.э.д. 626-668ж.ж) тұсында жетті. Ол өте білімді адам болған. Оның тұсында Ниневиде ашылған үлкен патша кітапханасы, біздің заманымызға жеткен бірнеше мыңдаған клиножазулы жазбалар сақталған саз тақтайшаларының жинағы жиналған ең үлкен кітапхана болып саналады. Әдетте, тақтайдағы жазбалар «Егер адам науқас болса..» деген сөздермен басталып, әрі қарай аурудың негізгі белгілері сипатталып, емделушіге оны дайындау және қолдану жөніндегі нұсқаулар берілген. Жазба «Ол сауығады» деп аяқталған.

Месопатамияда сау организмдегі барлық процесстер мен ауырған кездегі өзгерістер аспандағы құбылыстарға байланысты деген ұғым етек жайған.

Емдеу шаралары кезінде аспан шырақтарының қозғалысы назарға алынып, ескеріліп отырған. Болжау жасау кезінде шырақтардың орналасуы мен арнайы астрологиялық күнтізбеге (босануға, операция жасауға сәтті және сәтсіз күндер) үлкен көңіл бөлінген.

Сонымен қатар, ағзаның өмір сүру қабілетінде басты рольді, адам денесінде циркуляцияланған сұйықтықтарға, әсіресе, қанға байланыстырып отырған.

Тұмарлар, амулеттер, қарғыстар мен дұғалар жазылған тақтайшалар кеңінен тараған. Малдың ішкі мүшелерінде, әсіресе, құрбандыққа шалынған малдың бауырында бал ашу үлкен роль ойнаған.

Біздің дәуірімізге бауырдың балшықтан, қоладан жасалған, бөліктерге бөлінген, үлгілері жеткізілген. Бауырдың әр бөлігіне, сол бөліктің жағдайын болжайтын мәтіндер жазылған. Осы үлгілер негізінде медициналық мектептерде болашақ бақсы-дәрігерлерді оқытқан.

Медицина негізгі екі бағытта дамыған: асуту (аудармасы «емшілік өнері») және ашипиту – «дуалау өнері».

Бұл екі бағыт дәстүр де б.э.д І мыңжылдықтың екінші жартысына дейін өзгеріссіз сақталып келді. Кейіннен, ашипутуға жақынырақ бір арнаға тоғысты.

Аурудың себептері туралы ұғымдар негізгі үш дәрежеге бөлінді:

1. Жаратылыстан тыс себептер - «құдайдың қолы», «қара күштің желі», «Ламашту құшағы» (Ламашту мыстан түнімен қала кезіп балалар лихорадкасын таратады деген сенім болған).

2. Қоғамдағы дәстүрлі, құқықты және басқа да ережелерді бұзғаны үшін берілген жаза.

3. Табиғат құбылыстары мен адамдардың жалпы өмір сүру салттарына байланысты (сапасыз тағамдарды қолдану, лас суға шомылу) жаратылыс себептері.

Асу-емдеуші аурудың пайда болуын көбінесе жаратылыс себептерімен байланыстырған. Оның болжамдары көбінесе «ол жазылады», «оны емдеу керек» дегендей оптимистік көзқараста болған. Асу емдеу тәжірибесін эмприка- емдеушінің емдеу тәжірибесіне негіздеп отырған. Оның емдеу мақсаты анық болған: «Қызбаны тоқтату», «Ісікті басу», «Аяқ-қолдың шығып тұрған тамырларын тыныштандыру» т.б.

Асулар дәрілік флораның да білікті мамандары болған. Олар дәрілік шөптерді өздері жинап, сақтап және дәрі жасаған. Дәріні балда, сірке суында, суда немесе қатты майларда қайнатып, оны жақпа май, ұнтақ дәрі-дәрмек, тампондар мен балауыз түрінде қолданған.

Эмпирика-дәрігер асудың дәрілік жинағына қарағанда ашипудың дәрілік жинағы мейілінше аз болған. Дегенмен, дәріні қолдану жөнінідегі нұсқаулық барлығында дерлік болған. Мысалы: «шалфей шөбін үгіт те маймен араластырып, үш рет дұға оқып тісіңе бас.» Осы аталған «Тіс ауруына қарсы дұға»- ежелгі Месопотамияның жоғары көркемдік әдеби шығармасының үлгісі іспеттес.

Ашипудың емінің басты амалы дұға оқу болатын. Аурудың себебі мен салдарын анықтап алғаннан кейін, ашипу емдеуден бұрын болжам жасаған.

Ашипуту мәтіндерінде ол көбінесе жағымсыз болған: «Ол өледі», «Ол жазылмайды» және т.б. «Ол өмір сүреді», «Оның дерті жазылады», леген болжамдар сирек кездеседі. Ашипу болса, болжамы үмітсіз болатын болса, емді бастамай-ақ кетіп қалып отырған.

Месопотамияда адам денесінің құрылысын білмеген, мәйітті ашу жүргізілмеген. Құрбандыққа шалынған малдың ішкі құрылысын зерттеу ғана ішкі мүшелер: бауыр, жүрек, асқазан, бүйрек, ішек туралы жалпылама түсініктер беріп отырған. Босандырумен әйелдер айналысты.

Вавилонда, Ниневия қалаларындағы қазба жұмыстары кезінде көпірлердің, саз құбырлардан жасалған су құбырлары мен канализациялар табылған, жұқпалы аурулармен ауырған адамдарды қаладан алшақтату туралы заңдар болған.

Б.э.д. XVIII ғасырда құрылған Хаммурапи патшаның заңдары, Вавилон заңдарының кең көлемді ескерткіші, біздің заманымызға дейін сақталып қалған. Бұл заңда өмірдің барлық бағытын қалпына келтіріп отыратын ежелгі заңдар жинақталған. Базальт бағанында ойылып жазылған тармақтар қатары, дәрігернлердің қызметі мен кей жағдайлардағы оның сот алдындағы жауапкершіліктеріне арналған.

Вавилондықтар мен ассириялықтардың дәрілік арсеналы өсімдіктік, жануарлық және минералды жолмен алынған құралдардың бай жинағын құраған. Ауруды емдегенде көбінесе су мен май пайдаланылған. «Дәрігер»сөзі, тікелей аудармасында «су танушы» немесе «май танушы» дегенді білдірген. Әр түрлі өсімдіктердің бүршіктері, жануарлар майы, мұнай пайдаланылған. Дәрілер тұнба және қайнатпа түрінде ішуге пайдалану үшін тағайындалып отырған. Сырттай пайдалану үшін, жақпа майлар мен түрлі пасталар, компресс қою, сылау, клизма мен бұлаулар тағайындалып отырған. Уқалау, су құйыну, оңқалар төңкеріп, қан ағызу сияқты кеңестер беріліп отырған. Дәрілерді аш қарынға және тамақтан кейін ішетін деп бөлген. Дәрілерді ішкізу кезінде, кей жағдайларда, арнайы ыдыстар пайдаланылған.

Ежелгі Шығыстың басқа да елдеріндегідей, ауруларын Вавилонда емдеу мүмкіндігі, тек қалталы адамдарға ғана тиесілі болған. Грек тарихшысы Геродот (б.э.д. Vғасыр) кедей адамдарды емдеудің ерте вавилондық, өзіне сай дәстүріне сипаттама берген. Ол үшін оларды кісі аяғы көп жерлерге шығарып қойған және қасынан өтіп бара жатқандары, өз жеке тәжірибелеріне сүйене отырып, оларға кеңес беріп өткен.

 


Ежелгі Үндістандағы дәрітану

Үндістан біздің эрамызға дейін көп жылдар бұрын құрылған. Б.э.д IV мыңжылдықтың соңы мен ІІІ мыңжылдықтың басында Үндістанда құлиеленуші қоғам құрылды. Медицина мен фармация тарихын тарихын танудың негізгі көзі болып- «Веды» - тұрмыстық және діни ережелер жинағы және «Ману заңдарының жиынтығы» (б.э.д. 1000-500 ж.ж.) табылады. Ману заңдары бойынша, дәрігердің емі сәтсіз аяқталған болса, оған айып-пұл салынып отырған. Оның көлемі аурудың жағдайына байланысты анықталып отырған. Ману заңдарында гигиена саласының көптеген сұрақтары ашылып отырған. Атап айтқанда, климаттың денсаулыққа әсері, тұрғын үйдегі тазалық, гимнастика, ерте тұру, киім тазалығы, шаш-тырнақ тазалығы, тағам гигиенасы, ауыз қуысының гигиенасы. Тоя тамақтану кінәланып, етті пайдалануға шектеу қойылып, сапалы және қажетті әдіспен дайындалған өсімдік тағамдарын, сүтті және балды пайдалануға кеңес берілген. Ыдыстың тазалығына да көңіл бөлінген. Денеге күтім жасау ережелері қарастырылған. Осының бәрі бай адамдарға ғана қатысты болған.

Махенджо - Дарода жүргізілген қазба жұмыстары кезінде, б.э.д. III-IV ғасырдың басына тиесілі, диаметрі екі метрге дейін баратын, қола канализация құбырлары, сарайлардың ішіндегі хауыздар табылған.

Б.э.д. VI ғасырдың екінші жартысында құрылған ауруханаға, сол сияқты айлақтар мен үлкен жолдардағы ауруханаларға сипаттама берілген.

Үндістандағы дін түрі де- алдымен брахманизм, одан соң оны алмастырған буддизм – медицинаға зор таңба салған.

Медицинада қалыптасқан ұғым бойынша, денсаулық- ағзаның үш бастамасы, ауа, сілекей және өттің қалыпты қауышуының нәтижесі. Ол үшеуі табиғат апаттарымен немесе табиғаттың негізгі элементтерімен тығыз байланысты.

Ежелгі Үндістандағы адам денесінің құрылымы туралы ілімдер, ежелгі дүниедегі ең толық ілім болған. Мәйітті ашу көзделмеген. Зерттелетін мәйіт былжырату үшін ағын суда 7 тәулік бойына ұсталынған. Осыдан кейін суда жібітілген бөліктерін щеткамен немесе қабықпен қырып алған немесе өлі дененің қалыпты жайылу процессіне бақылау жүргізілген. «Ведаларда» кездесетін анатомиялық терминдер анатомиялық білімнің бар болғанын куәландырады, сонымен қатар, мидың, жұлынның толығымен зерттелмегенін көрсетеді.

Науқасты зерттеу кезінде, дәрігер сұрақ қою арқылы қарау әдісін пайдаланған.

Зәрдің иісінің ерекшелігіне, түсіне қарап ерекше аурулардың диагнозын қойған. Бұл басқа ежелгі халықтар медицинасына белгісіз.

Қазба жұмыстары кезінде табылған хирургиялық аспаптар, «Аюреведа» авторларының бірі Сушруттың анықтамасы бойынша, «Медицина ғылымдарының ішіндегі алғашқысы және ең үздігі», хирургияның дамығандығын дәлелдейді. Үндістандық дәрігерлер ампутация, лапоратомия, офтальмологиялық және құлақ, мұрын, ерін ақауларына пластикалық операция жасаған.

Акушерлік істе ұрықты аяғымен келтіру, кесар тілік операцияларын жасаған. Медициналық мамандықтың барлық саласы біртұтас, бір-бірінен бөлуге болмайды деген ұғым қалыптасқан. Сушрутаның ойы бойынша, операция жасай алатын, бірақ медициналық ілімді елемейтін дәрігер- бір қанатты құсқа ұқсайды деген.

Ежелгі Үндістанда дәрігерлерді дайындау жүйесі де назар аударарлық. Емдеу ісін оқытатын ұстаздардың, жоғары адамдық қасиеттерімен қоса, медицинаның барлық бөлімінен өте жақсы білімдар болуы шарт болған. Әрбір ұстаздың 3-4 оқушысы болған. Оқуы аяқталғаннан кейін, әрбір оқушы, ауруға деген ізгілікті қарым-қатынасты, қарапайымдылықты, ауруға көмек көрсетуге деген дайындықты талап ететін міндеттемелер қабылдаған.

Көне Үнді медицинасының құпиясы дәрігерлік этика ережелерінде бекітілген. Ол - ұстазға деген құрмет, мінсіз сыртқы көрініс, кедейлер мен достарын ақысыз емдеу, науқастарға адал қызмет көрсету, өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыру.

Ежелгі Үндістан дәрігерлерінің емдеу ісінің қажетті бөлігі дәрі-дәрмек тағайындау болып саналған. Сушрутаның ойы бойынша, «білімсіздің қолында дәрі уға тең, сондықтан оны пышақпен, отпен және жарықпен ғана салыстыруға болады. Ал білімдінің қолында ол мәңгілік өмір сусынына айналады.» «Аюр-Ведыда» 760 дәрі-дәрмекке сипаттама берілген.Үндістан дәрігерлері өсімдіктен жасалған дәрілерді көбірек пайдаланған. Олардың басым бөлігі Үндістанда осы күндері де қолданылады.

Ежелгі Үндістанның эмпирикалық медицинасында дәнді дақылдар, ағаш, ағаш қабығы, тамыры, гүлі, тропикалық жемістердің солтүстікте және оңтүстікте өсетін түрлері пайдаланылған. Сол сияқты шарап, сірке суы, сүт, май, жануарлар майлары, темір, құстардың, балықтың және жануарлардың басқа да мүшелері де жиі қолданыста болған. Таңу құралдары ретінде мақтаны, өсімдік жіпшелерін, жібекті, ерекше өңдеуден өткен кейбір малдардың ішектерін пайдаланған. Құрамында мырыш, темір, мыс бар дәрілермен жараларды күйдіріп, көз ауруларын емдеген. Темір мен мырышты көп қан жоғалтқанда тағайындаған.

Дәрігерлер арасында сынапты танып, пайдалана білген дәрігерлер ерекше атаққа ие болған. «Қанжар мен оттың қасиетін білген дәрігер-әзірейлі, дұғаның күшін білген-пайғамбар, ал сынаптың күшін тани білген - құдай»,- деген нақыл тараған.Үндістан медицинасында сынаптан жасалған жақпа майды жасау белгілі. Ол металл сынабынан, күкірттен және жануар майынан жасалған (күкіртті-сынапты май).

Ежелгі Үндістанда алтын денсаулықты күшейтетін ең мықты құрал деп есептелген.

У туралы білімнің болуы міндетті болған және оған ерекше көңіл бөлінген. Үндістер улы жыландыр мен жынданған иттердің тісінен көп зардап шеккен. Сушрутаның есебі бойынша Үндістанда улы жыланның 80-ге жуық түрі бар. Ол олардың уынан емделудің әр түрлі әдістерін көрсетіп берген.

Уақыт өте келе, химия саласындағы білімнің жетілуі, дәрітанудың дамуына өз ықпалын тигізді. Б.э.д. ІІ ғасырдың ғұлама ғалымы Нагарджуна өз шығармаларында металлдарды тазартып, тұндыру үшін дайындалатын қиын металл тұздары мен амальгам дайындаудың айрықша әдістерін келтірген. Б.э.д. ІІ ғасырдан белгілі азот қышқылын техникада, түрлі салаларда, ветеринария мен фармацияда пайдалана бастады.

Осы жаңалықтардың бәрі көптеген елдердегі фармацияның дамуына үлкен ықпалын тигізді.

2.4 Ежелгі Қытайдағы фармацияның дамуы

Б.э.д. IV-III мың жылдықта Хуанхе өзенінің жазығында жер шарындағы көне жаратылыстарының бірі пайда болып, б.э.д ІІІ ғасырдың ортасында мемлекет мәртебесін алды. Ежелгі Қытай әлемге жібек пен оқты, компас және фарфорды, фаянс және қағазды, кітап басып шығаруды және жаратылыстану ғылымдары, медицина мен фармациядағы жаңалықтарды жария етті.

Ежелгі Қытайдағы медицина мен фармацияның дамуы туралы, кейбіреулеріне 2-3 мың жыл толған ежелгі иероглификалық кітапта айтып береді. Олардың ішіндегі ең көнесі болып Нэй-цзиннің (18 кітап) энциклопедиялық еңбегі саналады. Алғашқы тоғызы (Су вэнь) адам организімінің құрылымы мен атқаратын қызметтеріне, ауру түрлерінің диагностикасы мен емдеу жолдарына арналған. Соңғы тоғыз томында (Лин шу) чжень- цзю терапиясының көне әдісі сипатталған. Ежелгі Қытай халық медицинасының негізінде ежелден келе жатқан қытай материалистік философиясы жатыр. Бұл философия бойынша, объективті әлем үнемі қозғалысты болады және өзгереді, оны танып білуге болады. Сырқаттану түсінігі организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасына негізделген және у-син (бес алғашқы элементтер туралы) және ян-инь ілімдерінде баяндалған.

Чжен-цзю терапия (чжень-акупунктура немесе инемен емдеу, цзю-мокс немесе күйдіру) Қытай халық медицинасының өзіндік ерекшелігі болып табылады. Оның эмпирикалық тамыры тереңге кеткен. Қытай дәрігерлері «өмір нүктелерінің» бар екенін және оларды тітіркендіру арқылы ауруды емдеуге болатындығын дәлелдеген. Бұл әдістің алғашқы терең түсініктемесі б.э.д ІІІ ғасырда берілген. XIVғасырға дейін 700-дей «өмір нүктелері» табылып, олар 14 «өмір сызығымен» біріктірілді. Нүктелерді тітіркендіретін инелер бастапқыда кремний мен яшмадан, кейін сүйек пен бамбуктан, ал одан да кейін – металлдан: қоладан, күмістен, алтыннан, платинадан дайындалған. Оқыту үшін арнайы атластар жасалып, манекендер (үлгі қуыршақтар) құйылып, оларда ине сұғатын барлық нүктелер мен каналдар көрсетілген. Қытайдың барлық атақты дәрігерлері бұл әдісті жетік меңгерген.

Қытай дәрігерлері айрықша өнерді пульстік диагностикада жетілдірді.Оның негізін қалаушы дәрігер Бянь-цзяоның тұжырымы бойынша әрбір мүшенің пульстік анықтамасы бар, сондықтан пульсті анықтау үшін дененің кем дегенде әртүрлі 9 жерінен зерттеуге нұсқау берді. Қытай дәрігерлері 24-тен 200-ге дейінгі пульс түрлерін ажыратқан, соның ішінде 10 негізгі болып табылады. Пульстің ғылыми маңызы туралы Ңэй-цзиннің трактатында жазылған. Біздің заманымыздың ІІІ ғасырында пульс туралы Ежелгі Қытай ғылымы, пульс туралы 10 томдық трактатта жинақталды (Мо-цзин, 280ж). Пульс туралы ілім ежелгі қытайдан алысқа таратылып кетті. Атап айтса, Ибн-Сина келтіретін пульстің 48 түрінің 35-і ежелгі Қытай медицинасынан алынған.

Қытайда вариоляция әдісі кеңінен таралды. Оспа ауруынан сақтандыру мақсатында, сау адамдардың танау тесіктеріне оспамен ауырған науқастардың кептірілген іріңінің пустуласын тамызған.

Медициналық ережелер мен өсиеттердәң жинағындағы: «Медицина өлімнен құтқара алмайды, бірақ өз кеңестерімен өмірді ұзартып, мемлекетті нығайтуға шамасы келеді», - деген нақыл сөз аурудың алдын алудың қажеттілігі мен маңыздылығын куәлайды.

Дәрігерлердің еңбегін емдеу қызметінен гөрі, кеңес беру арқылы аурудың алдын алғаны үшін бағалау жүйесі таралған.

Қытай медицинасында гигиена мен алдын алу элементтеріне сәйкес, жалпы емдеуді бекітуші шараларға: диетаға, массажға, сулы процедураға, күнге сәулелендіру, емдік дене шынықтыруға көңіл бөлінген.

Қытайда мемлекеттік медициналық мекемелер болған. Олардың негізгі қызметі император ауласына қызмет көрсету болса да, іс жүзінде міндеттемелері кеңірек болған (мысалы індеттермен күрес). Қытай дәріханалары да арнайы мекеме ретінде өте ертеде пайда болған.

Ежелгі Қытайда дәрілік терапия өнері өз шыңына жетті. Әлемдік тәжірибеге Қытай Халық фармациясының – женьшень тамыры, лимонник, камфора, шай, жуа, сарымсақ, смола, ревень сияқты өсімдік құралдары және жануарлардан жасалатын дәрілер; бұғы пантасы, бауыр, желатин енгізілді.

Бұл саладағы ең үлкен еңбек – атақты шөп дәрісін дайындаушы Ли Ши –чженнің 52 томдық кітабы. Онда 1892 дәрілік шөптердің сипаттамасы берілген.

Қытайдың аңызға айналған билеушісі Шэнь Нунның «Травник» жинағы да фармация тарихында ерекше орын алады.

Аңыз бойынша, ол өкілдерін жердің түкпір-түкпіріне жұмсап, оларға емдік қасиеттерін анықтау үшін әртүрлі тастардың, металлдар мен өсімдіктердің үлгілерін үлгілерін әкелуді тапсырған. Барлық құралдардың әсерін өзіне сынап көрген. Осы сынақтардан кейін барлығы 365 атаудан құралған, оның ішінде 240-ы өсімдіктерден тұратын «Шэнь Нун бэнь-цао» кітабын жазып шығарған. Бұл кітапта ол барлығын үш жікке бөлген:

1. – 120-сы жасартатын қасеттері бар заттар- олар қауіпсіз болғандықтан пайдалануына шек қойылмайды.

2. - 120-сы сергітетін әсері бар заттар. Олар белгіленген мөлшерде ғана пайдаланылады.

3. - 125-і улы заттар. Олар қажетті мөлшерде әрі қысқа мерзім пайдаланғанда ғана емдік әсерін тигізеді.

Чжоу дәуіріндегі Ежелгі Қытайда дәрілік шөптерді пайдаланғандығы жөнінде нұсқаулар «Тан кітабы», «Шайхай- цзин» (жаратылыс туралы кітап) және т.б. жалпы әдебиетте кездеседі. Ежелгі Қытайдың ғалым-дәрігерлері емдік өсімдіктердің кейбір түрлеріне, олардың емдік қасиеттеріне сипаттама берген. Біздің заманымызға Чжан Чжунцзиннің Ван-Шу- Хе-нің «Шань-хань-лунь» (тифоздық безбе туралы ойлар) 10 томдық жұмысы келіп жетті. Бұл еңбек Қытай ғалымдары мен дәрігерлерінің кең қолдауына ие болған. Ол кітапта автор бір-бірінен өз қарапайымдылығымен ерекшеленетін және құрамында өсімдік қоспалары бар 113 жазба келтірген. Атап кетсе, хинн ағашының бұтақтарынан қайнатылған қайнатпаның құрамында пеон, мия, імбір және құрма болған.

Хуа То дәрігер (141 ж. шамасында туған), ауруды басатын затты пайдалану арқылы операция жасау үшін ауруға шарапта езілген ерігіш ұнтақ «ма фейсиньді» берген. Бұл ұнтақтың құрамында үнді коноплясының жасушалары бар.

І ғасырда «Шин-Нун-Бэнь- Цао» кітабы құрастырылған. Бұл кітапта 300-ден астам емдік құралдар мен көптеген жазбаларға түсініктеме берілген. Өсімдіктерден алынған заттармен қоса жануарлардан алынатын: панты (жас алабұғының мүйізі), мускус, қан, бауыр, жолбарыс жүрегі, пілдің терісі, тасбақаның басы, кептірілген кесірткелер, тасбақаның тас қабығынан дайындалатын ұнтақ т.б. жазбаларға сипаттама берілген.

Б.э.д. ІІІ ғасырда, кейіннен қытай медицинасының канонына айналған алғашқы ірі медициналық трактат, табиғат пен өмір туралы еңбек- «Нэй-цзин» пайда болды. «Нэй- цзин» - көп томдық шығарма. Онда қытай медицинасының негізгі принциптеріне, адам анатомиясына, физиологиясына және патологиясына сипаттама берілген, ауруды зерттеу және емдеу әдістеріне, негізгі ауру түрлерінің синдромына, халықтың денсаулығын нығайту жолдарына, жалпы алғанда, медицинаның негізгі міндеттеріне нақты да анық анықтамалар берілген.

Диагностика жасау мақсатында дене «терезелерін» (көз,құлақ, мұрын, ауыз) зерттеуге, аурудың дауысын есту, тамыр қағысын анықтау, аурудан шығатын иістерді зерттеуге нұсқау берілген. Адамдарды емдеу үшін жайландыратын, ауырғанды басатын, қан айналымын жақсартатын, ішек жұмысын қалпына келтіретін заттарды пайдаланған.

Қытай медицинасының тарихында «Нэй-Цзин»- нің маңыздылығына баға жетпейді. Бұл кітаптың қытайдағы атағы Гиппократ, Гален, Авиценна шығармаларының деңгейіне жеткен.

Б.э.д. ІІ ғасырда Қытайда әлемдік медицина тәжірибесінде алғаш рет «аурудың тарихын» жазу енгізілді. Емдік дәрілердің тізімі байытылды, дайындау және жасау техникасы жетілдірілді, фармакологиялық білімдер кеңейтілді. Жабайы шөптерден тұратын емдік шөптерді ғана жинау ешкімнің көңілін толтырмағандықтан, оларды мәдениетке енгізу қажеттілігі туындады. Ол үшін VI ғасырда арнайы дәрілік плантациялар - дәріханалық бақшалар ашылды. Ондай бақтардың бірі үшін астананың маңынан 300 му жақсы жерлер бөлінген. Ол Медициналық бұйрықтың қарамағында болды және онда арнайы оқытылған адамдар қызмет істеді.

22 фармацевті тексерістен өткізіп, ескі «шөптерге» толықтырулар енгізгеннен кейін, 502 -жылы өкімет әлемдегі бірінші фармокопея - «Шэнь- нун- бэн- цао- цзин» құрастырып, басып шығарды. Ол 7 томнан тұрды және 730 емдік дәрілерге сипаттама берген. Қорытынды мәтінді құрастыру Тоу-Хун-Цзиннің (452-536) атымен байланысты. Оның «Мин-бэй-лу» анықтама кітабы 16000 рецептен құралған және осы күнге дейін қытай дәрігерлері мен фармацевтерінің ең бағалы көмекші құралы болып табылады. 550- жылы Сюй-Дзы-Цаяның «Лэн-гун-яо-дуй» шығармасы шықты. Бұл еңбектің ерекшелігі, онда алғаш рет дәрілердің әсер етуінің сипаттамасы келтірілген. Барлық дәрілер 10 топқа бөлінген: желайдайтын, зәрайдайтын, жұмсартатын, қатайтатын, әлсірететін,байлайтын, жайландыратын, терлететін, тыныштандыратын және альтернативті.

Қытай медицина тарихында Сун-сы-Мяо (581-673) көрнекті орын алған. Өз зерттеулерін ол фармакологияға арнап, халық арасында «дәрі патшасы» атағына ие болған. Оның 30 томдық «Цзянь-цзинь-фан» (1000 алтын рецептер) еңбегі - қытайдағы дәрітанудағы теңдесі жоқ үлесі.

Мин дәуіріндегі Қытай фармациясының ең ірі өкілі, қытай емдік құралдарының маманы, әлемдік атағы бар ғалым, фармаколог Ли-Ши-Чжень (немесе Пин-ху) болатын. Ол 1518 жылы дәрігер отбасында дүниеге келген. Медицинаны 30 жасқа толғанда зерттей бастады, 800-ден астам фармакология кітаптарын оқып шықты. Ли-Ши-Чженнің 10 шығармасының үшеуі біздің заманымызға дейін жеткен. Олардың негізгісі 1892 емдік өсімдіктің сипаттамасы мен 11896 рецептуралық жазбалардан құралған 52 томдық «Бэнь-Цао-Гань-Му», қытай және әлемдік ғылымға енген баға жетпес үлес болып табылады. «Бэнь-Цао-Гань-Му»-дың 26 томында Ли-Ши-Чжень женьшень, ревень, лакричный корень, эфедра, қытай лиммонигі, сияқты емдік өсімдіктердің қасиеттерін талқылайды. Ли-Ши-Чженнің зерттеуі бойынша, пиязда, сарымсақта, қара өрікте, жапон жемолостында, қытай ветреницасында антибактериалдық және антитоксикалық қасиеттері басым болған. Туберкулезді емдеу үшін жапон гинкгосын пайдалануды ұсынған.

Тыныштандыратын және седативті қасиеті бар өсімдіктердің қатарына Ли-Ши-Чжень валериананы, өгейшөпті, қалампыр бастарын, полиморфты ангелика тамырын, кокос жаңғағын, жас бамбуктың сабағын, жүзім сабағын жатқызған.

Ли-Ши-Чженнің жинағында екдік өсімдіктердің басқа да көптеген топтары жинақталған.

Ли-Ши-Чженнің «Бэнь-Цао-Гань-Му»- дың 30 томы жануарларды сипаттауға және оларды емдік заттар ретінде пайдалану жолдарына арналған. Жалпы сергітетін қызмет көрсету мақсатында мускусты тағайындаған. Осы мақсатта одан да кеңірек панттар пайдаланылған. «Панттар ер күшінің әлсіреуінде өте жақсы көмектеседі»,- деп жазады Ли-Ши-Чжень.

Емдік препараттар жасауда үй жануар


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: