Металполимерлі материалдар

Металлполимерлі жүйелердің классификациясы (матрицалық, каркастық, қатпарлы, дисперсті). Металлполимерлі жүйелерді құрудың негізгі принциптері. Металлполимерлі материалдарды құрудың үш кезеңі: I- бастапқы компоненттерді дайындау; II- компоненттерді біріктіру; III- жүйе қасиеттерін тұрақтандыру. Металлполимерлі жүйелерді алу әдістері және қасиеттері. Металлполимерлі материалдар. Металлполимерлі жүйелердегі кейбір әрекеттесу эффектілері.

 

Наноқұрылымды полимерлі материалдар

Наноқұрылымды полимерлі материалдар алуға пайдаланылатын полимерлер. Матрицалық нанокластерлерге металданған бейметалл, органикалық матрица және полимерлер жатады. Полимерлі наноқұрылымдыларға ақуыз және нуклеотидтер сияқты биополимерлер жатады. Бұл нысандардың құрылысы өте күрделі және әр түрлі аса бағалы қасиеттерімен ерекшеленеді. Полимер матрицасында нанокластерлер түзуге химиялық реакциялар жүретін нанокеуектер болады. Мұндай реакциялардың жылдамдығы макроскопиялық кеңістікте жүргізген реакцияның жылдамдығымен тең, бірақ кластер пішіні нанокеуектердің пішінімен теңеседі. Ерітіндідегі немесе қатты денедегі жабық кеуекте нанокластер түзе жүретін реакция, минималды пішінді кластер түзеді:

 

a - кластердің беткі энергиясының тығыздығы, r - кластерлердің тығыздығы, Dm - кластерлер түзілгендегі химиялық потенциалдың өзгерісі.

Кластердің нанокеуектегі максималды пішіні кластер түзетін нанокеуектегі атомдар мөлшерімен n0 анықталады:

Кеуектерінің мөлшері 10 нм-ге дейінгі материалдар кеуек мөлшеріне және бастапқы концентрациясына байланысты мөлшері 1-ден бірнеше нанометр болатын оқшауланған нанокластерлер түзеді. Тігу дәрежесіне сәйкес полимерлі материалдардың мөлшерін өзгертуге келетін ең ыңғайлы материалдар.

Макромолекулярлы және супрамолекулярлы наноқұрылымдар. Наноқұрылымды полимерлі материалдардың құрылысы. Наноқұрылымды макромолекуланы құруға қатысатын молекулалы блоктар: сызықты, тігілген, тармақталған, дендритті. Наноқұрылымды макромолекула пішіні: иілгіш бұдақ, қатты өзек, цикл, полиротаксан, әлсіз тігілгіен, тығыз тігілген, өзара енетін торлар, өздігінен тармақталған (қысқа тізбек), тармақталған (ұзын тізбек), қырлы тәртіпті тармақталған, жұлдызды тәртіпті тармақталған, өздігінен аса тармақталған, бақылана аса тармақталған, тәртәпті дендрон және дендример. Полимерлі матрицада бейорганикалық кластерлерді иммобилизациялау.

 

Резина өндірісінде қолданылатын полимерлер

Резина өндірісінде қолданылатын полимерлер түрлері. Полимерлерді өңдеу: пластиктеу, төлдеу қоспасын дайындау, қайта вальцтеу, араластыру. Резина бұйымдарының алуан түрлілігі. Резина қоспаларын құру. Термопластты, изоляциялық, дөңгелек өнеркәсібінде қолданылатын полимерлер. Полимерлердің және каучуктің арнайы қолданылуы: электротехника және электроника, ауыл шаруашылығы және сат өнеркәсібінде, тұрмыс техникасында, медицина және медикобиологиялық, спорт.

 

Арнайы қолданылатын шайырлар

Шайырлар: табиғи, синтетикалық. Шайырлардың кемшіліктері. Шайырлардың беріктілігі. Сыртқы факторлардың ыдырау процесіне әсері. Полимерлі шайырлардың теориялық, шекті және реалды беріктілігі. Бутадиен және акрилонитрил сополимерлері негізіндегі май- және бензотұрақты шайырлар. Полиуретанды шайырлар. Желім өнеркәсібінде қолданылдатын шайырлар.

 

Электрөткізетін полимерлер

Электрөткізетін полимерлер құрылысының ерекшеліктері. Электрөткізетін қоспалары бар полимерлі материалдардың электрөткізу механизмі туралы. Электрөткізетін полимерлі материалдардың құрылысы. Электрөткізетін полимерлі материалдардың лак-бояу жабындысы ретінде қолданылуы. Диэлектрлік қасиеттері.

 

Акустикалық қасиетті полимерлі материалдар

Негізгі акустикалық сипаттамалар: дыбыс сіңіру, сөну коэффициенті (), шекті дыбыс тербелісінің таралу жылдамдығы (С). Акустикалық полимерлі материалдар. Полимерлі материалдардың виброакустикалық сипаттамаларын арттыратын қоспалар: кальций карбонаты, күйе, мырыш оксиді, шыны талшық, диатомит, слюда. Виброакустикалық қасиетті пластмассалар: сотопласттар және пенопласттар.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: