Жамбыл облысы, Талас ауданы, 16-18 маусым, 2017 жыл

ТАЛАС АУДАНЫ

(16.06.-18.06. 2017 жыл)

 

ТАЛАС АУДАНЫНДА АНЫҚТАЛҒАН ТАРИХИ, МӘДЕНИ ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ОРЫНДАР

(16.06. - 18.06. 2017 жыл)

1. ТАЛАС АУДАНЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ

(Муртазаева Б.)

 

Жер асты мен үсті байлыққа тұнып тұрған Талас ауданын  арынды Аса, Талас өзендері жарып ағып өтсе, Ақкөл мен Билікөл балыққа бай, ал елді мекеннің кез келгені тарихи ескерткіштерге бай өлке. Талас ауданы Қазақстан Өлкелік атқару Комитетінің шешімімен 1928 жылы 3 қыркүйекте бұрынғы Ойық, Ошақты, Ағашақ, Билікөл болыстарына қарасты 31 ауылдың негізінде құрылған. Орталығы Ойық ауылы болып белгіленген, аудан орталығы 1934 жылы Ақкөлге ауыстырылған. Қазіргі орталығы – Қаратау қаласы.

Аудандағы 24 елді мекендер мен Қаратау қаласының халқын қосқанда 52 мыңнан аса адам тұрады. Негізгі кәсібі ауылшаруашылығы және тау-кен химия шикізатын өндіру.

Кеңес дәуірінде ауданның өмірінде із қалдырарлық кезеңдер өтті. Зорлықпен ұйымдастырылған ұжымдастыруда, ашаршылықтың ащы азабын, саяси-қуғын сүргіннің салқынын сезді, көрді, бастарынан өткерді. Ұлы Отан соғысы кезінде ауданнан 6 мыңнан аса адам майданға аттанып, оның үштен бірі туған еліне оралмады.

Аудан 1946 -1950 жж. кезеңдерінде қайта өрледі. 1948-1949 жылдары 54 адамға Социалисттік Еңбек Ері атағы берілді, 2 адам Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Мұндай атаққа сол кездегі Одақтас республикаларда бірде-бір аудан түгілі, облыс ие болған емес. Талас елінің атағын шығарған Социалистік Ерлерінің саны 59 болды.

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері Талас ауданы аграрлы-индустриялы өлкеге айналды. Кеңес өкіметі кезінде фосфор кенін игеру мақсатымен дүниеге келген Қаратау қаласы Мәскеудің құзырында еді. Қала мәртебесін иеленгеніне 45 жыл толатын Қаратау 1997 жылдан бері аудан әкімшілігінің орталығына айналғалы — өз шешімін өзі айтар өлкеге айналды. 2003 жылы 25 қазанда Амангелді газ кеніші игеріліп, ел игілігіне берілді. Оның алауын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің өзі тұтатты.

Аумағы 12,2 мың шаршы шақырымның 574 мың гектар жері мемлекеттік орман қоры алып жатқан ауданда 51,1мың халық тұрады. Орман қорының 96 пайызы шөл және шөлейт аймақта, қалған 4 пайызы тауда. Аудан құрамына 13 ауылдық округтегі 25 елді мекен және 1 қала кіреді. Үстіміздегі жылғы 1 қазанға есеп бойынша 28429 адам қалада, 22718 адам ауылдық жерлерді мекендейді.

Ауданда 88 шағын кәсіпорын, 15 орта кәсіпорын, 1069 жеке кәсіпкер, 902 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Аудан бойынша орманды алқап – 572469 гектарды, жайылымдық жер – 982395 гектарды, шабындық жер – 25155, егістік алқап – 25651 гектарды алып жатыр. Ірі қара – 26349, қой мен ешкі – 337705, түйе – 1894, жылқы — 7019, құс – 189780 басқа жетіп отыр.

Ауданда білім бөліміне қарасты 55 мекеме жұмыс істейді. Одан тыс М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің филиалы, 3 колледж, мүгедек балалар мектебі мен қарттар үйі, 18 өнер ошағы, 20 кітапхана, мұражай, мұрағат, «Авангард» кинотеатры, кеншілер саябағы, 1 аудандық орталық емхана, 1 аудандық орталық аурухана, 1 ауылдық аурухана, 11 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 15 ауылдық медициналық пункт халыққа қызмет етеді.

Аудан өнеркәсібі саласында «Шолақтау» тау-кен өндейтін кәсіпорны, «Амангелді ГӨЗ» газ өндеу заводы, «КазТрансГаз» БҚ АҚ және «Игілік» КМ КК жұмыс істейді.

2. ТАЛАС АУДАНЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫ

(Таженова Т.)

 

Қаратау қаласы 1963 жылдан бастап Жамбыл облысы Талас ауданының орталығы, темір жол бекеті.

Географиялық орны. Қаратау қаласы облыстың оңтүстік бөлігінде, Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 82 км жерде, Қаратау тауының солтүстік-батыс сілемі - Шолақтау баурайында, Жетімшоқы және Ақтау тауаралық аңғарында орналасқан. Жер аумағы 200 км².

Координатасы 43°10′37″ с. е.70°27′56″ ш.б. 43°10′37″с.е.70°27′56″ ш.б.

Қаратау жотасы табиғи физикалық-географиялық шекара болып табылады, сондықтан солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс беткейлері физикалық-географиялық жағдайы бойынша бір-бірінен кескін айырылып отырады. Қаратаудың су айырығы ландшафттардың жеке класын құрайды. Қаратау тектоникалық жағынан Қазақ қатпарлы жүйесі құрамына кіреді.

Геоморфологиясы. Қаратау 5-6 балдық сейсмикалық зонада орналасқанын анықтау үшін, геодезиялық нивелировка арқылы, оңтүстік-шығыс шетінде Арыс-Тараз темір жол трассасы бойында жүргізілген жаңа тектоникалық қозғалыстар қайта анықталған, мысалы, Шақпақ ауысуында көтерілу процесінің жылдамдығы 12 мм/жылына.

Қаратаудың қазіргі жер бедері денудациялық үгілген беттің дұрыс емес қатпарлы-күмбезді деформациялау нәтижесінде қалыптасты. Бессаз шыңы осы беттен биік емес орналасқан, ол ежелгі жер бедерінің қалдығы. Осындай қалдықты жер бедері Қаратаудың оңтүстік-шығысында байқалады, Боралдай таулары ежелгі жер бедерінің қалдықтары. Палеоген трангрессиясы кезеңінде бұл қалдықтар құрлық болған. Биогеографтар оны палеоген-неоген уақыттың маңызды орографиялық шекарасы деп есептейді. Әктасты-доломитты қабаттар таралған учаскелерінде оңтүстік жазықтық беткейінің көтерілген жазықтық бетіне ойып орнатылған өзендер мен жылғалардың көлденең аңғарлары шатқал тәріздес (каньон сияқты) сипатта болады. Бұл каньондар үшін жеке бір кесінділеріне тура сызықтылықпен және шұғыл буынды бұрылыстармен сипатталады.

Климат жағдайы. Қаратау екі климаттық облыста орналасқан. (Батыс-Тянь-Шань климаттық облыс құрамына кіретін, Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейін қамтитын) Батыс-Қаратау климаттық ауданы және (Солтүстік-Тянь-Шань облысындағы Қырғыз таулы облыс тармағының), Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейін қамтитын Шығыс-Қаратау климаттық ауданы.

Жергілікті халық Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейін Теріскей, ал оңтүстік-батыс беткейін күнгей деп атайды. Теріскей басым салқын және ылғалды, ал Күнгей жылы және құрғақ болып келеді. Негізінде Қаратау жергілікті мағынадағы климат айырықшы болып табылады. Қаратау жотасы гипсометриялық қатыста орта биікті тауларға жатады.

Қаратау қысқы маусымда үш ауа массасының ықпалында болады: арктикалық ауа массалары, Қаратауға дейін өзгерген түрінде келеді, бірақ өзімен салқын ауа алып келеді; атлантикалық немесе батыс ауа құрғақтау күшті өзгерген түрінде келеді; Иран тау қыраты үстінде қалыптасатын субтропиктік ауа массалары Қаратауға жылымық алып келеді. Кейбір жылдары Қаратау жотасына дейін Сібір (Орта азиялық) антициклонның ықпалы жетеді, ол өзімен өте төмен температура алып келеді.

Пайдалы қазбалары. Рудалы пайдалы қазбалары. Қаратау жотасында фосфорит, полиметалл рудасы, уран, темір, алтын және рудалық емес құрылыс материалдар (құрылыс тас, цементтік шикі-зат) т.б. пайдалы қазбалардың кен орныдары табылған. Қаратау жотасында гидротермальды кен орындар және құрамы бойынша карбонатты кен орындар бар. Ванадийдің кен орындары кембрийдің қара сланецтеріне тән Қаратау жотасының солтүстік-батыс бөлігінде кездеседі. Қаратауда түсті металдардың кен орындары мен руда білінімдері өте көп кездеседі. Қаратауда қорғасын-мырыш кендері де кездеседі.

 

3. ҚАСҚАБҰЛАҚ - КҮРДІЛЕР АУЫЛЫ


       «Қасқабұлақ» ауылының әкімі және ТарМУ құрылыс отряды студенттерімен

 

«Қасқабұлақ» өзіне тән географиялық табиғат ландшафттарымен ерекшеленетін, тек күрді халқының өкілдерінен құралған ауыл. Ауыл ауданның оңтүстік батысы тау жотасының ортасында, Қасқабұлақ өзенінің айналасында орналасқан. Ауасы таза, суы тұнық, тыныш жер. Өзен айналасындағы жер бедері әр түрлі, жазық жерлер аз көбінде төбешіктер. Тұрғындардың көбісінің үйлері осы жерлерде орналасқан. Өсімдіктерінен: шөптер, бұта аралас боз жусан, сұлыбас, баялыш, бидайық аралас өсімдіктер өседі. Өзен бойларында бұталы тоғайлар (тобылғы, итмұрын,) кездеседі.

Тау аңғарларында жабайы алма, алмұрт, шие, үйеңкі, бақа теректері өседі, ал жануарлардан қасқыр, түлкі, қошқар, қоян, шиебөрі, сарышұнақ, т.б. кездеседі. Құстардан қырғауыл, ителгі, бозторғай, сарыторғай, шымшық, ұзақ торғай, кекілік кездеседі. Өзенде сазан, судак, лечь, ауланады.

Демография. Ауыл халқының жалпы саны 1221 адамды құрайды. Ауылда халық біркелкі орналаспаған. Елді мекендері көбінесе төбешіктер мен жазықтарда орналасқан. 150 үй бар. Ауылда мекен ететін ұлт өкілдері 100% - күрділер.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл тұрғындарының үйінде кездесетін үй жануарлары: қазақы қой, сиыр, түйетауық т.б.

Жазық жерлерінің аз болуы, тасты жердің басым болуына байланысты ауылда бақшалық, егіншлік, түрлерімен айналыспайды. Тұрғындар өздерінің ауласына көк өністер егу мен ғана айналысады. Электр, мобильді жүйелер кіргізілген. Су мен газ құбырлары келешекте тартылады. Ауыз су жерден құдық арқылы 10-30 м жерден

қазылған. «Қасқабұлақ» ауылына баратын 2 жол торабы бар солтүстік батыстан 42 км ал оңтүстік шығыстан -12 км. Жол торабын толық жақсарту қажет.

 

4. ТАЛАС АУДАНЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

(Утепбергенова Г.)

Талас аудандық тарихи-өлкетану мұражайының тарихы ертеден бастау алады. 1986 жылы Тамды ауылының тұрғыны Молдаш Тілепбергенов көне жәдігерлерді жинақтап, өз ауылынан аудандағы тұңғыш мұражай үйін ашқаны көнекөз қариялардың әлі есінде. Сол ауыл азаматының бастамасы аудандық мұражай ашуға түрткі болып, кейінірек Молдаш аға жинаған көп жәдігерлер аудандық мұражайға алдырылған екен.

Аудандық мұражай алғаш 1989 жылы Ақкөл ауылында ашылды. Оған бірінші меңгеруші болып бүгінде белгілі айтыскер ақын Шорабек Айдаров тағайындалады. Халық өз үйлеріндегі түрлі жәдігерлерін табыстайды.

Кейіннен аудан орталығының әкімдігі Қаратау қаласына көшіріліп, мұражай жәді­герлері «Кеншілер» үйіне жайғастырылған. Мұражай экспонаттарының молаюына, мамандығы зоотехник болса да Сабыр Қылышбек дейтін ұлтжанды азамат көп еңбек сіңіреді. Ғалымдармен, зиялылармен тізе қосып ол өлке тарихын зерттеді, кітаптар шығарды. Бертінде аз уақыт болса да мұражайды ақын Нарша Қашағанұлы басқарды. Сондай талантты азаматтар тізгінін ұстаған аудандық мұражайды қазіргі таңда Қуаныш Дәуренбеков басқаруда. Бұрындары облыстық мекемелерде қызмет еткен, бірнеше археологиялық қазба жұмыстарына қатысқан, тарихшы, этнограф ол мұражайды жаңа талапқа сәйкестендіріп, қайта түлетуге көп еңбек сіңіргенін айтпай кетуге болмас. Мұражайды қайта жаңғыртуға Алматыдан, Тараздан арнайы мамандар шақыртылыпты. Нәтижесінде мұндағы экспонаттар жүйеленіп әр бөлімге орын-орнымен қойылып, келушінің көңілінен шығуда. Ісіресе мұражайға келушілердің назарын Қаратау қаласының тұрғыны болған (қазір бақилық болып кеткен, ұлты кәріс, муретші) Зорин Александр Дмитриевичтің қолымен жасалған «Аруананың босануы» деген ағаштан жасалған экспозициясы қызығушылық тудырды. Мұражайға барған кезде 15.06.2017 күні Славян этно-мәдени орталығының көрмесі өткендігін есіттік. Көрмеге қатысушылар өздерінің біраз бұйымдарын мұражайға сыйға тартып кетіпті.
Талас тарихи-өлкетану мұражайы ауданның ғана емес, шетел туристерінің де қызығып тамаша­лайтын нысанның біріне айна­латын күн жақын дегіміз келеді.

 

 

  Қотырбұлақ әулие бұлағы. Бұлақтың географиялық ерекшелігі өз тән ландшафтылық көрініс береді. Айналасы жап-жасыл шөптесін өсімдіктер мен бұталы ағаш – теректермен қоршалған. Бұлақтың басына Қырықбаев Тоқсанбай әулетінің атынан белгі тас қойылған. Ал жоғары тұсында кезінде Ислам дінін насихаттаған қасиетті үш атаның мазары тұр. Халық бұл маңды «Үш ата» деп те атайды екен.

Бұлақтың суы мұздай тұнық мөлдір, исі жоқ дәмді. Бұлақ түбінде балықтың екі түрі кездеседі: маринка, корель. Қотырбұлақ әулие бұлағы - тері ауруларына ем, тері ауруына ұшыраған мал мен адамдар осы бұлақтың суымен емделген екен.

Бұлақ шырақшысы 90 жастағы қарт Ұлдан ана бұл бұлақтың суына келіп 3 рет түсіп, балшығымен емделген адамдар тері ауруларынан құлан таза айығып кеткендігін айтып өтті. Қарт ана бұл бұлақтың өзіндік флорасы мен фаунасы бар екендігін, керемет жанға жайлы, шипалы жер екендігінен мәлім етті және медицинада жазылмайды деген псориаз ауруынан да жазылып кеткендер болыпты. Әртүрлі тері аурулары, күйген жерлер, т.с.с. тұстарға бұлақ жағасындағы балшықтан жағып, артынша бұлақ суымен шайып жіберсе, бәрін алып түседі екен... Сонымен қотыр бұлақ басында балалы бола алмай жүрген әйелдер тәу етіп, бала сұрайтын арнайы орын бар. Бір қызығы шырақшы апа кім барса да сол бұлақтан үйіне шелектеп су тасытқызып алады екен. Құстардан жергілікті жерге тән құс түрлері мен бұлбұл құсы да бар екен. Бұлбұл құс өзіне ұнаған адамдар келгенде ғана сайрайтындығы туралы шырақшы Ұлдан апа айтып берді.

Бұлақ басына бүкіл қазақ жері, Ресейден және Өзбекстаннан адамдар ағылып келіп жатады екен. Жоғарыда айтқан үш атаға келер болсақ, олар Кәрім, Мысыр, Ықылас есімді әулие кісілер екен. Келген зиаратшылар қабір басына кіріп, құран бағыштап, дұғаларын оқып шығады. Аяқ асты болуға айналған бұл қабірді келген зиаратшының бірі қай бір жылы өз қалтасынан алтын түстес күмбезімен кесене тұрғызып беріпті.

Талас ауданында орта ғасырлардан жеткен зерттеушілердің үлкен қызығушылығын туғызған Тамды қалашығы экспедицияның келесі нысаны болды. Қалашық Талас ауданы, Қаратау қаласының батыс шетінде қаланың іргесіндегі Мақұлбек ауылының аумағында орналасқан. Тамды қалашығының тарихымен аудандық мұражай қызметкері Қарабаева Кәмшат Жарылқасынқызы таныстырды. Мұражай қызметкері орта ғасырларда Тараз қаласынан шыққан сауда керуендерінің Билікөлді жағалай отырып, осы Тамды қалашығына келіп тоқтайтындығын атап өтті. Тамды өзенінің бойын жағалай орналасқан Тамды қалашығы орта ғасырлық қалаларға тән 3 бөліктен тұрғандығын және соңғы рет бұл қалашық орнында белгілі археолог Мадияр Елеуовтың өз магистранттарымен бірге қазба жұмыстарын жүргізгендігін айтып өтті. 

Ортағасырлық Тамды қаласы Тамды өзені шайып және әр жылдары шаруашылық жұмыстарына байланысты бұзылып жатқан ескерткіштердің қатарында. Археологиялық зерттеулер тікелей қалашықтың бұзылып жатқан аумақтарына жүргізілген. Нәтижесінде қалашықтың пайда болу, даму тарихына қатысты жаңа деректер алынып, болашақта ашық аспан асты музейіне айналдыруға қатысты шаралар атқарылған. Қаланың жоғары мәдениет қатарына жататындығына осында лас суды сыртқа шығаратын су құбырларының табылғандығы дәлел бола алады. Қала орнынан өте көп мөлшерде қыш ыдыстар табылған, бөлмелердің төбелері бесіктің төбесінің пішінімен жабылған.

Тамды әулие бұлағының тарихы. Бұлақтың атауы судың тамып кетуіне байланысты шыққан екен. Осында ҮІІІ ғасырларда ислам дінін таратушы сахабалардың бірі - Әбу Мұса Ашғари осы жерде дәрет алып отырып, қасиетті Мекке жерінен әкелінген қасиетті судың бір тамшысы жерге тамып кеткенде, осыған қатты қапаланған Әбу Мұса Ашғариге түсінде аян келіп, осы жерде дәл зәмзәм суындай суы бар бұлақ көзінің ашылатындығы туралы аян берілген екен. Содан бұл бұлақ Тамды бұлағы аталып, маңайындағы жерлер де Тамды деп аталып кеткен екен. Жергілікті халық және ары-бері өткен жолаушылар осында келіп тәу етіп, қасиетті бұлақтың суынан ішуді әдет еткен. Сондай-ақ судың емдік қасиеттері бар екендігін, соның ішінде ішкі құрылыстардың ауруларына және психикалық-эмоционалдық қиындықтар кезінде бұлақ суының бірден бір ем екендігін бұлақтың шырақшысы айтып өтті. 

 

Тамды әулие бұлағы және кесенесі

Тамды ауылдық округі - аймағында инфрақұрылымдық - Қолбасшы Қойгелді батыр атындағы орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Ауылдың инженерлік инфрақұрылымы дамыған. Табиғи газ отынын пайдаланады. Таза ауыз су жүйесі бар. Тамды темір жол бекеті арқылы халық темір жол арқылы жолаушылар тасымалдау қызметін тұрақты көруде агломерация, көлік, энергетика құрылымдары қолайлы қалыптасқан аудан. «Қаратау Цемент», Натрий цианиді зауыттары, Тамды ауылдық округіне салынған. - «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені қалыпты жұмыс істеуде.

Оңтүстігінде Қаратау қаласымен, батысында Қаратау ауылдық округімен, солтүстігінде Сарысу ауданымен, шығысында Ақкөл, Үшарал ауылдық округімен шектесетін кішкентай ғана Ақтөбе ауылының өзіндік тарихы бар. Сол ауылға кіре берісте оң жағында Мырзатай Жолдасбеков салдырған үлкен мешіт тұр. Ал сол жағында кішкентай ғана төбе бар. Ауыл оны Ақтөбе деп атайды. Төбе басында «7-12 ғасырларға тән, мемлекеттік қорғауда» деп жазылған белгіше қойылған. Сол кіп-кішкентай төбешікті ауыл киелі деп санайды. Көнекөз қариялардың айтуы бойынша ерте кезде ол төбенің басынан от шығып тұрған екен. Кейінірек ол от сөніп, басы ағарып, ауылдың шетінеген жас сәбилерін сол төбенің басына жерлеген көрінеді. Ел арасында сақталған әңгімелер желісінде баяғыда жаугершілік заманда қайтыс болған бір алып батыр осы төбе басына жерлеген шығар деген болжам бар.  

Сұхбат барысында ауыл ақсақалы Дүйсенбек ата: «Біз бала кезде, зерттейміз деп, бір топ геолог мамандар келіп еді ауылға. Артынша зерттеу жүргізуші топ мүшелері бірі қалмай тіл тартпай кеткенін естідік. Ал бастығы өздігінен асылып қалыпты» - деген мәліметті айтты. Иә... Несі бар, несі жоқ екенін білмейміз, бірақ киелі. Әлі күнге дейін қыры мен сыры ашылмай келе жатқан шағын ғана төбені зерттеу, оның сырын ашу болашақ жастар еншісінде.

Абдулла Ишан мешіті. Мешіт XVІІ-ғасырдың аяғына қарай Әулиеата - Тараз жеріне табан тіреген өз дәуірінің зиялы қауымы санатындағы қожа-молдалар жер-жерде мешіт, медреселер салу жұмысын қолға алған кезде басталып, 1900 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі. Жалпы құрылыстың басы-қасында болып, құрылысшылар тарту, материалдар дайындау ісімен сол кездегі Үшарал, Тоғызкент аймақтарының имамы болған Абдулла Ишан деген діндар адам айналысады. Терракот қыштар мен басқа да материалдар жергілікті жерде дайындалып отырған. Сәулет өнерінің шешімі бойынша - арқалық - күмбезді ғимарат. Үлкен айванмен көмкерілген шығыс және батыс қабырғалары мешітке ерекше сән беріп тұр. Соңғы мәрте 2003 жылы «Мәдени мұра» Бағдарламасы аясында “Казреставрация” мамандары, республикалық ҚазНИПИ ғылыми - зерттеу институтының жобалауымен аталған тарихи мұраны қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді.Ал, биылғы жылы тарихи-мұраға тағы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жергілікті қауымның игілігіне пайдалануға берілді. Бүгінде аталған тарихи мешіт тарихи-мәдени мұра ғана емес, ауыл тұрғындарының имандылық, ізгілік үйіне айналған.

 

5. ТАЛАС АУДАНЫНДА ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ЖӘНЕ ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ САПАРЛАР ҰЙЫМДАСТЫРУҒА БОЛАТЫН ЖЕРЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАҒЫТТАРЫ

(Жоланов Е.)

Бағыты Жол бөлігі, жәдігерлік атауы Қашықтығы, км Қозғалыс тәсілі

Талас ауданы

Қаратау  332 км Көлік, жаяу
Талас аудандық тарихи өлкетану мұражайы 333 км Көлік, жаяу
«Қотырбұлақ» әулие бұлағы 345 км Көлік, жаяу
Тамды қалашығы 358 км Көлік, жаяу
Тамды әулие бұлағы 361 км жаяу
Күрді этносының диаспорасы (Қасқабұлақ ауылы)   483 км Көлік, жаяу
Ыстытілік баба мемориалдық кешені 493 Көлік
  Үшарал Абдулла Ишан мешіті 797 Көлік

6.ТАЛАС АУДАНЫНЫҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕГІ ХАЛЫҚ САНЫ МЕН ЭТНИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

(Муртазаева Б.)

Ірі елді мекендері:

Халық құрамы

Ауыл аты

Халық саны түрік

орыс

удмурт

ұйғыр

әзір

байжан

татар

өзбек

күрд

украин

қарайым шор кәріс қырғыз неміс шешен грек басқалар

Ақкөл ауылдық округі

2380

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Аққұм ауылдық округі

1483

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Берікқара ауылдық округі

Майтөбе

1763  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Қожағаппар

542  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

2305

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Бостандық ауылдық округі

Бостандық

1577  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Талапты

635  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

2212

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Қызыләуіт ауылдық округі

Қызыләуіт

2136  

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Ақтөбе

118  

 

 

 

 

 

 

 

 

               

2254

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Қаратау ауылдық округі

Есейхан

1215  

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Қараой

379  

 

 

 

 

 

 

 

 

               

1594

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Қасқабұлақ ауылдық округі

1219

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Кеңес ауылдық округі

Бөлтірік шешен

1238  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Көшек батыр

558  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

1796

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Ойық ауылдық округі

Ойық

2390  

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Тұрымқұл

263  

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Сейілбек

319  

 

 

 

 

 

 

 

 

               

2952

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Үшарал ауылдық округі

Үшарал

1885  

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Арал

210  

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Қайыр

133  

 

 

 

 

 

 

 

 

               

2228

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Тамды ауылдық округі

1595

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

С.Шәкіров ауылдық округі

С.Шәкіров

1568  

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Тамабек

539  

 

 

 

 

 

 

 

 

               

2107

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Көктал ауылдық округі

897

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Қаратау қаласы

28940

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Барлығы:

53982 адам, оның ішінде:

 

Талас ауданы

7511

54

3941

 

 

 

216

54

2321

162

    162 270     108 323
                                                                                         

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы бойынша:

Елді мекен атауы қазақ орыс дүнген күрді кәріс өзбек түрік татар неміс шешен
Талас 46098 3610 1 2280 168 62 74 74 139 11

Талас ауданы халқының ұлттық құрамы 13 диаспораны құрады, атап айтқанда: орыстар (жалпы саны 3941 - 7,3 %), күрділер (жалпы саны / 2321- 4,3 %); кәрістер (жалпы саны 162 - 0,3 %); татарлар (жалпы саны 216 - 0,4 %); өзбектер (жалпы саны 54 - 0,1 %); украиндар (жалпы саны 162 - 0,3 %); қырғыздар (жалпы саны 270 - 0,5 %); гректер (жалпы саны 108 - 0,2 %); немістер (жалпы саны 139 - 0,3 %); түріктер (жалпы саны 54 - 0,1 %); шешендер (жалпы саны 11 - 0,02 %) және ірілі-ұсақты басқа халықтар (жалпы саны 323- 0,6%).

 

Экспедиция барысында өзге ұлт өкілдерінен 4 сұхбат (1 күрді, 2 кәріс, 1 орыс) алынды.

Кесте 3

Сұхбат алушы туралы мәлімет

Толық аты-жөні: Мамедова Лала Агитовна
Нақты мекен-жайы: Қаратау қаласы,Тамды әулие көшесі,142 үй
Ұлты: күрд
Туған жылы мен жасы: 20.08.1967 жыл
Білімі: жоғары
Сөйлеу тілі: Орысша, п қазақша біледі
Мамандығы, жұмыс орны: Мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі
Қосымша мәліметтер:  
Күні, айы, жылы: 15.06.2017

Мамедова Лала Агитовна өз жанұясының Қазақстанға келу тарихын былайша әңгімелеп берд і: Лаланың әкесі Агит 1937 жылы Сталиннің жаппай жер аудару саясатының арқасында қазақ жеріне келеді. Ол кезде ол небәрі 6 жаста болатын.

7 жыл бұрын өмірден озған Агит мырза өмір бойы «Қазақ менің бауырым!», - деп өтті деп есіне алады қызы Лала және осы ұғымды балаларының бойына бырынша дарыта біліпті.

Лала Агитовнаның айтуы бойынша әкесі кішкентай кезде қазақ балалары кезекке тұрады екен. Неге дейсіз ғой?! Лаланың әкесін үйіне қондыру үшін. Біз бұдан әкесі Агиттің қазаққа сондай бауырмал болғанын, кезінде құшақ жайған қазақты сыйлай, құрметтей білгенін, көзі ашық, көкірегі ояу азамат болғанын біле аламыз. Біздің ауыз әдебиеті үлгілерінен не білесіз деген сұрағымызға Лала Агитовнаның әкесінен естіген ертегісін айтып берді: - Баяғы өткен заманда Колелик, Шәмелик деген екі лақ өмір сүріпті. Аналары тауға кеткенде екеуі үйінде жалғыз қалыпты.Қасқыр келіп есікті қағады. Сол кезде Шәмелик есікті жүгіріп барып анам келді екен деп ашады. Қасқыр оған тап беріп Шәмеликті жұтып қояды. Ал Колелик болса тығылып қалады. Анасы орманнан келген соң Колелик анасына болған жәйді айтып береді. Анасы ұстаханаға барып мүйізін қайрап,талдың түбінде тойып ұйықтап жатқан қасқырға барады. Сөйтіп, қасқырдың ішін жарып Шәмеликті құтқарып алады. Бұл ертегінің мақсаты - балаларды тәртіпке, ақылдылыққа тәрбиелеу.

Экспедиция барысында жасалған және бейнежазбаға түсірілген 2-сұхбат Қаратау қаласының құрметті азаматы, кәсіпкер, Қаратау қалалық кәріс этно-мәдени орталығының директоры, бүгінгі күнге дейін ҚР Президентімен 2 рет кездесуде болып үлгерген Цой Елизавета Алексеевнанадан алынды.

Қазақ жерінде қанат жайып, өсіп-өніп, 4 ұл, 1қыз өсіріп, 12 немере сүйіп отырған Елизавета Алексеевнананың айтуы бойынша, ең алғаш бұл жерге әкелері келген көрінеді. 1998 жылдан бері Қаратауда жеке кәсібімен айналысып келеді. Сөзінің соңын: «Қазақ деген қашанда бауырмашыл халық болған. Біз қазаққа қашанда бас иеміз! Қазақ халқы Қазақстанда өмір сүріп отырғандарын мақтаныш етуі керек, өйткені, сендер, қазақ деген ұлы, дана, дара халықтың ұл-қыздарысыңдар!» - деп аяқтады.

Сұхбат алушы туралы мәлімет

Толық аты-жөні: Цой Елизавета Алексеевна
Нақты мекен-жайы: Қаратау қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 54,142 үй
Ұлты: кәріс
Туған жылы мен жасы: 06.11.1951 жыл
Білімі: Жоғары, Ресейде білім алған  
Сөйлеу тілі: Орысша, қазақша жақсы біледі
Мамандығы, жұмыс орны: зейнеткер
Қосымша мәліметтер: инженер, директор қызметтерін атқарған
Күні, айы, жылы: 16.06.2017

 

       Келесі сұхбат Югай Нина Емельяновнадан алынды. Ол кісі кәріс халқы өкілдерінің 1937 жылғы қуғын-сүргін кезінде Қазақстанға кұштеп жер аударылғаны туралы айтып өтті. Өз жанұясының тарихын әкесінің Қазақстанға жер аударылуымен байланыстыра отырып, ол кезде жасы үште болған ол алғашында Қызылорда облысының Жуасалы ауылына келгенін айтты. Ол кездегі әңгімені ол кейін есейген кезде анасының айтуынан біледі екен. 1957 жылы пединститутты бітіргеннен кейін Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Билікөл совхозына келген. 1960 жылдан 1989 жылға дейін К.Маркс атындағы орта мектебінде жұмыс істеген. 1989 жылдан бастап ардагерлер кеңесінде төрағалық еткен. Қаратауда 57 жылдан бері тұрамын. Қалада 200-ге жуық кәріс тұрады, олармен араласып тұрамыз, - деді ол кісі.

 

Сұхбат алушы туралы мәлімет

Толық аты-жөні: Югай Нина Емельяновнан
Нақты мекен-жайы: Қаратау қаласы, Р.Сұлтанбек 6/9
Ұлты: кәріс
Туған жылы мен жасы: 05.04.1934 жыл
Білімі: Жоғары, Қызылорда педагогикалық институтында білім алған  
Сөйлеу тілі: Орысша, кәріс, қазақша жақсы біледі
Мамандығы, жұмыс орны: зейнеткер
Қосымша мәліметтер: Химия пәнінің мұғалімі болған
Күні, айы, жылы: 16.06.2017

 

 

 

 

Жанұяма келсем, менің 3 қызым бар, олардың 1-нің күйеуі – кәріс, 2-нікі – балкар, 3-нікі – қазақ. Менің 6 шөберем бар. Интернационалды жанұя ретінде біз Жаңа жылды 4 рет тойлаймыз, оның ішінде Наурызды да тойлаймыз. Жаңа жалда кәрістердің дайындайтын тағамдары кукси және ерекше күріштен дайындалатын «чартагии» деген тағамы, одан нан жасайды. Өзіміздің тағамдарымызды ұмытпаймыз, әнімізді айтамыз және тойлаймыз.

Осы жерде мен қазақтардың қонақжайлығы туралы айтып өтсем деймін (сізге жағмпаздану үшін емес, әрине, деп қойды), анамның айтуы бойынша алғаш Қазақстанға келген кезде өзге ұлт өкілдерінде ешнәрсе болған жоқ, 1937 жыл, жергідікті халықтың да жағдайы мәз емес, соған қарамастан олар жер аударылғандарға ыдыс-аяқ бөліп беріп, өздерінің үйлеріне тұрғызып, нанымен бөліскені ақиқат шындық. Оны ешқандай халық та естен шығармайды, айтып отырамыз, келешек ұрпаққа өнеге болсын деп естен шығармаймыз. Мен өзім үшін, Қиыр Шығыста, Уссурийск қаласында дүниеге келсем де, Қазақстанды өз Отаным деп қабылдаймын. Мен қазақ тілін жақсы білемін, қазақ балаларымен араласып өстік.

Өзіміздің салт-дәстүрлерімізді сақтаймыз, оның ішінде кәріс халқының міндетті түрде тойлайтын 3 мерекесі бар: баланың 1 жасқа толуы (асангин деп аталады), үйлену немесе ұзату тойы және 60 жасқа (хангами деп аталады). Сонымен қатар апамыз кәріс әжелерінің міндетті түрде жасайтын «табари


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow