Перинатальная и первые трех лет

 

#142

! 14 жастағы бала мектептің оқу бағдарламасын, әсіресе математиканы ұқпайды. 4 жасында фразалық сөйлеу қиын болды, балабақшада тәртібі нашар болды, ойыншықтарды сындырды. Ол буындап әрең оқиды, қарапайым мәселелерді шеше алмайды, қарапайым мақал-мәтелдердің мағынасын ашпайды, жалпы білім беретін мектептің тек 2 сыныбын бітірген, баяу. Анамнезінде туу жарақаты. Сіздің диагнозыңыз қандай?

Олигофрения

 

#143

*! 14 жастағы баланың психопатологиялық жағдайын бағалау кезінде дәрігер баладан: Төсек пен шкафқа ортақ не бар?-деп сұрады.. Бала: Екі заттың да аяқтары бар,-деп жауап берді.

Қандай психикалық патология туралы ойлауға болады?

Умственная отсталость

 

#144

*! 13 жасар бала анасымен бірге ЖТД дәрігерінің қабылдауында. Ерте балалық шақта ешқандай өзгерістер жоқ. Мектепке дейінгі жаста ақыл ой дамуының артта қалуы байқалды. Ол 4 жыл ішінде  жалпы білім беретін мектептің тек 2-сыныбын бітірді, содан кейін  оқуына үлгеруі үшін қосалқы мектепке ауыстырылды. Буындап оқиды, 100-ге дейін есептейді, бірақ 2-ші сынып бағдарламасына сәйкес жаттығуларды шеше алмайды. Нақыл сөздердің бейнелі мағынасын түсінбейді. Үйде гипер-қамқоршылықта тәрбиеленеді. Аналарға бекітілген, өзін-өзі күту дағдыларын менгерген. Ата анасы оның жаман әсерді қабылдау қабілеті мен икемділігін айтты. Сіздің диагнозыңыз:

Задержка психического развития на почве педагогической запущенности
 #145

*! Бала 7 жаста аффективті ашуланшақтыққа және агрессивті мінез-құлыққа бейім, зейіннің ауыр бұзылысы (апрозексияға дейін), қарым-қатынастағы өзіндік «жабысқақтыққа» бейім. Қарап тексергенде тітіркенгіш, ашуланшақ, көңілсіз, кішкене себептерге тез қозады. Жиі аффективті өршулер қандай да бір сыртқы факторлар әсерінсіз агрессия немесе аутоагрессиямен қосарлана жүреді. Клиникалық және физиологиялық классификацияға сәйкес ақыл ой дамуының тежелуінің қайсысы осы сипаттамаға сәйкес келеді?


Дисфорическая

 

#146

*! Ақыл-ой дамуы жетіспеушілігімен ауыратын науқастар психикасының салыстырмалы біркелкі жетілмеуімен ерекшеленеді. Бұл балалар эмоционалды, ашық, ата-аналары мен достарына жақын. Олар үшін көрнекі және сөздік материалдардың есте таңбалануының төмендігі тән. Клиникалық және физиологиялық классификацияға сәйкес ақыл-ойдың тежелу формасын анықтаңыз.

Олигофрения, стеническая

#147

*! 6 жасар бала ата-анасымен бірге жалпы дәрәігер қабылдауында. Шағымдары: қарапайым жазу жазуды, оқу және санау дағдыларын меңгере алмайды, сабақ барысында тұрып кетеді, мұғалімнің тапсырмаларын орындаудан бас тартады, зейін тез қажиды, материалды сіңіруі қиын, себебі ол сабақ барысында зейінін бір арнаға жұмылдыра алмайды. Қарап тексергенде, ашуланшақ, көңілсіз, кішкене себептермен тез қозады, бұл өзгерістер көңіл күйдің тез жақсы жаққа өзгеруімен ауысады. Моториканың бұзылысы, қозғалыстарды, әсіресе қолдардың ұсақ қимылдарын үйлестірудегі қиындықтар. Клиникалық және физиологиялық классификацияға сәйкес психикалық дамуы тежелуінің қайсысы осы сипаттамамен сәйкес келеді?

Олигофрения, астеническая или атоническая?

 

#148

*! Бала 7 жаста. Сусыз кезеңнің ерте дамуы, Апгар шкаласы бойынша 5-6 балл. Мектепке дейінгі жаста психикалық дамудың артта қалуы байқалды. 6 жастан бастап мектепке барды, жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбын екі рет қайталап оқыды, психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның шешімі бойынша сабақты қиын игеретіндерге арналған, көмекші оқу бағдарламасына ауыстырды Буынға бөліп оқиды, 40 сөз оқиды, бірақ 2-ші сынып бағдарламасына сәйкес мәселені шеше алмайды. Нақыл сөздердің бейнелі мағынасын түсінбейді. Үйде ол гипер-қамқоршылықта тәрбиеленеді, анасына байланған. Төменде келтірілген бұзылыстардың қайсысы осы жағдайға сәйкес келеді?

Олигофрения

 

# 149

*! Жасөспірім М., 13 жаста,дәрігер қабылдауына келді, объективті мәліметтер бойынша, беті тегіс, көздің қитар, аузы ашыңқы, мұрны қысқа, жалпақ, диспластикалық құлақ. Кеуде қуысының деформациясы және бұлшықет гипотониясы байқалады. 5-ші сыныпта көмекші бағдарлама бойынша оқиды, оқу материалын қиын игереді, әріптерді тани алады, саусақтарымен 10 дейін санай алады, әңгіме барысында ашуланшақ, көзіне жас алады, анасына қатты жабысады. Дәрігердің көмегімен нұсқауларды орындайды. Анамнезден, ұзақ сусыз кезеңге байланысты ұрық гипоксиясы, энурез. Диагноз қойыңыз және ақыл-ойдың тежелу дәрежесін көрсетіңіз.

Синдром Дауна, имбецильность

#150

7 жасар бала,ата-анасы баланың алғашқы күндерден бастап мектептің оқу бағдарламасын меңгеруінде қиындықтар туындағанына шағымданады: жазу және оқу дағдыларын әрең меңгереді, қосу мен бөлудің қарапайым мәселелерін шеше алмайды.Зерттеу барысында балада өткен материалдың механикалық есте сақтау қабілеті бар,бірақ не туралы болғанын түсіндіре алмайды.Ежелеп оқиды, атын,тегін және жасын жаза алады.Сөйлеу қабілеті олигофазиялық,қарапайым.Көңіл бөлуі енжар, әңгіме барысында сәл ғана дыбыстар мен қимылдарға назар аударады.Көңілі көтеріңкі. Ата-анасы оның иланушылығы мен жаман әсерге ергіштігін сипаттайды. Төмендегілердің қайсысы бұл жағдайға неғұрлым сәйкес келуі мүмкін?

 

#151

*! 25 жастағы әйел психикалық денсаулық орталығының қабылдау бөлмесіне жағдайының нашарлауына байланысты жедел медициналық жәрдем бригадасымен жеткізілді. Оның әпкесінің айтуынша, науқас бірнеше рет далаға кетіп, түнде ғана оралған, тыңдамайды, спирттік ішімдік ішкеді,ер адамдармен жүреді, үйде өзіне қарамайды.

Шағымдары жоқ. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Санасы анық. Жеке тұлға мен кеністік бойынша бағдарланған. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап береді. Қабылдау бұзылысы және сандырақ идеялар жоқ. Мақал-мәтелдердің бейнелі мағынасын түсінбейді, 10-ға дейін санай алмайды. Дауыс қатты. Бред және галлюцинация түрінде жедел психоөнімдер анықталған жоқ. Жады төмендетілген және интеллект дамымаған. Мүдделер шеңбері шектеулі. Үйде дұрыс емес мінез-құлықың түсіндіре алмайды. Өз жағдайына сыны ресми. Соңғы жыл ішінде құрысу ұстамалары байқалған жоқ. Ұйқы, тәбет жеткілікті. Өмір анамнезінен: 2 баланың кішісі. Бала кезінен ақыл-ой дамуында артта қалды. 1ж 6 айда жүре бастады, сөз тірекстерін 3 жасында игере бастады. Мектепке 7 жастан бастап барады, көмекші мектептің 9 сыныбын бітірді. 2-топ мүгедегі. Анасы 2011ж қайтыс болды. Әпкесі асыраушы болып келеді. Әпкесімен тұрады. Сіздің диагнозыңыз мен тактикаңыз:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: