double arrow

ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

«Отан отбасынан басталады» деп айтып кеткен ата-бабаларымыздың сөзінде терең мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан.

Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қуанышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Отбасы шағын Отан. Оның басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыздан жылы бауырына басатыны, бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні. 

Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Сол сияқты Отанды қорғау да әр азаматтың азаматтық парызы. Отанымыз алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір-бірімізбен етене жақын болсақ, біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындармайтын биік жоқ.

Әрбір отбасы - шағын мемлекет. Онда ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азамат тәрбиеленеді.

 

3 Назар аударыңыз!

Сөз тіркесі – кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы.

Сөз тіркесінің айрықша белгілері:

1) Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады және екеуі екі түрлі сұраққа жауап береді.

2) Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына (сабақтаса) байланысады.

3) Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді.

Сөз тіркесінің бірінші сыңары бағыныңқы сөз, ал екінші сыңары басыңқы сөз деп аталады. Бағыныңқы сөз – тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралап сипат беретін бірінші сөз (әдемі киіну). Басыңқы сөз – сөз тіркесін жасауға тірек болатын екінші сөз (үш бала).

Сөз тіркесінен сөйлем жасалады. Мысалы, сөз тіркестері: бала бөленген бесік, бесіктің үсті, жеті нәрсе, үстіне жабылады; сөйлем: Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабылады.

 

4 Берілген тіркестермен сөйлем құрастырыңыз.

Ықпал ету, сақтауға үйрету, құрметтей білу, көзбен ұғу, ынтамен тыңдау

5  Берілген мақал- мәтелдерді аударыңыз. Мағынасын айтыңыз.

Алтын ұяң — Отан қымбат,

Құт-берекең — атаң қымбат,

Аймалайтын — анаң қымбат,

Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).

 

   * * *

Отан оттан да ыстық,

жалыны бар шоқтан да ыстық.

                   * * *

Отаны бірдің жүрегі бір,

Жүрегі бірдің тілегі бір.

6 Сөздерді жұптастырыңыз.

Отбасы                             әзірлеу

Киім                                  істеу

Тамақ                                құрастыру

Жұмыс                              тігу

 

1 Оқыңыз, есте сақтаңыз және аударыңыз.

Көргенділік Қанына сіңген әдеп Құдайы қонақ Меймандостық Айып Берік орнықтыру Пейілі тар Ойын-сауық дәстүрі Ақжарқын

2 Мәтінді оқыңыз және аударыңыз.

ОТБАСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР

Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән берген халық. Ата-баба аруағын сыйлау, оған жүгіну – ежелгі салтымыз. Дәстүрге халықтың әдет-салты, күнделікті тіршілігінің ауқымы, адамдардың қалыптасып үйренген мінез-құлқы – бәрі де кіреді. Дәстүрәр халықтың өмірі мен сол қоғамның өзіндік ерекшеліктері негізінде қалыптасады. Кең байтақ даланы мекендеген халықта бір тіл, бір әдет-салт, бауырмалдық, қонақжайлылық қалыптасқан.

Қонақжайлылық – «қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін» халқымыздың қанына сіңген дәстүрлік әдебі. Қонаққа үйдің төрін, астың дәмдісін ұсынып, соған бір жасап қалу – ежелден келе жатқан ескі салтымыз. Қонақты ақжарқын көңілмен жақсылап күту – көргенділік, адамгершілік, азаматтық қана емес, тіпті міндет болған. Мысалы: құдайы қонақты қондырмай жіберген үй айып төлеген. Мұның бәрі қонақжайлылық, меймандостық дәстүрді берік орнықтыру, оны бұзуға жол бермеу мақсатынан туған.

Қазақ халқының суды қадірлемеу, қорламау жөнінде де неше түрлі аталы сөздерін естиміз. Талшыбықты ат қып мініп ойнап жүрген балаларға ата-анасы, үлкендер «суды сабама», «бұлақты лайлама», «суды сапырма» деп жасынан үйретеді. Ал мал суаты болған бұлақ бастарын таза ұстап, оның көзін жыл сайын балдыр-батпақтан тазалап, су көзінің бітеліп қалуынан, не құрып кетуінен сақтаған.

Ал бір ауылда той болып, не ас беріліп жатса, басқа ауылдар сол ауылға сусын үшін, саба-саба қымызын өздері ішпей, жиып тегін артып барады. Әрине, мұндай дәстүрлер біріншіден қасиетті ел берекесі болса, екіншіден суды, сусынды қадірлеу дәстүрі.

3 Оқыңыз, біліңіз, аударыңыз.

Тілашар (дәстүр)

Тілашар тойына арнап шашу шашады. Әр отбасы баласы 7 жасқа толған соң мектепке оқуға береді. Бұл бала өміріндегі елеулі оқиға болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу-жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны дәстүрлі «тілашар» тойы деп атайды. Үлкен-кішілер балаға тілек білдіріп, бата береді. Жаңа киіміне байғазы ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігін сезіп, оның оқуға деген құмарлығы артады.

4 Сөйлемдерді сәйкестендіріп, аударып, мағынасын айтыңыз.

1. Әке – асқар тау. 2. Ананың көңілі балада. 3. Ұлдың ұяты әкеге келеді. 4. Әке – тірегің. 5. Атасыз ұл жарымас. 1. Қыздың ұяты шешеге келеді. 2. Ана-жүрегің 3. Анасыз қыз жасауға жарымас. 4. Ана – мөлдір бұлақ. 5. Баланың көңілі далада.  

5 Мәтінді оқып, ойды жалғастырыңыз.

Отбасы - әр адамның алтын ұясы. Отбасында белгілі дәстүрлер қалыптасуы керек. Ол отбасы үшін өте маңызды. Жақсы дәстүр отбасының мықты шаңыраққа айналуына тірек болады. Отбасылық дәстүрлерге отбасы мүшелерінің туған күндерін атап өту, саяхатқа шығу, қонаққа бару, қонақ шақыру, мерекелік дастархан жасау,

__________________________________________________________________

_________________________________________________________________

________________________________________________________________

Сіздің отбасыңызда қандай дәстүрлер қалыптасқан?

Отбасы бақытты болуы үшін отбасылық дәстүрлердің маңызы бар деп ойлайсыз ба?

6 Жағдаят бойынша жауап беріңіз.

Сіздің отбасыңызда жыл сайын саяхатқа шығу дәстүр болып кеткен делік. Саяхаттауды қалай, қай уақытқа жоспарлайсыз? Қай елдерге саяхат жасаушы едіңіз? Саяхатқа кімдермен барар едіңіз?

 

2-тақырып. Жас отбасы және дәстүр. Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер және демографиялық мәселелер. Сөз тіркестерінің түрлері.

 

ЖАС ОТБАСЫ ЖӘНЕ ДӘСТҮР

 

Екі жастың бас қосып, от­ба­сын құруы — ежел­ден қалыптасқан дәстүр.

Үйлену тойы – екі жастың, олардың ата-аналарының өміріндегі қуанышты оқиға, адамдар арасындағы жұбайлық қарым-қатынасқа күдік тудырмау үшін жұртқа жария ету салтанаты.

Ойшыл А.Шопенгауэр айтпақшы: «Үйлену дегеніміз - өз құқығыңның жарымын азайтып, міндетіңді екі есе көбейту деген сөз».

Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудіңқалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі.

Ал, қазақта үйлену тойының өзі екі кезеңнен тұрады. Ол қалыңдықтың ұзатылу, яғни қызды шығарып салу тойы, келесісі – күйеу жігіттің ауылында болатын үйлену тойы.

Құда түсу – қазақтың мәртебелі әрі жарасты салт-дәстүрлерінің бірі. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады. Қыз әкесі келісім берген соң, құдалықтың жөн-жоралғысы жасалады. Құдалықты басқарып барған адам бас құда деп аталады.

Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Арнайы пісіріп, әзірлеген қойдың құйрық майы мен бауыры туралған табақтан қыз жағының адамдары

Құда, құда деселік,

Құйрық-бауыр жеселік,

Құйрық-бауыр жемесек,

Несіне құда деселік, - деп өлеңдете келіп, құдаларға, отырған адамдарға айнала құйрық-бауыр асатып шығады.

«Тойдың болғаны­нан бо­ла­ты­ны қызық» демекші, үйлену сал­ты негізінен, үйленуге дайындықтар, құдалық, той және той­дан кейінгі әдет-ғұрыптар сияқты бағыттар­дан құралады. Той біздің ұлтымыздың ежел­ден ке­ле жатқан дарқандығын, бар жиған-тергенін тек қуанышқа шашатындығын көрсетеді. Бұрын негізінен шілдехана, ұлды сүндет­ке отырғызу, мүшел жасқа то­лу тойы, келін түсіру, қыз ұзату секілді тойларға ерек­ше көңіл бөлген.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

2. Жаңа сөздерді оқып, аударып, сөз тіркесінде қолданыңыз.

3. Мәтіннен тәуелдік, көптік жалғаулы сөздерді табыңыз.

4. Мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді оқыңыз.

5. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

а) ер баланың тәрбиесіне көңіл бөлу туралы не білесің?

ә) қыз баланың тәрбиесіндегі ерекшеліктер туралы не білесің?

6). Құда түсу салт-дәстүрін әңгімеле.

7). «Тойдың болғаны­нан бо­ла­ты­ны қызық» деген мақал-мәтелді қалай түсінесіздер?

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕКЕГЕ ТҰРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР.

Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі. Еркек пен әйелдің өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін әлеуметтік форма. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандагы № 321-1 Заңының 10-бабына сәйкес неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Некеге тұру кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын.

Неке қию екі түрлі болады. Біріншісі қаладағы жас жұбайлар сарайына барып, немесе оның қызметкерлерін (ЗАГС-тің) тойға шақырып, сонда некеге отыру. Екіншісі мешітке барып, немесе молданы тойға алдыртып неке

суын ішіп, некелерін қидыру.

Неке сақинасы. Этнографтардың зерттеуінше, неке сақинасын алмастыруды мысырлықтар ойлап тапқан. Сақинаның дөңгелек қалыбы (формасы) – мәңгілік жұптар арасындағы шексіз бақыт пен махаббатты бейнелейді.

Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Демографиялық проблемаларды шешу жолдарын таңдау қандай да бір мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени деңгейіне байланысты болады.

Мемлекеттік демографиялық саясат мына қағидаттарға негізделеді:

· нәсіліне, ұлтына, дініне қарамастан елдін барлык, азаматтарының

тендігі;

· осіп-өнуді және өтбасын жоспарлауды еркін таңдау;

· аса маңызды әлеуметтік функция ретінде аналықты, БҰҰ-ның

«Баланың құқықтары туралы» Халықаралық Конвенцияларына сәйкес балалардың мүдделерін сақтау кезінде өз балаларын тәрбиелеуде ата-ананың тең міндеттерін тану;

· тууға, өлімге, өмірдің ұзақтығы мен демографиялық және көші-

қондық процестердегі жаңа тенденцияларды ескере отырып, көші-қонға ықпал етудің түрлі шараларын қамтитын кешенді көзқарас;

· демографиялық саясатты іске асыруда бірыңғай негізін қалайтын

нормалардың негізінде орталық және аймақтық органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін аймақтық ерекшеліктерді есепке алу;

· халықтың экологиялық қауіпсіздігі, биологиялық әр-алуандықты

сақтау және табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыру.

Тапсырмалар:

1.Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

2.Жаңа сөздерді оқып, аударып, сөз тіркесінде қолданыңыздар.

3. Мәтіннен тәуелдік, көптік жалғаулы сөздерді табыңыз.

4. Мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді оқыңыз.

5. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

а) елімізде халық санағы қай жылы өткізілді?

ә) демографиялық өсу неге байланысты?

6). көші-қон мәселелері туралы не білесіздер?

7). Берілген сөйлемді сөз құрамына талдаңыздар:

Некеге тұру кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, ұлттық, тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады.

Тапсырма. Мүмкін болатын сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

қызық бару
ілгері тұру
жоғары жүру
ақылды оқушы
кейін әңгіме
ұзақ көтерілу
алға досым
осында кітап
мұнда қайту
артта ғимарат
сатып студент
озат қарау
биік болу
естіген алу
демалысқа күту
менің қалу

 

Ұсынылатын әдебиеттер.

1. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. Практикалық курсы: Оқулық.Алматы: Раритет, 2003. – 151 бет

2. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі (Оқу құралы). Алматы, «Санат». 1995.

3. Орысша-қазақша тілашар = Русско-казахский разговорник / құраст.: А. Ж. Төрениязова, Ж. А. Тұрлыбекова, Ұ. К. Каюпова. - Астана: - 2011

4. Қазақ әдеби тілінің сөздігі: Он бес томдық / Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі.

 

СӨЖ тапсырмалары

1.Жас отбасының бюджеті.

2.Жас отбасының негізгі шығындары.

3-тақырып. І семестр.

Қазіргі тұрғын үй құрылысы. Ауылдағы тұрғын үй құрылыс бағдарламасы. Тұрақты сөз тіркестері.

ҚАЗІРГІ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Тұрғын үй құрылысы - тұрғын үйлер, тұрақты жатақханалар, мүгедектер мен қарттарға арналған үйлер, балалар үйлерінің жатын корпустарын, т.б. салу. Тұрғын үй қаласының көлемі іске қосылған, пайдалануға берілген жалпы және тұрғын алаңының шаршы метрімен, салынған пәтерлердің, үймереттердің санымен сипатталады. Қазақстанда тұрғын үй нарығының қалыптасуы, соның ішінде тиісті несие-қаржы тетігінің әзірленуі елдегі экономика реформалардың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Тұрғын үй қаласын қаржыландыру және халықтың тұрғын үй мәселелерін шешу, Тұрғын үй қаласын ынталандыру мақсатымен “Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамыту және тұрғын үй қорын сақтау тұжырымдамасы” әзірленіп, қабылданды. Соның нәтижесінде 2000 жылы Тұрғын үй қаласында өзгеріс байқалды – тұрғын үй көлемі 1999 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға, 1991 жылмен салыстырғанда 19,9%-ға өсті. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2000 жылы осы мақсатқа 22,4 млрд. теңге күрделі қаржы жұмсалды, мұның өзі 1999 жылмен салыстырғанда 46%-ға көп және жалпы ауданы1218 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, мұның өзі 1999 жылғыдан 10%-ға көп. 1999 жылдан бастап беймемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар, халық салған тұрғын үйлер үлесінің тұрақты түрде өсу үрдісі байқалды. 1991 жылы олардың үлесі 25,8% болса, 2000 жылы 89,2%-ды құрады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегия дамуының басым бағыттарының бірі ретінде Тұрғын үй құрылысы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жасалды.

Тапсырмалар:

1.Мәтіннен жаңа сөздерді көшіріп жазып, аударыңыздар.

Тұрғын үй,тұрақты жатақханалар, мүгедектер, қарттар үйі, балалар үйі, жатын корпусы, алаң, пәтер, үймерет, шаршы метр, несие-қаржы, бағдарлама, тұжырымдама, жалпы ауданы, кәсіпорындар, ұйымдар, ынталандыру, нарық, үлес, қабаттылық, жайлылық, үрдіс.

2.Мәтін бойынша сұрақтар жазыңдар.

3.Мәтіннен сан есімдерді тауып, түрлерін анықтаңдар.

4.Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар.

Тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй қорын сақтау, қарттар үйі, мемлекеттік бағдарлама.

5.Берілген сөздерді септеңдер және тәуелдеңдер. (жекеше, көпше).

Жатақхана, пәтер.

6.Берілген 2 мақал-мәтелді жазыңдар.

· Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің.

· Үйің жаман болса, күйің жаман.

7. Құрылысқа жататын сөздерді жазыңдар.

 

АУЫЛДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

«Ауылдық елді мекендерде» елдегі жалпы халықтың 47 пайызы өмір сүріп отыр. Сондықтан да, ауылдықтардың табысы мен өмір сүру деңгейі, сондай-ақ ауылда ұсынылатын қызметтер сапасы қалалық деңгейде болуы шарт. «Ауыл жылы», «100 мектеп, 100 аурухана» секілді бағдарламалар да осы мақсаттарды қамтығаны анық. Дегенмен, бүгінгі күні ауылдық жерлерде әлеуметтік жағдайдың сапасын арттыру және іскерлік белсенділікті көтеру мәселесі әлі де өзекті ретінде сақталып отыр». Ауылда мамандар тапшылығы проблемасы әлі шешімін таппай келеді. Ал жас мамандардың ауылға жұмысқа барудан бас тартуының негізгі себебі - баспананың жоқтығына да байланысты. «Осыған орай ауылдық жерлердегі тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын» қабылдауы керек. Бұл ретте ауылда жаңа баспаналар салудың бір тетігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің несиелері негізінде болуы керек. Бүгінгі күні аталмыш банк ауылдық аумақты қамтымағандықтан өзінің мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алмай келеді. Егер жақын аралықта ауылдық жерлердегі тұрғын үй құрылысы туралы бағдарлама қабылданбаса, бірқатар проблемалардың орын алатыны түсінікті.

Тапсырмалар:

1. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп, көшіріп жазыңыздар.

Елді мекен, пайыз, табыс, бағдарлама, тапшы, бас тарту, қабылдау, жинақ банкі, маман.

2. Мәтін бойынша сұрақтар жазыңыздар.

3. Мына сөз тіркестермен сөйлем құраңыздар.

өмір сүру деңгейі, әлеуметтік жағдай, мемлекеттік бағдарламасы, баспананың жоқтығы.

4. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1..................................................... проблемасы әлі шешімін таппай келеді. 2.Бұл ретте ауылда жаңа баспаналар салудың....................................................

3.............................................................. халықтың 47 пайызы өмір сүріп отыр.

5. Мәтіннен шылауларды табыңдар.

6. Тұрақты сөз тіркестерін жалғастырыңдар.

· Көзді ашып-жұмғанша – жылдам, шапшаң.

· Ит өлген жер             – алыс, қашық.

· Қаһарынан қар жауып – ашулы.

· ----------------------------------------------

· ----------------------------------------------

· ----------------------------------------------

· ----------------------------------------------

· ----------------------------------------------

 

4 - тақырып. Мінез және келбет. Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті. Синоним

 

МІНЕЗ ЖӘНЕ КЕЛБЕТ

Мінез – саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты және маңғаздықты ерекше атаған жөн.

Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгіресің. Бұл адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан, әлдекімді бір көргенде-ақ «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір, адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.

Сыртқыкелбет (түр) дегеніміз не?

Адамныңсыртқыкелбетінекіретіндене, заттар, жаратылыс: киім, фигура (латынсөзі, аударғанда: «сыртқытүр» дегенмағынаныбілдіреді), келбет, бет-әлпетініңөзгерісі, денеқұрылысы, бойы, салмағы, мүсіні.

Адамның қадір-қасиеті, көпшілік жағдайда, мінез-құлқына қарай бағаланады. Талай-тағдырға да оңды-солды әсер етеді. Келісті мінез өмір кеңістігінің төріне шығарады, теріскейлігі қазан-ошақ басынан асырмайды. Демек, мінезді еркінсітпей, әманда, ақылға жүгіндіру қажет.

 Әбден қалыптасқан және өмір қалпына үйлесімділік тапқан мінез-құлық “адамның екінші табиғаты – әдетке” айналады. Ол, жинақтап айтқанда, күнделікті тіршіліктегі жөн-жосық, жол-жоралғы. Тұрмыстық қағидалы дағды. Үйреншікті тәртіп. Ұлттық негізді тәлім-тәрбие тәжірибелері.

«Келбеті мен мінезі жақсы адам тозақ отына жанбайды» - деген қазақ халқының иманды сөзін есімізде ұстағанымыз жөн.

 

Тапсырмалар:

1. Мәтін бойынша таныс емес сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.

2. Мәтінді оқып аударып, әңгімелеңіз.

3. «Адам жайлы», «Адамның мінез-құлқы туралы» мақал-мәтелдерді жазып, жаттап алыңыз.

4. болмыспен, адамның, келбеті, бет-әлпетінің, мүсіні, мінезді, ақылға, тұрмыстық, ұлттық сөздерін аударып, сөз құрамына талдаңыз.

5. саналы өмір, нәзік болмыс, психологиялық жиынтығы, сыртқы келбеті, адамның қадір-қасиеті, келісті мінез, ақылға жүгіндіру. Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз.

6. Кестені толтырыңыз.  

мысалдар синоним омоним антоним
1. Мейрам, мереке      
2. ат      
3. Қысқа, ұзын      
4. Үлгілі, әдепті      
5. Оқушы, шәкірт      
6. Түс      
7. Бас      
8. Ақ, қара      
9. күн      
10. Ана, шеше      
11. Биік, аласа      
12. Кішкентай, үлкен      
13 Ата-ана, әке-шеше      
14. Қара      
15. Алды-арты      

7. Берілген сөздерге синонимдік қатар жасаңыз.

Биік -

Мұғалім -

Данышпан -

8.Берілген синонимдерді сәйкестендіріп, сызықша арқылы көрсетіңіз.

Ауру - Келбет

Алыс - Қант

Шекер - Шалғай

Ажар - Сулы

Дымқыл - Науқас

Сырқат - Дидар

Ережені есіңізге сақтаңыз!

• Мағыналары бір - біріне жақын, бірақ әртүрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы СИНОНИМДЕР деп аталады

 

АДАМНЫҢ ЖАН ДҮНИЕСІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІ

Бұл өмірде адамдардың жан-дүниесін танып-білудің, әрқайсының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, өзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді. Бәрі мүмкін.

Адам тану-даналықтың қайнар көзі. Ағат айтқан бір сөзі, жаңсақ басқан бір қадамы, өтініш, тілегіңді кешеуілдетуі – асығыс шешім қабылдауға, ол кісі туралы теріс пікірде болуға негіз емес. Өйткені, оның әртүрлі себебі бар болуы мүмкін. Ал адамдардың кейбірі сылтау, себеп айтуға ұялады, тіпті арланады да. Осы есіңізде болсын.

Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», - деп. Адамның уәдесінде тұра білуі, өзгеге жақсылық жасауы, малға да, жанға да мейірімді болуы, жомарттығы, кеңпейілділігі, қарапайым, мәдениеттілігі, еңбекқорлығы оның қандай адам екенін айтқызбай-ақ танытады, өскен ортасы мен алған тәлім-тәрбиесінен де мол мағлұмат береді. Ал мұның сыртында адамның киген киімі мен үйінің тазалығы, ұстаған құрал-жабдықтарының, көлігінің жағдайы, қатысатын ойын-сауығы, әуес әдет-ғұрыптары да оның жан-дүниесінің айнасы.

 

Білгенге маржан! Жүсіп Баласағұни (1020 жылы туған) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Қайтыс болған жылы белгісіз.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздерді дәптерлеріңізге жазып, емілесін есте сақтаңыз, дұрыс айтып жаттығыңыз.

2. Мәтінді аударып, мазмұнын түсініңіз.

3. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыз.

4. Мәтіннен тұрақты сөз тіркестерін теріп жазыңыз.

5. Мәтіндегі мына сөйлемдерді жалғастырыңыз.

Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан,...

Ағат айтқан бір сөзі,...

Адамның уәдесінде тұра білуі,...

6. Жаттығу жұмыстарын жазбаша орындаңыз:

а) Берілген сөздерге синонимдік қатар жасаңыз.

Үлгі: Дұрыс, жөн, теріс, бұрыс.

Сұлу-                                                                  Ұшқалақ-

Мөлдір-                                                               Түзу-

ә) Синонимдер қатарын түзеңіз.

Үлгі: Төбе шашы тік тұрды, зәресі ұшты, жүрегі тас төбесіне шықты, қорықты, үрікті.

Ит өлген жер__________________________________________________

Көзді ашып жұмғанша___________________________________________

Жүрек жұтқан__________________________________________________

7. Берілген синонимдік қатарды қатыстырып сөйлем құраңыз.

Ұшты, көтерілді, зымырады, самғады.

 

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 14, 16, 18, 23, 24, 26 ]

1.«Мінез және келбет» тақырыбы бойынша топтас досыңызды суреттеп, әңгіме жазыңыз.

2. «Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті» тақырыбы бойынша әдеби шығармалардан кейіпкерлер бейнесі. Әңгіме жазу. (Қазақ шығармаларынан)

 

5-тақырып. Уақыт және адам. Уақыт алтыннан да қымбат. Омоним. Сөздердің көп мағыналығы.

            Практикалық семинарлық сабақтың жоспары

       1. Омоним. Сөздердің көп мағыналығы туралы айтып өту, жаттығулар орындау.

       2. Уақыт және адам. Уақыт алтыннан да қымбат тақырыптары бойынша тапсырмалар орындау, сұхбаттасу, әңгімелесу, студенттердің қызығушылығын, белсенділігін жұмыс істеу қабілетін арттыру.

.

Омоним. Сөздердің көп мағыналығы

Кез келген ұлттың тілінде кейбір сөздің бірнеше мағынасы болуы болады. Мысалы: бас – голова, таудың басы – вершина, пик, бұлақ басы – источник родника, жұмыс басы – на работе. Берілген сөздердің жұмсалу мағыналары әртүрлі болғанмен, байланыстары да бар. Сондықтан бұндай сөздерді көп мағыналы дейміз.

Сөздің көп мағыналығы (полисемия) – бір сөздің басқа сөздермен тіркескен кездегі әр түрлі мағынаға ие болуы.

 Мысалы: Бас. Адамның басы. Судың басы (бұлақ). Сөздің басы (сәлем). Таудың басы (шың).

Айтылуы мен жазылуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздерді омоним дейді.

Мысалы: Ат. Ат (лошадь) жарысы басталды. Нәрестеге ат (имя) қойылды. Тирде көздеп ат (стреляй).

Мысалы: Жақ. Адамның жағы. От жақ. Маған жақ бол. Қара бояу жақ.

Омонимдердің жасалу жолдары

Жұрнақ арқылы: шығыс (шық+ыс), жастық (жас+тық)

Кірме сөз арқылы: ақ (парсыша – бақт), сап (арабша - саф)

Сөздің дыбыстық өзгеріске ұшыруы: біз (бігіз)

Жаттығу жұмыстары.

1 - жаттығу. Омонимдерді табыңыз.

Салмақты бала асықпай заттарды сөмкеге салды. Ол кешегі шыны ыдысын шынымен жоғалтып алыпты. Мыстан кемпір Қобыланды батырды жердің түбіне батырып жіберді. Олар қалаға ертең келіп қалады. Жазда жаңбыр жаумады. Тал түсте далаға шықты. Бала бал арасын тамашалады. Ол тартпаның тұтқасын тартты.

2 - жаттығу.  1) Төмендегі мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

                              2) Мәтіннен омоним сөздерді тауып, олардың қалай жасалғандығын түсіндіріңіз.

Дүниеде не өлмейді?

       Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне: «Дүниеде не өлмейді?» –деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай депті:

       Ағын су өлмейді

       Асқар тау өлмейді.

       Аспанда ай мен күн өлмейді

       Әлемде қара жер өлмейді.

       Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығып:


Ағын судың өлгені –

       Алты ай қыста қатқаны.

Асқар таудың өлгені –

Басын бұлттың жапқаны.

       Ай мен күннің өлгені –

Еңкейіп барып батқаны.

       Қара жердің өлгені –

Қар астында жатқаны

     Ажал деген атқан оқ.

     Бір алланың қақпаны.

Дүниеде не өлмейді?

       Жақсының аты өлмейді,

       Ғалымның хаты өлмейді, - дейді.


Мәтінге арналған сөздік:

       Дүниеде не өлмейді?      - здесь: Что на свете вечно?

       Бір ауыздан - единогласно

       Ағын - течение

       Қату - замерзать

       Жабу - покрывать

       Еңкею - наклоняться, пригибаться

       Астыңда - здесь: под

       Ажал - Смерть

       Қақпан - Капкан

       Ғалым – ученый

 

3-жаттығу.   Қарамен жазылған сөздердің әр мағынасына сөйлем ойлап жазыңыздар да, олардың көп мағыналы не омоним екенін ажыратыңыздар.

       1. Қол: а) адамның дене мүшесі, ә) әскер. 2. Жаз: а) жыл мезгілі, ә) жазу, б) бүктелген нәрсені жаю, в) аурудан айығу. 3. Ана: а) шеше, ә) туған тіл. 4. Жүз: а) бет, әлпет, ә) суда жүзу, б) жердің  беті, в) пышақтың өткір жағы, г) сан.

Уақыт және адам

       Адамның өмірі уақытпен тығыз байланысты. Адам кім? деген сұраққа жауап берсе, уақыт әрдайым қашан? деген сұраққа жауап береді. Мысалды алыстан іздемей-ақ әрқайсымыз кешегі, бүгінгі және ертеңгі өмірімізді ойша шолып қарайтын болсақ бәрібір кім? қашан? деген сұрақтарға соқпай кете алмаймыз. Өйткені, адамның тыныс-тіршілігі ешқашан уақыттан тыс болуы мүмкін емес. Сен қашан ұйқыңнан оянасың? Қашан сабаққа барасың? Сабақтан қашан келесің? Ұйықтауға қашан жатасың? Бұл сұрақтарға жауап бергенде адамның бір күнгі өмірі туралы білуге болады. Ал уақыт ұшқыр, ол қайталанбайды. Біз шартты түрде адамның өміріне қатысты уақытты өткен күн, бүгінгі күн, және ертеңгі күн деп бөлгенмен, бүгінгі күн бәрібір ертеңге айналады. Ал ертеңгі күн бүгін болады да, ол да өте шығады. Орыс халқында күндер жүріп өтеді, айлар жүгіріп өтеді, жылдар ұшып өтеді (дни идут, месяцы бегут, года пролетают) деген сөз бар. Ол өмірден алынған шындық. Уақыт бір орында тұрмайды. Ол өзгереді. Сол сияқты уақыт көшіне ілескен адам да өзгереді. Ойлап қараңыздаршы, кешегі мектеп оқушылары болған сіздер бүгін студентсіздер. Ал ертең маман болып шығасыздар.

Бұл өзгерістердің бәрі уақытпен байланысты. Адам әлде бір жерден, географиялық нүктеден, мысалы қаладан немсе әлде бір оқиғалардан тыс болуы мүмкін. Бірақ та ол ешқашан уақыттан тыс бола алмайды. Уақыт ұшқыр болғандықтан ол әрқашан санаулы, есептеулі. Сондықтан ол секунд, минут, сағат, күн, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр деп бөлінеді. Осы мысалдағы тізбекте ең үлкен кезең - ол ғасыр. Сол ғасырдың өзі секундтардан тұрады. Небір үлкен оқиғлардың өзі қас қағым сәтте (миг) болады.

Адам мен уақытты бөлек, жеке-жеке қарастыру ешкімнің қолынан келмейді. Адамның қолынан көп нәрселер келеді. Біраз нәрсені жасап өзгерте алады. Бірақ адам уақытқа әсер ете алмайды. Оны өзгерте алмайды. Уақытын бағалап, оның қадірін түсінген адам, ең ақылды, ең бақытты адам. Уақыт көшіне ілесе алмаған адам өмірде де артта қалады. Уақытпен үйлесім таппаған қоғам да өркениет көшінен артта қалады. Қандай істе болсын уақытты ұтымды пайдалану - үлкен өнер.     

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

2. Мәтіннен омоним сөздерді теріп жазыңыз.

3. «Уақыт» сөзімен тіркесетін сөз тіркестерімен танысыңыз. Осы сөз тіркестерімен бірнеше сөйлемдер құрастырыңыз.

уақыт - время, момент, дата, срок

уақыт аз қалды - осталось мало времени

уақытынбелгілеу - установить время

уақытжәнекеңістік - время и пространство

уақытзымырапөтіпбарады - время летит быстро

уақытыкелді - настало время

 

уақыткүтпейді - время не ждет

уақытқымбат - время дорого

уақытозғансайын - с течением времени

уақыттыбосқаөткізу - попусту тратить время

уақыттымақсатсызбосқаөткізу - бесцельно тратить время

уақыттыңбосқаөтіпкеткенінеөкіну - жалеть о потерянном времени

уақытынжоғалту - терять время; потерять время

уақытөткізу - убивать время

уақытөткенсайын - с течением времени

уақыт табу - находить время

уақыттасекеш, тасты да тоздырады - время и камень точит

уақытымжоқ - мне некогда

4. Өзіңіз туралы мәтін құрастырыңыз. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Мен 1984 жылы, сәуір айында дүниеге келдім. Жұлдызым - тоқты. Көктем айында туғандықтан болар мен көктем мезгілін ерекше жақсы көремін. Әсіресе, наурыз айын ұнатамын. Себебі, наурыз айында күн жылынып, қар ери бастайды. Жер көгеріп, адамдардың көңіліне үміт, қуаныш ұялайды.

5.Әлем ойшылдарының уақыт туралы айтқан қанатты сөздерін оқып, аударыңыз.

Өмір – мұхит, уақыт — толқын. (Абай)

Уақытты босқа өткізу — ең ауыр шығын. (Ж.Бюффон)

 Адам баласының табиғаты қызық қой, — байлығынан, бақ-дәулетінен айырылғанда қатты налиды, ал асыл уақытының мән-мағынасыз өтіп жатқанын елең қылмайды. (Абул-Фарадж)

Ұйықтар алдында өткен күніңді, өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма. (Пифагор) 

Уақыт – біздің ойымыздан да жүйрік. (Анжелика Миропольцева) 

Уақыт күтпейді. (Вальтер Скотт) 

       Әркім өз уақытын еңбегінің көлемімен өлшегені ең дұрыс жол. (В.Г. Белинский.)

       Жастық өз уақытын білмейді. (Р. Хорезми)

       Минут ұрыс тағдырын шешеді. Сағат шайқас тағдырын шешеді. Күн бүкіл мемлекет тағдырын шешеді. (А.В. Суворов).

Уақытты босқа жіберіп алудан артық өкініш жоқ. (Гете).

Ал, біз өз уақытымыз былай тұрсын, басқалардың уақытымен де санаса бермейміз. Мысалы, шақырылған жерге 2-3 сағат кешігіп келеміз, бір шаруаны бірер аптада немесе біраз күннің ішінде бітіреміз деп жобалай саламыз. Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңыз», – деп көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсын деген оймен бір сағаттан соң оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатына қараған ғалым уақытында оятпаған қызметшісіне: «Жарты сағатымды қайтарып беріңіз», – деп жатып кеп ашуланған екен.

6. Сұрақтарға жауап беріңіз.

• Уақыт деген не?

• Уақыт мемлекет үшін керек пе?

• Уақытты үнемдеу деген не?

• Уақытты үнемдеу – тек жеке адам үшін емес, мемлекет үшін қажет дегенді қалай түсінесіз?

• Бос уақытты қалай пайдалану керек.

• Адам өмірін уақытпен байланыстырудың мәні неде?

• «Уақыт адам өмірінің өлшемі» деген пікірмен келісесіз бе?

• Адам өмірінің мәні оның істеген ісімен өлшенуінің себебі неде?

7. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп, олармен сөйлем құраңыз.

Жүректің кілті_________________________________________________

Ақылдың кені_________________________________________________

Білім бұлағы__________________________________________________

Қалың ой_____________________________________________________

Суық сөз_____________________________________________________

8. Өлеңді жаттайық.

Уақыт туралы

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды мына өмірді

Өтпейтіндей көретін адамдарға.

Өтеді ғой...

Өтеді ғой барлығы да.

Күн арқалап кетеді таңды мына.

Менің жаным ашиды барлығына

Таң нұрына, адамның тағдырына.

                              М. Мақатаев.

9.Мына сұрақтарды басшылыққа ала отырып, досыңызбен сұхбат құрастырыңыз.

а) Уақытты басқару дегеніміз не?

ә) Уақытты меңгеру не үшін қажет?

б) Уақыттың жаулары не деп ойлайсыз?

 

Уақыт алтыннан да қымбат

            Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын.

Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.

Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ.

Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт-еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын ұлы мәртебелі уақыт.

            Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Өмірдегі әрбір уақытын, өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмсауы керек. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек. Қазіргі жастық шақ – адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні - жылға азық», - дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқандай шұбатылып, ол тез өтіп кетпек, оны өз тұсыңнан өте бергенде бас салмасаң, өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тоқтап тұрмақ емес. Бір данышпанның мынандай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе, уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек, уақыт - адам баласына берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді. Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан да алтынға балайды. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта. Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Мысалы, жаман әдетке құмар адам уақытын тек осы жолға арнайды. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен өткізеді. Құмар ойнағыш уақытын ойынмен толтырады. Ал өзің алтын уақытыңды қалай өткізудесің? Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды. Уақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секунттың өзіндік құны бар. Осыны түсіне біліңдер! 

       Тапсырмалар:

       1.Мәтінмен жұмыс:

· Мәтінді бөлімдерге бөліп, қарапайым жоспар құрыңыз.

· Мәтінді ауызша әңгімелеңіз.

· Мәтіннен уақытқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.

· Пікірлесім құру үшін сұрақтар дайындаңыз.

· Мәтінді пікірлесімге айналдырыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

• Мәтіннен өзіңізге қандай ой түйдіңіз?

• Өзіңіз уақытыңыздың көбін неге арнап жүрсіз?

• Өз уақытыңызды тиімді өткізіп жүрмін деп ойлайсыз ба?

• Адам өмірін уақытпен байланыстырудың мәні неде?

• «Уақыт – адам өмірінің өлшемі» деген пікірмен келісесіз бе?

• Уақытты бағалай білесіз бе?

3. Төмендегі сөйлемдердің мағынасын қалай түсінесіз, түсіндіріңіз.

1. Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны.

2. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең.

3. Даналық жасқа байланысты емес.

4. Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды.

5. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын – ұлы мәртебелі уақыт.

6. Уақыттың көп шашылуы – шығын.

7. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын.

4. Берілген сөздердің омоним екенін дәлелдеңіз.

Күн1)______ Ай1)_____, Нан1)_____,  Сыр1)______, Түс1)___

  2)______    2)_____          2)_______      2)_____     2)____

5. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын жалғаңыз.

Уақыттың пайдасы

Адам өз уақыт... үнемдей білуі керек.Өзгелердің де уақыт... бағалауы қажет.Уақыт... босқа өтуі.-.үлкен шығын..Мұны дәлелдеу... қажеті жоқ. Пайда келетін іспен шұғылдану... ойластырған дұрыс. Бір қарағанда,ондай пайдалы іс... айналысу оңай сияқты. Бірақ олай емес. Себебі күн тәртібі... жоспарлап үйрену қажет. Ол қасиетті бойың... жас кезің... қалыптастыру керек. Әрбір минутың... үнемдеп,пайдалы жұмсауға дағдылан. Сонда ғана табыс... қол жеткізіп,өз қабілет-күшің... толық жұмсай ала

<


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: