Есеп 4.
Есеп 3.
Т. қаласындағы демографиялық көрсеткіштердің динамикасы
Есеп 2.
Т. қаласында 400 000 адам тұрады, соның ішінде 15 жасқа дейін – 160 000, 15 жастан 49 жасқа дейін 180 000, 50 жастан жоғары – 50 000 адам. Зерттелген жылы қалада 3 500 сәби тірі туылды (алдыңғы жылы 3 800). Жыл ішінде 2900 адам өлді, соның ішінде 1 жасқа дейінгі өлген сәби саны 53. Қаладағы демографиялық көрсеткіштердің динамикасы жөнінде мәліметтер кестеде ұсынылған.
| Көрсеткіштер | Зерттелетін жыл | Зерттелетін жыл ішінде облыс бойынша орта есеппен | ҚР бойынша 2011 жылдың мәліметтер | ҚР бойынша ағымдағы жылдың мәліметтері | ||||
| Туу | 17,9 | 17,0 | 18,1 | 18,5 | 22,1 | 22,8 | ||
| Өлім | 9,2 | 10,10 | 10,3 | 10,6 | 10,1 | 9,0 | ||
| Сәби өлімі | 25,9 | 26,1 | 15,3 | 18,7 | 19,2 | 22,5 |
Жасы бойынша халық құрылымының көрсеткіштерін есептеңіз және бағалаңыз.
Ø Зерттелетін жылдағы демографиялық көрсеткіштерді есептеп және бағалаңыз.
Ø Демографиялық көрсеткіштердің динамикасын бағалаңыз.
Ø Есептеп алынған мәліметтерді график түрінде көрсетіңіз.
Ø Зерттелетін жылдағы демографиялық көрсеткіштердің деңгейлерін облыс және ҚР бойынша ортастатистикалық көрсеткіштермен салыстырыңыз.
Ø Ағымдағы жылдың демографиялық көрсеткіштердің мәліметтерін кестеге толтырып, ҚР бойынша 2011 жылғы мәліметтермен салыстырыңыз.
Ø Әр көрсеткішке әсер еткен факторларды есепке ала отырып Т. қаласындағы демографиялық жағдайларды талдау және тиісті нәтиже шығарыңыз.
Кестедегі мәліметтерді пайдаланып, табиғи өсу көрсеткішін есептеңіз.
| Страна | Халықтың өсіп-өну көрсеткіштері | ||
| Жалпы туу | Жалпы өлім | Табиғи өсу | |
| А | |||
| Б | |||
| В | |||
| Г | |||
| Д | |||
| Е | |||
| Ж |
Ø Халықтың табиғи қозғалысының тағы қандай жалпы көрсеткіштерін білесіз?
Ø Дүние жүзінде қандай елдерде осындай туу және өлім көрсеткіштері тіркеледі?
Ø Талдауды жазбаша түрде ұсыныңыз
К. ауданындағы халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіштерін есептеңіз (туу, өлім, табиғи өсім, сәби өлімі, некелесу, ажырасу коэффициенттерін есептеп және мәліметтерді кестеге жазыңыз).
| К. ауданында 2011 жылы | |
| Халық саны | 75 000 |
| Туылғандар саны | |
| Өлгендер саны | |
| · Өлгендердің ішінде –1 жасқа дейінгі сәбилер | |
| · 1 айға толмаған сәбилер саны. | |
| Қаланың перзентханаларында Туылғандар саны: | |
| · Тірі | |
| · Өлі туылғандар | |
| · Бірінші аптада өлгендер саны | |
| · 1 жасқа дейінгі өлген сәбилер арасында (47), өлім себептері: | |
| · Сәбилер ауруларынан | |
| · Пневмония | |
| · Асқазан-ішек ауруларынан | |
| · Басқа себептер | |
| Бір жылдағы ажырасулар саны | |
| Қиылған некелер саны | |
| А қаласында 2010 ж. келесі демографиялық көрсеткіштер тіркелді | |
| · Туу коэффициенті | 12 на 1000 |
| · Өлім коэффициенті | 9,0 |
| · Табиғи өсім коэффициенті | 3,0 |
| · Ерте сәби өлімінің коэффициенті | |
| · Перинаталдық өлім коэффициенті | |
| Бір жылдағы ажырасулар саны | |
| Қиылған некелер саны |
Ø Сәби өлімінің құрылымын анықтаңыз (1 жасқа дейін өлген сәбилердің жалпы санынан әр өлім себебінің үлестік салмағын % көрсету және секторлық диаграммалар құру).
Ø Қабылданған деңгейлер негізінде К. ауданындағы демографиялық көрсеткіштерге баға беріңіз (жоғары, орта, төмен).
Ø Қазақстан бойынша 2011 жылғы сәйкес көрсеткіштермен берілген қаладағы 2010 ж. демографиялық көрсеткіштерді салыстырыңыз.
Ø Диаграммаларды қолданып талдауды жазбаша түрде ұсыныңыз.
Кестедегі мәліметтерді пайдаланып А. және Б. аудандарындағы демографиялық көрсеткіштерді есептеңіз.
| Есеп беру мерзіміндегі абс. санмен көрсетілген көрсеткіш | А. ауданы | Б. ауданы |
| Халықтың ортажылдық саны | 125 000 | 230 000 |
| Тірі туылған сәбилер саны | ||
| Өлгендер саны | ||
| Өмірінің бірінші жылында өлгендер саны | ||
| Тіркелген некелер саны | ||
| Тіркелген ажырасулар саны |
Ø А. және Б. аудандарындағы демографиялық көрсеткіштерді бағалаңыз
Ø Қаралатын аудандардағы демографиялық жағдайларға салыстырмалы сипаттама беріңіз.
Ø Тууды тіркеу үрдісінде қандай есептік медициналық құжат қолданылады? Құжатты қамтитын негізгі мәліметтерді атаңыз.
Ø Талдауды жазбаша түрде ұсыныңыз.






