Тапсырма №1

1 Белгілі бір пәндік саланы таңдап, оның бір обьектісін алып, ішкі бірнеше қасиеттерін көрсетіп сипаттау керек, мысалы, обьект -кітап, қасиеттері –жазушының аты-жөні, кітаптың аты, инвентарлық нөмірі, шыққан жылы, басып шығарылған орны, баспасы, кітаптың құны.

2 Кесте режиміне кіру.

3 Құрылған сипаттамаларға сәйкес бірнеше кітаптар туралымәлімет енгізу.

4 Формат бағанының атын өзгерту меню командасын қолданып, бағаналарға бі р пункте берілген атауларды беру.

5 Бір бағананы үлкейту үшін тышқанды сол бағананың тақырыбының оң жақ шетіне алып барып, тышқан батырмасын барып тұрып бағананың шекарасын жылжыту керек. Сол сияқты әрекеттерді Формат/бағананың екі меню командасын қолданып немесе контекстік менюдің Бағананың екі командасын қолданып істуге де болатынына көз жеткізу қажет.

6 Құрылған кестені сақтау үшін терезені жабу керек немесе құралдар тақтасында Сақтау батырмасын шерту немесе Файл/сақтау командасын орындау керек. Осы әрекеттерді орындау барысында кестенің атын өзгертуге болады.

7 Мәліметтер базасы терезесін жаппай тұрып, кесте ішкі бетінен Ашу батырмасын шертіп, кестеге мәліметтер енгізу қажет.

Тапсырма №2.

1 Кесте шебері режиміне кіріңіз де, мәліметтер базасында бар кестелер негізінде жаңа кесте құрыңыз.

2 «Қызметкерлер»кестесінен мынандай өрістер алыңыз: «Табельдік нөмір», «Фамилиясы», «Аты», «Әкесінің аты», «Лауазымы», «Үй телефоны», ал «Клиенттер» кестесінен «Компанияның аты» өрісін алыңыз.

3 Мәліметтерді кестеге енгізіңіз.

4 Конструктор режиміне кіріп, кейбір өрістердің атауларыназдап өзгертіңіз.

Тапсырма №3.

1 Конструктор режиміне кіріңіз және белгілі бір пәндік саладан бір обьектіні сипаттаңыз.

2 Конструктордың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, обьект сипаттамаларына атаулар беріп, олардың типтерін анықтаңыз.

3 Кейбір өрістерге алдын ала сипаттама беріңіз

Тапсырма №4.

1 Ашу батырмасы арқылы бұрын құрылған кестелердің кез келген біреуін ашыңыз.

2 Кестені мәліметтер мен толтырғанда Түзету(Правка) менюінің командаларын, саймандар тақтасының батырмаларын контекстік менюдің қайталанатын мәндерді көшіріп алып, керекті орынға қою командаларын пайдаланамыз.

3 Кестелердегі жасалған өзгертулерді сақтап қойыңыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: