Гомойотермия, пойкилотермия, гетеротермия

Барлык тірі организмдер гомойотермді (жылықандылар) және (суыққандылар) пойкилотермді болып бөлінеді. Бұлай бөлінудің себебі, олардың организмдеріндегі жүріп жатқан зат алмасу процесінін жылдамдығына, өз денелеріндегі температурасын бірқалыпты ұстап тұру қасиеттеріне және қоршаған ортаның температурасынын өзгеруіне тәуелді.

Гомойотермді организмдерге адам және сүтқоректілер жатады. Homeo - деген сөз грек тілінен аударғанда біркелкі деген ұғым береді. Бұндай организмдер өз денелеріндегі түзілген температураны тәулігіне +2°с ауыткумен ұстап тұра алады. Бұл тұрақтылык қоршаған ортаның температурасына тәуелді емес.Бұндай қасиет жануарлардағы энергия алмасуынын жоғары денгейде жүретініне байланысты. Пойкилотермді (суыққандылар) poikilos - -өзгергіш деген грек сөзінен шыққан организмдер өздерінің дене температурасын біркалыпты деңгейде ұстап тұра алмайды, олардын дене температурасы коршаған ортаға тәуелді. Өйткені бұл организмдердін энергия алмасуы жылы қанды жануарларға карағанда төмен.

Сондыктан бұндай жануарлар қоршаған ортаның температурасының ауытқуларынан өздерін сақтауға тырысады, егерде мүмкіидік туса, жылы немесе салқын жай іздеуге ұмтылады. Көбінесе суық маусымда бұндай жануарлар ерекше анабиоз жағдайыңа өтеді. Анабиоз кезінде ферменттердің белсенділігі темендеп, зат алмасу процесінің жылдамдығы минимальді деңгейде өтеді. Температуралық карта және оған әсер етуші факторлар.

Адам денесінін температуралық картасы дегеніміз, организмнің түрлі органдардағы зат алмасу деңгейіне байланысты. Осы себептен дененің сырт бөлімінін температуралары әртүрлі болады. Тері температурасы 24,4 С – 34° С арасында. Терінің ең төменгі температурасы аяқтың саусақтарында анықталса, ең жоғары температура қолтықта аныкталады. Ең төменгі температурасы аяқтын саусақтарында 24,4° С, табан температурасы 29,9° С, тобықта -30,0° С, балтырда -32,2° С, жамбаста-32,50 С, кіндікте-31,10 С, жүрек тұсында-33,40 С, мойында-34,00 С, бетте-33,50 С, маңдайда-33,50 С, қол саусактарында-28,50 С, алаканда-31,00 С, білекте-32,9° С, шынтақта-33,3° С, қолтыкта-36,60 С, қолдын сырткы бөлімінде-32,4° С, жауырында-33,30 С.Осы керсеткіштер ауа райына байланысты сәл ауыткуы мүмкін, өйткені қоршаған орта температурасы төмендесе, тері астындағы қан тамырлар тарылады. Температуралық картаға әсер етуші факторлар:

1) Әрбір адамның генетикалың факторына тәуелді өзіне ғана тән зат алмасуынын жылдамдығы болады, бұл құбылыс ішкі секреция бездерінің қызмет ету деңгейіне байланысты;

2) Адам организмінің даншалықты шыныққаны мен қаншалықты төзімділік деңгейіне тәуелді;

3) Адамның үстіне киген киіміне байланысты.

 

3.Негізгі алмасуды Рид формуласы бойынша анықтау Рид формуласы негізгі алмасу көлемінің қалыпты жағдайдан ауытқу процентін есептеп табуға мүмкіндік береді. Бұл формула артериялық қысымның, пульс жиілігінің және организмнің жылу өндіруінің бір-бірімен байланысына негізделген. Формула бойынша негізгі алмасуды анықтағанда шамалас нәтиже берсе, ал ауруларда (мысалы, тиреотоксикоз) бұл мағлұмат өте дәл болады, сондықтан клиникада қолданылады. 10% ке дейінгі ауытқуда қалпты мөлшер болып саналады. Жұмысқа керек заттар: сфитионанометр, фонендоскоп, секундомер.Зерттеу объектісі – адам. Жұмыс барысы: секундомер көмегімен зерттелушінің пульс жиілігі, Коротков әдісі бойынша пульстық қысымы анықталады. Негізгі алмасудың ауытқу проценті Рид формуласы бойынша анықталады: АП=0,75 * (ПЖ + ПҚ * 0,74) 72, АП – негізгі алмасудың ауытқу проценті, ПЖ – пульс жиілігі, ПҚ – пульстық қысым, систолалық және диастолалық қысымның айырмашылығы. Есептеу үлгісі. Пульс 75 рет/мин, артериялық қысым 120/80 мм с.б.Ауытқу проценті = 0,75*{75+(120-80)*0,74}-72=0,75*{75+40*0,74}-72= 6,45. Сонымен, зерттелушінің негізгі алмасуы 6,45% жоғарылаған, яғни қалыпты жағдайда.Рид формуласының есебін жеңілдету үшін арнайы номограмма бар. Пульс жиілігі мен артериялық қысымның мәндерін сызғышпен қосып, екеуінің түйіскен ортаңғы сызығынан мәнді алу арқылы, негізгі алмасудың қалыптан ауытқуын оңай табуға болады. Жұмыстың нәтижелері. Негізгі алмасудың ауытқуын Рид формуласы бойынша есептеңіздер. Номограмма арқылы анықтаңыздар.

   

 

 

        11 – билет

2.Нейрон - тәжірибеленген жүйке клеткасы.Нейронның ақпаратты қабылдап, өңдеп, кодтап, және керек кезінде ақпаратты жеткізіп немесе сақтап отыру қабілеті бар. Бұдан басқа нейрондардың тітіркендіргіштерге жауап қайтару, басқа нейрондармен, органдардың клеткаларымен байланыс орнату қабілеттері бар. Нейрондар электірлік разрядты генерациялайды және скоростан тұрады. Синапс ақпаратты жеткізу қызметін атқарады. Нейрондар пішіні, көлемі жағынан әр түрлі. Бірақ қай нейрон болса да, ол дене және денеден шығатын өсінділерден тұрады. Нейрон денесінде протоплпзма,ядро, басқа клеткаларға да тән органойдтар және тек нейрондар кездесетін тигройд түйіршікке не кесекке ұқсайды. Ядролық бояулармен боялатын болғандықтан олар нейрон протоплазмасын ала құла етіп көрсетеді. Нейрон талшықтары ұзындығына қарай (1 микрограммамнан – 1,5 метрге дейін) аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейрондардың ұзын, ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейрондарда бір аксон, бірнеше дендрит болады. Аксонның нейрон денесінен басталатын жері аксон төмпешігі деп аталады. Төмпешікте тигройд заттар болмайды. Аксон төмпешігінің қозу қабілеті өте жоғары. Сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонның ұшында рецептор болады. Ал О.Ж.Ж-гі жүйке талшығының ұшы жуандап бүршікке ұқсайды. Нейрондардың осындай ұштары бір – бірімен түйісіп синапс құрады. Нейроглия нейрондар аралығын толтыратын клеткалар (глиондардың). Глия – грек сөзі –желім деген мағынада. Олар нейрондардың денесі мен талшықтарына жабысып тұрады.Глиондар екі түрлі – нейроциттер және олигодендроциттер. Бұлардың аксоны болмайды және өзара синапстар құрмайды. Астроциттердің өсінді талшықтары көп болады. Астроциттер көбінесе мидың қан тамырлары бойында орналасады да, нейрондарды қан тамырларымен байланыстырады. Олигодендроциттер нейронның аксоны қоршайды, тармақтары өте аз болады.Қозғыш клеткалармен қатар тежелу нейрондары да болады. Бұлар тұңғыш рет жұлында табылған. Оларды Реншоу нейрондары дейді. Олар көбіне қозғалтқыш нейрондардың аксон бұтағына келіп түскен серпіністердің әсерінен қозып, мотонейрондағы қозуды бәсеңдетеді, сақтайтын арнайы нейрондар бар.

                       12 билет

2.Қозуды жүйкеден өткізу заңдары. Қозу процессінің жүйке бойымен таралу ерекшеліктерін қозуды өткізу заңдары деп атайды. Олар жүйке талшықтарының морфологиялық және физиологиялық бүтіндік заңы, қозуды екі жақты өткізу, қозуды жеке өткізу заңдары.

Жүйке талшықтарының морфологиялық және физиологиялық бүтіндік заңы бойынша жүйкені созса, қысып жаншыса, кессе, кептірсе, оның морфологиялық құрылысы бұзылып зақымданады. Мұндай жүйке талшығы қозу процессін өткізбейді. Мұнымен бірге кейбір ұйықтататын, есірткі заттар (новокаии, кокаин, хлороформ) әсерінен жүйке талшығы қозу процессін уақытша өткізбей қояды. Бұл заттар жүйке құрылымын бұзбайды, тек оның физиологиялық қасиеті өткізгіштегі заттың әсері тоқтағанша бұзылады да, онан соң қайтып бұрынғы қалпына келеді.

5. Қозуды екі жақты өткізу заңы. Жүйкенің орындайтын қызмет түріне (сезгіш, қозғалтқыш) қарамастан оның қай-қайсысы болса да тітіркендірілген жерден бастап қозу процессін екі жаққа (орталыққа, шетке) қарай өткізеді. Оны баланың шонданай жүйкесіне жасаған тәжірибеден көруге болады. Денеден бөлініп алынған жүйкенің екі жақтағы ұшына әрекет потенциалын тіркейтін аспапты бекітіп, қақ ортасынан тітіркендіріп қоздырса, екі аспап та сол жерге әрекет потециалының жеткенін көрсетеді. ОНЖ байланысы үзілмеген жүйкелерден қозудың белгілі бір бағытта өтуі орталықтағы нейрондар арасындағы синапстардың қасиетіне байланысты. Синапсқа дейін қай жүйке болса да қозуды екі жаққа қарай өткізеді.

Қозуды жеке өткізу заңы. Әрбір шеттегі жүйке құрылымында жүздеген мыңдаған жүйке талшықтары болатыны белгілі. Олай болғанымен де әрбір талшық.қозуды қатар жатқан талшықтарға жаймай, тек өз бойымен өткізіп, тек өзімен ғана байланысқан ет талшықтарына тұп-тура жеткізіледі. Бір эфференттік жүйке талшығы бұтақталып 3-3000-ға дейін ет талшықтарымен байланысады. Осыған байланысты әр қимыл көңілдегідей боп орталықтың әсерін бұлжытпай дәл орындайды.

       13 – билет

1.Алмастырылмайтын амин қышқылдары, олардың организм үшін маңызы. Белок алмасуы қалыпты өтуі, олардың синтезі үшін өте маңызды, сондықтан организмге тағаммен бірге аминқышқылдары түсуі қажет. Эксперимент жүзінде белок құрамындағы 20 амин қышқылдарының 12-сі организмде синтез-деледі, яғни алмастыратын болып саналады. Ал 8 амин қышқыл-дары синтезделмейді, олар тамақпен бірге түсуі керек, алмастырылмайтын аминқышқылдары деп аталады. Бұлардың маңыздылығы мынада: алмастырылмайтын аминқышқылдарының белок синтезі күрт төмендеп, белок алмасуы өзгереді, орга-низмде теріс азотты баланс туындап, организмнің өсуі тоқтап, дене салмағы төмендейді.Адам үшін алмастырылмайтын аминқышқылдары: лейцин, изолейцин, валин, метионин, лизин, треонин, фенилаланин, триптофан.

2.Бірыңғай салалы еттің физиологиялық ерекшеліктері.

Бірыңғай салалы ет ішкі қуыс ағзалардың қабырғасындағы ет қабаты– және кейде топталып қыспақ (сфинктер) құрады. Бұл ет iшек қарын, асқорыту бездерің түтіктерінің қан–мен лимфа тамырларының, несеп шығаратын мүшелердің, жатырдың, бронхының т.б. қабырғасында кездеседі. Көлденең жолақ етке қарағанда бұл еттің ағзадағы көлемі аз болады және оның орындайтын қызметі де қалыпты жағдайда онша көзге түспейді. Олай болғанмен патология кезінде мәселен, асқазан мен 12-i елі ішектің түйіскен жеріндегі қыспақ (пилорус) ұзақ уақыт жиырылатын болса ас қарында көпке дейін тұрып қалады, бара-бара асқазан созылып төмен түсіп кетеді. Мұндай халде тамақты жұтқан сайын ауру қатты қиналатын болады.Бірыңғай салалы еттің қаңқа еті секілді қозғыштық қозуды өткізу, жиырылу қасиеттері бар. Мұнымен бipгe ол ерекше пластикалық және автоматиялық қасиеттерге де ие.

3.Негізгі алмасуды Рид формуласы бойынша анықтау Рид формуласы негізгі алмасу көлемінің қалыпты жағдайдан ауытқу процентін есептеп табуға мүмкіндік береді. Бұл формула артериялық қысымның, пульс жиілігінің және организмнің жылу өндіруінің бір-бірімен байланысына негізделген. Формула бойынша негізгі алмасуды анықтағанда шамалас нәтиже берсе, ал ауруларда (мысалы, тиреотоксикоз) бұл мағлұмат өте дәл болады, сондықтан клиникада қолданылады. 10% ке дейінгі ауытқуда қалпты мөлшер болып саналады. Жұмысқа керек заттар: сфитионанометр, фонендоскоп, секундомер.Зерттеу объектісі – адам. Жұмыс барысы: секундомер көмегімен зерттелушінің пульс жиілігі, Коротков әдісі бойынша пульстық қысымы анықталады. Негізгі алмасудың ауытқу проценті Рид формуласы бойынша анықталады: АП=0,75 * (ПЖ + ПҚ * 0,74) 72, АП – негізгі алмасудың ауытқу проценті, ПЖ – пульс жиілігі, ПҚ – пульстық қысым, систолалық және диастолалық қысымның айырмашылығы. Есептеу үлгісі. Пульс 75 рет/мин, артериялық қысым 120/80 мм с.б.Ауытқу проценті = 0,75*{75+(120-80)*0,74}-72=0,75*{75+40*0,74}-72= 6,45. Сонымен, зерттелушінің негізгі алмасуы 6,45% жоғарылаған, яғни қалыпты жағдайда.Рид формуласының есебін жеңілдету үшін арнайы номограмма бар. Пульс жиілігі мен артериялық қысымның мәндерін сызғышпен қосып, екеуінің түйіскен ортаңғы сызығынан мәнді алу арқылы, негізгі алмасудың қалыптан ауытқуын оңай табуға болады. Жұмыстың нәтижелері. Негізгі алмасудың ауытқуын Рид формуласы бойынша есептеңіздер. Номограмма арқылы анықтаңыздар.

   

 

 

 

 14 – билет

1.Булану – жылу бөлінудің негізгі жолы. Буланудың маңызы.

Булану арқылы жылу жоғалту – организмнін коршаған ортаға терінің тер арқылы, тыныс жолдарының дымқылы арқылы іске асырылады.

Адамда тердің тер бездері арқылы шығуы және тыныс жоддарының дымқылдануы үнемі жүреді. Қоршаған ортаның температурасы 20° С болса, адам өз денесінін 20% жылуын булану арқылы беледі. Қоршаған ортаның температурасынын артуы, ауыр физикалық жұмыс істеу, жылу еткізбейтін киімде (синтетикалық) ұзақ бөлу, тер бөлінуді ұлғайтып, оны 500-2000 г/с дейін артуы мүмкін.Жылу бөлінудің буланусыз жолдары.Жылу өткізу, жылу сейілдіру, және конвенциялық жолдар.

Жылу сейілдіру жолы. Адам өз денесінің коршаған ортаға инфрақызыл диапазонда электромагнитті толкын шашыратуы. Осындай жолмен жылу бөлінгенде, оның көлемі терінің және қоршаған орта арасындағы айырмашылыққа пропорционалды. Қоршаған орта температурасы 20° С

және салыстырмалы ылғалдығы 40-60% болса, ересек адам организмінен осы жолмен 40-60% жылу беріледі. Сейілдіру аркылы жылу белу коршаған орта ауасы төмендесе жоғарылап, керісінше коршаған орта температурасы жоғарыласа, бұл жолмен жылу жоғалту төмендейді.

Жылу өткізу жолы. Осы мехсишзмдегі ауаның киімнің маңызы.

Жылу бөлудің бұл жолында адам өз денесінің баска фнзикалық денесімен жанасуы кезінде іске асырылады. Осындай механизм арқылы берілетін жылудың көлемі жанасатын денелердің температурасының айырмашылығына, жанасу уақытына, жанасатын дененің жылу өткізгіштік қасиетіне пропорционалды.Құрғақ ауа, майлы тканьдер жьглуды өткізуі нашар. Киімнің майда ауа «көпіршікті» матадан тігілуі, адам денесшен жылу бөлійуін томендетеді. Ылғалды, булы ауа, су жоғары жылу еткізгіш қасиеттерге ие. Соидықтан төмен температурада, жоғары ылғалды қоршаған ортада адам денесінен көп жылу шығады. Ылғалды киімнін де жылуды сақтағыш қасиеті темендейді.

Жылу бөлудің конвекциялық жолы.

Адамның және судың козғалғыш бөлімдерінін көмегімен адам денесінен жылудын берілуі. Бұл механизмнің іске қосылуы үшін салқын ауа ағымы адам денесінен өтуі керек. Бұл кезде терімен жанасқан ауа жылынып, салкын ауанын порциясымен алмасып тұрады. Егерде коршаған орта температурасы 20° С, ауаньщ салыстырмалы ылғалдығы 40-60% болса, ересек адам организмінен конвекциялық жолмен 25-30% жылу шығарылып тұрады.Осындай жолмен жылу жоғалту арта түседі, егер ауаның ылғалдығы жоғарыласа (жел, вентиляция). Мысал ретінде жазғы аптап ыстыққа веер немесе вентилятор қолдану арқылы салқындауды келтіруге болады.

2.Қанқалық және бірыңғай салалы бұлшық еттердің қызметтері Қанқалық бұлшық еттер     адам салмағының 40% құрайды. Tipeк –қимыл аппаратының белсенді бөлігі болып табылады. Олардың жиырылуының нәтижесінде төмендегідей қызметтер атқарылуы мүмкін:

1. кеңістікте дененің қозғалуы;

2. бip-бipiнe салыстырмалы түрде дене бөлшектерінің қозғалысы;

3. денені бip қалыпта ұстау;

4. қан мен лимфаның жылжуына ықпал ету;          

5. жылу өндіру;

6. дем алу және дем шығару актілеріне қатысу;

7. қимылдық белсенділік маңызды антистрессорлық фактор ретінде;

8. бұлшық еттер тұздар мен судың қоры болып табылады;

9. Ішкі мүшелерді (органдарды) сақтап тұрады (кұрсақ мүшелерін); Бірыңғай салалы бұлшық еттер  ішкі қуыс мүшелердің қабырғасы болып табылады. Мысалыға: қуықтың, ішектердің, асқазанның,өт қабының,жатырдың ішіндегі заттар сыртқа шығарылады немесе жылжып отырылады. Тағы бip өте маңызды қызметтерінің бipi –сфинктерлік. Осы қызметінің арқасында мысалға қуықтағы зәр, жатырдағы ұрық сақталып тұрады. Бірыңғай салалы бұлшық еттердің  қан-лимфа айналым жүйесінде де үлкен маңызы бар, олар тамырлардың саңылауларын өзгерте тұрып шеткі қан айналымдағы О2 мен қоректік заттарға деген қажеттілікті бейімдеп отырады.Олар сонымен бірге буындар арасындағы байланыстар ciңip –тарамыстарға да әсерлерін тигізе алады.

 

              15 – билет

1.Конвергенция және иррадация құбылыстары. Қозудың ОЖЖ-де өту ерекшелігі осы екі құбылысқа байланысты. Бір аксон тармақталып көптеген нейрондармен байланысады да синапс құрады, яғни бір нейрон аксонның серпінісі бірден бірнеше нейронды қоздырады. Бұл құбылыс дивергенция деп аталады. Егер де бұл құбылыс тежелумен тоқтатылып тұрмаған болса, дивергенцияның арқасында ОЖЖ-нің нақты координациялық жұмысы болмаған болар еді. Бірақ тежелу процестері дивергенцияны бөгеп, басқару процесстерінің нақты ьолуын қамтамасыз етеді. Егер де тежелу процесі алынып тасталса, онда ОЖЖ-нің іс-әрекетінде жаппай дискоординация байқалар еді.(мысалы, столбняк ауруында).

   Бұған қарама-қарсы құбылыс – конвергенция (жиналу), яғни бірнеше нейроннан келіп түскен серпіністердің бір немесе ағзаның нейронда жиналуы. Мысалы, (альфа – мотонейронын қоздыруы кезінде) –созу арқылы (бұлшық ет ұршықтарының рефлексі), тері рецепторларын тітіркендіру (бүгу рефлексі) арқылы бұлшық еттің жиырылуын алуға болады.

2.Нерв талшықтарының құрылымдық элементтерінің физиологиялық ролі.

Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттерінін бірі оның қозғыштығы, екіншісі – қозу процесін өткізу. Қозғыштық (тітіркендіруге жауап ретінде қозу процесінің пайда болуы) қозғыш тканьдерінің бәріне тән қасиет. Олар қозу процесін клеткалық мембрананың бойымен жылжытады яғни өткізеді. Қозуды өткізу жүйке үшін тек физиологиялық қасиеті ғана емес, оның орындайтын негізгі қызыметі. Қозу процесінің жүйке талшығы бойымен жылжуы, яғни серпіністің өтуі аксолемманың қызметі. Майлы қабық изолятор ролін атқарады, оның электрлік кедергісі жоғары. Сондықтан жүйке талшығын миелин қабығы тұсынан микроэлектродтар арқылы тітіркендірсе ол қозбайды. Қозу процесі тек Ранвье үзілісінде ғана пайда болады. Миелин қабығы жүйке талшығында зат алмасуын реттейді және біліктің өсуі мен қоректенуі (трофикасы) де осы миелин қабығының қызметі. Нейрофибрилдер түрлі заттарды: белок, медиатор, органелларды нейрон денесінен жүйке талшығының ұшына дейін және кері нейронға қарай тасымалдайды. Бұл заттар нейрофибрилдер мен микротүтіктер бойымен жылжиды. Бір тәуліктің ішінде жуандығы орташа жүйке талшығының бойымен мыңдаған митохондрий жылжиды. Осы тасымалдау жұмысын орындау үшін АТФ қышқылы энергиясы жүмсалады. Энергияны қолдану үшін аксоплазмада Са2+ жеткілікті болу қажет.

3.Оральды термометрия, немесе ауыз куысындағы термометрия, ректальді термометриядан 0,2-0,5°С төмен.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: