СанПиН негізгі нормалары

ЖАЛПЫУНИВЕРСИТЕТТІК МАГИСТРАТУРА

 

 

                     КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

СУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЛАСТАНУЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

 

Орындаған                                 Т емирбековаА.

Ғылыми жетекші

х.ғ.к. доцент                                 Каримов А.Н

 

 

Қорғауға жіберілді

Жалпыуниверситеттік

магистатура жетекшісі  

 х.ғ.д. прфессор                             Сармурзина А.Г

 

 

Алматы 2004

 

Мазмұны

Кіріспе. 3

1.Әдеби шолу. 4

1.1Судың гигиеналық маңызы. 4

1.4. Органолептикалық қасиеттері 7

2.2. Судың минералдануы.. 10

2.3. Судың тотығуы.. 12

3. Гост 2874-82. 13

3.1. Гигиеналық талаптар. 13

3.2. Судың токсикологиялық көрсеткіші 13

4. СанПин 2.1.4.559-96. 16

4.1. Судың құрамында болатын ластағыш қоспалардан тазалау. 19

2.2 Целлюлозды қағаз бен картон шығарушы өндірісінің сарқынды суларына сипаттама. 27

2.3 Қағаз өндіру орындарынан шығатын сарқынды суларын тазарту жолдары. 29

3. Алынған нәтижелер және оларды талдау. 33

3.1 АО «Қазақстан қағазы» комбинатының сарқынды суларына жүргізілген мониторинг. 33

Қорытынды.. 35

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 36

 

 

            

 

 

  

    

         

 



Кіріспе

Жер бетіндегі судың жапы мөшері 14 млн км3 шамасында. Бірақ қолданыста жарамды тұщы сулардың стационарлық қоры гидросфераның 0,3% көлемін ғана алып отыр. (4 млн км3 шамасында)

Біздің жер шарымызда су үнемі айналымда болады. Дүние жүзі мұхиттарыны бетінен жылына шамамен 412 мың м3 су буланады, ал оларға қайта түсетін жауын-шашынның жылдық мөлшері 310 мың км3 шамсында болады /1,8/.

Табиғатта су таза күйінде кездеспейді. Бұған мысал ретінде жауын-шашынның құрамында 100 мг/л дейін жететін әр түрлі ластағыштар дәлел бола алады.

Қалаларды, ауылдарды және өндіріс мекемелерін ортақтандырған су жүйесмен қамтамасыз ету техникалық - экономикалық және ұйымдастырған шаралардан тұратын күрделі жүйе болып табылады. Олардың рационалды түрде бақыланып отырылуы қала мен ауылды жерлердің санитарлық жағдайының деңгейін анықтап, халықтың тіршілгіне қолайлы жағдай туғызады.

Адамзат тіршілігінде маңызды зор тұщы су қорларын шектелген және жер беті мен жер қойнауларында әркелкі таралған/8,10/. Бұндай сулардың көп мөлшері өндіріс орындардың тұрмысына қажет болса, кейбір мөлшері ауыл шаруашылығында, балық аулауда қызметі зор.

Қазіргі кезде адамдардың тіршілік қолданысының артуы нәтижесінде тұрмыстық және шаруашылық бағытта судың бағасы арттырылуда. Орта шамамен бір адам тәлігіне 250 литр су пайдаланады /1,6/. Бұдан су дефициті қауіпті туу мүмкін, ал бұл өз алдына табиғи су қорларының тиімді пайдалану мәселелерін туындатады.

Біздің заманымызда үнемі қолданыста болатын су сапасының деңгейін жоғары дәрежеде екеніне күмән келтіруге болады.

Жалпы Қазақстан Республикасы бйынша қазіргі кезде қалалық су тасымалдау жүйесінің 60% жуығы авариялық жағдайда. Одан басқа қала сыртындағы ауылдар мен ауылды жерлері есептемегенде, ал бұдай жерлерде табиғи судың сапасы санитарлық нормалардан әлде-қайта алыс /3,6/. Көптеген өтіп жатқан ғылыми конференциялардың мәліметтеріне сүйенетін болсақ біздің краннан тек ішуге ғана емес, тіпті тұрмыстық шараларға жарамсыз су ағып жатыр. Тұрмыстық қолданысқа бағытталған су алдын-ала тазалығыш қондырғыштарда улансыздандырылып, тазаланады. Бұндай сулар негізінен беткей қорлардан алынады. Тазалану барысында су сақтау қоймаларына жеткен кезде СанПиНа ең жоғарғы нормаларына сәйкес келді Бірақ көп киллометрлі коррозияға ұшыраған труболармен жылжыған кезде, оның сапасы күрт төмендейді, мөлдірлігі азайып, иісі пайда болады, құрамында темір, мыс, мырыш және тағы басқа ауыр металдардың мөлшері жоғарылап, суға әр түрлі улы компоненттермен қоса конструкциялық және герметизделген материалдардан бактериялар түседі. Ал бұндай ластанған су адам организімне түсіп әр түрлі аллергияның және қан ауруларының тууына алып келуі мүкін /5,9/.      

Міне осындай және тағы басқа күрделі мәселерге байланысты бұл жұмыстың негізгі мақсаты ретінде:

- судың гигиеналық маңызымен танысып химиялық құрамын анықтау

- су сапасының стандарттық нормативтерімен танысу

-  суды тазарту жолдарын ұсыну болып табылады.

 

 

1.Әдеби шолу

1.1Судың гигиеналық маңызы.

 Су қолданысының нормативтері.

Бір қала немесе ауыл тұрғынына тәулігіне қажетті судың мөлшері мекен ету ортасының климаттық ерекшеліктері мен тұрғындардың тіршілік ету деңгейіне тәуелді. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып СНиПА-ға “судың қолдану нормалары енгізілген. Бұл нормаларға тұрғын үйлер, тұрмыстық-коммуникалдық қызмет көрсету және тамақтану мекемелерінің суды қолдану нормалары кіреді. Кейбір ірі қалалардың сумен қамтамасыз ету жүйелері 2-есе жоғары нормалармен шектеледі (Алматы, Қарағанды, Астана). Бұндай ірі қалаларда суды қолданудың жоғарғы көрсеткіші 300 л- 500 л (бір тәулікте).

Су қолданысының мөлшерін есептеу барасында тәуелділік және маусымдық ерекшеліктерге назар аудару қажет. Ол үшін суды пайдалануының орта шамаларын әр тектілік (неравномерный) коэффициенті ретінде алынып, сағат бойынша–сағаттық пайдаланудың ең жоғарғы көрсеткішінің орта шамасына, тәуліктік-тәулік бойы пайдаланған ең жоғарғы көрсеткіштің орта шамасына қатынасымен анықталады. Судың әр тектілік коэффициентін алдын-ала анықтау, жыл мезгілінің ең ыстық кезеңдедерінде және тәулік бойы су ең қажет етілетін уақытында сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді /10/.

  Судың эпидемиологиялық маңызы

Орталықтандырылған су жүйесімен тұрғындарды жабдықтандыру, яғни белгілі бір сапалық көрсеткіштерге сай және ауру туғызу қабілеті жойылған сумен қамтамасыз ету, сол тұрғындардың санитарлық деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Ал бұндай санитарлық көрсеткіштерінің эксплуатация кезінде орындалуы өз алдына санитарлық қолайсыз жағдайлар мен катастрофалар туғызады /7,13/.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұжымының (ВОЗ) мәліметтері бойынша күнделікті өмірде пайдаланатын ас суы сапасының төмен болуы салдарынан жыл сайын 5 млн дейін адам өліп отырады.    

Нашар сумен қамтамасыз етуіне байланысты жыл сайын 500 млн дейін тұрғындардың инфекциялық ауруларға шалдығу жағдайлары кездеседі/6,9/.

Осындай және болашақта туындайтын мәселелерге байланысты тұрғындарды сапасы жоғары сумен қамтамасыз ету қазіргі кезде актуальды меселелердің бірі болып отыр.

  Химиялық құрамы

Табиғатта су таза химиялық қосылыс ретінде мүлдем кездеспейді. Өзінің универсалды еріткіш қасиетін сақтай отырып, бойында әр түрлі қосылыстар пен элементтің болуы және олардың өзара қатынасы сол судың табиғатын анықтайды/2,5/.

Тұщы судың (ас суының) минералдану шегі (құрғақ қалдықта) 1000мг/л органолептикалық белгілеріне байланысты анықталады. Тұздылығы жоғары сулардың қышқылдық және тұздылық дәмі болады. Тұщы сулардың құрғақ қалдықтарын негізінен хлоридтер мен сульфаттар құрайды. Олардың су құрамындағы шектік мөлшері хлоридтер үшін 350 мг/л болса, сульфаттардың мөлшері 500 мг/л аспауы тиіс.

Миниралдардың ең төменгі деңгейі адам организмінің гомеостазы адаптациялық реакцилар арқылы бір қалыпты сақталады. 100 мг/л құрғақ қалдығындағы ас суының оптимальды миниралдануы 200-400 мг/л диапозонында болады. Бұндай жағдайда су құрамындағы кальций 25 мг/л, магний 10 мг/л мөлшерінен төмен болмауы тиіс /4/.

Судың кермектілігі оның құрамындағы кальций мен магнийдің болуына байланысты. Бұл көрсеткіш көбінесе тұрмыстық жағдайда байқалады (ет пен жемістің нашар пісуі, оброзование накипи және т.б.). Сонымен қатар судың кермектілігінің жоғарғы корреляциясы оның құрамындағы тек кальций мен магнидің болуына ғана емес, қосымша 12 элементке (беррилий, бор, кадмий, калий, натрий және кейбір аниондар т.б.) тәуелді.

Соңғы жылдары судың құрамындағы тұздардың мөлшерінің төмен болуы жүрек ауруларының пайда болуына алып келуі туралы мәліметтер бар /3,6/.

Адам судан 10-85%-ке дейін қажетті фторды ала-алады. Су құрамында фтор конденсациясы жоғары (2-8 мг/л) геохимиялық аудандарда мекен ететін тұрғындардың арасында эндемикалық аурулардың қатарына жататын флюороз ауруына алып келді, яғни флюороздың пайда болуын ас суы құрамындағы фтор концентрациясына тікелей байланысты/5,6/.

Фтор концентрациясы 1,4-1,6 мг/л дейін жеткен кезде адамдардың тістерінде сарғыш-қоңыр дақтар байқалады. Ал оптимальды мөлшерінен төмен болуы (0,7-1,1 мг/л) тіс кариесінің тууына алып келеді.

 

1.4. Органолептикалық қасиеттері

Су сапасына жанама тиімсіз әсерін тигізетін түрлі қосылыстар оның органолептикалық қасиетін төмендетеді:

- тұндылығы

- түсі

- жағымсыз иісі мен дәмінің болуы.

Судың бұндай қасиеттерінің өзгеруі ас қазан сөлінің секрециясының бұзылуына алып келеді, ал судың жағымды дәміі көздің сезімталдығы мен жүректің жиырылуын жоғарлатады.

 

 Сумен қамтамасыз ету көздері

Тұрғын үйлерді сумен қамтамасыз ету орталықтандырылған жүйемен қатар, жеке көздері арқылы жүзеге асуы мүмкін (локальды жүйе) орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінде жер асты сулары жатады. Олар 3 түрлі болуы мүмкін:

- беткей сулары

- құрлық сулары

- пластаралық сулар

Беткей сулар аз тереңдікте орналасып, жауын-шашынның топыраққа енуі нәтижесінде пайда болады.

Құрлық сулары жердің 1-і қабатының су тасымалдағыш ауданында болады, астында су ұстағыш пласты орналасады. Пластаралық сулар 2 су өткізбейтін пластың расында орналасып, қысымы жоғарлаған кезде жер бетіне фонтан, құдық түрінде шығуы мүмкін. Бұл түрлердің ішінде ең тиімді және қолайлы түрі, бұл пастаралық сулар, себебі олар сыртқы орта ластануынан қорғалған. Сонымен қатар құрлық суларын да пайдалануға болады. Ал бұндай факторлардан қорғалмаған беткей суларын қолдану өте қауіпті.

 Су тұтынғыш қондырғыларын орнату және сол жерден алынатын судың сапасы санитарлық ережелерге сәйкес болуы тиіс.

Су тұтынғыш қондырғылардың орнын анықтау санитарлық - эпидемалогиялық және гидрогеология мамандарының қолдануымен жүргізіледі. Бұндай  жерлерді анықтауда құрылықтық су ағысының   ең жоғарғы деңгейінде (басында) орналасып, 50 метр маңайында канализация жүйесі, мал жаю жерлері, тыңайтқыштар мен улы химиялық заттардың көміліп улансыздандырылған аудандары болмауы тиіс. Орнатылған ауданы үнемі тазартылып, жақын аудандарда мал суармалы, кір жуу жерлері болмау қажет.

Санитарлық ережелерге байланысты су төмендегідей қасиеттерге ие болуы керек:

- мөлдірлігі (стандартты шифр бойынша > 30 см)

- түсі (<300С, яғни түссіз)

- дәмі, иісі (2,3 балға дейін)

Су құрамындағы нитраттар 10 мг/л жоғары болмауы керек және бактериялық жағынан таза болуы тиіс (титроли 100-ге дейін, яғни 1 литр судағы ішек таяқшасының мөлшері 10-ға дейін).

Белгілі бір су көзінің жарамдылығын анықтау үшін, ол физикалық, химиялық және бактерологиялық анализдерден өтуі қажет. Бұндай бақылауларды локальды СЭС қызметкерлері жүргізеді. Суарымға арналған сулардың сапасы ескерілмейді, бұндай жағдайда беткей сулары мен тағы басқа ішуге жарамсыз су көздерін пайдалануға болады (өзен, көл).

2. Су сапасының көрсеткіштері.

Көп жағдайда тұрмыстық деңгейде су сапасының көрсеткіштері бақыланбайды. Бірақ су қолданысында су сапасының объективті көрсеткіштері ескерілуі тиіс.

Сутектік көрсеткіш.

Сутектік көрсеткіш– су құрамындағы бос сутегі иондарының концентрациясымен сипатталып,рН – арқылы белгіленеді.

рН=-log [H+]

 

 

яғни қарама-қарсы белгімен алынған сутегі иондарының логарифмдік есебі.

Сутек көрсеткіш – судың диссосация нәтижесінде пайда болған Н+ пен ОН – иондарының қатынасымен анықталады. Егер судың бойында Н- иондары аз болып, ОН- иондары көп болса (рН>7), судың сілтілік қасиеті басым болады. Егер керісінше жағдай болса (рН<7) онда қышқылдық қасиеті басым болады. Ал жоғары дистельденген су құрамында бұл иондар тепе-теңдікте болып нейтралды орта түзеді (рН<7).

рН деңгейі суды тазалау процесінің барлық сатыларында қатаң бақыланып отырылуы қажет, себебі оның бір жаққа ауытқуы судың иісіне, дәміне және сырт күйіне әсер етеді.

рН мөлшеріне байланысты сулар:

қышқылдығы жоғары сулар     < 3

қышқылды сулар                        3-5

әлсіз қышқылды                5-6,5

әлсіз қышқылды                6,5-7,5

әлсіз қышқылды                7,5-8,5 болады.

Сутектік көрсеткіштердің оптимальды мөлшері тазалау жүйесіндегі судың жарамдық ерекшелігімен тазарту методикасы мен қолданылатын материалдарға тәуелді.

Қалыпты жағдайда қолданыстағы судың рН мөлшері су сапасына әсер етпейтін деңгейде болады. 

Мысалы, өзен суларында рН көп жағдайда 6,5-8,5 шамасында, атмосфералық жауын-шашында 4,6-6,1 теңіз суларында 7,9-8,3 тең.

Сондықтан ВОЗ рН көрсеткішінің белгілі бір медициналық деңгейін ажыратпайды.

 Сонымен қатар егер рН деңгейі төмен болған жағдайда, судың коррозиялық активтілігі жоғарлайды, ал жоғары болған кезде (рН>11) көпіргіш қасиеті байқалып жағымсыз иісі пайда болады. Бұндай сулар адам организімінде көз бен терінің тітіркенуіне алып келеді. Сондықтан ішуге және жұмыстық қолданысқа арналған судың оптимальды рН көрсеткіші 6 мен 9 аралығында болуы тиіс/12,17/.

2.2. Судың минералдануы

Жалпы минералдану – су құрамында еріген заттардың жалпы сапалық көрсеткіші. Суда еріген заттар негізінен тұздар түрінде болады. Олардың ішінде кең таралған бұл бейорганикалық тұздар (көп жағдайда бикарбонаттар, кальций, магний, калий, натрий хлориттері мен сульфаттары) және суда еритін органикалық заттардың кейбір мөлшері.

Ас суының құрамындағы тұздардың мөлшері табиғи көздеріндегі су сапасына байланысты (яғни олар әр түрлі геологиялық зонада орналасқан су құрамындағы миниралдардың ерігіштігіне байланысты).

Минералдануына байланысты табиғи сулар келесідей топтарға шектеледі:

Су минералдануының категориялары, г/дм3

Ултра тұщы                                                    <0,2

Тұщы                                                              0,2-0,5

Салыстырмалы миниралдығы жоғары 0,5-1,0

Әлсіз тұзды                                                    1,0-3,0

Тұзды                                                             3,0-10

Тұздылығы жоғары сулар                            10-35

Тұздықтар (рассолдар)                         <35       

Табиғи факторлармен қоса, судың жалпы минералдануына өндрістік ағын сулар, қала сулары (әсіресе жол бетіндегі мұзды ерітуде тұзды пайдалану) және т.б. әсер етеді. ВОЗ мәліметтері бойынша судың тұздылығы адам денсаулығына тигізетін әсері әлсіз, сондықтан тұздалу деңгейіне шектеу қойылмайды. Су құрамындағы тұздың ең қолайлы мөлшері 600 мг/л дейін болады.

Темірленген су

Темір табиғатта әр түрлі формада кездеседі (валентілігіне байланысты FeO, Fe+2, Fe+3) және түрлі химиялық қосылыстар түрінде болады.

1. Жай темір (FeO) – элементарлы немесе металдық темір, суда ерілмейді, ылғал мен өттегінің әсірінен 3 валентті темірге айналып, ерімейтін оксид түзеді Fe+2 (тат басу).

2. ІІ-і валентті темір. (Fe+2) суда үнемі еріген түрде болады. Кен жағдайда темір гидоксиді тұнбатүзеді.

3. ІІІ валентті темір (Fe+3) темір гидроксиді Fe(OH)3  суда ерімейді  (рН өте төмен жағдайынан басқа). Темір хлориді FeCL3 мен сульфаты Fe2(SO4)3 суда жақсы еріп, сілтілік орта түзеді.

4. Органикалық темір. Суда әр түрлі формада немесе комплекс түрінде болады. Темір құрылымы бар, ерігіш, жоюлуы қиын заттар.

Олардың бірнеше түрі ажыратылады.

а) Бактериальды темір. Кейбір  бактериялар өзінің тіршілгі барысында еріген темірдің энергисын қолданады. Бұндай жағдайда 2-і валентті темір 3 валенттіге ауысып бактерияның шырышты қабатында сақталады.

б) Коллоидты темір. Коллоидтер - ұсақ (1 микронға дейін) ерімейтін бөлшектер. Кейбір ірі органикалық молекулаларды да осы қатарға жатқызуға болады (таниндер мен легниндер). Бұлар өзінің кіші мөлшеріне байланысты суда тұнбаға түспей, суспензия түрінде болады.    

в)Органикалық ерігіш темір. Мысалы, полифосфаттар ерітіндіде кальций мен басқа металдарды ұстап байланысқа түсе алады, ал кейбір органикалық молекулалар темірмен байланысып күрделі хелатам деп аталатын комплекстер түзе алады. Бұндай байланысқа гемоглобиннің порфиринді темір тобы немесе өсімдіктердің хлорофилл пигменттінің магний перифириялық сақинасы.

Яғни жоғарыда келтірілген темір түрлерінің судағы қасиеттері өзгеше. Мысал ретінде ыдысқа құйылған су мөлдір және таза болғанымен, егер оны тұндыратын болсақ біраз уақыттан кейін қызғылт тұнбаның пайда болғаны байқалады, бұл сол судың құрамындағы ІІ-і валентті темірдің болуын көрсетеді. Бірақ коллоидты темір судың түсін өзгертіп, тұнба түзбей, оны тек химиялық жол арқылы анықтауға болады.

Су құрамындағы темірдің болуына байланысты ерекшеліктері

Темір түрі Краинан алынған су Тұндырылған су
1) Ғе+2 2) Ғе+3 3) коллоидты 4) Органикалық еріген 5) Бейорганикалық еріген Таза қызғылт Қызғылтқа боялған Сарғыш-қоңыр Сарғыш-қоңыр Су өткізу жүйесінің жолдарында мырышты қабат пайда болады. Қоңыр тұнба Қоңыр тұнба Тұнба түзілмейді фильтрленбейді Тұнба түзілмейді фильтрленбейді.

 

2.3. Судың тотығуы

Тотығу - бұл су құрамындағы органикалық және минералды зқаттардың мөлшері және химиялық тотықтырғыштардың әсерінен олардың тотығуы.

Табиғи аз ластанған суларды тазалау практикасында перманганатты тотығу арқылы жүргізілсе, ластанған суларды көп жағдайда бихроматты тотығу арқылы анықтайды. Басқаша аты (ОХҚ) - оттегінің химиялық қолданысы.

Жалпы органикалық заттармен ластануында судың тотығуы өте тиімді жүйелі көрсеткіш ретінде болады.

Су құрамында болатын органикалық затар өзінің табиғаты мен химиялық құрылымы жағынан ерекше. Олардың құрылымына судағы биохимиялық процесстермен бірге беткі және жер асты сулары, жауыш-шашындар өзінің әсерін тигізеді.

Табиғи сулардың тотығу қарқындылығы кең ауқымды болады. 1 литр судағы О2-ң мөлшері бірнеше миллиграммнан ондаған миллиграмға дейін жетеді. Жер асты суларымен салыстырғанда беткей суларының тотығу қарқындылығы жоғары, яғни құрамында органикалық заттар көп. Бұған мысал, тау өзендері мен көлдерінде О2 2-3 мг/дм2 тең болса, жазықтағы өзендердің О2 5-12 мг/дм3 тең. Жер асты суларының О2 орта шамада тотығуы 10-100 мг/дм3 дейін жетеді. (мұнай, газ кең орындарына басқа).

Гост 2874-82

Ас суына қойылатын гигиеналық талаптар және сапалық бақылау.

Бұл стандарт орталықтандырылған тұрмыстық ас суымен қамтамасыз ету жүйесіне және тұрмыстық ас суы ретінде немесе техникалық бағытта қолданылатын ортлықтандырылған жүйесіндегі судың гигиеналық талаптары мен сапалық бақылау жүргізілуін бегілейді/ 4/.

3.1. Гигиеналық талаптар

Ас суы эпидемиялық жағынан қауіпсіз органоплетикалық қасиеті жақсы, химиялық құрамы жағынан зиянсыз болуы тиіс.

Судың сапалық көрсеткіштері су тасымалдаудың жүйесіне түскеннен кейінгі құрамы мен қасиеттеріне байланысты анықталады.

Микробиологиялық көрсеткіштерге байлансты ас суы мына талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Судың 1 см3 микроорганизм саны <100 Гост 1896373

1 дм3 (коли-индекс) ішек таяқшасының саны <3 Гост 1896373

3.2. Судың токсикологиялық көрсеткіші

Судың токсикологиялық көрсеткіштері, оның химиялық құрылымының зиянсыздығымен сипатталады. Және келесідей заттарға нормативтер енгізеді:

- табиғи суларда кездесетін

- реагент түрінде судың өңделуінде қосылатын

- өндірістік, ауыл шаруашылық және тұрмыстық т.б. жұмыстардың нәтижесінде пайда болған су тасымалдағыштарының ластануы.

Табиғи сулардың құрамындағы немесе өңдеу барысындағы химиялық заттардың концентрациясы келесідей норамтивтерден аспауы тиіс.

Гост 18165-89 бойынша қалдық алюминий <0,5 мг/дм3

 Гост - 18294-89 бойынша бериллий (Ве) <0,0002 мг/дм3

 Гост 18308-72 бойынша Молибден (Мо) <0,25 мг/дм3

 Гост 152-89 бойынша Мышьяк (As) <0,05 мг/дм3

 Гост 18826-73 бойынша Нитраттар (No3) <45,0 мг/дм3

 Гост 19355-85 қалдық полиакриламид <2,0 мг/дм3

 Гост 8293-72 бойынша қорғасын (Рb) <0,03 мг/дм3

 Гост 19413-89 бойынша Селен (Se) <0,01 мг/дм3

 Гост 23950-88 бойынша Стронций (Sr) <3 мг/дм3

 Гост 4386-88 бойынша Фтор () <3 мг/дм3 Климаттық аудандарда

Судың органолептикалық көрсеткіштері

Қолайлы органолептикалық көрсеткіш келесідей заттарға нормативтер енгізіледі:

- табиғи суларда кездесетін

- реагент түрінде судың өңдеу барысында қосылатын

- өндірістік, ауылшаруашылық және жұмыстық жұмыстардың нәтижесінде пайда болатын су тасымалдағыштардың ластануы.

Табиғатта кездесетін сулардың құрамындағы немес өңдеу барысында қосылатын және судың органолептикалық қасиеттеріне әсер ететін химиялық заттардың концентрациясы келесідей нормативтерден аспауы тиіс:

Гост 4011-72 бойынша Темір (Ғе) <0,3 мг/дм3

Гост 4151-72 бойынша жалпы Десткость <7,0 мг/дм3

Гост 4 974-72 бойынша мыс (Сu+2) <1 мг/дм3

 Гост 4388-72 бойынша Полифосфатты қалдықтар (РО3-4)                <3,5 м Гост г/дм3

 Гост 4389-72 бойынша Сульфаттар (SO-4) <500 мг/дм3

 Гост 18164-72 бойынша Құрғақ қалдық <1000 мг/дм3

 Гост 4245-72 бойынша Хлоридтер (Се-) <350 мг/дм3

 Гост 18293-72 бойынша Мырыш (Zn2+) <5,0 мг/дм3

Органолептикалық қасиеттерге қойлатын талаптар:

Иісі 200 С, 600 С дейін жылытқанда <2 бал Гост 3351-74                бойынша

Дәмі 200 С <2 бал 3351-74 Гост бойынша

Түсі <20 3351-74 Гост бойынша

Тұндылығы стандартты шкала бойынша <1,5 мг/дм3 3351-74 Гост бойынша.

Су бетінде ешқандай қабат болмауы қажет.

   Судың сапалық бақылауы

     Тұрмыс және ас суымен қамтамасыз ететін орталықтандырылған жүйелерді жүргізетін мекемелер үнемі су жолын, жүйеге кірудің алдында және таралуы кезінде бақылап отыруы тиіс.

     Ал жер астынан таралатын су жүйелеріне алғашқы уақытында жылына 4 реттен кем емес (әр сезонда), кейінен жылына 1 рет тексеріледі.

Судың беткей көздерінде су анализі әр ай сайын жүргізіліп отырады.

Өндірістік–зертханалық судың сапасын бақылау жүйеге түспей тұрғанда микробиологиялық, химиялық немесе органолептикалық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Су құрамындағы хлор қалдығы таза су қоймаларынан кейін белгілі мөлшерде болуы тиіс.

 

қалдық хлор қалдық хлор конц-ы, мг/дм3 хлор мен су арасын. байлан. п.б. қажетті уақыт, мин.
1. Бос күйінде 2. Байланысқан күйінде 0,3 – 0,5 0,8 – 1,2 30 60

 

Жеке жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлердің қолдауымен су құрамындағы қалдық хлордың мөлшерін жоғарлатуға болады (су жолд. биолог. кедергілер п.б.).

Реагенттердің қалдық мөлшеріне өндірістік- зертханалық бақылау арнайы жүргізілетін методтарға байланысты.

Тәжірибелік пробаларды дала су қондырғыларынан, үй кранынан алынады.

Судың таралу жүйесі орналасқан жеріндегі жалпы анализдегі проба саны санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлерімен бірге анықталуы тиіс және талапқа сай болуы қажет.

Қызмет көрсететін              Айына алынатын барлық

тұрғын саны, адам           таралу жүйесіндегі минимальді

                                                проба саны

10 000 дейін                                       2

20 000 дейін                                      10

50 000 дейін                                      30

100 000 дейін                                    100

100 000 жоғары                                 200

Орталықтандырылған тұрмыстық ас суымен қамтамасыз ету жүйедегі судың сапасына жүргізілетін мемлекеттік санитарлық бақылауды қамтамасыз ету санитарлық-эпидемиологиялық қызмекерлерінің белгіленген мерзімі мен арнайы программа бойынша жүреді.

СанПин 2.1.4.559-96.

 

Ас суы. Ортақтандырылған ас суымен қамтамасыз ететін су жүйесіне қойылатын гигиеналық талаптар. Су сапасын бақылау.

Бұл ережелерде ашық және жабық сумен қамтамасыз ету жүйсіне қойылатын гигиеналық талаптар бекітіліп, су құрамында жиі кездесетін ұлы химиялық заттардың мөлшерін қадағалайды. Бұл стандарт ас суы ретінде пайдаланатын судағы 1345-ке жуық ұлы заттардың мөлшерін анықтайды.

СанПиН негізгі нормалары

Органолептикалық көрсеткіштері

 

Иісі, бал мөлшері 2
Дәмі, бал мөлшері 2
Түсі, градус бойынша 20 (35)
Лайлығы,(өлшем бірлігі формазин бойынша) немесе мг/дм3 (калоин боынша) 1,5 (2)

 

Паразитологиялық және микробиологиялық көрсеткіштері

 

100 мл колиморфты термотолерантты бактерия саны Болмауы
100 мл жалпы колиморфты бактерия саны Болмауы
1 мл түзілетін жалпы микроб пен коллония саны 50 жоғары емес
100 мл өсетін колифагтар саны Болмауы
20 мл сульфитті редуциялайтын клодострий спорасының саны Болмауы
50 мл лямбий цистасының саны Болмауы

 

Қазақстан территорисындағы табиғи сулардың құрамында жиі кездесетін зиянды химиялық заттарға және антропогенді туындыларға қойылатын нормативтер

 

 

Зат аты

Норматив,

Аспауы қажет Зиянды көрсеткіші
Қауіп төндіру класы

Сутектік көрсеткіш, рН

 6,0-9,0 аралығында -
-

Жалпы минералдануы(құрғақ қалдықта мг/дм3)

1000 (1500) -
-

Жалпы кермектілігі(карбонатты), ммоль/дм3/

7 (1,0) -
-

Перманганатты тотығуы мг/дм3

5,0 -
-

Жалпы мұнай өнімдерінің суммасы,мг/дм3

0,1 -
  -

 

Анионактивті беттік активті заттар(БАЗ),

мг/дм3

  0,5 -
-

Фенолды индекс, мг/дм3

0,25 -

 

Бейорганикалық заттар

Алюминий (Al3+), мг/дм3 0,5

c.-т.1

2
Барий (Ва2+), мг/дм3 0,1

-

2
Бериллий (Be2+), мг/дм3 0,0002

-

1
Бор (В), сумма, мг/дм3 0,5

-

2
Железо (Fe), сумма (хлорное), мг/дм3 0,3 (0,9)

орг.2

3(4)
Кадмий (Сd), сумма, мг/дм3 0,001

с.-т.

2
Марганец (Mn), сумма, мг/дм3 0,1

орг.

3
Медь (Cu2+), сумма, мг/дм3 1,0

-

3
Молибден (Mo), сумма, мг/дм3 0,25

-

2
Мышьяк (As), суммарно, мг/дм3 0,05

-

2
Никель (Nі), суммарно, мг/дм3 0,1

-

3
Нитраты (NO3-), мг/дм3 45,0

орг.

3
Ртуть (Hg), сумма, мг/дм3 0,0005

с.-т.

1
Свинец (Pb), сумма, мг/дм3 0,03

-

2
Селен (Se), сумма, мг/дм3 0,01

-

2
Стронций (Sr2+), мг/дм3 7,0

-

2
Сульфаты (SO42-), мг/дм3 500

орг.

4
Фторидтер (F), мг/дм3 І, ІІ климаттық аудандарда 1,5

с.-т.

2
ІІІ 1,2

-

2
ІV 0,7

-

2
Хлоридтер (Cl-), мг/дм3 350

орг.

4
Хром (Cr6+), мг/дм3 0,05

с.-т.

3
Цианидтер(CN-), мг/дм3 0,035

-

2
Цинк (Zn), мг/дм3 5

орг.

3

 

Органолептикалық заттар

Алюминий (Al3+), мг/дм3 0,5

c.-т.1

2
Барий (Ва2+), мг/дм3 0,1

-

2
Бериллий (Be2+), мг/дм3 0,0002

-

1

 

1орг.- органолептикалық

2 с.-т.-санитарлы-токсикилогиялық

 

 
         

 

 

Жалпы альфа және бетта активтілігінің нормативтерінің көрсеткіштері

Көрсеткіштері Өлшеу бірлігі Зиянды нормативтері Көрсеткіштері
Жалпы альфа радиоактивтілігі Бк/л 0,1 Радиациялық
Жалпы бета радиоактивтілігі Бк/л 1,0 Радияциялық

 

4.1. Судың құрамында болатын ластағыш қоспалардан тазалау

Фазалы-дисперсті классификацияны практика жүзінде қолдану, сумен қамтамасыз ететін тұйық жүйедегі қалдықсыз технологиясын ұйымдастыруға мүмкіншілік туғызады.Қолданылған суды тазалау, оларды қайта қолдануға немесе қоршаған ортаны ластамай өзен мен көлдерге тастауға мүмкіндік береді/15/.

Суды тазалау үшін қолданылатын технология, судың құрамында бар заттардың түрлері және олардың мөлшері негізінде жасалады.

Бірінші топқа жататын гетерофазалы қоспаларды тазарту үшін, тұндыру сүзу прцестері ал кейбір жағдайларға байланысты ерітіндегі тұнбаларды бөліп алу мақсатында центрден тепкіш күш және флотация тәсілдері де қолданылады. Сүзу прцестерін іске асыру үшін майда тесіктері бар торлар (сеткалар) жоғары дисперсті аллюминий немесе темір гидроксидтері пайдалынады.

Екінші топқа жататын микрогетерофазалы қоспаларға:коллоидты органикалық және жоғары молекулалық қосылыстар жатады. Оларды бөліп алу үшін, алюминий және темір гидроксидтері қолданылады.

Үшінші топқа жататын еріген молекулардан тазарту үшін, органикалық заттарды тотықтырады. Активтенген көмірмен, не басқа да сорбенттермен адсорбциялайды, органикалық еріткіштермен экстракциялайды, ұшатын қосылыстарды десорбциялайды және т.б. Мұндай зиянды қосылыстардан құтылу арнаулы қондырғыларда іске асырылады.

Ал, төртінші топқа кіретін электролиттерден тазалауды иондарға тән қасиеттерге сүйене отырып шешуге болады. Нейтрализациялау немесе комплекс түзу негізінде, аз диссоцияланатын немесе аз еитін қосылыс түрінде өткізу; катионитті немесе анионитті қатты фазалардың бетіне сорбциялау, жинақтау, фазалық күйін өзгертіп, газ немесе қатты түріндегі қосылыстарға өткізу, сұйық фазаның бір бөлігіне жинақтау (экстрация, кері осмос); иондардың электр өрісіндегі қозғалысын қолдану және т.б/12,17/.

Ашық су қоймаларынан ішетін суды дайындау үшін, оларды тұндырады, түссіздендіреді және залалсыздандырады. Ал еге, суды жер астынан алатын болса, онда оларды көп жағдайда тек қана залалсыздандырады.

Су тазалау станцияларына қондырғылардың жобасын жасау кезінде көптеген жағдайларды ескеру керек. Қажетті көлемдегі су үздіксіз ағып отырып, барлық тазалау процестерін толық жүріп үлгеруі тиіс. Суға қосылатын реагентер, судың сапасы және олардың ағу көлемі бір-бірімен тікелей байланыста болады.

Суды дайындау кезіндегі негізгі мәселердің бірі, ол- судың иісін, түсін және дәмін бүлдіріп тұратын органикалық қосылыстардан құтылу. Оларды оттегімен, озонмен тотықтырып, онан соң активтелген көмір, металл гидроксидтері және ионалмасу смолаларында адсорбциялайды. Суды өңдеу режимі және реагентерді таңдау, оның құрамындағы химиялық қоспалардың табиғатына байланысты анықталады

Кейбір органикалық қоспалардан суды тазартуда және түссіздендіру үшін, хлорлау әдісі де қолданылады.Бірақ құрамында мұнай қалдықтары бар суды тазалауда хлорлау әдісі дұрыс нәтиже бере қоймайды. Ал, құрамында фенол қосылыстары бар суды хлорлау, ең тиімді әдістің бірі болып табылады. Қажеттілік жағдайда озондау, хлорлаумен салыстырғанда дұрыс.

   НИИ мәліметтері бойынша (А.Н. Сысина атындағы “Адам экологиясы мен қ.о. гигиенасың) /6/ орта шамамен көптеген мемлекетте санитарлық-химиялық көрсеткіш бойынша әр 3-і проба гигиеналық талаптарға, ал әр 10-ы санитарлық - бактериялық нормаларға сәйкес келмейді.

     Су тазалау жолдарын анықтауда, алдымен сол судың қолдану аясын ескеру қажет (тұрмыстық, тағам үшін т.б.). Судың сапасын қолдану аясында қажетті оптимальді деңгейіне жеткізу үшін, арнайы су тазалау жүйесін анықтап алу қажет. Бұндай тазалау жүйелерін 2 топқа бөлуге болады. 1-тобы су үйге кіргенде қойылса, 2 тобы қолдану нүктесінде мысалы, асханаға қойылады.

1-тобы суды тұрмыстық қолданысқа қажетті деңгейде тазартады. Бұл сумен кір жуғыш машинамен жұмыс істеп, ыдыс–аяқты жууға болады.

2 тобы ас суын дайындайды. Екі топқа қойылатын талаптар өзара ерекшеленеді. Себебі ішуге арналған су тұрмыстық шараларға жұмсалып, ал тазалығы төмен су ас суы ретінде қолданып кетуі мүмкін.

     Тұрғын үйлерге су кіру жүйесінде ірі тазалау фильтрін (полимерлі картридждері бар) орнатуға болады. Олар тат пен ірі бөлшектерді ұстап қалады. Бұл өз алдына сантехника бұйымдарының тұрмысын ұзартады. Бірақ бұндай фильтрлер судың жағымсыз дәмін жоя алмайды.

     Үй ішінде орнатылатын фильтрлер мемлекеттік стандарттарға сай тестерден өтуі тиіс. Бұндай фильтрлер адам организміне түсетін судың өзіндік минералды құрылымын өзгертпейді. Оны орнатудың негізгі мақсаты ас суының бастапқы сапасын қалпына келтіру.

Су фильтрациясының түрлері:

1. Сепкіш тазалау жүйелері.

2. Ерімейтін механикалық бөлшектерді, құмды және коллоидтердің механикалық тазалаудың торлы және диск тәрізді фильтрлері

3. Микроб, бактерия және т.б. микроорганизмдерді жоятын ультракүлгін стериализаторлар.

4. Темір, марганец, күкірсутекті жоятын тотықтырғыш фильтрлер

5. Органикалық қосылыстарды, нитраттар, нитриттерді, сульфаттарды, ауыр метал тұздарын жойып, жұмсартқыш ионалмастырғыш фильтрлер.

6. Қалдық хлор, еріген газдар мен органикалық қосылыстарды жойып органолептикалық көрсеткішті жоғарлататын (дәмі, иісі, түсі) адсорбциялық фильтрлер.

7. Комплексті көп сатылы жүйе - біріккен фильтрлер.

8. Мембрана жүйесі – тазалаудың ең жоғарғы деңгейі, ас суын дайындаудың қайта осматикалық жүйесі.

Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша жоғары дәрежелі тазаланған суңпайдасызң яғни, су құрамында белгілі мөлшерде микроэлементтер болуы қажет деп есептейді. Ал, екіншілерінің көзқарасы бойынша адам организмі тек табиғаты жағынан органикалық заттарды (жануар мен өсімдіктерден шыққан) сіңіре алады, ал су тек еріткіш күйінде болады және ол максимальды түрде таза болуы тиіс. Бұл екі көзқарас өзара дұрыс бірақ, суды дистелденген күйге дейін жеткізу әлдеқайда оңай және тиімді, оның құрамына заттарды белгілі концентрацияға дейін енгізіп жеткізуге қарағанда.

     Мысалы шет елдерде сыра шығару өндірісінде суды тек белгілі шекке дейін тазалап, оған мөлшерлеп қатаңтүрде есептелеген зат қосады.

 Сонымен қатар қарапайым есептеулер бойынша адам организмі судан оптимальді түрде макро және микроэлементтерді алу үшін күніне кем дегенде 30-50 литр су ішуі қажет. Басқаша айтқанда біз судан пайдалы заттарды алғанымен олар күнделікті дозаның 10-15% ғана алады.

Жалпы айтқанда, тотықтыру және адсорбциялау әдістерін комплексті қолдану, табиғи суларды шіріген биологиялық заттардан пайда болған органикалық қосылыстардан тазартуға және одан басқа мұнай, фенол, беттік активті заттардан (БАЗ) және де басқа қосылыстардан құтылуға мүмкіншілік береді.

  2. Эксперименталды бөлім.

2.1 Зерттеу объектісі және әдістемелер

  Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасында алғаш рет ашылған Алматы қаласының Қарасай ауданында орналасқан целлюлоза қағаз бен картон шығарушы комбинатының ас суы мен сарқынды сулары алынып, оларға ТОО «Казэкоанализ» лабораториясында белгіленген сапалық көрсеткіштеріне зерттеу жүргізілді.

Су және топырақ құрамындағы қауіпті және улы заттарды анықтауда жүргізілетін мультипараметрлі мониторингін жүргізетін ТОО «Казэкоанализ» АҚШ-ң «НАСН» компаниясымен шығарылған зертханалық бақылауды жүргізуге арналған әртүрлі қондырғылар мен құралдардан тұрады. Олардың құрамына DR/4000 UV-VІS маманданған спектрофотометрі,  pH-метрі,  2100 N/AN сериясының турбудиметрлері және ОХҚ микрометоды сияқты құралдар кіреді. Осындай құралдар арқылы су немесе топырақ құрамындағы түсті, ауыр және улы металдар мен элементтерді (As, Al, Cu, Fe, Ag, N, Cd, Mn, Pb, Hg және т.б.) жоғары дәлділікпен анықтауға болады. Сонымен қатар фенолдарды, АБЗ (ПАВ), нитрат пен нитритті, түстілігі мен тұндылығы, ОХҚ (ХПК), жалпы микроб саны, коли-индекс және т.б. көрсеткіштерді кең диапазонда 1 мкГ/л 150-200г/л дейінгі концентрацияларын анықтауға болады. Жоғарыда аталған зертханалық құралдардың кейбір түрлерінің жұмыс істеу шарттарына сипаттама берілген.

Сарқынды сулардың оттегінің химиялық қолданысына бақылау

     Оттегінің химиялық қолданысы «НАСН» микрометодикасы арқылы анықталды.

     Анықтау жолы 3 сатыдан тұрады:

1. ОХҚ анықтау үшін арналған ыдысқа пипетка арқылы 2 мл көлемінде үлгілерді құяды да жауып қояды. Әр арнаулы ыдыс ішінде 3 мл дайын реагент болады.

2. Ыдысты реакторға орнатады. Реактор 150Ғ20С температурасын ұстап тұрады. Ол үзіліссіз жұмыс істеп автоматты түрде 2 сағаттан соң өшеді.

3. Нәтижелердің оқылуы. Суығаннан кейін үлгілерді колориметрлік немесе титрлеу жолдары арқылы анализдеуге болады. ол үшін үлгілері бар ыдысты НАСН спектрометріне немесе колориметрге орнатып нәтижелерін мг/л оқиды.

DR/400 UV-VІS маманданған спектрофотометрі

     DR/400 UV-VІS – бұл инфрақызыл, ультракүлгін сәулелері арқылы анализдерін жүргізетін зертханалық спектрофотометр. Құрал 3 өлшеу режимінде жұмыс істейді:

- концентрация

- А жұтылу

- өткізу пайызы

     DR/400 оптикалық жүйесіне дифракционды тор, вольфрамды шам (көрінетін аудандарда) және дейтерий шамы (УК аудандарында) кіреді. Монохроматор барлық диапазондағы 190-1100 нм ұзындық аралығындағы спектральды түзудің ені 4 нм болатын толқынды сәулелерді өлшеуге мүмкіндік береді. Толқын ұзындығының дәлділігі №1 нм шамасында.

     Құралдың бойында 130 әдістің қисықтар жұмыс бағдарламасына енгізілген. Бұл нәтижелерді концентрациялық бірлікте алуға мүмкіндік береді, сондықтан колибрленген қисықтың тұрғызудың қажеті жоқ. Стандартты реагенттердің болуы зерттеу жолын оңай және тез жүруіне мүмкіндік береді.

Судың тұндылығы мен түстілігін анықтайтын 2100 серияның зертханалық турбидиметрлері

     НАСН фирмасының турбидиметрлердің бұл сериясы европалық стандарттар мен Ресейдің ГОСТ-ары ескеріле отырып шығарылған.

     2100 N/AN  бұл ең алғашқы ауыспалы жарықфильтрлары арқылы тұндылығын, түстілігін, жұтыну және өткізу көрсеткіштерін барлық диапазондарда максималды дәлділікпен өлшеуге жол ашады.

     2100 AN моделінің ішіне микропроцессорлы бақылағыш және принтер орнатылған.

     Оптикалық сызба нұсқасы

     Жарық көзінен (сынап шамы) шыққан жарық монохроматордан өтіп фокустеніп үлгісі бар кюветаға түседі. 900С бұрышта орналасқан детектор бөлшектерден шағылған жарықты фиксациялайды. Ал оның интенсивтілігі үлгінің тұндылығына тәуелді анықталады.

     рН электрохимиялық анализі

     EC 20 тасымалданғыш рН/ИСЭ зертханалық өлшегіш құрал. ЕС 20 рН-ң 3 нүктелі калибрленген қисығы бар және концентрациясының 5 нүктелі калибрленген қисығы бар, сонымен қатар дәлділігін (0,1/0,01/0,001) диапазонында анықтайды. Құрал автоматты түрде НАСН буферлерінің рН температурасын анықтап қадағалайды. Оның құрамына қосымша компьютерге немесе принтерге қосылатын RS232 интерфейсі кіреді. 25 нүктелі есте сақтау құралы орнатылған интерфейс қосымша мәліметтерді жазып сақтауға мүмкіндік береді.

 

Техникалық сипаттамасы 2100 AN 2100 N
Жұмыс істеу принциптері

Тікелей фелометриялық, емес (900С) және салыстырмалы (ratіo)

  NTU, EBC, ABS. % T түстілігі NTU, EBC

Диапазон

фелометриялық емес (ratіo on)

фелометриялық емес (ratіo off)

NTU режимі  (ratіo on)

Автоматты немесе автоматты емес

О – 9,99; 0-99,9

0-67000

0-268

01-0,999; 0-9,99

0-99,9; 0-10000

Тұндылығы (0-500 NTU)

Ғ2 %  алынған мәліметтерден + 0,01NTU

               (500-1000 NTU)

алынған мәліметтерден Ғ2 % +0,01 NTU

               (1000-4000 NTU)

алынған мәліметтерден Ғ5 %

               (4000-10000 NTU)

Ғ10%

Түстілігі (0-30Cu)           (0-500Cu) Ғ2 Cu  Ғ 5 Cu - -
Жұту (фотомет. түзу) Ғ0,005 ABS (0-1  ABS, 455 нм) - -
өткізу (фотомет.түзу) Ғ1,2% т (10-100%Т, 455 нм) -
Калибр қисығы

Бастапқы + (NTU) формазинді стандарттар бойынша

Жарық көзі Сынап шамы  
Үлгінің қажетті көлемі 30 мл  
Кюветалар

Биіктігі 95 мм Ш 25 мм кюветалар резина пробкасы бар боросиликатты шыны

Жұмсалатын күш энергия

115/230ВҒ17%, 50/60Гц, 60 Вт

Корпус

Поликабонатты пластиктен жасалған жоғарғы берікті

 

2.2 Целлюлозды қағаз бен картон шығарушы өндірісінің сарқынды суларына сипаттама.

Су қоймаларының жағдайының жақсарту бағытарының біріне соларға төгілетін ластағыштардың көлемін азайту немесе мүлдем жою сияқты шаралары жатады. Ол үшін өнеркәсіптегі шикізатты өңдеу үшін қолданылатын су мөлшерін төмендету, яғни екінші реттік су айналымын құру қажет.

Біздің еліміздегі сарқынды суларды тазартуда өндіріс орны ішінде орналасқан қондырғыларды енгізу сыртқы аймақтарда орналасқан ағындарды, қоймаларды тазартуға қарағанда экономикалық жағынан әлде қайда тиімді / /.

Жұмыстың негізгі объектісі ретінде алынған целлюлозды қағаз өндіруші өнеркәсіп орны ауа және су бассейіндерін ластайтын ірі көздерінің бірі. Ал оның дамуы нәтижесінде қоршаған ортаға тигізетін әсерінің көлемі де ұлғаюда.

Жалпы алғанда целлюлозды қағаз қағаз өндірісінде 1 тонна қағаз шығару үшін 100-1500 м3 шамасында су жұмсалады / /. Өндіру барысында қолданылатын сулар бірнеше рет айналымда болса да, оның кейбір мөлшері ірі өндіріс орындарында сарқынды сулар ретінде су қоймаларына төгіледі. Сондықтан қазіргі кезде өндіріске қажетті су мөлшерінің өсуі нәтижесінде, оның тиімді пайдалану мәселесі туындап отыр / /.

Целлюлоза мен қағаз өндірісінің сарқынды сулары өзінің құрамында минералды және органикалық заттардың жоғарғы мөлшерімен сипатталады. Мысалы, 1 тонна талшықты өнім алу үшін ерітіндіге 37-1708 кг дейін органикалық заттар өтеді, ал олар өз алдына тарту жүйесі болмаған жағдайда су қоймаларына өтуі мүмкін / /.

Ағартылмаған сульфатты целлюлозаны және кейбір төменгі сортты қағаз бен шыны ыдыстарға арналған картон шығаруда өндіріс суына жоғары талаптар қойылмайды. Бірақ ағартылмаған целлюлоза мен жоғары сортты қағаз шығару, әсіресе химиялық өңдеуге арналған целлюлозаны өндіруде судың сапалық көрсеткіштерінің маңызы зор.

ТАРРІ нормалары бойынша ағартылмаған целлюлоза өндірісінде тазартылмаған судың қайта қолданылуы келесі сапалық көрсеткіштер арқылы жүзеге асуы мүмкін: Егер

     ОХҚ, мг О2/л.............<12

     ОБҚ, мг О2/л............ < 5

     Платинді-кобальті (шкала) бойынша

     Түстілігі, град.........................<80.

     Қағаз, картон және құрылысқа арналған ағаш плиталарын шығару және т.б. ұқсас өндіріс орындарынан шығатын сарқынды сулары негізінен көп мөлш


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: