ЧИТАЙ 7ОЙ 3блок 28 вопрос

Блок

1. Қорғаушыны шақыру, тағайындау және ауыстыру негіздеріне құқықтық талдау жасаңыз.

Қорғаушы – заңда белгiленген тәртiппен сезiктiлердi айыпталушы мен олардың құқықтары мен мүдделерiн жүзеге асыратын және оларға заң көмегiн көрсететiн адам.

Заң қорғаушы ретiнде жiберiлуi мүмкiн тұлғаларды нақты анықтайды. Оған жататындар: а) адвокаттар, яғни адвокаттар алқасында мүшелiкке тұрған тұлғалар; б) жұбайы (зайыбы); в) жақын туыстары мен заңды өкiлдерi;

г) өз бiрлестiктерi мүшелерiнiң iстерi бойынша кәсiподақтың және басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi, олар өз өкiлiн бөлiп, қорғаушы ретiндегi оның өкiлеттiгiн айғақтайтын тиiстi құжаттармен (шешiм немесе хаттама, сенiм хат) қамсыздандырады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында (ҚІЖК 70-бап 2-тармақ) қорғаушы ретiнде iске, егер бұл Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен халықаралық шартында өзара негiзде көзделсе, заңнамада белгiленген тәртiппен iске қорғаушы ретiнде шетел адвокаттарының қатысуына жол берiледi.

Қорғаушылар (адвокаттар) iске қатысуға тұлға айып тағылған немесе ұсталған, айыпталушы деп танылған не айыпталғанға дейiн бұлтартпау шарасы қолданылған сәттен бастап жiберiледi.

Бiр адам, екi сезiктiнiң, айыпталушының бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, екеуiне бiрдей қорғаушы бола алмайды.

Қылмыстық iс бойынша кәсiби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.

Қорғаушы ретінде адвокатты қорғалуға құқығы бар куә, күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ қорғалуға құқығы бар куәның, күдiктiнің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның тапсыруы бойынша немесе келiсуiмен басқа да тұлғалар шақырады. Күдiктi, қорғалуға құқығы бар куә, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам қорғалу үшiн бiрнеше адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға құқылы. Ұстап алу немесе күзетпен қамауға алу жағдайында, егер күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам таңдаған қорғаушы жиырма төрт сағаттың iшiнде келе алмайтын болса, қылмыстық процесті жүргізетін орган күдiктiге, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушыны шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда, адвокаттардың кәсiби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушыны тағайындау шараларын қолданады. Таңдалған немесе тағайындалған қорғаушы ұзақ мерзiм (кемiнде бес тәулiк) бойы қатыса алмайтын жағдайларда, қылмыстық процестi жүргізетін орган қорғалуға құқығы бар куәға, күдiктiге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушыны шақыруды ұсынуға немесе адвокаттардың кәсiби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушыны тағайындау шараларын қолдануға құқылы.

Анықтау, тергеу органдары мен соттар осы мәселенi анықтап, егер сезiктi, айыпкер, сотталушы, сотталған таңдап алған қорғаушы қорғалушының мүдделерiн бiлдiруге қабiлеттi болмаса, онда iске кәсiпқой адвокатты тарту туралы мәселенi талқылауға тиiс. Мұндай жағдайда сезiктiнiң, айыпкердiң, сотталушының жұбайы, жақын туыстары, немесе туыстары, немесе заңды өкiлдерi, кәсiподақтардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi iске адвокатпен бiрге қатыса алады. Бұл қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған адамға қатысты толық, жан-жақты және объективтi тергеуге, iстi қарау мен шешуге жәрдемдеседi

 

  2. Адвокатура әрекеттерінің негізгі бағыттарын анықтап, оларға құқықтық сипаттама беріңіз. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық және басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды. Адвокатураның міндеттері: азаматтар мен ұйымдарға заң қызметін көрсету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және зңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, заңдылықты сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасының адвокатура қызметiнiң негiзгi бағыттары әр түрлi заң көмегiн көрсетуге жәрдемдесу болып табылады. Олар: — шешiлiмi кәсiби заң бiлiмiн талап ететiн мәселелер бойынша консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер, жазбаша қорытындылар беру; — талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасау; — адвокаттардың анықтау және алдын ала тергеу iстерi кезiнде, сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталға адамдардың қорғаушылары, жәбiрленушiлердiң, азаматтық талап қоюшылардың, азаматтық жауапкерлердiң өкiлi ретiнде қылмыстық iстер бойынша сотқа қатысуы; — соттар мен мемлекеттiк органдарда азаматтық және әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерi бойынша өкiлдiк ету; --азаматтар мен ұйымдарға заңда тыйым салынбаған басқа да заң көмегiн көрсету. Заңды қолдану мәселесі бойынша кеңесберу адвокаттар қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Оның мәні-қолданыстағы азаматтық іс жүргізу, отбасылық, еңбек, қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық және басқа заңдардын нормаларын дұрыс түсіндіру мен дәл қолдану бойынша беру.  Кеңес беру: · Даудың материалдық-құқықтық астарын; · Азаматта талап қою құқығының бар жоғын; · Іс бойынша түпкілікті кеңесті, яғни қорғау үшін заңды негіздің бар жоғын және қандай нысанда екендігін, бұл үшін не істеу керек екендігін қамтуға тиіс. Құқықтық кеңес: · Заңды: құқық нормасына дұрыс сілтеме жасауға және оны дәл қолдануға, құқықтық іске асыру жолдарын көрсетуге жәнет.б.; · Мазмұндау нысаны бойынша жеңіл, яғни түсінікті; · Нақты: жалпы құқық және оны қорғау жолдары туралы пайымдау емес, мәселені шешудің ықтимал жолдарын көрсетуге; · Нәтижелі: кеңес беру аяқталғаннан кейін азамат істің алдағы қозғалысының болашағын анық көрсетуге тиіс. Адавокаттың қылмыстық сот ісіне қатысуы – адвокаттық қызметтің негізгі бағыттарының бірі. Мұнда адвокат қызметі негізінен айыпталушыларды қорғау міндетін жүзеге асырумен байланысты. Сонымен қатар адвокат жәбірленушінің азаматтық талап қоюшының, азаматтық жауапкердің мүддесін білдіруші ретінде де қатысаалады. Адвокат азаматтық істер бойынша талқылауға талап қоюшының, жауапкердің, үшінші тараптың өкілі ретінде қатыса алады. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері 1. Заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар: 1) ауызша және жазбаша нысанда да құқықтық мәселелер бойынша консультациялар мен анықтамалар береді; 2) арыздар, шағымдар, өтініштер мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасайды; 3) сенім білдірушінің өкілі ретінде азаматтық сот ісін жүргізуге қатысады; 4) қорғаушының немесе сенім білдірушінің өкілі ретінде қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысады; 5) медиация жүргізу кезінде, төрелікте және дауларды шешетін өзге де органдарда істерді талқылауға сенім білдірушінің өкілі ретінде қатысады; 6) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда сенім білдірушінің мүддесін білдіреді; 7) егер шет мемлекеттердің заңнамасында, халықаралық сот органдарының және өзге де халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарында, соттарында және құқық қорғау органдарында, халықаралық сот органдарында, шет мемлекеттердің мемлекеттік емес органдарында сенім білдірушінің мүддесін білдіреді; 8) сенім білдірушінің өкілі ретінде атқарушылық ісін жүргізуге, сондай-ақ қылмыстық жазаны орындау кезінде қатысады; 9) татуластыру рәсімдерін жүргізеді.
  3. Адвокаттық қызметтің қайнар көздерін анықтап, оларға құқықтық сипаттама беріңіз. Қазақстан Республикасындағы Ата Заңымыз адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басты мақсатқа қояды және оларға кепілдік береді. Қазақстан республикасының Конституциясында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына арналған 32 бап бар. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабының 3 тармағында «әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайда заң көмегі тегін көрсетіледі» делінген. Осыған орай 1997 жылы 5 желтоқсанда «ҚР Адвокаттық қызмет туралы» заңы қабылданды. Бұл заңның негізгі мақсаты- адамның өз құқықтарын бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң кӛмегін алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР Конституциясымен баянды етілген құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Негізінде, адвокаттық қызметті реттейтін заңдардың тізімін келтіретін болсақ, ол былай шығар еді. 1. ҚР Конституциясы 1995.30.08. 7.10.1998 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген. 2. ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» заңы 5.12.1995 жылы. 3. Қазақстан Республикасының Президентінің 1994 жылғы12 ақпандағы "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы" қаулысы 4 Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасының құқықтық 4. саясат тұжырымдамасы" 2004 жыл қаңтар. 5. Қазақстан Республикасындағы Азаматтық Iс Жүргізу Кодексі 1999 жылы 13 шiлде.. 6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Iс Жүргізу Кодексі 13.12.1997ж. 7. Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 30 қаңтар 2001 жыл. 8. 8«Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру тәртiбi туралы Ереже»ҚР Әдiлет Министрiнiң 1998 жыл 21 қаңтар № 19 бұйрығымен бекiтiлген.
  4. Адвокаттар алқасы: түсінігі және құрылу тәртібі, оның адвокаттық қызметтегі ролін көрсетіңіз.   Адвокаттар алқасы — арнаулы заңда белгіленген міндеттерді орындау үшін адвокаттық қызметпен айналысуға құқы бар адамдар құратын, коммерциялық емес, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым. Облыстық, респ. маңызы бар қаланың, астананың территориясында адвокаттардың бір ғана алқасы құрылып, жұмыс істеуі мүмкін. Аталған территорияда адвокаттар алқасы болмаған жағдайда, ол ҚР “Адвокаттық қызмет туралы” заңының (7-бап) талаптарына сәйкес келетін кемінде он құрылтайшының бастамашылығымен құрылады. Оған мемл. органдардың арнайы рұқсаты талап етілмейді. Адвокаттар алқасының негізгі міндеттері: адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алқа мүшелеріне жәрдемдесу, кәсіби көмек көрсету және оларды қорғау; олардың қызметін материалдық-техн. және анықтамалық-ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету; адвокаттық қызметті жүзеге асыруға кәсіби бақылауды ұйымдастыру; алдын-ала тергеу және сот органдарының белгілеуі бойынша тегін заңды көмек көрсету, қорғау ісін ұйымдастыру. Адвокаттар алқасының жарғысы, жоғары органы (алқа мүшелерінің жалпы жиналысы немесе конференциясы), атқарушы органы (төралқа), бақылаушы органы (тексеру комиссиясы) болады. 1. Адвокаттар алқасын адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар құрады. 2. Адвокаттар алқасы жеке және заңды тұлғаларға бiлiктi заң көмегiн көрсету үшiн, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, осы Заңда белгiленген өзге де мiндеттердi орындау үшiн құрылатын адвокаттардың коммерциялық емес, кәсiби, өзiн-өзi басқаратын және өзiн-өзi қаржыландыратын ұйымы болып табылады. 3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттардың бiр ғана алқасы құрылып, жұмыс iстеуге тиіс, ол басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы емес Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттар алқасы болмаған жағдайда, ол осы Заңның 7-бабының талаптарына сәйкес келетiн кемiнде он құрылтайшының бастамашылығымен құрылады. Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттiк органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi. Адвокаттар алқасының атауы аумағында өзi құрылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң атауын қамтуға тиiс. 4. Адвокаттар алқасының негiзгi мiндеттерi: 1) адвокаттық қызметтi жүзеге асыру кезiнде алқа мүшелерiне жәрдемдесу, кәсiби көмек көрсету және оларды қорғау; 2) алқа мүшелерiнiң қызметiн материалдық-техникалық және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету; 3) адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға кәсiптiк бақылауды ұйымдастыру; 4) алдын ала тергеу және сот органдарының белгiлеуi бойынша тегiн заң көмегiн көрсету (осы Заңның 6-бабы) мен қорғауды ұйымдастыру болып табылады. 5. Адвокаттар алқасы заң консультацияларын құрады. 6. Адвокаттар алқалары Республикалық адвокаттар алқасына бірігеді.
  5. Адвокаттар алқасына мүше болудың тәртібі және шет елдердің бірімен салыстырмалы талдау жасаңыз. Адвокаттар алқасы коммерциялық емес, өйткені ол мүшелікке негізделген, негізгі мақсаты ретінде кіріс алмайтын жəне өз мүшелері (құрылтайшылары) арасында алынған таза табысты бөліспейтін жəне адвокаттар қорғауақысының аударымдары есебінен ұсталатын ұйым. Адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдау тəртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" заңымен анықталады, осы заңға сəйкес адвокаттар алқасына мүшелік міндетті болып табылады. Лицензия алған жəне адвокатгық қызметпен айналыс-қысы келген адам өз таңдауы бойынша адвокаттар алқасына мүшелікке кіруге жəне "Адвокаттық қызмет туралы" заңның шеңберінде кəсіптік негізде заң көмегін керсетуге міндетті. Алқа мүшелігіне қабылдауды адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады. Өгініш адвокатіар алқасының төралқасына оны берген адамның қатысуымен өтініш түскен сəтген бастап бір айдан кешіктірілмей қаралады Адвокаттық қызметпен шұғылдану құқығының лицензиясы бар жəне адвокаттар алқасының Жарғысы мойындалған жағдайда алқаға қабылдаудан бас тартылуга жол берілмейді. Адвокаттар алқасы санының шектеулілігі туралы желеумен де қабылдаудан бас тартылмайды. Адам алқадан шығарылған, алайда адвокаттық қызметпен шұғылдану құқығының лицензиясын сақтаған жағдайда (мысалы, кəсілкерлік қызметпен айналысқандығына, сондай-ақ өзге ақылы қызметте отырғандығына байланысты, алқа Жарғысында көзделген басқа да жағдайларда жəне т.б.) ол адвокаттар алқасына шығарылған сəттен бастап алты ай өткен соң қайтадан қабылдануы мүмкін (өз еркі бойынша шыққан жағдайды коспағанда). Оған осы мерзімде адвокаттың қызметпен айналысуға рұқсат етілмейді. Жоғарыда көрсетілген талаптардың бүзылуына байланысты қабылдаудан бас тартуға мүдделі адам адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдаудан бас тарту туралы шешімнің көшірмесін алған күннен бастап сотқа бір ай мерзімде шағымдана алады. Қажетті білімдер мен кəсіби дағдылары бар адамды алқа мүшелігіне қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында дербес, тəуелсіз мекеме болып табылатын Əділет аттестациялық комиссиясы құрылған жəне жұмыс істейді. Аттестациялық комиссия адвокаттық қызметпен шұғылданғысы келген адамның өтініші бойынша аттестация өткізеді жəне шешім шығарады, осы ұсыныс негізінде Əділет министрлігі тиісті лицензия береді. Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқығы қылмыстық істер, азаматтық, əкімшгілік, қылмыстық жəне өзге істер бойынша, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдарға заңнамада тиым салынбаған заң көмегінің басқа түрлерін көрсетуде жеткілікті. Адвокаттар алқасы мүшесiнiң құқықтары 1. Адвокаттар алқасы мүшесiнiң: 1) алқаның, оның органдары мен лауазымды адамдарының жәрдемiн, кәсiби көмегiн және қорғауын пайдалануға; 2) адвокаттар алқасының органдарына сайлауға және сайлануға; 3) адвокаттар алқасы органдары алдына алқа қызметiне қатысты мәселелер қоюға, алқа мен оның органдарының жұмысын жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге, шешiмдердi талқылау мен қабылдауға қатысуға, адвокаттар алқасы органдарынан олардың қызметi туралы құжаттар мен материалдар берудi талап етуге; 4) алқа органдары оның қызметiн немесе мiнез-құлқын тексерген және талқылаған барлық жағдайларда өзi қатысуға; 5) алқаның жарғысында белгiленген тәртiп пен шарттарда адвокаттар алқасының мүлкiн пайдалануға; 6) өз бастамасымен алқа құрамынан шығуға құқығы бар. 2. Адвокаттар алқасының мүшелерi өзiнiң құқықтары мен мiндеттерi жөнiнен тең болады. 29-бап. Адвокаттар алқасы мүшесiнiң мiндеттерi 1. Адвокаттың осы Заңның 15-бабында көзделген жалпы мiндеттерінен басқа, адвокаттар алқасының мүшесi: 1) адвокаттар алқасы жарғысының талаптарын сақтауға; 2) адвокаттар алқасы мен оның органдарының жалпы жиналысының шешiмдерiн орындауға; 3) бастапқы нысаналы және ай сайынғы мүшелік жарналарды төлеуге; 4) адвокаттар алқасының төралқасына өз жұмысы туралы статистикалық есепті ұсынуға; 5) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) өзгерген жағдайда, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттармен лицензиарға беруге; 6) өзінің заңды мекенжайының өзгергені туралы адвокаттар алқасының төралқасына хабарлауға; 7) ол көрсеткен заң көмегiнiң сапасына жеке және заңды тұлғалардың шағымдары бойынша тексеру үшiн қажетті материалдарды адвокаттар алқасының төралқасына ұсынуға міндетті. 2. Адвокаттар алқасының мүшесі бастапқы нысаналы және ай сайынғы мүшелiк жарналарды төлеу мiндеттемесiнен басқа, адвокаттар алқасының алдында өзгедей біржақты мүлiктiк мiндеттемелер алмауға тиіс.

6. Адвокаттар алқасының президиумының құрылу тәртібі және оның өкілеттігін анықтаңыз.

Адвокаттар алқасының жоғары органы алқа мүшелерінің Жалпы жиналысы (конференциясы), оның атқарушы органы - төралқа, бақылаушы органы - тексеру комиссиясы болып табылады.

Төралқа тұрақты жұмыс істейтін атқарушы орган бола отыра, алқаны басқару үшін өзіне қажетті ауқымды өкілетгіктерді алған. Атап айтқанда, ол алқа қызметінің барлық күнделікті мəселелерін шешеді (жеке жəне заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету бойынша адвокаттар алқасының жұмысын, соның ішіңде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегін ұйымдастырады; Жалпы жиналыстың (конференцияның) шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады; Жалпы жиналысты (конференцияны) шақырады; адвокаттар алқасы Жалпы жиналысының (конференцияның) ерекше құзыретіне жатқызылған өкілеттіктерден басқа адвокаттардың кəсіби жəне өзге де құқықтарын қорғайды жəне т.б.).

Алқа мүшелігіне қабылдау жəне одан шығаруды сайланбалы алқа органы - адвокаттар алқасының төралқасы жүргізеді

Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы төралқасының бастамасы бойынша жылына кемінде бір рет шақырылады. Тексеру комиссиясының немесе алқа мүшелері жалпы санының кемінде төртен бірінің талабы бойынша алқа төралқасы отыз күннің бойында Жалпы жиналысты (конференцияны) шақыруға міндетті.

Жалпы жиналыс (конференция) алқа мушелері құрамының кемінде үштен екісі қатысқанда заңды болып саналады. Адвокаттар алқасы мүшелершің конференциясы адвокаттар алқасының төралқасы белгілеген өкілдік нормасын (əдетте, алқаның 10 мүшесінен бір делегат) ескере отырып шақырылады жəне оған заң консультацияларынан, адвокат кеңселерінен сайланған делегаттар мен өз қызметін заңды тұлғаны құрмай жеке дара жүргізетін адвокаттардың кемінде үштен екісі қатысқанда занды болып саналады. Жалпы жиналыс барлық мəселелерді дауыс беруге қатысқан адвокаттардың жəй көпшілік дауысымен шешеді.

Адвокаттар алқасының қызметіне күнделікті басшылық пен бақылау жасау үшін Жалпы жиналыс адвокаттар алқасының төралқасы мен тексеру комиссиясын сайлайды. Осы органдарды сайлағаннан кейін олардың жұмысына бақылау жасау құқығы Жалпы жиналысқа жүктеледі. Осы мақсатта Жалпы жиналыс адвокаттар алқасы органдарының жəне адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерінің қызметі туралы есепті тыңдайды жəне бекітеді.

    Адвокаттар алқасының төралқасы адвокаттар Жалпы жиналысы арасындағы

мерзімде іс əрекет ететін атқарушы орган болып табылады. Төралқаны алқа мүшелерінің саны мен жұмыс көлеміне байланысты Жалпы жиналыста анықталған санда адвокаттар алқасының мүшелері Жалпы жиналыста (конференцияда) жасырын дауыспен төрт жыл мерзімге сайлайды. Дауыс беруге қатысқан адвокаттардың көпшілік дауысын алған кандидаттар төралқа құрамына сайланған болып есептеледі. Төралқа құрамынан оның мү-шелерінің бірі шыққан жағдайда адвокаттар Жалпы жиналысында қайта сайлау өткізілуі мүмкін.

Адвокаттар алқасының төралқасы сайланғаннан кейін жасырын дауыспен белгіленген құрамнан төраға мен оның орынбасары (орынбасарлары) сайланады. Штаттық лауазымды атқаратын төралқа мүшелері алқа қаражатынан жалақы алады жəне адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар, олардың жалақысы адвокаттар алқасының мүшелері Жалпы жиналысында анықталған көлемдегі лауазымдық еңбекақыдан жəне олар көрсеткен заң көмегінен түскен сомалардан тұрады.

Адвокаттар алқасының төралқасы сонымен қатар адвокаттарды аттестациялау мен олардың кəсіби біліктілігін көтеру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.Төралқа адвокаттар алқасының мақсаттары мен міндеттеріне қайшы емес өзге де іс-əректтерді жүзеге асырады.

 

  7. Адвокаттың қылмыстық істер бойынша процессуалдық құқықтары мен міндеттері және олардың қылмыстық процестің жарыспалылық қағидасына негізделуіндегі ролін анықтаңыз.    Қылмыстық iс бойынша қорғаушы - әрекет қабiлетi бар, кәмелет жасқа толған, қорғаушы мiндетiн атқара алатын және қорғаушы болуға келiсiм берген тұлға. Қорғаушылардың категорияларына қарамастан, барлықтарының құқықтары бiрдей. Айырмашылығы iске қорғаушының мiндеттi қатысуы – бұл тек қана адвокаттың мiндетi. Басқа қорғаушылар айыпталушының, басқа тұлғалардың шақыртуымен iске қатысады, бiрақ iске шақыртқанда мiндеттi түрде айыпталушының қорғаушыны шақырту тапсырмасы мен келiсiмi қажет.[1] Барлық қорғаушылардың iшiнде тек қана адвокат өзiне қабылданған сезiктiнi немесе айыпталушыны қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ. Басқа қорғаушылар бас тарта алады және бас арту себептерiн, негiздерiне түсiнiк бермеуге құқылы. Қылмыстық iс бойынша адвокаттың қорғаушы болып қатысуы – кәсiби заңды қызметi және бұл мiндетiн орындаудан бас тартуына құқығы жоқ. Адвокат қылмыстық iс бойынша қорғаушы болып төмендегi жағдайларда мiндеттi түрде қатысады: - қорғаушының қатысуы туралы сезiктi немесе айыпталушы өтiнiш жасаса; - сезiктi немесе айыпталушы кәмелетке толмаса; - сезiктi немесе айыпталушы дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса; - сезiктi немесе айыпталушы сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе; - адам жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге ба с бостандығынан айырылу, не өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын қылмысты жасағаны үшiн айыпталса; - айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылса немесе мәжбүр етiлiп стационарлық сот-психиятриялық сараптамаға жiберiлсе. Қорғаушыны, яғни адвокатты сезiктi немесе айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ сезiктiнiң, айыпталушының келiсiмiмен, тапсырмасы бойынша басқа да адамдар шақырады. Сезiктi немесе айыпталушы, сотталушы қорғану үшiн бiрнеше адвокаттарды шақыруға құқылы. Сезiктiнi, айыпталушының, сотталушының сұрауы бойынша адвокаттың қатысуын қылмыстық процестi жүргiзушi орган қамтамасыз етедi. Айыпталушы мен сезiктiнiң таңдап алған немесе тағайындалған адвокат бес күн мерзiм iшiнде келмесе iс жүргiзiп отырған орган сезiктi мен айыпталушыға, сотталушыға басқа адвокатты шақыруды ұсынуға немесе адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолданады. Заңда бiр сезiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны бiрнеше адвокаттың қорғауына тыйым салынбаған. Сонымен қатар бiр қорғаушы екi сезiктiнiң, айыпталушының, сотталушының қорғаушысы бола алмайды, себебi бiр сезiктi мен екiншi сезiктiнiң мүдделерi қайшы келуi мүмкiн.[2]   - бiр адам, егер сезiктiнiң айыпталушының бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, олардың екеуiне бiрдей қорғауш болуға тыйым салынады. - кәмелет жасқа толмаған айыпталушы мен қылмыстық iске тартқан кәмелет жасқа жеткен қылмысқа қатысушыны қорғауға тыйым салынған. Қылмыстық процестің іргелі қағидатының бірі –тараптардың жарыспалылығы екені белгілі. Осыған орай келесі бағыт-қылмыстық процестегі тараптардың бәсекелестігін арттыру, адвокаттардың рөлін барынша көтеруге қатысты болмақ. Ол, бір жағынан айыптау және қорғау тараптардың тең құқықтары мен тең мүмкіншіліктеріне негізделсе, екінші жағынан, олардың өз тұжырымдарын дәлелдеу міндеттерін де айғақтайды. Ақиқат таластан, тартыстан туады - демекші, шындықтың анықталып, істің әділ таразылануына прокурор мен адвокат жарыспалылығының көмегі көп. Адвокат тергеуде кеткен кемшіліктерді тауып, өзіне сенім білдірген жанға заңдық көмек көрсетіп, істің күмәнді тұстарының қалмауына, әділ төреліктің жасалуына ықпалын тигізуі тиіс. Дәлелдемелердi зерттеп бiткеннен кейiн сот, сот жарыссөзiне көшедi. Сот жарыссөздерi iске қатысушы адамдар мен өкiлдердiң сөздерiнен тұрады. Сот жарыссөзi - өкiлдiң iс бойынша барлық әрекеттерiнiң логикалық қорытындысы. Адвокат сотта зерттелген дәлелдемелердi бiрiктiруi қажет, өзiнiң құқықтық позициясын дәлелдеу үшiн. Адвокаттың соттық сөзiнiң мақсаты: - iс бойынша өзiнiң құқықтық позициясын дәлелдеу; - сотты өзiнiң дұрыстығына иландыру керек. Сот жарыссөзiнiң басты мақсаты – құқықытық позициясын дәлелдеу, сотта жиналған және зерттелген дәлелдемелерге сүйенiп қарама-қарсы тараптың позициясын жоққа шығару. Жарыссөзге қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң ол сөздерiнде айтылғандарға байланысты екiншi рет сөз сөйлей алады. Соңғы реплика құқығын үнемi жауапкер мен оның өкiлi иеленедi.

8. Адвокаттардың кәсіптік этикасының түсінігі, оның құрамдас белгілерін шет елдердегі осы мәселемен салыстырмалы түрде қарастырыңыз.

2014 жылғы 26 қыркүйектегі Адвокаттар алқасы делегаттарының екінші республикалық конференциясында бекітілген АДВОКАТТАРДЫҢ КӘСІПТІК ӘДЕБІ КОДЕКСІ бар. Осы Кодекс адвокатураны және адвокаттық қызметті ұйымдастыру мәселелерін, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және өкілдік ету жөніндегі адвокаттың өкілеттіктерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын толықтыра отырып, тәуелсіздік және заңдылық, ізгілік пен ұқыптылық, біліктілік пен адалдық, құпиялылық, сенімділік және әділдік принциптеріне негізделген әрі адвокат үшін міндетті мінез-құлық әдеп стандарттарын белгілейді.

Адвокат кәсібінің беделі, ар-намысы мен қадір-қасиетінің сақталуына, адвокатураның абыройына қамқорлық ету әрбір адвокаттың адамгершілік

борышы болып табылады. Адвокаттың мінез-құлқы заң көмегін көрсету кезінде де, тұрмыста және жеке өмірінде заңның талаптары мен адамгершілік принциптеріне сай келуге тиіс.

Адвокат атағына нұқсан келтіретін мінез-құлық адвокатура институтына

деген қоғамның сенімін кетіреді және адвокаттық мәртебемен сыйыспайды.

Білікті заң көмегін көрсету бойынша өзінің кәсіби міндетін лайықты

атқару мақсатында адвокат өз білімі мен кәсіби шеберлігін толық көлемде

пайдалануға міндетті. Адвокат сыпайы, әдепті, кішіпейіл, әділ, адал және турашыл болуға тиіс. Кәсіби міндеттерін орындау кезінде адвокат қарым-қатынаста іскерлік әдепті және іскерлік киім стилін ұстануы тиіс.

Өзінің кәсіби қызметінде адвокат тәуелсіз және тек заңға бағынады. Адвокаттың тәуелсіздігі сот төрелегіне деген қоғамдық сенімді қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, адвокат кәсібін құрметтеуге ықпал етеді. Адвокат өзінің кәсіби міндеттерін орындау құралдарына, тәсілдеріне, тактикасына, мазмұнына, нысандарына, әдістеріне, реттілігіне және уақытына қатысты шешімдерді заң талаптарын басшылыққа алып, тек өз білімі мен практикалық дағдыларына сүйеніп, бөгде адамның ықпал етуіне, адвокаттар алқасы органдарын қоса алғанда, үшінші тұлғалардың немесе ұйымдардың тарапынан қысымның жасалуына жол бермей, кәсіби қызмет принциптеріне қарсы келмей дербес қабылдайды.

Адвокат өзінің кәсіби міндеттерін орындай отырып, барлық күші мен

қабілетін салып әрекет етуге, әрбір қабылдаған тапсырманы, оның күрделілігі мен ақы төлеу мөлшеріне қарамастан, орындауға жеткілікті уақыт пен көңіл бөлуге; сенім білдірушінің құқықтары мен заңды мүделлерін білдіру және қорғау үшін өзіне қолжетімді және заңға қайшы келмейтін тиімді құралдар мен әдістерді пайдалануға; өте қысқа мерзімде және оның заңды мүдделерін барынша ескере отырып, оған білікті заң көмегін көрсету үшін барлық күшін салуға тиіс.

Адвокаттық құпияны сақтау мерзімі уақытпен шектелмейді. Адвокат заң

көмегін көрсету барысында да, оны аяқтағаннан кейін де адвокаттық құпияны сақтауға міндетті. Адвокаттық құпияны сақтау міндетінен адвокатты сенім білдірушіден басқа ешкім де босата алмайды. Сенім білдірушінің адвокаттық құпияның сақталуын тоқтатуға келісім беруі адвокаттың және үшінші тұлғалардың тарапынан сенім білдірушіге ықпал етуді болдырмайтын жағдайларда адвокаттың қатысуымен жазбаша нысанда көрсетілуі тиіс. Адвокаттың кәсiби мiндеттерiн орындауға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы куәгерлік жауап беруге құқығы жоқ. Адвокаттың сенім білдірушінің келісімінсіз өзіне хабарлаған мәліметтерді пайдалануына және өзіне сеніп тапсырылған ақпаратты сенім білдірушінің оған қарсы қозғаған азаматтық талап бойынша өз ұстанымын негіздеу үшін немесе сенім білдірушінің арызының негізінде қозғалған тәртіптік іс жүргізу, әкімшілік 4 немесе қылмыстық іс бойынша өзін қорғау ү

 

Адвокаттың сенім білдірушіден алынған ақпаратты жеке мақсатта пайдалануына құқығы жоқ.

Адвокаттың өзіне жарнама жасауы адвокат кәсібінің әдеп

қағидаларына сәйкес келмейді.

Адвокат, заң консультациясы, адвокаттық кеңсе, адвокаттар алқасы

туралы ақпарат, егер онда:

1) адвокатты бағалау сипаттамалары;

2) басқа адвокаттармен салыстыру және басқа адвокаттарды сынау;

3) әлеуетті сенім білдірушілерді жаңылыстыруы немесе оларда негізсіз

үміт тудыруы мүмкін мәлімдемелер, жорамалдар, екіұшты ойлар қамтылмаса

рұқсат етіледі.

Адвокаттың қызметі немесе адвокаттар қауымдастығы туралы ақпарат

объективті, шынайы, айқын және түсінікті болуға, көрсетілетін заң көмегінің

және адвокаттың кәсібилігінің сапасына қатысты әлеуетті сенім білдірушілерді

жаңылыстыру үшін негіз бермеуге және ақылға қонымды эстетикалық

талаптарға жауап беруге тиіс. Адвокат басқа адвокатқа, адвокаттар алқасына, заң консультациясына, адвокаттық кеңсеге қатысты қарсы жарнамамен айналыса алмайды немесе өзінің қызметін жарнамалау кезінде бұл әдісті пайдалана алмайды.

 

9. ҚР адвокаттарының қызмет ету кеңістігін анықтап, құқықтық талдау беріңіз.

Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған.

Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.

Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.

Осы Заңда белгіленген тәртіппен, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында адвокаттар кәсіби негізде көрсететін білікті заң көмегі адвокаттық қызмет болып табылады.

Адвокат қызметін сипаттайтын негізгі белгілер:

кəсіби қызмет адвокаттарды жалпы құндылықтар мен мүдделерге байланысты адамдар қоғамдастығына бірікгіреді;

заң көмегін көрсету мақсатын кіріс табудан жоғары қою;

білікті заңгерлік білім мен практикалык тəжірибе;

жоғары кəсіби əдеп.

 Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

 

10. ҚР Конституциясын адвокатура қызметін реттеудің қайнар көзі ретінде қарастырыңыз.

Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған.

Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Қазақстан Республикасындағы Ата Заңымыз адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басты мақсатқа қояды және оларға кепілдік береді. Қазақстан республикасының Конституциясында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына арналған 32 бап бар.

    Адам мен азаматтың құқығына кепілдік беретін ҚР Конституциясының конституциялықережелерінің арасында маңызды конституциялық принцип ретінде қолданылатын білікті заң көмегін алу құқығы ереше орын алады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабының 3 тармағында «әркімнің білікті заң кӛмегін алуға құқығы бар. Заңда кӛзделген жағдайда заң кӛмегі тегін кӛрсетіледі» делінген.

Қазіргі уақытта Қазақстанда адам мен азаматтың құқығын қорғау жөніндегі міндеттерді атқаратын әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бар екендігін атап өткен жөн. Мысалы, соттар, прокуратура, ішкі істер, әділет органдары жоғарыда аталған құқық қорғау міндеттерін бір бірімен тығыз байланыс жасай отырып атқарады. Алайда осы міндеттерді табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдық-құқықтық институттсыз мүмкін емес. Сөйтіп азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғай жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі. Адвокатураның негізгі ұйымдық құқықтық нысаны-адвокаттар алқасы. Оның міндеті жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету, құқықтармен заңды мүдделерді, заңдылықты сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ заңда көзделген кейбір өзге міндеттерді атқаруға жәрдемдесу. Адвокаттар жеке және заңды тұлғалапға Конституциямен берілген адам мен азаматтың конституциялық құқығына қол жеткізуіне жәрдемдеседі.

 

11. Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі адвокаттық қызметтің ұйымдастырылуы, нысаны, этикасы мәселелері бойынша ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтаңыз.

Адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.

2. Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған не заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам адвокат бола алмайды.

Мынадай:

теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған;

адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған;

осы Заңның 12-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясының қолданысы тоқтатылған адам да осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы адвокат бола алмайды.

 

Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметi:
1) адвокаттардың өз қызметiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсiздiгi;
2) адвокаттық қызметтi заңдарда тыйым салынбаған әдiстерiн және құралдармен жүзеге асыру;
3) заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттiк органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметiне араласуға жол бермеу;
4) кәсiби мiнез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау принциптерiне негiзделедi.

Адвокаттық қызметтi ұйымдастыру нысандары

Адвокат өз қызметiн заң консультациясы арқылы жүзеге асыруға не дербес немесе басқа адвокаттармен бiрлесiп, сондай-ақ заңды тұлғаны тiркемей-ақ жеке дара адвокаттық кеңсе құруға құқылы.

Адвокат тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында құрылған және әрекет ететін адвокаттар алқасының мүшесі болуға тиіс.

Заңды тұлғаны тіркемей-ақ кәсіптік қызметін дара жүзеге асыратын адвокаттың азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауға, адвокаттық іс жүргізуді сақтауды және адвокаттық құпияны сақтауды қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға қажетті қызметтік үй-жайы болуға міндетті.

 

 

ПРО ЭТИКУ ЧИТАЙТЕ ВЫШЕ

12. Адвокаттардың процессуалдық дербестігінің көлемін анықтап, оларды сот-тергеу органдарының өкілеттігімен салыстыра қарастырыңыз. ХЗ ПРАВИЛЬНО ИЛИ НЕТ!!!

Заңгер қатысымының коммуникативтік сипаты: Нақтылық. Заңгер қатысымы процессуалдық ережелердің талаптарына сай болуы тиіс. Мәтіннің процессуалды заңға сәйкестігі құжатты дұрыс атау, тұжырымдар мен заңгерлік терминдерді заңда жазылған мағынасына сәйкес қолданудан байқалады.

Мысалы: ҚIЖК-нiң 74 бабында кӛрсетiлген процессуалдық құқықтарға ие болады. Оның құқықтары:

- сезiктiмен және айыпталушымен олардың саны мен ұзақтығы шектелместен оңаша құпия жолығуға. Бұл құқық алғашқы жауап алуға дей iн жүргiзiледi. Кездесуде адвокат бiрiншiден қорғауындағы адамның iс бойынша позициясын шешiп алады: ӛзiн кiнәлi деп санай ма (егер ӛзiн кiнәлi деп есептесе толық мойындай ма, әлде жартылай мойындай ма), неге сiлтеме жасайтындығын, ненi мойындамайтынын, қандай себептермен және адвокаттан не сұрайтынын.

Сотта ӛкiлеттiк процессуалдық сипатқа ие. Бiр тұлғаның (ӛкiл алушы) екiншi тұлғаның (ӛкiл берушi) атынан процессуалдық құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге бағытталған әрекеттi – сотта ӛкiлдiк ету деп белгiленген. Бұл құқықтық қатынастың негiзi әрi бастауы, азаматтық – құқықтық шартта болады, яғни осы шарт негiзiнде екi тараптың арасында құқықтық қатынас пайда болады.

 

13. Адвокаттың қылмыстық процестегі құқықтық көмектерінің түрлерін анықтап, оларды адвокаттық прозициямен байланыстыра қарастырыңыз.

Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері

1. Заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар:

1) ауызша және жазбаша нысанда да құқықтық мәселелер бойынша консультациялар мен анықтамалар береді;

2) арыздар, шағымдар, өтініштер мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасайды;

3) сенім білдірушінің өкілі ретінде азаматтық сот ісін жүргізуге қатысады;

4) қорғаушының немесе сенім білдірушінің өкілі ретінде қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысады;

5) медиация жүргізу кезінде, төрелікте және дауларды шешетін өзге де органдарда істерді талқылауға сенім білдірушінің өкілі ретінде қатысады;

6) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда сенім білдірушінің мүддесін білдіреді;

7) егер шет мемлекеттердің заңнамасында, халықаралық сот органдарының және өзге де халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарында, соттарында және құқық қорғау органдарында, халықаралық сот органдарында, шет мемлекеттердің мемлекеттік емес органдарында сенім білдірушінің мүддесін білдіреді;

8) сенім білдірушінің өкілі ретінде атқарушылық ісін жүргізуге, сондай-ақ қылмыстық жазаны орындау кезінде қатысады;

9) татуластыру рәсімдерін жүргізеді.

Адвокаттар заңнамада тыйым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді.Көмек сұрап келген адам оған заң көмегін тегін көрсету үшін, сондай-ақ тағайындалған (осы Заңның 6-бабы) жағдайларды қоспағанда, егер қорғалушы өзіне адвокат таңдамаса немесе таңдай алмаса, оның қатысуы міндетті қылмыстық істер бойынша қорғаушы ретінде адвокат таңдауда еркін. Қылмыстық істер бойынша кәсіби қорғауды адвокаттар ғана жүзеге асырады. Адавокаттың қылмыстық сот ісіне қатысуы – адвокаттық қызметтің негізгі бағыттарының бірі. Мұнда адвокат қызметі негізінен айыпталушыларды қорғау міндетін жүзеге асырумен байланысты. Сонымен қатар адвокат жәбірленушінің азаматтық талап қоюшының, азаматтық жауапкердің мүддесін білдіруші ретінде де қатысаалады. Адвокат азаматтық істер бойынша талқылауға талап қоюшының, жауапкердің, үшінші тараптың өкілі ретінде қатыса алады.

14. Адвокаттық қызметті лицензиялаудың тәртібі және лицензияны алып қоюдың негіздерін анықтаңыз.

Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия

1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсат беру болып табылады және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен және шарттармен тағылымдамадан және аттестаттаудан өткеннен кейін лицензиар береді.

2. Лицензиар адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиялардың электрондық тізілімін жүргізеді, тізілім мәліметтерін, сондай-ақ адвокаттық қызметпен айналысатын лицензиаттар тізімдерін интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етеді.

12-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру және оның қолданысын тоқтату

1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату лицензиардың талап-арызы бойынша:

1) адвокат өз кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, адвокатураны ұйымдас


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: