Вопрос(Полностью про менеджмент тарихы за границей и в кз)

Вопрос

Дағдарыс-қоғамдық экономикалық жүйедегі қарама-қайшылықтардың шиеленісуі.Бұл кәсіпорынның даңқы үшін,оның қаржылық тұрақтылығы,жекеменшігі үшін нағыз сынақ. Дағдарысқа қарсы басқару процесі-дағдарыстың алдын алуында,дағдарыс жағдайында жұмыс істеуінде және одан шығуында. Мақсаты- кәсіпорынның қаржы жағынан тұрақтылықпен қамту болып есептеледі,ал ерекшелігі-мекеменің қаржылық сауықтыру шараларын уйымдастыру. Кәсіпорын мен дағдарыс жағдайының мәселелері дағдарыстың пайда болу себебіне және мән-жайына байланысты. Дағдарыстың белгілері(жеке көрсеткіштердің төмендеуінің алғашқы көріністері) мен факторларына (көпшілік немесе барлық көрсеткіштердің төмендеуі) себепші болушы құбылыстар мен оқиғалар дағдарыстың пайда болуына әкеп соғады.Осы белгілерді дер кезінде табу оны жеңіп шығудағы бірінші қадам.Ал мүмкіндігінше алдын алудың бірден-бір жолы.Дағдарыстың пайда болуының белгілері көп,дегенмен кейбіреулерін ерекшелеп көрсетуімізге болады:

1) Маңызды ақпараттың жетіспеушілігі;

2) Стратегиялық маңызды серіктесті жоғалту;

3) Кәсіпорынның дербестігін жоғалту (немесе оның қаупі);

4) Кәсіпорынның беделінің түсуі;

5) Өнімнің тұтынушылардың талаптарына сай келмеуі;

6) Заңнаманың немесе жоғары басқарманың қолайсыз өзгеруі;

Дағдарыстың кейбір белгілерінің алдын алу мүмкін емес. Алайда,дағдарыстың толғағы жеткен сәтте тек констацияға болады. Дағдарыс нарықта жұмыс істеу уақытына,сатылым көлеміне,қызметкерлер санына байланысты пайда болады деген пікірлер бар.Олардың әрқайсысына жеке фактор ретінде қарастырымыз. Статистика бойынша бизнесті басқарудағы қиындықтар кәсіпорынның нарықта жұмыс істеу ұзақтығы болып есептеледі екенін көрсетеді:бірінші уақытша дағдарыс-компанияның қаржылық тұрақтылығы мен оның қаржылық басқаруына байланысты;ал екіншісі-көп жағдайда менеджментпен байланысты. Бұл жердегі негізгі түсініктер-мақсат,мисся,құндылықтар және т.б; регламенттенген бизнес процестер;басқарушылық және ұйымдастырушылық құрылымдар; менеджерлердің жұмысы.Келесі фактор,сатылым көлеміне байланысты:біріншіден-компанияның сатылым көлемі жылына 100 мың доллардан асатын жағдайда. Ол компанияның бизнес типіне және тауар мен қызметтеріне еш байланысы жоқ екненін айта кеткен жөн. Екіншіден-дағдарыс сатылым көлемінің екі есеге жоғарылауына байланысты қайталанады.Бизнесті әрәлендіру барысында,мәселен, жаңа жабдықтамалармен қамтылуынан,жаңа бизнес-процестердің пайда болуынан және т.б қиыншылықтарға тап болуы мүмкін.Бұл кезде ескі шешімдер компанияны қанағаттандырмайды,ал жаңасы әлі табылмаған болмақ. Дағдарыстың пайда болуына ықпалын тигізетін қызметкерлер санына келетін болсақ,ол менеджмент тәжірибесінде қолданылатын «басқарушылық нормасы» деген түсінігімен сабақтас.Басқарушылық тиімділігіне және қойылған мақсаттарға жетуге байланысты қызметкерлер тобының белгілі бір оптималды саны болады.Яғни,қызметкерлер санының екі есеге өсуіне байланысты компаниядағы дағдарыс өзгеше жаңартылады деген сөз.Компания және менеджмент көп қиындықтарға ұшырайды. Дағдарыстың белгілерін тапқаннан кейін оған байланысты барлық факторларды анализ сарасынан өткізу керек және бар мүмкін мәселелерді анықтаған жөн.Осы жұмыстардың барлығын шешіп,ой сарасынан өткізгенне кейін дағдарыстан шығудағы кезең-кезеңіменжоспар құрылады.Жоспарды талқылап, біткеннен соң оны іске асырылуына кіріседі.Әрекетсіздік немесе,керісінше,шектен тыс әбігерлік,шешім қабылдаудағы асығыс істің шырқын бұзуы мүмкін. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы саясаты қйымдастырушылық тәртіптегі принциптердің,әдәстердің,формаларының сабақтастығына ие және оның қаржылық және техникалық-экономикалық жағдайын сақтауға,нығайтуға,жақсартуға,басқару механизмін құруға бағытталған.Қазақстан дағдарсқа қарсы іс-әрекеттерді оеративті жүзеге асыруды алғашқы бастаған елдердің бірі.Жаhандық сипатқа ие болған әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан сыртқы инвестиция мен несие көздері қысқарып қалды,мұнай мен метал бағалары күрт төмендеуінен шикізат экспортынан түсетін пайда да азайды.Өндірістік саладағы көлем былтырғыдан бірнеше пайызға кеміп кетті.Шағын бизнес саласы шығаратын өнім де 100–ден төмен түсіп,96-97 пайыздың шамасында болып тұр.Мемлекет кезінде жинаған қорының арқасында түйткілді проблемаларды шешуге кірісті.Қазірдің өзінде 4 имиллиард доллар банктердің шотына түсті.Әлемдегі экономикалық ахуал жақсара қойған жоқ.Қазіргі кезде 10миллиард доллар қаржы бөлінді.Мемлекеттен бөлінген қаржы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға,тұрғын үй нарығындағы проблемаларды шешуге,халлыққа несие беруге жұмсалды. Ал,сол қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардағы дағдарысқа қарсы басқару процесі бүгінгі күнде үлкен өзектілікке ие. Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде бөлінген мемлекеттік қаржы ипотекалық бағдарламаға,орта және шағын бизнесті қайта қаржыландыруға,үлестік қатысушыларға және жаңа инвестициялық жобаларға,сондай ақ,агроөндірістік секторға бөлініп отыр.Осы саладағы дағдарысқа қарсы бағдарламаның дұрыс орындалуы да өте маңызды және мемлекет арнайы бақылау органдарын құрды. Дағдарыс кезеңінде басқару мен сапа мәселелері өндірісті сақтап қалу үшін шешуші фактор болып табылады,әлемдік қаржылық жағдайында өнімнің немесе қызметтің бәсекеге қабілеттілігін арттыруы өте маңызды.Тәжірибе көрсетіп отырғандай отандық кәсіпорындардың куйреуінің басты себебі:кәсіпорынды басқару қағидалары мен әдістерінң нарықтық экономикаға сай келмеуі. Нарықтық экономика тәжірибесі көрсетіп отырғандай дағдарысқа қарсы үрдістер-ол,басқарылатын процестер,сондықтан елімізде дағдарысқа қарсы тиімді жүйесін қалыптастыру да өз көмегін тигізетіні сөзсіз. Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып төмендегі жағдайларды жетілдіру жолдары ретінде ұсынамыз:кәсіпорынның алдын ала дайындалған дағдарысқа қарсы бағдарламасының болуы;нарықта талдау жүргізе алатын,алдын ала көріп,болжам жасай білетін менеджерлерді дайындау;ақпарат ағымының үздіксіздігі;кәсіпорынның тәуекел шешімдерді қабылдауға дайын болуы;басқарудың заманға сай жаңа үлгісін қолдану;жұмысшылардың кәсіпорындағы өзгерістерге дайын болуы;кәсіпорынды әлеуметтік-психологиялық ахуалды бір қалыпты ұстау. «Дағдарыстар қайталанатын болад,ал біздің мақсат оны басқаруды үйрену.Әзірге бізде бұл орындалуда»-деп елбасымыз айтпақшы,қазақстандық дағдарысқа қарсы басқару менеджменті басқа елдерге үлгі болары анық.

вопрос(Полностью про менеджмент тарихы за границей и в кз)

Менеджмент ғылым ретінде 19-ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойының алғашқы қарқыны «тейлоризм» деген ағыммен байланысты екені айтылады.Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инжинері Фредерек Тейлор (1856- 1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаңалық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан –жақты дәлелдеді. Ф.Трейлор кәсіпорынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер «нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын» зерттеу нысаны етті. Ф.Трейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырады. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1868-1919), Генри Форд (1861-1919) т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.

Классик үлгідегі мектептің үлгілері Анри Файоль, Линдал Урвик, Джеймс Муни, А.К. Райли басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды. Сондай мектептің негізін салушы француз ғалымы Анри Файоль (1841-1925) практикалық тәжірбиені жинақтау негізінде мынадай қортындыға келді: «басқару кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу». Ол сондай-ақ, мемлекеттік басқару ісін ғылым жолымен ұйымдастырудың принциптерін қолдану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті.

Бихевиористік (мінез- құлық) мектебі XXғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 50-ші жылдардың басында қарқын белең алды. Бұл бағыт психология мен социология ғылымдарын басқару жүйесінде қолданумен айналысты. Бұл мектептің негізін қалаушылардың бірі американ экономисі – Элтон Мейо (1880- 1949) болды. Осы ілім Формалдық емес басқаруды ұйымдастыру міндеттерін, еңбек өнімділігін өсіруді ынталандырудың жаңа әдісін ендіруді ұсынды:қызметкерлердің ағартушылықпен айналысуын, өндіріс салалары мен еңбекті гумманизациялауды шешуде топтық демокпатиялық тәсілдерді қолданды. Американдық зерттеушілер де Мери Паркер Фоллет (1868-1933), Абрахам Маслоу (1908-1970) бихевиористік (мінез- құлық) мектептің өкілдері болып табылады.

Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950-1960) қазіргі сандық әдіс негізінде басқаруда математика мен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сөйтін «басқару ғылымы немесе сандық ықпал» мектебі өмірге келді. Бұл мектептің негізі өкілдері: американдық ғалымдар С. Черчмен Джеймс Марч, Герберт Саймон, Райт Джен Форрестер, Х. Райфа.

XXғасырдың 60-шы жылдарында менеджментте жаңа бағыт қалыптасты. Ол «ситуациялық әдіс» деп аталады. Әр түрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшелігі әрбір ұйымдық- басқарушылық мәселені шешудің нақты қалыптасқан жағдаймен байланыстыруды талап етеді. Өзінің зерттеуінің негізінде бұл мектеп кәсіпорын, ұйымының жұмыстарын қарастыруын, олардың белгілі нақты жағдайда жұмыс атқаруын ескереді. Осы кәсіпорынның қызмет жасауына қандай ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы бар және осы бірнеше варианттардан, мүмкін шешімнің біреуі қабылданып, қалыптасқан мәселенің бір ғана шешімі алынады.

Басқару теориясы мектептерінің пайда болуын зерттеушілер сол уақытта қалыптасқан белгілі себептермен, жағдайлармен байланыстырады.

Мысалы, басқару теориясының «классикалық мектебі» мыналардың әсерінен қалыптасты: ұйымдар санының өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыс, 1929-1933 жылғы дағдарыс және постиндустриалды революцияның басталуы. Бихевиористік (мінез- құлық) мектебі пайда болуы кәсіподақтың өсуі әдістерімен түсіндіріледі, дайындығы жақсы менеджерлерге сұраным екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде қалыптасқан жағдаймен байланысты «Басқару ғылымы» мектебінің дамуы корпорация, концерн, концерн-конгломеранттар көлемі өсуі әсерімен, «қырғи қабақ соғыс» өндірістің құлдырауымен түсіндіріледі.

«Ситуациялық тәсіл» мектебінің пайда болуы экономика мүмкіндіктерін ұлғаюы әсерімен, елдер арасындағы ғарыштық, бақталастық, жоғарғы технологиялық өңімінің өмірге келуі, азаматтық құқық күресінің өсуі, жоғарғы біліктілікті талап ететін мамандықтардың өсуімен байланыстырады.

Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделінің – американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты.

Қазақстанда менеджмент теориясы мен практикасының даму тарихы

Қазақстанның басқару ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жүздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді. Менеджментке деген қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты туды. Мемлекетті басқару жөнінде біздің еліміздің дамуының әрқилы кезеніңдегі әртүрлі міндеттер өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойының қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде.

X-XII ғасырларда басқару саласындағы алғашқы ойшылардың бірі Әбу Насыр Әл –Фараби (870-950) болды. Ол жұлдыздар мен басқа табиғи құбылыстарға қарай отырып, мемлекеттің, шаһарлардың болашағы мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған әмішілердің жалған көріпкерлердің ғылыми негізінде дәлелдеді. Оның азамат қоғамының шығуы, мемлекеттік құрылыс және басшыға талап қою туралы идеялар ерекше қызығушылық тудырып отыр. Қазіргі кеде Қазақстан ғалымдары Әл –Фарабидің ғылыми мұраларын терең зерттеу мақсатында Отырар қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізуде.

Тәуке хан (1680-1715) әмірлік құрған дәуірде неғұрлым прогрессивті мемлекет және рухани қайраткерлер Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763) және Айтеке би (1682-1766) болды. «Жеті жарғы» деп аталатын заң жинақтарында олар мемлекетті басқару жөніндегі өз пікірлерін мазмұндады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі принциптер мен құқық нормалары бекітілген. «Жеті-жарғы» -бұл әкімшілік, азаматтық және

қылмыстық құқықтардың нормаларын мазмұндаған құжат яғни қазақтардың заңдар мен қарапайым құқық нормаларының алғашқы қазақ жинағы болып табылады. «Жеті –жарғыға» сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік ханның қолында шоғырланды. Басқару халықтық жиналыс -құрылтай арқылы сұлтандардың және ру басшыларының қатысуымен жүзеге асырылды.

Мемлекеттік басқару саласындағы кезекті идеолог және қайта құрушы Әбілхайыр хан (1693-1748) болды. Ол жеке хандық құрып, Қазақстанның далалық аудандарының ауқымы теориясында қырық жыл бойы мемлекеттік билікі ұстап тұрды. Алайда, Әбілхайыр хандығы орталықтандырылған мемлекет болған жоқ, ол бірнеше этнотерриториялық және этносаяси топтарға, ұлыстарға бөлінді.

XXIII ғасырдың ортасында экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару жүйесінің дамуында Қазақстанның териториялық иеліктерін қалпына келтірген көрнекті мемлекеттік қайраткер Абылай хан (1711-1781) маңызды роль атқарды. Өзінің он жылдық басқару кезеніңде ол мемлекетте біраз өзгерістерді жүзеге асырды.

XIX ғасырда Қазақстанның көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің басында ғылым –атқарушы Ш.Уәлиханов (1835-1865) маңызды орын алды. Ол орыс ағартушылары мен революцияшыл-демократтарының алдыңғы қатарлы идеяларын қабылдады. Сонымен бірге патшаның отаршылдық саясатын айыптап, олардың қоғамдық мәдени –артта қалуын орыс мәдениетінен сусындау жолында жеңу үшін күресті, қазақтардың отаршылдық пен егін шаруашылығына көшуін насихаттады. Ш.Уәлиханов ағарту ісі мен жеке реформалардың рөлін асыра бағалай отырып, басқару обылысындағы үкімет шаралары көшпенді ауылдар өмірінің қайта құрылуына ықпал етуі мүмкін деп жорамалдады.Ш.Уәлихановтың мемлекетті басқару жөнінде ұсынған демократиялық идеяларын қазақтың басқа ағартушы –демократтары Ы.Алтынсарин (1841-1889) мен А.Құнанбаев (1845-1904) әрі қарай дамытты.

XX ғасыр мемлекеттік басқару саласындағы қазақ зиялылары өкілдерінің шоғырымен ерекшелінеді. Олар: Ә. Жангелдин, Ә. Бөкейханов, М.Тынышпаев, М.Шоқаев, Л. Мирзоян, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов, С.Меңдешов, Н.Нұрмақов, Т. Рысқұлов, Ғ.Тоқжанов, О. Жандосов, С. Сейфулин, Б. Малин, І. Жансүгіров және т.б. Торғай обылысында - Ә. Бөкехйанов, Жетісуда- М. Тынышпаев, Түркістанда- М. Шоқаев қазақ халқының өкілдері уақытша үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. Бірақ олар отарлаушы басқару жүйесінің шенеуніктері болып тағайындалғандықтан жергілікті қазақ тұрғындарының мәселелерін толық шеше алмады.

 

XX ғасырдың 90- шы жылдарында Қазақстан экономикасындағы басқару ситуациясы айтарлықтай өзгерді. Нарықтық жүйе басқарудың әкімшілік –бұйрықтық әдістерін ауыстырды. Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылық дербестік пен сыртқы нарыққа шығу перспективасын алды. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2004 жылы 19 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында былайша айтылған: «Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашады, адамның өз қабілет мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасайды, халықтың табысының өсуіне қамқорлық көрсетеді.

Осылайша қазақстандық менеджменттің теориялық сонымен қатар қолданбалы аспектілері зерттелініп жатыр және ары қарай зертттеуді талап етеді. Менеджмент тарихын білу менеджердің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастыруда үлкен роль атқарды.

Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бізідің сөздік қорымызға «менеджер», «менеджмент» ұғымдары тез еңді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе- сөз аудару сөздің түпкі төркінің әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі –бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етуімен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.

«Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түпкі төркіні гректің «манус» яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейінен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқару және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болады.

Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:

1. адамдармен қарым- қатынас жасау әдісі, үлгісі;

2. билік және басқару өнері;

3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

4. басқару органы, әкімшілік бөлігі.(1)

«Менеджмент негіздері» курсы бойынша студенттерге арналған американдық оқулықта төмендегідей анықтама берілген: «Менеджмент –бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымдылау пайдалану процесі»

 

Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғаңымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады:

1. Үкімет

2. Мемлекеттік менеджмент

3 Әскери менеджмент

4. Құрама одақтықнемесе клубтық менеджмент

5. Бизнесс –менеджмент

6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент

Менеджмент төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады:

· Кәсіпорын жұмысын болжау және жоспарлау

· Басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру

· Алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.

 

Вопрос

Ұйымдастыруды басқару толықтылықты, бірлікті, тәртіп жүйесін құруға бағытталған. Бұл жүйені құраушы бөліктер толық ұйымдасуды қалыптастырады.

Ұйымдастыру функциясы - өзара әрекет тәртібі және еңбек әрекетінің элементтері арасында пропорцияны қалыптастыру жолымен жоспарда белгіленген мақсатқа жету. Ұйымдастыру мыналардан құралады: басқарылатын және басқаратын жүйе; жүйедегі әрбір жұмысшының рөлі мен орнын анықтау, оларды бөлімшелер және сала бойынша бөлу; нақты өзара әрекеттестікті ұйымдастыру; құжаттарды өңдеу, басқару аппараты әрекетін, қызметкерлер мен жұмысшыларды регламенттеу, барлық функцияның бағдарламаға сай орындалуы және өндірістік процестің берілген ағымын қамтамасыз ету.

Ұйымдастыру – негізделген, басқарылатын және басқаратын жүйе ішінен элементерді таңдау болып табылады. Және де ол кеңістік-уақыт және себеп- ізденіс арасындағы байланыстарды қалыптастырады. Мысалы, өндіріс саласында оның функциясына негіздеу және құралдарды таңдау, жұмыс орнын ұйымдастыру, технологияны таңдау және т.б. жатады; басқару саласына – іріктеп алу, қайта орналастыру, кадрлар қозғалысы, мамандық бойынша оқу, жұмысшылар әрекетін басқару, басқару құрылымын құру жатады.

Кеңістік-уақыт және себеп-ізденіс байланыстары детерминденген (анықталған) және мүмкін сипатқа ие. Ұйымдастырушылық қатынас ұйымдастыру жүйесін және бригада, сала, цех, кәсіпорын, бөлімше, ел экономикасының құрылымдарын қалыптастыру және қайта қалыптастырудың маңызды талаптарында мүмкін факторлар әрекетін күштеп отыратын адам әрекеті болып табылады.

Осы ұйымдастырушылық білім биліктің нақты ұсынушылары - әртүрлі сатыдағы басқарушылар тарапынан басқарылғандықтан, ұйымдастыру функциясын, алдымен солар арасындағы байланысты қалыптастырады.

Әрбір басқарушы - әртүрлі білімі, қабілетімен нақты жеке тұлға, ұйымдастыру функциясы - тек құқықтық формалданған көрініс емес, сонымен қатар жауапкершілік, міндеттілік, құқық пен өкілдікке делегат жіберу. Жұмысшылар арасындағы шынайы ұйымдық қатынас – бұл барлық қиыншылықтағы адамдар арасындағы қатынас. Жете бағаламау өндіріс әрекетінің мынадай жақтарына әсер етеді: нашар құрылған сипатта болса және шығармашылығымен байланысты (мысалы, ғылыми-техникалық, өндірістік қаржылық жаңашылдықты енгізу) болса. Осылай адамдар арасындағы ұйымдастырушылық қатынас жүйе арасында қарым-қатынасты тудырады және керісінше іс-әрекет орын алады. Қазіргі талаптарда өндірістік жүйе көп факторлы әлеуметтік экономикаға айналады, онда өндірістік, маркетингтік, тәрбиелік, ақпараттық және ұжымдық әрекетінің басқа да түрлері орын алады. Ұйымдастырушылық әрекет барлық әрекет түрін жүйе бойынша синтездесе, мұндай жүйені ұйымдастырушылық деп атайды. Ұйымдастырушылық әрекеттің заты – экономикалық-әлеуметтік жүйе, олардың жүйелеу процесінің мақсатты бағытталуы, тәртіпке салу, қалыптастыру немесе қайта қалыптастыру экономикалық, өндірістік, экологиялық, эстетикалық байланыс пен қатынасты есептеу. Ұйымдастырушылық әрекет еңбекке өте икемді және басқарушылар еңбегінде маңызды орын алады (60-70%-ға дейін), сондықтан ұжымды ұйымдастырушы деп атайды. Басқарушының ұымдастырушы ретіндегі маңызды мәселесі – ұжымның барлық мүшелері арасында нақты динамикалық жүйені дамыту және орналастыру, ұжымды толық динамикалық және тұрақты жүйе ретінде қалыптастыру. Ол үшін мәдениеттің жалпы және кәсіби жоғарғы деңгейі қажет.

Ұйымдастыру әрекеті мыналарды қамтиды:

· ұйымдық байланысты, құрылымдық білім мен қатынасты жетілдіру;

· рухани құндылық, көрініс, өзара құрметтеу атмосферасы жүйесін қалыптастыру;

· тиімді қоғамдық өндіріспен, жұмыстың жақсы жүруімен қамтамасыз ететін келісімді іздеу.

Кәсіпорында жұмысшылар арасында формалды қатынас құратын және олар арасында міндеттерін бөлудің негізгі құралы өкілдікке делегат жүргізу деп аталады.

Өкілдікке делегат жүгізу - жұмысты және өкілетті белгілі бір адамға тапсыру. Ол орындау міндетін қабылдайды.

Делегат жүргізу – кәсіпорынның көлемімен байланысты басқарудың күрделі мәселелерінің бірі. Бұл құрам арқылы басшылық жұмысшылар арасында көптеген жұмыстарды бөледі, олар қойылған мақсатқа жету үшін қажет. Үлкен емес кәсіпорындарда, кіші бизнес сферасына жататындарда кәсіпкер (менеджер де бола алады) басқарудың негізгі функциясын атқарып, қажетті мәселелерді өзі шешіп басқара алады. Бірақ та әрекеттің көбеюіне байланысты және кәсіпорынның үлкеюіне байланысты басқарушы жұмыстарының бір бөлігін бағынушыларға беруге мәжбүр болады, өйткені әрбір басқарушының уақыты, білімі, тәжірибесі шектеулі болады. Және бұл кезде жалғыз басқару мүмкін емес және тиімсіз болады. Кәсіпкерлік тарихында басқарушылардың билікті ешкіммен бөлгісі келмегендіктен сәтсіздікке ұшырағаны туралы оқиғалар бар. Жұмыстың басқалар тарапынан орындалуына жете білу басқарудың мәнін құрайды, ал өкілдік делегат жіберу жұмысшыны менеджерге айналдырады.

Егер басқарушы делегаттауды, белгілі бір жұмыс орындауды басқа біреуге тапсырса, ол барлық қажетті ресурстарды әкелуі керек, яғни өкілеттің сәйкес көлемін делегаттауы керек.

Еңбекті мамандандыру мен бөлісу адамдар жұмысының өнімділігі едәуір арттыратындығы белгілі.Әркім өз міндетін айқын түсініп, қоян-қолтық әрекет еткенде ғана бірлесіп атқарған жұмыстың тиімді болатыны сөзсіз.Осыған орай ұйымдастыру қызыметінің міндеті, еңбек әрекеті элеметтері мен олардың өзара әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықтау, жүйедегі әрбір жұмыскерлердің орны мен ролін белгілеу, олардың бөлімшелер мен звеноларға орналастыру, бұлардың бірескен әрекетін мұқият ұцымдастыру, аппараттағылардың барлығының, жекелеген қызметшілер мен жұмыскерлердің іс әрекетін белгілейтін құжаттар әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік процестердің мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамассыз ету.

Ұйымдастыруды басқару қызметі өндірісті дамытудың белгілі алты принципі бойынша құрылады:а) мамандандыру; ә) пропорционалдық; б) параллельдік (қатарластық); в) дәлділік; г) үздіксіз; д) ырғақтылық.

Ұйымдастырудың өзі адамдардың бірлескен іс-қимылын бейнелейді.Бірқатар физиологиялық, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік шектеулерге байланысты адамдар өз мақсатына жету үшін біругіуге, бірлесіп әрекет етуге мәжбүр болады.Мұндай бірлесу көп жағдайда қолайлы болуы, белгілі бір ұйымдық құрылымда шығынды аз жұмсауды қажет етуі мүмкін.

Ұйымдастыру – бұл кәсіпорын құрлымын құру процесі, оның өзі адамдардың өз мақсатына жетуі үшін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Вопрос

Ұйым алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы түрде үйлестірілуі. Әрбір топтың ұйым болып есептелуі үшін келесі сипаттамалар болуы қажет:

· осы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның болуы.

· барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы.

· топтың мақсатына жету үшін мүшелерінің бірегей арнайы еңбек етуі.

Ұйым түрлері:

Ресми ұйымдар – мақсатты орындауда басқару үрдісі жүйелі үйлестіретін нақты құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы.

Бейресми ұйымдар – қызмет барысындағы әлеуметтік қактынастарға ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылатын адамдар тобы.

Күрделі ұйымдар – құрылыммен мақсаттардың жан-жақты кешенді сипаты жағдайында п.б.

Ұйымдардың негізгі сипаттамалары ретінде 1-ші ресурстарды қарастыру керек. Жалпы алғанда кез-келген қызмет ол нәтижеге, мақсатқа қол жүргізуде ресурстарды тиімді пайдалану б.т. Ұйымдағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық, технологиялық және ақпараттық.

2-ші сипаттама ұйымның сыртқы ортадан тәуелділігі. Ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оны қоршаған ортасындағы экономикалық, саяси, нарықтық, халықаралық, әлеуметтік және тағы сол сияқты факторларға байланысты.

3-ші сипаттама ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі көлденең және тік еңбек бөлінісі.

Көлденең еңбек бөлінісі – басқару үрдісіндегі әртүрлі қызметкерлерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелуі. Яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметкерлердің орын алуы.

Тік еңбек бөлінісі – басқару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіруі қажет. Сондықтан қызметкерлердің анықталуы өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзінде асырылады. Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта және төменгі деңгей болып бөлінеді.

Жоғарғы буын ұйымның жалпы стратегиясын бағыт бағдарламасын уақыт пен кеңістік бойынша қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымның дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды өз құралына енгізеді.

Орта буын жоғарғы буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық ұйым басшылары.

Төменгі деңгей тікелей орындаушылар және де төменгі ішінара қызметкерлерді орындайтын басшы буындары.

4-ші сипаттама басқарудың қажеттілігі нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік, меншік формаларының сан-алуандығы және шаруашылық дербестік орын алғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі.

 

Вопрос

Ұйымның сыртқы ортасы

Ұйымның сыртқы ортасы ұйымның ішіндегі қабылданатын шешімдерден немесе ұйым қызметінің нәтижелерін тұтынушысы болып табылатын топтар. Сыртқы ортаға ұйымнан тыс бола отырып, оған маңызды әсер ететiннiң бәрі жатады. Ұйымға жүйелі баппен қарау оны сыртқы ортамен байланыстыратын кірістер мен шығыстарды айқындауды талап етеді Ол үшін сыртқы ортаның жүйелі әсер ететін маңызды компоненттерін айқындау қажет. Ұйымға әсет ететін факторларды екі топқа бөлуге болады:

тура әсер ету факторлары және жанама әсер ету факторлары.

Тура әсер ету факторларға: жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекешілер, заң және мемлекеттік пен қоғамдық органдар жатады.

Жанама әсет ету факторларына: саяси, экономикалық, әлеуметтік –мәдени, ғылыми – техникалық, табиғи, халықаралық және т.б. факторлар жатады. Экономиканы түбегейлі өзгерту заманында ұйым дамуының стратегиялық беталысын анықтайтын экономикалық және саяси факторлар үлкен роль атқарады. Нарықты экономика құру басты міндет болғандықтан сыртқы ортамен өзара қатынасын, іс әрекетін құруда ұйымның шешуші ролін атап өткеніміз жөн. Ұйымның сыртқы ортасына байланысты міндеттер:

· Ұйым ашық жүйе ретінде сыртқы ортаға ресурстар, кадрлар, энергия, тұтынушылар мен жабдықтаушылар бойынша тәуелді болғандықтан, менеджерлерге ұйымнан тыс факторлар қозғалысын ескеру қажет;

· Менеджерлерге ұйымына әсер ететін айналадағы факторларды анықтап алуы және сыртқы ықпалға бейімділік амалдары мен әдістерін таңдай алу керек;

· Ұйым өміршеңдігі үшін және тиімділігін сақтау үшін ортаға бейімделуге мәжбүр.

·

Сыртқы ортаның маңызды сипаты – факторлардың өзара байланыстылығы. Кез келген бір фактордың өзгеруі қалғандарының өзгеуіне әкеп соғуы, олардың өзара байланыстығын көрсетеді.

Сыртқы ортаның келесі бір сипаты оның қозғалымдығы, яғни ұйым айналасындағы болатын өзгерістер жылдамдығы. Сыртқы ортаның қозғалымдығына, ең алдымен ғылым және техника жетістіктері ең күшті әсер етеді.

Соңғы бір сипаты – оның анықсыздығы. Анықсыздық дегеніміз қоршаған ортанын информация саны мен оның сенімділігінің функциясы ретінде қарауға болады. Ұйымның сыртқы орта жайлы информациясы неғұрлым аз және дәлдігі төмен болса, соғұрлым сыртқы орта анықсыздығы жоғары және неғұрлым сыртқы орта анық емес, соғұрлым тиімді дұрыс шешім қабылдау қиын

Барлық аталған сыртқы орта сипаттамалары тура және жанама әсер ету факторларын бейнелеуге қатысады.

 

Вопрос

Басқарудың мақсаты – кәсіпорын мүліктерін тиімді пайдалана отырып алға қойылған нәтижеге қол жеткізу.

Қазіргі кездегі басқаруға қойылатын талаптардың негізгі бағдарламалары және олардың даму тенденциялары:

· Басқарудың кәсіптілігін дамыту яғни теориялық білім мен іскерлікті, тәжірибені ұштастыра білу;

· Басқаруды демократияландыру қызметінің орындалу барысы мен маңызды мәселелерді шешуге әріптестерді кеңінен тарта білу және басқарушы қызметкерлерді тиімді таңдау мүмкіндігі;

· Еңбек бөлінісі негізінде басқаруды мамандандыру, сол арқылы басқару еңбегінің арнайы қызмет түріне бөліне отырып басқару персоналының жіктелінуі;

· Басқаруды шоғырландыру – мақсатты орындауға қолданылатын басқару әдістері мен формаларын өзара сәйкестендіру, үйлестіру;

· Басқаруды орталықтандыру – қазіргі кездегі өндірістік жүйенің күрделілігінен туындайтын өзіндік басқару мен өкілеттілік басшылықтарының бір органға жинақталуы жөніндегі тиімді аралық қарым-қатынастардың орнықтырылуы.

· Басқару шешімдерінің көп нұсқалылығы – проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдау арқылы қосымша күттірмеген шығындарға басшылықтардың жол берілуі;

· Басқару еңбегінің мәдениетін көтеру, яғни басқару әрекетін орындауға моралді, этикалық құқықтық нормаларды кең қолдану.

Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстармен қоғамдық қажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды және мына сипаттарға ие:

· Мақсат – нақты және өлшемді болуы тиіс, оның орындалу барысын бағалау мүмкіндігі;

· Мақсат – б.б. мерзіммен шектелуі тиіс: ұзақ, орта, қысқа мерзім болуы;

· Ұйым мақсатының сыртқы ортаның әсері мен ішкі мүліктерге қарай айқын және оған қол жеткізуге болатындай етіп қабылдануы.

Басқарудың негізгі мақсаты қолда бар адамның, қаржылық материалдық ресурстарды тиімді пайдалану арқылы игіліктерге табысқа жету.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: