Кіріспе 9 страница

Жүгері негізгі сүрлемдік дақыл болып табылады. 100 кг жүгері дәнінде 120-130 азықтық өлшем, 100 кг көк балаусасында өсіп-өну кезеңіне байланысты 12-ден 26 азықтық өлшем, 100 кг сүрлемде 16-22 азықтық өлшем және 1,2-1,4 сіңімді протеин бар. Жүгерінің көк балаусасы ман сүрлемінің бір азықтық өлшемінің сіңімді протеинмен қамтамасыз етілуі 60-70 г аспайды, ал зоотехникалық мөлшер 105-110г екені белгілі, ақуыз сапасыда төмен.

Мал азығына жүгері Қазақстан Республикасында 2,2 млн. Га шамасында өсіріледі, немесе мал азықтық дақылдар егістігі көлемінің 19 пайызын құрайды.

Оңтүстік Қазақстан өңірінде жүгері негізінен суармалы жерлерде өсіріледі. Өнімділігі жағынан барлық далалық алқаптарда егілетін дақылдардан дәнге өсірген жағдайда да, көк балауса өсіру мақсатында да ең жоғары сапалы мал азықтық өлшем бірлігінің жиынтығын алуға болады. Ғылыми негізделген өсіру технологиясын өз дәрежесінде уақытылы, сапалы жүргізген жағдайда дәндік жүгеріден 100-120 ц/га, ал сүрлемдік жүгеріден 800-1000 ц/га көк балауса жинауға болатынын тәжірибе арқауы және озық өндірістік технологияның үлгісі дәлелдеп отыр.

Дақылдың ботаникалық сипаттамасы. Жүгерінің тамыр жүйесі шашақты, топыраққа 2-3 м тереңдікке дейін бойлайды. Жүгеріде бес тамыр жүйесі ажыратылады; ұрықтық, гипокотильді немесе бүйір, ұрықтық эпикотильді, түйінді және сүйеніш тамырлар.

Сабағы тік, биіктігі 0,5-3,5 м жетеді. Сабақтың өзегі борпылдақ, кеуекті, жас кезінде 5 пайызға дейңн қант болады. Сабақ түйіндерден тұрады, олардың саны 8-ден 30-ға дейін өзгереді. Сабақта, орта қабаттағы жапырақтардың қолтығынан собықтар түзіледі.

Жапырағы кең сызықты. Өніп-өсу жағдайларры мен сорттарына байланысты 8-ден 26-ға дейін болады.

Жүгері – бір үйлі өсімдік, бірақ гүлшоғырлары бөлек. Аталық гүлдері шашаққа жиналған және олар сабақтың басында орналасқан, ал аналық гүлдері собықта.

Жемісі – дән. Түсі пигментке байланысты әр түрлі. 1000 дәннің массасы будандар мен сорттарына қарай әр түрлі: ұсақ тұқымда 100-150г, ірі тұқымдылырда- 300-400г.

Жүгерінің биологиясы. Жүгерідегі себуден піскенге дейін сорттар мен будандардың пісу мерзіміне байланысты белсенді температура жиынтығы 2100-3000 0С құрайды. Ал сүрлемдік мақсаттар үшін қажетті белсенді температура жиынтығы 1700-1800 0С.

Температураға талабы. Тұқымы 8-10 0С жылылықта өне бастайды. Ерте пісетін сорттары 6 0С өнеді. Тұқымның өнуіне қолайлы температура 18-250С. Жүгерінің егін көгі -2-30Сбозқыраудан жарақаттанады. Генеративтік мүшелерінің түзілуі 120С жоғары температурада жүреді. Өсіп дамуына қолайлы температура 20-250С. Ауа температурасы 400С асқанда өсіп-дамуы тоқтап өсімдікке кері әсер етеді.

Ылғалға талабы. Жүгері қуаңшылыққа төзімді өсімдік. Су пайдаланк коэффициенті 60-140 м3/ц, ал транспирациялық коэффициенті 230-370 тең. Алғашқы 30-40 күн бойы жүгері баяу өседі және қажетті су пайдалану жиынтығының 30 пайызын жұмсайды.

Суды барынша көп қажет ететін кезеңі оның 12-16 жапырақтану және сүттене пісу мерзіміне сәйкес келеді(шашақтанудан 10 күн бұрын және шашақтанудан 20 күн кейін). Осы 30-40 күн ішінде барлық өсіп дамуына жұмсалатын судың 60 пайызын пайдаланады. Қолайлы топырақ ылғалдылығы- 65-75%.

Жарыққа талабы бойынша жүгері қысқа күн өсімдігіне жатады. Өсіп-дамуына қолайлы күн ұзақтығы 12-14 сағат құрайды. Жас кезеңдерінде жарыққа көп талап қояды.

Қалыпты, немесе әлсіз сілтілі реакциялы (РН 6,0- 7,5) топырақтарда жақсы өседі. Негізгі және қосалқы 1 ц құрғақ зат негізінде жүгері өніммен бірге шығарылатын қоректік затар мөлшері; N – 2,65, Р2О5-0,60 және К2О- 2,2 кг құрайды.

Дән өндіру мақсатында егуге ұсыналатын будандар Қазақстан 43ТВ, Қазақстан 700СВ, Қазақстан 705СВ, Призма, Сервия, КазЗП 678, ЗПСК-704, Сайрам сорты және Өзбектің сүйір ақ жүгерісі.

Дақылды өсіру технологиясы

Қоғамдық өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын тұрақты дамыту жоғары өнімділікті алуды қамтамасыз ететін прогрессивті технологияны игеруге байланысты.

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытудың негізгі бағыты интенсивтендіру. Өндіріс жағдайында бұл салаларды интенсивтендіру ғылым жетістіктерін, техниканы, тыңайтқышты, арамшөп және өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы тиімді әдістерді игеру және жүйелі қолдануға негізделген екпе дақылдарды өсірудің интенсивті технологиясы арқылы іске асады.

Интенсивті технологияны игеру қосымша материалдық шығынды талап етеді, бірақ ол алынған қосымша өніммен қайтарылады, ал бұл бүкіл өсімдік шаруашылығы саласының тиімділігін арттыру мен интенсивтендіру жолындағы үлкен қадам.

Ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің интенсивті технологиясы топырақ құнарлылығының тұрақты өсуіне интенсивті сорттар мен дақылдардың потенциалды мүмкіндіктері мен биологиялық ерекшеліктеріне, өнімді басқарудың биологиялық, агротехникалық және агрохимиялық құралдары мен өсімдікті аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден интегралды қорғауды жүйелі колдануға, машина-трактор паркін оптималды қалыптастыруға және егін себу, оны баптап-күту және жинауды жоғары өнімді машиналармен қамтамасыз етуге негізделеді Кадрлардың жоғары шеберлігіие және технологиялық тәртіпті сөзсіз орындауға негізделе отырып машинаны тиімді пайдалануы қажет.

Дақылдың ауыспалы егістегі орны.

Зерттеулер нәтижесінде жүгері дақылы көпжылдақ бұршақ тұқымдас шөптен соң (жоңышқа), астықты дақылдардан және отамалы бұршақ тұқымдастардан кейін өсіргенде мол және сапалы өнім алуға болатыны анықталған. Дегенмен өсіру технологиясын ғылыми негізделген технологиялық үлгісін жүйелі түрде уақтылы, сапалы жүргізгенде органикалық және минералды тыңайтқыштарды топырақ құнарлылығының көрсеткіштеріне байланысты және жүгері өсімдігінің биологиялық даму ерекшеліктерімен байланыстырып қолданған кезде бірнеше жыл ауыстырмай бір жерде жылма-жыл үзбей егуге болатынын және өнімділіктің көп төмендемейді.

Обылыс көлемінде көп қолданылатын сүрлемдік жүгерігің төмендегідей ауыспалы егістігін қолдану оңтайлы деп есептеймін.

1. Дәнді дақыл +жоңышқа 1 жыл

2. Жоңышқа 2 жыл

3. Жоңышқа 3 жыл

4. Мал азығындық қызылша

5. Сүрлемдік жүгері

6.Сүрлемдік жүгері
7. Сүрлемдік жүгері мен май бұршақтың аралас егісі
Тыңайтқыштар жүйесі. Топырақтағы қоректену элементтерінің мөлшері мен қоректік заттарға өсімдік қажетсінуін ескере отырып бағдарланған өнімге ескерген нормада өсімдіктерді минералды қоректену элементтерімен қамтамасыз ету, мұның өзі өсімдік және топырақ диагностикасын ескере отырып өсіп-даму кезеңінде азот тыңайтқышын бөлшектеп енгізу жолымен бағдарланған өнім алуды қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылық дақылдарын тыңайту тәсілдерін өзге агротехникалық шаралардан бөле қарауға болмайды.

Сүрлемдік жүгеріден бағдарламаланған өнім алу үшін есептеулер нәтижесі көрсеткендей 40т/га көң, 72 кг азот селитрасы, 15 кг қос суперфосфат, 5 кг калий хлорид тыңайтқыштарын енгіземіз.

Органикалық тыңайтқыш негізгі топырақ өңдеу алдында танапқа шашылып аудара жыртумен бірге беріледі. Көңді шашу үшін РОУ-8 машинасы қолданылады.

Минералды тыңайтқыштардың ішінде қос суперфосфат және калий хлориді өте қиын еритін тыңайтқышқа жататындықтан оны көңмен қосып күзде топыраққа сіңірген тиімді деп есептеймін.

Барлық қажетті азот селитрасының (72кг/га) 30 пайызы екінші қатараралықты өңдеумен, ал қалған мөлшері үшінші қатараралықтармен бірге беріледі. Өйткені Үшінші қатараралықты өңдеу мерзімі жүгерінің қоректік заттарды көп қажетсіну кезеңіне сәйкес келеді. Ал азот тыңайтқышын бірінші рет беру егін көгінің жақсы өсіп-дамуын қалыптастырады.

Топырақ өңдеу жүйесі. Топырақты негізгі өңдеу. Жүгеріні үш жылдық жоңышқадан соң орналастырғанымызда тамыз айының үшінші онкүндігінде (жоңышқаның үшінші орымы біткен кезде) КПГ-250 тіркеме агрегатымен жоңышқаның мойын тамырын 10-12 см терендікте кесіп, 2 апта (14-15 тәулік) төңірегінде кептіру қажет. Егер де жүгеріні масақты дақылдардан немесе отамалы дақылдардан соң орналастырсақ дискілі ЛДГ-10, ЛДГ-5 тіркемелі өндеуішпен топырақтың беткі қабатын 8-10 см терендікте сыдыра жыртып қопсыту жер бетіндегі арамшөп тұқымын және өсімдік қалдықтарын топырақпен араластырып ылғал жеткілікті болғанда және жауын жауса арамшөп тұқымының өніп өскін беруіне жағдай жасайды, соңынан жерді жырту кезінде арамшөпті жоюға мүмкіндік туады.

Жерді жырту фосфор мен калий енгізумен қатар жүргізіледі, мұнда жоңышқадан соң 27-30 см, масақты немесе отамалы дақылдан соң 25-27 см болғаны жөн.

Ерте көктемде егістік жерде ылғал сақтау үшін ауыр тырмалармен өндеу қажет. Бұл агротехникалық шара топырақ құрамындағы арамшөптердің тұқымының бір мезгілде өскін беруіне де жағдай туғызады. Топырақтың физикалық пісіп жетілуіне байланысты әр жылы суармалы жерлерді тегістеу шарасы жүргізіледі.

Егіс алдындағы топырақты өндеу 10-12 см тереңдікте қопсытқыш тіркеме агрегаттармен ЧКУ-4,0 атқарылады. Егістік алқаптағы арамшөптің өсіп дамуына байланысты арам шөбі көп танапты бірінші өңдеуден соң 12-15 күн өткесін, тұқым себер алдында екінші рет өндеп топырақты 8-12 см терендікте қопсытады және тырмалайды.

Тұқымды себуге әзірлеу. Жоғары сапалы тұқым - мол өнім алудың негізі. Тұқым сапасынан тұқымның бір мезгілінде өнуі, өркенінің жиі болуы ең соңында өнімнің жоғары болуы байланысты. Жүгерінің өнгіштігі 92% кем (II класты)болмауы керек, егер өнгіштік 96 болса (I класты) тіпті жақсы болады. Өйткені өнгіштік аталған көрсеткіштерден төмен болса егін көгі өте сирек болады, ол міндетті түрде алынатын өнімге теріс әсер етеді. Себуге дайын жүгері тұқымы еленген және дәріленген болуы тиіс(-кесте). Жүгері тұқымын елегіштен өткізу біркелкі егін көгін алу үшін қажет, ол үшін ЗАВ-40 машинасы пайдаланылады. Тұқым біркелкі болуы үшін 4 және 5 № електен өткізу керек. Ол тұқым тазалығын 98-99 пайызға жеткізуге септігін тигізеді.

Тұқымды дәрілеу үшін 10 пайыздық ТМТД 2кг/т, меркуран 2кг/т, гранозан 1-1,5 кг/т пайдаланамыз. Бұл шараның негізгі мақсаты тұқымды аурулардан, зиянкестерден қорғау болып табылады.

Тұқым себу мерзімі, мөлшері және әдістері. Жүгерінің тұқымын себу нақты жағдайға, топырақ күйінее, арамшөптермен ластануына және ең бастысы ауа райына байланысты жүргізіледі. Топырақ температурасы 100С төмен болса, жүгері себіліп болғаннан соң тұқым ұзақ уақыт көктемей жатып алады, нәтижесінде саңырауқұлақ ауруларына ұшырап 30-40% кейде одан да көп мөлшері егін көгін бермейді. Сондықтан курстық жұмыс барысында аймақтың ауа-райы жағдайлары ескеріледі. Биологиялы қасиетіне байланысты жүгері тұқымын себу топырақтың тұқым сіңіру тереңдігіндегі температура 10-12 0С жеткенде жүргізілуі тиіс екендігі белгілі. Оңтүстік-Батыс ауылшаруашылығы ғылыми зерттеу орталығының Тассай тірек бекетінің ауа райы жағдайлары мәліметтері бойынша бұл мерзім сәуір айының үшінші онкүндігіне сәйкес келеді.

Ең көп тараған жүгерінің оңтайлы себу тәсілі пунктирлі тәсіл болып табылады. Бұл себу тәсілін СКПН-6, СКНК-6 тұқыс сепкіштермен іске асыруға болады. Пунктирлі себу тәсілі негізінде бір гектар жерге шамамен 60-90 мың тұқым себіледі. Себу кезінде қатар аралықтар 70см болады, бұл қатарарлықтарды 60, 45 см етіп өзгертуге болады және тиісінше бір гектарға себілетін тұқым саны да артады.

Шаруашылық топырағының механикалық құрамы орташа саздақты болатындықтан жүгерінің тұқымын сіңіру тереңдігі 6-8 см етіп аламыз. Біздің шаруашылық жағдайында сүрлемдік жүгері суармалы танапта өсірілетіндіктен себу мөлшерін 100-120 мың өсімдікке дейін жеткіземіз.

Тұқымның себу жарамдылығы - тұқым сапасының басты көрсеткіші, ол тұқым құрамындағы әрі таза, әрі өнгіш тұқымдарды көрсетеді. Бірақ тұқым себу жарамдылылы тек тұқым сапасы мемлекеттік стандарт шарттарына сай болғанда ғана есептелінеді. Себу жарамдылығы тұқымның тазалық көрсеткішін оның өнгіштігіне көбейтіп, 100 санына бөлу арқылы табылады.

Егістікті күтіп-баптау. Сәуір, мамыр айларында Оңтүстік Қазақстанда нөсер жауын жиі болады және соңынан күн ысып, топырақтың беткі кабаты қатқақтанады, арамшөптің өсіп дамуына қолайлы жағдай жасалынады, қатқақты егін өніп шыққанға дейін және өскін 3-5 жапырақ шығарған кезінде көлденеңінен тырмалап өндеу ұтымды агротехникалық шара. Арамшөптің өскіні қалың болған жалдары егінді 50%-тік 2,4Д амин тұзы гербицидімен 1,5-2,0 л/га мөлшерінде өндейді не болмаса 48%-тік диален суперді 1,25-1,5 л/га мөлшерінде пайдалануға болады (3-5 жапырақ кезінде).

Егістің қатараралықтарын бірінші өңдеу топырақты 6-8 см (- кесте) тереңдікке қопсыту жүргізіледі. Құрғақшылық жылдары жүгері өсімдігін 5-7 жапырақ кезеңінде бірінші су беріледі, көп жағдайда бірінші үстем коректендіру аяқталысымен суару болашақ мол өнімнің кепілі. Топырақты екінші рет өндеу кезінде 10-12 см тереңдікте қопсытып, азоттық тыңайтқыштың жылдық нормасының 2/5 бөлігін енгізе отырып суару арықшалары тартылады. Үшінші рет өндеу дақылдың 10-12 жапырақ кезінде азот тыңайтқышының жылдық нормасының 3/5 бөлігі енгізіледі және суару арықтары жаңадан жасалады да егісті суаруды тез арада ұйымдастыру қажет.

Суару тәртібі. Суару тәртібіне және тәсіліне ерекше мән берілгені жөн. Алғашқы суды жүргізу кезінде суару арықшаларының ұзындығы, терендігі және бағыты жер рельефіне байланысты ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкестендіріліп атқарылуы тиіс. Жүгері өсімдігі 13-14 жапырақ даму кезеңіне дейін топырақ ылғалдылығы су сыйымдылық мөлшерінің ең жоғары есебімен 70%-ке дейін түскенде жүргізілгені жөн, ал осы кезден жүгері дәнінің сүттену дәуіріне дейін топырақ ылғалдылығы су сыйымдылық мөлшерінің ең жоғары есебімен 80%-ін құрағанда жүргізіледі, ал ол мерзімнен соң 70%-ке түскенде суарылады. Жалпы Оңтүстік Қазақстан өңірінің тау бөктері аймағында жүгерінің вегетациясы кезінде ылғыл орташа түскен жылдары 4-5 рет, құрғақшылық жылдары - 6 ретке дейін су берілуі тиіс. Жүгеріні өсіретін алқапта "шарват суару" әдісі жоғары нәтиже береді және әр суарғанда берілетін судың мөлшері 700-900 м3/га, ал жалпы вегетация кезінде қолданылатын ағынды су 4100-4800 м3/га құрайды.

Суару тәртібі ауа райының қалыптасуына және жүгері өсімдігінің сорттық биологиялық ерекшелігіне тікелей байланысты. Көпжылдақ зерттеулер нәтижесінде Оңтүстік өңіріндегі күз-қыс және ерте көктемде түскен жауын-шашынның мөлшері, егістік алқапты өз дәрежесінде ендеп ғылыми ұсыныстарга сәйкес жүргізгенде, жинақталған ылғал мөлшері жүгері дәнінің өскін беруіне толық жеткілікті екені зерттелген. Дегенмен құрғақшылық жылдары жоғарыда көрсетілгендей жүгері 5-7 жапырақ даму кезеңінде суаруды талап етеді, ал орташа ылғал жылдары 10-11 жапырақ пайда болғанша су жетіспеушілігі байқалмайды, жауын-шашын мол жауған жылы ылғалды болғанда алғашқы суды 13-14 жапырақ даму кезеңінде жүргізу тиімді. Әрине жүгері өсімдігіне бірінші суды созыңқырап кештеу берген ұтымды, ол бастапқы даму өсу дәуірінде өзіне қажетті ылғалды іздеу мақсатында, тамырын терендетіп және тамырдың жан-жаққа шашақтануы байқалады. Нәтижесінде топырақ құрамындағы ылғалды тиімді қолданып келешек даму дәуірінде қоректік және суару тәртібінің жақсаруына, қолданылған тыңайтқыштар мен ағын суды жлғары өнім жинақтауға үтымды пайдалануына ықпал жасайды. Жүгерінің келесі суын шашақ тастау мерзімінің алдында, собық шаш байлағанда, дәннің сүттену кезінде және соңғы суын дән сүттей қамырланған кезде жүргізу керек екенін анықтадық. Суару кезінде әр жүйекке берілетін ағын судың мөлшері, суару арықшаларымен біркелкі таралып ылғалдың топыраққа сіңіру терендігі 70-80 см кем болмауы қамтамасыз етілуі тиіс.

Жүгері егісіне топырақта өмір сүретін зиянкестер: шыртылдақ қара кенелі қоңыздардың личинкалары, мақтаның сүр және жүгерінің сабақ көбелектерінің жүлдыз құрттары айтарлықтай залал тигізеді. Оларға қарсы Децис, 2,5%э.к., Арриво 25%, Каратэ 50%э.к., Ровикурт 25% к.с. фунгицидтер қолданылады.

Дақыл ауруларының өсімдікке ерекше зияндылары: тозаңды және дүңгіршек қара күйелері, сондай-ақ тұқым мен өскіндердің зеңденуі. Ауруларға қарсы Витавакс, 200 ТМТД, 80% Тигам, 37% э.к.. Базудин, 5% Волатон, 5%(түйіршік) пайдаланылады.

Жүгері егісінде бір жылдық астық тұқымдас арамшөптерден күрмек пен қонақтың бірнеше түрлері және мысық құйрық, ал көпжылдық арамщөптерден құмай, құрақ, қамыс жиірек кездеседі. Қос жарнақты бір жылдық арамшөптерден алабұта, кәдімгі отаған, қызылқұйрықтың бірнеше түрлері, қос жарнақты көпжылдық арамшөптерден егістік тікенқурай мен сарықалуен және қызғылт кекіре кең таралған. Бұл арамшөптермен күресте Дуал, 96%, Базагран, 48% э.к. пестицидтерін қолдануға болады.

Өнімді жинау. Өсімдік өсірудің соңғы қорытынды жұмысы егін жинау болып табылады. Егін жинау дән пісу мерзіміне сай және ысырапсыз қысқа мерзімде жүргізілуі тиіс. Егін жинау ауыл шауашылық ғылымының және алдыңты қатарлы шаруашылықтардың тәжірибесі негізінде белгіленеді. сонымен қатар ауа-райының ерекшеліктері,, шаруашылыктың егін оруға арналған техникамен қамтамасыз етілгендігі, егінді жинау әдісі және тағы басқалар ескеріледі.

Көк балауса үшін егілген жүгеріні собықтағы дәннің сүттену-қамырлану дәуірінде жинау қажет. Бұл кезеңде жинағанда әрбір гектардан алынатын азықтық бірлік жоғары деңгейде болады.

Осы уақытта өсімдіктің құрамындағы ылғал мөлшері 70 пайыз болады, яғни жүгеріні қосымша суландырусыз сүрлемдеуге мүмкіншілік бар. Жүгеріні жинау үшін ККХ-3, УКСК -2,6 комбайны қолданылады. Сүрлемге жиналатын жүгеріні тікелей орып алып сүрлем салатын арнайы орынға тасмалдайды.

16 –1-87 дәріс.

Дәнді бұршақ дақылдары

1. Дәнді бұршақ дақылдарының астық өндірісін арттырудағы және мал азықтық белокты көбейтудегі алатын орындары.

2. Дәнді бұршақ дақылдарының агротехникалық және ұйымдастырушылық-шаруашылық маңызы

3. Дәнді бұршақ дақылдарын өсірудің технологиялық ерекшеліктері

ДӘНДІБҰРШАҚТАР

Дәндібұршақтарға Бұршақ тұқымдасының (Fаbасеае) асбұршақ, үрмебұршақ, майбұршақ, жасымық, қойбұршақ, бөрі-бршақ, ноғатық, жембұршақ және басқа да дақылдары жатады.

Физикалық және технологиялық сапасы бойынша, дәнді-бұршақ дақылдарының тұқымы астық дақылдарынікіне ұқсас. Сондықтан оларды шартты түрде дәнге жатқызады, бірақ ботаникалық тұрғыда олар астықтардай дәнек емес. Осы айтылуға сәйкестеп дән алу үшін егілетін бұршақтарды дәндібұршақ дақылдары деп атайды.

Дәндібұршақ дақылдарының дәнінде, олардың азық-түліктік және жемдік мәртебесін көтеретін ақуыз (8-кесте) бен дәрумендер көп. Дәндібұршақтардың көкбалаусасын жүгері немесе басқа да дақылдар өнімімен қосып сүрлем дайындаса, сүрлемнің ақуыздық тепе-теңдігі әлдеқайда жоғары болады.

8-кесте.Дәндібұршақтар түқымының химиялық құрамы (%)

Дақыл Акуызды заттар Азотсыз заттар Май Жасунық Күл
Асбұршақ Үрмебұршак Майбұршак Жасымық Ноғатық Қойбұршак Жембұршақ Бөрібұршақ     1,5 2,0 19,0 2,0 2,0 4,5 1,5 5,0 3,5 4,0 4,0 3,0 6,0 4,0 6,0 12,0 2,0 3,0 5,0 3,0 3,0 3,5 3,5
4,5

Дәндібұршақ дақылдарының тамыр жүйесі мықты, кіндікті және топырақтың өте тереңдігіне кетеді. Оның сіңіру қабілеті де өте жоғары, басқа дақылдар сіңіре алмайтын қоректік заттарды жақсы пайдалана алады.

Дәндібұршақ дақылдарының тамырларында ауаның бос азотын сіңіріп, онымен топырақтың құнарын арттыратын түйнек бактериялары тіршілік етеді. Дәндібқршақтар өзінен кейін топырақта гектарына 50-200 кг азот қалдырады. Атмосферадағы азотты өте көп сіңіруге қабілеттілігімен бөрібұршақ тамырларындағы орналасқан түйнек бактериялары ерекшеленеді. Олар баска өсімдіктерге аз сіңірілетін қоректік заттар­ды да өте жақсы сіңіріп пайдаланады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: