Детерминация деген не?

Жоспар

Онтогенез. Жеке дамудың заңдылықтары

1 Дефференциация мәні неде?

2 Адам ұрығының дамуы

Детерминация деген не?

Ақау түрлері

Онтогонез [1](грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын клетканың ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша Онтогенез барысында ұрықтың әрбір клеткасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі клеткалары мен клетка кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Жеке адам дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.

Қоғам мүшеі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады.Жеке адам сондай- ақ саяси қатынастардың әсеріне де тәуелді болады. Бас бостандығы бар ма немесе езгіде жүр ме, саяси құқы бар ма, әлде жоқ па, сайлауға және сайлана алуға праволы ма, қоғамдық өмір мәселелерін талқылауға қатыса ма немесе үстем таптың ырқын жай ғана орындаушы ма- осылардың бәр- бәрінен жеке адам психологиясы тәуелді болып отырады.

Жеке адам сондай- ақ идеологиялық қатынастар әрекетінің ықпалында болады. Идеология, не қоғам жайындағы идеялар жүйесі жеке адамның психологиясын, дүние танымын, әлеуметтік бағдарларын қалыптастырады. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру жеке адамның қоғамдық құбылыстарда дұрыс бағдар ұстауына және қоғам дамуындағы өзінің орны мен ролін айқын аңғаруына көмектеседі. Қоғам және адамға мектептегі оқу мен тәрбие, радио, теледидар және де басқа бұқаралық насихат құралдары арқылы идеологиялық ықпал етеді.

Жеке адам психологиясының қалыптасуына сонымен бірге оның өзі кіретін әлеуметтік топтың психологиясы да әсер етеді. Қарым- қатынас процесінде адамдар бір- біріне ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде көзқарастағы, әлеуметтік танымдағы ортақтық және қоғамға деген қатынастардың өзге де түрлеріне, еңбекке, адамдарға, өз басының қасиеттеріне ортақ көзқарас қалыптасады. Демек, жеке адамның өмірдің материалдық және саяси жағдайларын бейнелеуі ірілі- ұсақты әлеуметтік топтардың психологиясына орайласып келеді екен.

Жеке адам қоғамдық қатынастардың тек объектісі ғана емес, сондай- ақ субъектісі де, яғни белсенді буын. Жеке адам басқа адамдармен қарым- қатынаста бола отырып тарихты жасайды, бірақ күшпен емес, объективті оғам заңдылықтарының қажеттілік әсерімен жасайды. Алайда тарихи қажеттіліктің өзі жеке адамның қоғам алдындағы өзіндік болмысын д, өз мінез- құлқы үшін жауапкершілігін де жоққа шығармайды.

Жеке адам- саналы тіршілік иесі, ол өзінің өмір жолын таңдай алады: езгідегі жағдайына мойын ұсына ма, немесе әділетсіздікке қарсы күресе ме, барлық күш- жігерін қоғам игілігіне жұмсай ма, немесе жеке басының мүддесін ғана ойлай ма- оның өз ісі. Бұл тек адамның қоғамдық жағдайына ғана байланысты емес, сонымен қатар оның қоғам дамуының объективті заңдылықтарын ұғу деңгейіне де тікелей байланысты. Әрбір жеке адамның қоғам өміріндегі ролі мен мәні қоғамдық қатынастардың дамуына қарай арта түсіп отырады. Қоғамдық дамудың шапшаңдауына қарай жұртшылықтың адам правосы үшін күресі де етек алып кеңейеді. Бұл күрес жеке адамды қызықтырып қана қоймайды, сондай- ақ оны қалыптастырады, оның қоғамдық іс- әрекетін жандандыра түседі. Адамды феодализм құлдығынаназат ету жеке адам дамуындағы революциялық қадам болды, ол адамның қоғамдағы ролін арттыра түсті, ал капиталистік құлдықтан құтқару жаңа әрі аса ұлы революцяи болды, ол жеке адам дамуына шексіз мүмкіндіктер ашты және оны қоғам дамуының нағыз қайраткеріне айналдырды. Детерминация - дүние құбылыстарының себептілігі және табиғат, қоғам құбылыстарында заңдылыктың барлығы. Детерминация –гендер жиынтығы бірдей болып келетін жасушалардың сыртқы белгілері, яғни фенотиптері, бойынша ерекшелене бастауына алып келетін маңызды эмбриональдық құбылыс болып саналады. Басқаша айтқанда детерминация ұрық жасушаларының белгілі бір даму жолын таңдауы болып табылады. Детерминацияланған жасушалардың потенцияларының азаятындығы өзінен-өзі түсінікті. Жасушалардың детерминацияланған күйінің тұқым қуалайтындығы иммагиналдық таспаларды қондыру тәжірибелері арқылы дәлелденген. Егер иммагиналдық таспаны бір дернәсілден екіншісіне қондырсақ, дернәсіл қуыршақ сатысына өткен кезде, трансплантант тиесілі мүшеге айналады.

Жүктілік (лат. gravіdіtas) – физиологиялық құбылыс; ұрықтанған жұмыртқа клеткасының жатыр қуысында дамуы. Жүктілік ұрықтанудан басталады. Ұрықтанғаннан кейін зиготаның бөлшектенуі, яғни бластомерлер (жұмыртқа клеткасы бөлінген кезде түзілетін клетка бөлшектері) пайда болады. Соның нәтижесінде бір клеткалы ұрықтан көп клеткалы ұрық – морула түзіледі. Бөлшектену кезінде ұрық жатыр түтігінен жатыр қуысына қарай жылжиды. Бұл процесс 4 – 5 күнге созылады. Бұдан кейін ұрық морула сатысында жатырға түсіп, бластоцистаға (іші сұйыққа толы қуыс) айналады. Адам ұрығының қағанақ (амнион), бүр (хорион) қабықтары болады. Бүр жатыр денесіне еніп, жатыр клеткаларымен қосылуының нәтижесінде бала жолдасы пайда болады. Бала жолдасы ұрықты ана организмімен байланыстырады. Қағанақ ішінде ұрықты қоршап жатқан қағанақ сұйығы бар. Қағанақ сұйығы ұрықты түрлі зақымданудан сақтайды. Сондай-ақ, ұрық өзінің өсіп дамуына қажетті минералды заттарды осы сұйықтан алады. 7-тәулікте ұрық жатырдың шырышты қабығына енеді. Мұны – имплантация деп атайды. Имплантация тез өтеді. Ұрық шырышты қабыққа толық енгеннен кейін, оның үстіндегі тесік жабылады. Бұл имплантацияның аяқталғанын көрсетіп, Жүктілік дамуының алғашқы бастамасы деп есептелінеді. Кейде жатыр түтігінің ауруға шалдығуының салдарынан ұрықтанған жұмыртқаклетка жатыр қуысында жылжи алмай, жатыр түтігінің ішкі қабатында жабысып өседі. Мұны – жатырдан тыс жүктілік деп атайды (қ. Жатыр). Жүктіліктің дамуында: ұрықтық (эмбрионалды) және нәрестелік (феталды) кезеңдер ажыратылады. Ұрықтық кезең – ұрықтану мезгілінен бастап, Жүктіліктің 2-айының соңына дейін созылады. Бұл кезеңде ұрықтың дамуы өте қарқынды жүреді. Ұрықтың бейімделушілік қабілеті әлі толық жетілмегендіктен, ұрық зақымдаушы факторлардың әсеріне өте сезімтал келеді. Оттек жетіспеушілігі, дененің қызуы, микробтар, вирустар, антиметаболиттер, есірткі, т.б. зиянды заттар эмбрион дамуының бұзылуына, оның өліміне немесе туа біткен мүгедектікке әкелуі мүмкін. Нәрестелік кезең – Жүктіліктің 3-айынан нәресте туғанға дейін созылады.

Бұл кезеңде құрсақтағы нәрестенің тез өсуі, тіндердің жіктелуі, мүшелер мен жүйелердің дамуы жүреді. Нәрестенің тіршілігін құрсақ ішіндегі даму кезінде және туғаннан кейін қамтамасыз ететін жаңа функционалдық жүйелер тұрақтанады. Бала жолдасының функционалды белсенділігі артқан кезде ұрықтың дамуы ана организмімен өзара байланыста, тұрақты түрде жүреді. Ана мен құрсақтағы нәресте арасындағы өзара байланысқа биохимиялық, иммундық, эндокриндік, жүйкелік, т.б. механизмдер қатысады. Жүктілік кезінде әйел организмінде күрделі физиологиялық өзгерістер байқалады. Әйелдің сыртқы бейнесі, жүрісі өзгереді, бетіне сепкіл түседі. Тері қабаттары өзгереді. Жатырдың өсуіне байланысты құрсақ созылып, іштің ақ жолағы кеңейеді.

Ішкі секреция бездерінің де қызметі өзгереді. Бала жолдасының гормон бөлуіне байланысты әйелдің сүт бездерінің көлемі ұлғайып, емшек ұшын қысқанда сары уыз – сұйық зат бөлінеді. Жүректің соғуы жылдамдап, қан мөлшері артады. Қан тамырлары кеңейіп, газ алмасу процесі жақсы жүреді. Ұрықтың дұрыс қалыптасып өсуі ананың денсаулығына, жасына, қанша бала тапқанына байланысты болады. Мысалы, түрлі аурулар (туберкулез, тұмау, диабет, бауыр ауруы, т.б.), дұрыс тамақтанбау немесе кейбір дәрі-дәрмекті дәрігердің рұқсатынсыз қабылдау, сондай-ақ, шылым шегу мен алкогольді сусындарды ішу – Жүктіліктің қалыпты дамымауына әкеліп соқтырады. Жүкті әйел мезгілімен жатып, күніне 8 – 9 сағат ұйықтап, витамині мол, көкөніс, жеміс-жидек, т.б. тағамдарды ішу қажет. Сондай-ақ гигиена талаптарын дұрыс орындап, денесін қыспайтын киім киіп, тазалық сақтауы, дәрігер белгілеген гимнастикалық жаттығуларды үзбей орындауы қажет. Денешынықтырумен шұғылданған әйел тез әрі жеңіл босанады. Жүктіліктің ұзақтығы – 280 күн (40 апта). Жүкті әйелдер перзентханада босанып, үйге шыққан соң әйелдер консультациясының, акушер-гинекологтің бақылауында болуы қажет.

Дифференциация (фр. differentiation, лат. Differentia - айырымы, айырмашылық) — геологияда: тектік түрғыдан байланысты, бірақ қүрамы жағынан анық ерекшеленетін бірнеше жаңа өнімдердің бір ғана материал есебінен қалыптасуын қамтамасыз ететін барша геологиялық процестер жиынтығы. биологияда: - бастапқы бірдей немесе бірдей элементтен тұратын жүйені түрлі сапалы бөлімдерге бөлу. жүйенің кеңеюі мен интенсификациясымен байланысты, және оның бөліктері арасында бөлу, жүйені интеграцияға сәйкес механизмдері даму жағдайы кезінде оның толық жұмыс істеуіне тиімділік береді. бірнеше тұрғыдан қарастырылады: филогенетикалық жалпы таксонды екі немесе бірнешеге бөлу, (мыс., адаптивті радиация, түртүзу). Түрдің популяцияда табиғи ресурстарды түрдің толығымен тиімді қолдануына әкеледі. Морфофизиологиялық эволюция үрдісі кезінде ағзада түрлі қызмет атқаратын түрлі сапалы мүшелердің пайда болуы; осындай Д. бір қалыпты кезеңдері биологиялық ұйымдасудың негізгі деңгейлеріне сәйкес келеді; бұл морфофизиологиялық дамудың бір белгісі.

Аномалия (көне грекше: anоmalіa — ауытқу) — қалыпты жағдайдан және жалпы заңдылықтан ауытқу, бұрыстық.

1. Геологияда — табиғаттағы құбылыстың әдеттегі немесе теория бойынша болжанған шамадан күрт ауытқуы. Жер қыртысының түрлі физикалық қасиеттерінің қалыпты шамадан ауытқуы геофизиялық аномалия деп, ал жер қыртысындағы кейбір химиялық элементтер мөлшерінің қалыпты шамадан ерекше көп болуы геохимиялық аномалия деп аталады.

2. Медицинада — іштегі нәресте дамуының бұзылуы салдарынан организмнің құрылымында кездесетін вариациялық өзгерістердің шектен шығып, тұрақты морфологиялық ауытқуларға ұшырауы. Аномалия балалар арасында жиі кездеседі. Оған негізгі кемістік категориялары: есту, көру, сөйлеу жүйесінің бұзылуы, ой-өрістің артта қалуы жатады. Аномалия туа және жүре пайда болған аномалия болып екіге бөлінеді. Туа болған аномалия тұқым қуалайтын ауруларға байланысты немесе химиялық, механикалық, радиациялық т.б. әсерлерден болса, жүре пайда болған аномалия жұқпалы аурулардың (полиомелит, қызылша, менингит т.б.) салдарынан болады. Соның кесірінен балалар сақау, соқыр, мылқау, кекеш немесе ақыл-ой кемістігіне ұшырайды.

3. Аномалия (көне грекше: anomalia — ауытқу) — эмбриондық дамудың бүзылуы нәтижесінде адам мен жануарлар организмдерінің немесе олардың мүшелерінің қалыпты жағдайдан құрылымдақ ауытқуы. Организмнің және оның мүшелерінің анық дамыған аномалияларын "даму ауытқулары немесе кемістіктер" — деп атайды. Қар. Тератогенез.[1]


II. Аномалия — құжаттамадағы немесе программа жұмысындағы, күнібұрын тексерілген программалық өнімге немесе құжаттамаға негізделген, күтілген жағдайдан ауытқуы байқалған жайттар. [2]

III. Аномалия (ауытқу). Тістердің, жақ сүйек жүйесінің нормадан ауытқуы, яғни кемістігі. [3]

Аномалия — метеорологиялык элементтің орташа тәуліктік, бес күндік, айлық және тағы да басқалары шамаларының осылардай көп жылдық шамалардан ауытқуы. Мысалы, егер биылғы жылы қаңтардың орташа темлературасы Қостанай қаласында —18,5°С, ал оның көп жылдық орташа температурасы —14,8"С болса, онда биыл қаңтардағы темперагураның Аномалиясы —3,7°С болады.

Өндірістік ақау - сапасы жағынан қойылатын талап шарттарына сай келмейтін, тікелей арналған мақсаты бойынша пайдаланыла алмайтын немесе жөндеуге қосымша шығын жұмсағаннан кейін ғана пайдаланылатын бүлінген, сапасыз тауарлар (өндірілген өнімдер, шығарылған бұйымдар, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер).

Ақаудың сипатына қарай техникалық жағынан мүмкін болса және экономикалық жағынан тиімді болса, жөнделетін ақау, ал өнім, бұйым пайдалануға және жөндеуге келмейтін болса, жөнделмейтін (түпкілікті, жөндеуге болмайтын) ақaу түрлеріне бөлінеді, анықталған жеріне қарай — дайындаушы - кәсіпорында өнім тұтынушыға жөнелтілгенге дейін анықталған ақау, тұтынушы оны қабылдау, құрастыру немесе пайдалану барысында анықтаған сыртқы ақау түрлеріне бөлінеді. Ақаудан (ішкі, сыртқы) болған шығасыны анықтау үшін оның құнына жөндеуге және нормадан асып түскен көлемдегі кепілдікті жөндеуге жұмсалған шығынды қосып, жарамсыз деп табылған өнімнің ықтимал пайдаланылу бағасы бойынша құнын, сондай-ақ жеткізушіден нақты ұсталған (өндіріп алынған, немесе өндіріп алынуға тиіс) соманы шегеріп тастайды. Жүрек ақаулары- жүрек іші гемодинамикасын өзгертіп, немесе қан айналысының үлкен және кіші шеңберіндегі қанның өзара тікелей қатынасын тудыратын жүрек қақпақтарының, жүрек пердесінің, жүрек қабырғасының және жүректен басталатын ірі тамырлардың тумыстан болатын не жүре-бара пайда болатын морфологиялық өзгерістері. Жүрек ақаулары көбіне қан айналысының жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады.
Жүрек ақаулары тумыстан пайда болатын және жүре-бара пайда болатын болып екі топқа бөлінеді. Тумыстан немесе іштен туа болатын жүрек ақаулары жүрек дамуының, эмбрионды даму кезіндегі бұзылуынан болады.
Жүре бара пайда болатын жүрек ақауларының себептері: ревматизмдік эндокардит (70—80% жағдайда), бактериялы эндокардит, атеросклероз, мерез, кеуденің, жарақаттануы және т.б. Осы себептердің әсерінен жүрек қақпақтарында қабынуға, не склерозға тән өзгерістер туады. Олардың нәтижесінде жүрек кақпақтарының жармалары қысқарып, деформацияланады. Қақпақ жармаларында тыртық, пайда болып, олардың бір-біріне жабысуына әкеліп соқтырады. Соның салдарынан жүрек қақпақтары өздеріне сәйкес жүрек тесіктерін тиісті жүрек фазасында (систола не диастола) толық жаба алмайтын болады.
Жүрек ақауының, бұл түрі жүрек қақпақтарының ақауы, немесе жүрек кақпақтарының шамасыздығы (кемістігі) деп аталады. Қақпақтар тұсындағы өзгерістер (тыртық, склерозға тән өзгерістер) жүрек тесіктерін тарылтып, олар арқылы қан жүруді нашарлатады. Жүрек ақауының бұл түрі—жүрек тесіктерінің стенозы не тарылуы деп аталады.
Қос жармалы кақпақ шамасыздығы (кемістігі)
Этиологиясы: Жүре бара болатын жүрек ақаулары себептерінің ішінде қос жармалы қақпақ шамасыздығын тудыратын жиі себептерге ревматизм мен атсросклероз жатады. Әдетте, жүректің туа біткен ақауларының қалыптасуы жүктіліктің 2-8 аптасында пайда болады. Жұқпалы аурулар, кейбір дәрі-дәрмектердің әсері, сонымен қатар болашақ ананың жұмыс істейтін зиянды өндіріс орны олардың түзілуінің жиі себебі болып табылады. Жүректің туа біткен ақауларының қалыптасуында тұқымқуалаушылық белгілі рөлді атқарады. Жүректің туа біткен ақауларының клиникалық көрсетілімі әр түрлі болады. Шамаммен 30%-ға жуық жаңа туған нәрестелердің жағдайы алғашқы күндерінен бастап нашарлайды. Туа біткен жүрек-тамыр ақауларының негізгі белгілері: терінің сыртқы қабығы мен сілемейлі қабығының көгеруі (цианоз), жүрек жетіспеушілігінің кейбір тұрақты немесе пайда болушы ұстамалы белгілері. Цианоз бен сілемейлі қабығының бар болуы – ауыр жүрек ақауының белгісі. Әдетте, бала енжар, тынымсыз, емшекті емуден бас тартады, емген кезде тез шаршайды. Жүрек қағысының ырғағы жиілейді, тершеңдік пайда болады.

Туа біткен жүрек ақауларымен пайда болған жүрек шуылдары, әдетте, балалар туғаннан кейін немесе бірнеше айлардан кейін біліне бастайды. Бұл шуылдар жүрек немесе тамыр құрылысының дұрыс істемеу нәтижесінде пайда болады. Диагнозды анықтау үшін өздігінен шу немесе электрокардиограмма аса үлкен қажеттілікті етпейді. Мамандандырылған клиникаларда рентгенологиялық зерттеулер мен т.б. аса қиын зерттеу әдістері өткізілуі тиіс және олар өте маңызды көмекті береді. Баланы емдеу туа біткен жүрек ақауларының формасы мен ауырлығына байланысты. Осы аурумен ауыратын балалардың тең жартысы хирургиялық әрекетсіз өмірінің алғашқы жылында қайтыс болады. Сондықтан да оперативті ем алудан бас тартпаған жөн. Балаға операция қажет болмаған жағдайда, оған тек қана дәрігердің рұқсатымен ұзақ мерзімге әр түрлі жүрек дәрі-дәрмектері беріледі және де қажетті мөлшер мен қабылдау уақытын бақылау керек.

Туа біткен жүрек ақауымен туған бала үшін маңызды:

ұзақ уақыт таза ауада дем алу және баланың күші жетерліткей физикалық жаттығуларды жасау режимін құру;

осы ауруға шалдыққан балаларды емшектен емізуін қабылдауды 2-3 есе көбейту керек. Ал тамақтану көлемін, керісінше, төмендету керек. Ең кішкентай балаларды тек қана анасының немесе донор сүтімен тамақтандыру керек. Туа біткен жүрек ақауымен туған балалардың барлығы кардиоревматологтың диспансерлік учетінде және дәрігер-педиатрдың қарауында болады.

Туа біткен жүрек ақауымен туған балаларды бақылау кезінде дәрігерге ата-аналар үлкен көмек беріу керек. Егер баланың денсаулығында қандай да бір ауытқулар болған жағдайда дереу дәрігерге хабарлаңыз. Жүрек немесе тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері байқалса, балалар балабақша мен мектепте дене шынықтыру сабақтарынан босатылады (кардиолог анықтайды). Осындай белгілер байқалмаған жағдайда, балалар дәрігердің бақылауымен арнайы топта дене шынықтырумен айналысады. Туа біткен жүрек ақауымен туған балаларда жоғары метеосезімталдық болады. Олар ауа райының өзгерістерін өте ауыр қабылдайды. Жаз мезгілі кезінде күн шуағында ұзақ уақыт жүруге болмайды. Қыста да ауада көп жүруге тыйым салынады. Туа біткен жүрек ақауымен туған балалар жұқпалы ауруларға төтеп бере алмайды. Тексерілу кезіндегі барлық анықталған аурулар міндетті түрде емделу керек. Жүрек бұлшық етінде асқынулар болмау үшін, басқа аурулардың емделуі өте қарқынды жүру керек. 2-3 күн төсек тартып жату керек. Аурудың белгілері болмаса да, ас тұзы аз мөлшерде қабылдану керек. Тәуліктік сұйықтықтың да көлемін 1-1,5 литрге дейін азайту маңызды. Туа біткен жүрек ақауымен туған балаларға мейіз, өрік, қара өрік, піскен картопты жеу өте пайдалы. Бала үшін тыныш және жағымды эмоцияларды қоршаған ортадан алу өте маңызды. Ылғи тыйым салулар мен шектеулер баланы «ауруға берілуге» әкеледі.

Баланың қимылдауы ақаудың мінезімен емес, оның жағдайы мен көңіл күйімен сипатталады. Осындай балалар өз қимылдау белсенділігін өздері шектейді. Ата-аналар қызушылықтың шектен тым көп болуын, әсіресе үлкендермен ойнаған кезде қадағалауы тиіс. Бала «рухының» күйінің маңыздылығы кем емес. Егер де ол басқа балалармен бір деңгейде күнделікті әрекеттерді жасайтын болса, онда өзіне деген аянышты сезімді білмей, өзін ауыратындар қатарына жатқызбайды. Баланы басқалардан кем санамау, оған ерекше көзқараспен қарамау, дұрыс өмір сүруге ерік беру – оның рухани дамуы үшін өте маңызды. Жүрек қызметінің декомпенсациясы болмаған жағдайда, профилактикалық екпе жасауға болады. Оны тек қана дәрігер анықтайды.

Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б. Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді. Жүрек және қан тамыр неврозы – жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы – жалпы невроз (неврастения, истерия, т.б.). Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады. Екінші тобы – гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады. Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады. Ауру көбіне адамның жеке органдарында дамып, кейін жұлын және симпатикалық жүйке жүйесінің басты бөлімдеріне таралады. Бұған Меньер, Рейно аурулары, Вольфра – Паркинсон – Уайт синдромы, бас сақинасы, стенокардия, жүрек аритмиясы,жүрек тосқауылдары, т.б. жатады. Бұлардан басқа да Жүрек Аурулары бар. Мысалы, Жүрек демікпесі; қ. Демікпе. Жүрек пен қантамырлар жүйесінің аурулары әр түрлі жағдайларға байланысты.

1. Бұлшықеттерге ауыр күш түсіретін жұмыстар - жүрек бұлшықеттеріне зақым келтіріп, жиырылу әрекетін төмендетеді. Жүрек бұлшықетін қанмен жабдықтайтын қантамырларды қанқатпа бітеліп, оттегі мен қоректік заттарды тасуға кедергі жасайды.

2. Өте қауіпті жұқпалы ауруды қоздырушылардың бөлетін уы қанмен жүрекке жетіп, жүрек бұлшықеттерін зақымдайды.

3. Қалқанша без гормонының не аз, не көп бөлінуі ырғақты жиырылуды бұзады.

4. Жүрек қақпақшалары бактериялармен зақымданғанда жабылмай, жүрек жиырылғанда қанның кері ағуына әсер етеді. Жүрек - қантамырлары аурулары жүйке жүйесіне де байланысты.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Гистология под ред. Ю.И.Афанасьева, Н.А.Юриной, М., Мед., 2001.

 

2. Гистология /ред. Ю.Улумбеков/. М. 2001.

 

3. Гистология. Под ред. Ю.И.Афанасьева, Н.А.Юриной, М., Мед., 1989, с.41-66.

 

4. Практикум по гистологии, цитологии и эмбриологии. Под ред. Н.А.Юриной, А.И.Радостиной, М., Изд. УДН, 1989, с.21-39.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: