Жер даулары

Жер даулары дегеніміз- жер қатынастары екі немесе бірнеше субъектілер белгілі бір жер құқықтары мен заңды мүдделерін иеленуге қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға байланысты келіспеушілік жер дауларын меншік құқығының және жер пайдалану құқығының, жерге өзге де құқықтардың өзгеруі тоқтатылуы және жүзеге асыру бойынша туындайды. Жер дауларын жіктеу әртүрлі негіздерге байланысты жүзеге асырылады:

Қарастыру тәртібі бойынша;

Сипаты бойынша;

Даудың субъектісі бойынша;

Пәні бойынша;

1. Қарастыру тәртібі мен сипаты бойынша:

- сот тәртібімен қарастырылатын жер даулары;

- сотқа дейін қаралуды талап ететін жер даулары;

- сотта қаралуды талап етпейтіе жер даулары:

2. Субъектісі бойынша:

- азаматтар арасындағы жер даулары;

- азаматтар мен заңды тұлғалардың арасындағы жер даулары;

- азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекеттік өкілетті органдар арасындағы жер даулары;

3. Объектісі бойынша:

- жер учаскелерімен байланысты жер даулары;

- жер учаскесіне құқықпен байланысты жер учаскелері;

- жерге басқа да құқықтармен байланысты жер даулары;

4. Жер дауының сипатына байланысты:

- жер учаскелерін берумен байланысты жер даулары;

- жер учаскесін беру процесінде пайда болатын жер даулары;

3. Жерді қорғау – қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға жерді ұтымды пайдалануға жерді орман және ауыцлшаруашылығы айналамынан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлығын қалпына келтіруге бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, техникалық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды.(139,140,141,142,143 баптар)

Жердi қорғау мақсаттары:

1) өндiрiстiң экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да iс-шараларды жүргiзу арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық қызметтiң басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;

2) тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;

3)жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге енгiзу болып табылады.

Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жерді қорғауға байланысты құқықтары мен міндеттері:

1) жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғауға;

2) ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қорғауға;

3) бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;

4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.Жердiң тозуын болдырмау, топырақтың құнарлылығын және ластанған аумақтарды қалпына келтiру мақсатында, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тозған алқаптарының, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының және жол берiлетiн шектегi әсер деңгейiнiң белгiленген нормативтерiнен артық ластанған, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен, ақаба сулармен ластанған жердiң, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердiң топырақ құнарлылығын қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жердi сақтап қою көзделедi. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жердi ұтымды пайдалану мен қорғауға мүдделiлiгiн арттыру мақсатында бюджет заңдарында және салық туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жердi қорғау мен пайдалануға экономикалық ынталандыру жүзеге асырылуы мүмкiн.Топырақты ластайтын зиянды заттардың, зиянды микроорганизмдердiң және басқа да биологиялық заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының нормативтерi топырақтың жай-күйiн адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерiне сай бағалау үшiн белгiленедi.Аталған нормативтер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн тәртiппен бекiтiледi.Жердiң жай-күйiне керi әсер ететiн жаңа және қайта жаңғыртылатын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) әрi басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және пайдалануға беру, жаңа техника мен технологияларды енгiзу кезiнде жердi қорғау жөнiнде iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және басқа да арнайы талаптардың (нормалардың, ережелердiң, нормативтердiң) сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс.Жердiң жай-күйiне керi әсердi бағалау және оларды қорғау жөнiнде көзделген iс-шаралардың тиiмдiлiгi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың, өзге де мемлекеттiк сараптамалардың нәтижелерi бойынша жүргiзiледi, олардың оң қорытындысы болмайынша жаңа техника мен технологияларды енгiзуге, жердi мелиорациялау бағдарламаларын жүзеге асыруға, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) және басқа да объектiлер салуды (қайта жаңғыртуды) қаржыландыруға тыйым салынады.

13 тақырып. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. Жер дауларын шешу.

Жоспар:

1. Жер құқық бұзушылықтарының түсінігі, түрлері және құрамы

2. Жер құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің түсінігі.

3. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлері.

Негізгі ұғымдар: құқық бұзушылық, жерқұқық бұзушылық, жер заңдары.

Жер құқық бұзушылык дегеніміз— жерқұқыктық тәртіпті жер меншік иелерінің жер пайдаланушылардың кұкығымен заң- ды мүдделерін заңсыз кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік арқылы бұзу.

Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартудың негізі — нақты құқық бұзушылықтың көрініс табуы.

Жер құқықбұзушылық ретіндетану үшін ол келесідей құрамға ие болуы керек

Объектісі, Жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың заңды мүдделері және құқықтық тәртібі.

Объективтік жағы, жер құқық бұзушылық негізі болған әрекет немесе әрекетсіздік.

Субъектісі, жеке және занды түлғалар.

Субъективтік жағы, кінәнің көрініс табуы. Кінәнің өзі екі нысанда жасалуы мүмкін: Қасақана және абайсыздық нысанда.

Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершіліктің келесі тұрлға көзделген:

әкімшілік;

тәртіптік;

қылмыстық;

азаматтық.

Жер құқық бұзушылык жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершіліктің негізі болып табылады. Жер құқық бұзушылық дегеніз- жер құкықтық тәртіпке және мемлекеттің жеке және зандыц тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделеріне кайшы келетің кінәлі және заңсыз әрекет немесе әрекетсіздік.

Жер құқық бұзушылықтың келесі белгілерін қарастырамыз:

қоғамға кауіптілігі;

кінәлілігі;

әрекет немесе әрекетсіздік және туындаған салдарының арасындағы тікелей себепті байланыс;

жер зандарына қайшылығы;

жазаланушылық.

Жер зандарын бүзушылықты мынадай түрге бөледі:

жерге меншік иесінің құқығын бұзу саласындағы құқық бұзушылықтар;

жер пайдаланушынын жер жер пайдалану құқығын бұзу саласындағы құқық бұзушылықтар;

жердің экологиялық жағдайын бұзу саласындағы құқық бұзушылықтар;

жер учаскесі меншік иесінің және жер пайдаланушының жер зандарында белгіленген міндеттемелерді орындамау саласындағы құқық бұзушылықтар;

жерді басқару саласындағы жер зандарын бұзу саласындағы құқық бұзушылыктар.

Жердің экологиялық жағдайын бұзудың түрлеріне:

жердің (топырақтың) құнарлы кабатын бұзу жоғалту;

жердін құнарлы қабатын сыдырап алу;

жердің құнарлығына теріс әсер ететін мелиоративтік жұмыстар жүргізу:

жерде арамшөптер мен зиянды карантинді өсімдіктердін, бұталардың қаптап кетуіне жол беру;

су және жел эрозиясына қарсы агротехникалық шаралар қолданбау:

жердің кұнарлығын арттыру агротехникалық шараларын қолданбау нәтижесінде жердің құнарлығының елеулі түрде төмендету;

топырақты (жерде) зиянды заттардьщ, зиянды микро - организмдердін жөне топырақты ластайтын баска да биология- лык заттардың колдануына нормативтік шегінен тыс жол берілуі;

жаңа және кайта жаңартылған үйлерді, құрылыстарды, ғимараттар мен баска да объектілерді орналастыру, жобалау мен пайдалануға беру кезінде, жердің жай-күйіне колайсыз ықпал ететін жаңа техника мен технологияларды енгізу кезінде жерді корғау жөніндегі шаралар көзделуге және жүзеге асыруға, экологиялык, санитарлық -гигиеналық және өзге де арнайы талаптардың (нормативтерді, нормалардың, ережелердің) орындалмауы;

нормативтен тыс радиациялык ластануға ұшыраған немесе халыктың өмірі мен денсаулығына қандай да бір катер төндіретін жер учаскелерін жеке меншікке тұрақты немесе уақытша беру;

зандармен белгіленген санитарлык талаптарға және нормативтерге сәйкес өнім алу қамтамасыз етілмейтін радиоактивтік ластануға ұшырған жер учаскелерін ауылшаруашылық айналымынан уағында шығармау;

жерді селден, кешкіннен, су астында қалудан, батпақтаудан, қайталап сортанданудан, құрғап кетуден, тығыздалудан қорғау шараларын қолданбау т.б.

2. Жерқұқық бүзушылықтар үшін жауапкершіліктің түсінігі. Жер зандарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлері.

Жер зандарын бұзғаны үшін әкімшілік құқықтық жауапкершілік.

Жер құқық бұзғаны үшін қолданылатын жауапкершіліктін кең тараған түрі және нақты жетілдірілген түрі әкімшілік жауапкершілік.

Жер құқық қатынастары аясында әкімшілік жауапкершілік келесідей артықшылықтарға ие:

Қолдану процедурасының (рәсімдерінің) салыстырмалы түрде оңай болуы.

Әкімшілік теріс кылыққа жедел әсер етуі.Қажетті деңгейдегі шығын орнын толтыру функциясынын көріністабуы.

Құқыққа карсы әрекет зардаптардыңтуындауын күтпей - ақ құқық бұзушылықты алдын алу мүмкіндігі.

Теріс қылықпен нақты жаза арасындағы уакыттың салыстырмалы қысқа болуы.

Қазакстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жер құқық бұзушылық құрамына келесідей диспозициялар бар:

Әкімшілік құқық бұзушылыктар туралы кодекстің 250-бабы (жерді бүлдіру). Бұл бап бойынша жерді бүлдіргені үшін жеке тұлғаларға бес айлык есептік көрсеткіштен он айлык, есептік көрсеткішке дейін, лауазымды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнестің субъектісі болып табылатын заңды тұлғалар үшін жиырма айлық есептік көрсеткіштен қырық айлық есептік керсеткішке дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларга қоршаған ортаға келтірілген шығын көлемінде айыппұл салынады.

Әкімшілік құкық бұзушылыктар туралы кодекстің 251-бабы (ауыл шаруашылық мақсатындағы жерді тиімсіз пайдалану). Бұл бап бойынша жерді бүлдіргені үшін жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе ескерту жасалады, лауазымды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнестің субъектісі болып табылатын занды тұлғалар үшін жи­ырма айлык есептік керсеткіштен қырық айлык есептік көрсеткішке дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табыла­тын занды тұлғаларға коршаған ортаға келтірілген шығын көлемінде айыппұл салынады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 252-257 баптары.

Әкімшілік құқық бұзушылыктын негізгі қолдану шаралары бұл айыппұл және ескерту жасау.

Әкімшілік құқық бұзушылыктар туралы істерді келесі органдар қарайды:

Соттар;

Ауыл шаруашылық министрлігі жанындағы өсімдік немесе карантин жөнінде мемлекеттік инспекция;

Жер ресурстарын басқару агентгілігі және жергілікті белімшелері;

4. Қоршаған ортаны корғау министрлігі және жергілікті бөлімшелері.

Қылмыстық құқықтық жауапкершілік. Кылмыстык жауапкершілік мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыс­тық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға кауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыкка істеген іс-әрекеттерінде кылмыстык заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Қылмыстық жауапкершілік бұл қылмыстық құкылык норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе, қылмыстық жауаптылыкта болмайды.

Қылмыстық жауаптылық — өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәселесі бар жауаптылыктың түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылықтың әлеуметгік мазмұнынын өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.

Қылмыстық жауаптылыктың мазмұны (теріс қылыққа моральдык саяси баға беріп мінеу және мемлекет, коғам тарапынан) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).

Жер құқық бұзушылықты қылмыстық құқықтық жауапкершілік қоғамға қауіпті қылмыс белгілерін қамтитын іс - әрекет орын алғанда көрініс табады.

Жер қатынастарын реттеу саласында бекітілген құқықтық тәртіпке жер қатынастарының субъектілерінің кұкыктары мен заңдымүдделерінекылмыс аркылы бір мөлшерде зиян келтіріледі немесе зиян келтірілуімүмкін.

Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын әрекет жср қатынастар аясына бір мезгілде жер немесе қылмыстық заң нормаларын бұзады.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылу үшін қылмыстық құрал болу керек.

Тәртіптік құқықтық жауапкершілік.

Аталған жауапкершілікке тек кана жеке тұлғалар тартылады. Онын қолдануы негізі болып тәртіптік теріс қылық болып табы­лады.

Басқа жауапкершіліктерден ерекшелігі:

Тәртіптік жауапкершілік тек жеке тұлғаларға қатысты қолданылады.

Тәртіптік жауапкершілік өзге заңды жауапкершілік түрлерімен қатар қолданылады.

Тәртіптік жауапкершілік жұмыскердін жұмыс уақыты кезінде жасалған теріс қылық үшін қолданылады. Яғни, жұмыскердің жұмыстын тыс уакытта немесе демалыс уакытында жасалған теріс қылықтары үшін өзге жауапкершілік түрлері қолда­нылады.

Субъектісі тек кана жұмыс істеп жүрген жұмысшы.

Тәртіптік жауапкершілік жер заңдарынын нормаларына байланысты тәртіптерді орындауға міндетті жұмысшылар мен қызметкерлерге қолданылады.

Тәртіптік жауапкершілікте жұмыс істеп жүрген уақтысында жауапкершілк заңдарын бұзғаны үшін қолданылады.

Тек кана ұйым әкімшілігін басқару органы қолданылады.

Тәртіптік жауапкершілік мүліктік жауапкершілікпен қатар қолданылуы мүмкін.

Тәртіптік жауапкершілік ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс және жмыстан шығару сиякты жазалау шараларын колданумен ерекшеленеді.

Тәртіптік жауапкершілікке тарту Кдзакстан Республикасынын қолданыстағы Еңбек кодексімен және белгілі бір ұйымның жарғысына сәйкес жасалған ішкі тәртіп ережелерімен реттеледі.

Азаматтық құқықтық жауапкершілік. Азаматтық жауапкершілік Қазакстан Республикасының азаматтық заңнамалары нормаларымен реттеледі. Бұл жауапкершілік жер зандарын бұза отырып мемлекеттің мүддесіне, қоршаған ортаға, жердің меншік иесіне, басқа да жеке және заңды тұлғалардың кұкыктары мен заңды мүддслеріне зиян (шығындар) келтірілген кезде қолданы­лады. Азаматтық құкықтық жауапкершілік келесідей ерекшеліктері бар:

1.Бұл жауапкершілік жеке және заңды тұлғалар тартылуы мүмкін.

2. Бұл жауапкершілік баска заңдылық жауапкершілік түрлерімен қатар қолдануы мүмкін: Мысалы, заңсыз бөтен жерді басып алған тұлға кылмыстык жауапкершілікке тартылады және зардап келтірілген жағдайда оны өтеуге де міндетті.

Шығындарды зиянды өтеу туралы тек сот органы арқылы шешіледі.

Жер заңдарын бұза отырып жасалаған зиянның әртүрлі түрлері болуы мүмкін.

Бұл зиян бірнеше топтарға бөлінеді:

Экологиялык зиян.

Экономикалық зиян.

Экологиялық зиян дегеніміз — жер заңдарын бұзу аркылы чоршаған ортаға жерге табиғат объектісі ретінде зардап келірілгенін білдіреді. Бұл зиян Казакстан Республикасының Эко­логиялык кодексінін талаптарына сәйкес өтеледі, Бұл зиянлы толық түрде өтеуге мүмкіндік жоқ, себебі келтірілген зиянды пакты бағалау мүмкін емес. Экологиялык зиянды өтеуің екі әдісі бар: тікелей және жанама түрі. Залалды экономикалык бағалаулын тура әдісі неғұрлым тиімді инженерлік, ұйымдық -техникалық және технологиялык іс-шаралар арқылы қоршаған ортаны қалпына келтіруге, жұтандаған табиғи ресурстардың орнын толтыруға, тірі организмдерді сауыктыруға қажетті нақты шығындарды аныктаудан түрады.

Қоршаған ортаны корғау саласындағы уәкілетті органнын лауазымды адамдары бірінші кезекте коршаған ортаға залал келтірген тұлғаның қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шарларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады.

Қоршаған ортаны калпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі тиісті міндеттемелер қоршаған ортаға залал келтірген тұлғанын нақты іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімі көрсетілген кепілдік хатында жазылады. Залалдың салдарларын жою жөніндегі шаралардын құны олардың нарықтық құны бойынша айқындалады.

Залалды тура әдіспен экономикалык бағалау кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары тәуелсіз сарапшыларды тарта алады. Сарапшылар ретінде экологиялык аудиторлар, жобалау, инженерлік және ғылыми ұйымдардың мамандары қатыса алады.

Тәуелсіз сарапшылар жұмысына ақы төлеу жөніндегі міндет коршаған ортаға залал келтірген тұлғаға жүктеледі.

Залалды экономикалык бағалаудыңжанама әдісі залалды эко­номикалык бағалаудын тура әдісін қолдану мүмкін болмайтын жағдайларда қолданылады. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі коршаған ортаға әсер ету түрлеріне қарай залалды әрбір ингредиент бойынша жинақтау жолымен айқындалады.

Экономикалық зиян дегеніміз - жер меншік иелерінін жер пайдаланушылардын, мемлекет өзіне материялдық жағынаң келтірілген шығындар болып табылады. Бұлшығындарды өтеутолык мөлшерде жүзеге асырылады және басшылыққа Азамат­тык кодексінің нормалары алынады.

Жер заңдары бұзушылығы моральдық зиянды келтіруі мүмкін. Оны өтеу тәртібі Қазакстан Республикасының Азамат­тық кодексімен ретгеледі.

14 тақырып. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі.

Жоспар:

1.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайының түсінігіжәне құрамы.

2.Ауыл шаруашылықмақсатына арналған жерлергеменшік құқығы жәнеөзгеқұқықтар, ауылшаруашылықмақсатындағыжерлердіпайдалану субъектілері.

3.Арнайы жер қорының түсінігіжәне құрамы.

4.Ауыл шаруашылығымақсатындағы жер учаскелерін бір санаттан келесі түріне ауыстыру тәртібі.

Негізгі ұғымдар: ауыл шаруашылық мақсатындағы жер, жерге меншік құқығы, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелері.

1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайының түсінігі және құрамы. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазакстан Республикасының жер аумағы 272490,2 мың гектарды құрайды. Осылардың ішінде ауыл шаруашылык жерлері - 222513,6 мың гектарды құрайды. Сонғысының ішіне сәйкесінше ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер де кіреді, оның жалпы көлемі 90910,35 мың гектар. Ал жер аумағының қалған бөлігін ауыл шаруашылык өндірісінін мақсатында пайдаланылатын жердің баска да санаттары құрайды.

Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдык аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу азық-түлік қауіпсіздігін, агроөнеркәсіптік кешен өнімі нарықтарының тұрактылығын камтамасыз етуге, кәсіпкерліктің тиімді жүйесін құруға, отандык өнімнің бәсекелестік артыкшылығын қолдауға, сондай-ақ, өсімдік шаруашылыгын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді және тамак өнеркәсібін 15-ю дамыту үшін жағдай жасау аркылы ауыл халкының тұрмыс деңгейін көтеруге, ветеринариялық -санитариялык және фитосанитариялык кауіпсіздікті, техникалык жарақтандыру мен баска да ілеспе кызмет салаларын камтамасыз етуге, ауылдык аумак- тардың әлеуметгік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Агроөнеркәсіптік кешен дегеніміз - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өндеуді және өткізуді, сондай-ақ тамак өнеркәсібін, оларды казіргі заманғы техникамен, технологиялык жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қам­тамасыз ететін ілеспе өндірістер мен кызмет салаларын, ветеринариялық -санитариялык және фитосанитариялык кауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын эконо­мика салаларының жиынтығы.

А гроенеркәсіптік кешенді және ауылдық аумактарды дамытуды мемлекетгік реттеу:

I) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит беруді дамыту. Агроонеркәсіптік кешен мен ауылдык аумактар саласында кредит беруді дамытуды мемлекеттік ретгеу Қазакстан Республикасының бюджетгік заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беру не мамандандырылған үйымдардың жарғылык капиталын калыптастыруға немесе ұлғайтуға катысу ар­кылы жүзеге асырылады. Агроонеркәсіптік кешен мен ауылдык аумактар саласында кредит беруді дамыту:

ауыл шаруашылығы өндірісінін инфрақұрылымын құру және дамыту;

ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялык жабдықтарыныңлизингі;

агроөнеркәсіптік кешенде кредит беруді жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктерді ұйымдастыру және оларға кредит беру;

ауылдык жерлердегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлеріне кредит беру;

ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу, өндіру, қайта өндеу және өткізу;

ауыл халкына микрокредит беруді ұйымдастыру бағыттары бойынша жүргізіледі.

2) агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау; Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау:

• агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамытуға бағытталған субсидиялаудың экономикалық тиімділігі;

• өндірілген өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арыру жағдайында агроөнеркәсіптік кешен салаларының дамуын экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады.

Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау:

агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру және ауыл шаруашылығы техникасымен және құрал-жабдықтарымен чамтамасыз ету кезіндегі проценттік ставкаларды арзандату;

өсімдіктердің жоғары бағалы сорттары мен ауыл шаруа­шылыгы малының, құстардыңжәне балықтардың жоғары бағалы тұқымдарының тектік қорларын сақтау және дамыту;

тұқым шаруашылығын дамыту;

мал шаруашылыгы өнімініңөнімділігі мен сапасын арттыру;

Қазакстан Республикасының Үкіметі басым деп айкындаған дақылдар бойынша егістік жердің бір гектарына есептеп суб­сидия беру арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және кектемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті баска да тауар-материалдык құндылыктардың құнын арзандату;

ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін және нарығын басқару жүйесін дамыту;

асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;

жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және көшеттік материалын өсіру;

агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың Қазакстан Республикасынын заңнамалык актілерінде көзделген өзге де бағыт- тары бойынша жүзеге асырылады.

3) сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүргізу; Мемлекет ауыл шаруашылығы өнімі нарығын тұрақтандыру мақсатында сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асырады. Баға интервенциясы дегеніміз — ауыл шаруашы­лыгы онімінің нарықтык бағасы, инфляция деңгейі ескеріле отырып орташа мерзімдік әлеуметгік–экономикалық даму жоспарында белгіленген, өткен күнтізбелік жылда калыптаскан орташа жылдык нарыктық баға деңгейінен артып кеткен жағдайда ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің осы өнімді мемлекеттік ресурстардан тіркелген бағалар бойынша ішкі нарықта өткізу жөніндегі Казақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізілетін іс-шаралар. Ал сатып алу операциялары дегеніміз - мемлекеттің ішкі нарыкты тұрақтандыру және экспорттык өнім беруді камтамасыз ету үшін ауыл шаруашылыгы өнімін ішкі нарықта тіркелген баға бойынша сатып алуы жөнінде Казакстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізілетін іс-шаралар.

Сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асырудың тәртібі мен көлемін Қазақстан Республикасынын Үкіметі айкындайды.

Сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жузеге асыратын мамандандырылған ұйымдар тізбесін, сондай-ақ оларға төленетін сыйақы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Егін жинау кезеңінде өсімдік шаруашылығы өнімі бойынша бага интервенцияларын жузеге асыруға жол берілмейді.

мамандандырылған ұйымдар құру; Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарығында жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) агроөнеркәсіптік ке­шен саласындағы ұлттык холдинг мамандандырылган ұйымдар құра алады. Мамандандырылган ұйымдар дегеніміз — агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұракты дамыту, афоенеркәсіптік ке­шен субъектілерін бәсекелестік нарыгында жок немесе мардым­сыз көрсетілетін жекелеген кызмет түрлерімен камтамасыз ету максатында Қазақстан Республикасынын Үкіметі және (немесе) агроөнеркәсіптік кешен саласындагы ұлттык холдинг құратын ұйымдар.

агроөнеркәсіптік кешен тауарларьшьщ эксперты мен импортын реттеу;

агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жарақтандыру;

Агроөнеркәсіптік кешенді техникалык камтамасыз етуді мемлекеттік реттеу:

машина - трактор паркін және технологиялык құрал-жабдықтарды жаңартуды ұйымдастыру;

машина-технологиялык станциялар (сервис орталыктары) желісін дамыту және олардың қызметінің мониторингін жүзеге асыру;

ауыл шаруашылыгы машиналарын жасаудың отандық және шетелдік өндірісі өнімдерін сынақтан және міндетгі сертификаттаудан өткізу;

мемлекеттік техникалык инспекция жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету; Агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетинттік қамтамасыз ету:

• ақпараттық–маркетингтікті ұйымдастыру;

• агроөнеркәсіптік кешенді агрометеорологиялык және ғарыштық мониторинг деректерімен қамтамасыз ету;

• кемінде он жылда бір рет ауыл шаруашылығы санағын жіргізу;

• ақпараттық - материалдарды бұқаралык ақпарат кұралдарында жариялау және мамандандырылған жинақтарды, журналдардыбасылымдарды басып шығару;

• қазіргі заманғы акпараттык технология мен электрондық ұласаттықты құруға және дамытуға жәрдемдесу;

• көрме-жәрмеңкелер ұйымдастыру және отандык ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өніміне жарнамалық қолдау көрсету;

• оқытып-үйрету семинарларын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

8)агроенеркәсіптік кешенді ғылыми, нормативтік-әдістемелік чамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау; Агроонеркәсіптік кешенді дамытуды ғылыми және кадрмен камтамасыз етуді чемлекетгік колдау:

Ғылыми-зерттеу жене тәжірибелік-конструкторлык жұмыстарды;

агроонеркәсіптік кешен мен аграрлық ғылым дамуының басым бағыттары бойынша кадрлар даярлауды, ұдайта даярлауды және аттестаттауды;өндіріске ғылыми әзірлемелерді тарату мен енгізуді;

осімдіктердін жоғары бағалы сортгарының, ауыл шаруашылығы малының, құстардын және балықтардың жоғары бағалы тұқымдары мен түрлерінің тектік қорларын сақтауды және дамытуды;

агроөнеркәсіптік кешенге кадрлар даярлауды жүзеге асыра- тын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін машина-трактор паркін құруды және технологиялык жабдыкты жаңартуды ұйым- дастыру аркылы жүзеге асырылады.

9)ауылды оңтайлы қоныстандыруды ұйымдастыру; Ауылды оңтайлы коныстандыру дегеніміз - ауылдық елді мекендердің, ауыл тұрғындары тұрмысының қажетті деңгейін тіршілікті қамтамасыз ету қызметін көрсетудің нормативтік деңгейіне сәйкес қамтамасыз етуге негізделіп, орналастырылуы.

10) ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; Мемлекет ауыл шаруашылыгы өнімінің сапасы мен кауіпсіздігін халыкаралықталаптарға сәйкес келтіру максатында:

Қазақстан Республикасының заннамасына сәйкес ветеринариялық және фитосанитариялықбақылауды жүргізу;

агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша Казакстан Республикасынын Үкіметі бекітетін тізбе бойынша малдың жұқпалы ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;

малды колдан ұрықтандыратын, мал шаруашылыгы енімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттерді, ауыл шаруашылыгы малын соятын аландарды, мал көмінділерін, пестицидтерді, улы химикаттарды және олардын ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) ұйымдастыру; Қазақстан Республикасынын аумағын қорғауға және мал мен адамға ортак аурулардың таралуына жол бермеуге бағытталған ветеринариялык іс-шараларды;

зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердін таралуына жол бермеуге, Қазақстан Республикасынын аумағын карантиндік объектілерден корғауға, сондай-ак олардың таралу ошактарын аныктауга, шектеуге және жоюға бағытталған фитосанитариялык іс-шараларды;малдың және адамның денсаулығына кауіп төндіретін малды, малдан алынатын енімдер мен шикізатты алып кою және жою салдарынан агроәнеркәсіптік кешен субъектілеріне келтірілген залалды өтеу іс-шараларын жүзеге асырады.

Ауылшаруашылык қызметтің кез келген түрі ауылшаруашылык мақсатындағы жермен тығыз байланыста болады. Яғни, аталған жер учаскесіз бұл қызмет түрін жүзеге асыру мүмкін емес.

Ауыл шаруашылыгы мақсатындагы жерлер дегеніміз—ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарга арналган жерлер болып табылады Ауыл шаруашылык мақсатындағы жерлер өз кезегінде 3 топка бөлінеді:

• ауылшаруашылық алқаптары;

• ауылшаруашылық мұктаждарын қамтамасыз етуге арналған құрылыстар, өзгеобъектілер су айдындары орналасқан жерлер;

• өзге алқаптар; құмдар, такырлар т.б. Ауылшаруашылық алқаптары бірнеше түрге бөлінеді: егістік,

жайылым, шабындықтар, кеп жылдық екпелер, т.б. Суландыру не байланысты суарылатын алқаптар (суландыру деңгейі түрде 75 пайызды құрайды) және суарылмайтын алқаптар бөлінеді.

Ауыл шаруашылық алкаптарына жер заңнамасында берілген түрге тоқталып кетейік. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 97-бабының 4-бөлімінде осы түсініктер бекітілген. Ыстық — жүйелі түрде өнделетін және көпжылдық шөптердің қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дакылдарының егісті - пайдаланылатын жер учаскелері, сондай-ак сүрі жер. Алдын егілетін дақылдардың егістігі орналасқан (үш жылдан аспай - уақыт аралығында), түбегейлі жаксарту максатында жыртысын шабындықтар мен жайылымдардыңжеручаскелері, сондай – ақ басқа бақтардың егіске пайдаланылатын қатар аралығы егістікке жатпайды.

Тыңайғанжер — бұрын егістік кұрамында болған және күзден рстап бір жылдан аса ауыл шаруашылығы дакылдарын егуге пай- Іріанылмайтын және пар айдауға әзірленбеген жер учаскесі.

Көпжылдық екпелер – жеміс - жидек, техникалық және дәрі - зәрмек енімдерінің түсімін алуға, сондай - ақ аумақты сәндеп безендіруге арналып қолдан отырғызылған көпжылдыкағаш, бұта екпелеріне пайдаланылатын жер учаскелері.

Табиғи шабындықтар мен жайылымдар — шәп егу аркылы жа- иидан отайған шабындык және жайылым учаскелері.

Суландырылган жайылымдар — тиісті мал басын сапасы ойдағыдай сумен камтамасыз ете алатын су кәздері (көлдер, өзендер, іоғандар, апандар, суару және суландыру каналдары, кұбырлы немесе шегінді қүдыктар) бар жайылымдар.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік - реттеу алдына келесідей міндеттерді кояды:

- жерлердің бұзылуына, деградацияға ұшырауына және шаруашылық кызметгің басқа да жағымсыз салдарының орын алуына тосқауыл болу, экологиялық қауіпсіз өндіріс технологияларын пайдалана отырып, мелиоративті және басқа да іс - шарала ды ұйымдастыру;

- бұзылуға және деградацияға ұшыраған жерлердің жақсаруын және қалпына келуін қамтамасыз ету;

- жерді дұрыс пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірибеге өндіру;

- мемлекеттік органдардың, жеке, заңды тұлғалардын және лауазымды адамдардың Казакстан Республикасы Жер зандарының сақталуын, Казақстан Республикасы зандарының бұзылуын анықтау және жою, азаматтар мен занды тұлғалардың бүзыл- ған кұкықтарын калпына келтіру, жер учаскелерін пайдалану ережелерінін сакталуын, жер кадастры мен жерге орналастыру ісінің дурые жүргізілуін және жерді ұтымды пайдалану мен корғау жөніндегі іс - шаралардын орындалуын қамтамасыз ету;

—қолданыстағы жер пайдалануды калыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын жасау, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілеу, жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар жасауды ұйымдастыру;

—жерді түгендеу ісін жургізу, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы максатында пайдаланылмай отырған жерді аныктау;

—ауыл шаруашылык жерініңтабиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орнапасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалык сипаттамасы туралы, жер пайдаланудын есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлык күны туралы мәліметтердің жүйесін қалыгітастырады;

—ауыл шаруашылығы жері саласында орын алып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен онын зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру және де көптеген баска да салалык міндеттерді өз алдына міндет ретінде кояды.

2. Ауылшаруашылық мақсатына арналған жерлерге меншік құқыгы және өзге құқықтар, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану субъектілері. 2003 жылғадейін Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығы қарастырылмаған болағын. 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің қабылдануы Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылык мақсатынадағы жерлерге жеке меншік құқығын толығымен заңдастырып, аталған жерлерді шаруашылык құқықтық айналымға енгізді. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер келесі жағдайларда ғана жеке меншікке беріледі:

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін;

2.Өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін;

3.Орман өсіру үшін;

4.Бағбандық және саяжай күрылысы үшін;

5.Жеке тұрғын үй құрылысы үшін;

6.Тауарлы ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін;

7.Үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері.

3. Арнайы жер қорының түсінігі және құрамы. Арнайы жер коры Қазақстанда 1991 жылы Жер реформасы туралы заңына сәйкес пайда болған болатын. Казіргі танда арнайы жер қорынын құкықтық жағдайы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 100-бабына сәйкес анықталады.

Жерді ауыл шаруашылык өнімін өндірушілердін арасыңда жер учаскелерін қайта белу мақсатында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер және босалкы жерлерден арнайы жер коры құрылады. Арнайы жер коры:

жер учаскесінен өз еркімен бас тарткан жағдайда; Жер кодексінің 92,93,95-баптарына сәйкес, жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қойған жағдайда; егер зан бойынша, өсиет бойынша мұрагерлері жоқ, немесе бірде - бір мұрагері мұраны қабылдамаған жағдайда немесе өсиет бойынша мұрагерлерді мұрадан айырған жағдайда, не мұрагерлер мемлекет пайдасына мұрадан бас тартқан жағдайдағы жер учаскелерінен құралады.Белгілі жер учаскесін арнайы жер қорынын құрамына енгізу туралы шешімді аудандык атқарушы орган қабылдайды.

4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бір санаттан келесі түріне ауыстыру тәртібі. Ауыл шаруашылығы алкаптарын бір түрден екіншісіне ауыс- тыру (трансформациялау) қажеттігі табиғи факторларға, оларды кейін де баска жер алкаптарының құрамында пайдаланудың экономикалык тұрғыдан орындылығына негізделеді.

Жер учаскесі меншік иесінін немесе жер пайдаланушының жер учаскесінін орналасқан орны бойынша тиісті жергілікті атқарушы органға берген өтінімі, сондай - ақ жергілікті аткарушы органның бастамасы ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге негіз бола алады.

Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізілетін ауыл шаруашылығы алкаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі жерге орналастыру жүмыстарын қаржыландыру - жергілікті бюджет каражаты есебінен, ал жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардыңөтініштері бойынша - олардың ез каражатының есебінен жүзеге асырылады.

Топырақ - мелиорациялық жай - күйі оларды басқа алқап түріне ауыстыруды қажет ететін ауыл шаруашылығы алқаптарының болуы қолда бар жоспарлау - картографиялық материалдарды, жерге орналастыру, мелиорациялық құрылыс жобаларын, топырақты зерттеу, топырақ - мелиорациялық, геоботаникалық ізденістер материалдарын, тұзданудың түсірілген суреттерін, жер кадастрының, жерді түгендеудің деректерін зерделеу негізінде алдын ала анықталады.

Неғұрлым бағалы ауыл шаруашылығы алкаптарын бағасы төменгілеріне ауыстыруға:

егістік үшін - жердін агроондірістік топырак сипаттамасының олардың нақты пайдаланылуына сәйкес келмеуі, улы заттармен ластанудың жоғары деңгейі; көпжылдық екпелер үшін — екпелердін шекті жасы, олардын сиреуі, жердің кен құрамының жұтандығы, қолайсыз топырақ - мелиорациялық сипаттамасы;

шабындықтар үшін - жердің шелейтгенуі, шалғындык өсімдік- тердің сиреуі, жердің мелиорациялык күйінің нашарлауы; жайылымдар үшін - тапталып бүлінуі негіз болып табылады. Суармалы жерді суарылмайтын жерге ауыстыру кезінде жоғарыда санамаланған факторлардан баска, суару көзімен байланыстың үзілуі, сумен камтылмауы, шаруашылық ішіндегі суару жүйелерінің техникалық жай - күйі, ал жайылма суармалы жер үшін - су ағынын қайта бөлу салдарынан су басудың тоқтауы немесе су ресурстарының болмауы, кұрылыстардың техникалык жай - күйі ескеріледі.

Қажет болған кезде жергілікті аткарушы органдар багалы ауыл шаруашылығы алкаптарын бағасы томенгілеріне ауысты- рудын баска да көрсеткіштерін ауыл шаруашылығы алкаптарынын өнімділігінін тым төмен болуы, топырактың тұздану, сорлеңген және алқаптардын сапалык сипаттан баска да өлшемдерді белгілейді.

15тақырып. Елді мекен жерлерінің құқықтық тәртібі.

Жоспар:

1.Елді мекен жерінің түсінігі және құрамы.

2.Қала және басқа да елді мекеннің шекарасын белгілеу және өзгерту тәртібі.

3. Қала маңындағы аймақтардың түсінігі.

Негізгі ұғымдар: елді мекен жерлері, қала маңыгдағы аймақтар, елді мекеннің шекарасы.

1. Елді мекен жерінің түсінігі және құрамы. Елді мекен дегеніміз - республика аумағыныңхалық жинакы орналаскан, кемінде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылык және басқа қоғамдык кызметі нәтижесінде қалыптаскан, занда белгіленген тәртіпте есепке алынған және тіркелген, жергілікті өкілді және атқарушы органдар баскаратын бір бөлігі.

Елді мекен белгілері:

Міндетті түрде ресми тіркелуі тиіс;

Тұракты түрде тұратын адамдардын саны 50-ден кем болмауы тиіс.

Казақстан Республикасы аумағыңдағы елді мекендер қалалық және селолык елді мекендерге бөлінеді.

Қалалық елді мекендерге республикалық, облыстык және аудандық маңыздағы калалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы поселкелер; селоларға — олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елді мекендер жатады.

Халқының саны 400 мың адамнан асатын облыстык маңызыбар қаладағы, республикалык маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан каладағы аудан болып табылады.

Калалар және басқа елді мекендер:

республикалык маңыздағы қалаларға бөлінеді. бұларға ерекше мемлекеттік маңызы бар және бір миллион адамнан астам халқы бар елді мекендер жатқызылуы мүмкін;

облыстык маңызы бар қалаларға бөлінеді, бұларға саны 50 мың адамнан асатын, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар, ірі экономикалықжәне мәдени орталыктар бо­лып табылатын елді мекендер жатқызылуы мүмкін;

аудандық маңызы бар калаларға бөлінеді, бұларға аумағында өнеркәсіп орындары, коммуналдық шаруашылығы, мемле­кеттік тұрғын үй коры, оку және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектілерінің дамыған жүйесі, кемінде 10 мың адам халқы бар, оның халқының жалпы санының үштен екісінен астамы жұмысшылар, қызметшілер мен олардыңотбасы мүшелері болып табылатынелді мекендер жатқызылуы мүмкін;

4)поселкелерге бөлінеді, бұларға өнеркәсіп орындарының,құрылыстардың, темір жол стансаларының және баска экономикалық маңызды объектілердің жанындағы, кемінде 3 мың адамы бар, оның кемінде үштен екісі жұмысшылар,қызметшілержәне олардың отбасы мүшелері болып табылатын елдімекендержатқызылуы мүмкін;

кемінде екі мың адам халқы бар, оның жыл сайын емделу мен тынығу үшін келетіндер саны кемінде тең жартысын құрайтын, емдік маңызы бар жерлерде орналаскан елді мекендер де посел­келерге теңестіріледі; оларға қалалықтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халқының кемінде 25 проценті ауыл шаруашылығымен ұдайы айналысатын саяжай поселкелері де жатқызылуы мүмкін;

ауыл (село) — саны кемінде 50 адам болатын, халқының кемінде жартысын ауыл, орман және аңшылық шаруашылығында, бал ара шаруашылығында, балық аулау мен балық есіру шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары құрайтын елді ме­кен;

халқының саны кемінде 50 адам шаруа және баска да қоныстар ең жуық елді мекеннің құрамына енгізіледі.

Тұракты халқының саны елу адамнан асатын және дербес елді мекендер деп саналатын қоныстар есепке алынады және тіркелугежатады.

Қызметтік мақсаттағы объектілер болып табылатын жалғыз үйлер, фермалар, қоныстар (орманшылардын, жол қараушылардың, жол шеберлерінің үйлері, зайымкелер, қыстаулар, дала костары, метеостансалар жене т.б.) әкімшілік немесе аумақтық тұрғыдан байланысты елді мекендер қүрамында есепке алынады.

Қалалардың, кенттердің немесе ауылдардың (селолардың) құрамына еңгізілген және олардың бір бөлігіне айналған елді мекендер, сондай-ақ тұрғындарының бәрі кетіп қалған немесе қоныс аударған коныстар дербес әкімшілік-аумақтық бірліктер мәртебесінен айырылады және есепті деректерден шығарылады Казақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес, елді мекендер жеріне келесі жерлер жатады:

кұрылыстар алып жатқан әрі көп пәтерлі және көп қабатты тұрғын үйлер, үй іргесіндегі жер учаскелері бар жеке тұрғын үйлер салуға арналған тұрғын жай салатын жер;

денсаулық сактау, мәдениет, сауда, қоғамдыктамақтандыру, тұрмыстық кызмет көрсету, коммерциялық қызмет объектілері, сондай-ак жалпы білім беру, арнаулы орта және жоғары білім беру мекемелері, өкімшілік, ғылыми-зерттеу мекемелері, ғибадат үйлері мен өзге де іскерлік үйлері, кұрылыстар мен ғима-раттар салынған және соларды орналастыруға арналған коғамдық іскерлік құрылыс салатын жер;

өнеркәсіп, коммуналдықжәне олардың жұмыс істеуін камтамасыз ететін койма объектілері, инженерлік және көлік йнфрақұрылымы объектілері салынған және соларды орналастыруға арналған, сондай-ак осы объектілердін санитарлық-корғау аймактарын белгілеуге арналған өндірістік құрылыс салатын жер;

темір жол, автомобиль, өзен, теңіз, әуе және құбыр тасымалы жолдары, инженерлік инфрақұрылым мен байланыс магистральдары ететін және соларды салуға арналған көлік, байла­ныс, инженерлік коммуникациялар жері;

ерекше қорғалатын табиғи аумактар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени максаттағы жер;

өзендер, табиғи және жасанды су айдындары мен акваториялар, су корғау аймақтары, гидротехникалык және баска да су! шаруашылығы құрылыстары орналаскан су айдындары мен акваторияларжері;

ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер;

аландар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гулзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халыктың қажеттерін қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су кұбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын баска да инженерлік жүйелер) орналаскан жәнесоларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер;

қала күрылысы кызметінетартылмаған, елді мекенді аумақтыктұрғыдан дамытуға және өзіндік үй (косалкы) шаруашылығындамытуға арналған резервтегі және өзге де жер;

10)крематорийлерді, мал корымы, тұрмыстык қалдыктар тастау орындарын және арнаулы нормативтер мен ережелер белгіленбейінше пайдалануға болмайтын өзге де объектілерді орналастыру үшін бөлінетін арнайы максаттағы жер;

11) корғаныс қажеттері үшін берілген және өзге де пайдалану режиміндегі жер кіруі мүмкін.

Бұл жерлер құрамына көптеген жерлер кіретін болғандыктан аталған жерлерді пайдаланудын біркатар ерекшеліктері бар:

• бұл жерлер мемлекеттің және жеке меңшік құқығыныңобъектісіболады.

• мемлекеттік ұйымдарға жер тұракты тегін пайдалануғаберіледі.

Сонымен катар, елді мекендерді жобалауға және салуға Қазақстан РеспубликасыныңЭкологиялық кодексіне сәйкес экологиялык талаптар койылады. Қалаларды және баска да елді мекендерді жобалау, салу, реконструкциялау экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялык талаптар мен экологиялық қауіпсізд


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: