Іс-шараны орындау

1.Инъекция жасайтын жерді спиртке батырылған екі домалақтанған мақтамен алдымен үлкен аймақты сонан соң инекция жасайтын аймақты сүрту қажет.

2. Шприцті ашып, ауасын шығарамыз.

3. Сол қолдын 1,2 - саусағымен теріні жиырып ұстау.

4. Тері асты шел қабатының ортасына иненің к\қиығын жоғары қаратып, ЗО-45СС бұрышпен тез енгізу.

5. Сол қолды босатып, қыртысты жіберу.

6. Инсулинді ақырын сол қолмен енгізу.

7. Инъекция жасалған жерге кұрғақ залалсыз мақтаны қойып, инені тез суырып аламы

v Процедуралық мейірбике жұмысқа кіріспей тұрып бөлмені дымқыл шүберекпен тазалап сүртеді.

v Мейірбике халатын, бас киімін киіп, қолын жуады.

v Залалсыздандырылған столдың үстіне аспаптарды, яғни шприц инелермен т.б. қойып, дайындайды.

v Науқастардың тізімін тексеріп, оларды егуге шақыру ретін құрады.

v Мейірбике дәрігердің нұсқауы бойынша көк тамырға құйылатын дәрілерді құюды нашар халдегі науқастардан бастайды.

Егу бөлмесінің мейірбикесі плеврадан, іштен сары су алуға аспаптарды дайындап, дәрігерге көмектеседі, сонымен қатар осы процедура кезінде науқастың жағдайын бақылап отырады. Мейірбике егу бөлмесінің дәрі-дәрмектерін толықтырып отырады. Егу бөлмесінде тәжірибесі мол, өз мамандығының шебері, егу жұмысын жақсы білетін мейірбике жұмыс істеуі керек. Мейірбике егу кабинетінің тазалығына көңіл бөліп, өз жеке басының да таза болуын ұмытпауы тиіс.

Егу бөлмесін жинау

1. Күнделікті жинау 2 рет 1 % хлорамин ерітіндісімен немесе басқа зарарсыздандыру ерітінділерімен 0, 5 % жуу ерітіндісімен қоса.

2. Кварцпен өңдеу- күніне 4 рет 20 минут.

3. Соңғы (генеральды) жинау аптасына бір рет аға мейірбике даярлаған және бөлім меңгерушісі бекіткен кестесі бойынша.

Ине егетін бөлмеге жалпы жинастыру жүргізу

Қажетті заттар:

Шелек, швабра, шаралар, еден жуу үшін шүберек, залалсыздандырылған шүберек, гидропульт, сабын, кальциленген сода, зарарсыздандыру ерітіндісі, өлшемі бар ыдыстар, халат, орамал, алжапқыш, резеңке биялайлар.

Іс- әрекеттер:

1. Орамалды байлап, халатты, алжапқышты, биялайды киіңіз.

2. Зарарсыздандыру ерітінділерінің бірін әзірлеу қажет: 1 % кальций гипохлориді ерітіндісі немесе басқа да зарарсыздандыру ерітіндісін.

3. 2 % сабынды-содалы ерітіндіні (200 грамм сабын, 200 грамм кальциленген сода, 9 л 600 мл су) әзірлеңіз.

4. Бөлмені дайындаңыз: жиһаздар мен заттарды қабырғадан ортаға қарай ығыстырыңыз.

5. Шүберекті зарарсыздандыру ерітінділерінің біріне малып, заттар мен жабдықтарды сүртеді. Қабырға мен төбеге, еденге гидропультпен зарарсыздандыру ерітіндісін шашып, 1 сағатқа бөлмені жауып қояды.

6. Осындай тәртіппен 2 % сабынды содалы ерітіндімен сүртеді.

7. Барлығын таза сумен шаю қажет.

8. Залалсыздандырылған шүберекпен құрғата сүртіңіз.

9. Таза халатты киіп, жиһаздар мен құралдарды орнына қойыңыз.

10. Бактериоцидті шамды 2 сағатқа қосыңыз.

11. Бөлмені желдетіңіз (20-30 минут)

12. Жинастыру құралдарын зарарсыздандырып, сумен шайып, құрғатып, арнайы бөлмеде сақтаңыз.

Ескерту! Терапия бағыттағы бөлмелерге (палаталар, дәліз, дәрігерлік бөлме, медицина қызметкерлері үшін бөлмелер, төсек орын сақтайтын бөлме) айына бір рет, ал хирургиялық бағыттағы бөлмелерге (ине егу, таңғыш таңу, операциялық, операциядан шыққан пациенттерге арналған палаталар, босану залдары, жаңа туған балалар мен шала туған балаларға арналған палаталар, жұқпалы ауруларға арналған бокстар, бактериологиялық және вирусологиялық зертханалар) аптасына бір рет жалпы жинастыру жүргізіледі.

Бөлмені ағынды жинастырудан өткізу мақсаты:

v Санитарлық гигиеналық талапты сақтау;

v Аурухана ішілік жұқпаның алдын алу.

Емдеу сауықтыру мекемелерінде ағынды жинастыру күніне екі рет ылғалды әдіспен, кей жағдайда жиірек жүргізіледі. Жинастыру құралдарында (шелек, шара, шүберек, швабра) жинастырудың түрі мен бөлменің аты көрсетілуі тиіс және олар өз мақсатында қолданылуы қажет, қолданылуы бойынша бөлек сақталуы керек.

Қажетті заттар:

Шелек, швабра, шара, еден шүберек, таза шүберек, зарарсыздандыру ерітіндісі, халат, орамал, алжапқыш, резеңке биялай, өлшемі бар ыдыстар.

Іс- әрекеттер:

  1. Орамалды тағып, халатты, алжапқышты, резеңке биялайды киіңіз.
  2. Зарарсыздандыру ерітінділерінің бірін әзірлеңіз.
  3. Бөлмеге ылғалды жинастыру жүргізіңіз: таза шүберекті ерітінділердің біріне малып жиһаздарды, терезе алдын сүртіңіз. Еденді мынадай тәртіппен жуу қажет: қабырғалардан ортаға, сонан соң төрден сыртқа қарай.
  4. Ылғалды жинастырудан соң бактериоцидтік шамды 30 минутқа қосыңыз.
  5. Жинастыру құралдарын зарарсыздандыру қажет: еден жуатын шүберек пен қабырға сүртетін шүберекті зарарсыздандыру ерітіндісіне 1 сағатқа бөлек –бөлек салып, сонан соң оларды суда шайып, кептіру қажет.

Қауіпсіздік техникасының ережелері

1. Ампуланы ашқанда шыны сынықтарымен жаралану мүмкін, сондықтан міндетті түрді мақта шаригін қолдану керек.

Жаралану жағдайындағы көмек:

- жарада шыны сынығы болса, алып тастау;

- жараны сутегінің асқын тотығымен жуу;

- жараның шет-шеттеріне бриллиант көгі ерітітіндісін жағу;

- жараға құрғақ асептикалық таңғыш байлау;

2. Қолданылған инені шприцтен алғанда, залалсыздандыру үшін инелерді

орағанда, қол саусақтарын шаншып алу мүмкін. Қауіпсіздік шаралары:

қолданылған шприцке қақпақ кигізбеу.

3. Иненің өткізгіштігін тексергенде саусақпен канюляны ұстап тұру керек,

өйткені ине шприц конусынан атып кетіп, маңайдағыларды жарақаттауы

мүмкін.

4. Спиртке малынған мақтамен инені жабуға мүлдем болмайды, себебі

мақтаның талшықтары тері астындағы инфильтрат пен іріңдеуді

туғызады.

Жеке қауіпсіздік барьерлері

Медициналық резеңке қолғапты киіп, алды жабық халат, бетіне бетперде, басына орамал киеді. Медициналық қызметкерлер құралдармен жарақаттанғанда дәрігерге дейінгі көмек көрсете білуі қажет.

Медбикенің терісі мен киіміне науқастың қаны немесе басқа биологиялық сұйықтықтар түсуі

Ластанған арнайы киімдерді сыртқы жағынан ішкі жағына қарай шешу. 1% лизоформин ерітіндісіне бір сағатқа салып қойыңыз. Шешкен киімнің орнын қайнатылған суда жуу. 70 ' этил спиртіне малынған мақталы тампонды қолға алып терідегі биологиялық сұйықтық қалдықтарды тампонмен сүрту. Тампонды арнайы ыдысқа тастау керек. Теріні сабынмен жуу.

Медбикенің көзінің кілегей қабығына биологиялық сұйықтық тиіп кеткен кездегі іс әрекет

Көзді жууға арналған ундинка стаканы, залалсыздандырылған салфетка, астауша, әлсіз калий перманганаты керек. Ундинканың ішіне әлсіз 0,05 % калий перманганат ерітіндісін құйып, салфеткамен көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай көзді сүрту керек.

Медбикенің бетіне немесе ерінінің терісіне науқастың биологиялық сұйықтықтары түскен кездегі іс әрекет

Дайындау керек: 70 ' спирт, 0,05 % калий перманганаты, екі астауша, залалсыздандырылған салфетка. 0,05 % калий перманганатымен салфетканы малып алып науқастың бетін және ернінің терісіндегі сұйықтықтарды салфеткамен сүрту керек. Қолданылып болған салфеткаларды астаушаға тастау керек.

Медбикенің мұрнының кілегей қабығына биологиялық сұйықтық тиіп кеткен кездегі іс әрекет

Дайындау керек: залалсыздандырылған екі астауша, 1% протаргол ерітіндісі, залалсыздандырылған тамызғыш, залалсыздандырылған мақта шаригі.

Тамызғышты алып 1% протаргол ерітіндісін сорып алып мұрынның шырышты қабатына тамызамыз да астаушаға еңкейтеміз. Ерітінді астаушаға ағады. Процедураны бірнеше рет қайталаймыз. Болғаннан соң залалсыздандырылған мақта шариктерін мұрынға енгізу керек.

Медбике қолының саусақтары потенциалды инфекция жұқтырған құрал жабдықтармен жарақаттануы болған кездегі іс әрекет

Дайындау керек: залалсыздандырылған 2 астауша, 70% спирт, 5% йод, залалсыздандырылған мақта шариктері, бактероцидті лейкопластыр, бір саусаққа арналған резиналық биялай.

Қолғапты шешпей тұрып жарақаттағы қанды сығып алу керек. Қолғапты шешіп 1% лизоформин ерітіндісіне салып қою. Қобдишаның ішінен 70% спирт немесе 5% йод ерітіндісін алу. Жарақаттанған жерді 70% спирт ерітіндісіне алынған мақталы шарикпен сүрту. Қан ағуды тоқтатпай сабынмен жуу, залалсыздандырылған мақталы шарикпен жарақаттанған жерді құрғату керек. Жарақаттанған жерді 70% спирт, 5% йод ерітіндісімен қайталап сүрту, жарақаттанған жерді бактериоцидті лейкопластырді жабыстыру. Саусаққа киюге арналған қапша, резиналық қолғапты кию. Күн сайын қолданылған құралдарды және таңу материалдарды санитарлық ережелер бойынша зарарсыздандыру керек. Қолданылған резиналық қолғаптарды 1% лизоформин ерітіндісіне 60 минутқа салып қою керек.

Есте сақтау керек!

Медициналық қолғап, шприцтің, системаның крафт пакеттерін (қауіпсіз қалдықтарды) «А» классын жинауға арналған ақ түсті контейнерге немесе қорапшаға тастайды.

Таңу материалдарды, инъекцияға қолданған шприц инесімен, медициналық қолғап медицина қалдықтарын «Б» классын жинауға арналған сары түсті контейнерге немесе қорапшаға тастайды.

Егу жасауға дайындалу

Парентеральдық енгізу әдісі асептика және антисептика ережелерін қатаң сақтауды талап етеді, өйткені залалсыздандыру бұзылған жағдайда ағзаға ауыр асқынулар тудыратын патогенді микроағзалар түсуі мүмкін. Соны ескеріп құралдар әр уақытта залалсыздандырылған, ал мейірбикенің қолдары мұқият түрде өңделген болуы керек. Егу жасаудың алдында медбике қолдарын кран астында сабындап жуады, содан соң спирттелген мақта шаригімен қолдарын өңдейді.

Шприцті залалсыздандырылғаннан кейін толық суыған жағдайда жинайды. Шприцті залалсыздандырылған пинцетпен залалсыздандырылған астаушада, стерилизатордың қақпағының ішкі жағында, крафт-пакетті жыртып - оның ішкі жағында жинайды. Шприцтің және инелердің дәрімен шектескен жерлеріне қолдарын тигізуге болмайды.

Егуді ауруханада немесе емханада егу жасайтын бөлмеде жасайды, ал халі нашар емделушілерге төсекте жасайды.

Егу жасайтын бөлменің жұмыс үстелінде йод, спирт, ампуланы ашатын егеуіш, ішінде мақта шариктері бар бикс, дезерітіндіде залалсыздандырылған пинсеттер болуы керек. Одан басқа егу жасайтын бөлмеде залалсызданырылған үстел болуы керек, яғни залалсыздандырылған ақжайма төселген үстел. Ақжайманың арасында залалсыздандырылған шприцтер, инелер, астаушалар жайылып қойылады. Үстелді тек қана қысқыштармен ұстап ашуға болады.

Егу жасауға арналған дәрілерді залалсыздандырылған ампулаларда және флакондарда шығарады. Шприцке дәріні сорып алудың алдында дәрінің атын, мөлшерін, қолдану мерзімін оқып, ерітіндінің мөлдірлігін тексеру керек. Әр инъекцияға 2 ине керек. Біреуі шприцке ампуладан дәріні сорып алу үшін, екіншісі егуді жасау үшін қажет. Бірінші иненің қуысы кең болғаны дұрыс. Инелердің ауыстырылуы залалсыздандыруды сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл талапқа ампуланың мойынын немесе флакон тығынын алдынғы өңделуі де жауап береді.

Егер майлы ерітінді енгізілсе, ампуланы жылы суға малып, 38 С дейін жылыту керек. Егу жасауға дайын шприцті палатаға ішінде залалсыздандырылған спиртке малынған мақта шариктері бар залалсыздандырылған астаушада науқасқа әкеледі.

Шприцті крафт- пакетте құрастыру

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Крафт-пакетті ашып, оның залалсыздандырылған ішкі жағын шприцті құрастыруға пайдаланыңыз.

2. Цилиндрді залалсыздандырылған пинцетпен сол қолыңызға салыңыз.

3. Пинцетпен поршеньді алып цилиндрдің ішіне кіргізіп, қақпағын жалғаңыз.

4. Пинцетпен дәріні сорып алатын инені (бұл иненің диаметрі инъекция инесіне қарағанда үлкенірек) канюлядан алып, ине салатын конусқа иненің ұшына қолды тигізбей кигізіңіз.

5. Иненің канюлясын ине астындағы конусқа бағыттап саусақтарыңызбен жалғаңыз.

6. Шприцтен ауаны шығарып, иненің өтуін тексеріңіз.

7. Құрастырған шприцті пакеттің ішкі жағына салыңыз. Шприц дәріні сорып алуға дайын болды.

Залалсыздандырылған үстелден шприцті жинау

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Залалсыздандырылған ақжайманың бос шеттеріне бекітілген қысқыштардан ұстап залалсыздандырылған үстелді ашыңыз.

2. Залалсыздандырылған пинцетпен сол қолыңызбен залалсыздандырылған үстелден астаушаны алып, сол қолыңызға қойыңыз.

3. Сол пинцетпен астаушаның ішіне поршень, цилиндр, екі ине салыңыз.

4. Шприці бар астаушаны жұмыс үстелінің үстіне қойыңыз, пинцетті астаушаның ішіне салыңыз.

5. Залалсыздандырылған үстелді қысқыштардан ұстап жабыңыз.

6. Оң қолыңызбен пинцетпен цилиндрді алып, сол қолыңызға салыңыз.

7. Пинцетпен поршеньді алып, цилиндрге кіргізіңіз, шешілетін қақпағын бекітіңіз.

8. Дәріні сорып алатын инені канюлясынан ұстап, ине салатын конусқа

кигізіңіз.

9. Пинцетті және инелі шприцті астаушаға салыңыз. Шприц дәріні

сорып алуға дайын болды.

Дәріні ампуладан, флаконнан алу алгоритмі. Антибиотиктерді еріту. Инсулин дозасын есептеу

Дәріні ампуладан, флаконнан алу алгоритмі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: