Бцж – вакцинасын салу алгоритм

Ескерту.

1. Асқазан катетерінің мөлшері баланың жасына және дене салмағына сәйкес алынады.

2. Шала туылған балаға тамақтанудың алдында және соңында оттегі беріледі.

3. Катетерді мұрын қуысы арқылы енгізген жағдайда оны жабысқақ жолақпен бекіту қажет және 2 тәуліктен артық қалдыруға болмайды.

 

Коммуникативті дағдылармен бірге машықтану шараларын орындау біліктілігін бағалау чек парағы

Пән: «Педиатриядағы мейіргер ісі», «Балалар аурулары»

Мамандық: «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі»

Студенттің аты-жөні_________________________________________________

Топ _______________________________________________________________

Мамандық________________________________________________________

Станцияның нөмірі__________________________________________________

 

БАЛАНЫ ЖЫЛЫТУҒА ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: шала туылған баланың қалыпты дене температурасын қамтамасыз ету

Мақсаты: шала туылған баланың  дене температурасын қалыпқа келтіру

 

Керекті құралдар:

· Резеңке жылтқыштар – 3;

· Температурасы 55-650С су;

· Жөргектер – 3;

· Термометр;

· Көрпеше немесе қалың жөргек.

Бағалау, балл бойынша

Барлығы орындал-ды –1 б Орындалуы толық емес немесе қателіктер бар -0,5 б Орындалма-ды немесе дұрыс емес -0 б
1 Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызды жылытуға көмектесеміз, және үйретеміз). Анасына шараның мақсаты мен керектігін айтып жеткізу: сіздің баланыздың дене температурасы төмендеген, бұл жағдай асқынуларға әкелу мүмкін: оттегі жетіспеушілікке, аппетиттің болмауына, тамқтанудан бас тарту және де дем алысының тоқтауына. Бұл шара, сіздің қатысуыныз бен және балаға ауырсынусыз және қауіпсіз өткізіледі. Өткізілетін шараның барысымен анасын таныстыру: Шара ыстық су құйылған және жөргекке оралған жылытқыш арқылы өткізіледі. Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. (келіседі ме жоқ па)      
2 Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, маска, бас орамал және резеңке қолғап кию. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, және жөргек төсеу.      
3 Жылытқышты температурасы 550-650С сумен 2/3 бөлігіне дейін толтыру. Жылытқышты қолмен жайлап басу арқылы одан ауаны шығару, аузын мықтап жабу.      
4 Жылытқыштың аузын төмен қаратып, аузының толық жабылғанын тексеру. Сол әдіспен тағы да екі жылытқышты дайындау. Жылытқыштарды 4 қабатталған жөргектермен орау.      
5 Жөргектелген баладан 2 см қашықтықта жылытқыштарды қою: а) табанының жанына; б) екеуін – денесінің екі жағына.      
6 Баланы жылы көрпешемен жабу (көрпе астындағы ауа температурасы 28-30 0 с кем болмау керек), астына термометрді салу.      
7 Жылытқыштардағы суды суығанына байланысты ауыстыру, міндетті түрде кезекпен.      
8 Көрпе астынан термометрді алып шығып ағынды сумен жуу, құрғатып сүртіп қорапшаға салу Жылытқыштардан суды төгу, олардың сырт жағын дез.ертіндімен залалсыздандыру      
9 Қолданылған барлық инструменттерді дез.ертіндіге салу. Қолғапты шешіп қорапқа тастау. Қолды жуып кептіру.      
10 -     Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. Шараны қорытындылау және мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына дене температурасын әр 3-4 сағатта бақылап отыру керектігін түсіндіру.(дене температурасы дұрыс анықтау көрсету). Балада қандайда бір асқынулар болса медбике (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру.  кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну. -Қоштасу. Шығарып салу      

Барлығы

     

 

 

 

 

Коммуникативті дағдылармен бірге машықтану шараларын орындау біліктілігін бағалау чек парағы

Пән: «Педиатриядағы мейіргер ісі», «Балалар аурулары»

Мамандық: «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі»

Студенттің аты-жөні_________________________________________________

Топ _______________________________________________________________

Мамандық________________________________________________________

Станцияның нөмірі__________________________________________________

 

МҰЗДЫ МҰЙЫҚ КӨМЕГІМЕН ФИЗИКАЛЫҚ САЛҚЫНДАТУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші:   гипертермия

Мақсаты: дене температурасын түсіруге қолжеткізу

Керекті құралдар: -мұзға араналған мұйық;

                                          - су 14-16°С.;

                                          -мұз кесектері;

                                          -жөргектер – 3-4;

                                          -ағаш балға;

                                          -мұзы бар флакондар;

                                          -сағат.

Баға, балдар

Барлығы орындал-ды –1 б Орындалуы толық емес немесе қателіктер бар -0,5 б Орындалма-ды немесе дұрыс емес -0 б
1 Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау.. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға көмек көрсетеміз).Анасына шұғыл көмектің керектігін айтып жеткізу: сіздің балаңыздың дене температурасы жоғарлап тұр, біз дене температурасын төмендету керекпіз, бұл баланың өміріне қауіпті- балада тыныс алуының жиеленуі мүмкін, тамаққа тәбеті болмауы мүмкін, тыныс алуының тоқтауы мүмкін, құрысып-тырысу болуы мүмкін. Шараның іс-әрекетін анасына хабарлау: Шара суық су мен мұз толтырылған мұзды мұйық пен және мұзы бар флакондар мен өткізіледі. (жөргекке оралған). Дене температурасын медициналық термометр мен бақылап отырамыз. Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. (келіседі ме жоқ па)      
2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату,  резеңке қолғап кию. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу(немесе төсекке жатқызуға болады), және жөргек төсеу.      
3. Мұз кесектерін жөргекке салу, ағаш балғамен ұсақтап бөлу. Мұйықтың 1/3 бөлігін мұз кесектерімен толтыру және 2/3 бөлігіне дейін сумен толтыру.      
   4. Мұйықты қатты тегіс жерге салып қолмен ақырын басу арқылы ауасын шығару. Мұйықтың қақпағын жауып төмен қарай төңкеріп жабылуын тексеру.Мұйықты 4 қабатталған жөргекке орау. Және осылай мұзды флакондарды дайындау.      
5. Мұзды мұйықты баланың бас жағына 2-3 см қашықтықта бекітіп ілу, мұйық пен баланың басының аралығында алақан өтетіндей болу қажет.  Мұзы бар флакондарды салфеткамен орау және ірі тамырлар маңына орналастыру.      
6. 20-30 мин уақытқа қалдыру, 10-15 мин үзілістен кейін қайталап өткізуге болады.  20-30 минуттан кейін мұйықтарды алып тастап баланың дене температурасын өлшеу.      
7.  Мұздың еруіне байланысты мұйықтан суды төгіп жаңадан мұз кесектерін салып отыру қажет      
8.  Термометрді алып шығып ағынды сумен жуу, құрғатып сүртіп қорапшаға салу. Мұйықтан су мен мұзды төгу, олардың сырт жағын дез.ертіндімен залалсыздандыру      
9. Қолданылған барлық инструменттерді дез.ертіндіге салу. Қолғапты шешіп қорапқа тастау. Қолды жуып кептіру.      
10. -     Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. Шараны қорытындылау және мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына дене температурасын әр 3-4 сағатта бақылап отыру керектігін түсіндіру.(дене температурасы дұрыс анықтау көрсету). Балада қандайда бір асқынулар болса медбике (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру.  кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну. -Қоштасу. Шығарып салу .      

Барлығы

     

Ескерту. Шара тиімсіз болған жағдайда гипертермиямен күресудің басқа әдісіне көшу қажет.

 

 

Коммуникативті дағдылармен бірге машықтану шараларын орындау біліктілігін бағалау чек парағы

Пән: «Педиатриядағы мейіргер ісі», «Балалар аурулары»

Мамандық: «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі»

Студенттің аты-жөні_________________________________________________

Топ _______________________________________________________________

Мамандық________________________________________________________

Станцияның нөмірі__________________________________________________

 

ҚҰЛАҚ МАҢЫНА ЖЫЛЫТҚЫШ КОМПРЕССІН ҚОЮ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші  : құлақтың, құлақ маңының қабыну процесін азайту және жою

Мақсаты:   емдік

Керекті құралдар:

• араластырылған спирт - 450

• дәкеден жасалған салфетка (6 қабатталған)

• мақта, жалпақ бинт

• жылтыр қағаз

Баға, балдар

Барлы ғы орындал-ды –1 б Орында луы толық емес немесе қателік тер бар -0,5 б Орын далма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1. Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға көмек көрсетеміз). Анасынан ашық және жабық сұрақ сұрау арқылы толық анамнез жинау. Анасына шараның іс-әрекетін айтып жеткізу: шара жөргектейтін үстелдің үстінде өткізіледі. Спирт ерітіндісімен, біз баланың ауратын құлағына компресс жасаймыз. Әйтпесе балада іріңді отит, лимфа түйіндерінің қабынуы болуы мүмкін. Шара ептеп жайсыз, ауырсынусыз,  ен бастысы балаға қауіпіз және сіздің қатысуыңызбен болады. Сіз келісесіз бе? Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. (келіседі ме жоқ па)      
2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату,   резеңке қолғап, және маска  кию.      
3 Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, таза клеенка және жөргек төсеу. (6 айға дейін) баланы жатқызу, немесе отырғызу.      
4. Шараны орындау кезінде өз іс-әрекетін айтып отыру. Салфетка мен жылтыр қағазда баланың құлағының көлеміне сәйкес тесу жасау.Дәке салфеткасын дайындалған спирт ерітіндісіне салу, сығып алу.      
5. Салфетканы құлақ маңының терісіне салу. Салфетканың үстінен қағазды салу (оның көлемі астыңғы қабаттан артық болу керек). Қағаздың үстінен мақта салу (қалыңдығы 2-3 см, көлемі астыңғы екі қабаттан 1-2 см артық болу қажет).      
6. Компрессті теріге жанастырып мықтап бекіту.Компрессті кемінде 6 сағатқа қалдыру (көбіне түнге).      
1.7 2.             7. Компрессті шешу, теріні құрғатып сүрту, құрғақ орамалмен таңу.      
8. Қолғапты, масаны шешіп қорапқа салу,қолды жуып, кептіру.      
9. Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу.      
10. Анасына нұсқаулар беру, шараның қайталау керек пе екендігін, жағдайы ауырланса мед. бикенің немесе фельдшерді шақыру керектігін айтып түсіндіру. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу      

                     Барлығы

     

    Ескерту.

1. Ерітіндінің температурасы 38-40°С кем болмауы қажет.

2. 70° спиртті сумен 2:1 қатынасында араластыру.

3. 96° спиртті сумен 1:1 қатынасында араластыру.

Коммуникативті дағдылармен бірге машықтану шараларын орындау біліктілігін бағалау чек парағы

Пән: «Педиатриядағы мейіргер ісі», «Балалар аурулары»

Мамандық: «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі»

Студенттің аты-жөні_________________________________________________

Топ _______________________________________________________________

Мамандық________________________________________________________

Станцияның нөмірі__________________________________________________

МҰРЫНҒА, КӨЗГЕ, ҚҰЛАҚҚА ТАМШЫ ТАМЫЗУ АЛГОРИТІМІ

Көрсеткіші: Қабыну кезінде көзге, мұрынға, құлаққа тамшы тамызу

Мақсаты:  емдік

Керекті құралдар:

· дәрі препараттары

· қауіпсіз пипетка

· шиыршықталған мақта, шариктер, резеңке қолғап

· қолданылған заттарға арналған лоток

Бағасы, балдар

Барлы ғы орыдалды –1 б Орында луы толық емес немесе қателік тер бар -0,5 б Орын далма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1. Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға көмек көрсетеміз). Анасынан ашық және жабық сұрақ сұрау арқылы толық анамнез жинау. Анасына шараның іс-әрекетін айтып жеткізу: шара жарақаттамайтын пипеткамен және дәрілік препарат пен жөргектейтін үстелдің үстінде өткізіледі. Шара ептеп жайсыз, ауырсынусыз,  ен бастысы балаға қауіпіз және сіздің қатысуыңызбен болады.. Сіз келісесіз бе? Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. (келіседі ме жоқ па).      
2.  Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап, және маска кию.  Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, таза жөргек төсеу, баланы жатқызу.      
3. Дәрі препаратының сыртындағы жазумен танысу (аты, жарамдылығы), ерітіндінің t. тексеру, (көзбен, мұрынға        t 22- 24, құлаққа t 36- 37) Тамшының температурасын алақанның сыртына тамызып тексеру.      
4. Мұрынға тамшы тамызу. Мұрын жолдарын стерильді мақта шиыршықтарымен тазалау. Баланың басын аздап артқа шалқайту, тамшы енгізетін жағына қаратып бұру. Алақанды баланың маңдайына салып, басты бекіту, ал бірінші саусақпен мұрын ұшын жоғары көтеру.      
5. Дәріні пипеткаға сорып алу. Төменгі мұрын жолына 3-4 тамшы тамызу (пипетканы терең енгізбеу керек), тамшы мұрынның сыртқы қабырғасының шырышты қабатына ену керек. Мұрынның қанатын мұрын қырына басу. Тамшыны екінші мұрын жолына сол әдіспен тамызу.      
5. Көзге тамшы тамызу: Баланы арқасына жатқызу, басын аздап артқа шалқайту. Дәрінің керекті мөлшерін пипеткаға сорып алу, сол қолға мақта шаригін алу. Төменгі қабақты мақта шаригімен төмен қарай тарту, баланы жоғары қарауын сұрау. Төменгі конъюнктива қыртысына 2-3 тамшы тамызу (пипетканы конъюнктиваға аса жақындатпаңыз). Баланың көзін жұмуын сұрау. Ерте жастағы баланың көздерін мақта шаригінің көмегімен жұмдыру қажет. Көзінің ішкі бұрышынан тамшының қалдығын мақта тампонымен алып тастау. Тамшыны екінші көзге сол әдіспен тамызу.      
6. Құлаққа тамшы тамызу: Баланың сау құлақ жағын төмен бұрып жатқызу. Құлақтан бөлініс болған жағдайда, тазарту.Дәріні пипеткаға сорып алу.Тамшының температурасын алақанның сыртына тамызып тексеру. Сол қолмен құлақ ұшын төмен қарай тарту (1 жасқа дейін) немесе құлақ шеміршегін артқа және жоғары тарту (1 жастан жоғары). Тамшыны есту жолдарына тамызу.      
7. Тамшы ортаңғы құлаққа өту үшін құлақты бірнеше рет басу.  Құлаққа 10-15 минутқа тампон салу.Тампонды алып тастау.      
8. Әр дәрілік препаратты қолданған соң пипетканы дезерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру.  Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуу және кептіру.      
9.  Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру (ірінді отит, ірінді коньюнктивит, гайморит және т.б.).         
10 Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына нұсқаулар беру. Керек жағдайда келесі келудің уақытын немес күнін белгілеу, жағдайы ауырланса мед. бикенің немесе фельдшерді шақыру керектігін айтып түсіндіру. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу      

Барлығы

     

Ескерту.

Құлаққа -тамшыны дене температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (36-370).

Көзге - тамшыны бөлме температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (22-240).  Керек жағдайда конъюнктиваның шырышты қабатын іріңді бөліністен тазартып алу қажет.

Мұрынға - тамшыны бөлме температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (22-240).

Коммуникативті дағдылармен бірге машықтану шараларын орындау біліктілігін бағалау чек парағы

Пән: «Педиатриядағы мейіргер ісі», «Балалар аурулары»

Мамандық: «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі»

Студенттің аты-жөні_________________________________________________

Топ _______________________________________________________________

Мамандық________________________________________________________

Станцияның нөмірі__________________________________________________

 СТОМАТИТ КЕЗІНДЕ АУЫЗ ҚУЫСЫН ӨНДЕУ АЛГОРИТІМІ

Көрстекіші: әр түрлі себептерден болатын ауыз қуысындағы қабыну процессі

Мақсаты:         емдік          

Керекті құралдар:   1)өңдеуге арналған ерітінді (шөп тұнбалары, антисептиктер)

2) 2 лоток,, мақта шариктері, стерилді дәке салфеткалары

3) шпетель, маска

4) резеңке қолғап, дез ерітінді,

Барлығы, балдар

     
Барлы ғы орын-далды –1 б Орында луы толық емес немесе қате-лік тер бар -0,5 б Орын далма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1. Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға көмек көрсетеміз). Анасынан ашық және жабық сұрақ сұрау арқылы толық анамнез жинау. Анасына шараның іс-әрекетін айтып жеткізу: шара дәрілік ерітінділермен жөргектейтін үстелдің үстінде өткізіледі. Шара қауіпсіз, ептеп ауырсынумен,ептеп жайсыз, және сіздің қатысуыңызбен болады.. Сіз келісесіз бе? Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. (келіседі ме жоқ па).                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        
2.  Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап, және маска кию. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, таза жөргек төсеу      
3.  Баланы жөргектейтін үстелге жатқызу.  Оң қолдың екінші саусағына мақтаны немесе дәке салфетканы орап алып бір ұшын үлкен саусақпен бекітіп ұстау.      
4. Сол қолдың екеінші саусағымен баланың иегін абайлап ауызын ашу (керек жағдайда шпатель қолдану).      
5.  Мақтаны дайын ерітіндіге малып алып абайлап ауыз қуысын өңдеу.осы реттілікпен өңдеуді күнделікті қайталап өткізу      
6. М  кандидозды (саңырауқұлақты) стоматит. Өңдеуді күнделікті, қатаң келесі реттілікпен өткізу қажет ө  -2% ас содасының ерітіндісі шаю, дәке тампонымен өңдеу; -20% бураның глицерин ерітіндісі;  - саңырауқұлаққа қарсы препараттар: нистатин, леворин (ұсақтау және себу).      
7. Катаральды стоматит: Ауыз қуысын залалсыздандыратын ерітінділермен шаю (фурациллин1: 50000, шөп тұнбалары және т.б.).      
8. Герпесті және ойық жаралы стоматиттер: - өңдеуді ретілікті сақтап күнделікті өткізу қажет: Залалсыздандыратын ерітінділермен шаю: 0,5% калий перманганат, 3% суқын асқын тотығы, 1:5000 фурациллина; 1% бриллиант ерітіндісі; Ауырсыну кезінде –новокаин немесе анестезин ерітіндісі.      
9. Қолданылған заттарды, резеңке қолғапты шешіп арнайы қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру.      
10. Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Анасына шараның қорытындысы айтып жеткізу, нұсқаулар беру, асқыну туралы айтып жеткізу- егер баланың ауыз қуысын өндемесе, тәбеттің төмендеуі немесе мүлдем болмауы, баланың дене салмағынын төмендеуі, жалпы жағдайының нашарлауы мүмкін. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасына қандай жиілікпен бұл шараны қайталауға болатынын айтып жеткізу. Анасына келесі келудің немесе шараны орындау күнін немесе уақытын тағайындау. Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу        

Барлығы

     

Ескерту 1. Герпесті стоматитте вирусқа қарсы препараттар қолданылады(0,25% оксалин майы, 5% интерферон майы).

2. Стоматиттер кезінде диета механикалық, химиялық және термиялық қолайлы болу керек. 3. Ауыз қуысын өңдеу кезінде абай болу қажет- шырышты қабаттың зақымдануының алдын алу

4. өңдеуді тәулігіне 5-6 рет қайталап өткізу қажет.

 5. қолданылатын ерітінділердің концентрациясы аурудың жедел кезеңінде сауығу кезеңіне қарағанда төмен болу қажет.

6. қолданылатын ерітінділердің температурасы 37-38 ° С болу қажет.

 

 

Коммуникативті дағдылармен бірге машықтану шараларын орындау біліктілігін бағалау чек парағы

Пән: «Педиатриядағы мейіргер ісі», «Балалар аурулары»

Мамандық: «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі»

Студенттің аты-жөні_________________________________________________

Топ _______________________________________________________________

Мамандық________________________________________________________

Станцияның нөмірі__________________________________________________

 

АСҚАЗАНДЫ ШАЮ   АЛГОРИТІМІ. ҚҰСУ.

Көрсеткіші: б аланыңулануы

 

Мақсаты: асқазанды шаю

 

Керекті құралдар:

1. асқазан зонды, шпатель

2. алжапқыш – 2, резеңке қолғап, маска

3. асқазан шаятын ерітінді 20-220 С (қайнаған су,)

4. шайынды суға арналған ыдыс,воронка

5. лоток – 2, дәке салфеткалары, жөргек жинағы

6. шайынды суға арналған стерильді ыдыс

7. дез ертінді

Баға, балдар

Барлы ғы орын-дал-ды –1 б Орында луы толық емес немесе қателік тер бар -0,5 б Орын далма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1. Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға көмек көрсетеміз). Анасынан ашық және жабық сұрақ сұрау арқылы толық анамнез жинау. Анасына шараның керектігін айтып жеткізу: баланың жағдайын жеңілдету үшін,асқазанын шаю керек, Шара ептеп жайсыз, ауырсынусыз (немесе жеңіл ауырсынумен) болады, ен бастысы балаға қауіпіз және сіздің қатысуыңызбен болады. Анасына шараның іс-әрекетін айтып жеткізу: асқазан катетірі және су арқылы, біз баланың асқазанын шаямыз. Сіз келісесіз бе? Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. (келіседі ме жоқ па)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     
2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап, алжапқыш және маска кию.      
3. Баланы көмекшінің алдына отырғызу және мықтап ұстау. Емшек жасындағы баланы жөргектеу. Балаға, көмекшінің ұстап отырған қолының үстінен, алжапқыш кигізу. Шайынды суға арналған ыдысты көмекшінің аяғының жанына жерге қою      
4. Зонд арқылы баланың асқазанына дейінгі ұзындықты өлшеу (құлақ ұшынан күрек тістеріне дейін, тісінен семсер тәріздес өсіндіге дейін) және белгілеу.Зондтың бітеу жағын сулау. Баланың аузын шпательдің көмегімен ашу (өздігінен ашпаса ауыз кергішті қолдану).Зондты абайлап, бірақ сенімді ширақ қозғалыспен белгіге дейінгі ұзындықта асқазанға енгізу.      
5. Шпательді алып тастау, зондқа воронканы жалғау. Воронканы асқазанның тұсынан төмен қарай түсіру. Воронканы сәл қисайта ұстап, оған суды құю. Воронканы жайлап жоғары көтеріп, одан судың асқазанға өтуін қадағалау (су воронканың мойнына дейін түсу керек). Воронканы тез, бірақ жайлы қимылмен алғашқы орнынан төмен әкеліп шайынды суды ыдысқа төгу (шыққан сұйықтықтың мөлшері енгізілген мөлшерге тең болуы қажет).Асқазан шайындысын стерильді ыдысқа жинау. Жолдама жазып зертханаға тексеріске жіберу.      
6. Воронкаға сұйықтық құйып, шаюды қайталау – «таза су» болғанаға дейін. Воронканы ағытып жылдам қимылмен зондты салфетканың көмегімен асқазаннан алу. Баланың аузын шаю. Баланы анасына беру немесе төсекке басын жоғарлатып, бір жақ қырына жатқызу.      
7. Тиімсіз болған жағдайда: Қысып тұрған киімдерін шешу. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету. Келесі препаратты енгізу:  (каждый последующий вводить только в случае неэффективности предыдущего) дәргердің кеңесі бойынша а) рег os - новокаин 0,25% - 1 шай қасық. – 1 дес.қас. - 1 ас қас., жасына сәйкес;(келесі препаратты алдыңғы тиімсіз болған жағдайда енгіземіз)      
8.  б) бұлшық етке - церукал - 1мг/кг (1 мл=5 мг) немесе прозерин - 0,1 мл/жасына; в) қайталап үзіліссіз құсу болғанда – аминазин бұлшық етке 0,1 мл/жасына. Құсудан кейін: а) аузын қайнаған сумен шаю; б) су-шай үзілісін сақтау 2-4 сағатқа; в) керек жағдайда – құсықты зертханаға зерттеуге жіберу.Құсудың себебін анықтау және оны жоюға тырысу.      
9. Барлық құрал-жабдықтарды, алжапқышты дезинфекциалау.Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуып, құрғату.      
10 Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. Шараны мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. Келесі келудің, немесе шараныңуақытын белгілеу. Анасынабалада қандайда бір асқынулар болса, немесе құсу қайталанса   медбике (фельдшер)-ді шақыру керектігін түсіндіру. Кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру). Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну.Қоштасу. Шығарып салу      

Барлығы

     

Ескерту. 1. Шаюға арналған судың температурасы +20+22°С болу қажет.

1. Керек жағдайда ауыз кергіш қолданылады.

2. Шаюға арналған судың мөлшері бала жасына сәйкес алынады:

  • 1 жасқа дейін – 100 мл/кг;

· 1 жастан жоғары – 1 литр/жасына

 

Коммуникативті дағдылармен бірге машықтану шараларын орындау біліктілігін бағалау чек парағы

Пән: «Педиатриядағы мейіргер ісі», «Балалар аурулары»

Мамандық: «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі»

Студенттің аты-жөні_________________________________________________

Топ _______________________________________________________________

Мамандық________________________________________________________

Станцияның нөмірі__________________________________________________

НӘРЕСТЕГЕ ЖӘНЕ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ТАЗАРТҚЫШ КЛИЗМАСЫН ҚОЮ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: нәжістің тұрып қалуы

Мақсаты:     ішек жолдарын тазарту

Керекті құралдар:

  • бөлме температурасына сәйкес суы бар ыдыс (20-220 С)
  • ұштығы бар резеңке баллон (№ 1-6)
  • вазелин майы
  • резеңке қолғап, алжапқыш
  • клеенка, жөргек
  • сүлгі
  • қолданылған заттарға арналған лоток
  • горшок

Бағалау, баллы

Барлығы орындал-ды –1 б Орында-луы толық емес немесе қателік-тер бар -0,5 б Орындал-мады немесе дұрыс емес - 0 б
1. Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Өткізілетін шараның барысымен анасын таныстыру: - Шара клизма өткізілетін бөлмеде немесе жөргектеу үстелінің үстінде өткізіледі. - Резеңке грушаның көмегімен баланың тік ішегіне қайнағн жылы суды енгізіп, нәжістің бөлінуін күтеміз.Сіз келісім бересіз бе? Шараны орындау алдында анасына психологиялық қолдау көрсету (шараны өткізу балаға қажет, қауіпсіз және шараны тәжірибелі мейіргер/фельдшер орындайтынын түсіндіру)      
2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап және алжапқыш кию. Анасынан баланың белінен төмен бөлігін жалаңаштауын өтіну. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді/кушетканы өңдеу, таза клеенка және жөргек төсеу.      
3. Баланы сол жақ қырына, тізесін бүгіп және аяқтарын ішіне жинап жатқызу (6 айға дейінгі баланы арқасына, аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу).      
4. Шараны орындау барысында атқаратын іс-әрекеттеріңізді дауыстап анасына айтып тұрыңыз: - Баллонды оң қолға алып, ауасын шығару, суды сорып алу. Судың температурасы - 20-220 С. - Баллоның ұштығын вазелин майымен майлау. - - Баллонның ұштығын жоғары қаратып саусақтармен басу арқылы жайлап ауасын шығару (одан кейін баллонды босатпау керек). Баллонды анальді тесікке енгізіп алғашқыда кіндікке қарай, одан әрі, анальді тесіктің сфинктрінен өткеннен кейін, сегіз көзге параллель бағытында тік ішекке қарай жылжыту.      
5 - Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпта бекітіп ұстау.      
6 Баллонның ұштығын жоғары қаратып саусақтармен басу арқылы жайлап ауасын шығару (одан кейін баллонды босатпау керек). Баллонды анальді тесікке енгізіп алғашқыда кіндікке қарай, одан әрі, анальді тесіктің сфинктрінен өткеннен кейін, сегіз көзге параллель бағытында тік ішекке қарай жылжыту.      
 7. - Баллонды жайлап қысып суды жіберу. Баллонның қысылған күйінде, ұштықты тік ішектен алу. Баллонды лотокқа, одан кейін дезерітіндіге салу. - Баланың жамбасын 3-5 мин қысып ұстау. - Нәжіс бөлінгенге дейі баланы арқасына жатқызу, жыныс мүшелерін жөргекпен жабу. - Үлкен жастағы балаларды горшокқа отырғызу.      
8. - Клеенка және жөргекті алып дезерітіндіге салу. -  Дефекациядан кейін баланың жыныс мүшелерін жуу. Сүлгімен құрғатып сүрту, табиғи қыртыстарын майлау. Баланы киіндіру. -  Алжақышты шешу, дезерітіндіге салу. -  Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру.      
9. - Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. - Шараны қорытындылау және мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. - Анасына кеңестер беру және кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру).      
10. - Келесі медициналық байқауға келу мерзімін тағайындау (қажеттілік бойынша шараны қайталап өткізу күнін). - Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну. - Қоштасу. Шығарып салу.      

                      Барлығы

     

Ескерту.

Тазарту клизмасына арналған судың мөлшері баланың жасына сәйкес алынады:

· нәрестелерге – 25-30 мл;

· емшек жасындағы балалар – 50-150 мл;

· 1-3 жас -150-250 мл

Коммуникативті дағдылармен бірге машықтану шараларын орындау біліктілігін бағалау чек парағы

Пән: «Педиатриядағы мейіргер ісі», «Балалар аурулары»

Мамандық: «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі»

Студенттің аты-жөні_________________________________________________

Топ _______________________________________________________________

Мамандық________________________________________________________

Станцияның нөмірі__________________________________________________

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ЖЕЛ ШЫҒАРҒЫШ ТҮТІКШЕ ҚОЮ АЛГОРИТМІ

МЕТЕОРИЗМ

Көрсеткіші: тоқ ішекке ауаның жиналуы

Мақсаты: тоқ ішек жолдарынан ауаның шығуын қамтамасыз ету

Керекті құралдар:

  • бөлме температурасына сәйкес суы бар ыдыс (20-220 С)
  • вазелин майы
  • резеңке қолғап, алжапқыш
  • клеенка, жөргек
  • сүлгі
  • жел шығарғыш түтікше (№1 - 6)
  • суы бар ыдыс.

Бағалау, баллы

Барлығы орындал-ды –1 б Орындалуы толық емес немесе қателіктер бар -0,5 б Орындалма-ды немесе дұрыс емес -0 б
1. Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Өткізілетін шараның барысымен анасын таныстыру: - Шара клизма өткізілетін бөлмеде немесе жөргектеу үстелінің үстінде өткізіледі. - Жел шығарғыш түтікшенің көмегімен баланың тік ішегіне енгізіп, 5 минут күтіп, тоқ ішектен ауаның шығуын  күтеміз.Сіз келісім бересіз бе? Шараны орындау алдында анасына психологиялық қолдау көрсету (шараны өткізу балаға қажет, қауіпсіз және шараны тәжірибелі мейіргер/фельдшер орындайтынын түсіндіру)      
2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап және алжапқыш кию. Анасынан баланың белінен төмен бөлігін жалаңаштауын өтіну. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді/кушетканы өңдеу, таза клеенка және жөргек төсеу.      
3. Баланы сол жақ қырына, тізесін бүгіп және аяқтарын ішіне жинап жатқызу (6 айға дейінгі баланы арқасына, аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу).      
4. Шараны орындау барысында атқаратын іс-әрекеттеріңізді дауыстап анасына айтып тұрыңыз: - Жел шығарғыш түтікшенің бітеу жағын шпательдің көмегімен вазелин майымен майлау. - Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпта бекітіп ұстау      
5. - Жел шығарғыш түтікшенің бітеу жағын қысып ұстау. Ақырындап, күш салмай анусқа енгізу және жайлап жылжыту: 1-2 см кіндікке қарай, одан әрі омыртқа жотасының бойымен 6-8 см тереңдікке. Жел шығарғыш түтікшенің екінші жағын суы бар ыдысқа салу.      
6. - Баланың ішін сағат тілінің бағыты бойынша айналдыра сипалау. - Суы бар ыдыста ауа көпіршіктерінің бөлінуі тоқталғаннан кейін салфетканың көмегімен түтікшені алып тастау. - Дефекациядан кейін баланың жыныс мүшелерін жуу. Сүлгімен құрғатып сүрту, табиғи қыртыстарын майлау. Баланы киіндіру. (Немесе киіндіруге анасына беру)      
7. Шара тиімсіз болған жағдайда келесі препараттарды енгізу (әр келесі енгізілетін препарат алдында енгізілген препарат тиімсіз болғанда енгізіледі): а) карболен рег os (белсендірілген көмір) немесе смекта - 1 мг/кг (1 мл=5 мг) б) бұлшық етке - церукал немесе прозерин – 0,1 мл/жасына.      
8. - Клеенка және жөргекті алып дезерітіндіге салу. -  Алжақышты шешу, дезерітіндіге салу. -  Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру.      
9. - Анасына өткізілген шараның болжамы, асқынулары және қортындысы туралы мәлімет беру. - Шараны қорытындылау және мейіргерлік параққа тиісті мәліметтерді енгізу. - Анасына кеңестер беру және кері байланыс қатынасын жүргізу (түсіну деңгейін тексеру).      
10. - Келесі медициналық байқауға келу мерзімін тағайындау (қажеттілік бойынша шараны қайталап өткізу күнін). - Анасынан кеңестерді түсінгенін, сұрақтары болуын сұрау, сіз берген кеңестерді қайталап шығуын өтіну. - Қоштасу. Шығарып салу.      

                      Барлығы

     

Ескерту.

Жел шығарғыш түтікшені енгізу тереңдігі баланың жасына байланысты болады (жаңа туған нәрестелерде 6-8 см).

 

Коммуникативті дағдылармен бірге машықтану шараларын орындау біліктілігін бағалау чек парағы

Пән: «Педиатриядағы мейіргер ісі», «Балалар аурулары»

Мамандық: «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі»

Студенттің аты-жөні_________________________________________________

Топ _______________________________________________________________

Мамандық________________________________________________________

Станцияның нөмірі__________________________________________________

ЭНТЕРОБИОЗҒА ҚЫРЫНДЫ АЛУ АЛГОРИТІМІ


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  


Көрсеткіші: құрт ауруын анықтау және одан әрі емдеу

Керекті құралдар:

  • 50% глицерин немесе натрий гидрокарбонатының 1% ерітіндісі
  • таза ағаш шпатель
  • резеңке қолғап
  • заттық және жабынды шыны
  • крафт-қағаз, резеңке, бланк-жолдама

Баға, балдар

Барлы ғы орындал-ды –1 б Орында луы толық емес немесе қателік тер бар -0,5 б Орын далма-ды немесе дұрыс емес - 0 б
1 Амандасу. Өзін таныстыру. Анасымен танысып, өзіне ыңғайлы жағдайда жайғасып отыруды ұсыну. Шараны орындау барысында тиімді ара қашықтықты сақтау. Анасын тыныштандыру (уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, біз сіздің балаңызға көмек көрсетеміз). Анасына анализ тапсыру  керектігін айтып жеткізу: анализ құрт ауруын анықтау үшін керек, бұл жағдайда бала аурушаң, ұйқысы мазасыз болуы мүмкін. Шара  ауырсынусыз, қауіпіз және сіздің қатысуыңызбен болады. Сіз келісесіз бе? Анасынан рұқстын алу, екіжақты келісім алу арқылы. (келіседі ме жоқ па) Анасына шараның іс-әрекетін айтып жеткізу: шпатель арқылы, біз анус маңының қыртыстарынан қырын аламыз.      
2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап және маска  кию.      
3. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, жөргек төсеуАнасын баланың төменгі жақ киімін шешуін сұраймыз.      
4. Шпательдің ұшын 50%глицеринге немесе натрий гидрокарбонатының 1% ерітіндісіне малу. Заттық шыныға 1 тамшы 50% глицерин тамызу.      
5. Сол қолмен баланың жамбастарын ашып, анус маңындағы қыртыстардан және тік ішектің төменгі бөлігінен шпательмен қырна алу, одан әрі анасы баласын алып киіндіруге болады.      
6. Шпательдің қырна алынған ұшын заттық шыныдағы глицерин тамшысының үстіне салу, жапқыш шынымен жабу.      
7. Шыныларды крафт-қағазға орап, резеңкемен бекіту      
8. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру.      
9. Жолдама жазып материалды зертханаға 1 сағ көлемінде ж

double arrow