Провести сравнительную характеристику полученных результатов исследования

Кіріспе

1 Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуының алдын алуының теориялық негіздері

1.1 Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің педагогикалық-психологиялық негіздері

1.2 Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің сипаттамасы

1.3 Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуының алдын алуының негізгі бағыттары

2 Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуының алдын алуының тәжірибелік негіздері.

2.1 Зерттеудің ұйымдастырылуы және әдістемесі

2.2 Зерттеу жұмысының анализі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Сөйлеу тілінің дамуы балалардың жан-жақты, біртұтас дамуының маңызды бағыты болып табылады. Балаларда байланыстырып сөйлеудің дамуы, тіл байлығын игеруі тек тұлғаны қалыптастырудың маңызды  компоненті ретінде ақыл-ой, эстетикалық, моральді дамуымен тығыз байланысты және балалардың тілдік оқыту мен тәрбиелеуде ерекше басымдылыққа ие.

Баланың тілі неғұрлым дұрыс және бай болса, соғұрлым ол өз ойын толық білдіруге, қоршаған ортаны біліп тануға, ересектер және басқа балалармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға мүмкіншіліп алып, үйлесімді дамыған жеке тұлғаға айналады.  Тілдің сөйлеу үдерісі – жан-жақты де, күрделі де құбылыс. Тілдік сөйлеу туа біткен кезде пайда болмайды, ол балада оның дамуы мен өсуіне байланысты біртіндеп қалыптасады. Қалыпты дамыған балалар туған тілін игеруге деген жақсы қабілеттерін білдіреді.

Ерте жас бала өмірінде ерекше кезең болып табылады, себебі сол кезде еркікті мінез-құлық, өзін-өзі сезіну, ақыл-ой, сенсорлық түсініктер, есте сақтау, сөйлеу сияқты қабілеттер қалыптасады. Балалардың ерте жаста тілдік сөйлеудің мәселесі ерекше өзектілікке ие және тілдік дамуында бұзылыстарды ертерек анықтаған кезде ғана жоғары табыстарға жетуге болады. Әсіресе тілдік сөйлеуде бұзылыстар байқалатын балаларға ерекше назар аудару қажет. Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстарын болдырмауда олардың алдын алу жұмыстары ерекше орын атқаруда

 Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдік сөйлеу мәселелерінің әр түрлі қырлары көптеген педагогтар (К.Д. Ушинский,19 Е.И. Тихеева, Е.А. Флёрина, А.М. Леушина, А.М. Бородин, т.б.), психологтар (С.Л. Рубинштейн, Л.С. Выготский, А.А. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, т.б.), логопедтер (А.В. Ястребова, Т.А. Ткаченко, Т.Б. Филичева, В.К. Воробьева, т.б.) тарапынан зерттелді.

 Заманауи логопедияда (Н.С. Жукова, Е.М. Мастюкова) ерте жастағы балалардың тілдік сөйлеуіндегі бұзылыстар «тілдік сөйлеудің аутқуы» деп аталады. Бұл категориядан (О. Е. Громова) «тілдік сөйлеудің жалпы ақаулығы бойынша тәуекел тобындағы» балалар тобы ажыратылады.

Сонымен, сөйлеу туа пайда болған қабілет болып табылмайды, ол онтогенез үрдісінде баланың физикалық және ақыл-ой дамуымен қатар дамиды және оның жалпы дамуының көрсеткіші қызметін атқарады. Баламен ана тілін меңгеруі қатал заңдылықтармен өтеді және барлық балаларға жалпы бірқатар белгілермен сипатталады. Сөйлеу тілі патологиясын түсіну үшін қалыпты балаларда сөйлеу тілі дамуының барлық реттік жолын нақты елестету керек, осы үрдістің заңдылықтарын және шарттарын білу қажет, осыдан оның жақсы дамуы тәуелді.

Бұдан басқа, осы үрдісте бұл немесе басқа ауытқушылықтарды уақытында байқау үшін бала тілі дамуының әр кезеңін нақты елестету керек. Мысалы, 1 жыл 4 айдағы бала әлі сөйлемейді. Бұл қалыпты жағдай ма, жоқ па екенін шешу үшін педагог қалыпты дамыған кезде бірінші сөздер қай уақытта пайда болу керек екенін білу қажет.

Бала тілі ересек адамдардың сөйлеуі әсерінен қалыптасады және үлкен дәрежеде бала өмірінің алғашқы күнінен бастап сөйлеу тәжірибесінің жеткілікті болуына, қоршағандардың қалыпты сөйлеуіне және тәрбиелеу мен оқытуға тәуелді.Балалардың сөйлеу тілі дамуының заңдылықтарын білу сөйлеу тілі бұзылыстарын дұрыс тексеру үшін қажет. Осылайша, кейбір мамандар 3 жастағы балаларды дыбыстарды айту кезіндегі ауытқушылықтарды жою үшін логопедке жібереді.  Физиологиялық тіл мүкістігі деп аталатын бұл көрініс толығымен заңға сыйымды және артикуляциялық аппараттың әлі толығымен қалыптаспауымен шартталады.

Зерттеу жұмысының мақсаты – ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуының ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1.Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуының алдын алуының теориялық негіздерін анықтау.

2.Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуының алдын алуының тәжірибелік жұмыстарын өткізу.

Провести сравнительную характеристику полученных результатов исследования

Зерттеу жұмысының объектісі – ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуының ерекшеліктері

Зерттеу жұмысының пәні – ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуының алдын алудың үдерісі.

Зерттеу жұмысының гипотезасы – ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуының алдын алу жұмыстары балаларда сөйлеу кемістігін ертерек анықтап, тиісті түзету-логопедиялық жұмыстарды ұйымдастырып баланың тілдік сөйлеуін тиісті деңгейге жеткізіп дамыту мүмкіншілігіне әкеледі.

Зерттеу жұмысының теориялық негіздері ретінде ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуының алдын алудын ерекшеліктері    мәселесіне арналған монографиялар, басылымдар, зерттеу жұмыстары алынды

Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы – дипломдық жұмыстың қорытынылары логопед, әдіскер, оқытушылардың тәжірибелік-әдістемелік қызметінде қолданылуы мүмкін

Зерттеу жұмысының құрылымы – зерттеу жұмысы кіріспе бөлімнен, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құрастырылған

1 Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуының алдын алуының теориялық негіздері

1.1 Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің педагогикалық-психологиялық негіздері

Қазіргі өркениетті қоғамдағы алға қойылып отырған басты міндеттердің бірі білім беру жүйесіндегі жетістіктерді дамыта отырып, оны жаңаша бағытта ұйымдастыру нәтижесінде жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру мәселесі болып отыр. Білім беру саласындағы қазіргі тенденциялар болашақ ұрпақтан әлеуметтік адамгершілік тұрғыдағы жан-жақты дамуды қажет етеді. Қоғам қажет ететін мұндай талаптарды орындауда балаларды сөйлеу мәдениетіне, мәдени санаға дағдыландыруымыз керек. Кез-келген білімді игеру білім берудегі нақты жүйені меңгеру ғана емес, тұлғаның ішкі дүниесінің дамуын қамтамасыз ететінін түсінетін кез келді. Өмір сүру барысындағы кез-келген әрекеттер тілсіз жүзеге аспайтындығы белгілі. Бүгінгі білімді, мәдениетті адамды жай «білімді» адам емес, өмір сүруге бейімделген, құзыретті адам ретінде тануымызға болады.

Ерте жастағы баланың жеке тұлғалық дамуына үш фактор ықпал етеді:

- алғы шарттар: генотип, туа біткен ерекшеліктер;

- жағдаяттар: әлеуметтік қоршаған орта, отбасы, білім беру-тәрбиелеу мекемелері, басқа да әлеуметтік құрылымдар;

- отбасының құныдылықтық бағдарына байланысты жеке тұлғаның қалыптасуы барысында қалыптасатын адамның ішкі ұстанымдары.

Туғаннан бастап үш жасқа дейінгі кезең баланың дамуында маңызды белестердің бірі болып табылады. Бұл жастағы бала миының икемділігі, көптеген функцияларының қалыптасуының сенситивті сипаты түзету-педагогикалық процесстің елеулі мүмкіншілігіне жол ашады. Балаға ерте және адекватты көмек жасау оның психо-физиологиялық дамуында ақаулықтарды тиімді түрде алдын алуға қолайлы жағдайлар жасайды.

Баланың бір-екі жас өмірінде дұрыс бағытта басталған түзету жұмыстары арқасында үш-бес жасында жалпы сөйлеу тілінің даму стандарттарына жақындатады.

Атақты психологтар Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн көрсеткендей, баланың психикасы «әлеуметтік мұра», қоғамдық тәжірибен»» «иелену» арқылы дамиды. Осынымен адам баласы жануарлардан ерекшеленеді, егер антопоидтерде және жануарларда дамуында екі тәжірибе маңызды болса: туа біткен және жеке тәжірибе барысында жинақталған, адам баласында жануар дүниесіне тән емес, үшінші жол бар, ол материалдық және рухани мәдениет өнімдерінде көрініс табатын ата-бабаларынң қоғамдық-тарихи тәжірибесі. Балалық шақ барысында бала әкелерінің тәжірибесін игереді, нәтижесінде баланың психикасы қалыптасып жетіледі, оқыту барысында баланың дамуы іске асырылады, деп белгілеген Выготский Л.С.

Б.П.Никитиннің айтуынша, ерте жастағы баланың сөйлеу тілінің дамуының негізгі қайнар көзі ересек адамдар болып табылады. Егер бала туғаннан бастап үлкендердің сөзін естіп үнемі оған сөйлеп, үлкен адамның сөйлеген сөзіне жауап беруге деген қабілетін оятып, үнемі сөздерді қайталатып отырса, бала бір жастың ішінде сөздерді айта бастайды, ал бір жасқа толық толғанда қарапайым фразаларды айта бастайды.

Ерте жастағы балалар туған тілін игеру арқылы тілдік сөйлеудің аса маңызды формасы – ауызша сөйлеу тілін игереді. Ауызша немесе тілдік сөйлеу біртіндеп қалыптасады.

Ерте сәбилік шақтың соңына қарай (үш жасқа дейін) іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері (сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау) жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді болатынын ескеріліп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.

Заттық іс-әрекеттен алынып, жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру әрестелік шақтан басталған қарым – қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзегег асады. Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда пайда бола бастайды. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру тиімді өтеді. Егер бала осы кезде қандай да бір себептермен тілді дамыту қажетті жағдайлардан айырылып қалса, онда кейін жіберілегн қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамыту мен қарқынды шұғылдану қажет.

Кеңестік дәрігер және педагог Е.А. Аркин көрсеткендей: «Ымдап, ым-ишара, шапалақ, бөртпе сөз арқылы бала өз өмірі кезінің қажеттісін талап етеді: сүйіспеншілік, көмек, ересектерді өзіне бағындыру»

Сөйлеу тілі- а дамның ең күрделі жоғарғы психикалық қызметі болып табылады, балалардың жалпы білім беру мектебінде сапалы білім алуға дайындығы көбінесе балалық шақтағы сөйлеу тілінің құрылу деңгейіне байланысты болып келеді. Сонымен қатар, қимыл қозғалысы белсенді, ерте жүріп бастаған балалардың, өз – «еріншек» қатарластарына қарағанда сөйлеу тілі ерте шығады.

Тілдің жалпы жетіспеушілігі – түрлі тіл бұзылулары, онда балалардың қалыпты естуімен зиятында дыбыстық және мағыналық жағына жататын тіл жетіспеушілігі жүйесінің барлық компонеттерінің қалыптасуының бұзылуы байқалады. Бұл әрекет балалардың тіл патологиясының күрделі формаларында кездеседі: алалия, афазияда, ринолалия, дизартрияда.

 Көп жағдайда сөйлеу тілінің кемістігі балалардың қозғалыс дамуында кездеседі. Баланың қозғалыс дамуы жас шамасына сай келмесе оның сөйлеу тілінің кемістігі де болмақ емес, нақтырақ айтсақ үнемі қозғалыста болу сөйлеу тілі дамуына зор ықпалын тигізбек. Баланың қозғалысын дамыту логопедтің дұрыс жұмыстар жүргізілу кезінде оң нәтиже береді. Бұндай жұмыстар қатарына психомоторлық (ұсақ қол моторикасы, жалпы моторика) және сенсорлық (көру, есту, сөйлеу) функциясын дамытатын түрлі логоритмикалық жаттығулар, әдістемелер, тапсырмалар, ойындар, сюжетті рөлдік ойындар т.б кіреді. Білім беру үрдісіндегі балабақша түлегіне білім мен оның жетістігін игерту қарым-қатынас құралы – сөйлеу тілінің көмегімен жүзеге асырылады. Сөйлеу оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі бөлігі бола отырып, білім алушылардың дағды мен іскерлікті игеру түрткісі болып табылады.

 Қазіргі уақытта Қазақстанда ғылым мен білімнің дамуында нәтижелі бағыттар ретінде тұлғаны және оның танымдық әрекетін зерттеу негізге алынып отыр.

Сөйлеу тілін дамыту жүйесіндегі негізгі элемент қойылған мақсат-міндеттерді шешуге қажетті педагогикалық-психологиялық жағымды жағдайларды туғызу болып табылады. Сөйлеу қарым-қатынастар бірлігіндегі қалыптасатын қоғамдық мәселе ретінде қарастырылғанымен, әлі де болса зертттеулерді қажет етеді. Қазіргі қоғамдық дамудың барысы педагогикалық үрдістегі қарамақайшылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Сөйлеуі жетілмеген балалардың алғашқы айтылған сөздері нормадан қатты айрылмайды. Бірақ балалардың жеке сөздерді қолданып сөйлеу кезеңдері өзекті болып табылады.Баланың 2-3,4-6 жасында да толық сөйлемді жеткізе алмайтын кезеңдері болады.Бала сөздерді толық айтып немесе сөздердің бір бөлігі айтылмасада «сөйлей алмайтын» балаларды біреудің айтылған сөзінің түсіну деңгейімен ажырату қажет. Кейбір балалардың сөйлеген сөзді түсіну деңгейінің «яғни импрессивті сөйлеу) сөз қоры өте үлкен және сөздің мәнін түсіну қаблеті жоғары болып келеді. Мұндай баланың ата-анасы, ол сөйлемді, бірақ сөзбен жеткізе алмайды дейді.Бірақ логопедиялық зерттеу барысында импрессивті сөйлеудің кемшіліктері айқындалады. Басқа балалар өздеріне қатысты материалдпрмен жұмыс істей алмайды.

Дизонтогенездің айқын ерекшелігі сөйлеудің тұрақты және ұзақ жаңадан сөздерге ұқсастығы болып табылады. Бұл жағдайда бала тек алғашқы меңгерген сөздерді пайдаланып, өзінің сөз қорындағы жиі кездеспейтін сөздерді мүлдем пайдаланбайды.Сөйлемейтін балалармен логопедиялық зерттеу жұмыстарының барысында баланың үлкен кісіге қарап, сөйлеуі жетіліп оның артынша сөз қайталау қажеттілігінің жауапты кезеңі болып табылғаны анықталады. Бұл қажеттіліктің пайда болуы баланың «сөйлемейтін» категориясынан нашар сөйлейтін категорияға ауыстыруын көрсетеді.

Баланың аномальды сөйлеуінің алғашқы сөздерін төмендегіден жіктеуге болады:

- дұрыс айтылған сөздер:мама, папа, бер, жоқ, т.б.

- фрагмент сөздері, яғни белгілі бір бөлігі ғана сақталып айтылытын сөздер.Мысалы: «мако» (монолог), «дек» (девочка), «яби» (яблоко), «сима» (машина) және т.б.

- дыбыс елестету сөздері бұл сөздермен бала затты оның іс-әрекетін білдіріп сөйлемді мысалы: «би-би» (машина), «мяу-мяу» (мысық), «му» (сиыр), «бух» (құлады) және т.б.

- контурлы сөздер «абристер» бұл сөздердегі буын элементтері буын саны пайда болады

- ана тіліндегі сөздерге немесе олардың элементтеріне мүлдем ұқсамайтын сөздер

Баланың лексиконында неғұрлым сөз аз болса, соғұрлым оның дұрыс айтылған сөздері көп болады. Неғұрлым сөз көп болған жағдайда, дұрыс айтылмаған сөздердің проценті жоғары болады.

Сөйлеу дизонтегенезінде номинативті сөздің құрамында 50 және одан да көп бірлік болуға тиісті.Бірақ кейбір жағдайларда баланың сөйлеуінде,қорында 30 сөз болып, алғашқы синтаксистік құрылымдар пайда болады, үлкендеу жаста бұл нормаға сай болып есептелінеді.Сөйлеуі жетілмеген балалардың сөздерді бір-бірімен байланыстыру кезеңі келеді.Сөйлеп болып құрастырылған сөздер арасында ешқандай грамматикалық байланыс жоқ.

Зат есімдер және олардың фрагменттері атау септігінде,етістіктер мен олардың фрагменттеріинфинитивте немесе бұйрық райда қолданылады.Сөйлеу кемшіліктерге, аграмматизмге және сөйлеу ұзақтығының қысқарылуына байланысты баланың сөйлеген сөзі оны қоршап жүрген адамдарға түсініксіз болады.Сөйлеу дамуының бұзылу кезінде етістік сөздігінен көрі жалпы сөздікті қолданған жөн,бірақ бұл сөз қорында күнтізбелік жастағы балалар үшінжеткіліксіз болып,практикалық логопедияға өздік және абсолютты сөз қорын енгізуді қажет етеді.

Сөйлеуі жетілмеген балалардың ана тілдің менгерудің алғашқы кезеңдерінде бала лексикасын емес грамматикалық мән беретін тіл элементтерін қажет етеді.Сөйлеуі жетілмеген балалар тіл сөйлемде 3-5 одан да көп өзгермейтінаморофты түбәр сөздерді пайдаланады.Мұндай жағдай А.П.Гвоздевтің айтуынша бала сөйлеунің дұрыс дамуында орны жоқ: сөйлемі 3-4 сөзден құрастырылып грамматикалық дұрыс қалыптаспаған кезеңді анықтауға болмайды,өйткені сол кезде сөздердің жаңа формалары пайда болады.Бірақ сөйлеу барысында сөз өзгертіп,балалар сөйлеу байланыстарының бұрынғы әдістерін қолданып,оларды жанадан пайдаланған сөздердің арасына қосады.

Балалардың сөйлемдегі сөздердің пайда болу “техникасын” байқалатын кезеңі, оның ой өрісіндегі сөздерді қорытындылау процесінде 3,5 және одан да үлкен жаста келеді.

Синтаксистік құрылыстың кейбір жағдайларда балалардың сөз соңын дұрыс айтылғанына, өзгеруіне қарамастан басқа синтаксистік құрылыстарда сөздің дұрыс формасының орнына бала сөздердің көректілігі емес формаларын емес немесе фрагменттерін қояды:

Олар флексия мен есімдіктің арасындағы байланысты көрмейді.

Флексия мен есімдік бала үшін қабалданған сөйлеу материалында ауыспалы элементтердің міндетін атқарады, сонымен қатар олар әр түрлі комбинацияларда лексиканың негізінде кездесіп, баланың өзінен қабалданбайды,жүйе түрінде төмендегідей болады.Баланың естігені,баланың айтқаны,баланың меңгерген тілінің грамматика жүйесінде оқылмайтын сөз элементтері оның қабылданған тіл материалының элементтері болса ғана оқылады, бұл анализ бен синтездің адам баласының ой-өрісіндегі процестермен тікелеі байланысты.Жалпы сөйлеуі жетілмеген балалар тіл элементтерін физикалық сипаттамаларының айырмашылығын қабылдау,тіл біліктерінің лексико-грамматикалқ мәндерінің айырмашылығын сөйлеу даму барысында ана тілінің конструктивті элементтерін қолданғандағы қажетті комбинаторлық мүмкіндіктерді шектейді:

Мектепке дейінгі баланың сөйлеу дамуының деңгейін түсініп, бағалау үшін балалардың ана тілін меңгеру заңдылықтарының шартты эталоны ретінде Л.Н.Гвоздевтің материалдары бойынша құрастырылған “схема системного развитие нормальной детской речи” тізбегін қолданған жөн.Бұл үшін зерттеу барысында айқындалған сөйлеу жағдайын норманың шартты эталонының берілгендерімен салыстыру қажет,бұл бала сөйлеуінің аномальды даму стадиясын анықтауға және сондағы әртүрлі тіл компоненттер дамуының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

1.Егер бала сөйлегенде тек бөлек аморфты сөздерді пайдаланса, және оның сөйлеу практикасында бұл сөздердің өзара қосылуы жоқ болса,онда бұл жағдайды “ біржақты сөйлем” алғашқы периодының бірінші этапына жатқызуға болады.

2.Егер бала сөйлегенде 2-3 немесе 4 аморфты сөздерден құрастырылған сөйлемдерді олардың грамматикалық формасының өзгеруінсіз пайдаланса, олардың сөйлеуінде “субъекті әрекет” типті құрылымдар мүлдем жоқ болады, сөйлеу әрекетінің мұндай жағдайын екінші этапқа жатқызады.

3.Егер бала грамматикалық дұрыс құрастырылған сөйлемдерді қолданып басқа сөздері агроматикалық болса, бұл жағдайда екінші периодтың “бірінші сө түрі ” бірінші этабына жатқызуға болады.

4.Бала сөйлегенде сөздердің соңғы бөлігі дұрыс және дұрыс емес өңделген жағдай. “Флексикалық тіл жүйесін меңгеру” екінші периодтың екінші этабына жатқызуға болады.

5.Фразаның сөйлеу қабілеті бар және кейбір жағдайларда сөйлем құрылымдарн флексияларының есімдіктерінің дұрыс құрылысын қосып сөйлей алатын балаларды “ қолданылатын сөйлеу бөліктерін меңгеру ” атты екінші периодтың үшінші этабына жатқызады.

6.Жақсы дамыған баланың сөйлеуі “ Орыс тілі жүйесіндегі морфологиялық меңгеру ” атты үшінші периодына жатады.Ана тілінің конструктивті (морфологиялық) элементтерін пайдалану мүмкіндіктері ашылған баланың сөзс сөйлеу өзгеруіне көңіл бөлу қажет.

Грамматикалық форма төмендегідей жағдайларда меңгерілген форма болып саналады:

- егер ол мәні әр түрлі сөздерде кездессе;

- егер баланың айтылған сөзінің жоқ дегенде тағы да екі формасы болса;

- егер аналогия бойынша пайда болу жағдайлар болып қалса.

Сондықтан сөйлеу жетілмеген балалардың деңгейін анықтағанда сөйлеудің бұзылуын ғана емес, сонымен қатар оның меңгеруін де анықтау қажет.

Сөйлеу дамуының динамикасы әртүрлі жетілмеудің формаларында әртүрлі болып келеді.Кейбір жағдайларда әртүрлі диогностикалық топтардың балалары сөйлеу деңгейін салыстыра отырып –бір баланың сөйлеуінң дыбыстау жағы қалыптасуы ол басқасында сөздердің буын құрылысы, сөз өзгерту қабілеті көмек екеніне көз жеткізуге болады.

Сөйлеу дамуында әртүрлі жетілмеген балалардың ана тілінің құрылысын меңгеру процесін түсіну балалардың жалпы сөйлеу жетілуін жеңудің рационалды және эффектілі жолдарын таңдауын қамтамасыз етеді.Жалпы сөйлеуі жетілмеген балаларға логопедиялық әсер етудің негізгі мақсаты –балаларды өз ойларын байланыстырып кезегімен грамматикалық және фонетикалық жағынан дұрыс құрастырып қоршаған орта жайлы әңгіме айтып үйрету болып табылады.Бұл баланың метептегі оқуына,үлкенмен, кішімен араласуға,жеке тұлға ретінде қалыптасуға мәні өте зор жалпы сөйлеу дамуы бойынша төмендегідей жұмыс жүргізіледі.

-сөз қорын байыту

-мәтіннің мазмұнын айтып,әңгіме құрастырып үйрету

-тақпақ,өлеңдерді жаттап,жұмбақтарды шешіп үйрету.

Бұл бөлімде жай сөйлеу қабілеті бар балалармен логопедиялық жұмысты қарастырады.Бұл балалардың сөз қорында күнделікті қолданылатын лексикадағы сөздері жеткілікті болады:түсінетін сөздердің көлемі үлкеннің нормасына сай.Балалар өз, жолдастары жанында,өз өміріндегі кейбір эпизодтарды айтып бере алады.

Бірақ бала сөйлеуінің қорытындысы олардың сөйлеуі үлкеннің нормасына сай келмейтінің дәлелдейді:олардың дұрыс айтылған дыбыстардың өзі,өзіндік сөйлеуінде нақты айтылмайды.Бұл балаларға дифференциалды емес дыбыстауға сай,(негізінде ол ұяң,қатаң,үнділер) бұл жағдайда бір дыбыс бір мезгілде екі немесе одан да көп дыбыстардың орнына тұра алады.

Қарастырылған категориядағы балалардың фонетикалық жетілмеу негізінен акустико-артикуляциялы көрсеткіштерімен белгіленетін дыбыстардың дифференциал процессі кезінде көрсетеді.Бұл дыбыстау анализ синтез екеуінің пайда болуына әсер етеді.

Сөйлеу жетілмеуінің диагностикалық көрсеткіші болып күрделі сөздердің буын құрылысы, дыбыс буындарынң орнын ауыстырып, алмастыру,сөздегі дауыссыздардың кездесу кезіндегі қысқарылуы кезінде көптеген қателер табылады.

Лексикалық қателердің кең таралған түрі сөйлеу контактісінде сөздердің дұрыс қолданбауы, затың көп бөліктерін атын білмей бала заттың атымен атап,сонымен қатар сол затқа мазмұны жақын түрі ұқсайтын заттың атауымен атайды.Балалардың сөздігінде жалпы түсініктері аз болып, антонимдер мне синонимдер бола қоймайды. Мысалы заттың өлшемін сипаттағанда екі ғана түсінікті қолданады: үлкен, кіші, бұл екі сөзбен ұзын,қысқа,биік, аласа,толық, арық, кең т.б. сөздердің орнын толтырады. Жалпы сөйлеуі жетілмеген балалардың сөйлеуін қорытындысы айындалған агромматизмді бейнелейді. Көптеген балалар сөйлегенде зат есімнің жалғауларын өзгерткенде қателер жібіреді. Есімдіктерді пайдаланғанда да қателіктер жібереді.Фонетика, лексика саласындағы көрсетілген кемшіліктер әр түрлі монологиялық сөйлегенде айтылады.

Көңіл бөлінбеген жағдайда бала сөйлеуге белсенді болмайды.Үлкенге сұрақ қоймай,ойын ойнатпайды.Бұл балалардың сөйлеуге жеткіліксіз коммуникативті бағытын айқындайды. Баланың кейін сөйлеу дамуының қажеті шарттарының бірі:араласудың мотивациясын келтіру, өзі, жолдастары туралы үйіндегі, бала-бақшадағы әңгіме айтып ынталандыру.

Логопедиялық сабақтардың барысында баланың өз бетімен әңгіме құру үшін жағдай жасау қажет.Сонда баланың қоршауында жақсы эмоционалды ортаны жасау керек. Басқаша айтқанда баланың сөйлеуі негізінде тікелей сөйлеу мотиві болу керек.

Түзету жұмысына сөзбен, сөз тіркеспен,сөйлеммен жұмыс жасауда жатады.Түзету жұмысының көрсетілген бағыттары өзара тығыз байланыста.Мысалы жасау барысында іске асырылады.Түзету жұмыстардың нәтижесі темендегідей шарттардың сақтауына байланысты:

- жүргізудің жиілігі;

- күрделігінің жогарлауына байланысты тәртіпке баулуы;

- тыңдалған мақсатының тапсырмаларына табыну;

- жаттығулардың негіз мен мүшелері;

- сөйлеуге деген көңіл аударуды үйрету;

1.2 Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің сипаттамасы

Баланың сөйлеу тілі туа біткен процесс емес екенін көптеген авторлар дәлелдеген. Ол онтогенез барысында адамның әлеуметтік дамуымен байланысты. Сөйлеу тілінің дамуы мидің орталықтарының және оларды жалғайтын жолдарының қалпына, баланың ой-өрісі мен дене дамуына байланысты болады.

Баланың сөйлеу тілі дамуын зерттеген ғалымдардың көпшілігі (А. Н. Гвоздев, Г. А. Розенгард-Пупко, А. Н. Леонтьев) екі негізгі кезеңге бөледі: сөйлеу тілі шыққанға дейінгі (баланың туылған кезінен бір жасқа дейін) және сөйлеу тілі шыққан кезен (бір жастан кейін).

Сөйлеу тілі шыққанға дейінгі кезеңді дайындық кезен, деп атайды. Өйткені бұл кезде баланың сөйлеу тілін меңгеруге дайындық жүреді. Баланың туылған кезінен бастап дауыс реакциялары пайда болады.Олар айқай және жылау. Бірақ бұлар әлі де адамның сөйлеу тілінің дыбыстарынан бөлек. Сонда да айқай да, жылау да, сөйлеу аппаратының үш бөлігінің (демалу, дауыс шығару, артикуляция) әр түрлі қимылдарының дамуына әсерін тигізеді. Екі аптадан кейін бала айналасындағы сөйлеген адамның дауысына назар аударады, жылауын қояды, адамдар оған сөйлегенде «тыңдайды». Бір айдың аяғында баланы әлдилеп жұбатуға болады. Сөйлеген адамға басын бұрып және оның артынан көзімен қарайтын болады. Интонацияға (дауыс ырғағына) реакция береді: жылы және қатты сөйлегенді сезеді. Бұл кезде баланың уілдеуі әр түрлі интонациямен шығады. Ең бірінші пайда болатын дауысты дыбыстар (а, о, у, э). Содан кейін еріндік дыбыстар (б,п,м) пайда болады. Бұл физиологиялық ему процесіне байланысты. Ең соңында шығатын тіларты дыбыстар (к,г,х). Бұл физиологиялық жұту процесіне және тілдің түбінің көтеріңкі болуына байланысты (баланың шалқасынан жатуы). Уілдеу баланың еркіне байланысты емес. Ол өз бетімен пайда болады (рефлекторлы). Баланың 5-6 айында былдыр пайда болады (ба-ба-ба, ма-ма-ма, па-па-па, т.б.).

Былдыр дегеніміз белгілі дыбыстық комплекстердің, дауыссыз және дауысты дыбыстардың тіркестерінің пайда болуы. Уілдеу мен былдыр қарым-қатынас қызметін атқармайды.

7-8 айында бала ересектердің сөйлеу тіліне еліктейді. Бала естіген дыбыс тіркестерін заттармен және олардың іс-қимылдарымен сәйкестендіреді (тик-так, бух, бах). Бала міндетті түрде айналада тек қана дұрыс сөйлеу тілін есту керек. Бірақ бала әлі де ситуацияға, интонацияға, сөзге бір реакция береді. Ал 10-11айында сөздің өзіне реакция беретін болады (ситуацияға және интонацияға сүйенбей ақ). Бірінші жылдың аяғында балада алғашқы сөздер пайда болады. Осы кезеңде баламен жиі қарым - қатынаста болу керек. Баланың сөйлеу тілінің дамуы оның жеке ерекшеліктеріне байланысты. Бір бала бірнеше сөз айта алатын болса, екінші бала он шақты сөз қолданады. Бұл баланың соматикалық жағдайына, нерв жүйелерінің түріне, тәрбиесіне, т.б. байланысты. Баланың алғашқы сөздері шыққаннан бастап дайындық кезеңі аяқталады.

Сөйлеу тілі шыққан кезең өзара үш кезеңнен тұрады. Мектеп жасына дейінгінің алдынғы кезеңі бір жастан үш жасқа дейін созылады. Сөйлеу тілі оны құрайтын компонентері бойынша дамиды: дыбыс айтуы, сөздік қоры, грамматикалық құрылысы.

Сөйлеу тілінің фонетикалық жағының дамуында баланың күнделікті еститін сөйлеу тілінің маңызы зор. Бала осы кезде айналада тек қана дұрыс сөйлеу тілін естуі керек. Бұл кезеңде бала дыбыстарды алмастырып, шатастырып, бұзып айтады, немесе мүлдем айтпайды.

Баланың бірінші сөздері жалпылама мағынада қолданылады (бір сөзбен немесе дыбыс тіркестерімен бала затты, сезімін, өтінішін білдіреді). Мысалы, «су» деген «мынау су», «су бер», «су суық» дегенді білдіруі мүмкін. Баланы тек жағдайға (ситуацияға) қарай түсінуге болады. Сондықтан бұны ситуациялық сөйлеу деп атайды. Бұндай сөйлеуде бала ишара және мимика көп қолданады. Баланың сөздік қорының дамуы 2-3 жастың арасында белсенді болады. Әр түрлі авторлар баланың сөздік қорының толуы жайында әр түрлі сандық мәліметтер береді. Ең көп таралған мәліметтер мынандай:

1ж.6айда-10-15 сөз;

2ж. соңында – шамамен 300 сөз;

3ж. қараған шағында -1000 сөздің көлемінде.

3 жасқа қараған шағында балада сөйлеу тілінің грамматикалық жағы қалыптаса бастайды. Алғашқыда бала өзінің өтініштерін бір сөзбен білдіреді, содан кейін-қарапайым фразалармен. («Апа Мина шай іш» -Апа, Амина шай ішеді.).

Осы кезеңде балалардың ересектерді түсінуі сөйлеу қабылетіне қарағанда жоғары болады.

Келесі кезең – мектеп жасына дейінгі (3жастан 7 жасқа дейін ).

Сөйлеу тілінің фонетикалық жағының қалыптасуының ерекшеліктері: 3 жаста «ш», «ж,» «ч», «щ» дыбыстары «с», «з» дыбыстарына, «щ» дыбысы «ч»,«ть», кейде «т», «д» дыбыстарына алмастырып айтылады. Ысқырық дыбыстарды айтқан кезде тісаралық, тістөңіректік («с»=«т», «з»=«д»), еріндік-тістік ((«с»=«ф», («з»=«в») сигматизм байқалады. «Р», «л» дыбыстары «й», «ль» дыбыстарына, «қ», «г», «х» дыбыстары «т» немесе «д» дыбыстарына алмастырып айтылады.

4 жаста дыбыстардың айтуы тұрақсыз болады. Ысқырық дыбыстардың айтылуында тісаралық сигматизм байқалады. Жеке ызың дыбыстар дұрыс айтылады. Сонорлы «р», «л» дыбыстары әліде дұрыс айтылмайды, олар «й», «в» дыбыстарына алмастырылып айтылады.

Ысқырық, ызың және «к», «г», «х» дыбыстары 5-6 жастағы балада қалыптасқан болуы керек. Ал артикуляциясы күрделі «р» дыбысы 7 жасқа дейін қате айтылуы мүмкін.

Сөйлеу тілінің сөздік қорының дамуы: алғашқыда бала тек қана сөздің номинативтік функциясын менгереді. Сонымен қатар етістіктерді қолдана бастайды. Кейін басқа да грамматикалық категорияларды игереді: сын есім, есімдік, үстеу. А. Н. Гвоздевтің айтуы бойынша 3 жастағы балада грамматикалық негізгі категориялары толық қалыптасады. 4 жастағы бала өз тілінде жай және күрделі сөйлемдерді қолданады. 5 жастағы бала қосымша сұрақтарсыз тыңдаған әңгіменің мазмұнын өз бетімен айтып бере алады.

Осы жаста баланың фонематикалық қабылдау қабілеті де дамиды: алғашқыда бала дауысты және дауыссыз дыбыстарды, кейін-жіңішке және жуан дауыссыздарды, сонорлы, ысқырық, ызың дыбыстарды ажырата бастайды. 4 жасында қалыпты дамыған бала ана тілінің барлық дыбыстарын ажырата алуы керек, яғни оның фонематикалық қабылдау қабілеті толығымен дамыған болуы қажет.

Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының дамуы үш кезеннен тұрады: аморфты түбір-сөздерден тұратын сөйлемдер (1 кезең), сөйлемнің грамматикалық құрылысын игеру (2 кезең), ана тілінің морфологиялық жүйесін игеру (3 кезең).

Мектеп жасындағы кезең (7-17 жас).

Бұл кезеңде баланың сөйлеу тілі дамуының ерекшелігі - сөйлеу тілін саналы түрде игеруі. Балалар дыбыстық талдауды, грамматикалық ережелерді толығынан меңгереді. Сөйлеу тілінің жаңа түріне-жазбаша сөйлеу тіліне бастаушы роль беріледі.

Сонымен, мектеп жасында баланың сөйлеу тілінің қайта құрылуы байқалады - тіл дыбыстарын қабылдап, ажыратудан бастап сөйлеу тілінің барлық құралдарын саналы түрде қолдануы.

Әрине, әр кезең келесі кезеңге бір қалыпты ауысады. Баланың сөйлеу тілінің дамуы қалыпты және уақытынша өту үшін, оған жағымды жағдай болу керек: баланың соматикалық және психикалық денсаулығы мықты болуы; ойлау қабілеті қалыпты; есту және көру қабілеті қалыпты; қоршаған сөйлеу ортасы дұрыс болуы керек.

Шетел ғалымы П. Менюк сөйлеу тілінің дамуын өзгеше қарастыра отырып, оны 5 кезеңге бөледі: бірінші кезеңде (сөйлеу тілі шыққанға дейіннен былдырға дейін) айқай мен алғашқы вокализациясы бастапқы болады. Бұл кезеңде негізгі назар дауыс реакцияларының интонациялық сипатына аударылады. Баланың айқайына анасының жауабының маңыздылығы зор екенін ескереді. Сөйлеу тілі дамуының бірінші кезеңінде балалардың акустикалық тітіркендіргіштерді ажырату мүмкіндіктері байқалады.

Екінші кезең – «былдыр кезеңі». Бұл кезде балада дыбыстық белсенділігі дамиды, өз айқайын бақылай бастайды, әрі қарай есту түйсігінің (есту анализаторы арқылы әр түрлі дыбыстарды қабылдап, ажыратып, бойға сіңіру процесі) дифференциациясы байқалады.

Үшінші кезең -бір сөздік деңгейде қарым- қатынасқа түсу. Осы бастан баланың сөйлеу тілінің нақты дамуы басталады. Сөйлеу тілін қабылдауында да, сөйлеуінде де сапалы өзгерістер байқалады. Балада айтылған сөздің ұзақтылығын байқай алатын мүмкіншілік туады. Моторлы және сенсорлы сөйлеу тіл арасында алғашқы рет өзара байланысы пайда болады.

Төртінші кезең – екі сөздік деңгейде қарым-қатынасқа түсу. Бұл синтаксистің дамуының бастауыш кезеңі. Сөйлеу тілінің грамматикалық категорияларын меңгеруі бесінші кезеңде басталады.

Қарастырылған кезеңдерге бөлу сөйлеу тілінің дамуының кешеуілдеу және бұзылуының механизмін түсінуге мүмкіншіліктерін кеңейтеді.

А.Н.Леонтьев бала тілінің дамуында 4 кезеңді белгіледі:

І кезең – дайындық – 1 жасқа дейін;

ІІ кезең – тілді бастапқы меңгеру мектепке дейінгінің алдыңғы кезеңі – 3 жасқа дейін;

ІІІ кезең – мектепке дейінгі кезең – 7 жасқа дейін;

ІV кезең – мектептік – 17 жасқа дейін.

ІІ кезең – мектепке дейінгінің алдыңғы (1 жылдан 3 жасқа дейін) кезеңі.

Баланың алғашқы сөздері жалпылама-мағыналық сипатын иеленеді. Бір сөзбен немесе дыбыстық тіркеспен ол затты да, өтінішті де, сезімді де белгілеуі мүмкін. Баланы тек белгілі бір жағдайда ғана түсінуге болады. Сондықтан осындай сөйлеу тілі жағдайлық деп аталады. Жағдайлық сөйлеу тілін ым-ишарамен, мимикамен жетелейді[2].

1,5 жастан бастап сөз жалпылама сипатына иеленеді. Ересекпен сөз арқылы түсіндіруін ұғу, білімдерді меңгеру, жаңа сөздерді есте сақтау мүмкіндігі пайда болады.

Енді біз дыбыстардың пайда болу заңдылықтарына үңілейік. Ең алдымен балаларда жабысыңқы-жарылғыш (еріндік (п, п', б, б'), тілалды (т, т', д, д')) және жабысыңқы-өткізгіш (еріндік (м, м'), тілалды (н, н', л, л')) дыбыстар пайда болады. Еріндік дыбыстардың алдымен пайда болу себебі 1-ден 2 жасқа дейін балаларда еріндер ең белсенді және қозғалмалы болып келеді. 2 жасында [п], [п'], [б], [б'], [т], [т'], [д], [д'], 2,5 жасында [м], [м'], [н], [н'], [ң] дыбыстары шықса, ал [л], [л'] дыбыстары 3,5 жасқа қарай ғана пайда болады. Осы артикуляцияның бірінші түрі болып саналады.

Артикуляцияның екінші түрі балада саңылаудың (артикуляция мүшелерінің белсенділігі) пайда болуына негізделеді. Саңылаулы (фрикативті) [ф], [ф'], [в], [в'] (еріндік-тістік) дыбыстары 1 жыл 8 айдан 1 жыл 10 айға дейінгі аралықта пайда болады. Ал [с], [с'], [з], [з'] (тілалды) дыбыстары 2 жыл 2 айда шығады. 2,5 жасқа қарай [j] (тілортасы), 2 жыл 6 және 2 жыл 7 айларында [х], [х'], [һ] (тіларты), 2 жастың аяғына қарай [к], [к'], [г], [г'], [қ], [ғ] дыбыстары пайда болады. 3 жасқа қарай балаларда барлық дерлік дыбыстары қалыптасады. Бірақ олар басқа дыбыстармен алмасуы мүмкін.

Артикуляцияның үшінші түріаффрикаттар. Ол 2-жастың аяғына қарай пайда болып, жабысыңқы мен саңылаудың тез ауысуынан шығады. Бірінші аффрикат [ц] ([т] мен [с] дыбыстарының қосындысы) 2 жыл 4 және 2 жыл 6 айларында, 4 айдан кейін екінші аффрикат [ч] ([т] және [щ] дыбыстарының қосындысы), яғни 2 жыл 8 және 2 жыл 10 айларында пайда болады.

Артикуляцияның ең ауыр және соңғы, төртінші түрі келесі кезеңде көрсетіледі.2 және 3 жаста балада сөздік қордың жиналуы байқалады.

Әр түрлі зерттеушілер балалардың сөздік қоры туралы әр алуан сандық мағлұматтарды көрсетіп кеткенін белгілеген жөн.

Осы кезеңде балалардағы сөдік қордың қарқынды дамуы туралы кең таралған мағлұматтарды келтірейік: 1 жыл 6 айға қарай – 10-15 сөз; 1 жылдың аяғына қарай – 300 сөз (6 ай ішінде 300-ге жуық сөз); 3 жасқа қарай 1000-ға жуық сөз (яғни бір жыл ішінде 700-ге жуық сөз).Сөздің мағынасы нақтылана бастайды.3 жасқа қарай балада сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы қалыптаса бастайды[3].

Ең алдымен бала өз тілегін, өтінішін бір сөзбен айтады. Кейін арасында байланысы жоқ қарапайым сөз тіркестерін қолданады. Одан әрі сөздер арасындағы байланыс элементтері және сөйлемдегі сөздердің бағынуы біртіндеп пайда болады.

2 жасқа қарай балалар зат есімнің жекеше және көпше түрлерінің, етістіктер шақтарының формаларын қолдану дағдыларын меңгере бастайды, кейбір септік жалғауларын қолданады.Осы кезде ересектердің сөйлеуін түсінуі дыбыстау мүмкіншілігінен біршама асып түседі.

ІІІ кезең – мектепке дейінгі (3-тен 7 жасқа дейін) кезең.

Осы кезеңде артикуляция түрлерін қарастырайық, яғни дыбыстардың пайда болу кезектілігін байқайық.

Бірінші, екінші және үшінші артикуляция түрлерін алдыңғы кезеңнен көрсек, енді төртінші кезеңге көшейік. Артикуляцияның төртінші түрідіріл (вибрация). Ол тіл арқасындағы ортаңғы бөлігінің және тіл ұшы бұлшықеттерінің қалыптасуында ғана ([р], [р'] дыбыстарын дұрыс айту), яғни 4 жаста пайда болады (қалыпты дамыған балада 2 ай ерте немесе кеш дамиды).

3 және 7 жас аралығында балада өзінің дыбысталуын есту арқылы бақылау дағдысы, кейбір мүмкін болған жағдайда оны түзету білігі аса дамиды, басқаша айтқанда, фонематикалық қабылдауы қалыптасады.

Бұл кезеңде сөздік қордың тез ұлғаюы жалғасады. Балаланың белсенді сөздік қоры 4-6 жасқа қарай 3000-4000 сөзге жетеді. Сөздің мағынасы одан әрі нақтыланады және біршама байытылады. Бірақ балалар жиі сөздерді қате түсінеді немесе қолданады. Осымен қатар мұндай көрініс «тілді сезуді» куәландырады. Бұл балада сөйлеу арқылы қарым-қатынасы тәжірибесінің өсуін білдіреді және оның негізінде тілді сезінуі, жаңа сөздерді шығару қабілеті қалыптасады[4].

4 жастағы балалар сөйлеуінде жай және күрделі сөйлемдерді қолданады. Осы жаста дыбыстаудың аса таралған формасы – жай, жайылма сөйлем (Мен қуыршаққа әдемі көйлек кигіздім. Мен жігітпін).5 жастағы балалар салалас және сабақтас сөйлемдердің құрылымымен салыстырмалы оңай қолданады.

Осы жастан бастап балалардың сөйлеуі қысқа әңгімені еске түсіреді. Әңгімелесу кезінде олардың сұраққа жауабы сөйлемдердің көп және одан да көп сандарын өзіне қосады.

Мектепке дейінгі кезеңнің аралығында контекстік сөйлеу (жалпыланған, көрнекілік тіректен айырылған) біртіндеп қалыптасады. Контекстік сөйлеу ең алдымен баламен ертегі, әңгіме айтқан кезде, кейін оның жеке тәжірибесінде болған қандай да бір жағдайды, оның өзіндік уайымын, әсерін бейнелеу кезде пайда болады

 

1.3 Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуының алдын алуының негізгі бағыттары

Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға əлеуметтік жəне медициналық-педагогикалық түзете қолдау көрсету туралы» заңы дамуында проблемалары бар барлық балаларға арнайы түзету көмегін көрсетуде кепілдік береді. Аталған балалардың ішінде ең үлкен топты құрайтындар – сөйлеу тілі дамымаған балалар. Балалардың бұл категориясына сөйлеу тілінің жан-жақты бұзылыстары тəн.

Сөйлеу тіл құралдарының жетіле дамымауы танымдық жəне эмоциялы- ерік аясының деңгейін төмендетеді де, мектеп бағдарламасын меңгерудегі қиындықтарға, əсіресе жазу мен оқуды меңгеруге кері əсерін тигізеді. Осыған байланысты, жалпы сөйлеу тілі дамымаған (кейін ЖСТД деп аталады) балалармен мектеп жасына дейінгі кезеңде жүргізілетін түзете-дамыту əрекетінің тиімді мазмұнын белгілеу мəселесі туындап отыр.

Оған сəйкес, балалардың сөйлеу тілінің кемістіктері ғана жойылып қоймай, олардың жалпыдамуына əсер етіп, мектепте оқуға дайындап, ол жердегі проблемаларын болдырмас еді. Осы міндетті шешумен арнайы мектепке дейінгі мекемелерде оқытып тəрбиелеудің қағидаларын белгілеу жəне жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың мектептегі оқу үлгерімі байланысты болып келеді.

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектеп жасына дейінгі қазақ тілді балаларды оқытып тəрбиелеуде қазіргі заманға сай бұзылысты түсіну жəне оны түзету процесінің бағыттарын көрсету қажет. Оқытып тəрбиелеудің теоретикалық негізін атақты ресейлік ғалымдар: Л.С. Выготский, А.В. Запорожец, Р.Е. Левина, Т.Б. Филичева, Т.Б. Филичева, Г.В. Чиркина, жəне т.б. балалардың қалыпты жəне патологиялық жағдайдағы психикалық дамуының негізгі заңдылықтарын құруға арналған, түзету мен дамытудың сəйкестігіне, бұзылыстардың біріншілік жəне екіншілік сипатын зерттеуге жəне «дамудың өзекті аймағы мен дамудың жақын аймағы» туралы фундаменталді жайларға арналған зерттеулері құрайды.

Сөйлеу тілінде кемістіктері бар балалармен түзету жұмысын жүргізу барысында ескерілетін қағидалар - сөйлеу тілінің ақаулықтарын түзету процесінде логопедпен балалардың іс-əрекетін белгілейтін жалпы жағдайлар. Логопедиялық əсер етуді түзете-дамыта оқытып тəрбиелеудің міндеттері іске асырылатын педагогикалық үрдіс ретінде қарастыруға болады. Түзете оқытуды ұйымдастыру процесінде жалпыдидактикалық қағидалар (оқытудың тəрбиелік мəні, ғылымилық, жүйелілік жəне кезектілік, қолжетерлік, көрнекілік, саналылық жəне белсенділік, баланың жеке ерекшелігін ескеру) үлкен мəнге ие.

Сөйлеу тіл бұзылыстарын түзеткенде олардың пайда болуына себепші болған этиологиялық факторлардың ерекшеліктерін ескеру қажет. Оларға ішкі, сыртқы, биологиялық жəне əлеуметтік-психологиялық факторларды жатқызуға болады.

 Мектеп жасына дейінгі ЖСТД балалардың сөйлеу тіл ерекшеліктерін, психикалық процестерінің өзгешелігін ескере отырып, олармен оқыту жəне тəрбиелеу, түзету жұмысын ұйымдастырғанда негіз ретінде төмендегідей қағидаларға сүйенген жөн:

1. Бұзылысты жоюдағы жүйелілік қағидасы. Құрылымдық компоненттері тығыз байланысты сөйлеу тілі- күрделі функционалды жүйе деген түсінікке сүйенеді. Логопедиялық жұмыста ақаулықтың құрылымын, жүргізуші бұзылысты, біріншілік жəне екіншілік бұзылыстардың өзара қатысын белгілеуді көздейді. Осыған сай сөйлеу тілі кемістігін түзету функционалды сөйлеу жүйесінің барлық жағына (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық) əсер етуді көздейді. Аталмыш қағида түзете- дамыту əрекетінің нəтижесін болжауға мүмкіндік береді.

 2. Онтогенетикалық қағида – балалардың тілін онтегенездегі ерекшеліктеріне (балалардың сөйлеу тілінің қалыпты жағдайда даму заңдылықтарын ескеру) сүйене отырып дамыту, себебі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (ЖСТД) балалардың сөйлеу тілі қалыпты дамыған баланың бойындағы заңдылықтар бойынша дамиды. Логопедиялық əсер етуəдістемесін құрастыру сөйлеу тілінің түрлері мен функцияларының пайда болу кезектілігін жəне онтегенездегі баланың іс-əрекет түрлерін ескеріп жүргізіледі. Баланың сөйлеу функциясының қалыптасуының объективті жəне субъективті жағдайларын талдау, жүргізуші ақаулықты жəне соның салдарынан күрделенген психикалық дамуының кемістіктерін айқындау көзделеді.

3. Сөйлеу тілінің психикалық дамудың басқа жақтарымен байланысы қағидасы. Бұл қағида сөйлеу тілінің басқа психикалық процестермен қалыптасуының өзара байланысын ашады. Сөзсіз психикалық процестердің (зейін, ойлау, есте сақтау, қабылдау, т.б.) даму барысында сөйлеу тілі дамуы үшін, жазбаша сөйлеу тілін меңгеру үшін қажетті психологиялық қор қалыптасады.

4. Екіншілік бұзылыстардың алдын алу мақсатында сөйлеу əрекетіне ерте əсер ету қағидасы. Қазіргі уақытта ерте басталған түзету жұмысының тиімділігі дəлелденіп отыр. Сондықтанда бүгінгі күні 2-3 жастағы жалпы сөйлеу тілі дамымаған (ЖСТД) балаларға арналған топтар (бірінші кішкентайлар тобы) ашылуда.

5. Мектепке дейінгі мекемеде жəне отбасында түзете-оқыту процесінің үздіксіз жəне кешенділік қағидасы (ата-ана, логопед, тəрбиешілер жұмысындағы келісімділік т.б.). Кешенділік талаптары сабақтарда, күн тəртібін орындау барысында, отбасы жағдайында жəне т.б. жалпы жəне түзету педагогикасының, педагогикалық жəне арнайы психологиядағы əдістер, əдістемелер, тəсілдер мен құралдарды, логопед пен тəрбиеші сабақтарында қалыптастырылған сөйлеу біліктерін жəне танымдық дағдыларын бекіту мақсатында қолдану қажеттілігін көздейді.

6. Кешенділік қағидасы. Сөйлеу тілі бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін жəне механизмін ескеруді көздейді. Сөйлеу тілі бұзылыстары көбінесе жүйке – психикалық аурулар синдромына қосылады (дизартрия, алалия, тұтықпа т.б.), сондықтан баланың сөйлеу тіліндегі ақаулықты түзетуге бағытталған логопедиялық көмектен басқа оны медициналық – психологиялық жағынан қолдау қажет.

7. Шоғырландыру қағидасы. Түзете-дамыту əрекеті бір лексикалық тақырып ішінде бір кезеңнен екіншіге өту барысында күрделенеді. Осы қағидаға сəйкес, оқыту жəне тəрбиелеу жұмысында берілген оқыту кезеңдері өзара байланыста болуы қажет: оқытудың мазмұны əр кезеңде балаларды жаңа, күрделі материалды меңгеруге дайындайды.

8. Бірізділік қағидасы. Бір жағдайларда тақырыптық пəнаралық байланыс болса, басқа жағдайларда педагогикалық ойы бойынша жалпы болады. Бұл қағиданың іске асырылу мақсатында оқу материалы қайталанып отырады да, ЖСТД балаларда тұрақты біліктер мен дағдылар қалыптасады.

9. Жеке жəне дифференциалды көзқарас қағидасы түзете-дамытуəрекетінде сөйлеу тілі б


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: