Сергазин енгізіп, цистоскопия жасау

3. экскреторлы урография

4. бүйрек пен несепағарды УДЗ

5. ректороманоскопия

А. 1,4

Б. 1,5

В. 2,3,4

Г. 4,5

Д. тек қана 5

23. Тік ішек рагына күдіктендіретін қауіп-қатер сигналдарына мыналар жатады:

1. Қан аралас нәжіс

2. Жүрек айну, құсу

3. Үлкен дәрет кезінде тік ішектің толық босамау сезімі

4. Анорексия, дисфагия

5. Нәжіс бағанасының түрі мен пішінінің өзгеруі

А. 1,2,4

Б. 2,3,4

В. 1,3,5

Г. 2,3,4

Д. аталғанның барлығы

24. Науқас 50 жаста, нәжісіне шырыш, қан аралас бола бастады, жалпы жағдайы өзгермеген, ішек қызметі бұзылмаған. Осындай науқас емханаға келсе, қандай зерттеу әдістерін қолдану қажет:

1. саусақпен тексеру

2. ректороманоскопия

3. ирригография

4. УДЗ

5. копрологиялық зерттеу

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,4

Г. 1,2,5

Д. аталғанның барлығы

25. Төменде аталған симптомдардың қайсылары міндетті түрде тік ішекті арнайы зерттеуді қажет етеді:

1. оқтын-оқтын нәжіске қан араласып шығуы

2. іш өтуменен алмасатын себепсіз іш қату

3. көп шырышты сұйық нәжіс

4. жалған үлкен дәретке шақыруға алып келетін, ішектің толық босамау сезімі

5. дефекация кезінде анус аймағының ашытып ауыруы

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,4

Г. тек қана 4

Д. аталғанның барлығы

26. Тік ішек рагының ең жиі кездесетін белгілері:

1. Тік ішектен қанды бөліністің шығуы

2. Тұрақты іш қату

3. Тік ішек аймағындағы жағымсыз сезім

4. Құсу

5. Ағыл-тегіл іш өтуі

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,4

Г. тек қана 4

Д. аталғанның барлығы

27. Тік ішекті саусақпен зерттеу науқастың қандай қалпында өткізіледі:

1. Арқасымен жатқан

2. Жүрелеп отырған

3. Тізерлеп-шынтақтаған қалпында

4. Сол бүйіріне жатқан

5. Оң бүйірінде жатқан

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,4

Г. 1,2,3,4

Д. аталғанның барлығы

28. Ісік тік ішектің ректосигмалық бөлігінде орналасқанда операцияның қай түрі көрсетілген:

1. Тік ішектің алдыңғы резекциясы мен құрсақ ішілік анастомоз

2. Құрсақ-анальдық тік ішек резекциясы мен сигманы төмен түсіру

3. Гартман операциясы

4. Тік ішектің құрсақ-бөксе аралықтық эктирпациясы

5. Сол жақтық гемиколэктомия

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,4

Г. тек қана 4

Д. аталғанның барлығы

29. Операция жасауға келмейтін тік ішек рагында қандай емдеу жоспарын таңдаған дұрыс:

1. Гартман операциясы

2. Босатушы сигмостома

3. Сәулелік ем

4. Босатушы сигмостомаға қоса химялық-сәулелік ем

5. Химиотерапия

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,4

Г. тек қана 4

Д. аталғанның барлығы

30. Тік ішек рагы кезінде жасалатын типтік операциялардың қайсылары колостома немесе жасанды артқы өтіс жасаумен аяқталады:

1. Тік ішектің алдыңғы резекциясы

2. Құрсақ-анальдық тік ішек резекциясы мен сигманы төмен түсіру

3. Тік ішектің құрсақ-бөксе аралықтық эктирпациясы

4. Гартман операциясы

5. Барлық жағдайда

А. 1,4

Б. 1,2

В. 3,4

Г. 1,5

Д. 5

 

«Тік ішек рагі» тақырыбы бойынша онкология пәнінен қойылған тестілік сұрақтарына дұрыс жауаптарының эталоны

 

1 - д 16 - д
2 - в 17 - д
3 - в 18 - д
4 - в 19 - г
5 - д 20 - в
6 - в 21 - в
7 - г 22 - в
8 - в 23 - в
9 - г 24 - г
10 - в 25 - д
11 - а 26 - а
12 - а 27 - г
13 - в 28 - б
14 - б 29 - г
15 - б 30 - в

 

«Бауыр рагі» тақырыбы бойынша бақылау-тестілердің сұрақтары

1. Бауыр рагының пайда болуына септігін тигізетін ықпалдарға қайсысы жатпайды:

А. «В» гепатитінің вирусы

Б. тамақ құрамындағы афлотоксиндер

В. үйлесімді тамақтану

Г. ішімдікке салыну

Д. описторхоз

2. Бауырдың қатерлі ісіктерінің гистологиялық түрлеріне қайсысы жатпайды?

А. гепатоцеллюлярлы

Б. холангиоцеллюлярлы

В. гемангиома

Г. саркома

Д. лимфогранулематоз

3. Бауыр рагына тән бауыр тарапынан болатын симптомдарға қайсысы жатпайды:

А. гепатомегалия

Б. бауыр бетінің бұдырлығы

В. бауыр қырының тегіс еместігі

Г. Курвуазье симптомының оң болуы

Д. пальпация кезінде ауыратындығы

4. Бауыр рагына тән клиникалық симптомдарға қайсысы жатпайды:

А.жүдеу

Б. қызба

В. іш шемені

Г. сарғаю

Д. Ортнер симптомының оң болуы

5. Бауыр рагының диагнозын анықтау үшін қай әдіс қолданылмайды:

А. УДЗ

Б. компьютерлі томография

В. Абелев-Татаринов реакциясы

Г. Григерсен реакциясы

Д. тері арқылы пункция жасау

6. Бауыр рагы бойынша жоғары қауіп-қатер тобына кімдер кірмейді:

А. «В» гепатиті вирусының антигенін тасымалдаушылар

Б. бауыр циррозымен науқастар

В. описторхозбен ауыратындар

Г. созылмалы алкоголизмнен зардап шегетіндер

Д. қант диабетімен науқастанғандар

7. Төменде келтірілген әдістердің қайсысы бауыр рагын емдеудің негізгі әдісі болып табылады:

А. бауыр резекциясы

Б. сәулемен емдеу

В. полихимиотерапия

Г. химия-сәулелі терапия

Д. аталғанның барлығы

8. Бауырдың холангиоцеллюлярлы рагы бойынша жоғары қауіп-қатер тобына кімдер кірмейді:

А. «В» гепатиті вирусының антигенін тасымалдаушылар

Б. постнекроздық бауыр циррозымен науқастар

В. алкогольдық бауыр циррозымен науқастар

Г. созылмалы описторхозбен ауыратындар

Д. созылмалы алкоголизмнен зардап шегетіндер

9. Бауыр рагы кезіндегі ең жиі объективті белгі болып табылады:

А. қызба

Б. терінің сарғаюы

В. портальды гипертензия симптомдары

Г. гепатомегалия

Д. Курвуазье симптомының оң болуы

10. Төменде келтірілген аурулардың қайсысы бауырдың гепатоцеллюлярлы рагының дамуына әкеп соғуы мүмкін?

А. созылмалы калькулезді холецистит

Б. Вирусты гепатит В

В. созылмалы холангит

Г. бауыр эхинококкы

Д. описторхоз

12. Бауырдың гепатоцеллюлярлы рагын анықтайтын арнайы лабораториялық әдісті ата:

А. қанның биохимиялық анализі

Б. Кациони реакциясы

В. Абелев-Татаринов сынамасы

Г. Якиш реакциясы

Д. Якобсон-Григорсен сынамасы

13. Құрсақ қуысында іш шемені сұйықтығының жиналуы неге байланысты:

1. билирубин деңгейінің жоғарылауына

2. ақуыз тепе-теңдігінің бұзылуына

3. ісік жасушаларының ішастармен жайылуына

4. жақын жатқан мүшелер мен тіндерге өсіп кетуге

5. қақпа венасының қысылуына немесе тромбозына

А. 4,5

Б. 1,3

В. 2,3,5

Г. 1,5

Д. 1,2

14. Төменде аталған белгілердің қайсысы бауыр рагына тән емес:

1. асцит

2. сарғаю

3. гепатомегалия

4. нәжістің бұзылуы

5. лоқсу, құсу

А. 4,5

Б. 1,3

В. 2,5

Г. 1,5

Д. 2,5

15. Бауырдың біріншілік рагы кезінде жиі, бастапқыда әлсіз білінетін симптомдар қатарына қайсылары жатады:

1. тәбетінің төмендеуі

2. жүдеу

3. жалпы әлсіздік

4. асцит

5. сарғаю

А. 4,5

Б. 1,2,3

В. 2,5

Г. 3,4,5

Д. 1,4

16. Төменде аталған белгілердің қайсылары бауырдың біріншілік рагына әсіресе тән:

1. бауыр консистенциясының тығыздығы

2. бауыр бетінің бұдырлығы

3. бауыр қырлары тегіс

4. пальпация кезінде ауыратындығы

5. бауыр өлшемдерінің тез қарқынды ұлғаюы

А. 1,4

Б. 4,5

В. 1,2,5

Г. 2,3

Д. 1,3,4

17. Төменде келтірілген аурулардың қайсысы бауырдың гепатоцеллюлярлы рагының пайда болуына ықпал ететінге жатпайды:

1. үнемі афлотоксиндермен ластанған тағамдарды пайдалану

Созылмалы бауыр описторхозы

3. бауыр циррозы

4. созылмалы холангит

5. Вирусты гепатит В тасымалдаушысы

А. 1,2,5

Б. 2,3,4

В. 1,4

Г. 2,5

Д. 4,5

18. Бауырды технеций-99 және селенметионин-75 қолдана отырып радиоизотопты зерттегенде ісіктік зақымданулар сканограммалар мен сцинтиграммаларда мынандай түрде көрінеді:

А. тығыздығы (штрихтелуі) төмендеген аймақтар

Б. тығыздығы (штрихтелуі) жоғарылаған аймақтар

В. тығыздығы (штрихтелуі) төмендеген де, жоғарылаған да аймақтар түрінде болуы мүмкін

Г. тығыздығы (штрихтелуі) біркелкі

Д. дұрыс жауап жоқ

19. Бауырдың сол жақ бөлігінің біріншілік рагын емдеудің ең тиімді әдісі:

А. гемигепатоэктомия


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: