Глоссарий. Силлабус - білім алу үшін ғылымда қолданылатын тәсілдер, амалдар мен ережелер жиынтығы

Силлабус - білім алу үшін ғылымда қолданылатын тәсілдер, амалдар мен ережелер жиынтығы.

Пререквизиттер - әдіс туралы ілім, материалдық дүние танудың ғылымда қолданылатын әдістерінің теориялық негіздемелері.

«Қылмыстық сот ісін жүргізу практикумы» - Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы түсінігі, маңызы мен міндеттері, қылмыстық іс жүргізудің сатылары, қайнар көздері, процесс субъектілерінің ұғымы, олардың жіктелуі, дәлелдеме және дәлелдеу түсінігі, олардың жіктелуі, мәжбүрлеу шараларының түсінігі, қылмыстық істі қозғау, алдын ала тергеу, басты сот талқылауы, кассациялық және апелляциялық іс жүргізу, кәмелетке толмағандарға байланысты іс жүргізу ерекшеліктерін ескере отырып, қылмыстық іс бойынша тәжірибелік құжаттар толтыру және іс жүргізушілік әрекеттер жасау.

Жүйелі құрылымдық әдіс - мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды белгілі құрылымдары бар, өзара байланысты элементтерден тұратын жүйелер ретінде қарауды ұйғарады. Жүйелі-құрылымдық әдісте құрылым элементтерінің қызметтік сипаттамасына, олардың қызметтерінің шектеулері мен өзара үйлесімдіктеріне маңызды орын беріледі (мысалы, құқық қорғау қызметтерін талдаудағы құқық институттары).

Логикалық және тіл әдісі - заң ұғымдарын, құқықтық құбылыстардың белгілерін, олардың бір-бірінен айырмашылығын, сонымен қатар заңдарды танып-білуден, түсінік беруден және анықтаудан тұрады.

Қылмыстық процестің міндеттері – қылмыстық іс бойынша шындықты анықтау, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыру

«процеске қатысушылар» - қылмыстық iзге түсудi және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

«қылмыстық процестi жүргiзушi орган» - сот, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iстi сотқа дейiн жүргiзу кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;

«тараптар» - сот талқылауында бәсекелестiк пен тең құқықтылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық iзге түсудi) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар;

«айыптау тарабы» - қылмыстық iзге түсу органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

«қылмыстық iзге түсу (айыптау)»- қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшiн айыптау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;

«қылмыстық iзге түсу органдары» - прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;

«сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу» - анықтау органының, анықтаушының, тергеушінің осы Кодексте белгіленген өкілеттіктері шегінде сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны;

«анықтау» - анықтау органдарының осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны;

«қорғау» - қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;

«жақын туыстар» - ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бiрге туған және бiрге тумаған туыс аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немерелерi;

«қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар» - сот отырысының хатшысы, аудармашы, көрген адам, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы;

«қылмыстық iс» - жасалды деп жорамалданған бiр немесе бiрнеше қылмыстар бойынша қылмыстық iзге түсу органы мен сот жүргiзетiн оқшауландырылған iс жүргiзу;

«iс бойынша iс жүргiзу» - қозғау, сотқа дейiнгi дайындау, сотта талқылау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық iс бойынша жүзеге асырылатын iс жүргiзу әрекеттерi мен шешiмдерiнiң жиынтығы;

«қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу» - қылмыстық iс қозғалған кезден бастап оны мәнi бойынша қарау үшiн сотқа жолдағанға дейiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу (анықтау және алдын ала тергеу), сондай-ақ қылмыстық iс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдар дайындауы;

«iстiң материалдары» - iстiң құрамдас бөлiгi болып табылатын немесе оған қосу үшiн ұсынылған құжаттар мен заттар, хабарлаулар, сондай-ақ iс бойынша жағдайды белгiлеу үшiн маңызы болуы мүмкiн құжаттар мен заттар;

«iс жүргiзу әрекеттерi» - осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында жүргiзiлетiн iс-әрекеттер;

«хаттама» - қылмыстық процестi жүргiзушi орган жасаған iс жүргiзу әрекетi көрсетiлетiн iс жүргiзу құжаты;

«iс жүргiзу шешiмдерi» - өз құзыреттерi шегiнде қылмыстық процестi жүргiзушi органдар шығаратын және осы Кодексте айқындалған нысанда көрiнiс табатын қылмыстық iс жүргiзу құқығын қолдану актілері - үкiмдер, қаулылар, қорытындылар, ұсыныстар, санкциялар;

«қаулы» - соттың үкiмнен басқа әртүрлi шешiмдерi, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында, сондай-ақ сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу шеңберінде қабылданған шешiмдерi;

«үкiм» - айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi сатыдағы соттың басты сот отырысында немесе апелляциялық соттың талқылауында шығарылған сот шешiмi;

«қорытынды шешiм» - қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс бойынша iс жүргiзудiң басталуын немесе жалғастырылуын болдырмайтын, сондай-ақ, түпкiлiктi болмаса да, iстi мәнi бойынша шешетiн әртүрлi шешiмдерi;

«санкция» - прокурордың, соттың сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында қылмыстық iзге түсу органы қабылдаған iс жүргiзу шешiмiн бекіту актiсi;

«түсiндiру» - процеске қатысушылар мен мәлiмдеушiлердiң өзiнiң дәмесiн немесе өздерi өкiлi болған адамдардың дәмесiн негiздеу үшiн келтiрiлген ауызша немесе жазбаша дәйектемесi;

«шағым, наразылық» - процеске қатысушылардың анықтау, алдын ала тергеу, прокурор немесе соттың iс-әрекетiне өздерiнiң құзыретi шегiнде және осы Кодексте белгiленген тәртiппен енгiзiлген көңiл аудару актiсi;

«өтініш жасау» - тараптың немесе арыз берушінің қылмыстық процесті жүргізуші органға жолданған іс-жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу немесе іс жүргізу шешімін қабылдау туралы өтініші, ал қадағалау сатысында - қадағалау іс жүргізуін қозғау және заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы жолданым;

«ғылыми-техникалық құралдар» - дәлелдердi анықтау, көрсету, алу және зерттеу үшiн заңды түрде қолданылатын аспаптар, арнаулы жабдықтар, материалдар;

«арнаулы білім» - адам кәсiби оқудың не практикалық қызметтің барысында алған, қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн шешу үшiн пайдаланылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудегi жалпы жұртқа белгiлi емес білім;

«арнаулы ғылыми білім» - сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған, мазмұны ғылыми білімді құрайтын арнаулы білім саласы;

«баспана» - бiр немесе бiрнеше адамның уақытша немесе тұрақты тұруына арналған үй-жай немесе құрылыс, оның iшiнде: меншiктi немесе жалға алынған пәтер, үй, саяжай үйi, мейманхана нөмiрi, каюта, көп пәтерлi үйлердi қоспағанда, оларға тiкелей жалғасатын тұрғын үйлердiң верандалары, террасалары, галереялары, балкондары, жертөлесi және шатыры, сондай-ақ өзен немесе теңiз кемесi;

«түнгi уақыт» - жергiлiктi уақыт бойынша сағат жиырма екiден алтыға дейiнгi уақыт аралығы.

1.4. Оқу сабақтарының кестесі

«Қылмыстық сот ісін жүргізу практикумы» пәні бойынша

КЮ-304 тобы сабақтарының көлемі

Сабақтардың түрлері Апта бойынша сағаттардың көлемі
                              Барлығы
Тәжірибе                               30 сағат
Семинар                               сағат
Кеңес беру                               сағат
Бақылау жұмысы                               сағат
Емтихан                               сағат
Барлығы:                               сағат

«Қылмыстық сот ісін жүргізу практикумы» пәні бойынша

КЮ-305 тобы сабақтарының көлемі

Сабақтардың түрлері Апта бойынша сағаттардың көлемі
                              Барлығы
Тәжірибе                               30 сағат
СОӨЖ                               сағат
Кеңес беру                               сағат
Бақылау жұмысы                               сағат
Емтихан                               сағат
Барлығы:                               88 сағат

2. ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ «SYLLABUS

2.1. Семинар (тәжірибе) сабақтарына дайындалу бойынша

әдістемелік ұсыныстар

Семинар сабақтар барысында студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша практикалық мәселелер талқыланады, іс жүргізушілік актіллер толтырылады. Осы сабақтар негізінде студенттер өз бетінше келешектегі кәсіби мамандығы үшін маңызды құқықтық нормаларға сараптама жүргізу дағдыларын игеріп, таңдаған мамандығы бойынша тәжірибелік өмірдің қиындықтарына төзетін теңдестірілген дәстүрлі көзқарас қалыптастырады.

Семинар сабақтарына дайындалуда оқытушымен оқу курсының басында берілген силлабустағы тақырыптар бойынша дайындалу қажет. Студенттер тек тақырыпты ғана емес, оның өзекті месәлелеріне өз бетінше материал тауып, дайындалуы тиіс.

Семинар сабақтарының нысандары әр түрлі болады: сұрақ-жауап, ауызша сұрау, процессуалдық құжаттар толтыру, тәжірибе жүзінде қылмыстық іс жүргізушілік әрекеттерді жүргізеді және т.б. Бұл нысандардың түрін оқытушы алдын ала немесе сабақ үстінде ескертпестен қолдануы мүмкін. Сондықтан студенттер әрдайым қылмыстық іс жүргізу нормаларын біліп жүрулері шарт.

Семинар сабақтарында жоғары баллға ие болу үшін сабақтардан қалмауы тиіс; үнемі белсенді қатысу қажет, яғни әр семинар сабақтарына тыңғылықты дайындалу, оқытушы тапсырған сұрақтарға уақытылы жауап бере білуі немесе шеше білуі және силлабуста берілген тапсырмаларды уақытында тиянақты орындап келуі қажет.

Топ үш кіші «Жедел тергеу топтарға» (ЖТТ) бөлініп іс жүргізеді:

1. «Сарыарқа» аудандық ІІБ

2. «Алматы» аудандық ІІБ

3. «Есіл» аудандық ІІБ

ЕСКЕРТУ: Әр бір топ және әр студент өз бетінше берілген тапсырма бойынша іс жүргізуі тиіс.

ТАПСЫРМА:

2015 жылдың 1 ақпаны күні Астана қаласы, 12 шағын ауданы, Ер Тарғын көшесі, 33 үйде тұратын Сейдуалиев Берік Сұлтанұлы (33 жаста) таңғы сағат: 07.10-да әдеттегідей «Самұрық қазына» АҚ-на жұмысқа шығып кетеді. Жақында ғана отау құрған әйелі Сейдуалиева Әйгерім Тұрсынқызы (25 жаста) күйеуіне таңғы ас бергеннен кейінгі қалған ыдыс-аяқты жинастырып, жатын бөлмеге барып, тынығып алуды жөн көреді. Енді көзі ілініп келе жатқаны сол екен (сағат: 07.30 шамасы), аулада тұрған «Toyota Land Cruiser» автокөлігі дабыл қағады. Орнынан қайта тұрып, сыртқа шықса (ұрлыққа келген, бірақ Әйгерім білмейді) орта бойлы, бірі көк, бірі қара спорттық киімдер киген екі жігітті өз ауласынан көреді. Автокөліктің дабылын автооталдыру кілтімен тоқтатып, үйге қарай қаша жөнеледі. Жүгіріп келе жатып, күйеуіне қоңырау шалмақ болып қолына ұялы телефонын ала бергені сол еді, үйге кіретін баспалдаққа сүрініп, тізесін жарақаттап алады. Құлаған жерінде айқайлап жылап жатқан Әйгерімнің қасына екі жігіт келіп «Қорықпаңыз, біз Беріктің жолдасымыз» - деп, жұбата бастайды. Әйгерім орнынан әрең тұрып, оң қолын ұстап, ойбайлай бастайды. Сондай қатты шыққан дауысты үйдің артқы жағындағы көшеде көлігінің терезесін түсіріп қойып, темекі шегіп бара жатқан Алпамыс Қарабайұлы (45 жаста) естіп қалады. Ол көлігінен ақырын түсіп үй артындағы қоршаудан сығаламақ болады. Жаны шығып, айқайлап жатқан Әйгерімнің дауысын жұрт естіп, шошымасын деп, жігіттер Әйгерімді... бірі арқасынан бірі аяғынан ұстап, үйге қарай алып бара жатады.

Үйге көтеріп алып келген екі жігіт Әйгерімді холдағы үлкен терезе түбіндегі диванға жайғастырып, қолына не болғанын, қай жері ауырғанын сұрайды. Сөйтсе Әйгерімнің оң білегі қозғалып шығып кеткен екен. Екі жігіттің бірі бұрын Алматы облысы, Сарыөзек ауданында әскери борышын өтеп жүрген кезде биіктіктен секіруге үйрену барысында бір қатардағы жауынгердің қолы шығып кетіп, соның қолын салып бергені есіне түсіп кетеді де, сол әдісті Әйгерімге де қолданбақ болады. Осылайша екі жігіттің бірі Әйгерімнің қолын ұстап салып бермек болса, ал екіншісі шыңғырмасын деп аузына белдік тістетіп, бір қолын ұстап тұрады.

Осының барлығын 30 метр жерден қоршау тесігінен аңдып тұрған Алпамыс, көлігіне қарай жүгіріп кетеді. Сөйтіп, тез арада артқы жүк салғышынан (тұзбен ататын) аңшылық қаруын алып шығады. Екі үйдің арасын бөліп жатқан 1,50 см қоршаудан ақырын секіріп түсіп, терезеден көрінген жігіттердің біреуінің кеуде тұсынан екі рет атады.

Әйгерімнің қолын енді салмақ болып жатқан жігіт Әйгерімді қозғап қалғанда, атылған оқ Әйгерімге келіп тиеді де талып қалады. Терезені тесіп кірген оқты көрген екі жігіттің бірі (қара киімді) ас бөлмеге қаша жөнеледі. Ол ас бөлмедегі ыдыс-аяқ қоятын тартпаларды тартып қорғану мақсатында пышақ іздей бастайды.

Ал, екінші жігіт (көк киімді) далаға шығып көшеге шығар есікке қарай жүгіре жөнеледі. Артынан Алпамыс қуа жөнеледі. Жете алмайтындығын сезген Алпамыс аңшылық әдістерінің бірі ретінде жерден ірі, жұмыр тас алып, жігіттің арқасына қарай лақтырады. Айнала ұшқан тас жігіттің артқы бас сүйегіне келіп тиеді де, жігіт құлаған жерінде бірден көз жұмады.

Жігіттің құлағаны сол еді, арт жақта үйдің ішінен пышақ ұстап жолдасы шығады. Оны көрген Алпамыс (көк киімді) жерде жатқан жігітке жақындауын тоқтатып, үй жақтағы екінші жігітті ұстамақ болады. Ал, қара киімдегі жігіт Алпамыстың мылтықпен келе жатқанын көріп, үйге қайта кіріп кетеді. Осылайша ас бөлмеге қашып келеді. Ашуға берілген Алпамыс үйге кіріп келсе қыз (Ә) жерде жатыр. Үйдің ішін шарлап, ас бөлменің есігін ашады. Ашқан бетте қолына пышақ ұстап жүгіріп келе жатқан қара киімді жігітті көрген Алпамыс қолындағы мылтықпен маңдайынан ұрып қалады. Жерге құлаған жігіт, Алпамыстың аяғына оралып, алыса кетеді. Екеуі төбелесіп жатып, Алпамыс қалтасындағы жіппен қара киімді жігітті буындырып өлтіріп алады.

Не істерін білмей қызға барса, ол да қимылсыз, даладағы жігіттің де жан тапсырғанына көзі жеткен Алпамыс оқиға орнынан таса болады.

09.20-да Әйгерім есін жияды. Ол үй ішіндегі жағдайдан үрейленген күйі «Toyota Land Cruiser» автокөлігіне отырып, жақын арада орналасқан ІІБ-на барып, білген мән-жайымен хабардар етеді. Сонымен қоса, күйеуіне үйге келуді өтінеді.

Оқиға орнына ІІБ-ның жедел тергеу тобы келсе, аулада бейтаныс бір жігіт қаза болған көк киімдегі жігіттің қасында отыр екен. Артынша Әйгерімнің күйеуі Берік те келіп жетеді.

ЕСКЕРТУ: Беріктен жауап алу барысында аталған жігіттердің шынымен де оның танысы екенін, Астана қаласы Мұңайтпасов көшесі, 8 үй, 14 пәтерде тұратын Мыңбаев Қанат пен Барысов Сәбит екенін хабарлайды.

Фабула бойынша тиісті қажет деп тапқан

құжаттардың жобаларын жасау:

1. Өтініш;

2.Фома ЗС–1;

3. Оқиға болған жерді қарау хаттамасы;

4. Оқиға болған жердің сызба-нұсқасы;

5. Оқиға болған жердің фото-кестесі;

6. Түсініктеме (кем дегенде 3);

7. Қылмыстық іске заттай дәлелдемелерді тіркеу туралы қаулы;

8. Мәйіттің жеке басын анықтайтын құжаттар, анықтамалар, басқа да құжаттардың көшірмелері;

9. Іске қажетті заттарды алу үшін сұрау салу;

10. Алу хаттамасы;

11. Алынған заттарды: Қылмыстық іске заттай дәлелдеме ретінде тіркеу туралы қаулы;

12. Заттай дәлелдемелерді сақтау қоймасына беру туралы қаулы;

13. Оқиға болған жерді қарап-тексеру жүргізілгендігі туралы прокурорға хабарлама;

14. Мәйіттің туыстарына хабарлама;

15. Төмендегі сараптамалардың қажетін не кешенді сараптама тағайындау:

· Сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулы (+ прокурорға хабарлама);

· Сот-биологиялық сараптама тағайындау туралы қаулы (+ прокурорға хабарлама);

· Сот-дактиласкопиялық сараптама тағайындау туралы қаулы
(+ прокурорға хабарлама);

· Сот-баллистикалық сараптама тағайындау туралы қаулы (+ прокурорға хабарлама);

· Сот-механаскопиялық сараптама тағайындау туралы қаулы
(+ прокурорға хабарлама);

· Кешенді сараптама тағайындау туралы қаулы (+ прокурорға хабарлама);

16. Қылмыстық істі өз өндірісіне алу туралы қаулы;

17. Мәйітті тану туралы хаттама (туыстарына тануға ұсыну);

18. Бағыттама

19. Қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдағандығы және ол бойынша қарап-тексеру басталғандығы туралы прокурорға хабарлама;

20. Форма 1.0;

21. Форма 3С-2;

22. Заттай дәлелдемелерді жою туралы акт (қажет болған жағдайда);

23. Форма 1-Н (қажет болған жағдайда) (жойылған есірткі заттарды тіркеу картасы);

24. Жәбірленуші деп тану туралы қаулы;

25. Жәбірленушіге оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру туралы хаттама;

26. Келу туралы қолхат;

27. Жәбірленушіден жауап алу туралы хаттама;

28. Сот ісін жүргізу тілін анықтау туралы қаулы;

29. Куәнің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру туралы хаттама (кем дегенде 3 - дана);

30. Куәдан жауап алу хаттамасы (кем дегенде – 3 дана);

31. Фоторобот;

32. Сезіктіні ұстау туралы хаттама;

33. Сезіктінің ұсталғандығы туралы жақындарына хабарлама;

34. Сезіктінің ұсталғандығы туралы прокурорға хабарлама;

35. Сезікті деп тану туралы қаулы;

36. Адвокаттар одағына сұрау хат;

37. Адвокаттар одағынан анықтама;

38. Сезіктіге қорғаушы тағайындау туралы қаулы;

39. Адвокат ордері;

40. Дактиласкопиялық карта (сезіктінің қол іздері);

41. Сот-дактиласкопиялық сараптама тағайындау туралы қаулы
(+ прокурорға хабарлама);

42. Сезіктіден жауап алу хаттамасы;

43. Соттылығы туралы сұраныс хат;

44. Соттылығы туралы анықтама;

45. Психо-диспансерге сұраныс хат;

46. Психо-диспансерден анықтама;

47. Нарко-дипансерге сұраныс хат;

48. Нарко-диспансерден анықтама;

49. Әскери комиссияратқа сұраныс;

50. Әскери комиссияраттан анықтама;

51. Сезіктінің жеке басын анықтайтын құжаттың көшірмесі;

52. Форма 2.0;

53. Тану үшін көрсету туралы хаттама (затты немесе сезіктіні)
(+ прокурорға хабарлама);

54. Келесі құжаттардың бірін жасау:

· Сараптама қорытындысын беру мүмкін еместігі туралы хабарлама;

· Сот-медициналық сараптама қорытындысы;

· Сот-биологиялық сараптама қорытындысы;

· Сот-дактиласкопиялық сараптама қорытындысы;

· Сот-баллистикалық сараптама қорытындысы;

· Сот-механаскопиялық сараптама қорытындысы;

· Кешенді сараптама қорытындысы;

55. Сарапшы қорытындысы немесе оның қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламасымен сезіктіні не айыпталушыны не жәбірленушіні таныстыру туралы хаттама (адвокаты болса ол да бірге таныстырылады);

56. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау хаттамасы
(+ прокурорға хабарлама);

57. Куәландыру жүргізу туралы қаулы (қажет болған жағдайда);

58. Куәландыру жүргізілгендігі туралы хаттама (қажет болған жағдайда)
(+ прокурорға хабарлама);

59. Тінту жүргізу туралы қаулы (қажет болған жағдайда);

60. Тінту жүргізілгендігі туралы хаттама (қажет болған жағдайда)
(+ прокурорға хабарлама);

61. Үлгілер алу туралы қаулы (сезіктіден-сараптама үшін);

62. Үлгілер алу хаттамасы (сезіктіден-сараптама үшін) (+ прокурорға хабарлама);

63. Келесі құжаттардың бірін жасау:

· Молекулярлық-генетикалық сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы (+ прокурорға хабарлама);

· Сот-баллистикалық сараптама тағайындау туралы қаулы (+ прокурорға хабарлама);

· Кешенді сараптама тағайындау туралы қаулы (+ прокурорға хабарлама);

64. Беттестіру жүргізу хаттамасы (қажет болған жағдайда) (+ прокурорға хабарлама);

65. Келесі құжаттардың бірін жасау:

· Сезіктіні босату туралы қаулы (+ прокурорға хабарлама);

· Кепіл – бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы;

· Кепілді қабылдау туралы хаттама (+ прокурорға хабарлама);

· Мүлікке тиым салу туралы қаулы;

· Мүлікке тиым салу туралы хаттама (+ прокурорға хабарлама);

· Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру – бұлтарпау шарасын қолдану туралы қаулы;

· Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат (+ прокурорға хабарлама);

· Үйде қамауда ұстау - бұлтарпау шарасын қолдану туралы қаулы
(+ прокурорға хабарлама);

· Қамауға алу - бұлтарпау шарасын қолдану туралы қаулы (+ прокурорға хабарлама);

66. Алдын ала тергеуді тоқтата тұру туралы қаулы (қажет болған жағдайда) (+ прокурорға хабарлама);

67. Форма 2.1;

68. Форма 2.2;

69. Келесі құжаттардың бірін жасау:

· Сараптама қорытындысын беру мүмкін еместігі туралы хабарлама;

· Молекулярлық-генетикалық сот сараптама қорытындысы;

· Сот-баллистикалық сараптама қорытындысы;

· Кешенді сараптама қорытындысы;

70. Сарапшы қорытындысы немесе оның қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламасымен сезіктіні не айыпталушыны не жәбірленушіні таныстыру туралы хаттама (адвокаты болса ол да бірге таныстырылады);

71. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жалғастыру туралы қаулы (қажет болған жағдайда) (+ прокурорға хабарлама);

72. Айыпталушы деп тану туралы қаулы (+ прокурорға хабарлама);

73. Айыпталушыдан жауап алу хаттамасы (+ прокурорға хабарлама);

74. Тергеу эксперименті жүргізілгені туралы хаттама (қажет болған жағдайда) (+ прокурорға хабарлама);

75. Алдын ала тергеудің аяқталуын жариялау және айыпталушыға оның қорғаушысымен танысу үшін іс материалдарын беру хаттамасы;

76. Айыпталушының және оның қорғаушысының өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы;

77. Сот отырысына шақырылуға тиісті адамдардың тізімі (қорғаушы тізімі);

78. Сот отырысына шақырылуға тиісті адамдардың тізімі (тергеуші тізімі);

79. Іс жүргізу шығыстары туралы анықтама.

80. Қылмыстық істің тізімі;

81. Қылмыстық істі тігіп, мөрмен бекіту арқылы қол қою;

82. Қылмыстық істі прокурорға жолдау туралы бағыттама.

1. БАРЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: