Модуль бойынша тапсырма

СИЛЛАБУС

 

__________________________ Философия ____________________пәнінен

 

бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламаларына және мамандықтарынаарналаған

 

                                                 ____ 5 ____ академиялық кредит көлемінде

 

 

Талдықорған қ., 2019

Құрастырушы(лар):_ С.К.Рахипова ф.ғ.к., қауымд.проф. (доцент) м.а., А.К.Берикова ф.ғ.к., қауымд.проф. (доцент) м.а., Л.С. Нурбосынова ф.ғ.к., қауымд.проф. (доцент) м.а., Г.А. Мирзакулова аға оқытушы, дінтану магистрі _________________________

 

 

Рецензент(тер):_ Қ.Рысбеков ф.ғ.к., жалпы университеттік әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымд. проф. (доцент) м.а. _____________________________

                  

 

 

Силлабус _ жалпы университеттік әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды және бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламалары  және мамандықтары бойынша оқу үрдісіне енгізілуге ұсынылды.

Хаттама №______ «___»_______________ 2019 ж.

Кафедра меңгерушісі ____________________Рахипова С.К.

                                                  

 

Силлабус жалпы университеттік әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы әдістемелік тобының отырысында қарастырылды және бекітуге ұсынылды.

Хаттама №______ «___»_______________ 2019 ж.

КӘТ төрайымы ___________________ Берикова А.К.

                                 

 

Модульдік анықтама

1. Негізгі мәліметтер

Код, білім беру бағдарламасы   1 курс – бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламаларына арналған 2 курс – бакалавриаттың барлық мамандықтарға арналған  
Пәннің атауы / Цикл/ Компонент түрі/ Философия
Курс, семестр 1-2 курс, 1-4 семестр
Академиялық кредит саны/ сағат   5/ 150 (45 сағ.аудиториялық (дәріс - 30 сағ., іс-тәжірибе - 15 сағ.), ОБӨЖ - 30 сағ., БӨЖ - 75сағ.
Әзірлеуші   Жалпы университеттік әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары: Рахипова С.К., ф.ғ.к., қауымд.проф. (доцент) м.а. Берикова А.К., ф.ғ.к., қауымд.проф. (доцент) м.а. Нурбосынова Л.С. ф.ғ.к., қауымд.проф. (доцент) м.а. Мирзакулова Г.А. аға оқытушы, дінтану магистрі
Тьютор: Email: Телефон: Рахипова Сайра Касымовна sayra.76@mail.ru 87714877380 Берикова Айган Калиевна aganymberikova@mail.ru 87772677409 Катенов Амангельды Камалович 8777 3252393 Рысбеков Кадир Койшыбекович 87029115525 rysbekov1980@mail.ru Нурбосынова Лаура Сакеновна 73256@inbox.ru 87072903004 Мирзакулова Гулнур Алтинбековна mirzakulova.gulnur@mail.ru 87472474643

2. Пререквизиттер мен постреквизиттер

Пререквизиттер   Қазақстан тарихы (мектеп бағдарламасы)          
Постреквизиттер   Ғылым философиясы және тарихы

3. Қысқаша сипаттамасы

Жаңартылған жалпы білім беру пәнінің «Философия» мазмұны студенттердің бойында сананың ашықтығы, өзіндік ұлттық код, ұлттық сана-сезім, рухани жаңғыру, бәсекеге қабілеттілік, реализм және прагматизм, сыни ойлау, білімге ұмтылыс қасиеттерін қалыптастыруға, олардың әділдік, намыс, еркіндік және тағы басқа дүниетанымдық ұғымдарды игеруіне, сонымен қатар, толеранттық құндылықтарын, мәдениетаралық сұқбат пен бейбіт өмір сүру мәдениетін нығайтуға және дамытуға бағытталған.

Философияның қазіргі заманғы маман дайындау жүйесіндегі рөлі оның зерттеу объектісі - адам және оның табиғат пен қоғаммен арақатынасы - аркылы анықталады. Философия адамның көзқарастық, адамгершіліктік және өмірмәндік құндылықтарын қалыптастырады.

 

4. Мақсаты мен міндеттері

  «Философия» пәнін окытудың мақсаты: студенттердің философияны дүниені танып-білудің ерекше формасы ретінде түсінуін қалыптастырып, олардың келешек кәсіби қызметтері аясында оның негізгі тараулары, мәселелері мен әдістері туралы тұтас білім беру.

  «Философия» пәнін оқытудың міндеттері:

- қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну аясында білім алушылардың философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерін игеруі;

- студенттердің бойында философиялық рефлексияны, өзін-өзі сараптау және адамгершіліктік өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру;

- ғылыми зерттеу қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық және шығармашылық әлеует қалыптастыру.

5. Оқыту нәтижелері

Қоғамның дамуының негізгі кезеңдерін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде белсенді азаматтықтық көзқарасты көрсету, қазақстандық қоғамды жаңғыртудағы қоғамдық-саяси, мәдени институттардың ерекшеліктерін және рөлін талдау.

6. Қалыптасатын құзыреттер

Заманауи әлемдегі ұтқырлық пен сыни ойлау қабілетіне ие кең ой-өрісі бар интеллектуалды және шығармашылық адам.

7. Сандық технологиялар және инновациялық оқыту әдістері

1) студентті оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын оқыту әдісі, ол студенттердің де оқыту үрдісіне рефлексивті көзқарасына негізделген;

 

2) біліктілікке бағытталған оқыту;

3) әртүрлі форматтағы рөлдік ойындар және оқу пікірталастары;

4) кейс-стади (нақты жағдаяттарды сараптау);

5) жобалар әдісі.

 

Бағалау саясаты

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкіле және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
А 4,0 95-100

Өте жақсы

А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89

Жақсы

В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74
С 2,0 65-69

Қанағаттанарлық

С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D- 1,0 50-54
FX 0,5 25-49

Қанағаттанарлықсыз

F 0 0-24

Білімді жалпы бағалау

Бағаланатын позиция 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау (CA) 7 7 Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
БӨЖ (SW) 2 2 Әрбір БӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11,14 апталар
Аралық бақылау (ME) 1 1 Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Жіберілу рейтенгісі 1

R1 = (CA+SW)/9*0,6 + ME*0,4

100 8 апта
Жіберілу рейтенгісі 2

R2 = (CA+SW)/9*0,6 + ME*0,4

100 15 апта
Академиялық кезеңдегі жіберілу рейтенгісі

R = (R1+R2)/2

100 15 апта
Емтихан

E

100 16-17 апталар
Қорытынды баға

I = R*0.6+E*0.4

100  

Бағалау критерийлері

Бақылау түрі

Оқу нәтижесіне қол жеткізуді бағалау және материалды меңгеру деңгейі

Максималды мәні Оптималды мәні Минималды мәні
Ағымдық бақылау: Дәріс: - философияның пәнін, кызметтерін, негізгі бөлімдерін және бағыттарын түсінеді - әлемдік және қазақ философиялық ойының негізгі даму кезеңдерін біледі - философияның адам мен қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындайды Ic-тәжіребелік/ семинарлық/ зертханалық/ жеке дара сабақ: - философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұнын сипаттайды                                 - мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен мазмұнына түсініктеме жасайды - негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздейді 100 40   10   15     15 60   15   20     25 75 30   8   11     11     45   11   15     19 50 20   5   7,5     7,5     30   7,5   10     12,5
БӨЖ: - арнайы философиялық терминологияны және философияның категориялық-ұғымдық аппаратын біледі - философиялық түпнұска мәтіндерімен шығармашылық және сыни түрде жұмыс жасайды - зерттеліп отырған философиялык сүрақтар бойынша өз ойларын логикалық түрде баяндайды - философияның әртүрлі мәселелері бойынша өзіндік көзқарасын қалыптасқан және оны дәлелді түрде жеткізе алады                                100 15     28     28     29 75 10     20     20     25 50 8     10     15     17
Аралық бақылау: - философияның өзекті мәселелері бойынша философиялық сүхбат және пікірталас жүргізе алады                                 - қазіргі заманғы отандык және әлемдік философияның өзекті мәселелерін талдайды - дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктейді - философияның іргелі мәселелерін, олардың қойылу ерекшеліктерін және философияның қалыптасу үрдісінде шешілуін түсінеді                                100 15     28   28   29 75 10     20   20   25 50 8     10   15   17
Қорытынды бақылау: - көпшіліктің алдында сөйлеу және өзіндік көзқарасын жазбаша түрде дәлелді баяндайды және корғайды                                 - философиялық білімдерді әртүрлі жеке жағдайларда және коғамдық қүбылыстарды сараптауда қолдана біледі - қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адами ұстанымын қалыптастырады және сауатты дәйектей алады - кәсіби саладағы мәселелерді терең теориялық талдай алады және   Қолданады. 100 15     28     28     29 75 10     20     20     25   50 8     10     15     17

Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Апта

Тақырып / Бағдарламалық сұрақтар

Әдебиет

Сабақтар бойынша еңбек қарқындылығы, сағаттар

Дәріс

Іс-тәжір.

Зертхан.

Жеке дара

ОБӨЖ

Модуль 1 «Философияның пайда болуы және дамуы»

 
1 2 Философияның пәні мен әдісі · Философия - даналыққа құштарлық · Философия және дүниетаным · Философияның қызметтері, негізгі бағыттары

[7] –Б.4-20;

[4] – Б.9-14;

 

[1] – Б.11-23

4

2

4

Модуль 2 «Дүниені философиялық түсінудің негіздері»

3 Сана, рух және тіл · Сананың шығу тегі мен мәні: негізгі концепциялар   · Сана құрылымы, феномендері · Сананың гносеологиялық, онтологиялық мәселелері · Ойлау және тіл. 

 

[1] –Б.293-325;

[2] – Б.272-313;

 

2

1

2

4 Болмыс · Онтология – болмыс туралы ілім. · Болмыс және бейболмыс. Болмыс және метафизика

[7] –Б.172-200;

[3] – Б.68-81;

[4] – Б.257-293;

 

2

1

2

5 Таным және шығармашылық · Таным философиялық мәселе ретінде. · Ақиқат пен адасу. Таным және шығармашылық · Шығармашылық және интуиция.

[7] –Б.214-227;

[3] – Б.135-151;

[4] – Б.195-233

2

1

2

6 Білім, ғылым, техника және технологиялар · Қазіргі ғылымның жетістіктері және оның себептері.  · Ғылым және техника · Қазақстан ғылымы дамуының келешегі.  · «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

 

 

[6] – Б.10-40;

[16] – Б.52-84;

 

2

1

2

Модуль 3 Адам философиясы және құндылықтар әлемі

7

Адам

· Адам   және Ғалам.

· Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелегі

· Христиандық антропология: Адам Құдайдың бейнесі ретінде

· Қазақ философиясындағы адам мәселесі.

  [7] – Б.252-263; [5] – Б.11-55; [4] – Б.179-190;    

2

1

2

8

Өмір және өлім. Өмірдің мәні

· Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім).

· Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.

· Махаббат – адамның өмір сүру

мәні.  

  [5] – Б. 55-89; [4] – Б.190-204;  

2

1

2

9

Құндылықтар философиясы

· Аксиология және адамгершілік. Этикалық ілімдердің тарихи типтері. 

· Құндылықтар теориясының негіздері. 

· Негізгі этикалық категориялар (парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік).

  [7] – Б.263-273; [2] – Б.313-342;  

2

1

2

10

Еркіндік философиясы

· Философия тарихындағы еркіндік ұғымы.

· Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік.

· Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік. 

·  Еркіндік – қазіргі демократиялық мемлекеттердің негізгі идеалдарының бірі.

  [3] – Б.172-192;   [8] – Б.140-152    

2

1

2

11

Өнер философиясы

· Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде.

· Негізгі эстетикалық категориялар: сұлулық – ұсқынсыздық, трагикалық-комедиялық, асқақ-төмен.

· Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және және әлеуметтік қызметтері.

· Ұлттық аспаптар қобыз, домбыра көшпенділердің рухани мәдениетінің көрінісі ретінде.

  [14]– Б.52-70   [7] – Б.264-280  

2

1

2

 Модуль 4. «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан философиясы

12

Қоғам және мәдениет

· Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам философиялық ұғым ретінде. 

· Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам. Постиндустриалдық қоғам.

· Мәдениет – қоғам болмысының формасы. Материалдық және рухани мәдениет. 

· Қазақтардың ұлттық мәдениеті – қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің негізі

[25] – Б.15-60   [22] – Б.130-152 2

1

2

13

Тарих философиясы

· Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау

· Адамзат тарихы: өткені-бүгіні-болашағы.Тарихтың мақсаты, мәні, бағыты мәселесі.

· Формациялар және өркениеттер. Шығыс-Батыс. Өркениеттер қақтығысы.  

· Қазақстанның эволюциялық дамуы –елдің гүлдену мүмкіндігі.          

  [3] – Б.244-258   2

1

2

14

Дін философиясы

· Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім.

· Діннің алғашқы формалары

· Буддизм және оның негізгі бағыттары.

· Христиан дінінің пайда болу тарихы

және негізгі формалары.

· Ислам. Исламның қалыптасуы, Догматикасы және тарихиформалары.  

  [24] – Б.51-179 2

1

2

15

Рухани жаңғырудың негізгі бағыттары

· Кеңістік-уақыттық континуумдағы «Мәңгілік Ел» және «Ұлы Дала» категориялары.

· «Рухани жаңғыру» жобасы – ХХІ ғасырдағы

· Қазақстан дамуы болашағын айқындайтын маңызды құжат.

· Қазақстанның қоғамдық санасын жаңғыртудың негізгі бағыттары.         

                 

  http://www.akorda.kz/ru 2

1

2

                           

Білімгердің өзіндік жұмысының жоспары

БӨЖ арналған тапсырма Бақылау түрі Өткізу мерзімі (апта)
1 1 модуль бойынша тапсырма 1. М. Хайдеггердің онтологиясының негізгі категориялары туралы шығармашылық жұмыс дайындау (30 балл). 2. «Үңгір аллегориясы: қазіргі окыту» тақырыбына сараптау жұмысын дайындау/ Д.Джонстон, «Философияның кысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін»/ (35 балл). 3. Қоғамдық сананы модернизациялаудағы сыни ойлау тақырыбына шығармашылық жоба дайындау /Б.Рассельдің «Сыни ойлаудың он қағидасы» еңбегін қолдана отырып презентация даярлау / (35 балл).     Шығармашылық жұмыс   Сараптау жұмысы   Презентация даярлау  4 апта
2 2 модуль бойынша тапсырма 1. Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазіргі мәдениеттегі ақпараттың рөлін гносеологиялық талдау негізінде «білім-ақпарат» салыстырмалы кестесін жасау (25 балл). 2. Индуктивті және дедуктивті ойлаудың салыстырмалы талдауын жасаныз / бір ойшылдың өз тандау бойынша еңбегін мысалға алып/ (25 балл). 3. Скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы туралы эссе негіздеме жазу (25 балл). 4. Абай философиясындағы адам мәселесі туралы эссе дайындау (25 балл).     Салыстырмалы кесте дайындау   Салыстырмалы талдау жасау   Эссе жазу     Эссе жазу    7 апта
3 3 модуль бойынша тапсырма 1. «Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары» тақырыбына эссе пайымдау жазу (30 балл). 2. Қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі туралы шығармашылық жұмыс дайындау /реферат, презентация/ (35 балл). 3. Адам өміріндегі өнердің рөлі туралы презентация дайындау (35 балл).     Эссе пайымдау жазу   Реферат/презентация дайындау презентация дайындау  11 апта
4 4 модуль бойынша тапсырма 1. Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам дамуының негізгі концепцияларына сараптамалық шолу жасау (30 балл). 2. Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім тақырыбына эссе жазу (35 балл). 3. Қазіргі жаһандық мәселелерді түсінудегі және шешудегі философияның рөлі туралы ғылыми ізденістік жоба дайындау (35 балл).     Сараптамалық шолу жасау Эссе жазу   Ғылыми жоба дайындау  14 апта

БӨЖ орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар       

1 модуль тапсырмалары:

1. «М. Хайдеггердің онтологиясының негізгі категориялары» туралы шығармашылық жұмыс дайындау. Шығармашылық жұмысты дайындау кезінде болмыс категориясының деңгейін кезең-кезеңмен негіздеу, негізгі терминдер мен ұғымдарды бөлу керек. Болмыстың философиялық түсінігін, онтология бөлімінің тарихи және қазіргі заманғы философиялық және ғылыми тұжырымдамалары арқылы адам болмысының құрылымын анықтаңыз. Бұл сізге философия үшін іргелі мәселені анықтауға және болмыс категориясының сыртқы және ішкі мән, шындық, диалектика ретінде негіздеуге көмектеседі

2. «Үңгір аллегориясы: қазіргі окыту» тақырыбына сараптау жұмысын дайындау /Д. Джонстон, «Философияның кысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін»/ жұмысын пайдалану ұсынылады. Платонның «Үңгір аллегориясы» жұмысын оқып, конспект жасап, оны интерпретациалау.

3. «Қоғамдық сананы модернизациялаудағы сыни ойлау» тақырыбына шығармашылық жоба дайындау /Б.Рассельдің «Сыни ойлаудың он қағидасы» еңбегін қолдана отырып презентация даярлау / Жобаның әдісін қолдану, осы әдістің көмегімен студенттер аналитикалық және бағалау дағдыларын көрсетуге және жетілдіруге, командада жұмыс істеуге үйренуге, қойылған мәселенің неғұрлым ұтымды шешімін табуға мүмкіндігі бар. Жоба тақырыбын, оның түрін, қатысушылардың санын таңдаудан бастау керек. Арнайы әдебиет пен көздерге жүгіну қажет.

модуль бойынша тапсырма

1. Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазіргі мәдениеттегі ақпараттың рөлін гносеологиялық талдау негізінде «білім-ақпарат» салыстырмалы кестесін жасау.

Бұл тақырыпты оқу және салыстырмалы схема түрінде рәсімдеу білім гносеология, қазіргі мәдениеттегі ақиқат мәселелерін қарастыруды қажет етеді. Тұңғыш президенттің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»: мақаласындағы келесі аспектілерін анықтау:

- «Мәдени мұра» бағдарламасы.

- Жаңа гуманитарлық білім.100 жаңа кітап

- 100 жаңа есім.

- Мәңгілік ел.

- Ұлы даланың жеті қыры

2. Индуктивті және дедуктивті ойлаудың салыстырмалы талдауын жасаныз / бір ойшылдың өз тандау бойынша еңбегін мысалға алып/ Индуктивтік және дедуктивтік ойлаудың салыстырмалы талдауын қайта жаңғырту және шетелдік немесе отандық ойдың бір ойшылының жұмыстарының мысалында талдау жасау қажет. Танымда индуктивті және дедуктивтік ойлауды негіздеу және философиялық-дүниетанымдық аспектіде маңыздылығын анықтау.

Философиялық дүниетанымға тән индукция және дедукция диалектикасының мәнін ашу.Осы арнада өтетін қазіргі заманғы процестерге сипаттама беріңіз және олардың Қазақстанның үшінші модернизациясындағы рөлін анықтаңыз.

3. Скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы туралы эссе негіздеме жазу.

Эссе - бұл шағын көлемді прозалық шығарманың және еркін композицияның әдеби жанры. Жеке әсер және нақты мәселе бойынша автордың түсінігін білдіреді. Ашуға жеке көзқарас, субъективтілік. Еркін композиция: әсер, естеліктер, ассоциациялар. Тілдің лексикалық құрамын еркін пайдалану

4. «Абай философиясындағы адам мәселесі туралы» эссе дайындау.

Абай философиясындағы Адам мәселесіне байланысты шығармаларын оқып және оның философияның негізгі мәселесі ретінде қарастырылуын және оның келесі аспектілерін түсіндіріп эссе жазу.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: