атты вариативтік компонент

 

Түсінік хат

«Экология»- биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен «экология» терминін ғылымға алғаш енгізген Э.Геккель (1866). Экология термині гректің «ойкос»- үй, тұрақ, мекен және «логос»- ғылым деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір- бірімен қарым-қатынасын, байланысын, айнала қоршаған ортасымен байланыстырып зерттейтін ғылым.

 

Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерімен сабақтас жүргізіліп отырса, табиғатқа жанашырлық таным-түсінік қалыптасатындығы табиғи шындық.

 

Экологиялық тәрбиеге байланысты табиғат аясындағы еңбекке тоқталатын болсақ, ол бүлдіршіндерге бақшада, табиғат мүйісіндегі еңбектерге қатыстыру болып табылады. Табиғат аясында, табиғат бұрышындағы гүлдерді күтіп баптауға, жануарлармен құстарды қорғай білуге ынталандыру. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін нығайтып, оны қорғау, қамқоршы болуға, қиялдау шығармашылығын дамытып, ересектер еңбегін бағалай білуге машықтандыру.

Бұл топтағы балаларды табиғат туралы түсінік тәрбиеші көмегімен (көшені, жолды тазарту, қарды күреу) балалардың өз аулаларының қарын тазалауға көмектесулері, ақпаратпен жұмыс жаңа ақпаратты қалай ұсыну керектігін, оның кімге қызық екндігін түсінеді.

 

Мақсаты: Баланың тірі және өлі табиғат нысандарына қызығушылықпен білуге құштарлық негізінде өзін-өзі дұрыс ұстау жайлы түсініктерін қалыптастырып, оң қатынас жасауға баулу. Экологиялық тәрбие жұмысының негізгі мақсаты бойына ұлттық әдеп-ғұрып, салт-дәстүр мұраларын сіңірген, болашақ табиғат жанашыры болатын, рухани жан дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеу.

 

Міндеттері:

1. Мектепке дейінгі 5-7жастағы балаларда адамдардың мінез-құлқы мен қоршаған орта жағдайының арсындағы байланысты анықтау мақсатында түрлі ортадағы жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі жөніндегі түсініктерін қалыптастыру үшін жағдай жасау.

2. Табиғат құбылыстарын эмоционалды түрде қабылдауды, қоршаған ортаға жағымды қарым-қатынасты, табиғат сұлулығын көре білу іскерлігін қалыптастыру.

3. Балаларда табиғаттың бір бөлігі болып саналатын адамға және табиғатқа қамқорлықпен қарауды қалыптастыруды жалғастыру.

I.Негізгі себептер:

-Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті жүйесінде «Экология негіздерімен» таныстыру.

-Қоршаған табиғи ортасын бағалай білуге үйрету.

-Экология мен еңбек- адамгершілік тәрбиесінің құралы.

II. Балалардың жұмыс мазмұнының сипаттамасы.

Экология негіздері оқу іс-әрекетінде- табиғатты қорғаудың қалай жүзеге асырылатыны мен ағашты бей-берекет кесуге, жылдың құрғақ кезінде от жағуға тиым салынуы, жабайы аңдарды азықтандыру т.б жұмыстармен таныстыру.

Табиғаттың көктемдегі құбылыстары, адамдардың еңбегі туралы балалардың білімдерін толықтыру. Табиғаттағы гүлдердің гүлденуін байқау, жәндіктерді қызыл қоңыз, құмырсқалардың іс-қимылдарын бақылау, табиғат бұрышындағы өсімдіктер туралы дидактикалық ойындарды пайдалану. Балалардың табиғатты қорғау туралы білімдерін тереңдету, туған табиғаттың әсемділігіне назар аударып, әркез қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі бала күн сайын жаңа құбылыстармен, заттармен кезігеді,айнала өмірді бақылап, өздігінен түсініп, қорытынды жасауға икемденеді. Бірақ, үлкендердің жетелеуінсіз өздігінен игерген білімі мен түсініктері жүйесіз, қате болады. Сол себептен педагогтың міндеті,баланың білім қорының молаюына, жинақталуына көмектеседі. Бала айналадағы заттар, оның сапасы, қолданылатын орны, қасиеттері, қандай заттан жасалатыны жайлы нақты түсінік алуы керек.

 

Сондай-ақ, кейбір табиғат құбылыстары туралы, олардың өзара байланысы, өсімдіктердің, жануарлардың дамуын танып-білу, бақылау және қоғамдық құбылыстармен, оқиғалармен, үлкендердің еңбегімен, мерекелермен таныстыру арқылы балалардың дүние, табиғат, қоғам, Отан туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыруымыз қажет.

 

Адам баласының табиғат пен еңбек жөніндегі адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

 

Мысалы: ауладағы еңбек-жерді сыпыру, құмды үю, үлкендердің еңбегін бағалау, көмектесу. Гүлзардағы гүлдердің ұрығын жинау оларға қамқорлық жасау. Ауладағы ағаштардың жапырақтарын жинау, жерге түскенін кептіру, гербарий жасау, кептірілген табиғи материалдардан экибано жасау, көрме ұйымдастыру. Мұның бәрі экология мен еңбектің бір-бірімен тығыз байланысты екенін дәлелдейді. Осылайша туған жерге, табиғатқа деген балалардың сезімі басталады.

 

Табиғат бұрышында, ғылым орталығында бөлме өсімдіктеріне күтім жасау, оның өсуін бақылап белгілеу, баланың бойына қорғау, сақтау деген ұғымдарды сіңіріп тәрбиелеп және де «Жыл мезгілдері», «Жануарлар әлемі», «Өсімдіктер әлемі», «Табиғат құбылыстары», «Құстар әлемі», «Гүлдер», «Бөлме өсімдіктері», табиғат күнтізбесімен күнделікті жұмыс жүргізіліп отырады. Құнсыз заттарды, табиғи материалдарды пайдаланады. Қоршаған ортаға қатысты өз іс-әрекетін болжау іскерлігі мен ниетін қалыптастырып, шамасы келгенше оны сақтайды және жақсартуға қатысуды қамтамасыз етеді. Тәжірибемен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, «Экология негіздері» деген бөлімінің алғашқы парағы балаға ашылады.

Ата-аналармен табиғат аясына серуенге барып, ол жерде табиғаттың әсемділігін тамашалап, қызығушылық сезімдері артып, ағаштардың, бұталардың жапырақтарына, бұталары мен жемістеріне қарай бір-бірінен ажырата білді, эстафеталық ойындар ойналып, неше түрлі гүлдер, ағаштардың жапырақтарын жинадық.

Топқа керек табиғи материалдар жинап, табиғат аясында ауа-райындағы өзгерістерге бақылау жасап, таза ауада балалар өз көздерімен көргендерін қағаз бетіне бейнеледі.

Сонымен қатар, «Сәлем Алтын күз», «Жаңа жыл», «Армысың Наурыз» т.б. ертеңгіліктері арқылы қоршаған ортасын бағалай және үлкендердің еңбегі балаларға

Жақсы көмек береді. Табиғат тамашаларын балалармен бірігіп сезе білуге жүзеге асып отырады. Балалардың жас шамасына сай қабылдау деңгейлері өседі.


 

2014-2015 оқу жылының «Шағала» тобының балаларына арналған «Тәрбиенің негізі-табиғат, ал адам табиғаттың бір бөлігі» атты вариативтік компоненттің тақырыптық күнтізбелік жоспары

Тақырыбы Мақсаты Қолданылатын құралдар Сағат саны Күні
1. «Балабақша ауласындағы серуен» д/о: «Ағаштар» Балаларға ашық алаңдағы серуендеу арқылы табиғаттың тамаша құбылыстарын бақылату. Сюжетті суреттер, ауладағы ағаштар, гүлдер, шыршалар.    
2. «Зообаққа саяхат» д/о: «Не жоқ?» Зообаққа серуенге барғандарын әңгімелету, ондағы жануарлардың тіршілігі жайлы білімдерін кеңейту. Фотосуреттер, зообақтағы жануарлардың суреттері, ойыншықтар.    
3. «Күз мезгіліндегі құбылыстар» д/о: «Қай мезгіл?» Жыл мезгілінің құбылыстарын, ондағы өзгерістерді бақылату, күз мезгілі жайлы өлең жаттату. Күз мезгілінің суреттері, бақылау күнделігі, қағаз, қарындаштар.    
4. «Табиғат тамашасы» д/о: «Не өзгерді?» Балалардың табиғат тамашасын бақылай білуге үйрету, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Мазмұнды суреттер, теледидардан дискілер көру, слайдтар.    
5. «Табиғатты қорғау-ел амандығы» д/о: «Жер, су, ауа» Балаларды табиғатты аялап білуге, өз жерінің табиғатын күте білуге, оны қорғай білуге тәрбиелеу. Табиғат жайлы фотосуреттер, дискілер, слайдтар.    
6. «Құстар-біздің досымыз» д/о: «Құстар» Құстар жайлы балалардың түсініктерін кеңейту, табиғат байлығын қорғауға үйрету, тілдерін дамыту, сөздік қорларын дамыту. Үнтаспадағы құстардың дауысы, сюжетті суреттер, слайдтар.    
7. «Табиғатты аялайық» д/о: «Қай ағаштың жапырағы» Экологиялық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, табиғатты сүюге, қамқор жасай білуге тәрбиелеу. Слайдтар, сюжетті суреттер,дискілер.    
8. «Бөлме өсімдіктері» д/о: «Жұп гүлдер» Балалардың бөлме өсімдіктерін күтуге үйрету, су құйып түбін қопсыту жөнінде түсініктерін бекіту. Бөлме гүлдері, мазмұнды суреттер, фотосуреттер.    
9. «Біздің жердің табиғаты» д/о: «Бұл не» Үлкендердің еңбегін құрметтей білуге үйрету. Үлгі суреттер, слайдтар, сюжетті суреттер.    
10. «Өсімдіктердің жан дүниесі» д/о «Қай өсімдік?» Өсімдік туралы балалардың қамқорлық сезімдерін қалыптастыру, өсімдіктерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. «Өсімдіктер әлемі» кітабы, слайдтар, сюжетті суреттер.    
11. «Алматы қаласына саяхат» д/о: «Кім жылдам?» Алматы қаласының, көрікті жерлері туралы мәлімет беру, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Үлгі суреттер, слайдтар, сюжетті суреттер.    
12. «Күздің соңғы айы» д/о «Қай мезгіл?» Жыл мезгілдері жайлы түсініктерін кеңейту, тілдерін дамыту күзгі табиғатты аялауға үйрету. Күз мезгілінің суреттері, үнтаспа, мазмұнды суреттер.    
13. «Дәрілік өсімдіктердің пайдасы» д/о «Дәріхана» Балаларға дәрінің неден жасалатынын, оның қандай пайдасы бар екенін түсіндіру. Дәріханаға керек заттар, ойыншықтар, сюжетті суреттер.    
14. «Табиғат әлеміне саяхат» Балаларға экологиялық, танымдық ұғым беру. Пікірлерін тыңдау. Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Тірі табиғатты қорғау жөнінде түсінік қалыптастыру. Балалар арасындағы коммуникативті қарым – қатынастарын дамыту. Құстардың, жануарлардың суреттері, қарындаш, ақ қағаз.    
15. «Құстардың қысқы тіршілігі» д/о «Қайсы нені үйді?» Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Қыс мезгілінің, құстардың сюжетті суреттері, үнтаспадағы құстардың дауыстары.    
  «Қардың суға айналуы» д/о: «Суға бататын заттар» Судың мөлдір және түссіз екеніне көз жеткізу, қардың суға айналуын бақылату. Қар, зерттеуге арналған заттар,қыс мезгілінің суреттері.    
17. «Қыс мезгіліндегі жабайы жануарлардың тіршілігі» д/о «Қай жануар?» Жабайы жануарлар туралы балалардың қамқорлық, аяушылық сезімдерін қалыптастыру. Қыс мезгілінің сюжетті суреті, жабайы жануарлардың суреттері, слайдтар.    
18. «Шырша жасауды үйренгім келеді» Балалардың экологиялық сана - сезімінің негізін, табиғатқа деген сүйіспеншілік, қамқорлық қарым - қатынасын қалыптастыру. . Күнделікті отбасы тәрбиесінде балалардың еңбек түрлеріне қатысуын, еңбекте белсенділік танытуын қамтамасыз ету, іс - әрекетін әңгімелей білуін, қызығушылықтарын тәрбиелеуді жалғастыру. теледидар экраны, шырша суреті, түрлі – түсті түтікшелер, үлгі – шырша, ойынға қажетті суреттер, алдын – ала дайындалған ағаштар, смайликтер, салфеткалар.    
19. «Табиғат бұрышындағы еңбек» д/о «Не қайда өседі?» Ғылым орталығындағы гүлдерді күтуге, баптауға үйрету, балаларды еңбекке баулу, үлкендердің еңбегін бағалай білуге дағдыландыру. Гүлдер топтағы, су құйғыш, шаң сүртетін шүберек, сюжетті суреттер.    
20. «Қысқы табиғат көрінісі» д/о «Бұл не?» Қыстағы табиғат көріністерінің ерекшеліктерімен таныстыру, ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту. Қыс мезгілінің мазмұнды суреттері,үнтаспа.    
21. «Нанды бағалай білесің бе?» д/о «Аспазшыға не керек?» Балалардың ақыл ой қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, нанды бағалауға, қадірлеуге үйрету. Үлгі суреттер, сюжетті суреттер.    
22. Сиқырлы сүт «д/о «Не өзгерді?» Тәжірибе арқылы баланың танымдылық қасиетін дамыту,сөз байлығын толықтыру.Жаңа материалармен іс-әрекетте мақсат қоя отырып,нәтиежеге жете білуге қалыптастыру. Сүт туралы түсінік беру (пайдалы, сұйық,ақ). Мәдениеттілік гигеналық дағдыларына үйрету,сүтпен жұмыс жасағанда ұқыптылыққа тәрбиелеу. рөмке(стакан)сүт,қасық,тосап(варенье) сүрткіш, түтікше, алжапқыш,леген (поднос) жеңұш (манжет).    
23. «Қар жамылған ағаштар» д/о «Қай ағаштың бұршағы?» Қыс мезгіліндегі ағаштардың құбылысын бақылату, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Қыс мезгілінің суреті, слайдтар, үлестірмелі суреттер.    
24. «Пайдалы қазбалар» д/о «Бұл не?» Балалардың пайдалы қазбалар (көмір, мұнай, алтын) жайлы түсініктерін кеңейту. «Пайдалы қазбалар»кітабы, сюжетті суреттер.    
25. «Құстар әлемі» д/о «Құстарды таны» Балаларға құстар әлемі жайлы айту, сурет бойынша әңгімелеу. «Құстар әлемі» кітабы, слайдтар.    
26. «Көктем құбылыстары» д/о «Табиғат құбылыстарын ажырат» Жыл мезгілінің өзгерістерін байқау, алған әсерлерін құрбыларымен бөлісу, тілдерін дамыту. Көктем мезгілінің суреттері, бақылау күнделігі, түрлі-түсті қарындаштар,ақ қағаз, үнтаспа    
27. «Наурыз-табиғат қорғау мерекесі» д/о «Тақия тастамақ» Балалардың табиғаттағы өзгерістерді бақылауға үйрету, қиялдарын дамыту. Топтағы наурыз мерекесіне арналған көрме, үнтаспа.    
28. «Құстар серуені» д/о «Ұшты-ұшты» Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, құстарға қамқорлық жасауға үйрету. Құстардың үнтаспадағы дауыстары, слайдтар.    
29. «Таза ауадағы дене тәрбиесі» д/о «Кім бірінші?» Даладағы табиғаттың әдемі құбылыстарын тамашалату. Суреттер, ойыншықтар,атрибуттар.    
30. «Табиғат адамзат өміріндегі нәр» д/о «Батады-батпайды» Қоршаған ортаны лас, тазалығын байқату, оның адам ағзасына кері әсерін айту, түсіндіру. Үлгі суреттер, слайдтар, үнтаспа.    
31. «Табиғатқа байланысты отбасындағы дәстүрлі тиым сөздер» Балалардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру, табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу. Жұмбақ кітапшалар, үлгі суреттер, слайдтар    
32. «Жәндіктер әлемінің жұмбағы» д/о «Танып атын айт» Жәндіктердің пайдалы, пайдасыздары туралы түсінік беру, олардың тіршілігімен танысу. Жұмбақ кітапшалар, үлгі суреттер, слайдтар    
33. «Туған өлкенің табиғаты» д/о «Сиқырлы қобдиша» Балаларды туған қаланың табиғатымен танысуды, одан әрі жалғастыру, тіл байлығын, сөздік қорларын дамыту. Алматы қаласының фотосуреттері,слайдтар.    
           

 


Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.«Экология» Ә.С.Бейсенова 2000ж Алматы қаласы.

 

2.«Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру» С.А.Веретеникова 33 бет, 1985 ж.

 

3.«Отбасы және балабақша» журналы №6,2003 ж.

 

4.«Айнала қоршаған орта. Экология» А.Е. Манкеш Алматы кітап баспасы 2011ж.(әдістемелік нұсқау)

 

5.«Табиғатты бағала да аяла» А.Е.Манкеш 72 бет, 2001ж.

 

6.«Отбасы және балабақша» №6, 2004ж.

 

7. «Айналаны қоршаған орта. Экология» А.Р. Алиякбарова, А.Е. Манкеш Алматы кітап баспасы 2007ж.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: