Интерферон

Интерферон иммундық жүйенің маңызды ақуыздарының қатарына жатады. Ол 1957 жылы ашылған. А.Аизекс және Ж.Линдеман вирустардың интерференция көрнісін зертеу кезінде (лат.inter- аралық және ferens – тасмалдаушы) төменгідей құбылысты байқаған. Жануарға не жасуша өсіндісіне вирустың бір түрімен жұқтырған кезде, оларда вирустың екінші түрін жұқтырмауға төзімділік пайда болады. Бұл көрністің негізінде вирустан қорғайтын сипаты бар ақуыз синтезделінеті анықталған. Бұл ақуыз түрі интерферон деп аталған еді. Қазіргі кезде интерферон құрылысы жанжақты зерттелген, және де ол медицина тәжірибесінде емдеу, немесе аурудың алдын алу үшін кең қолданылады. Интерферон ақуыз, химиялық құрамы гликопротеид, молекулалық салмағы 15-70 КДА-ға дейінгі тұқымдастыққа жататын зат. Ол иммундық жүйенің және дәнекерлеу ұлпасының жасушаларымен синтезделеді. Қандай жасуша түрімен синтезделуіне байланысты интерферонның үш түрі бар. Альфа-интерферонды лейкоциттер түзеді, сондықтан оны лейкоцитарлық деп атайды. Бета-интерферонды фибробластық дейді, өйткені ол дәнекерлеу ұлпасының жасушасы фибробластарымен синтезделеді. Гамма-интерферон иммундық деп аталады, өйткені ол белсендірілген Т лимфоцитер, макрофагтар, яғни табиғи, иммундық жасушалармен түзіледі. Интерферон ағзада үзілісіз түзіліп отырады да, оның қандағы мөлшері 2МЕ деңгейінде болады. Ағзаға вирустар еңген кезде, не болмаса интерферон демеушілерінің (индукторлары) әсерінен(мысалы РНҚ, ДРҚ, күрделі полимерлер) интерферонның түзілуі асқындайды. Интерферонның ондай демеушілері интерфероноген деп аталды. Интерферонның вирустарға қарсы әсерінен басқа қатерлі ісіктің өсуін тежеу, иммунитет дәрежесін көтермелеу және тағы бақа пайдалы қасиеттері бар.

Итерферонның әсер ету механизімі өте күрделі. Ол вирусқа тікелей залалды әсер етпей жасушаның арнайы құрылыс құрамымен байланысқа түсіп вирустер өңген кезде оларға қажет ақуыздың түзелуіне кедергі жасайды. Интерферон неғұрылым ерте түзіліп, не денеге тыстан ерте ене бастаса оның әсері соғұрлым нәтижелі болады. Сондықтан, интерферонды вирустар қоздыратын бірталай аурулардың (мысалы тымау) алдын алу үшін, не болмаса вирустық созылмалы ауруларды (гепатит В,С,Д, ұшық т.б.) емдеуге қолданады. Интерферонның спецификалық қасиетінің бірі, адам ағзасынан алынған интерферон жануарларға әсерсіз. Иинтерферонды алу үшін екі жақты тәсіл қолданылынады:

а) Адамға, не адам лейкоциттеріне қауіпсіз вирус түрін жұқтырып, оларды интерферон түзуіне мәжбүр қылады, содан кейін интерферонды өңдеп, қажетті препараттарды дайындайды;

б) Гендік-инженерлік әдіс. Белгілі бір микроб түрінің (псевдомонада -немесе ішек таяқшасы) ДНҚ-на интерферонның генін жалғастырады. Өзгерген микроб арнайы ортада өсіп интерферон түзеді. Интерферонның бұл түрі рекомбинантты деп аталады. Оның Ресейде алынған түрінің ресми аты “Реаферон”. Реаферон медицина тәжірибесіндеқең қолданылады.

8.2.3.6. Қан сарысуының қорғаныстық ақуыздары

Қан сарысуының қорғаныстық ақуыздарының қатарына опсониндер, ұшқыр фазасының ақуызы, пропердин, бетализин, фибронектин және т.б. жатады.

іп, фагоциттердің бөгде затпен байланысуын жеңілдетеді. Опсониндер фагоцитозға кірісетін ақуыздар. ұшқыр фазаның ақуызына бауыр ұлпасының зақымдалғанына қарсы түзілетін С-реактивті ақуыз, ісікке қарсы ақуыз т.б. кіреді. Мысалы С-реактивті ақуыз бөгде затты өңдеуге қатынасады да, ісік бар-жоғының белгісі болады.

Манноза байланыстырушы ақуыз. Ол қан сарысуының қалыпты ақуызы. Ол микроб қабырғасындағы маннозаның қалдығымен тығыз байланысқа түсіп, микробты залалсыздыруды жеңілдетеді.

Пропердин - комплемент жүйесінің құрамындағы фагоцитозды қолдайтын қан сарысуындағы қалыпты гаммаглобулин. Комплементті альтернативті жолмен белсендіруге себепкер болады.

Фибронектин-плазманың, ұлпа сұйықтығының макрофагтары түзетін зор мүмкіншілікті ақуыз. Ол опсонизацияны қамтамасыз етеді.

Бета-лизиндер. Тромбоциттермен түзілетін қан сарысуының ақуыздары.Олар бактерия жасушасының цитоплазмалық мембранасына зақым келтіреді.

9 ТАРАУ. Антигендер және адамның иммундық жүйесі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: