Ж.Ж. Макашева, Г.И. Ахметова

2017

                                                                                                                   

5В050900- «қаржы» мамандығының студенттеріне диплом жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау – Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, 2017. – 24 б.

 

 

5В050900- «қаржы» мамандығының студенттеріне диплом жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттестаттауды өткізу бойынша Ережелерге сәйкес құрастырылған, 2017жылдың «4» шілдесінен, хаттама №13.  

 

 

Құрастырушылар: э.ғ.к, доцент Макашева Ж.Ж., э.ғ.к., аға оқытушы Ахметова Г.И.

 

 

Рецензенттер: э.ғ.к., доцент, С.Баишев атындағы АУ, «қаржы және есеп»

                         кафедрасының меңгерушісі Бухарбаев Ш.М.

                       э.ғ.к., доцент, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, «қаржы және        

                         есеп» кафедрасының меңгерушісі Таскарина Б.М.

                

 

 

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ экономика және құқық факультетінің Әдістемелік кеңесінде бекітілді және басылымнан шығаруға ұсынылды.

Кіріспе

 

Әдістемелік нұсқау студенттерді диплом жұмысын орындаудың міндетті талаптарымен, ереже және ұсыныстарымен таныстыру мақсатында жасақталды.

Әдістемелік нұсқау Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіндегі барлық оқу үдерісінде дербес студенттік жұмыстардың сабақтастығын дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.

Диплом жұмысының мемлекеттік емтихандармен қатар орындалуы жоғарғы оқу орнындағы білім алуды аяқтау кезеңі болып табылады.

Диплом жұмысы – ғылыми жетекшінің басшылығымен орындалған студенттің белгілі бір тақырыпты өз бетінше зерттеуі. Оны даярлау және жазу үдерісінде студент өзінің экономикалық пәндердің барлық кезеңдігі бойынша алған терең іргелі де қолданбалы білімін көрсетуі қажет.

Диплом жұмысын даярлауда студент мыналарды білуі тиіс:

· экономикалық теориядан алған білімін қолдана отырып, экономикалық шынайылықтың күрделі мәселелерін талдаудағы өз ойын жүйелі және дәл жеткізу, дағдысын көрсету;

· қоғамның экономикалық өмірінің қазіргі құбылыстарын жан-жақты талдау шеберлігін көрсету және цифрлар мен нақты материалдар негізінде ғылыми дәйектелген теориялық әрі практикалық тұжырымдарын дұрыс жасай білу;

Диплом жұмысы, бір жағынан, студент даярлығының өзіне тән нәтижесін жинақтап қорыту сипатын білдірсе, екінші жағынан –  белгілі бір тақырыпты нақты зерттеуді көрсетеді.

Диплом жұмысының мазмұнын мыналар құрайды:

· зерттеу тақырыбының теориялық бөлімі;

· зерттеу обьектісі мен мақсатын экономикалық дамудың жаңалығын ескере отырып негіздеу;

· сындарлы-ұсынбалы ұсыныстар;

· есептік-сызбалық бөлім;

· сызбалық-кестелік материалдар

 

1. Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері

Студент диплом жұмысын жазу үдерісінде жоғары оқу орнында жалпытеориялық және арнайы пәндерден оқып алған білімін кеңейтумен қатар оны одан әрі нығайтады, арнайы оқу курсының бір бөлігін тереңірек зерттейді және дербес ғылыми әрі сараптамалық жұмыс жасау дағдысын дамыта түседі. 

Диплом жұмысының мақсаты – студенттің теориялық және практикалық дайындық дәрежесін анықтау, рыноктық экономика жағдайындағы болашақ кәсіби мамандығына даярлығын білу.

Диплом жұмысының негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

1. Таңдалған тақырыптағы экономикалық категориялардың, құбылыстың, мәселелердің мәнін ашу және теориялық тұрғыдан негіздеу.

2. Экономикалық әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасау шеберлігін және әдебиет көздерінен дұрыс цитат келтіру мен сілтеме жасау іскерлігін көрсету.

3. Кәсіпорындар мен мекемелерде практика өту кезінде жинаған және өңделген нақты материалдарды талдай білу.

4. Қорытынды жұмыстағы практикалық міндеттерді немесе сұрақтарды шешу үшін экономикалық талдаудың қазіргі заманғы озық әдістерін шебер пайдалана білу.

5. Зерттеу обьектісінің қызметін жақсарту бағытындағы дәйекті және нақты ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу.

6. Зерттеу нәтижесі бойынша алынған материалдарды қорытындылау және тұжырымдау.

7. Кейбір тосын жайттерден шығудың жолын тауып шешімін қабылдау және жұмыстың қорытынды бөлімінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлей білу.

8. Өз ойын сауатты әрі жүйелі түрде дәйекті жеткізу, экономикалық көрсеткіштердің диаграммалары мен кестелерін құру, есептерін қорытындылай білу.

Бұл айтылғандардың бәрі қорытынды жұмыстың өзіне сәйкес талаптарын анықтайды. Қорытынды жұмыс оның тақырыбына лайық нормативтік актілерге, Үкімет шешімдері мен материалдарына, нұсқаулық көрсеткіштер мен әдебиет көздеріне негізделген өте жоғары дәрежелі теориялық сипатқа ие болуы керек.

Диплом жұмысын жазу барысында студент таңдап алған тақырыбы бойынша мыналарды оқып білуі тиіс: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, экономика және қаржы саласындағы ҚР заңдары мен заңнамалары, Үкіметтің нормативті-құқықтық актілері, ғылыми және оқу әдебиеттеріндегі, кезеңдік басылымдардағы сұрақтар, нақты кәсіпорынның қаржылық және өндірістік есептері.

Бітіру жұмысы дербес сипатқа ие болуы тиіс, сонымен қатар тақырып бойынша ашылатын сұрақтың әртүрлі көзқарастағы пікірлерін қарастыру, оны практикалық тұрғыдан бағалау және өзіндік пікір де айқындалуы қажет.

 

 

2.Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және бекіту тәртібі

Диплом жұмысын жазу үшін оның тақырыбын дұрыс таңдаудың маңызы зор. Студент тақырып таңдауда, алдымен, мәнжазба, курстық жұмыс тақырыптарынан бастау алатын өзінің ғылыми қызығушылығын, қалаған тақырыптық мәселесі бойынша арнайы ғылыми әдебиеттермен таныстығын ескеруі қажет. Егер студенттің алдыңғы оқу-зерттеу, ғылыми шығармашылық жұмыс үдерісі бойынша барлық жүргізген тапсырмаларының орындалуы дербес түрде аяқталса, онда диплом жұмысының сапасы да артады.

Диплом жұмысының тақырыптарын түлектер шығарушы кафедра әзірлейді, онда жалпытеориялық және тарихи мәселе тақырыптарымен қатар, фирма, кәсіпорын, мекемелер тарапынан тапсырыс түрінде алынған бүгінгі практика тұрғысынан қажетті тақырыптар да қамтылады. Тізімді қаржы, салық, банк саласының және зейнетақы қорларының қызметі туралы тақырыптар толықтырады. Жыл сайын бұл тақырыптар ел экономикасында, заңнамаларында болып тұратын өзгерістермен жаңартылады. Кейбір жағдайда студент ресми бекітілген тақырыпта жоқ, бірақ оның ғылыми ізденісінің белгілі бір бағытын жақтайтын немесе жұмыс бейініне (профиль) жақын тақырыпты таңдауы мүмкін (сырттай оқу түрі бойынша). Мұндай жағдайда студент тақырыпты негіздеуі және оны кафедра меңгерушісімен келісімдеуі қажет.

Тақырыптарды таңдауға әдетте, оны кафедраның бекіткен күнінен бастап екі жеті уақыт беріледі. Осы берілген уақыт аралығында студент тақырыптарды зерттеп білу арқылы белгілі бір тақырыпқа өз таңдауын жасауы тиіс.

Бірдей және дәл сондай тақырыпқа бірдей кәсіпорындардың материалдары бойынша диплом жұмысын жазуға рұқсат етілмейді.

Студент таңдаған диплом жұмысының тақырыбы оның кафедра меңгерушісінің атына жазған жеке өтініші бойынша бекітіледі (1-ші Қосымшаны қараңыз). Кафедра осы өтініштердің негізінде диплом жұмыстарының тақырыптарымен бірге ғылыми жетекшілерін де бекіту туралы бұйрықтың жобасын дайындайды және оны оқу-әдістемелік бөліміне бұйрық шығару үшін жібереді.

Диплом жұмысының тақырыптары студенттерге курсты аяқтау кезеңінің басында бөлінеді және жоғарғы оқу орны ректорының бұйрығымен бекітіледі. Диплом жұмысының тақырыптарын бекіту туралы бұйрық шыққаннан соң, студент жұмыстың жоспарын құрып, ғылыми жетекшісінің келісіміне тапсырады. Диплом жұмысының тақырыптарын бекіту ісі өндірістік практиканың басталуына дейін жүргізіледі.

 

3. Диплом жұмысына ғылыми жетекшілік жасау

Бітіру жұмысының әзірлік сатысынан бастап орындалуына дейін ғылыми жетекші басшылық жасайды. Диплом жұмысының ғылыми жетекшілігіне сол жоғарғы оқу орнының профессор, доцент, тәжірибелі оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері немесе ғылыми ізденіс саласы мен ғылыми баспалары түлектің мамандығына сәйкес келетін басқа мекемелердің ғылыми қызметкерлері мен жоғары білікті мамандары тағайындалады.

Ғылыми жетекшінің міндетіне мыналар кіреді:

1. Тақырыпты тұжырымдауға, зерттеу обьектісін таңдауға, жұмыс жоспарын құруға, диплом жұмысын орындау үшін тапсырма (2-ші Қосымшаны қараңыз) беруге, жұмыстың күнтізбелік кестесін (3-ші Қосымшаны қараңыз) жасауға, қажетті әдебиеттерді таңдауға жәрдемдесу.

2. Өндірістік практиканың өту базасын анықтау, қосымша құрылымдық, әдістемелік, ұйымдық, құқықтық және басқа да аспектілерді қамтитын тапсырмалар беру.

3. Студенттің диплом жұмысындағы кемшіліктерді жоюына дұрыс бағыт беру және аяқталған жұмысты кафедраға Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының басталуынан бес күн бұрын тапсыруын қамтамасыз ету.

Жоғарыда келтірілгендерден басқа, ғылыми жетекші кеңес беру кестесін белгілейді, сол бойынша студенттің күнтізбелік кестеге сай диплом жұмысының орындауына ағымдық бақылау жасайды.

Студент жұмыстың күнтізбелік кестесіне сай ғылыми жетекшіге есеп береді, бұл диплом жұмысының (жобаның) дайындық дәрежесін анықтайды, со бойынша кафедра меңгерушісі мен факультет деканы хабардар болады.

Диплом жұмысы (жоба) мамандық бойынша әдебиеттерді (оқулық, оқу құралдары, монографиялар, кезеңдік әдебиеттер, дәріс курстары, журналдар, соның ішінде шетел тіліндегі, нормативтік құралдар мен т.б.) терең зерделеу, зерттеу арқылы жазылады.

Әрбір диплом жұмысы (жоба) тапсырмаға сәйкес жекелеген теориялық немесе практикалық мәселелерді қамтуы тиіс.

Диплом жұмысы рецензент тарапынан экспертизадан өтуі тиіс.

 

4. Диплом жұмысын дайындауды жоспарлау

Диплом жұмысын дайындау кезеңі дайындық кестесін құру, жұмысты жазу мен рәсімдеумен қатар мынадай сәттерді де қамтуы тиіс:

1. Іздену, қалап алған тақырып бойынша әдебиет және статистика көздерімен алғашқы танысу және іріктеу.

2. Диплом жұмысының алдын-ала жайылыңқы жоспарын құру.

3. Іріктелген әдебиеттерді, статистикалық материалдарды, инструкциялық нұсқауларды зерттеу.

4. Диплом жұмысының түпкілікті жоспарын құру.

5. Практикалық материалдарды жинау және өңдеу.

6. Диплом жұмысының мәтінін жазу және иллюстрацияланған материалдарды рәсімдеу (диаграммалар, кестелер, сұлбалар және т.б.).

7. Диплом жұмысын пысықтау немесе жетілдіру.

8. Диплом жұмысын рәсімдеу және оны кафедраға ұсыну.

9. Жұмысты рецензиялауға ұсыну және рецензенттің ескертулерімен танысу.

10. Диплом жұмысын қорғауға дайындалу.

Қорғау кестесі диплом жұмысын дайындаудың тапсырмасын тікелейалған соң жасалады. Жұмыстың күнтізбелік кестесі жекелеген бөлімдерінің орындалу реттілігін көрсете отырып және ғылыми жетекшінің келісімімен толық кезеңге жасалады. Диплом жұмысының тапсырмасын оның нақты аяқталу мерзімін көрсете отырып, кафедра меңгерушісі бекітеді. Диплом жұмысының тапсырмасы дипломға реттік сансыз тігіледі. Кафедра меңгерушісі студенттің диплом жұмысын орындаудың кезеңдік есеп беру мерзімін белгілейді. Студенттің белгеленген мерзімде ғылыми жетекшіге және кафедра меңгерушісіне есеп беру арқылы диплом жұмысының дайындалу дәрежесі тіркеледі және факультет деканына хабарланады.

Диплом жұмысы ғылыми жетекшісінің ұсынысымен, қажет болған жағдайда, кафедра жұмыстың жекелеген бөлімдері бойынша ғылыми жетекшілікке бөлінген уақыт есебінен кеңес берушіні шақыра алады. Кеңес беруші ретінде профессор, доцент, жоғарғы оқу орнының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, сонымен қатар басқа мекемелердің ғылыми қызметкерлері мен жоғары білікті мамандары тағайындала алады. Кеңесшілер студенттің жасаған жұмысының бөлімдерге сәйкестілігін тексереді және қолтаңбасымен бекітеді.

Студент диплом жазудың және қорғаудың бекітілген кестесі бойынша кафедрада міндетті түрде алдын-ала қорғаудан өтуі тиіс.

 

5. Диплом жұмысының мазмұны мен құрылымы

Диплом жұмысының мазмұндық негізін таңдап алынған тақырыптың сұрақтарын зерттеу нәтижелері құрауы керек. Материал жақсы редакцияланған әрі жеңіл оқылуы, қысқа баяндалуы тиіс. Сөздер мен атауларды қысқартуға болмайды.

Диплом жұмысының ең маңызды және жауапты кезеңі жоспар құру болып табылады. Оны құру барысында жұмыс тақырыбын дамытудың жалпы бағыты, масштабы мен зерттеу тереңдігі, тартылған әдебиеттер шеңбері нақтыланады, зерттеу обьектісі мен практикалық материалдарды алу көздері белгіленеді. Диплом жұмысының жоспарын студент өз бетінше жасайды, оны құру үшін таңдаған тақырыбы бойынша арнайы пән курстарының бөлімдеріне сәйкес оқулық, дәріс, семинар материалдарын пайдаланады және әдебиет көздерімен танысады.

Қажетті әдебиеттерді іріктеу үшін студент университет, ғылыми-техникалық кітапханасының, интернеттің библиографиялық-анықтама аппаратын, пайдаланады. Диплом жұмысына қосымша берілетін әдебиеттер атауының тізімі 45-тен аз болмауы керек. Іріктелген әдебиет көздері мынадай сипатта зерттеледі: студент әдебиетті алдын ала көз жүгіртіп қарап шығады, содан кейін кітаптың андатпасы, мазмұны, кіріспесімен танысады, әдебиет көзімен осылайша танысу оның диплом жұмысын жазуға қаншалықты дәрежеде көмектесетінін анықтау үшін қажет. Әдебиет көздерін іріктеуде жалпытеориялық сипаты қолданыстағы практиканы көрсете алатын жұмыстарды тізімге алған жөн. Әсіресе, соңғы жылдардың жарияланымдарын зерттеуге баса назар аудару қажет.

Жұмыстың көлемі қосымшаларды есептемегенде 60-90 баспа бетті құрауы керек. Диплом жұмысының материалдарын мынадай тізбектілікте жасау қажет:

1. Мұқаба (4-ші Қосымшаны қараңыз)

2. Титулдық парағы (5-ші Қосымшаны қараңыз)

3. Диплом жұмысын орындау бойынша тапсырма

4. Мазмұны

5. Қысқартылған сөздер тізімі (егер бар болса)

6. Кіріспе

7. Негізгі бөлім

8. Қорытынды (тұжырымдамалар)

9. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

10. Қосымша

Мұқаба мен титулдық парақ нөмірленбейді, бірақ беттердің жалпы санына кіреді.

Диплом жұмысының мұқабасында мынадай мәліметтер келтіріледі:

· мекеменің аты-жөні, диплом жұмысының (жобаның) орындалған жері,

·  студенттің аты-жөні, тегі,

· диплом жұмысының (жобаның) тақырыбы,

· жұмыс түрі – диплом жұмысы (жоба),

· мамандықтың шифры мен атауы,

· қала атауы, орындалған жылы.

Титульдық парақ беті диплом жұмысының алғашқы беті болып саналады, әрі ол құжатты іздеу және өңдеу үшін қажет ақпарат көзі қызметін атқарады. Титульдық парақ та келесідей мәліметтер келтіріледі: диплом жұмысы орындалған мекеменің атауы, кафедра меңгерушісінің бекіткен қолтаңбасы; студенттің аты-жөні, тегі, ғылыми жетекшінің тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және басқа да атақтары, диплом жұмысының тақырыбы, жұмыс түрі, мамандықтың шифры мен атауы, қала атауы, орындалған жылы

Диплом жұмысының мазмұнына кіретіндер: кіріспе, барлық бөлімдер мен бөлімшелердің реттік нөмірі мен атаулары, қорытынды бөлімі, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен бет нөмірлері көрсетілген қосымшалар тізімі. Диплом жұмысының мазмұнын рәсімдеу үлгісі 6-шы Қосымшада берілген.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңызы, мақсаты мен міндеттері негізделеді. Мұнда зерттелетін мәселенің қазіргі кезеңдегі маңызын көрсету қажет. Зерттеу обьектісінің қысқаша экономикалық сипаттамасын беру, диплом жұмысының теориялық және методологиялық негізі мен тәжірибелік базасының сипатын ашу керек. Кіріспе көлемі 3-5 бет болуы мүмкін.

Бірінші тарау (теориялық): қарастырылатын сұрақтарды шешудің қазіргі теориялық және әдістемелік жағдайына шолу. Әсіресе диплом жұмысы тақырыбының негізгі тармағы егжей-тегжейлі зерттеледі. Басқаша айтқанда, диплом жұмысының өзегіне айналып отырған мәселеге терең теориялық дәйектеме жасалады, сұрақтың нақтылығы идеалды сипатта көрсетілуі қажет. Бірінші тараудың көлемі шамамен 15-20 бет болуы тиіс.

Екінші тарау (талдамалық): обьектіге қатысты нақты материалдарға негізделеді (мысалы, диплом қорғау алдындағы практика орны) және мына мәселелер дәлелденеді: зерттеу сұрағын шешу әдістері; талдау әдістемесі (деңгейлес, сатылас, факторлық, корреляциялық, деректерді іріктеу, топтастыру әдісі, салыстырмалы талдау және т.б.). Тарауда қаржылық бағалаудың, талдау мен бақылау нәтижелері болуы керек. Мұнда диплом жұмысын жазушы нақты есеп материалдарын (техникалық, статистикалық және қаржылық) жинауы қажет, деректерге шебер талдау жүргізе отырып, зерттеу обьектісінің қызметін жетілдіру бағытында сол талдаулардан сәйкес қорытынды жасай білуі шарт. Қалау бойынша, талдау жасалатын кезеңнің ең аз дегенде соңғы 2-3 жылын қамтығаны дұрыс. Жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша диплом жазушы жұмысындағы немесе зерттеу обьектісінің қызметіндегі кемшіліктерді, жетіспеушіліктерді көрсете отырып тұжырымдар жасайды, Екінші тараудың көлемі шамамен 25-35 бет болуы шарт.

Үшінші тарау (мәселелерді шешу жолдары): белгілі кемшіліктерді жою және зерттеу обьектісінің қызметін немесе қызмет жасауын жетілдіруге байланысты ұсыныстар әзірленеді, кемшіліктердің алдын алу шаралары қарастырылады. Үшінші тараудың көлемі шамамен 15-20 бет болуы қажет.

Қорытындыда тұжырымдар мен ұсыныстардың өзара байланыстылығы мен қорытындылануы қарастырылады. Шын мәнісінде қорытынды бөлім зерттеу обьектісінің қызметін жақсартуға бағытталған, дәл әрі қысқа түрде негізделген және тұжырымдалған ұсыныстардан тұрады. Қорытынды бөлімінің көлемі 2-5 бет болуы мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі "Қорытындыдан" кейін келтіріледі. Мұнда диплом жұмысын жазуда пайдаланылған барлық әдебиет көздері тіркеледі. Оларды мынадай тізбектілікте келтірген жөн:

1. Нормативті-құқықтық актілер.

2. Нұсқамалық материалдар.

3. Автордың ататегіне сай алфавит тәртібімен ғалымдардың еңбектері, монографиялар, мақалалар, оқулықтар, оқу құралдары, кезеңдік басылымдар және басқа да әдебиет көздері.

Алдымен автордың ататегі мен аты-жөні, содан кейін кітаптың атауы, басылым орны (қаланың аты), баспа атауы мен шыққан жылы көрсетіледі. Егер кезеңдік басылым болса, онда автордың ататегі мен аты-жөні, мақала атауы, баспа атауы, шыққан жылы, кезеңдік басылымның нөмірі мен беті көрсетіледі. Мысалы:

Қарағұсова Г.Ж. Салықтар: мәні және практикада қолдануы.- Алматы, 2001

Ли Э.А. Тәуелсіз Қазақстанның бюджет жүйесі // Ғылыми еңбектер "Әділет".-1997. - №1. - 25-28 б.

Диплом жұмысы үшін міндетті болып келетін құжаттар, сұлбалар, диаграммалар, суреттер, фотографияларды тек қана Қосымшаларға орналастырған жөн. Жұмыс мәтінінде қажеттілікке қарай осылардың ішінен талдамалық кесте түрінде келтіруге болады. Сандық деректер немесе мәліметтер кестеде көрсетілуі керек.

Қосымшалар нөмірленеді, қосымшалар нөмірі қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына қойылады.

Диплом жұмысына оның толық мазмұнын қамтитын 4-5 терілген беттен тұратын қысқаша баяндама немесе андатпа даярлау қажет. Сонымен қатар, диплом жұмысын толығырақ түрде ашып көрсету үшін көрнекі құралдарды (слайдтар, кестелер, видеофильмдер) және интерактивті әдістерді пайдалануға болады.

 

 

6. Диплом жұмысын рәсімдеу

Диплом жұмысы А4 форматындағы ақ жазу қағазының бір жағына (компьютер арқылы терілуі тиіс) терілуі қажет. Шрифт – Times New Roman, кегль – 14. Жұмысты ақ беттің келесідей алаң өлшемдерін сақтай отырып орындау қажет: сол жақтан – 3,0 см, оң жақтан – 1,0 см, жоғарыдан – 2,0 см, төменнен – 2,5 см.

Диплом жұмысының бөлімдері мен бөлімше атауларын абзацтан бастаған дұрыс әрі мәтіннің жоғарғы және төменгі жағынан арасы бір жол қашықтықта орналасады. Тақырып атауынан кейін нүкте қойылмайды және асты сызылмайды.

Тарау және параграф атаулары жазу үлгісіндегі әріптермен жазылады, бас әріптермен рәсімдеуге болмайды, Тақырып атауында сөздерді тасымалдауға болмайды. Егер тақырып атауы екі сөйлемнен тұрса, олар нүктемен ажыратылады. Тақырып атауы мен жалғас мәтіні бір бетте орналасуы керек. Тақырып атауын бір беттен екіншісіне тасымалдауға болмайды.

Диплом жұмысының әрбір тарау немесе бөлімдері жаңа беттен басталады. Бөлім ішіндегі бөлімшелер немесе параграфтары мәтіннен өзара бір жол арқылы бөлектенеді.

Абзацтық жылжу барлық мәтін бойынша бірдей болуы тиіс және ол 1,27 шегініске тең.

Дәйексөздер (цитаталар) тырнақшаға алынып, беттің төменгі жағында оларға сілтеме жасалады. Сілтемелер қосымшаға нөмірі көрсетіліп жасалады, сол секілді сілтемені жұмыс бетінің соңында да келтіруге болады.

Диплом жұмысының беттері барлық мәтін бойынша араб сандарымен толассыз белгіленеді. Беттің нөмірі оның төменгі бөлігінің ортасында, нүктесіз қойылады.

Диплом жұмысының барлық беті түгелімен, яғни, иллюстрациялар, қосымшалар, кестелерді қоса алғанда, барлық беттері тізбектеліп нөмірленеді және беттің нөмірлері толассыз болуы тиіс: титулдық парағы бірінші бетте, екінші – мазмұны және т.б., диплом жұмысының тапсырмасы нөмірленбейді. Титулдық беттің және мұқабаның нөмірленбейтіндігін де ескерген жөн («кіріспе» бөлімі қысқартылған сөздердің тізімінсіз алғанда үшінші беттен бастап нөмірленеді).

Диплом жұмысында теңдеулер мен формулалар мәтіннен бөлек жолда көрсетуілуі қажет. Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғары және төменгі жағынан ең аз дегенде бір бос жолдан қалдыру керек. Формулалар жолдың оң жақ шетінде, дөңгелек жақшада, араб сандарымен, реттілікпен нөмірленеді.

Көп бағаналы кестелерді қосымшаларға жіберген дұрыс. Көп жолды кестелерді келесі бетке көшіруге болады. Диплом жұмысындағы барлық кестелерде сілтеме жасалуы керек. Кесте шрифтерін мәтін шрифтеріне қарағанда кішірейтуге болады.

Бөлімдегі кестелер мен иллюстрацияларды нөмірлеу қажет. Мұндай жағдайда кесте немесе иллюстрация нөмірі бөлім нөмірінен және нүкте арқылы бөлінген сол кестенің реттік нөмірінен тұрады, мысалы (1.1 Кесте). Сол сияқты сұлба, сурет, диаграмма, кесте және басқа да көмекші материалдар түріндегі иллюстрацияларды қосымша ретінде жіберген дұрыс. Кесте атауы кестенің үстіңгі жағына абзац арқылы (1.1 Кесте) деген сөзден кейін орналасады.

Әрбір қосымша жаңа парақтан басталады, парақтың жоғары оң жақ бұрышында «Қосымша» сөзі жазылады. Қосымша саны біреуден асса, оларды араб сандарымен нөмірлейді («№» белгісі қойылмайды), мысалы: 1 Қосымша, 2 Қосымша және т.б. Жұмыс мәтініндегі қосымшаға сілтеме сол құжатта жасалады, мысалы: (1 Қосымшаны қара). Қосымшадағы иллюстрациялық материалдардың барлығы да атауларына сәйкес толассыз нөмірленуі қажет, мысалы: 1 Кесте, 2 Кесте, 1 Диаграмма, 1 Сұлба және т.б.

Қосымшадағы иллюстрациялық материалдар да белгілі қатаң тәртіппен рәсімделеді: иллюстрация атауы абзацтық жылжумен орналастырылады, содан кейін иллюстрацияның өзі, сосын иллюстрацияның астында ақпарат көзі орналасады (төмендегі мысал).

 

1 Кесте. 01.01.2014 ж. Қазақстан банктерінің депозиттік операцияларының жағдайы

 

   01.01.2014, млрд. теңге
Заңды тұлғалардың депозиттер көлемі 327, 8
Тұрғындар салымдары (резидент еместерді қоса алғанда) 261,4
Депозиттер, барлығы 589,2

 

Мәлімет көзі: 2013 жылдың қаңтар айындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Хабаршысы

 

Ескертуді мәтін, сызба материалдарының соңынан немесе кестеге қатысты болса, кестеде орналастырған жөн. Егер бір ескерту ғана болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылады және бас әріптен бастап жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер араб сандарының тәртібі бойынша нүктесіз нөмірленеді. Кестедегі ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңындағы сызық үстінде орналастырылады.

Диплом жұмысы қандай тәсілмен орындалса да, оның электрондық үлгіде (ПЭВМ) басып шығарылған сапасы талаптарға сай анық болуы шарт.

Диплом жұмысын дайындау үдерісінде байқалған баспа, жазу және сызықтық қателерін, сол қате жіберілген мәтін орнына ақ бояу, өшіру арқылы өзгертуге болады әрі бұл өзгертулер қолмен немесе машинка жазбасының тәсілімен орындалады (қара сия немесе туштің көмегімен).

Диплом жұмысы (жоба) алдын ала қорғау тәртібінен өту үшін кафедраға тапсырылады. Диплом жұмысын алдын ала қорғау тәртібі кафедраның ашық отырысында студенттердің және ғылыми жетекшінің міндетті қатысуымен, егер қажет болса ғылыми кеңесшінің де қатысуымен өткізіледі. Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді (7-ші Қосымшаны қараңыз).

Түптелген дайын диплом жұмысы ғылыми жетекшіге беріледі, ол бақылаудан өткізгендігін титулдық параққа өз қолтаңбасымен растайды және пікірін жазады. (8-ші Қосымшаны қараңыз). Ғылыми жетекші өз пікірімен бірге диплом жұмысын кафедра жетекшісінің қарап шығуына береді, кафедра жетекшісі жұмыстың бекітілген талаптарға сәйкестігін анықтаған соң оны рецензиялауға жібереді.

Егер диплом жұмысы қорғауға жіберілмесе, бұл сұрақ ғылыми жетекшінің қатынасуымен кафедра отырысында талқыланады. Кафедра отырысының хаттамасы факультет деканы арқылы Университет ректорының бекітуіне ұсынылады.

Қаржы және есеп кафедрасымен Қорғауға ұсынылған диплом жұмысы факультет деканымен рецензияға жіберіледі. Рецензенттердің тізімі кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша ректордың бұйрығымен бекітіледі. Сонымен қатар рецензент ретінде басқа жоғары оқу орындарының оқытушылары, доцент профессорлар да болуы мүмкін. 

Рецензенттердің қорғалатын диплом жұмысының профиліне сәйкес жоғары базалық білімі немесе ғылыми, академиялық дәрежесі, ғылыми атағы болуы тиіс.

Рецензент диплом жұымысына жазбаша рецензия береді, онда тақырыптың өзектілігі, жаңалығы, зерттеу тақырыбының тәжірибелік маңыздылығы, жүргізілген зерттеудің өз бетінше орындалуы, қорытынды, тұжырымның бар болуы, мәселелерді шешу деңгейі және зерттеудің толық аяқталуы айқын бейнеленуі қажет.

Рецензияда баллдық-рейтингтік әріптік жүйе және сәйкес академиялық дәреже мен біліктілік беру мүмкіндіктері бойынша дәлелдеме қорытындысы беріледі. Ғылыми жетекшімен қорғауға жіберілген, бірақ рецензент бағасы F - «қанағаттанарлықсыз» болса, онда ол жалпы жағдайда қорғалады.  

 

 

7. Диплом жұмысын қорғау тәртібі

Диплом жұмысын Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының ашық отырысында қорғау оның қорытынды кезеңін білдіреді. Жоғары оқу орындарының Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының Ережесіне сәйкес диплом жұмысын қорғауға, оқу жоспары мен бағдарламасының барлық талаптарын орындаған студенттер ғана жіберіледі. Диплом жұмысын қорғайтын күні мен уақытын кафедра жетекшісі анықтайды. Диплом қорғаушы диплом қорғайтын күнге баяндама тезисін, иллюстрациялық материалдарды – таблицаларды, сұлбаларды, диаграммаларды және т.б. дайындауы қажет. Бұлардың бәрін диплом қорғаушы ғылыми жетекшінің қадағалауымен және бақылауымен дайындайды.

Диплом жұмысын қорғау жария түрде, студенттердің және бітіруші мамандарды даярлап шығаратын кафедра оқытушыларының қатысуымен ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшілерді, рецензенттер мен диплом тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілген мекеме өкілдерін, басқа да қызығушылық танытатын тұлғаларды шақыруға болады.

Мемлекеттік аттестациялау комиссиясына мынадай құжаттар ұсынылады:

1. Диплом жұмысы (1 дана).

2. Диплом жұмысына берілген ғылыми жетекшінің пікірі.

3. Диплом жұмысына рецензия.

4. Мамандарды даярлап шығаратын кафедраныңы қорғауға жіберілген ұсынысы туралы шешімі (кафедра отырысының хаттамасынан көшірме)

5. Плагиаттан өткені туралы анықтама

Оқу бітіруші түлек өзінің баяндамасында (ұзақтығы 5-10 минут) диплом жұмысының мақсаты мен міндеттеріне, маңызды мәселелеріне тоқталады, ондағы ұсыныстарды негіздейді. Диплом қорғаушы сөзінің кіріспе бөлімінде дайындап әкелген қосымша көрнекі материалдарын (кестелер, сызбалар, диаграммалар, кестелер) белсенді қолдану арқылы қорғау дәрежесін биік деңгейге көтере алады. Диплом қорғаушы материал мәтінін қағаздан оқымай, ауызша, еркін жеткізгені дұрыс.

Диплом жұмысын қорғау жаңа техникалық құралдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы жетістіктерінің негізінде мультимедиялық презентация түрінде электрондық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің кем дегенде жартысының қатысуымен болатын ашық отырыста қорғалады.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау студенттердің, кафедра оқытушыларының қатысуымен ашық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға сонымен қатар ғылыми жетекшіні, диплом жұмысы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілген мекеме өкілдерін шақыруға болады. Диплом жұмысын (жобаны) талқылауға барлық қатынасушылар сұрақ қою, жарыссөз түрінде қатынаса алады.

Қорғаудан кейінгі пікірталастан соң комиссия хатшысы пікір мен рецензияны дауыстап оқып береді (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда, өзінің сөз алуына болады). Пікір немесе резензияда ескерту болған жағдайда студент мән-мағыналы түсініктеме беруі тиіс.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау нәтижесі баллды-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағаланады. Мұндайда студенттің теориялық, ғылыми және практикалық дайындық деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі мен рецензенттің бағалауы назарға алынады.

Мемлекеттік емтихан бойынша қайта тапсыру және бағаны көтеру мақсатында диплом жұмысын қайта қорғауға рұқсат берілмейді.

Диплом жұмысының қорғау нәтижесі Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының хаттамасымен әрбір студент бойынша жеке-жеке рәсімделеді және қорғалған күні жарияланады.

 

 

 1Қосымша

 

 

«Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к. Б.М. Таскаринаға 5В050900 «қаржы» мамандығының 4 курс студенті

_____________________________

                                                                      (. Студенттің аты-жөні)

 

Өтініш

 

Сізден, келесідей диплом жұмысының тақырыбын: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

және ғылыми жетекші ретінде ____________________________________

 

бекітуіңізді сұраймын.

 

____________________ «_____» _____________201_ г.

(ғылыми жетекшінің келісімі)

 

________________________

                                                                                      (студенттің қолы)

 

                           


2 Қосымша

 

 

«Бекітемін»

«Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент

_______________Таскарина Б.М.

«___»_____________ 201_ ж.

 

 

Диплом жұмысын орындау


ТАПСЫРМАСЫ

 

Студент _________________________________________________________

                       (аты-жөні) 

 

Жұмыстың тақырыбы _____________________________________________

Жұмыстың аяқталу уақыты:________________________________________

Жұмыстың шығыс мәліметтері______________________________________

 

Диплом жұмысында қарастырылуы тиіс сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны:

 

1.

2.

3.

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер _____________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

Графикалық материалдар тізімі (кесте, схема, сызба, диаграмма т.б.)

_____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

Тапсырма берілген күн:

 

Ғылыми жетекшісі _________________________ (қолы аты-жөні) 

 

Тапсырманы орындауға алушы студент _________________________ (қолы, аты-жөні)

 

 

3Қосымша

                                                                                     «Бекітемін»

«Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент

_______________Таскарина Б.М.

«___»_____________ 201_ ж.

 

 

Диплом жұмысының күнтізбелік жұмыс кестесі

Диплом жұмысының тақырыбы __________________

Студенттің аты-жөні _________________________________________

 

Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны Орындалу мерзімі
1 Зерттеу пәнін анықтау Қыркүйек
2 Кітапхана қорымен және электронды ресурстармен танысу Қыркүйек
3 Жұмыстың құрылымын анықтау Қазан
4 Диплом жұмысының тақырыбын бекіту Қарашаның соңғы – желтоқсанның алғашқы онкүндіктері
5 Құжаттар мен дерексөздерін жинау және оқу Қыркүйек-қаңтар
6 Тәжірибе жүргізу материал жинау, бар материалды саралау Желтоқсан-сәуір
7 Жеке бөлімдерді жазу Шолу – желтоқсан 1-б. – қаңтар 2-б. – ақпан 3-б. - наурыз
8 Жұмыстың жалпы тұжырымдарын анықтау Наурыз
9 Баяндама текстінің тезисін жазу Наурыз
10 Атауын, мақсатын негізгі міндеттерін және тұжырымдарға сәйкестігін нақтылау жұмыс мәтінінің жоба нұсқасын дайындау және жетекшіге ұсыну Наурыз Сәуір
11 Түзету енгізу Сәуір
12 Жұмысты безендіру Сәуір
13 Кафедрада диплом жұмысын алдын-ала қорғауын өткізу Сәуір
14 Студенттер конференциясына баяндамамен қатысу Жыл бойы
15 Жұмысты кафедраға тапсыру қорғаудан он күн бұрын

 

Ғылыми жетекшіі _________________________ аты-жөні

                                 қолы

 

Студент _______________________________ аты-жөні

                                қолы

 

4Қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

 Садырбаев Н.Т.

  Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің дамуы және  ұйымдастырылуы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 «5В050900-қаржы» мамандыңы      

Ақтөбе, 2018

5Қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Қорғауға жіберілді» Қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі_______Б.М.Таскарина ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ     Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің дамуы және ұйымдастырылуы «5В050900-қаржы» мамандығы бойынша   Орындаған                                                                              Н.К. Садырбаев Ғылыми жетекшісі, э.ғ.к.                                                      Г.И.Ахметова                         Ақтөбе 2018

6 Қосымша

 

Мазмұны

 

Кіріспе…………………………………………………………..............………….3

1. Тараудың атауы…………..…………………………………........……….…....7

1.1 …………………………………………………..…………….........…..……....7

1.2 …………………………….………………………….……….......…….…….12

1.3 …………………………………………………………….….......……….…..14

2. Тараудың атауы.......…………..……………………………..……………….30

2.1 ….......………………………………………………………………………...30

2.2.......…………………………….……………………………………………...37

2.3 …......………………………………………………………………………….45

3. Тараудың атауы.....…………..………………………………………………..55

3.1 …………......………………………………………………………………….55

3.2 …………......………………….……………………………………….…..….60

3.3 …….....………………………………………………………………………..65

Қорытынды....……………………………………………………………………67

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........………………………………………..70

Қосымша.......... …………………………………………………………………..72

 


7 Қосымша

Диплом жұмысын алдын-ала қорғау

№___ХАТТАМАСЫ

 

 

«___» _______20__ж.

 

Қатысқандар:

_________________________

(оқытушылар саны)

_________________________

(студенттер саны)

 

Күн тәртібінде:

1. Экономика және құқық факультетінің «қаржы» мамандығының ___тобының студенті ____________________ диплом жұмысын алдын-ала

                                       студенттің аты-жөні

қорғауы

      

Тақырыбы______________________________________________________

_______________________________________________________________

 

Тыңдалды: ___________________________________________________

_________________________________________________________________

Сұрақтар: 1._______________________________________________________________

2.________________________________________________________________

3.________________________________________________________________

Сөз сөйледі:_________________________________________________

_________________________________________________________________

Қаулы етеді:

1.________________________________________________________________

2.________________________________________________________________

 

Комиссия төрағасы:

________________________ _____________________ ________________

     қызметі                                                        (қолы)                              (Аты-жөні)

 

Комиссия мүшелері:

________________________ _____________________ ________________

     қызметі                                                     (қолы)                                  (Аты-жөні)

________________________ _____________________ ________________

     қызметі                                                    (қолы)                                    (Аты-жөні)

 

Хатшы:

________________________ _____________________ ________________

     қызметі                                                     (қолы)                                    (Аты-жөні)


8 Қосымша

 

 

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің 5В050900 «қаржы» мамандығының

4 курс студенті Н.К. Садырбаевтың «Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің дамуы және ұйымдастырылуы»

тақырыбындағы диплом жұмысына



ПІКІРІ

 

Тақырыптың

 өзектілігі__________________________________________________________

_________________________________________________________________

Логикалық жүйелілігі________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________

Диплом жұмысын орындаудағы

дербестік деңгейі___________________________________________________

_________________________________________________________________

Тұжырымдар мен ұсыныстардың дәлелділігі және нақтылығы _____________

________________________________________________________________

_________________________________________________________________

Жұмыстың артықшылықтары мен кемшіліктері _________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

________________________________________________________________

 

Диплом жұмысы (жобасы) диплом жұмысына қойылатын талаптарға сай келеді (сай келмейді) және мемлекеттік аттестациялау комиссия отырысына қорғауға жіберіледі (жіберілмейді).  

 

Ғылыми жетекші                                   қолы                                Аты-жөні

Ғылыми атақ, дәрежесі

Қызметі

Жұмыс істейтін орыны               

 

«_____»_______________20___ж.

 

 


 9 Қосымша

 

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің 5В050900 «қаржы» мамандығының

4 курс студенті Н.К. Садырбаевтың «Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің дамуы және ұйымдастырылуы»

тақырыбындағы диплом жұмысына


РЕЦЕНЗИЯ

 

Рецензия төмендегі реттілікпен жазылады:

1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі, жаңалығы және тәжірибелік маңыздылығының негізділігін бағалау. 

2. Диплом жұмысының мақсаты мен жоспарының оның мазмұнынан сәйкестігін, әдістемелік базасын бағалау.

3. Мәселелерді шешу деңгейі және зерттеудің толық аяқталуын бағалау.

4. Жүргізілген зерттеудің өз бетінше орындалуын, ұсыныс, тұжырымның бар болуын бағалау

5. Талас келетін жағдайлар, сыни ескертулер және кемшіліктер.

6. Жұмыстың тілін, мәнерін, сыртқы және техникалық безендіруін бағалау.

7. Диплом жұмысының жалпы деңгейінің сипаттамасы.

8. Диплом жұмысының маманды даярлауда академиялық дәреже мен біліктілік беру мүмкіндіктеріне сәйкестігі.  

9. Рецензияның қорытындысында диплом жұмысына баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша баға беріледі және оның авторына мамандыққа сәйкес академиялық дәреже беру бойынша ұсыныс беріледі.

Мысалы: Н.К. Садырбаевтың диплом жұмысы А «өте жақсы» (100 балл) деген бағамен бағаланып, ал автор қаржы бакалавры академиялық дәрежесін алуға лайық.

 

 

 

Рецензент__________________________________________ Аты-жөні

 

 

«____»______________201_ ж.

 

 

Ж.Ж. Макашева, Г.И. Ахметова

5В050900- «қаржы» мамандығының студенттеріне диплом жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

Тапсырыс №___

Тираж 50 экз.

 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Редакциялық-баспа бөлімі

 

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: