double arrow

Нормативные документы Казахстана

Семестр

ОҚУ УАҚЫТЫН БӨЛУ

Се-местр аптала ры 1   2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 Барлы ғы
Прак - тика 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 45
СОӨЖ 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 22,5
СӨЖ 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 67,5
Барлы - ғы 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 135

3. Пререквизиттер -бұл пән Қазақстан тарихы, мәдениеттану, философия, педагогика пәндерін, мемлекеттік тілде іс жүргізу арнайы курсын игеруде септігін тигізетін қажетті пәндердің бірі болып табылады.

4. Постреквизиттер- бұл курстан алған білім негіздері қазақ

тілін жеткілікті дәрежеде меңгеруге;

- мемлекеттік тілде жарық көретін басылымдарды, әдеби шығармаларды,

заң, үкім, қаулыларды оқып, түсіне алуға мүмкіндік береді.

5. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Қазақ тілі пәнінің мақсаты:

1. Қатысымдық мақсаты: Үйренуші қазақ тілін сөйлеу құралы ретінде 

емін - еркін меңгеріп, ауызша, жазбаша әдет - дағдыларын қалыптастыруы тиіс.

2. Танымдық мақсаты: Дүниетанымдық ой - өрісін дамытуды қазақша тілдік деңгейде меңгеруі тиіс.

3. Тәрбиелік мақсаты: Тіл үйренушінің жалпы тұлғалық әдеби, мәдени деңгейін көтеруге, қазақ елінің тарихы мен мәдениетіне, ұлттық ерекшеліктеріне мән беріп, құрметтеуге бағытталуы тиіс.

 

    Курс аяқталғанда студенттер төмендегі көрсетілген талаптарды білуі және істей - білуі қажет:

- қазаќ тілінде ойын жеткізе білуі керек;

- қазақ тілінің грамматикалық және фонетикалық жүйелерінің ерекшеліктерін білуі қажет;

- елтану материалдарымен, қазақ халқының мәдениетімен, тарихымен таныс болуы керек;

 

6. Пәннің мазмұны

 

6. Сабақтың мазмұны Сағат саны
1 Лексикалық тақырып:Қазақ тілі-мемлекеттік тіл. Тілдік материал: Синонимдер.Антонимдер. 3  
2 Лексикалық тақырып:Қазақстанның өнері мен әдебиеті. Тілдік материал:Омонимдер 3  
3 Лексикалық тақырып:Денсаулық-зор байлық. Тілдік материал:Тәуелдік, жіктік жалғаулар. 3  
4 Лексикалық тақырып: Қоғам және жастар. Тілдік материал:Көптік, септік жалғаулары. 3  
5                Лексикалық тақырып: Тәуелсіз Қазақстан. Тілдік материал:Зат есім. 3  
6 Лексикалық тақырып: Әдептілік-мәдениет негізі. Тілдік материал:Сын есімдер. 3  
7 Лексикалық тақырып:Бос уақыт. Тілдік материал:Сан есімдер. 3  
8 Лексикалық тақырып:Адам және табиғат егіз. Тілдік материал: Есімдік. 3  
9 Лексикалық тақырып: Қазақстанның тарихи орындары Тілдік материал: Үстеулер 3  
10 Лексикалық тақырып: Мен және қоршаған орта Тілдік материал:. Негізгі және көмекші етістіктер 3  
11 Лексикалық тақырып:Білім жүйесіндегі реформалар Тілдік материал:Етіс түрлері 3
12 Лексикалық тақырып: Ұлттық рухы күшті адам Тілдік материал:Есімше. Көсемше 3  
13 Лексикалық тақырып:Қазақстан мемлекетінің құқықтық негізі Тілдік материал:Етістіктің райлары 3  
14 Лексикалық тақырып:Халықаралық экономикалық қатынастар Тілдік материал:Етістіктің шақтары 3    
15   Лексикалық тақырып:Ғылым мен техника Тілдік материал: Шылаулар 3
  Практикалық сабақтар 45

7. Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары 

6. Сабақтың мазмұны Сағат саны
1 Лексикалық тақырып:ҚР Тіл туралы Заңы (1997 ж. 11шілде) Тілдік материал:Сөз мағыналары: Синонимдер.Антонимдер. 1
2 Лексикалық тақырып:Қазақстанның өнері мен әдебиеті. Тілдік материал:Омонимдер 1
3 Лексикалық тақырып:Денсаулық-зор байлық. Тілдік материал:Тәуелдік, жіктік жалғаулар. 1
4 Лексикалық тақырып: Қоғам және жастар. Тілдік материал:Көптік, септік жалғаулары. 1
5                Лексикалық тақырып: Тәуелсіз Қазақстан. Тілдік материал:Зат есім. 1
6 Лексикалық тақырып: Әдептілік-мәдениет негізі. Тілдік материал:Сын есімдер. 1
7 Лексикалық тақырып:Адам және табиғат егіз. Тілдік материал: Есімдік. 1
8 Лексикалық тақырып: Қазақстанның тарихи орындары Тілдік материал: Үстеулер 1
9 Лексикалық тақырып: Мен және қоршаған орта Тілдік материал:. Негізгі және көмекші етістіктер 1
10 Лексикалық тақырып:Білім жүйесіндегі реформалар Тілдік материал:Етіс түрлері 1
11 Лексикалық тақырып: Ұлттық рухы күшті адам Тілдік материал:Есімше. Көсемше 1
    13

 

 



І семестр

8. Пән бойынша СӨЖ тапсырмалары және кестенің орындалуы

Сабақтың тақырыбы Сөж тапсырмалары, мақсаты мен мазмұны Ұсынылған әдебиет тер Бақылау түрі Тап сы ру мер зімі Баға-лау балл дары
1 2      3   4 5 6 7
1 ҚР Тіл туралы заңы, Қазақ тілі - мемлекеттік тіл Синонимдер. Антонимдер. 1997 жыл 11 шілдедегі ҚР Тіл туралы заңын оқу, конспектілеу (6 тарау не туралы екенін меңгеру)Синонимдерді, антонимдерді ажырата білу  Н1,2 Заңның баптарына талдау жасау; Тіл жайлы мақал – мәтелдер, нақыл сөздерді жазып, жаттау 1-апта   1
2 Қазақстанның өнері мен әдебиеті. Омонимдер. Қазақстанның өнер қайраткерлері: К. Бәйсейітова, Қ. Қуанышбаев театры жайлы және олардың өздері  туралы оқып-білу; омонимдерді ажырата білу. Н1,2 Әдеби мұралар туралы білу  және өнер қайраткерлері жайында хабарлама дайындау    2- апта 1
3 Денсаулық - зор байлық. Тәуелдік, жіктік жалғаулар. Студенттерді салауатты өмір салтына баулу. Тәуелдік,жіктік жалғау ларын сөйлеуде дұрыс пайдалана білу Н1,2 Салауатты өмір салты бағдарламасын оқу 3-апта 1
4 Қоғам және жастар. Көптік, септік жалғаулары. Жастардың қоғамдық өмірде белсенділігін арттыру.Көптік, септік жалғауларын ажырата білу Н1,2 Қоғамдағы жастар мәселелеріне   түрлі тақырыпта та- ныстырылым   әзірлеу 4-апта 1
5 Тәуелсіз Қазақстан. Зат есім.   Отанды сүюге,  Қазақ-станның жетістіктерін құрметтеп, бағалауға үйрету.   Н1,2 Қазақстан тәуелсіз-дігі, желтоқсан оқи-ғасы, ҚР рәміздері жайлы мәліметтерді   ауызша айту 5-апта 1
6 Әдептілік-мәдениет негізі. Сын есімдер.  Студенттерді имандылыққа, адамгершілікке, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеуге баулу Н1 Өз ойларын айта білу. Мәтіннен сапалық және қатыс тық сын есімдерді ажырата білу 6 - апта 1
7 Адам және табиғат егіз. Есімдік. Қазақстанның қорықтары туралы қосымша мәлімет беру. Есімдіктердің мағыналық түрлерін ажырата білу. Н1 Қазақстанның қорықтары туралы ауызша баяндау 8- апта 1
  Аралық бақылау 1-7 сабақта өткен материалдарды қайталау   Лексика-грамматика лық тест сұрақтары- на дайындалу   100
8 Қазақстанның тарихи орындары Үстеулер Қазақстанның тарихи орындары туралы қосымша мәлімет беру. Үстеулердің мағыналық түрлерін ажырата білу.   Әзірет Сұлтан тарихи кесенесі, Қожа Ахмет Яссауи, Қорқыт Ата т.б тарихи ескерт- кіштер жайлы хабарлама дайындау 9 - апта  
9 Мен және қоршаған орта. Негізгі және көмекші етістіктер. Табиғат, қоршаған орта туралы түсінігін толықтыру. Етістік туралы теориялық мәлімет беру.   Н1,2 Қазақстанның қорықтары мен ұлттық саябақтары жайлы әңгімелеу 10- апта 1
10 Білім жүйесіндегі реформалар Етіс түрлері Университет тарихын білу   Қазіргі кездегі білім жүйесіндегі реформаларды білу 11 -апта  
11 Ұлттық рухы күшті адам Есімше. Көсемше Қазақстанның ұлы адамдардың өшпес істері жайлы үйрету Есімше, көсемшелердің түрлерін меңгерту. Н1 ҚР Тұңғыш Прези-денті жайлы, Рухы биік тұлға - Сәкен жайлы танысты-рылым әзірлеу, әңгімелеу; ҚР Білім туралы Заңын оқу 12 - апта 1
  Аралық бақылау Лексика-грамматика-лық тест сұрақтарына дайындалу       100
  Реферат ХХІ ғасыр- техника ғасыры       2
  Барлығы         13

9. Негізгі әдебиеттер:

1.Төлеужанова Ж.М., Нұржанова Ә.С., Қасенбаев А.К. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2012 ж.

2. Оралбаева Н., Т. Әбдіғалиева Т., Б. Шалабаев Б. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 1993ж.

3. Бектұров Ш, Бектұров Н. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде оқыту).- Алматы, 1998ж

4. Қожахметова А. Қазақ тілі практикалық курс.- Ақмола, 1995ж.

5. Бектұров Ш, Бектұров Н. Қазақ тілі - Алматы, 1998ж

6. Мұрзалинова Б. Қазақ тілі. Алматы, 1998ж

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Қожахметова А. Тіл ұстарту жаттығулары.- Астана, 2002ж

2. Кенжеахметов С. Қазақ халқының салт- дәстүрі мен әдет - ғұрыптары.- Алматы, Ана тілі, 1994ж

3. Бектаев Н. Қазақша - орысша, орысша- қазақша сөздігі.- Алматы, 1999ж

4. Қазақ мақал – мәтелдері. – Алматы: Қазақстан., 1990

5. Қазақстан энциклопедиясы. – Алматы: Қазақстан., 2001, 1 - ші том

 

10.  Курстың саясаты

· Сабаққа кешікпей келу, кешіккен жағдайда сабаққа жіберілмейді

· Сабақ үстінде сөйлемеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды сөндіріп қою

· Сабаққа сай киіну

· Сабақ босатқан жағдайда анықтама қағазын әкелу

· Оқу үрдісіне белсене қатысу

· Оқытушылармен, курстастарымен жақсы қарым – қатынаста болу

· Берілген тапсырмаларды уақытында орындау

· Оқу бөлмелерінде темекі шекпеу, ішімдікті пайдаланбау

 

11. Білімнің бағалануы туралы ақпарат

Ағымдық бақылау

- бағдарлама тақырыбы бойынша пікір айта білу;

- ситуативті сұхбаттар құрастыру;

- таңдаған тақырып бойынша әңгіме құрастыра білу;

- жазбаша тапсырмаларды орындау;

- рольдік ойындарға қатысу.

Аралық бақылау

- ауызша сұхбат;

- лексика-грамматикалық тестер;

Қорытынды бақылау

- емтихан

Ағымдық бақылау

Аралық бақылау

Емтихан Барлығы

Практикалық сабақ

СӨЖ   Реферат 1-аралық бақылау 2-аралық бақылау    
I сем. 27 11 2 10 10 40 100
IIсем. 27 11 2 10 10 40 100

12.Пән бойынша білім бағалау кестесі

Студенттердің орындайтын жұмыс түрлері Ұпай саны Min/ max
1. Ағымдық бақылау: Практикалық сабақтар Өздік жұмыс Реферат 40/20       0,6 х 45= 27 1 х 11=11  2
  2. Аралық бақылау: Семестрде 2 рет аралық бақылау болады 10/20 10х2= 20
                                   Жиынтығы: 30/60 ¥пай
3. Қорытынды бақылау Емтихан   20/40
                                           Барлығы: 50/100 ұпай  

 

  Емтихандағы баға Бағаның ұпай пайызы (%)
1 3 (қанағаттанарлық) 20/26
2 4(жақсы) 27/34
3 5(өте жақсы) 35/40

Студенттердің білімін бағалау шкаласы

Әріптік жүйемен бағалау Ұпайдың цифрлық баламасы Ұпайдың пайыздық мазмұны Дәстүрлі жүйемен бағалау
А 4,0 95 – 100

өте жақсы

А - 3,67 90 – 94
В+ 3,33 85 - 89

жақсы

В 3,0 80 - 84
В - 2,67 75 - 79
С + 2.33 70 - 74

қанағаттанарлық

С 2,0 65 - 69
С - 1,67 60 - 64
Д + 1,33 55 - 59
Д 1,0 50 - 54
F 0 0 - 49 қанағаттанарлықсыз

Алғы сөз

   

Бұл оқу - әдістемелік кешен барлық факультеттер мамандықтарының жалғастырушы топтарына арналып жасалған, мұндағы материалдар танымдық мақсатта болса, ал келесі    семестрде студенттердің кәсіби лексикасын тереңдету көзделеді.

    Оқу-әдістемелік кешеннің негізгі мақсаты - студенттердің  қазақ тіліндегі білім деңгейін жоғарылату, сөздік қорын байыту және өз ойын, пікірін қазақ тілінде жеткізуге дағдыландыру. Қазақ тілі заңдылықтарын  есте сақтай отырып, берілген  грамматикалық жаттығулар мен тапсырмаларды дұрыс орындауға үйрету. Сөйлемдер мен сөз тіркестерін, сөздердің қолданылу тәртібін    игерту. Тіл үйренушіні қазақ тілінің байлығын ұғынуға, көп мағыналы сөздердің, фразеологизмдер мен мақал- мәтелдердің мағыналарын түсінуге жетелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін  түрлі жаттығулар, өздік жұмыстар  берілген.

   Әдістемелік кешенде қазіргі талапқа сәйкес жаңа технология әдістерінің ерекшеліктері де орын алған.

 

     

 

 

 

 

 


1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

 

Мемлекеттік тіл, түркі тілдері, түркі тілдес халықтар, қазақ тілінің тарихы, көне дәуір, саяси, ғылыми, көркем әдебиет, баспасөз, мекендейді, байтақ, халық, өлке, халықтар өкілі.

2. Сәйкестікті көрсетіңіздер.

 

мемлекеттік древний
егемендік особенность
тәуелсіздік алфавит
ғылыми история
әдеби эпоха
дәуір литературный
тарих научный
әліпби суверенитет
ерекшелік государственный
көне независимость

3. Мына сөздердің синонимдерін көрсетіңіздер.

Ел  
жуық  
өлке  
даму  
дәуір  
айрықша  

 

4. Мәтінді оқыңыздар.

    Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.

  Қазақ тілі - әрі бай, әрі көркем тіл.

  Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – Қазақстанда ғана емес, шетелдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

Қазақ жазуы 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасын қолданған.  1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда.

  1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды. 1993 жылы қабылданған Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. 1996 жылы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасы» мақұлданды. 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң жарияланды. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді.

Заң 6 тарау, 27 баптан тұрады.

I тарауда жалпы ережелер туралы айтылады. Осы заңның 4-ші бабында: «Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, Сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп көрсетілген.

 

5. Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар.

6. Берілген сөздерден сөйлемдер құраңыздар.

1.Тілін, бастаған, болып, кейбір, өз, ұмыта, елдерде, мемлекеттік, отарлаушы, тілі, елдің, бекітілген.

2. Үндістанда, тұрмыстық, қалып, деңгейінде, хинди, қойған, тек, тілі.

3. Мароккада, француз, дәрежеде, бірдей, араб, қолданылады, тілі, тілімен.

4. Тілі, - тіл, қазақ, өркендеген, қазіргі, өсіп.

5. Уақыты, жаңалықтар, мен, өзгерістер, қазіргі, үлкен, уақыт -.

 

7. Мына сөздердің антонимдерін табыңыздар.

Сыпайы  
жақсы  
сауатты  
ыңғайлы  
кіру  
тұру  
бұзу  
жабық  

8. Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе «жалған» деп белгілеңіздер.

1. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік тіл мәртебесін алды.

2. Жыл сайын қыркүйек айында тілдер мерекесін тойламаймыз.

3. Қазақ тілі семит тілдері тобына жатады.

4. Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңында 6 тарау, 27 бап бар.

5. Қазір іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі.

9. Тіл туралы нақыл сөздерді жаттап алыңыздар.

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды

 

                                              М. Әуезов.

Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер, әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.

                                                         А. Байтұрсынов

    

Тіл - аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.

                                                                           Ғ. Мүсірепов

 

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.

                                                                          Н. Назарбаев

10. Бос орындарға қажетті сөздерді қойыңыздар.

Жоғары оқу орындары -            мамандар дайындауда ғана емес, әрбір мамандық бойынша түлектерге мемлекеттік тілді де терең меңгертіп шығаратын мекеме. 1999 жылғы 8 қаңтарда «Тілдер туралы» Заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       _______ бекіту туралы қаулы қабылданды. Мемлекеттік тілде ресми __________ әзірлеу мәселесінде ілгерілеушілік бар. 

 

Қажетті сөздер:  білікті, құжаттар, ережені.

11. Өлеңді жаттап алыңыздар.

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым –халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.   

Ал екінші бақытым – Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

 

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

                                                              М. Мақатаев             

12. Қарамен жазылған сөздердің синонимдерін табыңыздар.

Бүгінгі жастар уақыттың қайда бастап бара жатқанын, өмірде тілдің қаншалықты маңызды орын алатындығын да түсінеді. Араларында екі-үш, тіпті төрт-бес тілді қатар, еркін меңгергендері де бар. Алыс-жақын шетелдермен саяси-экономикалық, мәдени-рухани байланыстарда мұндай мамандарға қашанда сұраныс жоғары. Тіл білудің түрлі сипаттағы байланыстармен қатар тарихымызды түгендеуде де берері көп. Араб, Иран, Үндістан, Қытай, т.б. секілді көп ғасырлық жазба дүниелері сақталған іргелі елдерден байырғы қилы қарым-қатынас тарихын, сол елдерде жатқан өзімізге қатысты тарихи деректерді іздестіріп жинап, мәдени мұра қорын жаңа дүниелермен толықтыру шығыс тілдерін терең меңгерген мамандардың күшімен ғана жүзеге аспақ.

 

13. Асты сызылған сөздердің антонимдерін табыңыздар.

Қазіргі қазақ тілі - өсіп-өркендеген тіл. Қоғамның барлық салаларында қолдануға жарамды, заман талаптарына толық жауап бере алатын тіл. Қазақ тілін үйренуге, үйретуге арналған көптеген оқулықтар мен оқу құралдары, түрлі салалар бойынша терминологиялық сөздіктер жарық көрді. Мұның бәрі тіліміздің жағдайын жақсартуға арналған игі іс-шаралар мен табанды ізденістердің нәтижесі. ХХІ ғасыр – ғылым мен білім ғасыры. Қазір еліміздегі азаматтардың бәрісауатты. Қай мәселеге болса да байыпты қарап, тиімді жағына баса назар аудару - өмір талабы.

 

14. Екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыз.

 

Қатынас құралы ретінде белгілейді.
Тіл қызмет етіп келеді
Мемлекеттік тіл сөз байлығы
Міндеттерін әркімнің азаматтық борышы
Жалпы ережелер туралы - қоғамдық құбылыс
Тіл байлығы - қызыл тіл
Ана тілін жақсы білу - айтылады.
Өнер алды - болып бекітілді.

 

15. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

 

С первых дней независимости страны Нурсултан Абишевич Назарбаев постоянно заботится о повышении статуса и авторитета казахского языка, о расширении сферы его применения, руководит этим процессом. Значительное расширение сферы употребления государственного языка за прошедшие годы стало возможным благодаря настойчивости, требовательности Президента. Крылатыми стали его выражения: "Казах должен разговаривать с казахом по-казахски", "Будущее Казахстана – в казахском языке". Сам он выступил с личной инициативой о создании фонда "Государственный язык". За прошедшие годы Глава государства также выступил с рядом инициатив по исследованию родной истории, развитию культуры и искусства, образования и науки. Лично провел презентацию программы "Культурное наследие", держит под постоянным контролем ход ее реализации. Способствовал реабилитации представителей старшего поколения, боровшихся за свободу народа, возвращению добрых имен безвинно репрессированных.

 

 

 


1. 1997 жыл 11 шілдедегі ҚР Тіл туралы заңының баптарына талдау жасау.

2. Төмендегі мақал – мәтелдерді  жаттау

1. Ана тілі ой өсіреді,

Ана сүті бой өсіреді.

 

2. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

 

3. Сөз тас жарар, тас жармаса бас жарар.

4. Басқа пәле тілден

 

5. Сөз де ара сияқты

Балы да бар, зәрі де бар

 

6. Өнер алды –қызыл тіл

 

7. Сөйлесе білген – үйлесе біледі

 

8. Сөздің көркі – мақал

Атасы – ақыл

Анасы – тіл

 

9. Білім кілті - тіл

 

10. Тіл – қылыштан өткір

 

11. Піл көтермегенді тіл көтереді

2. «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында шығарма жазыңыздар.

 

 


1. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1) Астанада қанша театр бар?

2) Сен театрға барғанды жақсы көресің бе?

3) Басқа жақтың театрлары гастрольмен келгенде олардың қойылымына барасың ба?

4) Қазір қалада қанша кинотеатр бар?

5) Кинотеатрға жиі барасың ба?

 

2. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Кез – келген, сәулет үлгісі, мәдениет сарайы, инфрақұрылым, дәстүр, әлемдік музыка, рухани, ынтымақтастық, нәтиже, дарынды, сахна шеберлері, шеберлік, қойылым, туындылар

 

3. Сөздердің сәйкестігін табыңыздар.

әлемдік – отечественный

ұлттық – произведение

дәстүрлі – одаренный

дарынды – выпускники

қойылым – постановка

шеберлік – мастерство

түлектер – традиционный

туындылар – духовный

отандық – мировой

рухани – национальный

 

4. Мәтінді оқыңыздар.

К. Байсейітова атындағы опера және балет театры

 

Астанаға поезбен келген кез-келген адамның алдынан үш қабатты кірпіштен қаланған ғимарат шығады. Ғимараттың кіре берісі ерекше сәулет үлгісімен өрнектелген. Қайта жөнделген теміржолшылар сарайында Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры орналасқан. Астана театры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2000 жылдың қаңтар айында құрылған. Бүгінде ол еліміздің ең жас музыка театры болып табылады. Қазақтың дәстүрі мен әлемдік музыка мәдениетін дәріптеп, қазақ қоғамының рухани сұранысын жүзеге асыруда.

Ұлттық театр қарқынды өсіп, барша жұртқа танымал ұжымдардың біріне айналуда. Олар әр ғасырлар мен түрлі стильдердің қойылымдарын көрсетеді. Ұлттық театрдың мақтан етерлік репертуарына отандық, сондай-ақ, әлемдік музыка театрларының жауһарлары және де Қазақстанның опера және балет жанрының дамуына үлес қосатын жаңа туындылар кіреді. Мәселен, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегі», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу», М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы бойынша экспериментальды қойылымы, Б.Тілеуханның «Ф.Жанносы», Дж.Верди «Травиата», П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» және «Щелкунчик» және т.б. Театрмен ең үздік шетелдік сахна шеберлері ынтымақтастық жасайды: Ресейдің еңбек сіңірген қайраткерлері – қоюшы-режиссері Юрий Александров пен қоюшы-суретші Вячеслав Окунев. Сондай-ақ, хореографтар: ұлы балет бишісі және Ресейдің Үлкен театрының атақты балетмейстері Екатерина Максимова, атақты қоюшы-балетмейстер Шамиль Терегулов, тамаша биші әрі атақты хореограф Сергей Вихарев және т.б. Әлемдік театр өнер шеберлерін ынтымақтастыққа шақыру уақыт өте өз нәтижесін бере білді. Соның арқасында театр аз уақыттың ішінде құрылып, белгілі бір белеске жете білді. 

Ең алғашқы әртістік құрам Қазақ Ұлттық музыка академиясының, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының, Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлектері мен сондай-ақ дарынды әртістер мен сахна шеберлерінен құрылды.

 

5. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1) К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры қашан құрылған?

2) Опера және балет театры қай жерде орналасқан?

3) Бұл театрда қандай қойылымдар қойылды?

4) Ең алғашқы әртістік құрамда кімдер болды?

 

6. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, көшіріп жазыңыздар.

Театр жұмысына Ресейлік, Италия, Германия мен Францияның көптеген шығармашылық ……. өз үлестерін қосты. Олар опера және балеттің жеке …., дирижер және қоюшы режиссерлері ретінде қатысқан. Қазақстанда «Опера жұлдыздары Астанада» атты ….. опера фестивалі өтті. Қабілетті жас орындаушылар мен бишілерді үлкен …. мен биік белестер күтуде.

 

Қажетті сөздер: мүмкіндіктер, орындаушылары, қайраткерлері, халықаралық

 

7. Мына сөздердің омоним екенін дәлелдеп, мысалдар жазыңыздар

Ат, бас, күн, жүз,астана

8. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ сазды -драма театры

 

  Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ-сазды драма театры 1991 жылы құрылған болатын. Театрдың негізін қалаған, көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Жақып Омаров болатын. Бұл күндері Астана қаласындағы көшелердің бірі дарынды режиссер есімімен аталады.

Ең алғаш театр өз шымылдығын қазақтың белгілі драматургі Ғабит Мүсіреповтың «Ақан Сері –Ақтоқты» шығармасы бойынша қойылған спектакльмен ашқан еді. Құрылғандарына бір жыл өтпей, атап айтқанда, 1992 жылы театр ұжымы С.Сейфуллиннің туылғанына 100 жыл толуына орай өткізілген халықаралық фестивальде лауреат атанды. Ал 1996 жылы Уфа қаласында өткен түркі тілдес мемлекеттердің «Туганлық» атты ІІ фестивалінде түбі бір түркі халықтарына ұлттық драматургия арқылы мәдениетімізді танытып, лауреат атанып, үлкен марапатқа ие болды.

Театр үйіне әрбір көрермен өз акустикасын, ал  режиссер өзінің сазын алып келеді деген сөз бар. Халықтың театрға деген махаббаты тек осы екі негізгі мәселелер үйлесім тапқан кезде ғана көрінетін болса керек. Осындай үлкен игі өзгерісті көпшілік Ақмола қаласының – Қазақстан Республикасының астанасы ретінде өзгеруі кезінде айқын сезінді. Өйткені, 1999 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арнайы шақыруымен театр жетекшілігіне КСРО-ның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Халық қаһарманы» Әзірбайжан Мәмбетов келген болатын. Осы уақыттан бастап, театрдың тіршілігінде үлкен бетбұрыс басталды. Репертуарлар әлемдік классиктер В.Делмарь, У.Шекспир, А.Чехов шығармаларымен толықты. Көп ұзамай жас театр ұжымына Қазақстанның әртісі Гүлжан Әспетова да келіп қосылды. Бұл күндері театр сахнасында «Құрмет» белгісі орденінің иегерлері, Жастар сыйлықтарының лауреаттары, еңбек сіңірген өнер қайраткерлері қызмет етіп келеді.

 

10.Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіздер.

   

Сөйлемдер Шын Жалған
1. Театр негізін қалаған Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Жақып Омаров болатын    
2. Қазір Астанадағы көшелердің біріне дарынды режиссердің есімі берілмеген.    
3. 1992 жылы театр ұжымы халықаралық фестивальде лауреат атағын алды    
4. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ-сазды драма театры 1991 жылы құрылған болатын    

11. Шашылған сөздерден сөйлем құрастырыңыздар.

1) Театр, бар, келеді, режиссер, ал, өзінің, алып, үйіне, көрермен, әрбір, өз,  акустикасын, сазын, сөз, деген.

2) Болатын, сазды, драма, құрылған, театры, Қалибек, Қуанышбаев, 1991 жылы, атындағы, қазақ

3) Қаласындағы, аталады, есімімен, бұл, дарынды, күндері, Астана, бірі, көшелердің, режиссер.

 

12.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар.

Қазақ халқының мәдениеті -... заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және... заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.

Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және.... мәдениеттің сипатты белгілері де орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды.

Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары.... жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық.

Халық бұқарасы материалдық мәдениет... жасаушылары болды.

 

Қажетті сөздер: жетістіктерінің, ежелгі, ұрпақтан - ұрпаққа, жаңа, рухани

 

 


1.  Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

                                     Қазақстан театр өнері

1926 жылы Қызылорда қаласында М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы сахналанды. 1928 жылы театр Алматы қаласына қоныс аударды. 1930-жылдары қазақ театрлары бірқатар облыс орталықтарында пайда болды. 1933 жылы Семей қаласында құрылған орыс драма театры, көп ұзамай Алматыға көшірілді. Алматыда 1934 жылы  Ұйғыр театры, 1935 жылы Қуыршақ театры,  1944 жылы Жасөспірімдер театры және  1937 жылы Қызылорда қаласында Корей театры ашылды. Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры 1934 жылы Алматы қаласында ашылды. Қазақстанда бірінші опера 1936 жылы қойылды. Содан бері 50-ге жуық опера мен балет жазылды. Елдегі ең жас музыкалық театр – Астана қаласындағы К. Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының өмірбаяны 2000 жылы М. Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен басталды. Қазіргі кезде Қазақстанда 50 театр жұмыс істейді.

2. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрыңыздар.

3.«Қазақстанның өнер қайраткерлері» тақырыбында хабарлама дайындаңыздар.

 

Есте сақтаңыздар! Мақал-мәтелдерде антонимдер болса, табыңыздар.

Әдептен аттаған қылға сүрінер.

Ақпейіл болсаң ас жерсің, тәкәппар болсаң тас жерсің.

Кең болса – кем болмас.

 Елгезектің қарны тоқ.

           Есер жігіт сәнқой келеді.

        Жуастан жуан шығады. 

       

 

 


1. Мәтінге қажетті сөздермен,  сөз тіркестерімен танысыңыздар.

  Мәлімет, шылымқорлық, әдет, темекі әдеті, жаһандық, Дүниежүзілік Денсаулық Ассамблеясы, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы, темекіге қарсы күрес, халықаралық конвенция, заңдастырылған құжат, өзекті мәселелер

 

2. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Таза ауа, өркениетті ел, әлемдік қауымдастық, салауатты өмір салты, саналы азамат, ұрпағымыздың келешегі, халық саны, тәуелсіз ел, өз үлесін қосу, шылымқорлардың саны, темекі өнімдері, мәтіннің тақырыбы, Халықаралық конвенция құрастыру, ол үшін, жаман әдет

 

3. Сәйкестігін табыңыздар.

мәлімет глобальный
шылымқорлық актуальный
әдет документ
темекі борьба
құжат курение
күрес сведения
өзекті сигарета
денсаулық привычка
үлес будущее
келешек продукт
жаһандық здоровье
өнім доля

4. Мына сөздерді тәуелдеңіздер.

 

Орын, бөлме, ел, жер, үй

5. Мына сөздерді жіктеңіздер.

Ғалым, қызметкер, азамат, ұста

 

6. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

 

Денсаулық – зор байлық

 

Статистикалық мәліметтерде көрсетілгендей, еліміздегі ер адамдардың 57 пайызы, қыз-келіншектердің 31 пайызы шылымқорлықтың шырмауында жүргендер екен. Ең өкініштісі, еліміздің медицина саласында еңбек ететін ер азаматтардың 34 пайызы әлгіндей әдетке бой алдырғандар болып отыр. Дөңгеленген дүние бойынша өмір сүріп жатқан 1,1 миллиард шылымқорлардың жыл сайын 5 миллионы өмірлерімен қоштасатын болса, біздің еліміздегі шылымқорлардың жыл сайын 25 мыңы өлімге душар болады екен. Бұл дегеніңіз, кішігірім қалаларда тұратын халық санымен бірдей емес пе?

Темекі індеті тек жаһандық мәселе емес, сонымен қатар бұл жаһандану мәселесі болып табылады. 1996 жылдың мамыр айында темекі індетінің жаһандануын тежеу мақсатымен 49-шы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының Бас директорына темекіге қарсы күреске қатысты халықаралық конвенция құрастырудағы ұсынушы болуды өтінген еді. Сонымен, 2003 жылдың 21 мамырында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы темекіге қарсы күреске қатысты конвенциясының ақырғы мәтінін бекітті. Конвенция темекінің және темекі өнімдерінің жаһандана таралуын шектейтін халықаралық заңдастырылған құжат болып табылады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының темекіге қарыс күрестегі осындай өзекті мәселелер шоғыры белгіленген конвенциясына 2004 жылдың 21-ші маусымында біздің еліміз де қол қойды. Сөйтіп, қазақ елі өз халқының таза ауамен тыныстауға құқылы өркениетті ел болуға ұмтылатындығын әлемдік қауымдастықтың алдында жария етеді.

Тәуелсіз еліміздің болашағына кәдімгідей қауіп төніп тұрғанын жүрегімен сезе алатын әрбір саналы азамат, еліміздегі шылымқорлықтың одан әрі өрістемеуі үшін өз үлесін қосуға міндетті.

 

7. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Шылым шегуге байланысты статистикалық мәліметтердің көрсеткіштері қандай?

2. Темекіге қарсы күреске қатысты конвенция қашан бекітілді?

3.  Темекіге қарсы күреске қатысты конвенцияға Қазақстан қашан қол қойды?

4. Сіз темекі тартасыз ба?

5. Жастардың темекі тартуына сіздің көзқарасыңыз қандай?

8. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе, «ия», сәйкес келмесе, «жоқ» деп жауап беріңіздер.

Сөйлемдер ия жоқ
1. Темекі індеті тек жаһандық мәселе емес, сонымен қатар бұл жаһандану мәселесі болып табылады.    
2. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы темекіге қарсы күреске қатысты конвенцияны бекітпеді.    
3. Конвенция темекінің және темекі өнімдерінің жаһандана таралуын шектейтін халықаралық заңдастырылған құжат болып табылады.    

 

9. Шашылған сөздерден сөйлем құраңыздар.

1. Өз, таза, тыныстауға, өркениетті, болуға, құқылы, қазақ, ауамен, елі, етті, алдында, қауымдастық, ұмтылатындығын, әлемдік, халқының, ел, жария;

2. Үшін, әдетке, жаман,  бой, қажет, алдырмау, ол;

3. Азамат, саналы, еліміздегі, міндетті, қосуға, әрбір, шылымқорлықтың, өрістемеуі, әрі, одан, өз, үшін, үлесін

10. Сұхбатты толықтырыңыздар.

     ___________________________?

 

- Байлық та, атақ та адамды бақытты ете алмайды.

 

 

- Бақытты болу үшін денсаулық керек пе?

 

____________________________.

 

____________________________?

 

- Денсаулықтың кепілі – салауатты ғұмыр кешу

 

 

- Жаман әдеттерден қалай құтылуға болады?

_____________________________.

11.Мына мақалдардың сыңарларын анықтаңыздар.

Жаны саудың Әдет қалмайды
Тазалық – саулық негізі Бас ауырса, жан тәтті
Бірінші байлық - денсаулық, Ішің ауырса, тамағың тый
Жолдасың көп болса, Қайғы жан жарасы
Денің сау болса, адамның арқауы
Ас   Жалғызбын деме.
Сырқат тән жарасы, Жарлымын деме
Көзің ауырса, қолың тый,   Екінші байлық — он саулық
Бас аманда мал тәтті, Саулық –байлық негізі
Ауру   қалса  да, дені сау.

12. Мәтінді қазақ тіліне аударып, ат қойыңыздар.

 

Ведите правильный образ жизни. Как правило, это отсутствие вредных привычек. Чрезмерное употребление так называемых «стимуляторов», к которым можно отнести кофе, алкоголь, сигареты, несёт в себе массу побочных эффектов для организма человека. Алкоголь и табак разрушают нейроны мозга, негативно влияют на состояние сердечнососудистой системы организма, дают колоссальную нагрузку на печень. Кофе же рекомендуется пить только в случае необходимости: например, при пониженном внутричерепном или артериальном давлении. Но и «подсаживаться» на него не рекомендуется. Всё больше людей страдает от «кофеинозависимости», ведь кофеин, как, впрочем, и никотин, является слабым наркотиком.

Медики рекомендуют заниматься спортом и по утрам делать зарядку. Физическая активность позволяет держать организм в тонусе. Даже получасовая ежедневная прогулка тонизирует сердечнососудистую систему, улучшает циркуляцию крови во всём организме, улучшает деятельность опорно-двигательного аппарата.

Важным элементом хорошего здоровья является и здоровое питание. Врачи рекомендуют избавиться от употребления слишком жирной или жареной пищи. Куда полезнее употреблять экологические чистые продукты, овощи и фрукты, причем, готовить их лучше на пару. Не рекомендуется покупать продукты, имеющие всевозможные химико-биологические добавки и консерванты, которые, безусловно, вредят нашему организму.

 

 

 

 


1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Темекіге қарсы күрестің басталу тарихы

 

Шылымқорлықтың адам денсаулығына аса зор нұқсан келтіретіні алғаш рет Англияда байқалып, 1585 жылдан бастап осы елдегі темекі тартқан адамдарды ауыр жазаға кесетін қатал заң шығарылған. XVI ғасырдың аяғынан бастап Англияда темекі таратушылар үшін қара түнек өмір басталды, яғни темекі тартқандардың басын кесіп алып, оны халықтың ең көп жинал


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: