Дезинфекция

Дезинфекция ( француз тілінде des- инфекциялық бастаманы жою, алу) – микробтармен ластанған затты, оны қолданғанда нифекция қоздырмайтын дәрежеге дейін микробтарды жоюға арналған өңдеу процедурасы. Дезинфекция кезінде микробтардың көпшілігі (патогенділері) өледі, бірақ споралары мен кейбір резистентті вирустар тіршілікке қабілетті жағдайда қалуы мүмкін

Зарарсыздандыру (дезинфекция) патогенді бактерияларды, вирустарды, риккетсияларды, саңырауқұлақтарды, қоршаған ортадағы токсиндерді жою.

Дезинфекциялаудың мақсаты – көбінде микроорганизмдердің патогенді (барлығын емес) түрлерін жою. Дезинфекцияның стерилизациядан айырмашылығы сол, стерилизация кезінде микробтардың барлық түрлері және олардың споралары да жойылады.

Дезинфекцияның екі түрін ажыратады: профилактикалық және ошақтық.

Ошақтық қортынды және күнделіктіге бөлінеді.

Күнделікті дезинфекция - ауру аяқталғанға дейін, бірақ науқас бар кезде оның бөліп жатқан қоздырғыштарын дер кезінде өңдеп отыру мақсатында, күнсайын (науқастың бөлінділерін, ыдыстарын зарарсыздандыру) жасалады.

Қортынды дезинфекцияны инфекция қоздырғышының көзін алып кеткенде (ауруханаға жатқызғанда, ауысқанда, өлгенде, жазылып шығып кеткенде) сол ошақта (әдетте бір рет) жасалады. Оның мақсаты – жасалып отырған күнделікті дезинфекциядан кейін ошақта тасымалдаушы факторлары ретінде қалған қоздырғыштарды жою.

Ол, қоздырғыштары қоршаған ортада төзімді инфекциялар ошақтарында жүргізіледі (оба, тырысқақ,, қайталама сүзек, күйдіргі, салмонеллездер, гепатит, сал, түбіркүлез, алапес және басқалары). Бұл кезде қоршаған ортада таралуы мүмкін және таратушы фактор болып табылатын объектілерді қоздырғыштардан толық зарарсыздандыруға тырысады.

Жұмысты ең алдымен жинауыш инвентарьларды зарарсыздандыратын дез. ерітіндіні дайындаудан бастайды. Науқастың бөлмесінде оның бөлінділерін, горшогын, іш киімдерін, тағам қалдықтарын, ыдыстарды, еденді, қабырғаны, жалпылай пайдаланылатын орындарды зарарсыздандырады. Төсек орынын, орамалдарды, сүлгілерді, дез. ерітіндіге салып қайнатады, камералық дезинфекциядан өткізеді. Қабырғалар дез. ерітіндімен өңделеді, терезелер, есіктер, сүртіледі, қалдықтарға дез. ерітінді құйылып, артынан өртеледі.

Алдын алу дезинфекциясын қоздырғыш табылмаса, ал қоздырғыш қоршаған ортада көбеюде деп шешкен жағдайларда,жұқтырушы науқас, сау адамдардың арасында жүр немесе болуы мүмкін, бірақ әлі анықталмай жатқан кезде жасалады.

Жұқтырушы науқас,сау адамдардың арасында жүрген жағдайда немесе қоздырғыш басқа жолдармен жиналып жатыр деген болжамдар болған жағдайда алдын алу дезинфекциясы күнделікті сияқты өтеді. Күнделікті дезинфекцияның ережелері бойынша науқас (тасымалдаушы) пайдаланған заттар сау адамға берілмес бұрын зарарсыздандырылуы керек. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары болуы мүмкін ағынды суларды зарарсызданды.

Басқа жағдайларда алдын алу дезинфекциясының жүргізілуі қортынды дезинфекциялық сипатта болады. Оған мысал ретінде инфекциялық аурулардың қоздырғыштары болуы мүмкін суды хлорлауды жатқызуға болады. Тамақтану алдында қолды жуу, науқастың немесе ішек инфекцияларын тасымалдаушылыр нәжісінің қол арқылы ауызға түсуіне жол бермейді. Осылайша алдын алу дезинфекциясы, өзінің сипаты мен құрамына қарай күнделікті де, қортынды да дезинфекцияның шараларын іске асырады. Алдын алу дезинфекциясын емханаларға науқас келіп кеткеннен соң, балалар мекемелерінде, адамдардың көп жиналатын жерлерінде, транспортттарда, тағам өнеркәсібінде, жалпы тамақтану орындарында жүргізіп отыру керек. Алдын алу дезинфекциясын жүргізу әдісі ошақтық дезинфекциядан аз ерекшеленеді. Бірақ алдын алу дезинфекциясында физикалық факторларды(жоғары температураны) және жуу – зарарсыздандыру заттарын, пастылар мен сабындарды жиі пайдаланған жөн. Алдын алу дезинфекциясы кезінде қолданылатын арнайы әдістерге тиісті жабдықтармен ауыз суды және ағынды суларды зарарсыздандыру, күйдіргі қоздырғышымен ластанды деген жануар шикі заттарын, шаштараздардағы сақал алатын саймандарды дезинфекциялау, жүзу бассейндерін және басқа да жалпылай пайдалану орындарын дезинфекциялау жатады.

Әйелдер босанатын үйлерде ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу және күресу үшін тілмесі бар және іріңді – септикалық аурулармен ауыратын сәбилерді дер кезінде зерттеп, оқшаулау, алтынды стафилококк тасымалдаушыларды анықтайды. Акушерлік стационарларды толық дезинфекциялау үшін жылына бір реттен кем емес уақытша жабады.Әйелдер босанатын және босанар алдындағы палаталарды және балалардың палаталарын жаппай өңдеу 6% сутектің асқын тотығының ерітіндісімен, 0,5% жуу затымен, 5% хлорамин ерітіндісімен жүргізеді.

Зарарсыздандырудың физикалық тәсілдері. Физикалық өңдеуге механикалық, термиялық, сәулелік әдістер жатады.

Механикалық заттар – тазалау, дымқылмен тазалау, жуу, қыру, қағу және т.б. жатады. Мысалы шаңсорғыштың көмегімен микробтардың 98 % кетеді екен. 30 минут желдетуден кейін микробтар мекемелерде мүлдем болмайды, себебі ауа түгелдей алмасады, әсіресе ауалы – тамшылы жолмен берілетін аурулар кезінде тиімді болады.

Термиялық және сәулелік әдісіне – жоғары және төмен температуралармен әсер ету, бактериоцидті шамдармен өңдеу, радиоактивті сәулелендіру жатады. Ыстық ауалы стерилизаторларды және басқа да зертханалық, дәріханалық ыдыстарды және аспаптарды зарарсыздандырған кезде қолданады. Дезинфекциялық камераларда төсек орынды, киімдерді және басқа да заттарды дезинфекциялайды. Ыстық үтүкпен үтүктегенде микробтардың вегетативті формалары, биттер, кенлер өледі.

Ыстық суға (70 - 100әС) ерітілген жуғыш заттарды қосып пайдаланғанда кірді және микробтарды механикалық жолмен кетіреді (80әС – 2,5 минут; 60әС - 70әС – 30 минут).

Қайнату стерилизацияның қиын емес түрі. Жалғыз кемшілігі қайнатқанда споралар өлмейді. Дезинфекцияның бұл түрі шприцтерді, аспаптарды, шыны және металл ыдыстарды өңдеуде кеңінен қолданылады. Суға 1 - 2 % натрий бикарбонатын қосқанда қайнаған судың дезинфекциялық әсері күшейеді және металл өнімдерін қайнатқаннан кейін таттанудан қорғайды.

Күйдіру (от жалынын) ілмектерді, инелерді,пинцеттерді, пробиркаларды, спиртовканы, т.б. зарарсыздандыруға пайдаланады.

Пастеризация - 70әС - 80әС – қа дейін (30 минут) қыздыру, бактериялардың вегетативті формаларын өлтіреді, 90әС – та 3 сек қыздыруға болады.

Ылғалды булы камераларда киімдерді, төсек орындарды және басқа да жұмсақ заттарды өңдеуге қолданады.

Күн сәулесі микроорганизмдерді өлтіреді. Бірнеше сағаттан кейін фоторезистентті микробтар, және де түбіркүлез микобактериялары да өледі. УК сәулесін ауадағы микробтардың тұнуын төмендетуге қолданады.

Тиндализация - 56әС температурада 5 – 6 күн күнделікті бір сағатқа жуық қыздыру, бұл кезде споралар да өледі.

Кептіру көптеген микробтарды өлтіреді. Бірақта кейбір бактериялардың споралары, сонымен бірге кейбір бактериялардың вегетативті формалары кептіруге төзімді келеді де, ауа аэрозолінде шаңмен бірге оңай таралып отырады. Лиофильді құрғату әдісі бактерияларды лаборатория жағдайында консервациялау үшін кеңінен қолданылады.

0 ден төмен - 280әС суық температурада жасанды қатыру микробтарды өлтірмейді, бірақ біраз уақыт өткен соң олардың мөлшері азаяды. Төменгі температура тағам өнеркәсібінде және тұрмыста тағамдық өнімдерді,ал дәріханаларда дәрілерді ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады.

Зарарсыздандырудың химиялық тәсілдері.

Бактерияларды өлтіретін химиялық заттарды бактериоцидтік әсер ететін, ал олардың тіршілік қабілетін төмендететіндерді – бактериостатикалық заттар деп аталады.Химиялық зарарсыздандырушы заттарға қойылатын талаптар:

1. Суда ерігіштігі немесе суда эмульсия түзуі;

2. Аз мөлшерде, қысқа уақыттың ішінде микроорганизмдерді өлтіру қабілеттілігі болуы керек;

3. Сақтауға ыңғайлы, улылығы төмен болуы керек;

4. Өндірісте жеткілікті өндірілуі керек, бағасы арзан,, тасымалдауға және сақтауға қолайлы болуы керек;

Дезинфектанттардың келесі негізгі топтарын қолданады:

І. Құрамында галоиды бар заттар, оларда микробтарға белсенді әсер ететін хлор, бром немесе йод болады (хлорлы әк, калий гипохлоридінің тұздары, хлораминдер, дихлорцианцур қышқылы және оның тұздары, аквасепт, йодонат, дибромантин).

ІІ. Құрамында оттегі бар асқын тотық байланыстары немесе сутектің асқын тотығы негізіндегілер (первомур, ПВК, ператин, виркон, дезоксон).

ІІІ. Төрттік аммоний байланыстары мен амфотерлі байланыстар (аламетон, дюнбаль, санифект, велтолен, гермосепт, септодор) негізіндегі беткейлік – белсенді заттар.

ІV. Гунидиндер және оалрдың ПАВ – пен қоспалары (демос, катасепт, лизофермин, тиавасепт).

V. Спирттер (этанол негізділер).

VІ. Құрамында альдегиді бар глутар немесе янтарлы альдегид (гепасепт, сайдекс, глутаран, альдесон) негізділер.

Фенолды улылығының жоғарлығына және тұрақты жағымсыз иісіне байланысты дезинфектант ретінде пайдалануға тиым салынған.. Жоғарыда аталған қасиеттері шеттетілген, құрамында фенолы бар препаратқа амоцид және басқ. жатады.

Дезинфекциялық – стерилизациялық препараттар (қысқаша сипаттамасы төменде келтірілген) ҚР тіркелген және оларды медициналық мақсаттарда пайдалануға рұқсат берілген.

Бұл дезинфектанттар, антисептиктер, жеке бас гигиенасының заттары бактерияларға (түбіркүлез микобактериялары мен споралы түрлерін қосқанда), саңырауқұлақтарға, вирустарға (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) көрсететін өте жоғары әсерімен, әлсіз тұрақты материалдарды тоттанудан немесе құрамын бұзудан да сақтайтын, экологиялық тазалығымен, және қауіпсіздікті кепілдейтін, үнемді және қолдануғы ыңғайлылығымен ерекшеленеді.

Беткейлерді, жабдықтарды, инвентарларды өңдеу заттары.

а) Перформ- қауіпсіз дезинфектант.

Қолдану әдісі – ылғалдап өңдеу (бөлмелерді жинастырған кезде). Қолданылуы - беткейлерді, жабдықтарды, инвентарларды өңдейді.

Микробиологиялық белсенділігі – бактериялардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда), споралардың тіршілігін төмендетеді.

Қысқаша сипаттамасы – үнемді – дезинфекциялау мен тазарту бір кезеңде жасалады. Құрамында альдегидтері жоқ. Жуғыштығы жоғары. Исі жағымды. Адамдар бар жерде қолданыла береді. Экологиялық таза. Қандай да бір улылық қабілетінің жоқтығы. Белсенділік спектрі кең және тиімділігі жоғары. Шығарылу түрі – 60 – 40 грамдық пакеттермен шығарылады.

б) Микроцид – ликвид – жылдам дезинфекциялау үшін қолданады.

Қолдану әдісі – шашу және газдарды қолданбай өңдеу.

Қолдануы - -құрал – жабдықтарды, қол жетпейтін беткейлерді дезинфекциялау.

Микробиологиялық белсенділігі - бактериялардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) тіршілігін төмендетеді

в) ТРИ 225 (терралин) (сұйылту деңгейі 1:400) – дезинфекциялау және тазарту бір мезетте жүргізіледі.

Қолдану әдісі – ылғалдап өңдеу(бөлмелерді жинастырған кезде).

Қолдануы – медициналық мекемелердегі, тағам өнеркәсібіндегі беткейлер мен инвентарларды дезинфекциялау.

Микробиологиялық белсенділігі - бактериялардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) тіршілігін төмендетеді.

Тері мен кілегей қабықшаларды өңдеуде қолданылатын антисептиктер

а) Октипидерм – жылдам әсер етеді, ұзақ уақыт бойы теріні дезинфекциялайды.

Қолдану әдісі – шашу, тампонмен жағу немесе сүрту.

Қолдануы – операция, пункция, инъекция және т.б. алдында теріні өңдеу. Қолды хируриялық және гигиеналық дезинфекциялауда пайдаланады. Теріні, жараны, тігістерді аса күшті дезинфекциялайды.

Микробиологиялық белсенділігі – бактериялардың (түбіркүлезді қосқанда), саңырауқұлақтардың, вирустардың тіршілігін төмендетеді.

б) Октенисепт – кілегей қабықтарды дезинфекциялау және емдеу.

Қолдану әдісі – шашу, тампонмен жағу, шаю, сүрту.

Қолдануы – кілегей қабықшаларды және теріні операция, тексерілу, ем-шаралар жасау алдында немесе одан кейін өңдеуге арналған. Гинекологиядағы, акушерстводағы, урологиядағы, проктологиядағы, хирургиядағы, дерматологиядағы, венерологиядағы, терапиядағы, педиатриядағы инфекцияларды емдеуде қолданылады.

Жаралар мен тігістердің орнын өңдеу. Қолды хирургиялық дезинфекциялау.

Микробиологиялық белсенділігі – бактериялардың (күл таяқшасын қоса), хламидиялар, микоплазмалар, ашытқы саңырауқұлақтар, саңырауқұлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда), трихомонадалардың тіршілігін төмендетеді.

Медициналық аспаптарды өңдеуге қолданылатын заттар

а) Лизетол АФ (концентрат 1:50 ерітінді) – дезинфекция және пастерилизациялық тазарту бірге жасалады.

Қолдану әдісі – батырып қою.

Қолдануы – барлық түрдегі аспаптарды тазарту және дезинфекциялауда қоладанылады.

Микробиологиялық белсенділігі - бактериялардың (түбіркүлезді қосқанда), саңырауқұлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) тіршілігін төмендетеді.

б) Гигасепт ФФ – эндоскоптарды, оларды зақымдамай стерильдеуде және дезинфекциялауда қоладанылады.

Қолдану әдісі - батырып қою.

Қолдануы – эндоскоптарды және аспаптарды, анестезиялық және реанимациялық бұйымдарын зақымдамай стерильдеуде және дезинфекциялауда қоладанылады.

Микробиологиялық белсенділігі - бактериялардың (түбіркүлезді қосқанда), саңырауқұлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) және споралардың тіршілігін төмендетеді.

Гигиеналық заттар: кремдер және ласьондар

Сагралинт “П” - теріні күту және дезинфекциялау (сұйық крем).

Қолдану әдісі - сүрту

Ағартқаш және дезинфекциялық зат “ACE”. Белсенді зат АСЕ – натрий гипохлориді бактерияларға, спораларына, саңырауқұлақтарға және вирустарға неғұрлым жылдам әсер ететін және тиімді заттардың бірі болып саналады. АCE түбіркүлез, салмонеллез, тырысқақ, гепатит А және басқ. аурулардың қоздырғыштарына қарсы әсер ететіні дәлелденген.

Comet – беткейлерді, және санитарлық – техникалық құралдарды дезинфекциялайтын және тазартатын ұнтақ,оны тұрғын үйлерде және мекемелерде кеңінен қолданады.

Comet - тің құрамында айрықша патенттік зат бар – хлоринол, ол сумен қатынасқа түскенде әсер етеді және беткейдің тереңдігіне енетін қасиетке ие болады. Хлоринол қиын кететін дақтарды кетіреді, майларды ерітеді, дезинфекциялайды. Comet бактериялық (түбіркүлезді қосқанда), саңырауқұлақтық, вирустық инфекцияларда тиімді әсер көрсетеді.

Лизоформин – 3000 ЕПМ, санитарлық – эпидемиологиялық, коммуналды, балалар мекемелерінде және сүт, тағам өндірісінде, тамақ өнеркәсібінде, бактериялық (түбіркүлезді қосқанда) және вирустық инфекциялардың (АИВ, гепатитВ, тұмау, парагрипп) ошақтарында алдын алу, күнделікті, қортынды дезинфекциялау жүргізуге ұсынылған. Бактериялық аса қауіпті инфекциялардың (оба, тырысқақ, туляремия, сарып, күйдіргі) қоздырғыштарына әсерлі.

Күнделікті дезинфекция сапасын бақылау:

1. Санитарлық – эпидемиологиялық станция (дезстанция) әдістемелік басқаруды қамтамасыз етеді және әр ошақтан 5 –тен кем емес шайынды алу арқылы зертханалық әдістерді қолдана отырып күнделікті дезинфекцияның сапасын бақылайды.

2. Ошақтардағы күнделікті дезинфекциялаудың бақылануы міндетті түрде іш сүзегі, парасүзектің, бактериялық дизентерия, түбіркүлез, күл, саңырауқұлақтық аурулар, салмонеллез кезінде атқарылады. Басқа инфекциялар кезінде бақылау эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жасалады.

Егер алынған оң нәтижелі шайындылардың саны 3% - тен төмен болса, дезинфекциялық препараттың қалдық мөлшерін тексергенде теріс жедел сынамалардың саны 3% - тен аспаса, ал дезинфекциялық ерітінділердің қанағаттанарлықсыз нәтижелерінің саны 5% - тен жоғары болмаса, дезинфекцияның сапасы қанағаттанарлық деп саналады. Егер ауруды тапқаннан кейін 3 сағаттан кеш емес уақыттың ішінде талаптарды тұрғындар орындай бастаса, күнделікті дезинфекция өз уақытында жасалған деп саналады.

Қортынды дезинфекция сапасын бақылау:

1. Қортынды дезинфекцияның сапасын бақылау (визуальді, зертханалық - бірге), ұйымдасқан ұжымдарда дезинфекция аяқталғаннан кейін 1 – 3 – сағатқа дейінгі уақыттың ішінде жасау керек.Қортынды дезинфекцияның сапасын бақылау үшін ошақтан 10 – нан кем емес шайынды, дезинфекциялық заттардың және ерітінділердің 2 дезинфекциялық сынамасын, дезинфекциялық заттардың қалдық мөлшерлеріне 10 экспресс сынама алу керек. Дез. камераларды бактериологиялық бақылау кварталына 1 реттен аз емес жүргізіліп отырады. Микрофлора 0,5% - дан көп емес шайынды алып сепкенде, экспресс сынамаларда қалдық дезинфекциялық заттардың болуы 0,5% - дан көп болмаса, қортынды дезинфекция қанағаттанарлақ деп саналады.

Визуальді бақылау – объектінің санитарлық жағдайын, дезинфекциялық шаралардың уақытылы жүргізілуі, дезинфекциялауға беткейлерді, мекемелерді, жеке заттарды, олардың сапаларының дұрыс таңдалуын анықтайды.

2.Химиялық бақылау – залалсыздандыруға пайдаланған дезинфектанттардың құрамындағы белсенді әсер ететін химиялық элементтердің концентрациясының нормативтерге сәйкестігін тексеруге негізделген.

3.Йод – крахмалды әдіс. Әдіс йодтың крахмалмен түсті реакцияға түсуіне негізделген. Йод ерітіндісі хлормен байланысқан кезде ерітіндіден йодты ығыстырып, оның орнын басады. Дараланған йод крахмалды көгілдір – қошқыл түске бояйды. Әдісті жасау үшін сіріңкенің басына мақта орап, 3% калий йодидының ерітіндісіне, 2% - ті крахмалды клейстерінің қоспасына батырады. Егер сол тампонды хлорлы ерітіндімен өңделген беткейге тигізсе, бақылау объектісінде спецификалық боялу болады. Түсті бояу 3% натрий тиосульфатының ерітіндісіне батырылған тампонмен сүрткен жағдайда ғана кетеді. Осылайша ыдыстардың, ойыншықтардың, едендердің, қабырғалардың, жихаздардың т.б. заттардың дез. ерітіндімен дұрыс өңдегенін байқауға болады.

4. Ішек инфекциясының ошағында бактериологиялық бақылауды шайынды немесе қырынды алу әдісімен санитарлық – көрсеткіш ішек таяқшасын табу жолымен жүргізеді. Шайындыны физиологиялық ерітіндіге немеса байыту ортасына, ЕПС батырылған тампонмен алады, термостатқа 24 сағатқа қояды. Уақыт болған кезде Эндо ортасына себінді жасайды. Термостатқа қояды. 24 сағаттан кейін жалпы қолданылатын зерттеу әдісі бойынша ішек таяқшасын анықтайтын жұмысты жалғастырады.

Дезинфекциялық камералардың жұмысын бақылау

1.Термиялық бақылау - өлшеуіш аспаптардың көмегімен жүргізілді: психрометрмен булы – ауалы формалинді камералардағы ылғалдылық ережесін, манометрмен қысымды бақылап отырады.

2. Биологиялық бақылау – лабораторияларда арнайы дайындалған бактериялық тесттер қолданылады, ол бәтес және бөз бөлшегін алдын ала стерильдеп, кейін тест – микроб сіңіртіп дайындалады (алтынды стафилококк, антракоид споралары, микобактериялардың қышқылға төзімді сапрофиті – В5).

6.3.3. Асептика және антисептика.

Ауруханаішілік және әсіресе хирургиялық жұқпалардың алдын-алуда асептика және антисептика қолданылады.

Асептика - емдік, диагностикалық процедуралар және операция кезінде науқас ағзаларына, жараға жұқпа қоздырғышын түсірмеуге бағытталған шаралар кешені. Д.Листер (1867) негізін қалаған. Асептика тәсілдерін инфекция көзі науқастар мен бактериятасымалдаушылар болып табылатын экзогенді індеттермен күресуде қолданылады.

Жарамен жанасатын барлық заттар, қолғаптар, операциялық киім, таңу материалы, инструменттерді стерильдеу және стерильдігін сақтау, хирург қолын дезинфекциялау, операциялық алаң, аппаратура, арнайы киім, бетпердені (масканы) өңдеу асептикаға жатады. Операциялық бөлменің орналастыру жоспарын жасау да (этаж, бокстау, вентиляция, ауаны кондиционерлеу және т.б.) асептика шараларының біріне жатады.

Асептика тәсілдері микробиологиялық өндірістерде, тағам өнеркәсібінің мекемелерінде қолданылады.

Антисептика- қабыну процесін жою немесе алдын-алу үшін, организмде немесе патологиялық ошақта, жарада микробтарды жоюға бағытталған шаралар жиынтығы. Антисептиканың алғашқы элементтерін 1847 ж И.Земмельвейс ұсынған.

Антисептика тәсілдері: механикалық (бөгде денелерді, инфицирленген некрозды тіндерді жою т.с.с.), физикалық (жараны дренаждау, тампон енгізу, гигроскопиялық таңу салу), химиялық (антисептиктерді қолдану), биологиялық (антибиотиктер, бактериофагтар қолдану, тіршілікке қабілетсіз жасушаларды лизистеу үшін протеолитикалық ферменттер қолдану). Әдетте осы тәсілдерді кешенді түрде қолданады (6.3 - кесте).

Антисептиктердің жіктелуі.

1.Шығу тегі бойынша:

- бейорганикалық заттектер

- биоорганикалық заттектер және олардың синтетикалық аналогтары

-органикалық қосылыстар (синтетикалық)

2.Химиялық құрылымы бойынша:

- галогендер

- органикалық және бейорганикалық қышқылдар

- альдегидтер

- спирттер

- ауыр металл тұздары

- бояғыштар

- Фенол

- 8-оксихинолондар

- сутегінің асқын тотығы және калий перманганаты

- 4-хинолондар

- нитрофуранды антисептиктер

- сульфаниламидты антисептиктер

- жоғарғы сатылы май қышқылдары

- антисептиктік ретінде қолданылатын антибиотиктер

3.Әсер ету нысанына қарай:

- бактерияларға қарсы

- вирустарға қарсы

- саңырауқұлақтарға қарсы

- паразиттерге қарсы

4.Әсер ету механизмі бойынша:

- құрылымын бұзатындар (деструктивтілер)

- тотықтырғыштар

- мембранаға шабуылдайтындар

- антиметаболиттіктер және антиферменттіктер

5.Әсер ету спектрі бойынша:

- әмбебаптар (универсал)

- кең спектрлілер

- спектрі шамалылар

- тар спектрлілер

6.Ақырғы тиімділігі бойынша:

- микробцидтілер

- микробстатиктіктер

- табиғи- микробстатиктіктер

- микроб популяциясының санын азайтатындар

7.Құрамы бойынша:

- монопрепараттар

- кешенділер (комплекстілер)

- көп компонентті дәрі-дәрмектер

8.Мақсаты бойынша:

- профилактикалық

- емдік

- емдік- профилактикалық

- бинарлылар (антисептик + химиятерапиялық дәрмектер)

- бинарлылар (антисептик + дезинфектант)

- кең мақсатта қолданылатындар

9.Аппликациялайтын (жағатын) орнына қарай:

- жарақаттық

- сүйектік

- пероральдық (ауыз арқылы)

- офтальмологиялық (көзге жағатындар)

- оториноларингологиялық (құлақ-мұрын-көмейге жағатындар)

- урологиялық (несеп-жыныс жолддарына жағатындар)

- стоматологиялық (ауыз қуысының шырышына жағатындар)

- ингаляциялық (тыныс алу жолдарына енгізетіндер)

Медицина саласындағы антисептиктерге қойылатын шарттар:

1. Жалпытоксикалық органотроптық, аллергендік, мутагендік, онкогендік, тератогендік, денетітіркендірушілік және дисмикробиотикалық әсері болмау керек.

2. Азғантай мөлшерде (дозада) белсенділігі күшті болуы керек.

3. Көбінесе микробоцидті немесе микробостатикалық әсері болу керек, дегенмен микробоцидті (әсіресе иммундытапшылық, хирургиялық операция кезінде қолданғанда) әсерінің болғаны жөн.

4. Әсер ету спектрі әр түрлі (кең және тар) болғаны абзал (дисбактериоз қоздыруы азаяды)

5. Қысқамерзімді, немесе ұзақмерзімді әсер ететін болуы керек.

Осындай қасиетіне қарай 3 типке бөлінеді:

- перманентті әсер ету-бір рет қолданғанда бірнеше сағат немесе минут бойы антимикробтық әсер етуді қамтамасыз ету;

- кумулятивті әсер ету-бірнеше рет қайталап қолданғанда антимикробтық әсерін күшейту;

- персистерлеуші әсер ету – бір жерге (жарақатқа) үзбей (регулярно) қолданғанда пайда болатын әсер.

6.Антисептиктік ұнтақ түрінде болғаны дұрыс (сақтауға ыңғайлы)

7.Теріге, киім-кешекке бояуы жұқпауы керек және қолайсыз иісі болмау керек.

8.Жарықтың, температураның әсеріне төзімді болуы керек, биосубстанттарда белсенділігін жоғалтпауы қажет.

9.Липидтерде және суда ерігіштігі жақсы болуы керек.Липидтерде жақсы ерігіштігі тиісті жерге жаққан антисептиктердің кумулятивтік әсерін қамтамасыз етеді.

10.Антигендік қасиетке ие болмауы керек.

11. Антисептиктік шикі зат кез келген жағдайда қолжетерлік, әрі арзан және экологиялық тұрғыдан зиянсыз (таза) болуы керек.

Кесте 6.3.

Стерильдеу, дезинфекциялау және профилактикалық антисептиканың айырмашылықтары.

Айырмашылық белгілері Стерильдеу Дезинфекциялау Антисептика
Шараның мақсаты Инфекцияның берілу жолдарын үзу Инфекцияның берілу жолдарын үзу Инфекциялық процестің алдын алу, инфекция көзін бейтараптау.Антисептикпен қолды өңдегенде - инфекцияның берілу жолдарын үзу
Қолданылатын жерлері Сыртқы орта нысандары (объектілері) Сыртқы орта нысандары (объектілері) Адам денесінің биотоптары
Әсер ету тәсілдері Физикалық,сирек жағдайда –химиялық және механикалық Физикалық, химиялық және механикалық Химиялық, сирек жағдайда –физикалық, механикалық, биологиялық
Әсер ететін нысандары Микроорганизмдердің барлық түрлері мен формалары Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдер Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдер; Антисептикпен қолды және операция жасайтын жерді өндегенде – микробтардың барлық түрлері.
Әсер ету тиімділігі Микробоцидті Микробоцидті, ерекше жағдайларда – популяциялар санын азайту. Микробостатикалық, ерекше жағдайларда – микробоцидті және популяциялар санын азайту.
Деконтаминациялаудың толықтылығы Толық, әмбебап (универсальды) Селективті (іріктеп, таңлап әсер ету) -
Қолдану бағыты Профилактикалық Профилактикалық Профилактикалық, емдік

6.4. Санитарлық микробиология

Санитарлық микробиология- адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін қоршаған ортадағы микроорганизмдерді зерттейтін медициналық микробиологияның бөлімі. Ол қоршаған орта обьектілерінде патогенді, шартты- патогенді және санитарлық- көрсеткіш микроорганизмдерді анықтайды, қоршаған орта обьектілерін залалсыздандыру тиімділігін бақылау тәсілдерін және гигиеналық нормаердің микробиологиялық көрсеткіштерін жасайды.

Патогенді микрорганизмдерді анықтау эпидемиологилық жағдайды бағалауға және жұқпалы аурудың алдын-алу және тиісті күресу шараларын қолдануға мүмкіндік береді.

Шартты –патогенді микрорганизмдер - әлсіріген организмде іріңді- қабыну процесін қоздырады. Сонымен қатар, олар тағам өнімдеріне түсіп, жылдам көбейіп, токсиндер бөліп, адамдарда микробтық этиологиялы тағамнан уланулар қоздыруға себепкер болады.

Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдерді- қоршаған орта обьектілерінде патогенді микроорганизмдердің болу мүмкіндігін жанамалап анықтауға негізделіп қолданады. Олардың анықталуы адамдар мен жануарлар бөлінділерімен нысанның ластанғандығын дәлелдейді. Мысалы, ішек инфекциясы қоздырғыштарының бөліну жолы ішек таяқшасы тобындағы бактериялармен – ІТТБ (бұл топқа, ішек таяқшасынан басқа, қасиеттері ұқсас Citrobacter, Enterobacter, Klebsiella туыстастығының бактериялары кіреді), энтерококтармен, перфрингенс клостридиясымен бірдей. Ауа – тамшылы инфекция қоздырғыштарының бөліну жолы жоғарғы тыныс жолының шырышты қабығында тұрақты мекендейтін бактериялармен (коктармен) қоршаған ортаға (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде) бөлінетіндігімен бірдей. Сондықтан жабық бөлмелердің ауасының санитарлық- көрсеткіш бактериясы ретінде гемолитикалық стрептококтар мен алтынды стафилококтар қолданылады. Санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдерге келесі шарттар қойылады:

1. Адам немесе жануар организмінде мекендеп, бөлінділерінде тұрақты анықталуы керек.

2. Топырақ пен суда мекендеп, көбеймеуі керек.

3. Қоршаған ортаға организмнен бөлінген соң әртүрлі факторларға төзімділігі мен тіршілік ету ұзақтығы патогенді микробтармен бірдей немесе олардан жоғары болу керек.

4. Олардың қасиеттері шынайы типті және жеңіл анықталуы керек.

5. Оларды анықтау және бір-бірінен ажырату тәсілдері қарапайым, тиімді болуы керек.

6. Қоршаған ортада патогенді микроорганизмдерге қарағанда көп мөлшерде болуы керек.

7. Қоршаған ортада оларға ұқсас мекендейтін микроорганизмдер болмауы керек.

Санитарлық – микробиологиялық тәжірибеде патогенді, шартты-патогенді және санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдерден басқа зерттеу материалының (су, топырақ, тағам өнімдері, дәрі-дәрмектер және т.б.) белгілі көлеміндегі немесе мөлшеріндегі жалпы микроб санын анықтау пайдаланылады.

6.4.1. Су, топырақ, тұрмыстық заттарды микробиологиялық бақылау

Су, топырақ, ауа және т.б. обьектілердің ластануын жалпы микробтар саны мен санитарлық- көрсеткіш микроорганизмдерді анықтаумен жүргізіледі.Адамдар мен жануарлардың бөлінділерімен ластанғанын көрсететін микроорганизмдер (индикптор) ретінде суда- ішек таяқшасын, ІТТБ (коллиформды таяқшалар), энтерококтар, стафилококтарды; топырақта - ішек таяқшасын, ІТТБ (коллиформды таяқшалар), перфрингенс клостридиясы, термофилдерді; тұрмыстық заттарда- ІТТБ, алтынды стафилококк, энтерококтарды анықтайды.

Санитарлық- көрсеткіш бактериялардың санын анықтау негізінде ІТТБ индексін (1 л судағы ІТТБ саны), перфрингенс титрді, энтероккк титрін және т.б. есептеп шығарады. Мысалы, судың энтерококк титтрі-бір энтерококк анықталатын судың ең аз мөлшері

Ішек таяқшасы тобындағы бактерияларға 370 С температурада 24-48 сағ. ішінде лактоза мен глюкозаны қышқыл мен газға дейін ашытатын және оксидаздық белсенділігі жоқ грам теріс таяқшалар жатады. Бұл көрсеткіш көбіне судың нәжістік ластануының индикаторы ретінде қолданылады. Нәжістік ластанудың тағы бір ұқсас көрсеткіші- жалпы колиформды бактериялар: оксидаза теріс таяқшалар, 370 С –та 24 сағ ішінде лактоза немесе маннитті (глюкоза) альдегид, қышқыл мен газ түзіп ферменттйтін грам теріс таяқшалар. Соңғы терминнің орнына «Enterobacteriaceae тұқымдастығының бактериялары» терминін қолдану ұсынылады, себебі бұл тұқымдастық бактерияларының индикаторлық маңыздылығы бар. Enterobacteriaceae тұқымдастығының бактерияларына: лактозасы бар Эндо сияқты қоректік орталарда өсетін 370 С температурада 24 сағ ішінде глюкозаны қыщқыл мен газға дейін ферменттейтін грам теріс, оксидаза теріс, колиформды бактериялар (таяқшалар) жатады.

Судың бактериалық ластануы рұқсат етілген нормадан жоғары болғанда, жаңадан қосымша нәжістік ластану көрсеткіштерін зерттейді. Мұндай бактерияларға: термотолерантты колиформды бактериялар, нәжістік ішек таяқшалары, 440 С температурада 24 сағ ішінде лактозаны қышқыл мен газға дейін ферменттейтін, циттратты ортада өспейтін таяқшалар жатады. Жаңадан нәжістік ластануды энтерококк анықталуы да дәлелдейді. Нәжіспен бұрыннан ластануды ІТТБ болмау және перфрингенс клостридиясының белгілі мөлшерінің анықталуы, яғни ең төзімді спора түзетін бактериялар болуы көрсетеді.

Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жағдайында ауыз судың микробиологиялық көрсеткіштерінің нормативі тиісті құжаттармен реттеледі:

1. Судың жалпы микроб саны - 1 мл зерттелетін суда 100 микробтан аспауы керек.

2. Жалпы колиформды бактериялар - зерттелетін судың 100 мл –де болмауы керек.

3. Термотолерантты колиформды бактериялар-100 мл зерттелетін суда болмауы керек.

4. Колифагтар - зерттелетін судың 100 мл –де анықталмауы керек (таңдақ түзу бірлігі бойынша есепке алу).

5. Сульфитредуцирлеуші клостридиялар споралары - 20мл зерттелетін суда анықталмауы керек.

6. Лямблия цисталары - 50 мл зерттелетін суда анықталмауы керек.

Сонымен қатар, судың ластануы фекальді – оральді механизммен берілетін патогенді микробтарды анықтаумен бағаланады (энтеровирустар, энтеробактериялар, тырысқақ вибриондары және т.б.)

Топырақтың фекалдік және бұрыннан ластануын ІТТБ индексімен (1г. топырақтағы ІТТБ саны), перфрингенс – титрі (Clostridium perfringens анықталатын топырақтың ең аз мөлшері), ал кейде энтерококтар титрі бойынша анықтайды. Осындай көрсеткіштермен қатар топырақтың микробтар саны анықталады. Топырақтың тезек және компостпен ластануы термофилді бактерияның титрімен бағаланады:

1.ІТТБ титрі мен перфрингенс титрі күшті ластанған топырақ үшін –0,009 және төмен; таза топырақ үшін – коли-титр 1,0 және одан жоғары, перфрингенс титр- 0,01 және одан жоғары.

2.Термофилдер мөлшері(1г. топырақта; 600 С температурада дақылдандыру): таза топырақта -100-1000, ластанғанда-1000-10000, ал күшті ластанғанда-100000-400000 колониятүзуші бірлік (КТБ) анықталады.

Қоғамдық тамақтану, дәріхана, емдік және балалар мекемелері сияқты обьектілерді санитарлық қадағалау үшін, қызметкердің қолынан, ыдыстардан, стол беткейінен, қондырғылардан және т.б. шайынды алып зерттейді. ІТТБ, патогенді энтеробактериялардың, алтынды стафилококтың, энтерококтың, Candida саңырауқұлақтардың санын анықтау үшін әр түрлі қоректік орталарға шайындыны себеді. Энтеровирустарды өз алдына анықтауға болады.

6.4.2. Ауаны микробиологиялық бақылау.

Ауаны микробиологиялық бақылау табиғи немесе микробтарды еріксіз қондыру (седиментациялау) әдісінің көмегімен жүргізіледі. Табиғи седиментация (Кох тәсілі бойынша) Петри табақшасындағы тығыз қоректік орта бетіне 5-10 минут бойына микробтарды шөктіру жолымен жүргізіледі. Мәжбүрлік седиментация арнайы қондырғы көмегімен қоректік ортаға ауа сынамасын «себу» жолымен жүргізіледі. (импактор, импанджлер, сүзгілер). Импакторлар-ауадан микробтарды қоректік орта беткейіне мәжбүрлік шөктіруге арналған қондырғылар (Кротов қондырғысы, бактериологиялық аэрозолдің сынамасын алушы, т.б.) Импанджерлер-ауаны NаCL изотониялық ерітіндісінен немесе сұйық қоректік ортадан өткізетін қондырғылар.

Ауаның санитарлық-гигиеналық жағдайы келесі микробиологиялық көрсеткіштермен анықталады:

1. 1м3 ауадағы Микроорганизмдердің жалпы санын - Петри табақшасында 370 С 24 сағат бойына қоректік ортада өскен микроорганизмдер колонияларының саны.

2. Санитарлық көрсеткіш микробтардың индексі - 1 м3 ауадағы гемолитикалық стрептококк пен алтынды стафилококтар саны. Бұл бактериялар жоғарғы тыныс жолының қалыпты микрофлорасының өкілдері және ауа-тамшылы жолмен берілетін патогенді микроорганизмдермен бөліну жолы ортақ болып келеді. Ауада спора түзетін бактериялардың болуы – ауаның топырақ микроорганизмдерімен ластану көрсеткіші, ал грамтеріс бактериялардың көрінуі- антисанитарлық жағдайдың көрсеткіші болады.

Емдеу мекемелерінің ауасын бағалау үшін ұсынылған арнайы нормативті құжаттардың мәліметтерін қолдануға болады.

6.4.3. Тағам өнімдерін микробиологиялық бақылау.

Тағам өнімдерін санитарлық – микробиологиялық зерттеу жоспарлы түрде және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі.

Жоспарлы түрде келесі көрсеткіштер бойынша зерттеу жүргізіледі.

Жалпы микробтар саны.

МАФАМ анықтау – мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдердің, 370 С температурада 24 сағат инкубациядан соң тығыз қоректік ортада өскен колонияларын санайды.

Тағам өнімдеріндегі санитарлық-көрсеткіш бактерияларды анықтау- ішек таяқшасын, ІТТБ, энтерококтар, алтынды стафилококтар, протей тобының бактерияларын, клостридийлерді (сульфит қалпына келтіруші) табу қолданылады.

Салмонеллаларды анықтау - мысалы, ет өнімдерін зерттегенде (басқа көрсеткіштермен бірге), т.б. қолданылады.

Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша – микробтық этиологиялы тағамдық уланулар қоздырғыштары (патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің) бар-жоғын анықтау үшін зерттейді.

Сүтқышқылды өнімдерде – сүзбе, қаймақ, айран және т.б. арнайы микрофлорасы бар (сүтқышқылды стрептококтар, лактобактериялар, және т.б.) өнімдерде жалпы микробтар санын анықтамайды.Бұл өнімдерде сүтқышқылды микрофлораны жағынды дайындап, метиленді көкпен бояп, бактериоскопиялық әдіспен зерттейді. Сәйкес сүтқышқылды микрофлора болмай, бөгде микрофлора (көгерткіш саңырауқұлақ, ашытқылар және т.б.) анықталуы өнімнің дұрыс дайындалмағанын, технологиясының бұзылуын немесе дұрыс сақталмағандығын көрсетеді. Тек, қымыз бен айранды микроскопиялық зерттегенде көру айдынында 2-5 ашытқы жасушалар анықталады, себебі бұл өнімдер сүтқышқылды және спирттік ашу нәтижесінде даярланады.

Консервіленген тағам өнімдерінде ішек таяқшасы, протей және патогенді микробтар болмауы керек.

Көкөністен, балықтан, еттен дайындаған консервілерді зерттегенде мыналар ескеріледі:

1. Аэробты микроорганизмдерді анықтау

2. Анаэробты микроорганизмдерді анықтау

3. Ботулиндік экзотоксиндерді анықтау.

6.4.4. Дәрілік заттарды микробиологиялық бақылау.

Дәрілік шикізат дайындау кезеңдерінде және сақтау барысында микробтармен ластануы мүмкін.Өсімдік және өсімдіктен алынған шикізаттың ылғалдануы микроорганизмдердің көбеюін белсендіреді. Көбейген микроорганизмдер өсімдіктен алынған дәрілік препараттардың фармакологиялық қасиеттерін өзгертеді. Дәрілік препараттарды дайындау кезінде, микроорганизмдер қоршаған ортадан түсуі де мүмкін. Дәрілік препараттар дайындау кезінде санитарлық тәртіптің сақталуын, дәрілік форманың әрбір сериясын, сол мекеменің қоршаған орта обьектілерін санитарлық микробиологиялық бақылау жүргізу арқылы анықтайды. Парентералды енгізуге арналған дәрілік заттар, көз тамшылары, майлар, үлбірлер және т.б., нормативті-техникалық құжаттарға сәйкес стерилді болуы керек. Дәрілік заттардың стерильдігін бақылау тиогликоль ортасына сеуіп әртүрлі бактерияларды, соның ішінде анаэробтарды; Сабуро ортасына сеуіп Candida т.б. саңырауқұлақтарды анықтайды. Антимикробты әсері бар дәрілік заттардың стерильдігін мембранды сүзгіден өткізу жолымен анықтайды: Фильтрациядан соң сүзгішті сұйық қоректік ортаға салып, микроорганизмдердің өсуін бақылайды.Өсу болмаса препарат стерильді деп саналады.

Стерилдеуді қажет етпейтін дәрілік заттарда, әдетте микроорганизмдер болады. Сондықтан оларды микробиологиялық тазалыққа тексереді: 1 г немесе 1 мл препаратта тіршілікке қабілетті бактериялар мен саңырауқұлақтардың санын, және стерильсіз дәрілік заттарда болмауы керек микроорганизмдерді (энтеробактерия тұқымдастығының бактериялары, көкірің таяқшасы, алтынды стафилококк) анықтайды.Ішке қабылдауға арналған дәрілік шикізаттың 1г немесе 1 мл-де 1000 бактериядан және 100 ашытқы және көгерткіш саңырауқұлақтан аспауы керек; ішек таяқшасы мен сальмонеллалар болмау керек. Жергілікті қолданғанда (құлақ, мұрын, интравагиналды пайдаланғанда) 1г немесе 1мл препаратта барлығы 100 микроб жасушасынан аспауы керек, көкірің таяқшасы, энтеробактериялар, алтынды стафилококк болмауы керек. Таблетка түріндегі препаратта – патогенді микрофлора болмауы керек, 1 таблеткада жалпы микроб саны 10 мыңнан аспауы керек. Ауыз қуыс гигиенасына арналған заттарда, тіс пастасы, эликсирлер, сағыздарда көкірің таяқшасы, көгерткіш саңырауқұлақтар, Candida туыстастығының саңырауқұлақтары, Eterobacteriaceaе тұқымдастығының бактериялары болмауы керек; микроб саны- 100КТБ/г-дан аспауы керек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: