II. Анамнез (anamnesis)

ЖУМАДИЛОВА ЗАУРЕШ КЕНЖЕКАНОВНА

КАСКАБАЕВА АЛИДА ШАРИПОВНА

ШАХАНОВ ТУНГЫШХАН ЕГИЗХАНОВИЧ

СЫРҚАТНАМА КЕСТЕСІ

(әдістемелік құрал)

Семей

 2013


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

сЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ЖУМАДИЛОВА ЗАУРЕШ КЕНЖЕКАНОВНА

КАСКАБАЕВА АЛИДА ШАРИПОВНА

ШАХАНОВ ТУНГЫШХАН ЕГИЗХАНОВИЧ

СЫРҚАТНАМА КЕСТЕСІ

(әдістемелік құрал)

Семей

 2013



УДК 616  (075.8)

ББК   54.1  

Ж 78      

Рецензенттер:

Еспенбетова М.Ж. – Семей қаласының ММУ жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша интернатура кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор

Жұмамбаева Р.М. – Семей қаласының ММУ ішкі аурулар пропедевтикасы каф. меңгерушісі., профессор

 

Ж78 Сырқатнама кестесі. әдістемелік құрал З.К.Жумадилова, А.Ш.Каскабаева, Т.Е. Шаханов – Семей қ. – 2013.- 64 бет.

ISBN 978-601-248-435-9

Әдістемелік құрал ішкі аурулар пәні бойынша типтік оқу бағдарламасына сай жазылған және терапия бойынша сырқатнаманың толықтай кестесін құрайды. Клиникалық диагностиканың сапасының кешенді бағалануы мен клиникалық диагнозды негіздеудің синдромдық әдістемесі көрсетілген. Оқу құралы жалпы медициналық факультеттің 4 курс студенттеріне «Ішкі аурулар» пәнінің сырқатнамасын жазуға әдістемелік оқулық ретінде ұсынылады.

 

                                                                                  УДК 616  (075.8)

                                                                                  ББК 54.1

 

Семей мемлекеттік медициналық университетінің Оқу-әдістемелік кеңесі шешімімен бекітілді және басылымға ұсынылды.

№ 5 хаттама  22.05.2013ж.

  

ISBN 978-601-248-435-9          © Жумадилова З.К., Каскабаева А.Ш.,                

Шаханов Е.Т. 2013 жыл

 


МАЗМҰНЫ

                                                

Кіріспе.........................................................................................................5

Мұқабасы....................................................................................................6

Сырқатнама кестесі....................................................................................7

I. Жалпылай деректер................................................................................7

ІІ. Анамнез..................................................................................................7

ІІІ. Объективті зерттеу мәліметтері........................................................10

ІV. Болжам диагнозын негіздеу және зерттеу жоспарын құру............14

V. Лабораториялық және аспапты зерттеулер нәтижелерін оқу.........15

VI. Клиникалық диагнозды тұжырымдау.............................................20

VII. Дәлелдемелі медицина тұрғысынан емдеу жоспары...................20

VIII. Пациент күнделігі............................................................................21

ІХ. Эпикриз...............................................................................................22

Х. Әдебиеттер тізімі.................................................................................23

Ескерту 1. Дене қызуы парағы...............................................................24

Ескерту 2. Шетелдік анализаторлардағы лабораториялық                                                зерттеулерде қолданылатын аббревиатуралар......................................25

Ескерту 3. Классификациялар.................................................................32

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................63
КІРІСПЕ

Сырқатнама – дәрігер науқас адамды жан-жақты зерттеудің дәлелдемелерін, ауруының өзгерістерін, емін және болжауын талдай және көрсете алатын, ғылыми, тәжірибелік және заңдық маңызы бар өте қажетті құжат.

Ішкі аурулар пәнінде 4 курс студенттерінің сырқатнаманы жазу мақсаты, ең алдымен, клиникалық ойлау мен оның логикалық құрылымын, яғни диагностикалық процестің әдістемесін меңгеру мен бекіту.

Сырқатнамамен жұмыс кезіндегі студенттің нақты міндеттері:

1)  Пациентті дұрыс және жан-жақты зерттеу;

2)  Алынған мәліметтерді бағалай алу мен клиникалық ойлаудың логикалық құрылымын құруда оларды қолдана білу - аурудың симптомдары мен синдромдарын ажырату;

3)  Клиникалық диагнозды тұжырымдау мен негіздеу;

4)  Қаралған науқас адамның болашағын болжау;

5)  Науқас адам емі мен сауығуының жоспарын құру.

 

4  курста ішкі аурулар пәнін оқу кезінде студенттердің сырқатнаманы жазуы медициналық жоғары оқу орындарында Мемлекеттік оқыту бағдарламасын орындаудағы қажетті шара.

 

 

 



Ішкі аурулар кафедрасы

 

                        Кафедра меңгерушісі: _________________________

 

                                             Оқытушы: _________________________

СЫРҚАТНАМА

 

 

ПАЦИЕНТ  ______________________________________

Диагнозы ________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

 

                                                         

 

                                                        Жетекші __________________

                                                          Топ № ___________________

                                                        Курация күні______________

 

СЫРҚАТНАМА КЕСТЕСІ

I. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР (Анкеталық мәліметтер)

1. Тегі, аты-жөні

2. Жасы

3. Жұмыс орны мен оның мекен-жайы

4. Лауазымы

5. Тұрғылықты мекен-жайы

6. Клиникаға түскен мерзімі

II. АНАМНЕЗ (Anamnesis)

1. Шағымдары (клиникаға түскен кездегі).

Негізгі мен қосалқы шағымдары және оларды нақтылау.

Негізгі шағымдарына осы дерттің маңызды симптомдары мен дерттік процестің орналасуын меңзейтін белгілер жатады.

Қосалқы шағымдарына нақты бір дертке меншікті емес тек дерт бар екенін меңзейтін субъективті белгілер (жалпы әлсіздік, ыстықты сезіну, т.б.) немесе осы негізгі дертке қатысты емес қосалқы ауруға байланысты шағымдар жатады.

 

2. Осы дерттің даму тарихы (Anamnesis morbi)

1. Қашан ауырған, дерт неден басталған (алғашқы көріністері).

2. Дертті немен байланыстырады және оның мүмкін себептері (пациенттің ойы бойынша).

3. Осы зерттелгенге дейін дерт қалай дамыды.

4. Дерттің бұрын дамыған және жаңадан қосылған симптомдарының даму реттілігі, күшеюі не әлсіреуі, тіпті бұрынғы белгілердің жоғалып кетуі.

5. Қайда қаралған, зерттелген және қандай диагноз қойылған, немен емделген, оның ауру ағымына әсері қалай болған.

6. Жағдайының осы жолғы нашарлауын сипаттау (осы жолы стационарға қандай жағдайларда түскен).

3. Бұрынғы аурулары

1. Балалық шақтан бастап қандай аурулармен ауырған, қай жасында және оның нәтижелері

2. Жарақаттанулары, жасалған оталар, контузиялары

3. Венерологиялық аурулар

4. Психикалық жарақаттанулары

5. Уланулар

6. Жұқпалы аурулары бар адамдармен қарым-қатынаста болуы (эпидемиологиялық анамнезі)

7. Мүгедектігі бар ма, қай кезден бері, қандай топта, "Еңбекке жарамсыздық парағы" қандай жиілікте алынды.

4. Аллергологиялық анамнез

1. Науқас адамның анамнезінде және туыстары арасында аллергиялық аурулары бар ма (бронх демікпесі, есекжем, теміреткі, т.б.)

2. Бұрын алған антибиотиктер туралы мәліметтері

3. Егулері

4. Дәрілерге жоғары сезімталдығы, тағамдардың жағымсыздығы

5. Отбасылық анамнез және тұқым қуалаушылығы

1. Туысқандары туралы мәліметтері: олардың жастары, денсаулықтары, қайтыс болған ата-аналары мен туыстарының жастары мен себептері

2. Пациенттің осы ауруының және туберкулез, мерез, алкоголизм, қатерлі ісіктер, т.б. дерттердің ата-аналарында болуы

6. Пациенттің өмір тарихы

1. Балалық кезі, жастық шағы

ú Туған жері, уақытында туды ма, туған кездегі салмағы

ú Пациенттің туған кезіндегі ата-аналарының жас мөлшерлері  

ú Нәрестелік шағындағы өсуі

ú Мектептегі кезеңі: қай жаста барды, қалай оқыды

ú Жастық шағындағы өсу ерекшеліктері

2. Тұрмыстық анамнезі

ú Балалық шақтан бастап өмір сүру жайы

ú Тұрғылықты үйі: жылы, ылғалды, суық, жарық, оның ауданы мен ондағы адамдар саны, тұрмыстық жеңілдіктер, қай қабат

ú Киімдері мен аяқ киімі

ú Тамақтануы – тағамның сипаты мен толықтығы, ас қабылдаудың реттілігі, сұйықтықты, тұзды тағамды, қою шайды және т.б. көп мөлшерде қабылдауы

ú Дем алуы, ұзақтығы мен жеткіліктілігі

ú Дене шынықтыру және спортпен айналысуы

3. Еңбектік анамнезі

ú Қай жастан еңбекке араласқан, өмір бойғы кәсібі мен еңбек жағдайы

ú Жұмысында денсаулыққа зиянды әсерлер болды ма, болса қанша уақыт

4. Жыныстық анамнезі

ú Жыныстық даму кезеңі. Әйелдерде – етеккірдің басталу мерзімі, оның реттілігі, ауырсынулары, ұзақтығы

ú Неше рет құрсақ көтергені, оның ішінде босанғандары, өздігінен және жасанды түсік тастаулары (аборттар)

ú Туған балаларының салмақтары

ú Климакс, қай кездегі алғашқы көріністері мен белгілері

5. Зиянды әдеттері (әуестік уланулары)

ú Шылым шегуі, ішімдік ішуі, есірткіге әуестігі (қай жастан, саны)

 

III. ОБЪЕКТИВТІ ЗЕРТТЕУ МӘЛІМЕТТЕРІ

1. Жалпы қарау

· Жалпы жағдайы (жақсы, қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, халі ауыр, агоналды), дене қызуы

· Науқас адамның төсектегі күйі (белсенді, мәжбүрлік, пассивті)

· Есі (анық, көмескілену, ступор, сопор, кома, сандырақтау)

· Бет әлпеті (аурудың байқалмауы, сағыныш, қозу, берекесіздік)

· Бойы, салмағы, дене бітімі, конституция

· Терісі мен шырыш қабаттары, түстері. Терісінің ылғалдығы, тургоры, серпімділігі, бөртпелері, қан құйылуы не қанталауы, тыртықтары, қабыршақтанулары, жаралары, "тамыр жұлдызшалары". Шашы мен тырнақтары

· Шелі майы, даму дәрежесі (шамадан артық, аздаған, әлсіз дамыған), жауырын ұшы тұсында терінің қалыңдығы (см). Ісінулер: орны, тығыздығы. Теріасты эмфиземасы. Қалқанша безі (ұлғаю сипаты мен дәрежесі)

· Лимфо түйіндері (жақасты, бұғана үсті және асты, мойын, қолтықасты, шап): қолға анықталуы, көлемі, пішіні, консистенциясы, қозғалғыштығы, ауырсынулығы, бір-бірімен және қоршаған тіндермен жабысуы

· Бұлшық еттері: дамуы (жақсы, қанағаттанарлық, семуі, басқанда ауырсынуы, тонусы, тығыздалуы, контрактурасы, кейбір топтарының асимметриялығы)

· Сүйектер (омыртқа жотасы, қабырғалар, жілік сүйектері): қисаюлары, қалыңдауы, өрнектелулері, басқанда және ұрғылағанда ауырсынулары

· Буындар: пішіндері, ісінулері (көлемі см-де), басқанда және қозғағанда ауырсынуы, маңайының өзгерулері. Буын функциясы сақталған, бұзылған (қозғалысы белсенді, шектелген, анкилоз), сықырлауы. Буын қуысында сұйықтықтың болуы

2. Тыныс ағзалары

Қарау:

Мұрынның, кеңірдектің, мойынның және кеуде құрсағының пішіндері, оның деформациясы, асимметриясы, типі, тыныстың жиілігі мен тереңдігі, ентігудің сипаты (экспираторлық, инспираторлық, аралас), кеуде құрсағының екі жағынан тыныс қозғалысының біркелкілігі мен симметриялығы. Тыныс актісіне тыныстық қосымша бұлшықеттердің қосылуы

Кеуде құрсағының пальпациясы

Серпімділігі, ауырсынатын тұстары, терісінің ісінуі, дауыс дірілі (екі жағында бірдей, әлсіреген не күшейген тұстарын көрсету). Плевраның үйкеліс шуын пальпация арқылы сезіну

Перкуссия

- салыстырмалы перкуссияның мәліметтері: перкуссиялық дыбыстың сипаты (өкпелік, босқораптық, тимпаникалық, тұйық, аралас сипаттағы дыбыстар), өкпелер үстіндегі перкуссиялық дыбыстың әрқилы өзгерістері; топографиялық перкуссияның мәліметтері: өкпе ұштарының биіктігі, өкпе ұштары алаңдарының ені (Кренинг алаңы), өкпелердің төменгі шектері, өкпелердің төменгі шектерінің белсенді қозғалысы, Траубенің жартыай кеңістігі

Аускультация

Тыныс шулары: негізгі (везикулярлық және бронхтық тыныстар мен олардың түрлері) және қосымша шулар (калибріне сәйкес құрғақ және ылғалды сырылдар, крепитация, плевраның үйкеліс шуы). Бронхофония (өзгермеген – екі жақта да бірдей).

3. Жүрек-тамыр жүйесі

Жүректі зерттеу

Жүрек аумағын қарау: жүректік бүкірлік, көзге көрінетін пульсация, жүрек түбі, бұғана шұңқыры, төс асты.

Артериялар мен веналар: "каротид биі", артериялардың ирелеңі, тыныш кезде және Плеш сынамасында мойын веналарының толуы мен соғысы.

Пальпация: жүрек ұшы соғысы, оның орны, таралуы, күші, биіктігі, бағыты (шығыңқы болуы, ішке тартылуы), жүректік соғыс, "мысық пырылы" ("fremissement cataire") симптомы, оның орны мен жүрек цикліне қатынасы.

Перкуссия: жүректің салыстырмалы тұйықтығының шектері (оң, жоғарғы, сол жақ), тұйықтықтың пішіні (қалыпты, митралды, қолқалық), жүрек көлденеңінің өлшемдері см-де, тамырлар шоғырының ені см-де, жүректің абсолюттік шектері (оң, жоғарғы, сол жақ).

Аускультация: (6 нүкте бойынша жүргізіледі).

Жүрек тондары: анықтығы (қалыпты, күшейген, әлсіреген), жарықшақтанулары мен бөлінулері, ІІІ тонның пайда болуы.

Жүрек түбінде ІІ тон акцентінің болуы (не болмауы).

Митралды қақпақшаның ашылу сықыры (бөдене ырғағы).

Тербеліске ұқсас ырғақ, шоқырақты ырғақ (пресистолалық, протодиастолалық).

Шулар: орны, жүрек фазаларына қатынасы, естілу анықтығы, сипаты, тембрі, ұзақтығы, таралу бағыты.

Экстракардиялық шулар (перикард үйкелісі шуы, плевроперикардтық шу)

Тамырларды зерттеу.

Білезік артериясы соғысының ерекшеліктері: синхрондылығы, пульстің екі қолда бірдей айқындылығы, жиілігі, ырғағы, толымдылығы, қаттылығы, күші, жылдамдығы мен биіктігі. Пульс дефициті. Екі қолдағы капиллярлық пульс. Қолқа пальпациясы (бұғана шұңқырында, іш қолқасы), вена пальпациясы (веналық пульс).

Аускультациясы: қасқыр ұлуы симптомы, Виноградов-Дюрозье шуы, басқа артериялардағы стеноздық шулар, Куковеров-Сиротинин шуы.

Екі қол мен аяқтардағы артериялық қысым (сынап бағанасы б/ша мм).

4. Асқорыту ағзалары

Қарау:

Ауыз қуысы (тістері, иектері, тілі, көмейі мен миндалиндері)

Іш құрсағы - пішіні, аумағы см-де, кіндігі, кеңейген теріасты веналарының болуы, тыныс актісінде іш беткейінің қозғалысы, тыртықтар, жарықтар.

Перкуссия:

Перкуссиялық дыбыстың сипаты (тимпаникалық, тұйықталған-тимпаникалық), іш қуысында қозғалмалы сұйықтықтың анықталуы.

Пальпация:

Беткейлік пальпация – іш бұлшықетінің жағдайы (тонусы, қатаюы, іштің тура бұлшықеттерінің жыртылуы, жарық), ауырсынуы мен оның орны, Щеткин-Блюмберг симптомы, су шайқалуының шуылы, флюктуация;

Іштің терең палпациясы – Образцов-Стражеско бойынша іштің жылжымалы терең пальпациясы әдісі (ішектің сезілуі, асқазанның үлкен иірімінің анықталуы, пилориялық қалтқының анықталуы, орналасуы, пішіні, қозғалысы, ауырсынуы, шұрылдауы, т.б.), ұйқы безінің пальпациясы, ауырсыну нүктелері

Аускультация:

Ішек шуларының естілуі, перкуссиялық пальпация және аускульто-аффрикция әдістерімен асқазанның төменгі шектерін анықтау.

5. Бауыр мен өт жолдары

Қарау:

Шығыңқы болуы, бауыр тұсының деформациясы.

Перкуссия:

Оң жақ бұғана ортасы, дененің ортаңғы сызықтары және сол жақ қабырға доғасы бойымен бауыр тұйықтығының өлшемдерін анықтау (бауырдың Курлов бойынша өлшемдері).

Пальпация:

Бауыр өлшемдері, қыры, беткейі, консистенциясы, ауырсынуы;

Өт қабы: қолға анықталуы, ауырсынуы, холециститтің ауырсыну симптомдары.

6. Көкбауыр (талақ)

Қарау:

Шығыңқы болуы, көкбауыр тұсының деформациясы.

Перкуссия:

Көкбауырдың перкуссиялық шектері.

Пальпация:

өлшемдері, консистенциясы, қырлары мен беткейлерінің сипаты.

Аскультация (периспленитті анықтау үшін).

7. Несеп шығару жүйесі

Қарау – бүйрек аумағын қарау.

Пальпация: бүйрек пен қуықтың пальпациясы. Ауырсынулары мен Пастернацкий симптомы.

Перкуссия:  қуықтың жоғарғы қырын анықтау.

8. Қантүзу, эндокриндік және жүйке жүйелері (тиісті клиникаларда нақты зерттеледі)

IV. БОЛЖАМ ДИАГНОЗЫН НЕГІЗДЕУ МЕН ЗЕРТТЕУ ЖОСПАРЫН ҚҰРУ

Жетекші синдромды табу мен дерттің процестің орнын анықтау.

Синдромдарды табу кезінде симптом мен синдром деген ұғымдардың анықтамаларын білген жөн. Синдром – бір патогенезі бойынша біріктірілген симптомдар жинағы. Симптом – әдісіне байланыссыз анықталған аурудың кез-келген белгісі. Синдром ұғымын симптомокомплекс терминінен ажырата білу қажет: симптомокомплекс – бірнеше симптомдардың жай ғана біріктірілуі немесе бейспецификалық комбинациясы. Көбінесе, жетекші синдром дерттік процестің орнын анықтауға көмектеседі:

· Ағзаларда (стенокардия – коронар тамырлары; өкпедегі катаралды өзгерістер – бронх-өкпе жүйесіндегі процесс; сарғаю және гепатомегалия – бауырдың зақымдануын білдіреді; эпигастрийдегі ауырсыну мен сасыған диспепсия – асқазанның зақымдануы; т.б.);

· Жүйелерде (қанталаулар – қан ұю жүйесінің ауруы; аллергиялық өзгерістер мен жиі инфекциялық дерттер – иммунитет дерті; т.б.);

· Зат алмасуда (эндокрин аурулары, гипо- не авитаминоздар; т.б.);

Дерттік процестің орнын анықтаған соң дерттік процестің патанатомиялық және патофизиологиялық мәні синдром (дар) түрінде анықталады:

- қабыну (инфекциялық, иммундық, аралас)

- дистрофия (миокардодистрофия, бауыр циррозы, пневмосклероз)

- өсінділік (ең алдымен онкологиялық)

- тамырлық (васкулиттер, атеросклероз, тромбоздар, эмболиялар)

- туа біткен дерттер (генетикалық детерминантты, туа біткен)

- функциялық (вегетациялық дистония синдромы, шекаралық артериялық гипертензия, т.б.)

Зақымдалған ағза не жүйе анықталғаннан соң және патанатомиялық сипаты талқыланған соң ауруды анықтау қажет. Ол үшін осы ағза мен жүйенің ауруларының қазіргі кездегі жіктелулері қолданылады. Осы адамдағы аурудың клиникалық көрінісін анықталған патанатомиялық топтағы аурумен салыстыру арқылы аурудың ең ұқсас нозологиялық түрі таңдалады. Ол үшін осы диагнозды нақтылайтын барлық дәлелдер біріктіріледі, яғни диагнозды тұжырымдайды. Осы аталған үш этап нозологиялық диагнозды тұжырымдауға және оған қысқаша резюме жасауға мүмкіндік береді, ол үшін диагностикалық гипотезаға қажетті барлық тиісті дәлелдерді тізіп шығу керек. Осыған байланысты қажетті лабораторлық және аспапты зерттеулер жоспары құрылады.

Науқас адамдарға қажетті барлық лабораторлық және аспапты зерттеулер клиникалық лебораторияда жасалады және олардың нәтижелерін студенттер клиникалық сырқатнамалардан көшіріп алады.

V. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АСПАПТЫ ЗЕРТТЕУЛЕР НӘТИЖЕЛЕРІН ОҚУ

Пациентті лабораторлық және аспапты зерттеулер әр адамға дербес және зерттеу жоспарына сай жүргізіледі.

Ауруларының сипатына қарамайбарлық науқасадамдарға жасалатын зерттеулер:

1. қанның жалпы анализі,

2. несептің жалпы анализі,

3. артериялық қысымды өлшеу,

4. ЭКГ түсіру,

5. кеуде құрсағының рентгеноскопиясы,

6. нәжісті құрт жұмыртқаларына зерттеу,

7. Вассерман реакциясы,

8. қанның тобын анықтау,

9. әйел адамдарға гинеколог кеңесі.

Тыныс ағзалары аурулары

1. Қақырық анализі (жалпы, МТ, "атипиялық клеткаларға" және антибиотиктерге сезімталдығын анықтау).

2. Плевра сұйықтығын зерттеу.

3. Спирометрия, спирография.

4. Кеуде құрсағының Рентгенографиясы.

5. Бронхография.

6. Томография.

7. Бронхоскопия.

8. Пирке реакциясы.

9. Сілтілі-қышқылды тепе-теңдік көрсеткіштері.

Ревматизм, полиартриттер, коллагеноздар, жүрек ақаулары, баяу сепсистік эндокардит (бактериялық эндокардит)

1. Қандағы жалпы белок пен оның фракциялары.

2. Формол сынамасы.

3. Қандағы С-реакциялық белок.

4. Қандағы сиал қышқылы.

5. Банка сынамасы.

6. Дифениламин сынамасы.

7. Антистрептолизин мен антистрептогиалуронидаза титрлері.

8. Қандағы қалдықты азот.

9. Зарарсыздыққа егу.

10.  Электрокардиограмма.

11.  Эхокардиограммма.

12.  Фонокардиограмма.

13.  Сфигмограмма.

14.  Капилляроскопия.

15.  Кеуде құрсағының Рентгеноскопиясы.

16.  Буынның Рентгенографиясы.

17.  Қан ағысының жылдамдығы.

18.  Веналық қысым.

19.  Күлдіреу сынамасы.

20. Дробная термометрия.

ЖИА: стенокардия, миокард инфаркты, кардиосклероз; гипертониялық ауру

1. Қандағы холестерин мен липидтік спектр.

2. Қандағы протромбин индексі.

3. Қанның ұйығыштық уақыты.

4. Коагулограмма.

5. Қандағы жалпы белок пен оның фракциялары.

6. Қандағы трансаминазалар мен басқа да ферменттер.

7. Қандағы қалдықты азот.

8. Зимницкий сынамасы.

9. Электрокардиограмма (максималды пульсация тұсынан да).

10. Эхокардиограмма.

11. АҚ өлшеу.

12. Веналық қысым мен қан жылдамдығын өлшеу.

13. Пульстік толқынның таралу жылдамдығын анықтау.

14. Коронарография.

15. Суықтық сынама.

16. Осциллограмма.

17. Офтальмологтің, невропатологтың, урологтың кеңестері.

Бүйрек аурулары

1. Несепті Аддис-Каковский, Нечипоренко бойынша зерттеу.

2. Қандағы холестерин.

3. Қандағы жалпы белок пен оның фракциялары.

4. Қандағы қалдықты азот.

5. Несепті зарарсыздыққа егу.

6. Зимницкий сынамасы.

7. Күлдіреу сынамасы.

8. Конго-рот сынамасы.

9. Реберг сынамасы.

10. Рентгеноурологиялық зерттеулер.

11. Окулист пен урологтың кеңестері.

Асқазан мен ішек аурулары

1. Фракциялық әдіспен асқазан сөлін зерттеу

2. Нәжісті жасырын қан мен қарапайымдыларға зерттеу

3. Нәжісті егу

4. Асқазан-ішек жолдарының Рентгеноскопиясы

5. Ректороманоскопия

6. ФГДС (фиброгастродуоденоскопия)

7. Электрогастрограмма

Бауыр мен өт жолдары аурулары

1. Қандағы билирубин (тура, тура емес)

2. Қандағы жалпы белок пен оның фракциялары

3. Тимол, сулема сынамалары

4. бензойлықышқылды натриймен Квика сынамасы

5. К витаминіне дейін және одан кейін протромбин индексін анықтау

6. Қандағы холестерин

7. Нәжістегі стеркобилин

8. Несептегі өт пигменттері

9. Фракциялық әдіспен асқазан сөлін зерттеу

10. Ұлтабарды сүңгілеу және өтт зарарсыздыққа егу

11. Несептегі урокиназа

12. Эфир әдісі бойынша порталық қанайналымын зерттеу

13. Веналық қысымды анықтау

14. Асқазан-ішек жолдарының Рентгеноскопиясы (өңеш пен асқазан веналары)

15. Холецистограмма

16. Бауыр пунктатын гистологиялық зерттеу

17. Лапароскопия.

Қан жүйесі аурулары

1. Қандағы ретикулоциттер

2. Эритроциттер диаметрі

3. Эритроциттер резистенттігі

4. Тромбоциттер

5. Қан ағу уақыты

6. Қан ағу ұзақтығы

7. Қан ұйындысының ретракциясы

8. Қандағы билирубин (тура, тура емес)

9. Асқазан сөлін зерттеу (о.і. гистаминмен бірге)

10. Несептегі уробилиннің тәуліктік мөлшері

11. Нәжістегі стеркобилиннің тәуліктік мөлшері

12. Төс пен лимфотүйіндердің пункциясы

13. Асқазан-ішек жолдарының Рентгеноскопиясы

Эндокрин жүйесінің аурулары

1. АҚ өлшеу

2. Қандағы қант (Штауб-Трауготта бойынша екіленген қанттық күштемедегі гликемиялық сызықты анықтау)

3. Несептегі қант

4. Қандағы холестерин

5. Негізгі зат алмасуды анықтау

6. Торн сынамасы

7. Тіндердің гидрофильдігіне сынама

8. Дене қызуын өлшеу

9. Түрік ерінің Рентгенограммасы

10. Жіліктердің буын беткейлерінің Рентгенограммасы

VІ. КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ

Клиникалық диагноздың құрамына негізгі аурудың аты, оның даму кезеңдері, фазалары, этиологиясы, асқынулары, зақымдалған ағза мен жүйенің функциялық жағдайы және қосымша аурулары енгізіледі. Осы этапта аурудың этиологиясы мен патогенездік механизмдері түбегейлі талқыланады. Клиникалық диагнозды қоярда ауруды асқынулары мен зақымдалған ағзан мен жүйенің функциялық қабілетінің бұзылыс дәрежелері толықтай тұжырымдалады. Осы адамдағы ауру ағымының барлық ерекшеліктері ескере отырып толық клиникалық диагнозы қойылады. Клиникалық диагнозды қойғаннан соң дәрігер мыналарған сенімді болуы тиіс: біріншіден, қойылған диагноз дәлелдермен жеткілікті негізделген, екіншіден, барлық дәлелдер түсінікті, үшіншіден, қойылған диагнозға кез-келген дәлел қарсы бола алмайды.

VIІ. ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА ТҰРҒЫСЫНАН ЕМДЕУ ЖОСПАРЫ

Пациенттің тәртіптік режимі (қатаң, төсектік, еркін).

Емдәм (Тағамтану ҒЗИ жіктеуіне сай столдар), салмақ түсіру күндері.

Ауыз қуысын, теріні, т.б. күтімі туралы шаралар.

Дәрілік ем. Тағайындалған дәрілер рецептураға сәйкес қолдану әдістемесі (кестесі) мен осы адамға қолданылуының тұжырымдамасын көрсете отырып жазылады.

Ең алдымен, «базистік» дәрілер, содан соң көмекші дәрілер жазылады.

Емнің құрамына гемодиализ, плазмоферез, гемотрансфузиялар, плазма құю, эритроциттер қоспасы, лейкоциттер, тромбоциттер қоспалары, т.б.), физиотерапия, емдік дене шынықтыру енгізуге болады. Әрбір тағайындау сырқатнамада негізделуі тиіс.

 Дәрігерлік тағайындамалар парағы

Тағайындамалар парағында (кестеге қараңыз) тағайындалған күні мен емді тоқтатқан күні белгіленеді. Дәрілердің аттары латын транскрипциясында дозасын, концентрациясын, енгізу әдісін (ішу, теріасты, бұлшықетке, венаға), енгізу мен ішу уақытын (ертеңгілік, күндіз, кешке, тамаққа дейін не кейін – неше минут бұрын) көрсету арқылы жазылады.

Тағайындама парағында тәртіптік режимі, диетасы (Певзнер бойынша столдың саны), физиотерапиялық шаралары көрсетіледі.

Кесте

Дәрі, дозасы Тағайындалған күні Тоқтатылған күні Дәрігердің қолы
       

Зерттеу парағында тағайындалған анализдердің күні, аты мен орындалу мерзімі көрсетіледі.

 

VIII. ПАЦИЕНТ КҮНДЕЛІГІ

     Пациенттің күнделігі – ауру ағымының барлық өзгерістері туралы күнделікті қысқаша және нақты жазба. Күнделікті күнде және әрбір студент дербес жазылады. Күнделікте алдымен күнделікті қарау кезіндегі науқас адамның шағымдары, көңіл-күйі, ауру ағымының динамикасы, яғни өткен тәуліктегі науқас адамның субъективті күйіндегі барлық өзгерістері жазылады; содан соң науқас адамның объективті жағдайына, өткізілген лабораторлық және аспапты зерттеулері мен қосымша зерттеулеріне клиникалық баға беріледі.

Температуралық парақта адамның ертеңгілік және кешкі дене қызуы, АҚ мен тамыр соғысының динамикасы, жүрек соғысы мен тыныс жиілігі көрсетіледі. Қажеттілігіне қарай ішілген сұйықтық көлемі мен диурезі, қақырықтың көлемі көрсетіледі. Негізгі дәрілері де жазылады.

Күнделікте клиникалық диагнозындағы, еміндегі әрбір өзгерістері, физикалық жүктемені, дәрілерді көтере алуы көрсетіледі, сол секілді пациенттің физикалық және психикалық сауықтырылуы негізделеді.

Аптасына тір рет студенттер күнделік орнына этапты эпикриз жазады да, онда қысқаша соңғы 5 күн ішіндегі ауру ағымы мен емнің нәтижелілігіне баға беріледі, сол сияқты  диагнозындағы өзгерістер көрсетіледі, науқас адамды болашақ зерттеулері мен емдеуіне міндеттер қойылады, аурудың болжамын анықтайды.

IX ЭПИКРИЗ

Эпикриз – сырқатнаманың қысқаша резюмесі және оған мына мәліметтер кіреді:

1. Пациенттің тегі, аты-жөні

2. Жасы

3. Кәсібі

4. Стационарда жату мерзімі

5. Түскен кездегі шағымдары (негізгі, жетекші)

6. Анамнезі (тек диагнозға ғана тиесілі)

7. Объективті зерттеуі (диагнозды нақтылайтындары)

    8. Лабораторлық, рентгенологиялық және басқа да зерттеулері (өзгерістері ғана)

    9. Толықтырылған клиникалық диагнозды тұжырымдау: нозологиялық түрі, кезеңі, белсенділігі, клиникалық варианты, асқынулары, қосымша аурулары.

   10. Ауру ағымының ерекшеліктері, оның жақын және алыс болжамалары.

   11. Жасалған емі (режим, диета, дәрілері мен дозалары), физиотерапия, емдік дене шынықтыру.

   12. Аурухана кезіндегі аурудың динамикасы.

   13. Емнің тиімділігін бағалау: сауығуы, жақсаруы – өзгерістері қандай, өзгеріссіз. Тиімсіз.

  14. Ауруханадан шығар алдындағы науқас адамның жағдайы (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр халде)

  15. Жергілікті дәрігеріне ұсыныстар. Еңбекке орналасуы, еңбектік режимі, диетасы, дәрілік емі, физиоемі, емдік дене шынықтыруы, санаторлық-курорттық емі, диспансерлігі.

X. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Сырқатнаманы жазу кезінде студент-куратор қолданған әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Авторлардың тегі мен инициалдары, мақаланың, монографияның, баспаның аты, баспаның тұрған жері, жылы, томның сандық реті (қажеттілігі болса) мен беттері көрсетіледі. Ішкі ауруларды анықтау мен емдеудің заманауи жетістіктері «Терапевтический архив», «Кардиология», «Клиническая медицина», «Русский медицинский журнал», «Врач», «Пульмонология», «Лечащий врач» және т.б. ғылыми-тәжірибелік медициналық журналдарда шолулар мен дәрістерде берілген.

    Осы сырқатнаманы студент жазады және оқытушы-ассистентке белгіленген мерзімде өткізіледі, содан кейін топ студенттерінің алдында кураторы қорғайды.

      

 

 


Ескерту 1.                                                      

ДЕНЕ ҚЫЗУЫ ПАРАҒЫ

Пациенттің тегі, аты-жөні____________________________________

Бөлімше ___________________________  Палатасы _____________ Парақ №___________________

Мерзімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауру күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стационардағы күнінің саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

П АҚ Т у в у в у в у в у в у в у в у в у в у в у в


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: