Самостоятельная работа студента

Туберкулезді анықтау белсенді әдістері.

«ТБ жұқтыруы және оны анықтау әдістері» тақырып бойынша баяндама дайындау.

Флюорография әдісімен ТБ анықтау алгоритмін құру.

9 САБАҚ

Туберкулезді анықтатын және диагностиканың заманауи әдістер

9.1 ТБ анықтау әдістері. Ақпаратты блок (75 минут)

Заманауи кезеңде ТБ эпидемияның дамуында туберкулезге қарсы шараларды емханада және ауруханада жүргізгенде орта медициналық қызметкердің атқаратын рөлі жоғарлады.

Алдын алу жоспарлы медициналық тексерістер (белсенді анықтау) ТБ дер кезінде анықтауға бағытталған және ТБ бойынша қауіпті топтан халық арасында БМСК жүйесінің медициналық қызметкерлермен жүргізіледі. Осы халық топтарға жыл сайын флюорграфия зерттеуі жүргізіледі. Жағымсыз жағдайларда жүрген қауіпті топтын адамдарда ТБ ауырып қалу мүмкіндігі көп. Сондықтан, осы адамдар дер кезінде кеуде қуысы мүшелерінің флюорографияны жүргізгенді БМСК жүйесінің ОМҚ бақылап отыру керек.

ТБ даму бойынша қауіпті топтарға жатады:

· Созылмалы өзгешілік емес өкпе аурулармен, қант диабетімен, маскүнемдікпен, нашақорлығымен, АИВ/ЖИТС диагнозымен диспансерлік есепте тұратын адамдар;

· Кортикостероидті емін алатын адамдар;

· Өкпеде әртүрлі этиологиямен қалған көріністермен адамдар;

· ТБ ауратын науқастармен қатынаста болған адамдар;

· Босанғаннан кейін кезеңде әйелдер;

· 15 – 17 жастағы жасөспірімдер;

· Әскери қызметке әскери шақырушылар;

· Жоғары және орта мамандырылған оқу орындардан студенттер.

Флюорографиялық зерттеуден қашуға керек жоқ екенін науқастарға (ол тағы ОМҚ міндеті) түсіндіру маңызды. Заманауи кезеңде цифрлік рентгенодиагностикалық техника қолданылады, пленкалық флюорографтарға қарағанда оның 30 – 50 есе артық сәулелік жүктемесі бар.

ТБ басқа маңызды диагностикалық әдісі ол қақырықта, нәжісте және басқа патологиялық материалда ТМБ анықтауға жағындының микроскопиялық зерттеуін жүргізу болып табылады.

Қақырықта ТМБ дәлелдеу үшін науқаста келесі шағымдар болу керек:

· 2 аптадан астам жөтел;

· Қан қақыру;

· Кеуде қуысында шаншу;

· Дене қызуын көтерлеуі;

· Салмақтын азаюі;

· Тәбеті төмендеуі;

· Түнгі тершендік;

· Қатты шаршағандық.

ОМҚ материалды алу техникасын, сақтау мен тасымалдау әдістерді білу қажет, өйткені осылардан тек алынған нәтижелердің анықтығы ғана байланысты емес тағы эпидемиологиялық қауіпсіздігі да байланысты. Қақырық жинау техникасы ескертулерде берілген.

Халыққа туберкулезге қарсы көмек көрсетуінің маңызды қағидалардын бірі бактерия шығаратын ең қауіпті эпидемиялық науқастарды барлық әдістермен анықтау (бактериоскопия, ТМБ егу) және келешекте емдеу. Учаскелік терапевтке медициналық көмек алуға аурудын симптомдармен келген адамдарды дер кезінде зерттеуге жіберу керек. Егер науқаста созылмалы өзгешілікті емес жазылмайтын ауру болса және жиі асқынулар болса онда ТБ күдіктену қажет және оны зерттеуге жіберу керек.

9.2 Туберкулинодиагностика. Ақпаратты блок (50 минут)

Туберкулинодиагностика ТБ клиникалық диагнозды толықтыруға көмектесетін маңызды әдіс. ТМБ уландыру немесе БЦЖ вакцина себеп болуымен ол ағзада өзгешелік сенсибилизация бар болуына көрсетеді.

Туберкулинді проба үшін туберкулинді қолданады. Алғашқы рет туберуклин 1890 ж. Р.Кохпен ТМБ тіршілік әрекеттегі өнімдерден шығарылды. Ол ТМБ сорпалық дақылдан сулық-глицеринді экстракт ретінде ұсынылған. Туберкулинде антигенді толық қасиеттері жоқ, яғни дені сау ағзада сенсибилизация жүргізбейді және туберкулезге қарсы иммунитетті шығармайды. Туберкулин тек қана ТМБ сенбилизацияланған немесе БЦЖ вакцинасын қойған адамдарда жаупты реакциясын көрсетеді. Туберкулинді терінің ішіне еккен кезде 24 – 48 сағаттан кейін сол орында инфильтрат қалыптастыруымен өзгешелік аллергиялық реакцияның жай түрі жүреді. Патоморфологиялық инфильтрат мононуклеарлы және гистицитарлы реакциямен терінің барлық қабаттардын ісінуімен сипатталады. Туберкулинге ағзаның сезімталдығын өзгерту немесе белсендігі қайта қайтару, бірақ ол иммунитеттің шарасы болып табылмайды, осы реакция аллергия деңгейін сипаттайды.

Туберкулин препараттарға жатады: ППД-Л (автор М. Линникова); құрғақ эритроцитарлы туберкулезді диагностикум және ТБ қоздырғыштарға антиденелерді анықтау үшін иммуноферменттік тест-жүйе.

ТМБ инфицирленген адамдарды анықтау мақсатымен 2 ТЕ Манту реакциясын жүргізеді, ол үшін PPD-L 2 ТЕ стандартты ерітуімен тазартылған туберкулинді қолданады.

Манту реакциясын жүргізу үшін келесі көрсетілімдер болып табылады: қауіп топтан, ТБ ошақтан балаларды алдын алу тексеру; вакцинацияны немесе БЦЖ ревакциянациясын жүргізу үшін 2 айдан жоғары балаларды іріктеу үшін.

Манту реакцияны дәрігердің тағайындау бойынша арнайы оқылған және осы рәсімге жіберу-құжаты бар мейірбике жүргізеді.

БЦЖ ревакциянация үшін балаларды іріктеу мақсатымен 2 ТЕ Манту реакциясы оқу жылының бірінші айында 6 – 7 жастағы мектепте оқитын балаларға қойылады. Осы уақытта басқа егулер қойылмау керек.

Манту реакцияны қоюға қарсы көрсетілімдері:

· Жедел және созылмалы жұқпалы аурулар;

· Асқыну кезеңде соматикалық аурулар;

· Аллергиялық жағдайлар, жедел және жеделдеу фазаларды ревматизм, бронхиальды астма, асқыну кезеңде айқын тер көріністермен идиосинкразиялар.

Клиникалық симптомдар жойылған соң немесе каратин біткеннен соң 2 айдан кейін Манту реакциясын қояды.

72 сағаттан кейін миллиметрмен инфильтратты көлденнен өлшеуімен Манту реакциясын бағалайды, егер инфильтрат жоқ болса гиперемияны өлшейді және тіркейді.

· Теріс (анергия) – инфильтраттын немесе гиперемияның жоқтығы (папулалар), немесе ине шаншудан реакциялар (0 – 1 мм);

· Күдікті (гипоергия) – инфильтрат 2 – 4 мм өлшемімен немесе әртүрлі өлшемімен гиперемия;

· Оң (нормоергия) – инфильтрат 5 мм және одан жоғары өлшемімен;

· Қатты оң (гиперергия) – балаларда инфильтраттың көлемі 15 мм және жоғары, жасөспірімдерде – 17 мм және жоғары, ересек адамдарда – 21 мм және жоғары, және инфильтраттың өлшеміне қарамастан лимфангоитпен немесе лимфангоитсіз везикуло-некротикалық реакциялар.

Манту пробаның нәтижелері алдын алу егу картасында (№ 063/у формасы), баланың медициналық картасында (№ 026/у формасы), бала даму тарихында (№ 112/у формасы) тіркеледі. Балалардын ерте жасында нәтиженің оң реакциясы маңызды диагностикалық мағына білдіреді. Үлкен жастағы балаларда және жасөспірімдерде туберкулин пробаларға динамикалық бақылау жүргізу арқылы туберкулиннің бірінші оң реакциясын, немесе «виражды» деп аталатын, пайда болған уақытын белгілеуге болады.

9.3. Диагностиканың жаңа әдістері. Ақпаратты блок (75 минут)

ТБ диагнотиканың жаңа, заманауи әдісі Диаскинтест (алғышқы рет Ресейде алынған және апробация жасылынған) болып табылады – тері ішіндегі диагностикалық тест. Нәтижелердің қою техникасы және тіркеуі Манту пробаға сәйкес. Оның негізінде екі рекомбинатты ақуыздын (ЕSАТ6/CFP10) комбинациясы жатыр, М.bovis BCG және көбісінің патогенді емес ТМБ қарағанда олардын негіздерінде жоқ. Тест жоғары өзгешелікті – ол M.tuberculosis инфекция, ПВА, микобактериоздарда болатын өзгешелікті емес реакциялар себеп болуымен иммундық реакцияларды анық дифференциациялауға рұқсат береді. Ол жоғары сезімтал – белсенді туберкулезбен ауратын барлық науқастар және жоғары қауіпта туберкулездің дамуымен адамдар препаратқа оң нәтижелі реакциясын көрсетеді.

Туберуклез диагнотиканың заманауи молекулярлық-генетикалық әдістердің бірі G-еxpert, Hain-test болып саналады, олар патологиялық материалда (G-еxpert) ТМБ және 2 сағаттын ішінде рифампицинге (R) сезімталдығын тез анықтауға мүмкіндік береді. GenoType®MTBDR (Hain–тест) Lifescience, Nehren, Germany дақылда немесе тікелей біріншілік материалда (ҚТБ+ қақырық) ТМБ-кешенді бірдейлестіруге және олар рифампицинге (rpoB gene) және/немесе изониазидке (katG gene) резистенттілігін анықтауға көмек теседі.

9.4 Оқытушының басқаруымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар (100 минут)

Туберкулезге науқасты диагностикалық зерттеу алгоритмі. ТБ ауратын науқастардын сырқаттамамен және науқастардын медициналық карталармен жұмыс істеу бойынша практикум. Туберкулез диагностиканың және өкпе туберкулез диагностикасында қақырық жинау алгоритмін құру.

Бақылау сұрақтары (35 минут)

1. ТБ анықтау әдістерінің қайсы белсендіге жатады?

2. ТБ анықтау әдістерінің қайсы эпидемиологиялық бақылаудын маңызды бөлімі болып саналады?

3. ТБ анықтайтын бактериоскопия әдісінің артықшылары және жетіспеушіліктері?

4. Қандай жастағы балаларға 2 ТЕ Манту пробаны жүргізеді?

5. Қай жастан ФГ-зерттеуді жүргізеді?

Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

ТБ ауратын адамды зерттеуінде мейірбике-менеджердің атқаратын рөлі. «ТБ ауратын адамды зерттеуінде мейірбике-менеджердің атқаратын рөлі» тақырып бойынша баяндама дайындау. БМСК жағдайларда ТБ диагностиканың алгоритмін құру.

10 САБАҚ

Туберкулез алдын алудын түрлері. Өзгешелікті алдын алу

10.1 Өзгешелікті алдын аул. Дағдыларды көрсетуімен ақпаратты блок (200 минут)

Мейірбике, ОМҚ вакцинация жүргізу техникасын білу қажет, оны тәжірибеде орындау үшін ерекше жүргізу рұқсаты болу керек. Егу жүргізуінің сапасына қарай ТБ өзгешелікті алдын алу жүргізуінің жетістігі байланысты. ТБ қарсы егілмеген балалар мен жасөспірімдер немесе сапасыз егілгендер (егілгеннен кейін белгісі болмаса немесе тыртықшаның кішкентай өлшемі – 1 – 2 мм болса) ТБ бойынша қауіпті топқа жатады.

Туберкулездің өзгешелікті алдын алуы туберкулез қоздырғыштын резистенттілігін жоғарлатуына бағытталған, яғни ТМБ жағынан басқыншылдыққа ұшыратын адамға бағытталған. Туберкулез инфекциясына инфицирленбеген адамның тұрақтылығын жоғарлату үшін вакцинация жүргізу керек. Тағы бір әдіс бар – ол Mycobacterium tuberculosis жоятын химиопрепараттарды қолдану. Ол химиопрофилактика деп аталады.

Туберкулезге қарсы вакцинация. Туберкулезге қарсы вакцинацияның мақсаты ТМБ инфицирленбеген адамда жасанды иммунитетті құру, ол туберкулез қоздырғышқа тұрақтылығын жоғарлайды.

13 жыл бойы қажырлы еңбегімен Кальметпен және Геренмен құрылған ТМБ бұқа түрінің тірі әлсіз дақыл адамда ауруды қоздырмайды, бірақ өзгешілікті иммунитетті және иммуногендігін қалыптастыру үшін қажетті қасиеттермен байланысқан.

Вакцинацияны дені сау, мерзімде туылған балаларға өмірге келгеннен кейін 1 – 4 күндерде жүргізеді. Ол үшін арнайы оқыған мейірбике шыны ампуладағы құрғақ вакцинаны 0,9% натрий хлоридпен ерітеді және жіңішке инемен қатаң сол қолдын бүйір жағындағы жоғары мен орта үштен бірі шектелуінде терінің ішіне егеді. Инъекция қойған жерде ақ папула пайда болады, ол 15 – 20 минуттан кейін кетеді. Инъекцияны бір нәрсемен өндеуге немесе жабуға керек емес. Нәрестелерде қалыпты жергілікті егудің реакциясы 4 – 6 аптадан кейін анықталады. Терінің ішіне вакцина егілген орында 5 – 10 мм диаметрімен папула пайда болады. Уақыт өткеннен кейін пустула (көбіршік), кейін қабықша пайда болады. Кейбір кезде кішкентай ғана 5 – 8 мм диаметрімен жара шығады. Сосын 90 – 95% егілгендерде пустуланың орында ақырын терінің сырты қабатында 10 мм диаментрімен жуық тыртық қалыптасады. Уақыт өткеннен кейін тыртықтын бар болуына және өлшеміне қарап жүргізілген вакцинацияның сапасы туралы айтады. Егу реакцияның кері дамуы 2 – 3 айдын ішінде, кейбір кезде ұзақ мерзімдерде жүреді.

Туберкулезге қарсы вакцинацияның тиімділігі кейбір эпидемиологиялық көрсеткіштердің жақсартылуымен көрінеді. Егілгендердің арасында туберкулез ауруы 5 – 10 есе аз, өлім-жітім азаяды. БЦЖ вакцинаны кең тәжірибеге енгізгеннен кейін балаларда және жасөспірімдерде милиарлы туберкулезден, туберкулезды менингиттен, казеозды пневмониядан сияқты таралған және ауыр формалармен туберкулезден ауруы төмендеді. Көкірек ішінде лимфа түйіндердің зақымдану шектелуімен туберкулездің жеңіл формалар көбейе бастады.

ДДҰ ұсыныстармен сәйкес туберкулезге қарсы вакцинация әлем бойынша мемлекеттердің көбісінде қолданады, сол елдерде туберкулез жөнінде эпидемиялық жағдай қиын.

Отбасыда туберкулезбен ауратын адамдар болса, онда сол отбасыдағы егілген нәрестелерді иммунитет шығарылмағанша ең азы 8 аптаға оқшаулау керек. Егер туберкулезбен ауратын анамен нәресте БЦЖ вакцина егілмей тұрып тығыз қатынаста болса (егер бала медициналық мекемеде туылмаса және т.б.), онда оған вакцинацияны жүргізбейді, оған 3 айдан кейін химиопрофилактиканы тағайындайды. Осы мерзімнен кейін, егер 2 ТЕ Манту пробасы теріс болса БЦЖ-М жүргізуге көрсетілім бар. Егер нәрестеге БЦЖ вакцинаны еккеннен кейін анасында туберкулез анықталса, онда вакцина егілгеніне қарамастан химиопрофилактиканы тағайындайды.

Химиопрофилактика. ТМБ жұғуыныңең қауіпті әсер тиетін адамдарда туберкулезді жою үшін туберкулезге қарсы химиопрепараттарды қолдануы химиопрофилактика деп аталады. Химиопрофилактиканы алған адамдардын арасында туберкулезбен ауырып қалған адамдардын саны, химиопрофилактиканы алмаған адамдармен салыстырғанда, 5 – 7 есе төмен. Әдеттегідей медициналық қызметтердің бақылауымен химиопрофилактиканы санаторлық жағдайларда изониазидпен жүргізеді. Химиопрофилактиканың ұзақтығы – 3 ай.

Кешенді клиникалық-рентгенологиялық зерттеудің мәліметтер бойынша және туберкулезбен ауратын науқаспен қатынаста болуына немесе болмауына қарамастан белсенді туберкулез диагнозы дәлелденбегеннен кейін туберкулезді жою мақсатымен АИВ-инфекциямен науқастарға бір рет химиопрофилактика жүргізіледі. Оң нәтижелі АИВ-статус дәлелденген кезде науқастарға келесі сызба бойынша химиопрофилактика жүргізіледі: изониазид (Н) есеп бойынша 10 мг/кг салмағына (300 мг астам емес) және пиридоксин – 25 мг тәуілігіне, осы дәрілерді күнде 6 ай бойы қабылдау керек (ДДҰ ұсыныс бойынша және ТБ АИВ бұйрықтан қосымша).

10.2 Оқытушының басқаруымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар (100 минут)

БЦЖ вакцинациясы және ревакцинациясы, вакцинацияның алдында жүргізілетін шаралар, туберкулезге қарсы иммунизацияның тиімділігін бағалау. Туберкулездің химиопрофилактикасы. ТБ ауратын науқастардын сырқаттамалармен және медициналық карталармен жұмыс істеу бойынша практикум. Оқиғалық есептерді шешу, тесттілеу.

Бақылау сұрақтары (35 минут)

1. ТБ алдын алудын қандай түрлерін білесіз?

2. ТБ өзгешелікті алдын алу дегеніміз не?

3. ТБ химиопрофилактикасы дегеніміз не?

4. БЦЖ вакцинациясы қашан жүргізіледі?

5. БЦЖ вакцинациясын және ревакцинацисын кім жүргізеді?

Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

Туберкулездің өзгешелікті алдын алуы.

«Балалардағы туберкулездің химиопрофилактикасы» тақырып бойынша оқиғалық есепті құру. «Туберкулездің өзгешелікті алдын алуы» тақырып бойынша баяндама дайындау.

11 САБАҚ

Туберкулездің өзгешелікті (санитарлық және әлеуметтік) емес алдын алуы

11.1 Әлеуметтік алдын алуы. Ақпаратты блок (100 минут)

Туберкулез әлеуметтік және медициналық себеп болып табылады. Туберкулездің алдын алу үшін әлеуметтік және медициналық шараларға бағытталған кешен қажет.

Сауықтыру шаралардын кең кешенді ұйымдастыру және жан-жақта жүргізу керек деп әлеуметтік алдын алу регламенттейді, олар тек қана туберкулезді емес басқа да ауруларды жоюға көмектеседі. Осы шаралар әмбебап және өзгешелікте емес деп сипатталады. Бірақ туберкулездің алдын алуында олардын мағынасы көп. Әлеуметтік сипатымен алдын алу шаралар экологияны жақсартуына, кедейлікпен күресуге, қаржы дәулеттілігін, жалпы мәдениетті және азаматтардын білімін жоғарлауына бағытталған. Олар денсаулықты нығайту және дұрыс тұрмыс дәстүрдің қағидасы үшін қажетті жағдайларды жасайды. Осы шаралардын орындауы жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдаймен, мемлекеттегі саясаттың еркінімен және оның идеологиямен байланысты.

11.2 Талқылауға арналған сұрақ (25 минут)

Қазақстанда қандай шаралар мекеме аралық құрылымдардын қатысуымен өтеді? Қандай шараларда сіз жеке қатыстыныз? Сіздің ойынызша осы шаралардын әсері қаншалықты?

 

ҚР АИВ/ЖИТС қызметтің және туберкулезге қарсы бағдарламамен әрекеттесу бойынша жағымды тәжірибе

Туберкулёз бастаушы оппортунистік инфекция және АИВ–инфицирленген адамдардын өлім-жітімнің бастаушы себебі болып табылады. Қазақстанда жыл сайын АИВ-инфекциямен ауратын орташа есептегенде 200 науқаста туберкулез анықталады. АИВ-инфицирленген адамдардын өлім-жітім себептердің құрылымында оған 32% оқиға келеді. Соған қарай, туберкулезбен және АИВ-инфекциямен қоса ауратын науқастардын көбісі пнетенциарлы жүйедегі мекемелерде (20% астам) орналасқан. АИВ/ЖИТС-пен ауратын науқастардын жалпы санынан 64% 1529 жастағы адамдарға келеді.

2008 жылдан бастап ЮСАИД-пен қаржыладыратын «Потенциал» жоба қолдауымен Алматы қ. туберкулезге қарсы және ЖИТС қызметтердің әрекеттесу механизмін жасау бойынша модельдің орындауы басталды. Мемлекетте туберкулезге қарсы және ЖИТС қызметтердің әрекеттесу механизмі жөнге салынбаған, екі инфекциямен науқастарда мониторинг жүйесі болмаған, екі инфекциямен науқастарға ем жүргізу хаттамалар болмады. Тағы кадр ресурстар – осы тақырып бойынша оқыған мамандар жетіспеген.

Жобаның қызметі мемлекеттегі модельді қолдауды қамтамасыз етуімен басталды, яғни АИВ/ТБ біріккен инфекциямен күресуге шараларды күшейту бойынша Алматы қ. денсаулық сақтау Басқармасының біріккен бұйрығын жасауымен және шығаруымен басталған.

ТБ/АИВ мониторинг және бағалау хаттамалар жасалынды, әдістемелік нұсқамалар, тіркеу формалар, екі инфекцияға арналған ақпаратты-білімді мәліметтер.

Жасалған құжаттар бойынша екі инфекциямен науқастар жөнінде жүргізілетін шараларға жауапты екі қызметтің мамандарын оқытты. Сонымен қатар ТБ/АИВ компонент дәрігердің біліктілігің жоғарлайтын Алматы мемлекеттік институтының оқу үрдесіне енгізілген.

1000 науқас астам модельдің шаралардын шектеуінде көмек алды, оларға диагностикалық, ем және кеңес көмек көрсетілді.

 

11.3 Санитарлық алдын алу. Ақпаратты блок (50 минут)

Санитарлық алдын алу бактерия шығаратын көзіне және туберкулез қоздырғышының таралу жолдарына бағытталған. Эпидемиологиялық ең қауіпті бактерия шығарушылар және туберкулезбен белсенді ауратын адамдар болып саналады. Соның ішінде, ең қауіпті өкпеде туберкулезды каверналар бар адамдар болып табылады. Өкпеден тыс туберкулезбен ауратын адамдарға жарақатта, нәжісте, менструалды қанда және басқа бөліністерде ТМБ анықтағанда. Осындай адамдардын эпидемиялық қауіп төмен. Пункциондық, биопсиялық немесе операциялық материалдарда ТМБ өсуі анықталса, онда адамдарды бактерия шығаратын адамдар ретінде санамайды. Туберкулезбен ауратын науқас туралы мәліметтермен медициналық ұйымдар өзара мәліметтермен алмасу жүргізеді. Әр науқасқа белсендә туберкулез диагнозы (қайтыс болса да) бірінші рет қойылса онда оған арнайы жедел ақпарат толтырылады.

Туберкулез инфекцияның таралуы тұрмыс жағдайлардан, мәдениетті деңгейден, науқастын әдеттерден және онымен қатынаста болған адамдардан байланысты. Сондықтан, санитарлық алдын алудын объекті тек қана ТМБ көзі емес тағы сонымен бірге қатыста болған адамдар. Сондықтан, санитарлық алдын алудын объекті тек қана ТМБ көзі ғана емес, тағы соның айналасындағы туберкулез инфекцияның ошағы болып саналады. Бактерия шығарушыны табу өте маңызды, бірақ ТБ инфекцияның ошағында жұмыс жүргізу де өте маңызды. ТБ ошағы пәтер, жатақхана, әлеуметтік қамтамасыз ететін мекеме, әр қайсы мекеме және ТБ ауратын адаммен тұрғындар тығыз қатынастарда болса онда елді мекен де болу мүмкін. Бактерия шығаратын көлемімен, ошақтағы балалардын санымен және санитарлық-гигиеналық қалыптарды сақтауымен байланысып ошақтар үш топқа бөлінеді: I – эпидемиологиялық ең қауіпті топ, II – эпидемиологиялық аса қауіпті емес, III – әлеуетті қауіпті.

Эпидемияға қарсы жұмыс мағынасын фтизиатриялық бөлімшенің мейірбикелер білу керек, тағы әртүрлі мамандардын мейірбикелер, барлық бейінді БМСК жүйесінің аға және бас мейірбикелер білу керек. Эпидемияға қарсы жұмысқа науқастын госпитализациясы және емі, оны оқшаулауы және ошақ шектелуінде қатынаста болған балалар, қорытынды дезинфекцияны ұйымдастыруы, науқастарға және онымен бірге қатынаста болған ағымды дезинфекцияға оқыту, қатынаста болған адамдарды біріншілік зерттеуін жүргізу және кейін оларды ТБ әрдайым тексеру, ТБ химиопрофилактикасын жүргізу немесе алдын алу ем, қатынасушылардын жасына қарамай туберкулин теріс адамдарда эпидемикалық көрсетілімдер бойынша БЦЖ вакциациясын және ревакцинацияны жүргізу.

Тиімді санитарлық алдын алудын негізгі жағдай науқастардын және олардын отбасындағы мүшелерінің гигиеналық тәрбие. Медициналық қызметкер науқасты жеке гигиенаның ережелерге, ағымды дезинфекцияның әдістерге, қақырықты жинау үшін контейнерлармен қолдану ережелерге үйрету және оның жалпы санитарлық мен гигиеналық сауаттылығын жоғарлату. Осы оқуға дәлелді сипаты болу керек және науқаста барлық ережелерді және нұсқамаларды қатаң сақтау үшін уәждеме болу керек. Қателерді жібермеу үшін және гигиеналық қалыптарды сақтау үшін науқаспен қайта-қайта сөйлесу керек. Тағы сол жайлы оның отбасыдағы мүшелермен сөйлесу керек.

Санитарлық ағартуға және насихатқа үлкен мағына білдіру керек. Соларды жүргізген кезде барлық қол жетілімді әдістерді мен құралдарды қолдану керек, ТБ ерте симптомдар туралы халықта мен науқастарда білімді қалыптастыру керексәйкес зерттеудің, дұрыс емінің, гигиеналық дағдылардын қажеттілігіне назар аудару керек. Халық және науқастардын арасында санитарлық-ағарту жұмыстын жетістігі орта медициналық қызметкерлерден байланысты. Мүмкінді ауруды ескерту үшін науқастағы қауіп факторларды жоюға мейірбике дәрігерге көмектесе алады. Сонымен қатар, науқаспен баяу сарынмен әңгімелесу керек және денсаулықты сақтау және қолдау жөнінде оған үлгі ретінде болу керек. Егер туберкулезбен ауырып қалса, онда емінің жетістігі және аурудын нәтижесі мейірбикенің науқаспен және оның туыстармен тілектес қарым-қатынастардан байланысты. ТБ ауратын науқастармен қатынаста болған адамдарды дер кезінде сақтық шараларды сақтауға үйрету қажет. Дәрігердің тағайындарды орындауға науқасты көндіру керек.

11.4 Оқытушының басқаруымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар (100 минут)

Ту беркулез инфекцияның ошақтары. ТБ эпидемияға қарсы шаралардын жүйесінде дезинфекцияның маңызы. Туберкулез инфекция ошақтардың жіктеуін ұсыну. «ТБ эпидемияға қарсы шаралардын жүйесінде дезинфекция, туберкулез ошақтардағы дезинфекцияның түрлері және әдістері» тақырып бойынша мәлімдеме дайындау.

11.5 Оқиғалық есептер ( 25 минут)

Бақылау сұрақтары (35 минут)

1. ТБ әлеуметтік алдын алу дегеніміз не?

2. ТБ санитарлық алдын алу дегеніміз не?

3. Туберкулез инфекцияның ошағы не деп атаймыз?

4. ТБ ошағының эпидемиологиялық қауіпі қандай факторлардан байланысты?

5. ТБ санитарлық алдын алу әдістері қандай?

Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

Туберкулездің санитарлық алдын алуында мейірбике-менеджердің рөлі.

«Туберкулез инфекцияның ошағында алдын алу шаралар» тақырып бойынша әңгіме немеме кітапша құрастыру. «ТБ санитарлық тәртібі, тағамы, алдын алу немесе анықтау» тақырып бойынша санбюллетень дайындау.

12 САБАҚ

Туберкулездің жалпы қағидалары және ем әдістері

12.1 Емінің жалпы қағидалары. Ақпаратты блок (100 минут)

Химиотерапияның емдік әсері ТМБ туберкулезге қарсы алдын алуымен (ТҚА) және науқастын ағзасында жоюмен тығыз байланысты. Дәрігер-фтизиатр науқас категориясын таңдауын, ем тәртібін, ТҚА дозаларын, препараттардын әдістерін және оларды егуді, ем мерзімдерін анықтайды. Тағы үлкен әсер орта медициналық қызметкерлер тигізеді. Химиотерапияны жүргізген кезде негізгі мақсаты ол толық ем кезеңінде науқастар ТҚА ретімен қабылдау үшін қамтамасыздандыруы болып табылады. Егер препараттарды ретсіз қабылдаса, онда ТМБ дәрілік тұрақтылығы пайда болу мүмкін, созылмалы ауруға айналып кету мүмкін және нәтижесінде ол науқастын өлім-жітіміне келтіру мүмкін.

Науқастардын субъектілік жағдайы қалпына келгеннен кейін олар ұзақ уақыт химиопрепараттардын қабылдауында мұқтаж етеді осы ТБ емінің ерекшелігі болып табылады. Көбісі оны түсінбейді және емді қабылдамайды. Сондықтан емді бақылау керек. Ауруханада және санаторлық жағдайларда ТҚА мейробикенің бақылауымен жүргізіледі. Амбулаторлық жағдайдаларда да препараттардын қабылдауы медициналық қызметкерлермен жүргізіледі.

ТБ ауратын ересек адамдардын емінің мақсаты ол ТБ клиникалық көрсетілімдерді жою, ТБ зақымдануыларды емдеу, еңбек қабілетін және әлеуметтік статусын қалпына келтіру.

Туберкулезбен ауратын балалардын негізгі мақсаты – мүмкіндік бойынша қалдық көріністерсіз немесе минималды өзгерістермен толық емдеу. Кейбір науқастарда осы мақсаттарға жету қиын, өйткені ем мүмкіндіктердің объектілік шектеулер бар. Осындай жағдайларда науқастын өмірің ұзартып және жағдайын жақсарту керек, мүмкіндікке қарай бактерия шығарудын жою керек немесе төмендету керек, еңбек қабілетін жартылай сақтауға тырысу керек.

ТБ ауратын науқастардын ем тиімділігінің критериялар болып табылады:

· ТБ ісіуінің клиникалық және зертханалық көрсетілімдердің жоюі;

· Микроскопиялық және дақылды зерттеулермен дәлелденген бактерия шығарудын қатаң жоюі;

· ТБ рентгенологиялық көрсетілімдердің регрессиясы (ошақты, инфильтративты, деструктивты);

· Функционалдық мүмкіндіктерін және еңбек қабілетін қалпына келтіру.

Туберкулез үрдісінің ерекшелітері науқастардын ем қиындығын анықтайды. Осы ауруда әртүрлі ем шараларды үйлестіру керек:

· химиотерапия;

· патогенетикалық құралдар;

· коллапсотерапия және хирургиялық араласулар;

· жалғаспалы аурулардын емі.

Химиотерапия (ХТ) – химикалық агенттер көмегімен ТБ этиотроптық емінің әдісі. ХТ тек ТМБ қоздырғышқа бағытталған, оның көбеюін (бактериостатикалық әсер) басу немесе науқастын ағзасында оны жою (бактерицидты әсер) мақсатымен жүргізіледі. ХТ таңдауы үшін маңызды фактор ТҚА-ға ТМБ тұрақтылығы болып табылады.

ТБ күресу бойынша жүйенің негізгі элементтердің бірі емінің тікелей бақылауы (ЕТБ немесе DOT) болып табылады. ЕТБ білдіру бойынша емді бақылап отыратын адам әр қашан науқастын дәрін қабылдағанынды бақылап отырады. Науқас ТҚА керекті дәрілерді дұрыс дозада және дұрыс мезгілде қабылдағанына кепілдік береді. Емді бақылап отырса, онда дәрілік тұрақтылығы болмайды.

ТҚА науқас үшін ыңғайлы болу керек, сондықтан ЕТБ БСМК орта медициналық қызметкерлер жүргізеді. Отбасыдағы мүшелер дәрілерді қабылдауын бақылай алмайды.

ТБ ауратын науқастардын емі науқастардын категорияға сәйкес ХТ стандартты тәртібінде жүргізілу керек. Емінің стандартты сызбаларда келесі артықшылар бар:

· қателіктердің саны азаяды, сондықтан ТБ КДТ даму қауіпі азаяды;

· ТҚА қажеттілігі, сатып алу рәсімі, таралу және қабылдау бақылауы жайдақтайды;

· Персоналдын дайындығы жайдақтайды;

· Емге шығымдар азаяды.

ТБ ауратын науқастардын емінде екі кезеңі бар. Бірінші кезең – кобейетін бактериалды популяцияны жою және оның саның азайту мақсатымен интесивті фаза жүргізіледі. 85% және одан астам науқастарда қақырықтын оң нәтижесімен жағындыда интенсивты фазаның аяғында конверсия басталу керек. Интенсивті фаза тек қана ауруханада жүргізіледі, амбулаторлық немесе санаторлық жағдайларда жүргізу мүмкіндігін ОДКК шешеді.

Екінші кезең – болашақта рецидивті дамуын жою үшін ТМБ латенті формаларды жою мақсатымен қолайлы фазаны жүргізеді. Қолайлы фаза тек амбулаторлық немесе санаторлық жағдайларда көбінесе жүргізіледі, олар күнделікті немесе интермиттирлық (аптасына үш рет) тәртібімен жүргізіледі. Қолайлы фазаны ауруханада жүргізу мүмкіндігін орталық дәрігерлік кеңес комиссия жүргізеді (ОДКК). Олар көбінесе әлеуметтік бейберекетті, жеткілікті қамтамасыз етілмеген халық топтары.

ЕТБ – ем қабылдауында үзілістерді жоятын әдіс, бірақ сонда да үзіліс оқиғалары байқалу мүмкін. Егер интенсивты фазада науқас белгіленген күнде дәрілерді қабылдауға келмесе, онда келесі күні оны іздеп тауып алу қажет. Егер науқас қолайлы фазада болса, онда оны бәр аптаның ішінде іздеп тауып алу керек.

Емді үзіп кеткен науқастардын емі – ол өте қиын міндет, ол үшін әртүрлі параметрларды есептеу керек: жүргізілген ем нәтижелері, бактериоскопияның мәліметтері, ТМБ сезімталдығы.

12.2 Заманауы туберкулезге қарсы препараттар. Ақпаратты блок (100 минут)

ТҚА терапиялық емінің әсері тығыз бактерицидты белсенділігімен, ауру қоздырғышына стерилизациялау әсерімен және дәрілік резистентілігімен дамуын жою қабілетімен шарттасылған.

ТҚА негізгіге және резервтіге бөлінеді.

Негізгі препараттар (бірінші қатардын препараттары): изониазид (Н), рифампицин (R), этамбутол (Е), стрептомицин (S), пиразинамид (Z). Оларды жеке немесе құрамдастырылған дәрілік формамен беріледі.

Резервті препараттар (екінші қатардын препараттары): тиоацетозон (Т), протионамид (Pt), (этионамид (Et), канамицин (К), амикацин (А), капреомицин (Сар), циклосерин (Cs), рифабутин (Rb), ПАСК (PAS), фторхинолондар (Fq). Резервті препараттарды туберкулезге қарсы мекемелердің мамандардын бақылауымен қолданылады, ол жерде микробиологиялық диагностика және ТБ ем сапасының орталық бақылауды жүргізеді. Осы оқу құралда резервті препараттардын сипаттамасы берілмейді.

ТМБ дәрілік тұрақтылық таралу өсуін есептеуімен ТБ емі тиімді болу үшін әрқашан дәрілерді іздеу бойынша жұмыс жүргізіледі.

3-ші қатардағы препараттарға әлеуетті тиімді, бірақ ТБ ХТ қолдану дәлелді базасында әлі жоқ препараттар жатады: кларитромицин; амоксициллин + клавуланды қышқыл; клофазимин; линезолид.

Изониазид (Isoniazidum) – изоникотин қышқылының (ГИНК) туындысы. ГИНК топтағы препараттарға жатады метазид, фтивазид, салюзид. Изониазид тез көбейетін ТМБ белсенді кіреді. Изониазид асқазан ішек жолында жақсы сіңеді және ағзадағы барлық сұйық құрылымға жеңіл кіреді. Ол бауырда ацетилирлеу үрдісімен зат алмасады және көбінесе бүйректермен шығарылады. Изониазид жақсы қабылданады, бірақ гепатоуыттылық және шеттік неврит сияқты жағымсыз әсерлер болу мүмкін. Жоғары сезімталдық реакциялар: бөртпелер, артралгиялар. Изониазидті қабылдау әсерінен пайда болатын шеттік неврит пиридоксин жетіспеушілігімен байланысқан және невритке бейімделген адамдардын арасында жиі байқалады: төмен тәбетімен адамдарда, араққұмарларда, қант диабетімен ауратын адамдарда және жүкті әйелдерде. Изониазидтің артықшылығы өте мықты бактерицидты әсерде байқалады. Біршама сирек жағымсыз әсерлер байқалады. Салыстырмалы арзан. Оның жоғары тиімділігіне қарай терапиялық дозасы аз. Басқа препараттарға тоғыспалы тұрақтылығы жоқ. Изониазидті көбінесе ішеді. Ерекше жағдайларда оны тамыр арқылы енгізуге болады.

Шеттік нейропатия – изониазидті қабылдауында негізгі жағымсыз әсер (аяқ-қолдар жақта шаншу сезімі және сезбеу сезімі байқалады). Жағымсыз әсерлер көбінесе тәбеті нашарланған адамдардын арасында немесе дозаны артық қабылдаған кезде байқалады. Егер күнделікті 100 – 200 мг пиридоксинді қабылдаса, онда жағымсыз әсерлерді жоюға болады. Изониазид эпилепсия емінде қабылдайтын препараттармен әрекеттеседі, сондықтан ХТ уақытында осы препараттардын дозалары төмендетілу керек.

Рифампицин – Amycolatopsis mediterranei шығаратын рифампицин В жартылай синтетикалық туындысы. ТМБ жөнінде бактерицидты болып табылады. Рифампицин ТМБ жөнінде белсенді, жасушаның ішінде және жасушаның сыртында белсенді, казеозды құрамында ақырын өсетін ТМБ тез әсер етеді, сол жерде рН бейтарап, ал оттегінің көлемі төмендеген. Рифампицин асқазан-ішек құрылысы арқылы жақсы сіңеді және өкпелерге, бауырға, сүйектерге, нәжіске және сілекейге жеңіл кіреді. Рифампицинге резистенгтілік жақсы дамиды, сондықтан оны ТҚА басқа препараттармен қоса тағайындау керек.

Рифампицин капсуларда, таблеткаларда, ампуларда және бөлек сироп түрінде шығарылады. Рифампицинді қабылдаған кезде нәжіс, тер, көз жасы қызғылт-қызыл түске айналу мүмкін деп науқастарды ескерту керек.

Препаратты күнде қабылдағанда негізгі жағымсыз реакциялар асқазан-ішек жолдарынан пайда болады (жүрек айнуы, тәбеті жоқтығы, іште аз мөлшерде шаншу, іш өт), – тромбоцитопения, жедел гемолитикалық анемия, лейкопения. Тері реакциялар: аз мөлшерде терідегі қызару, қышу, кейбір кезде бөртпелер болу мүмкін, бірақ олар сирек байқалады. Терең тамырларда қан ұю, анафилактикалық реакциялар, көз көру нашарлауы мүмкін. Егер науқастын анамнезінде бауыр ауруы немесе араққұмарлық болмаса гепатит сирек байқалнады. Осы кезде мезгіл сайын бауыр функциясын бақылап отыру керек. Іркілген жүрек жетіспеушілігімен науқастардын арасында билирубиннің жоғарлауы болу мүмкін.

Стрептомицин – кең спектрлі әсерімен антибиотик, Streptomyces griseus шығарылады, аминогликозидттердің тұқымдасына жатады, грамоң және грамтеріс бактериялардын кең спектрі жөнінде бактерицидты болып табылады. Стрептомицин бактериялардын белок синтезін жояды. Егер стрептомицин монотерапия ретінде қабылданса, онда ол ТМБ тез тұрақты болады. Бірақ стрептомицин ТҚА басқа препараттармен (изониазид, рифампицин) қоса тағайындалса, онда ол бактерицидты болып, ТМБ резистенттік формаларды жояды. рН төмен ыдырау қуыстарда ТМБ популяция жөнінде стрептомицин белсенді болады. Стрептомицин іште сіңбейді, сондықтан оны бұлшық етке салғызады. Препаратты салғызғаннан кейін ол көп тіндердің ішіне кіреді. Оның концентрациясы қалыпты ЦСС (цереброспинальды сұйықта) өте төмен, бірақ менингиь болған кезде – жоғары. Стрептомицин жолдас арқылы кіреді. Препарат бүйректермен шығарылғанымен оның дозаны бүйрек төмен фукциясымен науқастарда және үлкен жастағы топтарда төмендету керек.

Негізгі жағымсыз реакциялар:терінің жоғары сезімталдығы және отоуыттылық (сегізінші краниальды жүйкенің зақымдануы). Басқа жағымсыз әсерлерден маңызды тәжірибелік мағына білдіретін ол: ангионевротикалық ісік, эозинофилия, сарысу ауру. Сирек гемолитикалық анемия, агранулоцитоз, тромбоцитопения пайда болады. Тері реакциялар – бөртпелер және қызба – олар көбінесе 2 – 3 аптаның ішінде стрептомицинді қабылдағанда пайда болады. Вестибулярлы және есту аппараттардын бұзылуы туралы бас айналуы пайда болуына куәландырады. Оқиғалар тез басталады, жедел формада олар жүрек айнуымен үйлестіреді. Тұрақсыз тепе-теңдік қаранғыда байқалады. Көздерді тексерген кезде нистагмді анықтауға болады. Егер вестибулярлы және есту аппараттардын бұзылу симптомдары пайда болса онда стрептомицинмен емдеуді қою керек. Егер жағымсыз әсерлер пайда болған кезде препаратты қабылдауын тоқтатпаса онда бұзылған жүйке қалпына келмеу мүмкін. Препаратты қабылдауын тоқтатқаннан кейін бірнеше аптадан кейін жағымсыз реакциялар пайда болу мүмкін. Саңыраулық сирек кезде пайда болады. Жүктілік кезде стрептомицинді тағайындауға болмайды, өйткені балада саңыраулық пайда болу мүмкін.

Этамбутол – ТМБ жөнінде белсенді әсерімен синтетикалық препарат. Препарат жіктеуде бактериостатикалық ретінде сипатталады, кейбір жағдайларда бактерицидты әсері бар. Көбінесе негізгі ТҚА ТМБ резистенттілік алдын алу (изониазидке, рифампицинге және стрептомицинге) үшін қолданады. Ішу ретінде тағайындайды.

Этамбутол тез ТМБ кіреді, ол ТМБ сыртқы мембрананың сыртқы қабаттың синтезіне әсер етеді. Этамбутол ішінара бауырда зат алмасады, және дозаның 50% өзгермеген түрде нәжіспен шығады.

Көз көру қабілеттің жоюға қауіпі борлғандықтан этамбутол жоғары дозаларда тағайындамайды. Тағайындаған дозадан жоғары болмау үшін бақылау керек. Көз көру қабілеті нашарлаған туралы айта алмайтын кішкентай балаларға тағайындауға болмайды.

Қабылдауға қарсы көрсетілімдерге көру жүйкенің невриті, катаракта, диабетикалық ретинопатия, жүктілік болып табылады.

Негізгі және маңызды жағымсыз реакция ретробульбарлы неврит әсерінен байқалатын жайылмалы көз көру қабілетінің жоюы. Науқасты емінің алдында көз көру қабілеті төмендеу мүмкін туралы ескерту қажет. Егер көз көру қабілеті нашарласа онда науқас тез этамбутолды қабылдауын тоқтату керек. Әйтпесе соқырлық пайда болу мүмкін.

Гепатоуыттылықты тек қана әдетті биохимиялық тесттерді жасағанда анықтауға болады. Анорексия, аз мөлшерде қызба, бауырдын және көкбауырдын сарғыштанумен қоса болу мүмкін. Егер гепатит айқын болса, онда этамбутолдын қабылдауын тоқтату керек және қайтадан тағайындамау керек. Этамбутолды қабылдаған кезде артралгия жиі кездеседі және аз мөлшерде байқалады. Шаншу ірі және ұсақ буындарда сезіледі, жиі иық, тізе және қол буындарда сезіледі. Несеп қышқылдын көлемі жоғары деңгейде, сондықтан құян пайда болу мүмкін. Аспиринмен емдеу жиі жеткілікті тиімді болады. Басқа жағымсыз әсерлер: неврологиялық бұзылыстар (бас ауру, эпилептикалық ұстамалы ауру), анафилактикалық және бронхоспастикалық реакциялар болып табылады.

Пиразинамид –синтетикалық пиразин, никотинамидтің аналогы. Бірінші қатардағы бактерицидты препараты және ТБ стандарттық ем сызбаның негізгі компонеттердің бірі болып табылады.

Пиразинамидтің нақты іс-әрекеттің механизмі белгісіз. Препарат сыртқы тасымалданады және ТМБ сыртқы мембранасына кіреді. Пиразинамид жасушаның сыртындағы және жасушаның ішіндегі ТМБ популяцияларға қарсы және макрофагтардын ішіндегі ТМБ жөнінде ерекше белсенді. Пиразинамидті ішіне қабылдағаннан кейін жақсы абсорбциялайды және ағзадағы барлық сұйықтарға мен тіндерге жеңіл кіреді. Церебральды сұйықта және сарысуда пиразинамидтің концентрациясы тең болғандықтан туберкулез менингитті емдеуінде пиразинамидтің тағайындауы ерекше тиімді. Препарат бауырда белсенді метаболитке зат алмасады – пиразин қышқылына, ол көбінесе бүйректер арқылы шығады.

Пиразинамидті қабылдағанда жиі гепатоуыттылық байқалады. Пиразин қышқылы несеп қышқылының экскрециясын ақырындатқанымен өткінші гиперурекимия пайда болу мүмкін. Қанның сарысуында несеп қышқылдын деңгейіне қарай өткінші артралгия болу мүмкін, ем қабылдауында ол бірнеше аптадан кейін жойылады. Пиразинамид науқастарда құянды қоздырмайды, егер оларда генетикалық тиістілігі болмаса.

Сонымен, халыққа туберкулезге қарсы көмек көрсетуінде барлық кезеңдерде – ТБ алдын алуында, анықтауында, диагностикада және емінде мейірбикенің рөлі өте маңызды. Өкпе туберкулезінде жедел жағдайлар бойынша ақпарат ескертуде ұсынылған.

12.3 Оқытушының басқаруымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар (100 минут)

ТБ ауратын науқастардын категориялары және химиотерапияның сызбасы. Ем тиімділігін және ТБ нәтижелердің бағалауы. ТБ ауратын науқастардын сырқаттамалармен және медициналық карталармен жүмыс істеу бойынша практикум; категорияларды, химиотерапияның түрлерді және сызбаларды анықтау әдістеріне игеру.

Категория бойынша науқастардын ем сызбаларын құру. Сырқаттама немесе медициналық карта бойынша науқастын түрін және химиотерапияның сызбасын анықтау.

Бақылау сұрақтары (35 минут)

1. ТБ ауратын науқастардынемінің негізгі мақсаты қандай?

2. Қолайлы фазада ТБ емін кім жүргізеді?

3. Дәрілік тұрақтылық дамуының жою үшін ТБ ауратын науқастардын емінің негізгі қағидасы қандай?

4. Бірінші қатардағы препараттардан негізгі қайсы болып табылады?

5. Қолайлы фазада препараттардын қабылдауын кім бақылайды?

Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

Халық арасында туберкулез бойынша санитарлық-ағарту жұмысы. «Халық арасында туберкулездің алдын алуы» тақырып бойынша санбюллетень дайындау. ТБ ауратын науқастардын тағамы бойынша үндеухатты дайындау. Ескертудің мәліметің қолданыз.

ТБ ауратын науқастын емінде мейірбике-менеджердің рөлі. «ТБ ауратын науқастын емінде мейірбике-менеджердің рөлі» тақырып бойынша баяндама дайындау. ТБ ауратын науқастын категорияға сәйкес ем алгоритмін құру.

4 МОДУЛЬДІҢ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН БЕЛГІЛЕР

1.1 Жаттығу «Мен және АИВ-инфекция»

Барлық тілек білдірушілер уақыт сызбада өз «күндерді» белгілеп қойғаннан кейін, оқутышы АИВ-инфекцияның тарихынан негізгі оқиғаларды айтады және уақыт сызбада сәйкес күндерді белгілейді. Алынған ақпараттан сезімдерді талқылау. Студенттердің сұрақтарына жауап беру.

2.4 Талқылауға арналған сұрақ

АИВ-позитивті ЕЕС қолдау үшін келесі қадамдар қолданылады:

· Медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау мемлекеттік орталықтармен және мекемелермен тығыз әрекеттесу.

· Психикалық денсаулықтын, тағамның, дәрілік емінің және адамдардын қарым-қатынастардын мәселелермен қоса медициналық қызметкерлермен және психологтармен медициналық мәліметтерді талқылауымен кеңес жүргізуін ұйымдастыру.

· АИВ-позитивті ЕЕС үшін өзара көмек топтарды құру және қолдау.

· Тесттілеу орындарда ресурстар туралы басылымдарды, АИВ-пен өмір сүретін адамдар туралы сүреттерді, АИВ тест нәтижесі оң болған ЕЕС арасында олардын жолдау хаттарды тарату.

· АИВ-инфицирленген ЕЕС кеңес жүргізу үшін телефон желістерді ұйымдастыру және АИВ тесттілеу орындарда телефон желістер туралы хабар беру.

· Қуалауға және дискриминацияға тиісті мәселелер бойынша керке кезде заң көмегін көрсету.

3.1 Рольдік ойын «Өмірден алынған күн …»

Мақсат: ЕҚӘХөкілдерде тек қана бір себеп ғана емес, оларда тұрмыс, медициналық, заң және психологиялық сипатымен кешен себептер бар деп түсіну қажет. Сонымен, денсаулықты сақтауымен және қолдауымен байланысты себептер жиі басымды болып табылмайды, олардын негізгі себептері жеке қауіпсіздігінде қажеттілігі, созылмалы күйзелісті, аштықты және жалғыздықты жою тілегі болып табылады.

Ұсыныстар. Бейнеден шығып ойынды аяқтау. Ойын біткеннен кейін қатысушылардын «ойыншылардын» және «көрермендердің» ойларын талқылау пікірлермен бөлісуге ұсыну.

4.4 Интербелсенді ойын. Жауаптын варианттары

Жұғу жолдары Жоғары қауіпті топтар
Зарасыздандырылмаған инелермен инъекцияларды жасау. Стоматологиялық манипуляциялар. Гемодиализ. Татуировкалар, пирсингтер. Сұлылық салондарға, шаштаразға және т.б. бару. Инелермен және өткір шеттермен құралдармен тер қабаттарын зақымдану. Сілекеймен таралу (қабулар). Перинатальды (сирек). Жыныс қатынастар (сирек). Қан құю (донор қан скринингте минимальды қауіп) және оның препараттарды (сонымен қатар VIII қоюланатының факторы) (бумен өндеген кезде қауіпсіз). Есірткі қабылдаушылар. Тұтқындар. Гемодиализ алып жүретін науқастар. Инелермен, өткір құралдармен жұмыс істеп жүретін медициналық қызметкерлер. Донор қанның реципиенттері (скрининг жүргізілмеген кезде). Көп мөлшерде трансфузияларды алатын донор қанның реципиенттері. Қоюланатын факңторлармен трансфузия жүргізілген гемофилиямен ауратын науқастар (скрининг және зарасыздандыру жүргізілмеген кезде). Мүшелерді трансплантация жасалғаннан кейін реципиенттер.

4.5 Кластер талдауыдн әдісі (30 минут)

Әдістің мағынасы жаңа ақпаратты қабылдау үшін оқушыларды дайындауында болып табылады. Ол үшін студенттерге парақта немесе тақтада негізгі сөзді немесе сөйлемді жазуға ұсынады (оқып жүрген мәселені), мысалы, «Вирусты» гепатиттер, сосын олар осы мәлемен байланысты терминдерді жазуға ұсынылады. Сосын ақпарат толған сайын, студенттермен ұсынылған түсініктемелердің және пікірлердің арасында оқутышымен бірге байланыстарды орнатады. Осы интербелсенді ойында оқутышының рөлі маңызды, өйткені ол сабақтын мәселе бойынша барлық пікірлерді және ойларды тек жазу керек, бірақ ол пікірлердің сапасы туралы түсінік бермеу керек, оған тек пікірлерді қабылдау керек және керек кезде дұрыс пікірлерді таңдауға студенттерді бағыттайды.

2.Нақты оқиғалардын әдісі – нақты міндеттерді шешу жолымен оқуында негізделген себеп-оқиғалық талдаудын белсенді әдісі: СВГ және АИВ-инфекцияның қауіп факторларды атау, оқиғалық есептерді құрастыру.

Әдістің мақсаты: әлемде және Қазақстанда гемоқатынасты инфекциялар, таралу жолдар, қауіп факторлар бойынша топ күштерін бірігіп оқиғаны талдау. Эпидемиологиялық анамнез бойынша вирусты гепатиттердің дифференциальды диагностиканы жүргізуді білу.

4.7 Тест тапсырмаларды шешу (20 минут)

1. Жұқпалы бақылау бойынша алдын алу шаралар келесі нұсқамалар бойынша қарастырылған:

а) санитарлық-эпидемиологиялық қарсы тәртіп,

б) аурудын нозологиялық формаларды емдеу,

в) ем-сақтайтын тәртіп,

г) науқасты зерттеу,

д) диспансеризациялар.

2. Жұқпалы бақылау бойынша сапалы нұсқамаларды енгізуі ерік береді:

а) экономикалық шығымдарды жоғарлату,

б) емге шығымдарды төмендету,

в) госпитализация мерзімдерін көбейту,

г) антибиотиктердің кең спектрін тағайындау,

д) ауру көрсеткіштерін жоғарлату.

3. Жұқпалы бақылаудын сапалы бағдарламалар ерік береді:

а) госпитализация мерзімдерін көбейту,

б) экономикалық шығымдарды жоғарлату,

в) ауру көрсеткіштерін жоғарлату,

г) антибиотиктердің кең спектрін тағайындау,

д) нозокомиальды инфекциялардын жиілігін төмендету.

5. Ауруханаішілік инфекцияларды жоюб үшін ауруханада қандай шараларды жүргізу керек (2 жауап):

а) бөлмеде және төсек жапқыштарда дезинфекция жүргізу,

б) стерилизация және құрал-жабдықтар,

в) алдын алу мақсатымен антибиотиктерді кең қолдану,

г) ауруханада жатқан адамдардын санын көбейту,

д) медициналық манипуляцияларды кең қолдану.

6. Бөлімшеде науқастарға және олардын туыстарға жұқпалы қауіпсіздікке үйрету – ол міндеті:

а) эпидемиологтын,

б)бас дәрігердің,

в) аға мейірбикенің,

г) посттағы мейірбикенің,

д) бөлім меңгерушісінің.

7. Ауруханаішілік инфекцияға таралуына әсер етеді:

а) ЕПМ материалдық-техникалық базаның кемі,

б) инвазивты емдік және диагностикалық рәсімдер,

в) дәрілерді толық жабдықтамауы,

г) аурудын ауыр кезеңі,

д) аурулардын мауысымдығы.

8. Ауруханаішілік инфекцияның жасанды таралу жолы:

а) ауа-тамшылы,

б) қатынасты-тұрмыстық,

в) артифициальды,

г) ауа-шанды,

д) су.

9. Ауруханаішілік инфекцияның артифициальды таралу жолы нені білдіреді:

а) ауа-тамшылы,

б) қатынасты-тұрмыстық,

в) медициналық,

г) ауа-шанды,

д) алиментарлы.

10. Артифициальды механизм таралуымен таралады:

а) В, С, D гепатиттер,

б) дифтерия, қызамық,

в) сальмонеллездер,

г) қышыма, микоздар,

д) дизентерия.

11. Жұқпалы бөлімінің тәртібінде ең маңызды орын алады:

а) ағымды дезинфекция,

б) дезинсекция,

в) дератизация,

г) палаталарды желдету,

д) қорытынды дезинфекция.

12. Қанмен, биологиялық сұйықтармен, сөлдермен, бөліністермен және басқа


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: